Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

45.Тауалды ойыстар, олардың дамуы, мұнайгаздылығы. Орал алды ойысы

Шеткі, яғни ілгергі ойысымдар – қозғалмалы құрылым дамуының коллизиялық (орогендік) жəне платформалық даму сатыларында тау жүйелері мен сол жүйелерді жиектейтін көне континенттік қыртыстан тұратын платформа аралығының жергілікті ойысуы салдарынан туындайтын ойыс құрылым. Мұндай ойысымдар тау жүйелерін жиектей отырып, алыс-алыс қашықтықтарға (кейде 1000 км-ге дейін) созылуы мүмкін. Олардың бір-біріне тізбектеле жалғасқан, яғни бір-бірінен көлденең дөңестер арқылы оқшауланған жекелеген ойысымдар жүйесін құрау мысалдары жиі ұшырасады. Мұндай ойысымдардың қатпарланған іргетасы да континенттік жағдайда немесе саяз теңіз жағдайында түзілген алуан түрлі шөгінділермен көмкеріліп жатады.

Орал алды ойысы – Орал қатпарлы белдемі мен көне Шығыс Еуропа платформасының шығыс шетінде орналасқан. Ойыстың территориясы Пермь аймағында 500км, Башқортстан аймағында 525 км. Ойыстың батысы жалпақ, кең, шығысы жіңішке әрі шұғыл еңісті.. Ойыс субмеридиан бағытты созылып жатыр. Негізінен артин және кунгур жікқабатының түзілімдерінен тұрады. Орал алды ойысы Жоғарғыпечор, Соликамская, Юрюзано – Сылвен, Бель ойыстарына жіктеледі.

46.Тауаралық ойыстар. Ферғана ойысы

Тауаралық ойысымдар (межгорные впадины) – қозғалмалы құрылымның континенттік жағалаулары соқтығысуы салдарынан (коллизия процесі) туындаған таулы жүйелердің аралықтарында сол құрылымның коллизиялық (орогендік) даму сатысында туындайтын ойыс құрылым. Бұл ойысымдардың қатпарланған іргетасын құрайтын кешендер континенттік түзілімдердің немесе саяз сулы теңіз түзілімдерінің біршама қалың қатқабаттарымен көмкеріледі. Соңғы түзілімдер құрамында моласс формациясы жетекші рөл атқарады.

Ферғана ойысы – Орта Азиядағы тауарлық ойыс. Ауданы 22000км2, ал жан – жағындағы тауларды қоса алғанда 80 мың км2. Пішіні эллипс тәрізді, ұзындығы 300км, ені 170 км.

Ферғана ойысы солтүстігінде Курамин, Шатқал, шығысында Ферғана, оңтүстігінде Алай, Түркістан таулы жоталарымен шектеліп жатыр. Геологиялық қимасында 3 құрылымдық этаж анықталады. Сейсмикалық белсенді аймақ.Таужыныстары жоғарғы палеозоййлық, аз метаморфталған. Негізінен құмдар, құмтастар, конгломераттар. Юра түзілімдері саздармен, палеоген түзілімдері әктастармен, доломиттермен, құмтас, құмайттастармен сипатталады.Ойыстың кенорындары негізінен газды. Мұнай кенорындары палеоген, неоген түзілімдерімен, газды, газдыконденсатты кенорындар бор – юра түзілімдерімен байланысты. Ойыстың қалыптасуында Рңтүстік – Ферғана, Талас – Ферғана терең жарылымдары мңызды роль атқарған.

47.Каспий маңы бассейні

Каспий теңізі Европа менен Азия материктерін біріктіріп, солтүстіктен оңтүстікке меридионал ұзақтықта созылған ірі ойыс аймақты қамтиды. Ерте дәуірлерде, Палеозой эрасында Солтүстік Мұхиттан, Жаңа жер арлынан бастап қазіргі Орал тауларының, Каспий теңізі ойпатының орындарында, Фарс шығанағы менен Африканың шығыс жағалауына дейін созылған «Орал-Каспий-Мадагаскар-Малгаш» океаны, терең теңіз бассейндері орналасқан. Орал-Малгаш океаны Азия мен Европа құрлықтарын екі бөліп жатқан еді. Жер үстінде шығыста – Азия, батысында Европа, оңтүстікте – Гондвана материктері орналасқан еді.

Мұнан 1-2 миллион жылдар озал, төрттік дәуірінде Каспий теңізінің акваториясы оңтүстікте Эльбрус – Иран тауларынан, солтүстікте Самара – Саратов кеңістігіне дейінгі, шығыста Ақтөбе, батыста Ставрополь дөңіне дейінгі кеңістікте орналасқан болатын.

Қазіргі замандағы Каспий теңізі өзінің геологиялық құрылысы, тектоникалық ерекшелігі бойынша үш ірі бөлікке, бассейндерге бөлінеді:

Оңтүстік Каспий бассейні. Оңтүстік Каспий бассейні –Эльбрус тауларынан Красноводск, Апшерон түбектеріменен шектелетін теңіз аймағы. Мезозой эрасында кеңістік бойынша орналасқан. Ежелгі Тетис океанының бір бөлшегі. Кайнозой эрасында Тетис түбінен көтерілген Эльбрус-Копетдаг, Кавказ таусистемаларының аралығында пайда болған қалың қабаттарменен иілген тектоникалық терең теңіз ойпаты.

Каспий теңізінің ең терең сулы аймағы. Бассейннің орталығында теңіз түбінің тереңдігі – 1040 м.

Оңтүстік Каспий – тектоникалық актив аймақ, сейсмологиялы – қауіпті, тез әрекеттегі аймақ. Алып тектоникалық тауларының қозғалыстары өте жиі болып тұрады. Теңіз жағалауларында балшық вулкандар әрекеті жиі кездеседі.

Орталық Каспий бассейні. Орталық Каспий – оңтүстікте Красноводск–Апшерон түбектерінен, солтүстікте Түп-Қараған (Маңғыстау) түбегіне дейінгі орталықта орналасқан. Орталық Каспий шығыста Ұлы Балқан, Құбатау-Маңғыстау тауларыменен, батыста Кавказ тауларыныңаралығында орналасқан ірі теңіз ойпаты. Геологиялық жасы теңіз түбі қабаттарының жасы – Мезозой эрасында пайда болған таужыныстарынан құралған. Ол Кавказ-Маңғыстау тау системаларының қабаттарымен сәйкес болады.

Орталық Каспий теңізінің тереңдігі – 980м. Бассейннің шығыс, батыс жағалары биік, ушпа-жарлы-таулы, шын қабаттарынан құралған.

Солтүстік Каспий бассейні. Маңғыстау түбегінен солтүстікте Атырау, Астрахань қалаларына дейінгі кеңістікте орналасқан.

Тектоникалық орны бойынша Солтүстік Каспий Русь платформасының оңтүстік-шығыс шекаралығы болып есептеледі. Теңіз түбі өте тайыз су тереңдігі 2-5 метрден 12 метр. Солтүстік Каспий бассейні – Каспий теңізіндегі түрлі теңіз жәндіктерінің, балықтарының көп жайылған, өмір сүретін аймағы. Экологиялық өте нәзік, сезімтал аймақ.

Мұнайгаздылығы. Каспий теңізінің, оның жағалау аймақтарының мұнай-газ байлығының мол запасы туралы Россия геологтары Н.А. Андрусов, Д.В. Голубятников, И.М. Губкин, К.К. Машрыков, А.А. Али-Заде т.б. ғалымдардың болжамдары ХІХ-ХХ ғасырларда жақсы нәтиже берген болатын.

Оңтүстік Каспий теңізінде алғашқы мұнай кені 1930-жылдарда игеріліп бастаған. Ол Апшерон түбегі Азербайджанда болса 50-жылдарда Түркменстанда Челекен түбегінің мұнай кендері игерілді. Қазіргі уақытта Оңтүстік Каспий бассейнінде Азербайджан, Түркменстан, Иран территорияларында көптеген мұнай-газ кендері ашылды. Оңтүстік Каспий мұнайы өте жас, Кайнозой эрасы, Неоген дәуірінің қабаттарында кездеседі.

Каспий теңізінің Қазақстанға тиетін аймақтарында ХХ-ғасырдың 80-жылдарында геофизика, сейсмология әдістері бойынша, барлау, зерттеу жұмыстары, геологиялық мұнай-газ іздестіру, бұрғылау жұмыстары басталған болатын. Сол уақытта Теңіз аймақтарынан келешек перспективалы бірнеше структуралық құрылымдар анықталған.

Каспий теңізінің Қазақстан, Россия территориясында орналасқан бөлімінде мұнай-газ үшін ыңғайлы төрт аймақты бөлуге болады. Олар:

  1. Солтүстік Каспийдің Атырау жағалауы.

  2. Солтүстік Каспийдің Бозащы түбек жағалауы, теңіз орталығы.

  3. Орталық Каспий бассейнінің Маңғыстау жағалауы.

  4. Астрахань-Дағыстан жағалауы.

Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болғаннан бастап Каспий теңізінің Қазақстан секторында мұнай-газ іздеу, зерттеу жұмыстары қарқынды жүріп басталған. Бұған себеп шетел инвестициясының, шетел компанияларының келуімен байланысты еді.

Каспий маңы немесе Солтүстік Каспий провинциясы дүние жүзіндегі ескіден келе жатқан мұнай өндіруші аудандардың бірі болып табылады. 1999 жылы Қазақстан мұнай өндіру өнеркәсібінің 100 жылдығын тойлау себебі осы өңірді игеруден басталады.

  Каспий теңізінің солтүстігіндегі мұнай жөніндегі алғашқы мәліметтер орыс патшасы І Петрдің Хиуаға жіберген, А.Беков- Черкасскийдің экспедициясымен алынған. 1892 жылы терең қабаттарда мұнай байлығының бар екендігі С.Н.Никитиннің зерттеулерінің нәтижесінде Доссорда, Ескенде жіне Қарашұңғылда бірнеше  ұңғымаларды бұрүылаумен дәллелденді. 1894 жылы Леманның басқаруымен петербургтік өнеркәсіпшілер тобы Жер қойнауын пайдалану құқығын иеленіп, Ембі – Каспий серіктестігін құрады да көптеген терең емес ұңғымаларды бұрғылау басталды. 1899 жылы Қазақстан территориясында Қарашұңғылдағы ұңғымадан 40 м тереңдікте мұнайдың алғашқы шапшымасы алынды. Бастапқы тәуліктік шығым 22-25 тонна мұнайды құрады. 1900 жылы Леман, ағылшын өнеркәсіпшісі және Стахаев пен Нобелдің « Ембі»  қоғамының ұйымдастыруымен «Арал – Каспий мұнай қоғамы» құрылды.

    1914 жылы Мақат кенорыны, 1924 жылы Доссор кенорыны ашылады. 1970 жылға дейін  Каспий маңы провинцияларының шегінде 42 кен орындары ашылады, олардың  32-сі мұнай,7 мұнай – газ, 3- газ кен орыны.    

Геологиялық жағынан Солтүстік Каспий мұнайлы – газды  провинция дүние жүзіндегі аса ірі және терең платформалық ойпаңының бірі. Ол Каспий маңы синеклизаларының шегінде орналасқан, орыс платформасының оңтүстік – шығыс шетінде жатыр.Әкімшілік жағынан мұнда Қазақстанның Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары, сондай-ақ Ресей Федерациясының  Астрахань, Саратов, Волгоград, Калмык облыстары орналасқан.

Провинциялардың алаңы 500 мың км2 жуық, шөгінді жыныстың қалыңдығы 20 км-ден аса болады. Фундаментке дейінгі рифеелі кешен, сейсмикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша, аймақтық орталық бөлігінде қалыңдығы 8-10 км-ге жетеді. Ортоплатформалы тыс төменгі палеозойдан төрттік кезеңге дейінгі түзілімдерді қосып алады. Л.Н.Кленинаның, В.Д. Ильиннің және В.В. Липатованың материалдары бойынша (1987ж.), шөгінді тыста екі ірі мұнайлы – газды мегакешен, кунгур тұзды қатқабатпен бөлінген тұзастылық жәнетұзүстілік бөлініп шығады. Шөгінді тыстың қимасы орта девондық түзілімдерден бастап, бұрғылаумен ашылады. Ол ірі құрылымдық-формациялв. Тұзүстілік мегакешеннің қалыңдығы 5-9 км. Тұзастылық мегекешен геофизикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша Каспий маңы синеклиздарының ернеулік белдемдерінен 3-4 км-ден оның орталық аудандарына 10-13 км-ге дейін.

Тұзүстілік мегакешенде өнеркәсіпті мұнайлы-газдылық төменгі бор, юра, триас және жоғарғы перм жыныстары. Тұзастылық мегекешенде – төменгі перм, тас көмір және девон түзілімдері болады.

Каспий маңы МГА-н зерттелуі қимасы және ауданы бойынша өте біртекті емес. Салыстырмалы түрде тұзүстілік түзілімдер жақсы зерттелген. 80-жылдардан бері қарай тұзасты кешені қабаттарында жаңа мұнай-газ кендері: Теңіз, Тәжіғали, Тортай, Шөлқара, Равнина, Имашев, Королев, Табынай, Елемес, Сазтөбе кендері ашылды.

     Тектоникалық жағынан Солтүстік-Каспий алабы кембрийге дейінгі орыс платформасының бөлігі болып табылатын Каспий маңы синеклизінің оңтүстік-шығыс шетіне жатады. Солтүстік Каспий өте тайыз (4-10м),  оның шетінде теңіз суымен толтырылған ертедегі бедер реликт өзен арнасының жұрнақтары тұнған. Мұнда бірнеше ойпаңдар. Орал атыздары, Палео-Волга, Маңғышлақ атыздары және т.б. бөлінеді. Каспий маңы ойпаңы Орыс платформасының біршама түсіңкі бөлігі. Ойпаң шөгінді түзілімдердің қуатты тысы-палеозой тұзды-карбонатты және мезозойлы терригенді таужыныстарына толған. Кембрийге дейінгі Орыс платформасы мен жас Скиф – Туран платформасының арасындағы шекараны Солтүстік Алдыңғы Кавказ, Карпинское бұйраты, ары қарай Бозашы дөңесі бойынша, Оңтүстік Ембі дөңесінің пермдік-карбонатты кертпеші белдемі бойынша жүргізу қабылданған. Геофизикалық зерттеулер  мәліметтері бойынша промыслов-Бозашы көтерілімінің су асты белдемі Карпинское бұйратының жалғасы ретінде басып өтеді. Бозашы дөңесінің Оңтүстік – батысында Құлалы көтерілімі, ал одан солтүстік – батыста пермотриас түзілімі 200м. тереңдікте ашылатын Батыс-Бозашы орналасқан. Бұл тектоникалық белдемнің солтүстік бөлігінде нақты түрде пермді тұздардың сыналанған сызықты белдемдерінен оңтүстікке қарай Тұран плитасына жататын Қолтық-Мыңсуалмас моноклині орналасқан. Бозашы дөңесінен оңтүстікке және оңтүстік-батысында өте айқынды, 4-5 км-ге жуық құрылымдық бетінің түсуімен, терең батыңқы (пермотриастың үстіңгі беті бойынша – 4 км ) тар Оңтүстік-Бозашы ойысы орналасқан. Теңізге батыс бағыттағы ойыс, Түпқараған белдеміменен сияқты, біртіндеп жалғасады.

     Каспий маңы алабының мұнай-газды әлеуеті тұзастылық кешендердің бірегей әрі ірі кен орындары (Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол, Әлібек және т.б.) ашылуынан кейін күрт өсті. Каспий маңы алабында тұзастылық, сондай-ақ тұзүстілік қабаттарда тағы да жаңа өнеркәсіптік кенорындарының ашылуының келешегі зор екені күмәнсіз.

48.Оңтүстік Торғай

Торғай МГА-ы Орталық және оңтүстік Қазақстанда орналасқан, Орталық Евразия платформасының Тұран ойпатымен тектоникалық байланысты. Мұнайлы-газды алаң мен өрісті болашақ жерлердің ауданы 60 мың км2. Оның іргетасы гетерогенді, калеодан және герцин консолидацияларының белдемдерін қосып алады. Ойпаңның шөгінді жыныстарының құрамында жоғарғы триас-төрттік жүйесінің түзілімдерінен құралған 5 км дейінгі платформалық тыс және девон-карбон жыныстарынан түзілген квази платформалық тыс бөлініп шығады.

Оңтүстік Торғай алабы. Тұран платформасының денесінде басты түрде солтүстік-батыс бағдарлардағы ежелгі жарылымдарды киммерлік тектоникалық белсендіру нәтижесінде қалыптасқан жекелеген сызықты грабендер түзілуі басты ерекшелік болып табылады. Грабендер ернеудің бұзылған өнімдерімен, сондай-ақ жиектердің бұзылған өнімдерімен, сондай-ақ жиектердің қатпарлы құрылымының (Ұлытау, Қаратау және т.б.) ұнтақталған материалдарымен толтырылған. Алаптың платформалық тысы 4 жікқабатқа бөлінеді: жоғарғы палеозойлық, триас-юралық, бор-миоценді және плиоцен-төрттік. Бор-кайназой кешенінің табаны бойынша Мыңбұлақ ойпатымен бөлінген Жыланшық және Арысқұм ойыстары бөлініп шығады. Триас-юра жікқабатының түзілімдері толық көлемде ойпаңның мезозойға дейінгі тұғырға кесілген, сызықты грабен-синклиналында ғана таралған деп есептеледі. Оларға түзілістердің рифтогенді табиғаты тән деп есептелген.

Мұнда, алаптың юра және бор түзілімдерінде 15 аса мұнай және газмұнай кенорындары ашылған – барланған, солардың ішінде ең ірісі Құмкөл кенорыны.

Мұнай алаңдары салыстырмалы түрде қарапайым геологиялық құрылысымен және өнімді (горизонттардың жатыс тереңдігінің аздығымен (1000-1300 м) сипатталады. Жинауыштары – жақсы сүзгілік-сыйымдылық қасиетті құмтастар, яғни ол ұңғымалардың жоғарғы шығымын (тәулігіне 100-200 м3) анықтайды.

Оңтүстік Тоғай ойысының геологиялық құрылымы тұтқыштардың дәстүрлі антиклиналь типтерімен қатар, юра өнімді қатқабаттарының грабенаралық (Ащысай көтерілімі, Мыңбұлақ ойпаты және т.б.) және ішкі грабендік (Ақшабұлақтың грабен-синклиналі және т.б.) көтерілімдеріне сыналанумен байланысты литологиялық және стратиграфиялық шектелген. Тұтастай алғанда Оңтүстік Торғай алабы шөгінді жинау көлемдік жылдамдығы бойынша ІІІ-типке жатады.

Оңтүстік Торғай алабы мен бірқатар кенорындарының ашылуы ондағы республиканың мұнай өндіруші өнеркәсібінің дамуындағы көптеген геология-экономикалық мәселелерді шешеді.

Құмкөл кенорыны. Құмкөл газмұнай кеноырын Арысқұм ойысының шегінде Торғай шөгінді алабында, Қызылорда қаласынан Солтүстік – шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Әкімшілік жағынан Қарағанды облысының Жезді ауданына қарайды. Кенорыны 1984 жылы ашылды, мұнда 1-ұңғыманы бұрғылау кезінде төменгі бордың Никольск түзілімдерінен мұнайдың апатты шапшымасы алынған. 1990 жылдан бері игерілу үстінде.

Құмкөл құрылымы неоком түзілімдерінде 50 м және юра түзілімдерінде 150 м амплитудамен күрделі пішінді брахиантиклиналь қатпарды білдіреді. Кенорыны көп қаттық және алты шоғырдан тұрады. Олардың екеуі төменгі неоком түзілімдеріне, қалғандары бор және юра екі бөлекті өнімді этаж түзе отырып, юра түзілімдеріне байланысқан. Бор түзіліміндегі шоғырлар мұнайлы, юра түзілімдеріндегі газ мұнайлы және мұнайлы болып табылады. Қойма типі бойынша олар қаттық, дөңестенген, тектоникалық және литологиялық шектелген. Өнімді горизонттардың жатыс тереңдігі 1063 м- 1270 м дейін өзгереді.

Юра шоғырының ауыр көмірсутектердің 34,26-50,6% жағдайында метанды құраушылар 50,6-61,2% дейін өзгереді, бор шоғырларында – ауыр көмірсутектер басым болады (63,7-67,9%), ал метанның мөлшері – 17,8-22,2%. Газдың құрамы: көмірсетектегі – 0,002-0,07%, азот – 3,1-10%, көмірқышқыл газы – 0,05-0,9% және гелий 0,01-0,1%. Бос газдар метаннан (56,75-77,92%), этаннан (9,01-14,05%), пропаннан (4,24-10,17%), бутаннан (1,24-4,75%), пентан+жоғары (0,77-1,01%) кукіртсутегі іздері, азот (4,1-10,7%), көмірқышқыл газ (0,29-0,69%) және гелийден (0,15-0,22%) тұрады. Газда тығыздығы 712-732 кг/м3 болмашы мөлшерде конденсат болады.

Арыс кенорыны. Арыс – Оңтүстік Торғай шөгінді алабының Арысқұм ойысындағы газконденсатты кенорыны. Қызылорда облысының Сырдария ауданында Жусалы теміржол бекетінен солтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде орналасқан. Газдың алғашқы өнеркәсіптік ағыны 1992 жылы алынды.

Кенорыны 3х3,5 км өлшеммен 20 м амплитудамен брахиантиклиналь қатпарға тураланған. 1131 м тереңдікте ашылған қимада төменгі бордың неоком түзілімдерінің төменгі бөліктерінің горизонтына байланысқан газ конденсатты шоғыр анықталған. Өнімді горизонт құмтастар, құмайттастар, гравелиттер және саздардың қабаттасуымен түзілген. Шоғыр қаттық, дөңестенген, биіктігі 20 м. Газ-су жапсары 1059,5 м белгіде қабылданған. Шоғырлардың жапсары – қалыңдығы 10-40 м дейінгі саздар. Тиімді газқанығу қалыңдығы 9,6 м, газқанығу коэффициенті 0,66. Жинауышы 23,8% ашық кеуектілікпен саңылаулы, терригенді. Бос газдың шығымы 10,5 мм штуцерде тәулігіне 134,5 мың м3 құрайды. Қаттық қысым мен температура 11,32 mha және 49ºС. Ауаудағы  газдың тығыздығы 0,864. Газдың құрамында метан 85,13% басым. Ауыр көмірсутектердің үлесі 9,9%. Газда азот (2,32%) және болмашы мөлшерде көмірқышқылдары бар. Конденсаттық шығымы тәулігіне 1,94 м3, тығыздығы 706 кг/м3. Тұрақты конденсаттың мөлшері 26,2г/м3.

Бектас кенорыны. Бектас – Оңтүстік Торғай шөгінді алабының Арысқұм ойысындағы газмұнай кенорыны. Қызылорда облысында Жусалы бекетінен 1983 жылы әзірленген, кенорыны 1987 жылы ашылды. Құрылым брахиантиклинді қатпарлы білдіреді. Ол 1000 м изогипспен контурланады, көлемі 7х4 км және амплитудасы 50 м асады.

Шоғырлары қаттық, дөңестенген, төменгі бордың неокомды терригенді түзілімдеріне байланысқан. Өнімді горизонттың жатыс тереңдігі 732 м.Мұнайдың тығыздығы 865 кг/м3, азкүкіртті (0,42%), жоғары парафинді (15,9%), шайырлы (10,78%) асфальтеннің мөлшері 0,38%, мұнайдың тұтқырлығы 3,27mpa. Газ телпектерінің газы құрамы бойынша метанды азоттың мөлшері шамалы (0,03%).

Кенорыны өнеркәсіптік игеруге әзірленген.

Арысқұм кенорыны. Оңтүстік Торғай шөгінді алабының Арысқұм ойысындағы мұнайгаз конденсатты кенорыны. Қызылорда облысында Жусалы темір жол бекетімен солтүстікке қарай 120 км жерде орналасқан. Кенорыны 1985 жылы ашылды.

Мұнай жиекті газ шоғыры екі өнімді горизонт бөлініп шыққан төменгі неоком терригенді түзілімдеріне байланысты. Өнеркәсіптік мұнайгаздылық солардың біреуіне байланысты. Бірлі-жарым газ шығарындылары жоғарғы юра терригенді жыныстардан анықталды. Олар шамамен линза түріндегі құрылыстық құмтастарының жекелеген зерттелмеген қаттарына байланысқан. Өнімді горизонттың жатыс тереңдігі – 928 м. Шоғыр қаттық, дөңестенген, тектоникалық шектелген. Су-мұнай жапсарының 913 м белгісі жағдайындағы шоғырлардың жалпы биіктігі – 108 м тең, соның ішінде мұнайлы бөліктердікі – 27 м. Өнімді горизонттың жалпы қалыңдығы 20 м, тиімді қалыңдығы – 12-15 м, мұнай қанығу 3,2-12,6 м. Жинауыштары саңылаулы типті.