Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

52. Зайсан

Зайсан шөгінді алабы - Қазақстанның шығысындағы ендікке жуық бағытта созылған, жоғарғы палеозой-мезозой-қайназойдың шөгінді қатқабаттарымен көмкерілген тауаралық ойыс. Шығыс Қазақстан облысының жерінде. Ауданы 30 мың км2-ге жуық. Алап солтүстік-шығысында Оңтүстік Алтаймен, оңтүстік-батысында Сауыр-Тарбағатай жоталарымен шектелген. Шығысқа қарай Сауыр жотасы темен қарай қүлдилай төмендейді де Зайсан алабы Қытайдағы Жоңғар ойысымен тұтасып кетеді. Мұның өзі көптеген зерттеушілердің оларды біртұтас құрылым ретінде қарастыруына, сөйтіп олар ортақ мұнайлылықпен сипатталады деп қателесуіне себеп болды. Терең жарылымдар.(Шығыс Арқалы, Маңырақ т.б.) арқылы алаптың ішкі бөлігі мұнайлылығы мен газдылығы жағынан әркелкі бағаланатын солтүстік-шығыс, орталық және оңтүстік-батыс белдемдерге дараланады. Кристалдық іргетас ретінде қаралатын ортаңғы-жоғарғы карбонның эффузиялық таужыныстары бетінде жатқан орталық белдемдегі шөгінділер қатқабатының жалпы қалыңдығы 5-6 км-ге жетеді. Осындағы Маңырақ маңы ойысында шөгінді қатқабат құрамында жанғыш тақтатастардың көптеген қабатшалары бар, қалыңдығы 4,0 км-ге жуық терригендік палеозой, 1,0 км-ге дейінгі мезозой, 1,0 км-ден аспайтын қайнозой шөгінділері ажыратылады. Жанғыш тақтатастар мұнай мен газ бөлуші (шығарушы) қатқабат ретінде қарастырылады. Қарабұлақ мульдасы арқылы күрделіленген орталық белдемді сейсмобарлау Сарыбұлақ брахиантиклинін анықтап, терең бұрғылау жүргізуге дайындады. Мұнда 4849 метрге бұрғыланған параметрлік терең ұңғыма кайнозой, мезозой және жоғарғы пермнің беткі таужыныстарынан тұратын қиманы аршыды. Сынамалау жүргізгенде, 3,0 км-ден астам тереңдіктегі триас және пермь қүмтастарынан, талдау деректері бойынша малталарга жататын ауыр, тұтқыр, қойнауқаттық жағдайда баяу қозғалатын мұнайға ұқсас таушайырлар алынды. Бұл кейбір зерттеушілерге Зайсан ойысындаСарыбұлақ мұнай кенорны ашылды деп мәлімдеуге түрткі болды. Зайсан ойысының батыс бөлігінде сейсмобарлау нәтижесінде анықталған және бұрғылауғадайындалған оқшау құрылымдардың тобы мұнай іздестіру жұмыстарын бұдан әрі жүгізуге жол ашады. Қолда бар геологиялық-геофизикалық деректерді талдау мен жинақтау, бірсыпыра зерттеушілерге (ГЖолтаев, Х.Парагульгов) солтүстік ернеудің орталық бөлікке қарай, солардың ішінде жеке будалары оңтүстік бағытта, 15 км-ге дейін қаусырма түрінде ығысқаны жөніндегі идеясын ұсынуға мүмкіндік берді. Аталған зерттеушілердің деректері бойынша, осы аймақта, қаусырма жазығының астында үміттенерліктей мұнайлы-газды саналатын юра-триас және жоғарғы пермь түзілімдеріне тиесілі қалың қатқабаттардың бар болуы әбден мүмкін. Сондықтан кристалдық іргетасы саяз орналасқан алаптың оңтүстік-батыс бөлігіндегі едәуір жері мұнай мен газға деген келешегі бар аймақтар болып шығуы әбден ықтимал.

53.Тектоникалық қозғалыстар түрлері, мұнайгаз геологиясындағы ролі

«Тектоникалық қозғалыстар» – дегеніміз литосфераның, оның ішінде жер қыртысының қимасындағы геологиялық денелердің құрылымын өзгертетін, Жердің астеносфера жəне литосфера деңгейлерінен бастау алатын механикалық қозғалыстар жиынтығы. Ол Жер планетасының əртүрлі деңгей- лерінде болып жататын физикалық-химиялық процестермен байланысты туындайтын болса керек. Тектоникалық қозғалыстарды туындатушы кернеулер (күштер) ретінде негізінен жер қойнауынан бөлінетін жылу энергиясы аталады; планетаға тəн гравитациялық энергия да өз үлесін қосуы мүмкін; Күн мен Айдың Жерге тигізер əсерін, өзге де ғарыштық энергия көздерін де естен шығаруға болмайды. Тектоникалық қозғалыстар бірнеше типтерге (түрлерге) бөлінеді, олардың негізгілерін қысқаша ғана сипаттап өтелік.

1. Эпейрогендік тектоникалық қозғалыстар – өте жай жəне ұзақ уақыттар бойына етек ала отырып, ірі-ірі аймақтардың жоғары көтерілуін немесе төмен жылжуын (тік бағытталған) қамтамасыз ететін, бірақ сол аймақтардың ішкі құрылымын өзгертпейтін қозғалыстар. Мұндай қозғалыстар нəтижесінде тұтас континенттер, мұхиттық жəне континенттік үстірттер қалыптасады деп есептеледі. Орогендік, яғни қатпарлы тектоникалық қозғалыстармен салыстырғанда эпейрогендік тектоникалық қозғалыстар өзі қамтыған аймақтың ішкі құрылысын өзгертпейді, яғни мұндай қозғалыстар нəтижесінде аймақтың қимасын құрайтын таужыныс қабаттары қатпарланбайды жəне жыртылмайды. Эпейрогендік тектоникалық қозғалыстардың синонимі – тербелмелі қозғалыстар. 2. Орогендік тектоникалық қозғалыстар – тау жүйелерін қалыптастыратын тектоникалық қозғалыстар. Бұл қозғалыстардың өздеріне тəн сипаттары олардың қысқа мерзімділігі (геологиялық уақыт тұрғысынан алғанда), бір сəттілігі, өте жоғары қарқындылығы жəне орогендік белдеулер мен жүйелер (таулар) ауқымында ғана көрініс беруі. Эпейоргендік, яғни тербелмей тектоникалық қозғалыстармен салыстырғанда орогендік тектоникалық қозғалыстар өздері қамтыған аймақ қимасын құрылымдық өзгерістерге ұшыратады, яғни қиманы құрайтын таужыныс қабаттары қарқынды түрде қатпарланады жəне əртүрлі дəрежедегі жыртылыстармен бөлшектенеді. Қатпарлар мен жыртылыстарды қалыптастыруда тік бағытталған кернеулер де, көлбеу (горизонталь) бағытталған кернеулер де атсалысатын болса керек орогендік тектоникалық қозғалыстар терминінің синонимі – қатпарлы қозғалыстар. 3. Континенттер дрейфі – тұтас континенттердің (материктердің) немесе олардың ірі-ірі бөліктерінің көлбеу (горизонталь) бағытта алыс қашықтықтарға жылжып кетуін қамтамасыз ететін жалпыпланеталық тектоникалық қозғалыстар. континенттер дрейфінің қозғаушы күші астеносфера қимасындағы конвекциялық ағымдар деп есептеледі. 4. Спрединг – Əлемдік мұхит алабының Орталық- мұхиттық жоталар деп аталатын аймақтарында жаңадан қалыптасқан мұхиттық литосфераның континент жағалауларына қарай көлбеу (горизонталь) бағытта ұдайы жылжып отыруымен сипатталатын процесс жəне тектоникалық қозғалыс түрі. С. процесін кейде «мұхит түбінің базальттармен жаппай көмкерілуі» деп те атайды (3.2-сурет). Бұл қозғалыстардың да негізгі қозғаушы күші астеносфера қимасындағы конвекциялық ағымдар деп есептелінеді. 5. Субдукция – спрединг процесі нəтижесінде контине жағалауларына жылжып жеткен мұхиттық литосфераның қарсы қозғалған немесе тыныш тұрған континенттік литосфераның астына қарай сұғынуын қамтамасыз ететін тектоникалық қозғалыс түрі. С. нəтижесінде, яғни мұхиттық литосфераның континенттік литосферамен өзара əрекеттесуі (бірінің астына бірінің сұғынуы) нəтижесінде «Беньофф– Заварицкий–Вадати белдемі» деп аталатын арнаулы белдем қалыптасады