- •1.Геодинамиканың мазмұны, міндеттері
- •2.Жердің ішкі құрылысы, зерттеу әдістері
- •3.Жер қабығы, оның типтері, мұхиттық, континенттік.
- •4.Қазақстанның жер қабығы. Каспий ойпатының жер қабығы.
- •5.Литосфера және астеносфера.
- •6. Жер энергетикасы
- •7.Жер геосфераларының негізгі шектері, сипаттамалары
- •8.Литосфера және жер қабығының негізгі құрылымдық бөлімдері. Мұнайгаздылығы
- •9.Мұхиттар мен континенттердің жалпы сипаттамасы
- •10.Геотектоникалық болжамдар. Фиксизм болжамдары.
- •11.Мобилизм болжамдары. Вегенер болжамы
- •12.Конвекция оның түрлері. Мантия конвекциясының моделі
- •13.Литосфералық плиталар тектоникасы
- •14.Плита шектері
- •15.Басты және кіші литосфералық плиталар
- •16.Ыстық нүктелер болжамы
- •17.Плиталар шектерінің типтері
- •18.Дивергентті шектер. Спрединг процесі
- •19.Конвергентті шектер. Субдукция
- •20.Субдукция түрлері. Аралдық доғалық субдукцияның анды типі
- •21.Обдукция туралы түсінік.
- •22.Коллизия процесі. Мысалдар
- •23.Континенттердің пассивті шеттері. Мұнайгаздылығы
- •24.Мұхит орталық жоталардың сипаттамасы
- •25.Өтпелі зонаның сипаттамасы
- •26.Трансформды шектер
- •27.Қозғалмалы белдеулер. Орнықты массивтер
- •28.Орогендер, олардың түрлері, эволюциясы, мұнайгаздылығы
- •29.Литосфера эволюциясының Виьсон циклі
- •30.Литосфера дамуының толық геодинамикалық циклі
- •31.Жердің дамуының негізгі кезеңдері және сатылары
- •32.Платформалар, олардың құрылуы, дамуы
- •33,37.Грабен және рифт түсініктері
- •34,38.Континенттік рифт, мұхиттық рифт
- •35.Литосферада мұнайгаздың пайда болуының геодинамикалық моделдері. Рифтогендің, субдукциялық – обдукциялық моделдері.
- •36.Мұнайгаздың пайда болуының дәстүрлі депрессиялық моделі
- •39.Мұнайгазгеологиялық аудандастыру
- •40.Шөгінді бассейндер олардың эволюциясы
- •41.Шөгінді бассейндердің жіктемесі
- •42.Шөгінді бассейндердің қалыптасуы
- •45.Тауалды ойыстар, олардың дамуы, мұнайгаздылығы. Орал алды ойысы
- •46.Тауаралық ойыстар. Ферғана ойысы
- •47.Каспий маңы бассейні
- •49.Оңтүстік Маңғышлақ
- •50.Солтүстік Үстірт.
- •52. Зайсан
- •53.Тектоникалық қозғалыстар түрлері, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •54.Қатпарлы құрылымдар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •55.Жарылу бұзылыстар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •56.Тұздардың пайда болуы, мг геологиясындағы ролі
- •57.Тұз күмбездердің қалыптасуы, мг геологиясындағы ролі
- •58.Құрылымдық карталар, мазмұны, маңызы.
- •59.Қазақстанның алып және ірі мг кенорындары
- •60.Жердің жаралуы туралы түсінік. Жер эволюциясының моделі
32.Платформалар, олардың құрылуы, дамуы
Платформалар изометриялы пішінді, жалпы тегіс жазық бедерлі, жер қабығы мен мантияның ара қатысы изостатикалық тепе-теңдік жағдайға жақын келеді. Платформалар тұрақты бәсең ғана, аз мөлшерде төмен майысу қозғалыстарымен сипатталады. Іс жүзінде жер сілкіну болмайды, магматизм қысқа мерзімде жарықтар бойымен қозғалыстар күшейген кезеңдерде байқалады. Басқаша айтқанда, платформалар-литосфераның тектоникалық салғырт учаскелері. Платформалардың жер қабығы континенттік және мұхиттық болуы мүмкін, осыған байланысты континенттік және мұхиттық платформалар ажыратылады.
Континенттер ауқымындағы көне платформалар немесе кратондар сол континенттердің ядросы іспетті, олар континенттердің басым бөлігін қамти отырып, ауқымды аймақтарды алып жатыр. Жер қыртысы ауқымындағы көне платформалардың жалпылама ауданы миллион шаршы километр шамасында. Олар тұтастай континенттік қыртыспен сипатталады, олардың ауқымындағы бұл қыртыс қалыңдығы орта есеппен 35-45 км аралығында болып келеді. Көне платформалар ауқымындағы литосфераның қалыңдығы 150- 200 км шамасында, алайда кейбір мəліметтерге қарағанда, бұл көрсеткіш 400 км-ге дейін жетуі мүмкін. Платформалардың басым бөлігі – метаморфтық өзгерістерге ұшырамаған шөгінді таужыныс қатқабаттарымен көмкеріліп жатыр, мұндай аймақтарды «тақта», ал аталған таужыныс қатқабаттарын платформаның «шөгінді тысы» деп атайтынды- ғы белгілі. Шөгінді тыс қалыңдығы жиі-жиі 3-5 км аралығында болып келеді, кейбір қарқынды ойысқан аймақтарда бұл көрсеткіш 10-12 км-ге дейін, тіпті 20-23 км-ге дейін артады. Мəселен, Қазақстан аумағындағы Шығыс Еуропа көне платформасының құрамдас бөлігі болып табылатын Каспий маңы синеклизасының (ойысының) орталық бөлігінде шөгінді тыс қатқабатының қалыңдығы 23 км шамасында. Платформалардың шөгінді тысының құрамында сирегірек жанартаутекті (вулканогендік) таужыныс қабаттары да ұшырасуы мүмкін. Көбінесе негізді құрамды бұл эффузиялар (базальттар) «трапп формациясы» деген атауға ие.
Континентогенез – бұл континенттік қабықтың нығайып орнығу және қалыңдану процесі. Эпимұхиттық стадия қатпарлы тау құрылымдарының қалыптасуымен сипатталады. Бедердің тегістелуі тектоникалық белсенділіктің азайуы платформалық стадияға өтуге әкеледі. Платформалық стадия ішінде кратондау (көне платформалар үшін) авлокогендік, синеклиздік және плиталық фазадан кейін келеді. Ол тектондық қарқындаумен бейнеленеді, салдарынан платформалық учаскелер белсенді түрде тау жаралу процестеріне шалдығады.
Қарастырылған литосфера эволюциясы геотектониканың қазіргі идеяларына сәйкес литосфераның дамуын бейнелей әрекеті. Айта кететін жағдай, литосфераның дамуы өте күрделі проблема болып саналады, көптеген деректердің жиналу барысында және түрлі көзқарастардың жақындасуы жинақтап қорытылған литосфераның басты даму кезеңдерінің моделін жасауға мүмкіншілік туғызады деген сенім бар.
