Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

9.Мұхиттар мен континенттердің жалпы сипаттамасы

Литосфералық плиталар – литосфераның ең көлемді учаскелері (кесе-көлденең ені мыңдаған км), олар біршама тар сейсмикалық және вулкандық белсенді зоналармен шектелген. Литосфералық плиталар мұхиттық, континенттік және аралас болуы мүмкін. Біріншелеріне – Тынық мұхит, Наска, Кокос плиталары, екіншілеріне – Альпі-Гималай қатпарлары белдеудегі шағын плиталар (мысалы, Тибет, Иран) үшіншілеріне – плиталардың көпшілігі жатады (Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Евразия, Үнді-Австралия, Антарктида ж.б.).

Плиталардың ең жасы-мұхиттық, олардың жасы 100-150 млн. жылдан аспайды. Олардың қалыңдығы да ең жұқа: орталық мұхит жоталарының білік бөлігінде 7-10 км, мұхит түбінің ең көне учаскелерінде 80-90 км-ге дейін. Литосфералық плиталардың континенттік бөліктерінің жасы бірнеше миллиард немесе жүздеген миллион жыл, ал қалыңдығы жас платформалардың астында 150-200 км, көне платформалардың қалқандарының астында 250-400 км.

Литосфера және жоғарғы мантияның құрылымдық ерекшелеріне байланысты плиталардың құрамында мұхиттар және континенттер белгіленеді.

Мұхиттардың ерекшелік белгілері.

  1. Жер қабығының құрылысы өзгеше. Мұхиттық литосфера континенттік литосферадын орта есеппен 10 есе жұқа және айтарлықтай жасырақ

  2. Мұхиттардың жоғарғы мантиясы астеносфера қабатынан тұрады

  3. Мұхиттар тек қана негізді вулканизммен сипатталады. Негізді және қышқыл вулканизм облыстарын бөлетін сызық іс жүзінде континенттік беткей табаны арқылы жүргізілетін (2,5-3 км изобата бойынша) мұхит – континент геологиялық шегімен дәл келеді. Бұл сызық андезиттік деп аталады.

  4. Мұхиттық литосфера іс жүзінде қатпарланбаған, жоғарғы температуралық өзгерістерге (метаморфизмге) ұшырамаған тау жыныстарынан құралған. Басқаша айтқанда, мұхиттық литосфера классикалық түсінік бойынша геосинклиналдық даму режимінен өтпеген.

  5. Мұхиттардың континенттермен шекарасы әдетте жер қойнауына 400- 700 км тереңдікке кететін ірі терең жарылымдар түрінде белгіленеді.

Мұхиттардың осы негізгі ерекше белгілерін жинақтап, оларды геосинклиналдық процестер өтпеген, жер қабығы мұхиттық типті тектоносфераның ең ірі құрылымы деп анықтауға болады.

Мұхиттардың геологиясын зерттеу жұмыстары XIX-шы ғасырдың соңында басталды, ал жинақты түрде геологиялық-геофизикалық жұмыстар XX-шы ғасырдың 50-60 жылдарында басталды. Содан бері Әлемдік мұхит барлық тұрғыдан зерттеліп, оның түбінің бедері және құрылымы туралы аса маңызды мәліметтер жиналды. Бұл зерттеулерде әсіресе мұхиттың терең түбін бұрғылайтын «Гломар Челленджер» кемесінің 1967-1983 жылдары барлық мұхиттарда 620 шамалы скважина бұрғылау барысында жиналған материалдар табысты болды.

Әлемдік мұхиттың ауданы 361 млн. км2, жер шарының 70,8 % аумағын қамтиды, бұл ауданның 23 % континенттердің су асты шеттеріне жатады. Соңғылардың жер қабығы континенттік не өткінші кеңістік аралығында айтарлықтай өзгерістерге ұшырағанын көрсетті. Бұл деректер бойынша материктер бір-бірімен салыстырмалы горизонталь бағытта қозғалып біртіндеп қазіргі орындарына жақындаған. Сонымен, палеомагниттік әдіс жеке материктердің жүздеген миллион жылдар аралығында горизонталь бағытта болған қозғалыстарының траекториясын бұрынғы қалпына келтіруге көмектеседі. Мәселен, Индостанның палеоендіктерін анықтау, оның бор кезеңінен бастап Оңтүстік жарты шардан Солтүстік жарты шарға орын ауыстырып қазіргі жағдайға шейін жеткенін көрсетеді.

Континеттердің негізгі белгілері.

  1. Жер қабығы құрамында «гранит» қабаты жаппай қатысады. Қабық қалыңдығы 30-35 км-ден 70-75 км-ге дейін, литосфера қалыңдығы 150-400 км.

  2. Континенттер жоғары мантиясында астеносфера қабаты көмескі болып, айқын белгіленбейді

  3. Континеттер негізді де, қышқыл да магматизммен сипатталады

  4. Континенттік литосфера қалың гранит-метоморфтық қабаттың түзілуіне әкелген геосинклиналдық процестер барысында қалыптасқан. Оның құрамында геологиялық жасы әр түрлі қатпарлану облыстарын белгілеуге болады: карел-альпі облыстары. Қатпарлану процестері көне кезеңдерде аяқталған облыстар-платформалар, ал жас қатпарлы облыстар (MZ және KZ) – қазіргі таулы өлкелер.

Континенттер дегеніміз геосинклиналдық процестер өткен немесе өтіп жатқан, жер қабығы континенттік не аралық типті тектоносфераның ең ірі құрылымдары.

Континенттер мен мұхиттар арасындағы шекара гранит-метаморфтық қабаттың сүйірлену шегінде жүргізіледі, іс жүзінде ол 2,5-3 км изобатаға сәйкес. Көпшілік жағдайда бұл шекара анық белгіленеді, ал кейбір жерлерде екі түрлі мағыналы болады. Ең алдымен айтылған жағдай Әлемдік мұхиттың өтпелі зоналарына қатысты (Тынық мұхиттың азиялық жағалауы). Бұл континенттік қабықтың құрылуына әкелетін геодинамикалық процестердің әлі бітпегенін көрсетеді. Дегенмен, литосфераның бұл облыстарының дамуында тектоникалық процестердің бағыттылығы бойынша материктік массивтер қалыптасуын еске алсақ, оларды континенттердің құрамына қосуға болады, әйтсе де бұлардың арасында елеулі айырмашылықтар бар екенін ескеру қажет.

Микроконтиненттер ретінде қабығы континенттік типке жататын мұхиттардың кейбір учаскелерін де қарастыру керек – Үнді мұхитында Сейшел аралдарын қоса Мадагаскар аралы, Тынық мұхитында Жаңа Зеландия су асты үстірті, Солтүстік Мұзды мұхитында Ломоносов, Менделеев жоталары ж.б.