- •1.Геодинамиканың мазмұны, міндеттері
- •2.Жердің ішкі құрылысы, зерттеу әдістері
- •3.Жер қабығы, оның типтері, мұхиттық, континенттік.
- •4.Қазақстанның жер қабығы. Каспий ойпатының жер қабығы.
- •5.Литосфера және астеносфера.
- •6. Жер энергетикасы
- •7.Жер геосфераларының негізгі шектері, сипаттамалары
- •8.Литосфера және жер қабығының негізгі құрылымдық бөлімдері. Мұнайгаздылығы
- •9.Мұхиттар мен континенттердің жалпы сипаттамасы
- •10.Геотектоникалық болжамдар. Фиксизм болжамдары.
- •11.Мобилизм болжамдары. Вегенер болжамы
- •12.Конвекция оның түрлері. Мантия конвекциясының моделі
- •13.Литосфералық плиталар тектоникасы
- •14.Плита шектері
- •15.Басты және кіші литосфералық плиталар
- •16.Ыстық нүктелер болжамы
- •17.Плиталар шектерінің типтері
- •18.Дивергентті шектер. Спрединг процесі
- •19.Конвергентті шектер. Субдукция
- •20.Субдукция түрлері. Аралдық доғалық субдукцияның анды типі
- •21.Обдукция туралы түсінік.
- •22.Коллизия процесі. Мысалдар
- •23.Континенттердің пассивті шеттері. Мұнайгаздылығы
- •24.Мұхит орталық жоталардың сипаттамасы
- •25.Өтпелі зонаның сипаттамасы
- •26.Трансформды шектер
- •27.Қозғалмалы белдеулер. Орнықты массивтер
- •28.Орогендер, олардың түрлері, эволюциясы, мұнайгаздылығы
- •29.Литосфера эволюциясының Виьсон циклі
- •30.Литосфера дамуының толық геодинамикалық циклі
- •31.Жердің дамуының негізгі кезеңдері және сатылары
- •32.Платформалар, олардың құрылуы, дамуы
- •33,37.Грабен және рифт түсініктері
- •34,38.Континенттік рифт, мұхиттық рифт
- •35.Литосферада мұнайгаздың пайда болуының геодинамикалық моделдері. Рифтогендің, субдукциялық – обдукциялық моделдері.
- •36.Мұнайгаздың пайда болуының дәстүрлі депрессиялық моделі
- •39.Мұнайгазгеологиялық аудандастыру
- •40.Шөгінді бассейндер олардың эволюциясы
- •41.Шөгінді бассейндердің жіктемесі
- •42.Шөгінді бассейндердің қалыптасуы
- •45.Тауалды ойыстар, олардың дамуы, мұнайгаздылығы. Орал алды ойысы
- •46.Тауаралық ойыстар. Ферғана ойысы
- •47.Каспий маңы бассейні
- •49.Оңтүстік Маңғышлақ
- •50.Солтүстік Үстірт.
- •52. Зайсан
- •53.Тектоникалық қозғалыстар түрлері, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •54.Қатпарлы құрылымдар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •55.Жарылу бұзылыстар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •56.Тұздардың пайда болуы, мг геологиясындағы ролі
- •57.Тұз күмбездердің қалыптасуы, мг геологиясындағы ролі
- •58.Құрылымдық карталар, мазмұны, маңызы.
- •59.Қазақстанның алып және ірі мг кенорындары
- •60.Жердің жаралуы туралы түсінік. Жер эволюциясының моделі
50.Солтүстік Үстірт.
Қаламқас кенорыны әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында орналасқан. Географиялық жағынан кенорыны Бозашы жарты аралының солтүстік бөлігінде орналасқан. Жақын маңдағы елді мекен Қаламқас поселкасы (2 км), Тұщықұдық (102 км). Шебір (80 км), Шетпе теміржол бекеті (190 км). Облыс орталығы Ақтау қаласына дейінгі арақашықтық 280 км. Қаламқастан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде Қаражамбас және Солтүстік Бозашы кенорыны, ал солтүстік-шығысқа қарай 125 км жерде Прорва кенорыны орналасқан. Өзен – Атырау – Куйбышев магистралда мұнай құбырының 165 км. Орографиялық жағынан кенорынының ауданы автокөліктер жүре алмайтын ақапа сусыз ойпаңды көп шөп-шалаңды батпақты даланы білдіреді. Кеннің солтүстік бөлігі кенорынын бұрғылау мен пайдалануды қиындататын, желдің әсерінен климаты ауа темпертурасының үлкен мауысымды ауытқуы және жауын-шашынның аздығымен күрт континентті. Ең жоғарғы температура жазда +30, +45, қыста -30ºС. Құмды дауылмен солтүстік батыс бағыттан соғатын үздіксіз жел сипатты болады. Су күре жолы ауданда жоқ. Ауыз судың қоры аз шығынды құдықтар. Техникалық сумен қамту үшін альба теңізіне бұрғыланған ұңғымалар пайдаланылады. Ақтау – Бозашы Магистралімен облыс орталығы байланысып жатыр.
Литология – стратиграфиялық сипаттама. Бұрғылаумен ашылған Қаламқас кенорынының резерві мезозой және кайназой дәуірлерінің шөгінді түзілімдерінен түзілген. Ашылған түзілімдердің ең жоғарғы қуаттылығы 4000 м.
Триас жүйесі.Триас жастағы түзілімдер 1h ұңғымада біршама толық ашылған, мұнда триас остракод, фораминифер, тозаң және шаңды анықтау негізінде жасы анықталған, төменгі және орта бөлімдерден түзілген. Төменгі триас түзілімдері біркелкі емес қабаттасқан сазтастар құм-құмайттастар жыныстарынан құралған.Кейде туфты-шөгінді жыныстардың қабатшықтары кезектеседі. Ортаңғы триастың қалыңдығы 390 м.
Юра жүйесі. Юра түзілімдері триас түзілімдерінің шайылған бетінде жатады және бұрыштық, стратиграфиялық сәйкессіздікпен ортаңғы және жоғарғы екі бөлімдерден тұрады. Ортаңғы бөлімнің құрамында байос – бат жікқабаттарының мүшеленбеген түзілімдері бөлініп шығады. Литологиялық жағынан түзілімдер біркелкі емес қабаттасқан саз және құмды-құмайттасты жыныстардан түзілген. Байос – бат жыныстарының сипатты ерекшеліктері шашыраған детритті түріндегі жұтаңданған өсімдіктер органикасы мен жекелеген өсімдік қалдықтары мен жұқа көмір қабатшықтарының қатысты болуы.
Қуаттылығы дөңесте 280 м-ден қанатта 439 м дейін. Жоғарғы юра түзілімдері өте шекті таралған.
Бор жүйесі. Бор түзілімдерінде жыныстардың литологиялық ерекшеліктері, палеонтологиялық анықтамалар мен кәсіптік-геофизикалық анықтамалар мен кәсіптік-геофизикалық мәліметтер негізінде төменгі бөлімнің берриас валанжин, готерив,баррем, апт және альб жікқабаттары, сондай-ақ жоғарғы бөлімнің сенаман және турон жікқабаттары бөлініп шығады. Бор түзілімдерінің табаны үшін біршама айқын репер ретінде Ю горизонтының жабындысы шартты түрде қабылданған. Төменгі бор түзілімдері терригенді түзілістерлен: құмтастардан, саздардан, құмайттастардан және әксаздардан түзілген, әктастардың сирек қабатшықтары кездеседі. Қуаттылығы 600-700 м дейін. Қаламқаста жоғарғы бор түзілімдері сеноман және турон жікқабатының жыныстарынан түзілген.Қима құм-құмайттасты және сазды-карбонатты жыныстардың қабатшықтармен бірге саздардан түзілген. Қуаттылығы 130-270 м дейін.
Мұнайлы-газдық. Қаламқас – аса ірі мұнайгаз кенорыны. Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 280 км жерде орналасқан. Құрылым 1974 жылы айқындалған. Кенорыны1976 жылы ашылды. Барлау 1976-79 жылдары жүргізілді кенорынының мұнай сыйдырушы қимасы 2395 м ең жоғарғы қалыңдықта ашылған, триас, юра және бор жасындағы түзілімдерден түзілген. Мұнда апт түзілімдерінде 2 газды горизонт, неокомда – 6, ортаңғы юра түзілімдерінің қатқабатынан 2 газ мұнайлы және 5 мұнайлы горизонт анықталған. Өнімді горизонттардың тереңдігі 505-936 м. Шоғырлардың биіктігі газдікі 16,6-67 м, мұнайдікі 16,8-124 метр шегінде өзгереді. Табиғи қойма типі бойынша апттың шоғырлары, неокомның бір қаты, юраның бес горизонты қаттық дөңесті, неокомның бес шоғыры – қаттық, литологиялық шектелген, юраның үш шоғыры қаттық, тектоникалық шектелген.
Өнімді горизонттардың жинауыштары саңылаулы, құмтастар мен құмайттастардан түзілген. Жапқыштары – қалыңдығы 4-53 метрге дейінгі сазды жыныстар. Өнімді қаттардың жалпы қалыңдығы 4-28 м дейін, тиімді қалыңдығы 4,2-10,3м дейін ауытқиды. Мұнай қанығу коэффициенттері 0,66-0,72, газ қанығу 0,32-0,69. Мұнай 90,2-914 кг/м3 тығыздықта, күкіртті, парафинді, жоғары шайырлы, газқанықтылығы 25 м3/м. Бастапқы қат қысымы 6,5-9,6mpa, температурасы 39-44ºС, 7 мм штуцерде мұнайдың бастапқы шығымдары 26,4-62,1 м3/тәул.Бастапқы қат қысымы 9,5-8,0%, температура 30-38ºС. Горизонттар бойынша газдық шығымдары тәулігіне 38-80,8 мың м3-ті құрайды. Шоғырлардың режимі сутегеірінді және серпімді сутегеуірінді. Сулар хлоркальций типті, тығыздығы 1083-1095 кг/м3 және жалпы минералдануы 97,4-170,6 г/л.
Кенорыны 1979 жылдан бері игерілуде.
Қаражамбас кенорыны.Қаражамбас газмұнай кенорыны Бозашы жарты аралының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Кенорынының құрылымы қаттардың түсу бұрышы 1,5-4º дейінгі ірі брахиантиклиналь қатпарлы көрсетеді. Кенорыны 1974 жылы ашылған.
Аз амплитудасы тектоникалық бұзылыстар серияларымен кенорынының құрылымы жеті блокқа бөлінген.
Қаражамбас кенорынының қимасында неокомның бес қатының – А, Б, В, Г, Д және юраның екі горизонтының – Ю-І және Ю-ІІ өнеркәсіптік мұнайлылығы анықталған.
Неоком қаттары барлық ұңғымаларда анық айқындалған. Г қатынан басқасы, олар қатқабаттардың жуық мәнділігімен сипатталады және әдеттегідей бір монолитті қат-жинауыштардан түзіліп, олар тек жекелеген ұңғымаларда ғана екі құмды қатқа бөлінеді.
Құрылымның солтүстік қанаты үшін қаттың (VІІ блок) ұлғайған қатқабаты және тағы бір А2 құмды қабаттың пайда болуы сипатты болып келеді
Б, В және Д қаттары, А қаты жарым-жартылай күрделі құрылысты болады.
Ю-І горизонты кейдетұтасып келіп бірыңғай қойма түзетін 2-4 қат-жинауыштар түрінде айқындалған.
Горизонттың тиімді қатқабаты 10-33 м дейін өзгереді.
Ю-ІІ горизонты құрылысы бойынша Ю-І горизонтына ұқсас, бірақ жұқа қалыңдықпен немесе таралудың шектелген белдемімен сипатталады.
Қаражамбас – Тұран платформасының Оңтүстік Бозашы ойысының солтүстік-батыс шетіндегі ірі газмұнай кенорыны. Қаламқас мұнай кәсіпшілігінен оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. 1974 жылы ашылды.
Кенорыны 100 м амплитудасы субендікті созылымның бұзылған брахиантиклинді қаттарымен байланысқан. Қанаттардың түсу бұрышы қанаттан тік. Субендікті созылымның жарылысты бұзылыстары құрылымның осьтік бөліктерінде орналасқан. Лықсымалардың солтүстікке түзу жазықтығымен, олардың амплитудасы 160 метрге жетеді. Бұзылыстардың тіреуші аз амплитудасы сериялары брахиантиклиналь 7 блокқа мүшелейді. Айқындалған өнімді горизонттар неоком (5 горизонт – А, Б, В, Г, Д) ортаңғы юраның бат жікқабатының (Ю-І және Ю-ІІ горизонттары) түзілімдеріне жатады. Жинауыштары құмтастар мен құмайттастардан түзілген, олардың ашық кеуектілігі 27-29%, өтімділіг 0,0136-0,351 мкм2 шегінде болады. Жапқыштары – қалыңдығы 2-126 метрге дейінгі сазды жыныстар. Мұнай шоғырларының биіктігі блокта 3,9-75,4 м дейін өзгереді. Жинауыштардың жалпы қалыңдығы 1,5-26,1 м, тиімді қалыңдығы 4-18,6 м, мұнайқанығу – 2-14,6 м шегінде түрленеді. Газ мұнай шоғырларындағы жинауыштардың газқанығу қалыңдығы 2,4 м. Мұнайқанығу коэффициенті 0,63-0,75. Мұнайдың тығыздығы 939-944 кг/м3, күкірттің мөлшері 1,6-2,2mpa, парафин – 0,7-1,4%, жоғары шайырлы. Бастапқы қат қысымы блокта 3-5,75 дейін, температура 25-37ºС дейін өзгереді. Мұнай шығындары тәулігіне 1,2 м3-76,8 м3 дейін өзгереді. Мұнайдың сипатты ерекшелігіт онда ванадий мен никельдің болуы.»Г» горизонттағы газ құрамы бойынша құрғақ, ауыр көмірсутектердің мөлшері 5% аз, метанды құраушылар 89,1% дейін ұлғаяды, азоттың мөлшері 5,1% дейін артады. Қаттық сулар химиялық құрамы бойынша хлоркальций типтің әлсіз тұздығына жатады, тығыздығы 1030 кг/м3, минералдылығы 40-76 г/л, бром, бор, иод микроэлементтердің жоғарғы концентрациясы бар. Шоғырлар режимі сутегеуірінді. Кенорыны 1980 жылдан бері игеріліп келеді.
Солтүстік Қаражамбас кенорыны. Солтүстік Қаражамбас – Тұран тақтасының Оңтүстік Бозашы ойысының Солтүстік батыс шетіндегі мұнай кенорыны.
Құрылым оңтүстікте және оңтүстік-батыста тектоникалық бұзылыстармен шектелген, Оңтүстік – Батыс және Солтүстік – Шығыс екі жарты дөңесті білдіреді. Ортаңғы юраның бат жікқабатында екі шоғыр айқындалған. Шоғырлар қаттық, дөңестік тектоникалық шектелген. Олардың жатыс тереңдігі 548-659 м. Жинауыштары ашық кеуектілігі 28%, өтімділігі – 0,098 мкм2 жететін құмтастардан түзілген. Мұнайқанығу коэффициенті – 0,63, мұнайқанығу қалыңдығы 2,6-3,7 м. Жапқыштары – қалыңдығы 5 және 11 м сазды жыныстар.
Солтүстік Бозащы кенорыны. Солтүстік Бузашы дөңесінің орталық батыс бөліктеріндегі газмұнай кенорыны. Маңғыстау облысында Ақтаудан солтүстікке қарай 175 км жерде орналасқан. 1975 жылы ашылды.
Кенорыны 100 м амплитудамен күрделі құрылған антиклиналь қатпарға тураланған. Қатпардың осьтік бөліктері 160 м дейінгі амплитудамен субендікті созылымның тектоникалық бұзылыстарымен күрделенген. Төменгі бордың баррем және готерив жікқабаттарының (екі горизонт) түзілімдерінің өнімділігі анықталған. Шоғырлары мұнайлы, мұнай бөліктерінің 5,8-81,1 м биіктіктерімен газ мұнайлы, газды – 3,1-16,9 м. Жинауыштары 26-28% кеуектілікпен және 0,106-0,365 мкм2 өтімділікпен саңылаулы. Жапқыштары – қалыңдығы 12-126 м дейінгі сазды жыныстар. Жинауыштардың тиімді қалыңдығы 4,2-24 м дейін, мұнайқанығу 1,95-18 м дейін, газқанығу 1,1-5,3 м дейін өзгереді. Мұнайқанығу коэффициенті – 0,64-0,68, газқанығу – 0,48. Мұнай шоғырларының бастапқы шығымдары тәулігіне 3,4-48 м3, газдікі тәулігіне 25-54 мың м3. Мұнай ауыр, тығыздығы 938-940 кг/м3, күкіртті, парафинді, шайырлы. Күкірттің мөлшері - 2%, парафиндікі 1,5%, асфальтендікі 5,6-5,8%, силикагельді шайырдікі 14,8-16,9%. Құрамы бойынша газ «құрғақ», метанның мөлшері95,5% және ауыр көмірсутектер – 4,5%.
Жалғыз Төбе кенорыны. Жалғызтөбе – Солтүстік Үстірт синеклизасының Бозашы дөңесіндегі мұнай кенорыны. Құрылым геология-геофизикалық жұмыстармен 1947-59 жылдары айқындалған. Іздеу бұрғылауы 1976 жылы басталды, сол жылы кенорыны ашылған. Өнімді горизонттардың мұнайының тығыздығы 0,94 г/см3, жоғары күкіртті (2,1 %), әлсіз парафинді (1,8%), асфальтендердің мөлшері 5,2%.
Кенорыны игеруге әзірлік үстінде.
Қаратұрын кенорыны. Теңіздік Қаратұрын, Шығыс Қаратұрын, Оңтүстік Қаратұрын – Оңтүстік Бозашы ойысының Солтүстік – батыс шетіндегі газмұнай жәнее газ кенорыны. 1978-1980 жылы ашылған. Ортаңғы юра түзілімдерінің мұнайгаздылығы анықталған. Шоғырлар мұнайлы және мұнайгащды, таза газ шоғырлары теңізлік Қаратұрынның бір горизонтында және Оңтүстік Қаратұрынның екі горизонтында айқын болды.
Солтүстік Үстірт ойпаңы іргетасы палеозойдың кристалдық және қатпарлы құрылысынан құрылған, платформалы пермотриас және мезозой-кайназой түзілістерінің қуатты тысымен қайта жабылған Тұран плитасының солтүстік-батыс бөлігіне кіреді.
Ойпаң субендік созылымға ие және 300 км ендікте 500 км созылады. Ол Солтүстігінде Оңтүстік Ембі көтерілімімен жиектеледі, шығысындаОрал сілемдерінің батыс тармақтарының оңтүстік жалғасымен және Тяньшанның солтүстік-батыс шетімен шектеледі, оңтүстігінде көтерілімдердің Орталық Үстірт белдемдерінің бұзылыстарымен бөлінеді, батысында Каспий теңізінің суымен жабылған.
Солтүстік Үстірт ойпаңы түзілімдерінің қалыңдығы шөгінді жыныстар қатқабатымен (9-11 км) толған, ондағы пермьге дейінгі жыныстың құрылымдық жағдайы әрқилы түсіндіріледі – баз бір зерттеушілер оларды іргетасқа, басқалары – аралық кешенге жатқызылады.
Солтүстік Үстірт ойпаңы күрделі құрылған және көтерілімдерден, депрессиялардан және тектоникалық сатылардан тұрады.
Солтүстік Үстірт ойпаңына кіруші екінші қатардағы құрылымдарына: Бозашы көтерілімі, Оңтүстік Бозашы ойысы, Қызан – Тоқыбай белі, Арыстан көтерілім белдемі, Қолтық депрессиясы, Сам депрессиясы, Мыңсуалмас тектоникалық сатысы, Қосбұлақ депрессиясы, Ақтұмсық көтерілімі, Байшағыр кертпеші, Барсакелмес депрессиясы жатады.
Солтүстік Үстірт ойпаңының геологиялық талдауы жоғары палеозой уақытынан бастап ол ұзаққа созылған ойыс болып табылғанын көрсетті, соның салдарынан юраға дейінгі, борға дейінгі және орта меоценге дейінгі уақытта шөгінді жинақталудың тоқталуының салыстырмалы түрде қысқа мерзіміне қарамастан, шөгінділердің қуатты түрде жинақталуы жүрді.
Арыстан мұнай газ кенорыны. Солтүстік Үстірт ойпаңының оңтүстік-батыс ернеуінде 1966 жылы ашылған, өнімділігі басты түрде орта юра түзілімдеріне байланысты.
Брахиантиклиналь типті Арыстан жергілікті құрылымы 1:100000 масштабта сейсмобарлау айқындалып, әзірленген. 2150 м изогипстегі (неоком табаны) осы қатпардың көлемі 28х8,5 км, оның амплитудасы 150 м жетеді. Құрылымы субендікті созылымды, ассиметрлік, солтүстік қанат 1º00у градус бұрышпен жатады, оңтүстігі 1º30у тік еңісті. Арыстан құрылымының үлкен осьтерін екі күмбез бөлініп шығады.
Арыстан Үстірт – Бозашы ойысының Бейнеу ойпаңындағы мұнай кенорыны. Маңғыстау облысында, Бейнеу бекетінен оңтүстік-батысқа қарай 100 км жерде орналасқан. Құрылым 1965 жылы айқындалған.
11 өнімді горизонт бөлініп шыққан жоғарғы және орта юра түзілімдері өнімді. Қима қабаттасқан құмтастардан, сазтастардан және құмайттастардан түзілген. Өнімді түзілімдердің жалпы қалыңдығы 600 м жуық. Жыныстар едәуір саздылық және карбонаттылықпен ерекшеленеді. Жинауыштары саңылаулы, жарықшақты, төменгі өтімділікті және азсыйымды, кеуектілігі 10-15%, өтімділігі 0,001-0,1 мкм2 дейін өзгереді.
Қолтық – мұнай кенорыны. Маңғыстау облысында, Бейнеу бекетінен батысқа қарай 90 км жерде орналасқан. Оңтүстік Бозашы ойысының Каспий маңы ойпаңының ернеулік белдемінде тұрған құрылым 1977 жылы сейсмобарлаушы даярланған. 1978 жылы ашылды.
Мұнайлы горизонттар 2863 және 3150 м тереңдікте жатады. Шоғырлары қаттық, литологиялық шектелген. Келловей шоғырларының биіктігі 7,2 м, байостікі – 28,8 м. Су – мұнай жапсары 2893 және 3202 м абсолютті белгілерде жүргізіледі.
Комсомол – мұнай кенорыны. Маңғыстау облысында, мұнайкәсіпшілікті Прорвадан оңтүстікке қарай 80 км жерде орналасқан. 1984 жылы ашылды. Мұнайсыйдырушы құрылым – 70 м амплитудамен 11х5 км көлемдегі солтүстік-шығыс созылымының брахиантиклинді қатпары. Кенорынында ашылған түзілімдердің ең жоғарғы қалыңдығы 4458 м жетеді. Өнімді қат-қабат жоғарғы юраның келловей жікқабатына қатысты және 2995-3050 м тереңдікте жатады. Онда 2 өнімді горизонт бөлініп шыққан. 2-ші юра горизонтының шоғыры жергілікті таралумен сипатталады және көтерілімдердің дөңестенген бөліктеріне тураланған. Бастапқы қат қысымы 99-103ºС қаттық температура жағдайында 31,3-32,9 шегінде өзгереді. Бастапқы газдық фактор 171-192 м3/т. Бастапқы шығымдар негізгіт горизонтта 5 мм штуцерде тәулігіне 33-63 м3 құраса, ІІ-юрада 1 м3/тәулік. Артқан жоқ. Мұнай өте жеңіл, тығыздығы 791 кг/м3, күкірттің мөлшері 0,35% дейін, парафин – 9,7%, шайыр – 2,5-2,85%, асфальтен – 0,33%. Мұнайда ерітілген газдар құрамы бойынша ауыр, ондағы ауыр көмірсутектердің мөлшері 30% асады, метан 54-57%. Азот 3,2-4,9%, көмірқышқыл газ 1,3-1,5%. Шоғырлардың режимі серпімді су тегеуірінді.
Қарақұдық мұнай кенорыны. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының территориясында орналасқан.
1971 жылы қаңтарда Солтүстік Үстірт ойпаңының Оңтүстік – батыс ернеуінде орналасқан. Қарақұдық алаңында мұнай кенорыны ашылды. Бұл қатпар іздеу бұрғылаужәне сейсмикалық түзілімдеріменен әзірленген. Оңтүстік-батыс созылымының Қарақұдық құрылымы екі күмбез тәрізді көтерілімдерінен тұрады. 2200 м изогипс бойынша құрылымның жалпы ұзындығы 5-6 км ендік жағдайында. 12 км жетеді.
Алаңда неоген, палеоген, юра түзілімдерін ашушы 3410 м тереңдікте 1 ұңғыма және 3407 м тереңдікте 2 ұңғыма бұрғыланды. Бірінші ұңғымада кәсіпшілік-геофизикалық әдістермен олардың өнімділігін сынауға арналған 33 объект бөлініп алынды. Бұл объектілер ортаңғы юра түзілімдеріне тураланған 10 горизонтқа түсірілді, ал бір горизонт жоғарғы юраға (келловей) жатады. Сынау кезінде барлық 10 ортаңғы юра горизонттары тәулігіне 0,2-13,0 м3 шығыммен тек қаттық судың ағындарын ғана берді.
Жоғарғы юра (келловей) горизонтын 2605-2610 м аралықта, 7 мм штуцерде сынау жағдайында тәулігіне 40м3 шығыммен мұнай шапшымасы алынды. Горизонттың жалпы қуаттылығы 18 м, тиімді – 10.
Шағырлы – Шөмішті кенорыны. Ембі ауданында орналасқан. Кенорын Солтүстік Үстірт ойпаңының Солтүстік ернеуіндегі антиклинді қатпарға байланысты. Газ шоғыры палеоген түзілімдерінде 350-360 м тереңдікте ашылған. Тиімді қуаттылығы 6,4 м, тиімді кеуектілігі 25%. Горизонт қатты саздалған. 15,8 мм шайбадағы газдың шығыны тәулігіне 92,4 мың м3. Кенорынының газ қорлары 1/І – 1968 жылы А+В-С1 категориялары бойынша 2501 млрд. М3 құрайды.
1965 жылы құрылымдық бұрғылау, ол 1969 жылы өнімді горизонтты ашу, контурлау және өнеркәсіптік сынамалау мақсатында барлау бұрғылауы басталды.
Шағырлы – Шөмішті кенорынының газ шоғыры қаттық, төрт көтерілімнің дөңестенген бөліктері мен олардың аралығындағы мульданы алып жатыр, оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста литологиялық шектелген. Қаттық қысым 41 атм., температура 30ºС. Шоғырлы күмбезінің шегінде шоғырлардың газ-су жапсары 10 бұрышпен солтүстіктен оңтүстікке қарай еңістелген. Батыс және Шығыс Шөмішті көтерілімдерінде газдық этаж сәйкес түрде 50 және 45 м, Солтүстік Шөмішті және шоғырлы көтерілімдерінде – 40 м құрайды. Газдықтың жалпы алаңы 800,5 км2. Газдың абсолютті шығымдары тәулігіне 167 мың м3 жетеді. Газдар құрғақ (меншікті салмағы 0,5736), басым түрде метанды, орташа 95,82%. Газда сондай-ақ ауадан шыққан этан (орт 3%) (орт 0,15 азот) және көміртегінің қос тотығы (орт 0,19) бар
51.Шу – Сарысу
Айрақты кенорыны. Айрақты – Шу-Сарысу шөгінді алабының газконденсатты кенорыны. Жамбыл облысында, Тараз қаласынан солтүстікке қарай 135 км жерде орналасқан. Бұрғылауға сейсмобарлаумен 1969 жылы дайындалған, 1971 жылы ашылған.
Кенорынын сыйдырушы құрылым жоғарғы турне – төменгі визе өнімді горизонттарының жабындысы бойынша көлемі 9х8 км (1820 м изогипсте), амплитудасы 120 м. Төменгі пермь тұзаралық газды горизонттың жабындысы бойынша асимметрлі антиклиналь субмеридианды созылым, көлемі 21х10 км, амплитудасы 160 м. Кенорыны қаттық-дөңестенген және литологиялық шектелген типтің үш газды шоғырлардан: жоғарғы турнелік, төменгі визелік көмірлі-терригенді және төменгі пермьдік тұзаралық құмтастар және құмтайттастардан тұрады. Жоғарғы турне шоғырларының дөңестегі жатыс тереңдігі 2145 м, биіктігі 24 м. Газ-су жапсары 1803 м белгіде соғылған. Газды горизонттың жалпы қалыңдығы 24, тиімді қалыңдығы – 17 м. Жинауыштары саңылаулы және жарықшақты – саңылаулы типті.
Төменгі визе шоғырының дөңестегі жатыс тереңдігі 2075 м, биіктігі 62 м және газ-су жапсарының абсолюттік белгісі – 1771 м.
Анабай кенорыны. Анабай – Шу-Сарысу шөгінді алабындағы Мойынқұм ойпаңындағы газ кенорыны. Жамбыл облысында Тараз қаласынан солтүстікке қарай 175 км жерде орналасқан. Мұнай және газ шоғырларын іздеу 1978 жылы басталып, 1979 жылы кенорыны ашылды.
Құрылым брахиантиклинді қатпарлы білдіреді. Төменгі серпухов және жоғарғы визе арганогенді – сынықты әктастарда, сондай-ақ фамен жасындағы құмтастарда үш газ шоғыры айқындалған. Фамен өнеркәсіптік мәні жоқ. Жоғарғы визе шоғыры қаттық-дөңестенген типті, 2448 м тереңдікте ашылған, биіктігі 178 м. Газ-су жапсары 2304 м белгіде соғылған.
Малдыбай кенорыны. Малдыбай – Шу-Сарысу шөгінді алабының Мойынқұм ойпаңындағы газ кенорыны. Жамбыл облысында, Тараз қаласынан солтүстікке қарай 185 км жерде орналасқан. 1977 жылы ашылды.
Кенорынының құрылым брахиантиклиналь қатпар. Оның көлемі 12,5х2,7 км, амплитудасы 192 м. Қанаттардың түсу бұрышы 8-9. Серпухов газды горизонтының жабындысы бойынша құрылымның көлемі 13х3 км, амплитудасы 150 м жуық. Кенорыны қаттық-дөңестенген типті екі шоғырдан төменгі визе көмірлі-терригенді және төменгі серпухов карбонатты түзілімдерінде түзілген. Төменгі визе шоғыры 2025 м дөңестегі жатыс тереңдігі жағдайындағы. 135,2 м биіктікте болады. Өнімді горизонттың жалпы қалыңдығы 171 м, тиімді қалыңдығы – 4,2, газқанығу – 1,4 м. Жинауыштары саңылаулы және жарықшақты-саңылаулы типті, 14,4% кеуектілікті құмтастардан түзілген. Газқанығу коэффициенті 0,77.
Мойынқұм ойысы. Амангелді кенорыны. Газ кенорыны Амангелді Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Тараз қаласынан солтүстікке қарай 165 км жерде орналасқан.
Құрылым МОВ сейсмобарлаумен іздеу бұрғылауға 1974 жылы даярланған. 1975 жылы газ шапшымасы алынған.
Жоғарғы турне – төменгі визе өнімді горизонттардың жабындысы бойынша құрылым біршама тік оңтүстік-шығыс қанатты ассиметриялық брахиантиклиналь қатпарды көрсетеді. Оның 240 м амплитудадағы көлемі (1920 м изогипс) 7х3 .
Өнеркәсіптік газдылық жоғарғы түріне, төменгі визе, төменгі серпухов және төменгі пермь түзілімдеріне байланысты.
Шоғырлардың жапқыштары – қалыңдығы 500 м дейінгі кунгур жасындағы терригенді-галогенді түзілімдер.
Жоғарғы турне mha төменгі визе түзілімдерінің газының құрамы, %: метан 67,25-86,2, этан 4,52-10,53, пропан 2,86-5,2, изобутан 0,42-0,57, н-бутан 0,82-0,95, пентан 0,74-1,12, азот+сирек 4,6-14, көмірқышқыл газ 0-2,22, гелий 0,19 дейін. 30 г/м2 дейінгі мөлшерде конденсат болады.
Серпухов шоғыры газының құрамы, %: метан 81,45, этан 9,99, пропан 3,0, изобутан 0,38, н-бутан 0,54, пентан+жоғары 0,54, азот+сирек 2,9, көмірқышқыл газ 0,2. Гелийдің концентрациясы анықталмаған. Конденсаттың мөлшері 12,85 г/м3. Соңғысындағы күкірттің мөлшері 0,016%.
Төменгі пермь шоғырларының газы мынадай құрамда болады, %: метан – 9,47-26,05 этан – 0,21-1,97, пропан – 0,02-0,49, изобутан – 0,03-0,05; н-бутан – 0,07-0,09; пентан+жоғары – 0,06-0,16; азот+сирек 70,92-87,02; гелий – 0,04-0,24, көмірқышқыл газ – 0,15-1,3.
Көкпансор ойпаңы. Орталық кенорыны. Орталық – Шу-Сарысу шөгінді алабының Көкпансор ішкі ойпаңындағы газ кенорыны. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 1976 жылы ашылды.
Іргетастың өнімді желге мүжілген беті бойынша амплитудасы 230 м, көлемі 6х14 (2525 м изогипста) қатпарға байланысқан. Төменгі пермь терригенді газды түзілімдер жабындысы бойынша құрылымның көлемі 3х6 км, амплитудасы 47 м (925 м изогипста). Екі газды шоғырлар айқындалған. Төменгі шоғыр массивті типті, іргетастың эрозиялық көтеріліміне тураланған. Оның биіктігі 92 м, жатыс тереңдігі 2546 м. Газ-су жапсары 2384 м белгіде қабылданған. Газды горизонттың тиімді қалыңдығы – 38,5 м, газқанығу қалыңдығы 19 м тең. Жинауышы жарықшақты типті, жоғарғы протерозой – төменгі палеозойлық кеуектілігі 2% кварц – хлорит – серицитті тақтатастардан түзілген. Бастапқы қат қысымы 22,2mpa. Газдың бастапқы шығымы 15,2 мм шайбада тәулігіне 21 мың м3 құрайды. Қаттық температура 82ºС тең. Жоғарғы шоғыр қаттық – дөңестенген, төменгі пермь құмтастары мен құмайттастарына байланысқан. Ол барланып бітпеген, 1122 м төменгі жатыс тереңдігі жағдайында. 76 м биіктікке ие болады. Газ-су жапсары 954 м белгіде қабылданған. Жинауыштары – саңылаулы типті, 1,1-10,2% кеуектілікпен сипатталады. Бастапқы қатқысымы мен температурасы 11,5 mha және 59ºС. Газдың шығымы 7,95 мм шайбада – 5,51 мың м3/тәул. Іргетастағы шоғырлар газының құрамы, %: метан – 83,7, этан – 3,48, пропан – 0,035, н-бутан – 0,08, и-бутан - -0,04, азот – 11,9, көмірқышқыл газ - 0,3-0,45, күкіртсутегі – 0,002, гелий – 0,208-0,240. Төменгі карбон газының құрамы, %: метан – 52,8-58,09, азот – 4043-452, этан – 0,70-1,09, пропан 0,05-0,6, н-бутан 0,008-0,04, и-бутан – 0,004-0,01, пентан – 0,02-0,07, гексан – 0,09 дейін, көмірқышқыл газы – 0,63-1,6, гелий – 0,141-0,29.
Кенорыны консервацияланған.
Батыс Опак кенорыны. Батыс Опак – Шу-Сарысу шөгінді алабының Мойынқұм ішкі ойпаңындағы газ кенорыны. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 1980 жылы ашылған.
Газды горизонттың жалпы қалыңдығы 13,6 м, тиімді қалыңдығы – 5,2 м. Жинауыштары 9-14% кеуектілікті жарықшақты құмтастардан түзілген және жарықшақты – саңылаулы типке жатады. Газ қанығу коэффициенті 0,76. Бастапқы қат температурасы 18,4-6,6 мм шайбадағы бастапқы шығымы тәулігіне 30 мың м3 жеткен.
Придорожное кенорыны. Придорожное – Шу-Сарысу шөгінді алабының Көкпансор ішкі ойпаңындағы газ кенорыны. Жезқазған қаласынан оңтүстікке қарай 260 км жерде орналасқан. 1972 жылы ашылды.
Кенорыны субендікті созылымның брахиантиклиналь қатпарына байланысқан. Екі қаттық-дөңестенген, тектоникалық шектелген шоғырлардан тұрады. Шоғырлар фамен жасындағы құмтастар мен құмайттастардан және серпухов жікқабатының жарықшақты әктастарынан түзілген. Дөңестегі фамен шоғырларының тереңдігі 2400 м. Шоғырлардың 140 м биіктігіндегі газ-су жапсары 2285 м белгіде қабылданған. Өнімді горизонттың жалпы қалыңдығы – 129 м, тиімді қалыңдығы – 37,5 м. Жинауыштары жарықшақты – саңылаулы типті, кеуектілігі 7%, соңғы мәнде 3-18% дейін, өтімділігі 0,038 мкм2. Газқанығу коэффициенті 0,7. Қаттық қысымы 25,8 mha, қат температурасы 86ºС. 4,9 диаметр штуцердегі газдың шығымы 74,4 мың м3/тәул. құрайды. Төменгі серпухов шоғырлары газының құрамы %: метан 75,4-90,0, этан 0,051-2,06, пропан 0,014-0,36, изобутан 0,02, н-бутан 0,03-0,21, пентан+жоғары 0,01-0,15, азот+сирек 7,4-22, гелий 0,155-0,255, күкіртсутегі 2,57, көмірқышқыл газ 0,55-1,25. Фамен горизонтының хлор-натрийлі және хлоркальцийлі судың минералдануы 109-415 г/л дейін.
Кенорыны аяқталмаған барлау стадиясында.
