- •1.Геодинамиканың мазмұны, міндеттері
- •2.Жердің ішкі құрылысы, зерттеу әдістері
- •3.Жер қабығы, оның типтері, мұхиттық, континенттік.
- •4.Қазақстанның жер қабығы. Каспий ойпатының жер қабығы.
- •5.Литосфера және астеносфера.
- •6. Жер энергетикасы
- •7.Жер геосфераларының негізгі шектері, сипаттамалары
- •8.Литосфера және жер қабығының негізгі құрылымдық бөлімдері. Мұнайгаздылығы
- •9.Мұхиттар мен континенттердің жалпы сипаттамасы
- •10.Геотектоникалық болжамдар. Фиксизм болжамдары.
- •11.Мобилизм болжамдары. Вегенер болжамы
- •12.Конвекция оның түрлері. Мантия конвекциясының моделі
- •13.Литосфералық плиталар тектоникасы
- •14.Плита шектері
- •15.Басты және кіші литосфералық плиталар
- •16.Ыстық нүктелер болжамы
- •17.Плиталар шектерінің типтері
- •18.Дивергентті шектер. Спрединг процесі
- •19.Конвергентті шектер. Субдукция
- •20.Субдукция түрлері. Аралдық доғалық субдукцияның анды типі
- •21.Обдукция туралы түсінік.
- •22.Коллизия процесі. Мысалдар
- •23.Континенттердің пассивті шеттері. Мұнайгаздылығы
- •24.Мұхит орталық жоталардың сипаттамасы
- •25.Өтпелі зонаның сипаттамасы
- •26.Трансформды шектер
- •27.Қозғалмалы белдеулер. Орнықты массивтер
- •28.Орогендер, олардың түрлері, эволюциясы, мұнайгаздылығы
- •29.Литосфера эволюциясының Виьсон циклі
- •30.Литосфера дамуының толық геодинамикалық циклі
- •31.Жердің дамуының негізгі кезеңдері және сатылары
- •32.Платформалар, олардың құрылуы, дамуы
- •33,37.Грабен және рифт түсініктері
- •34,38.Континенттік рифт, мұхиттық рифт
- •35.Литосферада мұнайгаздың пайда болуының геодинамикалық моделдері. Рифтогендің, субдукциялық – обдукциялық моделдері.
- •36.Мұнайгаздың пайда болуының дәстүрлі депрессиялық моделі
- •39.Мұнайгазгеологиялық аудандастыру
- •40.Шөгінді бассейндер олардың эволюциясы
- •41.Шөгінді бассейндердің жіктемесі
- •42.Шөгінді бассейндердің қалыптасуы
- •45.Тауалды ойыстар, олардың дамуы, мұнайгаздылығы. Орал алды ойысы
- •46.Тауаралық ойыстар. Ферғана ойысы
- •47.Каспий маңы бассейні
- •49.Оңтүстік Маңғышлақ
- •50.Солтүстік Үстірт.
- •52. Зайсан
- •53.Тектоникалық қозғалыстар түрлері, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •54.Қатпарлы құрылымдар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •55.Жарылу бұзылыстар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •56.Тұздардың пайда болуы, мг геологиясындағы ролі
- •57.Тұз күмбездердің қалыптасуы, мг геологиясындағы ролі
- •58.Құрылымдық карталар, мазмұны, маңызы.
- •59.Қазақстанның алып және ірі мг кенорындары
- •60.Жердің жаралуы туралы түсінік. Жер эволюциясының моделі
33,37.Грабен және рифт түсініктері
Рифтілер – созылу құрылымы, сондықтан олар литосфералық тақталардың бір-бірінен ажырау өңірі ретінде аталған тақталардың «дивергенттік шекаралары» рөлін атқарады. Алайда құрылымның алғашқы даму сатыларында бір-бірінен ажырап кеткен литосфералық тақталар кейінгі даму сатыларында «қайтадан табысатындығы», яғни бір-бірімен соқтығысатындығы белгілі, мұның нəтижесінде тақталардың «конвергенттік шекаралары» пайда болады. Алайда бұл шекаралар рифтілер сияқты жай ғана созылу аймақтары емес, керісінше, ғаламат сығымдалу аймақтары болып табылады. Сондықтан да ірі литосфералық тақталардың «конвергенттік шекаралары» құрылысы өте күрделі, құрылымның бүкіл дамуы барысында жаралып үлгерген бүкіл геологиялық формация- лардың өте қарқынды қатпарлы-жамылғылы деформацияға ұшырап дербестелген жекелеген фрагменттерін (шет- пұшпақтарын) «өз бойына жинақтаған» тұтас белдем ретінде көрініс береді. Қатпарлы белдеулер ауқымында өзге де формациялармен бірге офиолитті формацияның фрагменттерін (шет-пұшпақтарын) көптеп кіріктіретін мұндай құрылымдық- формациялық белдемдер «жапсаршорлы белдемдер» (шовные зоны) немесе «сутуралар» деп аталады.
ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарында мұхиттық зерттеулердің нәтижесінде әлемдік мұхиттың орталық жоталарының төбе тұстарында орын алған глобалды рифт жүйесі белгіленді. Бұл жүйенің континенттік рифт белдеулерімен құрылымдық және жаралу тегі жағынан байланысты екені дәлелденді. Осының барлығы Жердің геологиялық тарихында рифтогенездің алатын маңызды ролін жете түсінуге мүмкіндік туғызды. Қазіргі түсінік бойынша рифттер – жүздеген, тіпті мыңдаған километрге созылған, ені ондаған километр, тереңдігі бірнеше мың метрге жететін грабен тәрізді құрылымдар, оларда Жер қабығы жазық бағытта созылып кеңиді және қыздырылған тереңдік мантия заты жоғары көтеріледі. Рифттің пайда болу және даму процесі рифтогенез (рифтинг) деген атау алды. Ол Жер қойнауынан көтерілген қыздырылған заттың үстіңгі жағында пайда болған дөңбеккүмбез түрінде бейнеленеді. Бұл тұста жазық бағытталған күштердің әсерінен литосфера созылып жұқаланып жарылады, салдарынан қалыпты лықсымалармен шектелген грабен тәрізді рифт құрылымдары түзіледі.
Литосфераның рифт белдемдеріне төменгі өзгешеліктер тән: Жер қабығы 30-35 км-ге шейін жұқаланған, мантиясы Жер қабығының табанына жақындап жоғары тұрады, жылу ағыны артық, жазық бағытталған созылу әрекеттердің күш салуы белсенді, гипоцентрлері Жер қабығының табанында орналасқан Жер сілкіну жиі және күшті, базальт және сілтілі-базальт вулканизмі кең тараған. Бұларға ұқсас қазіргі құрылымдардың әдеттегі үлгілері: мұхиттарда – глобальды рифт жүйесі, континенттерде – Африка-Араб, Байкал, Батыс Европа рифтері ж.б.
Байкал рифт жүйесі солтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа 2,6 мың км-ге созылған, ені 60 км, көлдің тереңдігі 1650 м. Грбендердің дамуы плиоценді, плейстоценді және голоценді қамтиды. Тік бағытталған ығысудың амплитудасы 5 км. Базальтты вулканизм айтарлықтай қарқындылықпен ерекшеленбейді. Байкал рифтінің белсенді дамуы осы уақытқа дейін жүріп жатыр, түбінің төмен майысуының орташа жылдамдығы жылына 0,6 см, ал екі жаққа алшақтап жылжуы 0,2-0,3 см.
Спрединг процесі бойынша құрлықтар бірінен-бірі алшақтап, мұхиттардың орталық жотасындағы рифттер біртіндеп кеңиді. Орталық-мұхиттық жоталар ұзындығы 60 сың км, мұхит табанынан 3-4 км-ге көтерілген, барлық мұхиттарды кесіп өтетін жүйе құрайды. Кей жерлерде төбелері теңіз бетіне шығып, аралдар құрады. Мысалы, Атлант мұхитындағы Пасха, Үнді мұхитындағы Сен-Поль т.б. аралдар. Жоталар Атлант және Үнді мұхиттардың орталық бөліктерінде созыла орналасқан, ал Солтүстік Мұзды және Тынық мұхиттардың бір шетіне қарай ығысқан – Шығыс-Тынықмұхитттық жота.
Орталық-мұхиттық жоталардың бойлығының нақ ортасында жарықтармен шектелген терең қысаң шатқалдар-рифттер (ағылшынша рифт - саңылау) орын алады. Олардың тереңдігі 2-2,5 км, үстіңгі ені 25-30 км. Рифт зоналары бойында жер сілкіну, аномалды артық жылу ағыны, жанартау атқылауы байқалады. Рифт зонасында жер қабығы әбден сүйірленіп, бойына шала балқыған мантия заты сінеді.
Орталық жоталардың кейбір жерлерінде, кейде айтарлықтай учаскелерде рифттердің орнында, оған қарама-қарсы құрылымдар-горстар дамыған. Бұл учаскелер магмалық әрекеттердің белсенділігімен сипатталады (Шығыс Тынықмұхиттық жота, Орталық Атлант жотасының Исландия аралынан оңтүстік бөлігі – Рейкьянес жотасы).
Мұхитгенез – бұрын болған Жер қабығының (әдетте континеттік) бөлшектену және деструкция процесі. Бұл процесс рифтогенез және мұхиттық жаңа қабықтың қалыптасуы, сонымен бірге спрединг түрінде байқалады. Мұхиталды стадия континент жағдайында басталады. Қызған мантия затының көтерілуі кезінде литосферада щң-донес иілімдер түзіледі, салдарынан литосфера жарықтанып, жарылымдар пайда болады. Жарылымдар бойымен негізгі және ультранегізді магмалар Жер қойнауына кірігеді және Жер бетіне төгіледі. Бұл фазаға (литосфераның бастапқы деструкция фазасы) әдетте трапп формациясы тән. Келесі фаза (континенттік рифт) келесі фаза созылу және ажырама құрылымдарының пайда болуы мен ерекшеленеді. Жекелленген рифттер континент ішіндегі жүйелерге бірігеді, олар бедерде грабен, көл бассейндері, өзен аңғарлары түрінде бейнеледі.
Нағыз мұхит стадиясы мұхиттың ашылуымен белгіленеді. Басында бұл құрылым грабен тәрізді тар континентаралық теңіздер (теңіздік рифт фазасы). Спрединг процесінің белсенділігінің күшеюі теңіз табанының одан әрі алшақтануына әкеліп, теңіз ауданы ұлғайып мұхитқа ауысады – спрединг фазасы. Ішкі энергия көзінің әлсіреуі субдукция және обдукцияның дамуына келеді. Алғашқы кезде олар спрединг пен бірге жүреді (жартылай субдукция фазасы), ал соңынан басым түседі толық (субдукция фазасы). Осы екі фаза дәстүрлі геосинклинал процесіне сәйкес келеді.
