Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

59.Қазақстанның алып және ірі мг кенорындары

Теңіз кен орыны. Теңіз кенорыны тек Қазақстанда ғана аса ірі кен орыны емес, дүниежүзілік алып болып саналады. Теңіз кенорының ашылуы- бұл дәуірлік оқиға. 1979 жылы осы бірегей кенорынның ашылуы И.М. Губкиннен бастап, Б.С.Сағынғалиев, Д.А. Досмұханбетов, С.Воцалевский, Б.Д. Еламанов, Т.Н. Жұмағалиев, С.Е.Шақабаев, К.К. Балжанов, Мақаш Балғымбаев, О.Исқалиев, А.Х. Хисметов, В.П. Авров сияқты Қазақстан және Ресейдің мамандарының, геологтарының, мұнайшыларының тұтас ұрпағының жанқиярлық еңбегінің нәтижесі болды.

Теңіз кенорынында өнеркәсіптік мұнайлы-газдылық 1-ұңғымада анықталып, таскөмірлі түзілімдерден мұнайдың шығымы 4054-4081 аралықта тәулігіне 430м2-қа жетті. Өлшенген қаттық қысым 79,92 mpа-ға тең болды, температура 1054°С. Сулы  жапсар -5415 м. Массивті шоғыр 1548 м. биіктікте. Газдық фактор тәулігіне 603 м3 құрады. Кенорыны үшін қалыпты гидростатты 1,8 есе арттырушы АЖҚҚ-ң болуы сипаты. өнеркәсіптік мұнайлылық 3873 метрден (9-ұңғыма) 5100м. дейінгі (17-ұңғыма) тереңдіктегі кең диапозонда анықталды. Бұрғылау нәтижелері боынша орта таскөмірлі, төменгі тас көмірлі және жоғарғы девандық (10-ұңғыма) түзілімдер өнімді.

Доссор мұнай кенорыны. Атырау қаласынан шығысқа қарай 90 км Мақат ауданында орналасқан. 1911 жылы ашылды. Доссор –көне мұнай кенорыны. 1911 жылы 29 сәуірде Доссорда №3 ұңғымадан 226 иетр тереңдікте биіктігі 25 метрге дейін мұнайдың қуатты шапшымасы атқыланды. 30 сағаттан кейін ұңғымада өрт шықты. Ұңғыма қабырғаларыныңқұлауы және құмды тығындардың түзілу нәтижесінде шапшымалау тоқталды. 1911 жылдан бастап мұнайды тұрақты түрде өнеркәсіпті өндіру басталды. Доссор кенорыны Батыс Қазақстанда жаңа салалардың қалыптасуы мен ары қарайғы дамуына орасан зор ықпал етті. Кенорынын барлау 1948 жылға дейін жалғасты.

Кеңкияқ кенорыны. Кеңкияқ – Ақтөбе облысындағы ірі мұнай кенорыны, Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 250км жерде, Темір ауданында орналасқан. Кеңкияқ кенорнын зерттеуге ғалым-геологтар академик А.Л.Яншин, Т.Я.Авров, З.Б.Бөлекбаев, И.Б.Дальян және басқа да көптеген адамдар үлкен үлес қосты. 60-шы жылдардың өзінде-ақ академик А.Л.Яншин: «Біз Кеңкияқтың жоғарғы – палеозой түзілімдеріндегі жеңіл мұнай шоғырларының ашылуына үміттенуге қақымыз бар» деген еді. Ол пермо-триас түзілімдеріндегі шұбар түсті тұзастылық палеозойлық таужыныстарынан тік көшу есебінен түзілген туынды мұнай екенін нанымды түрде дәлелдеп берді. А.Л.Яншиннің ғылыми болжамы кейінірек тұзастылық түзілімдерде мұнайдың ірі кенорыны Кеңкияқтың ашылуымен жарқын түрде рас екенін дәлелдеді. И.Б.Дальян (2000ж) көрсеткендей, Кеңкияқ көпқатты кенорынында тұзүстілік, тұзды (галогенді) және тұзастылық түзілімдерде мұнайлылықтың кең стратиграфиялық диапазоны бар. Мезозой түзілімдеріндегі өнеркәсіптік мәні бар мұнай шоғрлары құрылымдық-іздеу жұмыстарын жүргізу жағдайында 1958 жылы ашылды. К-17 ұңғымасында майлы мұнайдың ағыны ортаңғы юра лагуна-континенттік түзілімдерден, ал к-134 ұңғымадан төменгі триастың соркөл свитасының континентті түзілімдері алынды. Төменгі триас түзілімдерінен мұнайдың өнеркәсіптік ағынын алуға байланысты, 1959 жылы Кеңкияқтың тұзды күмбезінде терең барлау бұрғылау басталды; бірқатар ұңғымалар өнімді болып шықты. 1962 жылы тұзды күмбездің оңтүстік тік беткейінде 47 және 48 ұңғымалардан жоғарғы пермь түзілімдерінен мұнайдың шапшыма ағыны алынды.

Әлібекмола кенорыны. Әлібекмола – ірі мұнайгаз конденсатты кенорыны. Ақтөбе облысында орналасқан. Жақын жердегі темір жол бекеті Шұбарқұдық (175 км). 1986 жылы ашылған. Жаңажол тектоникалық сатыларының шегінде орналасқан, ойпаң түзілімдерінің тұзастылық кешенінде жатады. 2950 м изогипспен контурланған солтүстік шыңның өлшемі 4,7х2 км, амплитудасы 70 м, оңтүстік шыңда 300 м дейін амплитудамен және 7,8х3 өлшем жағдайында 2950 м изогипспен тұйықталады. Жоғарғы карбонның гжель жікқабатына қатысты кҚ-І қатқабат жабындысы бойынша құрылымы біркүмбезді, өлшемі 16х5 және амплитудасы 600 м жуық.

Жинауыштары саңылаулы және саңылаулы-жарықшақты. Кеуектіліг 9-12,3% дейін өзгереді, гжель жікқабатының органогенді әктастарының мәні аса үлкен Б және М (КҚ-ІІ) қаттарының мұнайқанығу қалыңдығының сәйкес түрде 18,2 және 14,7 м, шоғырларының биіктігі 89 және 96 м КҚ-І қатқабаты үшін мұнайқанығу қалыңдығы 13-20 м дейін өзгереді, ол газқанығу 15 м құрайды.

Жаңажол кенорыны. Жаңажол кенорыны газ конденсатты кенорыны Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 240 км Мұғаджар ауданында орналасқан. Іздеу бұрғылауы 1961 жылы басталды. Мұнайдың алғашқы өнеркәсіптік ағыны 1978 жылы 4-ұңғымада ортаңғы карбонның карбонатты түзілімдерінен алынған. Төменгі карбонатты қатқабаттың өнімділігі анықталған. Стратиграфиялық өнімді қатқабат ортаңғы карбонның москва жікқабатының кашир горизонтына және төменгі карбонның жоғарғы бөліктеріне қатысты. КТ-І және КТ-ІІ өнімді қатқабаттары 216-дан 417 м дейінгі қатқабатты терригенді-карбонатты шөгінділермен бөлінген.3350 және 3550 тұйықталған изогипс шегіндегі құрылымның өлшемдері 29х8 км-ді құрайды. Оңтүстік күмбездің амплитудасы 200 м, солтүстіктікі 400 м. Анықталған шоғырлар типтері бойынша массивті-қаттық, дөңестік, тектоникалық шектелген элементті болып келеді. КТ-ІІ-ң өнімді қатқабаты доломиттердің аз қуаттары қабатшықты әктастармен литологиялық  қалыптасқан. Оның шегінде екі өнімді будалар Г және Д бөлінген.

Жинауыштары 9,5-тен 12,6%-ға дейін ашық кеуектілікпен және 0,061-0,395 мкм2 өтімділікпен саңылаулы. Мұнайқанығу қалыңдығы 7,7-54 метрге дейін, газқанығу 29,1-ден 52,5 м-ге дейін өзгереді. Шоғырлардың биіктігі 50-350 м. Мұнайқанығу коэффициенті 0,82-0,89; газқанығу коэффициенті 0,78-0,83. Г және Д будаларындағы бастапқы қат қысымы мен температурасы 37,5-39,6 және 77-81̉ºС. (сәйкес түрде). Мұнай шығындары әртүрлі: ДЖ будасында тәулігіне 2,5-116 м3 және 2-281 м3. Кенорыны игерілуде.

Қарашығанақ кені. Көмірсутектер шоғырын сыйдырушы көтерілім 16х29 км өлшемді планда биіктігі 1700 м дейінгі кедертасты құрылысты білдіреді. Өнімділікті биогермді және биоморфты-детритті әктастар, доломиттер және өтпелі ойырымдар болып табылады. Өнімді түзілімдердің жас ерекшелік диапазоны – жоғарғы девон волга горизонтынан төменгі пермнің артин жікқабатының ирено свиталарының галитті қатқабат, тұзкүмбезді тектоникамен өрбіген ол болмаған жерлерде жоғарғы пермьнің қазан және уфа жікқабаттарының терригенді-галогенді қатқабаты болып табылады. Жинауыштары саңылаулы және саңылаулы-қуысты типті. Шоғыр мұнайгаз конденсатты, массивті. Газ конденсатты бөліктердің биіктігі 1420 м-ге жетеді, мұнайлы қабаттың қалыңдығы 200 м-ге тең. Қойманың газ қанығу бөліктері бойынша орташа өтімділігі 0,008 мкм2-қа тең, мұнайқанығу – 0,05 мкм2. Газқанығу жинауыштарының пермь бөліктері үшін газқанығу коэффициенті 0,90-ды, таскөмірлі бөліктер үшін – 0,89-ды, таскөмірлі бөліктер үшін – 0,89-ды құрайды. Газмұнайлы жапсар 4950 м белгіде, су-мұнайлы жапсар – 5150 метрге анықталған Шоғырлардың пермь бөліктеріндегі конденсаттық орташа мөлшері 486 г/м3-ті, таскөмірлі бөліктер үшін – 644 г/м3-ті құрайды. Газдың шығымдары тәулігіне 590 мың3-қа, конденсаттікі тәулігіне 500 м3-қа, мұнайдікі тәулігіне 326 м3-қа дейін жеткен.

Кенорынының мұнайлы бөліктерінде мұнайдың қасиеттері бойынша ерекшеленетін оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс екі алаң бөлініп шығады. Оңтүстік-батыс алаңдағы мұнай 520 кг3/м3 орташа газқұрамдылыққа 861 кг/м3 орташа тығыздықтағы біршама ауыр мұнай. Солтүстік-шығыс алаңдағы 900 кг3/м3 орташа газ құрамдылыққа 830 кг/м3 орташа тығыздықтағы жеңіл мұнай. Конденсаттық тығыздығы 778-ден 814 кг/м3 дейін өзгереді. Конденсаттық құрамында 1,8-3,0% парафин, 1,0-1,7% шайыр, 0,55-2,16% күкірт, 0,09-0,26% меркаптан бар.

Жаңа Өзен – Маңғышлақ шөгінді алабының Жазғұрлы – Сығынды ішкі ойпаңындағы алып мұнайгаз кенорыны. Жаңа Өзен қаласынан оңтүстікте 150 км жерде орналасқан. Аймақтық геолого-геофизикалық жұмыстары 1953-1956жылдары жүргізілген. Терең бұрғылау 1960 жылы басталған. 1962 жылы ашылды.

Кенорыны жергілікті көтерілімдер мен күмбездер қаратымен күрделенген, батыс – солтүстік – батыс созылымының ірі брахиантиклиналь қатпарына тураланған. Валанжин жікқабатының табаны бойынша құрылымның өлшемдері 900 м тұйықталған изогипстер контурында 200 м жуық амплитудамен 45х9 км құрайды. Ю – ХІІ өнімді горизонтының жабындысы бойынша (жоғарығы юраның келловей жікқабаты), 1130 м изогипс контурында, көтерілімдердің өлшемдері 300 м амплитудамен 41х11 км. Жоғарғы және төменгі бор (сеноман, альб, апт жікқабаттары және неоком), жоғарғы және ортаңғы юра (келловей, бат, байос, аален жікқабаттары) түзілімдерінде өнеркәсіптік өнімділік анықталған. Өнімді қабаттың биіктігі 1500 метрге жетеді. Бор кешенінде таужыныстардан 12 газды, ал юра қатқабатынан – 13 мұнайлы және мұнайгазды горизонттар бөлініп шығады. Өнімді горизонттардың көпшілігі көп қаттық болып келеді. Тұтқыштарының типтері бойынша шоғырлар негізінен қаттық, дөңесті, тектоникалық және литологиялық шектелген. Негізгі дөңесте Ю – ХІІ – Ю – ХVІІ горизонттарының бір ғана су-мұнай жапсары бар, осыған байланысты шоғырлар типі бойынша массивті-қаттыққа жатуы ықтимал.

Жинауыштары саңылаулы, құмтастар мен құмайттастардан құралған.Газдық горизонттардың ашық кеуектілігі 26,8-30,6%, өтімділігі 0,2-0,4 мкм2 дейін. Юра қатқабатында біршама жоғары кеуектілік (26,5%) және өтімділік (0,523 мкм2) ХІІІ горизонтта (келловей жікқабаты) белгіленген. Қалған горизонттарда кеуектілік 18-25% дейін, өтімділік 0,02-0,3 мкм2 шегінде ауытқиды. Өнімді горизонттардың жапқыштары 2-60 м қалыңдықтағы саздар болып келеді. Жинауыштардың тиімді қалыңдығы кең шекте өзгереді. 2,7-14,1 м дейінгі газқанығу төменгі бордың газдың шоғырларында 4-30 м дейін, юра горизонтында, сәйкес түрде 2,6-167 м дейін және 1,0-20 м дейін. Мұнайдың тығыздығы 844-874 кг/м3, күкірттің мөлшері 0,16-2%, парафин 16-22,6%, шайыр 8-20%. Мұнай қанығу коэффициенті 0,53-0,73, газқанығу коэффциенті 0,5-0,6. Қаттық 57-84ºС температурасындағы бастапқы қаттық қысым 11,2-19,35 mpa. Мұнайдың бастапқы шығымдары горизонт бойынша тәулігіне 1 м3-тен 81 м3 дейін өзгереді. Газдық фактор 47-275 м3/м3.

Жетібай кенорыны. Жетібай мұнайгаз конденсатты кенорыны Ақтау қаласынан оңтүстік – шығыста 80 км жерде орналасқан. Құрылым 1955 жылы айқындалды, 1961 жылы ашылды.

Құрылымның өлшемдері 22,5х6,5 км, амплитудасы 60 м. Өнімділіктері жоғарғы және ортаңғы юра түзілімдері болып табылады, онда қабаттасқан құмтастар, құмайттастар және саздардан құралған 13 горизонт анықталған. Өнімді горизонттардағы құмтастар қатпарының саны 2-8 дейін өзгереді. Қиманың өнімді бөліктерінің жалпы қатқабаты 700 м асады. Стратиграфиялық өнімді горизонттары жоғарғы юраның келловей жікқабатына, ортаңғы юраның бат, байос және аален жікқабаттарына жатады, одан 2 газды, 11 мұнайлы және 7 мұнайгазды (олардың біреуі газ конденсатты) түзілімдер бөлініп шыққан. Тұтқыштарының типтері бойынша шоғырлар қаттық, дөңестік, бірақ сондай-ақ массивті-қаттық, литологиялық шектелген. Өнімді горизонттардың жатыс тереңдігі 1700-2500 м.

Жинауыштары саңылаулы. Жинауыштарының мұнайқанығу қалыңдығы 1,3-21,2 м шегінде, газқанығу 2-14,4 м дейін. Барлық горизонттардың мұнайы 830-870 кг/м3 тығыздығы бойынша жеңіл және орташа, шайырлы 4,53-15,5%, Жоғары парафинді 17,2-25%, аз күкіртті 0,2-0,28%. Асфальтендердің мөлшері 0,9-3,4% дейін ауытқиды. 300ºС дейін фракциялардың шығуы 25-42%. Еріген газдың құрамы: метан 58,86-76,4%, ауыр көмірсутектер 22-37, азот 1,3-5,8%, көмірқышқыл газы 0,3-1,1% . Газ телпегіндегі бос газ метанды құраушылары 78,6%жетеді, ауыр көмірсутектер -11-18%, концентрациясы тереңдікпен төмендейтін азот (10,3% дейін) және көмірқышқыл газ -0,23-1,2% келловей горизонтының газконденсатты шоғырларында тығыздығы 689-704 кг/м3 тұрақты конденсат бар. Иод, бор және бром қатысады. Кенорыны пайдаланылып жатыр.