- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
Жоқтау лингвокультуремасына қысқаша сипаттама беру арқылы оның Абай дискурсындағы көрінісіне назар аударуды жөн көрдік. Абай халық поэзиясының бүкіл поэтикасын, көркемдігі мен байлығын шеберлікпен пайдалана отырып, "халық даналығынан, халықтың ауызша әдебиет қорынан көп нәр алады, сол арқылы өз өлеңін көп көркейтеді" (М.Әуезов). Әрине, Абай тілдік тұлғасы арқылы оның нақты көрінісін таба аламыз. Соның бірі - жоқтау өлеңдері.
Қазақстан жерінде жүздеп, мыңдап кездесетін сын тас, балбас тастарды ел үшін өмірін қиған батырлар мен аяулы арыстарды жоқтап, мәңгілікке орнатылған ескерткіш болса, қазақтағы жоқтау айту салты - сөзден соғылған ескерткіш [98,96.]. Қағазға, тасқа, халық жадына қатталған (түскен) жоқтау үлгілерінің көптеген түрлері бар. Онда белгілі бір тарихи тұлғаның кім екені, қай жердікі, қандай ісімен (ерекшелігімен) ел санасынан орын алғандығы қысқаша баяндалады.
Жоқтау - "қазаға үшыраған адамның артында қалған жақындарының қайғылы сарынмен айтатын зары, мүң сөзі" [75,2396.]. Осы сөз түбірінен өрбіген жоқтаушы номинативті атауы - адамның артынан дауыс айтып жылаушы адамды білдіреді. Жоқтау салды, жоқтау айтты деген этнографиялық лексиканың (таңбалардың) қазақтың дәстүрлі мәдениетінде өзіндік орны ерекше. Осы ұлттық салттың басты белгісі (сөздің семантикасынан белгілі болып тұрғанындай) дүние салған адамды жоқтап, "іздеп", өмірдегі ойсыраған орнын көздің жасы, көңілдің шерімен толтырған рухани күйзелісті білдірумен айқындалады. Қайтыс болған адамның өмір дерегі дәл әрі нақты шындыққа сай айтылады. Жоқтау өлген адамның асы берілгенше, бір жыл бойы айтылады.
Белгілі ғалым Е.Жанпейісов этнографиялық бүл атаудың бұрынғы кездегі мағынасы қазіргіге қарағанда кең болғанын анықтайды. А.Н.Самойлович, С.Е.Малов келтірген дерек бойынша, оның бір мағынасы - "смерть", "хоронить", "погребение" екенін мысалға алады. Ал көне түркі жазуларының қай-қайсысында да, "Құдатғу біліг" пен М.Қашқари сөздігінде де жоқта-йоғла сөзі ас ұғымында, зат есім - "поминки, поминальный обряд, устроить поминки" мағынасында берілгендігіне дерек келтіреді, сонымен қатар, көне ескерткіштер тілінде йогла - іоуіа - оплакивать болып келеді. Ғалым Е.Жанпейісовтің зерттеп-зерделегені бойынша, "ас беруді, дауыс айтуды, тие берсін, тілек батаны - бәрін бір-ақ сөзбен жоқтау деп қана айтқан", яғни этнографиялық жоқтау атауы осы санап өткен мағыналарды түгел қамтыған [75,33-346.].
Жоқтау шығу, пайда болу көзіне қарай: 1) өлген азаматтың балалары (көбінесе, қыздары) шығарған; 2) немесе азаматтың анасы не жүбайы шығарған; 3) белгілі бір ақын шығарған жоқтаулар болып бірнеше түрге жіктеледі [98,96.]. Жоқтау арнау жас талғамайды: қыршын кеткен жасқа да, елінің ардақты қамқор-қорғаны қартына да, батыр-бағланына да "жүректің басынан у төгілгендей" (Абай) жыр-жоқтау шығару дәстүрі халық махаббатының тереңінен сырт тартқандай қабылданары рас. "Туғанда дүние есігін ашады Өлең / Өлеңмен жер қойнына кірер денең" дегенде Абай жоқтаудың мәнін баса көрсеткені белгілі.
Жоқтау - өлеңді өнер түтқан халықтың тұрмыс-салтының бір көрінісі, әдет-ғұрпы, тұрмыстық фольклор үлгісі. Сондай-ақ, оны даму, жетілу үстіндегі жанр деуге болады. Бүгіндегі күй жоқтау, эн жоқтау, жыр жоқтау түрі соның куәсі. Жоқтау - қазақ сөз өнерінің бір үлгісі деп есептейміз.
1926 жылы Москвада араб жазуымен "23 жоқтау" жинағы жарық көреді. Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері, филолог ғалым А.Байтұрсынұлының бастамасымен шыққан бүл еңбекке қазақтың жиырма бір, қырғыздың екі жоқтауы ("Шоқшолай", "Жантай") еніп, барлығы 23 жоқтау түзіледі. Жинаққа енген Қаз дауысты Қазбекті қызы Қамқаның Жоқтауы, Абылай ханды Бұқар жыраудың Жоқтауы т.б. құндылықтар халық көркем сөзінің (ойының) жоқшысы А.Байтұрсынұлының ауыз әдебиеті байлығының бір парасын тірнектеп жинап, үрпағына табыстаудағы өлшеусіз еңбегі деп бағаланатыны ақиқат. Осы жинаққа баласы Әбдірахманның қазасына байланысты Абай жазған үш жоқтау өлең енген [98,115-1206.]. Жалпы алғанда, Әбдірахманға арнаған өлеңдер циклін мазмұн-мақсатына қарай бір тұтас етіп жүйелеп беруге болады. Сонда, шартты түрде алғанда, бір бүтін, біртұтас жоқтаудың үзіктері ретінде қабылданады. Жекелеген сол өлеңдер фольклорлық сипат-белгілерін толық сақтаған деп анық айта аламыз. "Әбдірахман өлгенде" деген темпоралдық баянға негізделген өлеңдерді алғашқы басталу жолымен атасақ: "Арғы атасы қажы еді", "Кешегі өткен ер Әбіш", "Тұла бойың ұят-ар едің", "Жиырма жеті жасында", "Талаптың мініп тұлпарын", "Орынсызда айтпаған" деп келеді. (Жоқтаудың адам өлген соң айтылатын заңдылығына сәйкесетіндей, үнемі өткен шақ формасында алынған). Сонымен қатар "Әбдірахманның әйелі Мағышқа айтқан жүбатуы" (жоқтай отырып, жүбату деуге болады), "Әбдірахманның эйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау" және "Баласы өлген анаға Абай шығарып берген" жоқтаулар лингвистикалық талдау жасауды қажет ететіндей.
Әрине, ауыз әдебиетінің осы түрі арқылы Абай тілдік тұлғасы тағы бір қырынан ашыла түспек. Тілдік тұлға ұлттық дәстүрдің тілдік санадағы суретін ұжымдық сананың қабылдауына сәйкестендіре реалды қалыпта ұсына алған. Қ.Жұбанов тілімен айтқанда, "Абайға сүтпен кіріп, сүйекпен сіңген әдебиет үлгісінің бірі - халық әдебиеті". Бүл - ақын поэзиясының ұлттық сөз өнерінен тамыр тартып, өзінің ұлттық негізінен көз жазбағанын көрсетсе керек. Бұл тұста Оспанға шығарған үш жоқтаудың (солай деуге толық негіз бар) "Кешегі Оспан", "Кешегі Оспан ағасы", "Жайнаған туың жығылмай" деп келетін шығармалардың ұлттық таным мен қазақ дәстүрлі мәдениетін танытар көрсеткіш ретіндегі орны да ерекше.
Абайдың тілдік тұлғасын айқындайтын этнографиялық таным-деректер көрінісі қалай берілгеніне талдау жасап көрелік.
I. Шартты түрде алғанда, жоқтау үш бөліктен тұрады: а) қазаға ұшыраған адамның тегін, э) оның өмірдерегін (ол туралы мәліметтер), б) тағдырға мойынсұнуды (жұбату) білдіретін негізгі құрылымдарға жіктеледі. Оларды жеке-жеке мысалдар арқылы дәлелдеуге болады. Мысалы,
а) Абай Әбдірахманның тегін: "Арғы атасы қажы еді... /Жарықтықтық өнері / Айтуға тілді тербетті", - десе, Баласы өлген анаға шығарып берген жоқтауында оның "ата тегі - Орта жүздің ұлығы; Ана тегі ондағы - Өзен судың тұнығы. Екі асылдан қосылған Сом алтынның сынығы", - деп ауыз әдебиетіндегі жоқтау жанрының заңдылығын, сөз қолданыстарын, сөз өрнегін лайықты бере білген.
э) Олардың тірліктегі іс-әрекеті көпке үлгі болғандай, имандылық пен кісіліктен ғана тұрады. Біз жоғарыда айтып кеткендей, марқұмдардың тіршіліктегі көз алдында іс-әрекеті көптің көз алдында болғандықтан, барынша шынайы, өмірімен үйлесетін шындық дерекке кұрылу керек. Абай "үміт еткен, көзінің нұры баласына" әкелік, аталық сүйсініспен қарағаны, оның бойынан кемел тұлға, толық адам қасиетін тапқаны белгілі (Бұл туралы бөлімінде кеңірек айтылады).
б) Абайдағы жоқтау - жырдың соңы да дәстүрлі, халықтық үлгімен сәйкес келеді яғни, тағдырдың салғанына көніп, өмірдің баянсыздығын мойындаумен аяқталады. Мысалы, Тірлік арты өлмек-ті. Оны да алды бүл өлім. Сабырлық қылсақ керек-ті немесе Тагдырға тәбділ бола ма, Сабырлық қылсақ керек-ті. Абай өзіне жұбату айтып, "көзге қамшы тигендей" ауыр қайғыға "Өмірін берген құдайым / Ажалын да беріптГ деп сабырлық жасамақ болады. "Ақыл, жүрек, қайратты бірдей ұстаған", "Кешегі өткен ер Әбіш" "таглим айтпас ер ме еді?". Оның "тұла бойы ұят-ар еді", Ол "мүңды-шерлі, жоқ-жітіктің біреуін ала көрмепті", "Аямаған ғаріптен қолдан келген көмекті", Ол "жалғандыққа ермеген, көкірегін кермеген"... Оспан "Адалдық үшін алысқан", Өзі "ала қолсыз мырза", "Жасқанып жаудан тығылмаған", ... "Жайдақтап қашып сабылмаған", "Алысқанды денеген", "Адалдық үшін алысып", "...Жайнаған туы жығылмаған " т.б.
2.4 Абай шығармаларындағы диалектизмдердің лингвомәдени мәні "Диалект деген термин тілде жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді", - [99,46.] десек те, Абай шығармаларындағы диалектілер ұлт тілінің кұрамды бөлігі, әдеби тілдің бір көрінісіндей болып, қолданыста ешбір айырмашылығы сезілмейді, оның себебі шығарма көркемдігі мен тілдік тұлғаның прагмастилистикалық сипатының шынайылығынан болса керек. Қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасы қаланған тұсын сөз еткенде диалектілік ерекшелік мәселесі объективті, субъективті факторларға байланысты аса өзекті болды. Диалектологиялық сөздікке енген бірқатар лексикалық ерекшеліктерді Абай шығармалары мәтінінен кездестіре аламыз [99].
Абай тілінде қазіргі әдеби нормамен салыстырғанда бірқатар жергілікті ерекшеліктер орын алғанын филолог ғалымдар С.Аманжолов, Қ.Жұмалиев, Р.Сыздықова өз зерттеулерінде нақтылай көрсетеді. Ғалымдардың Абай тіліндегі диалектілік құбылыстарды танудағы ұстанымы бірдей болмағанымен, тілді тұлынушы, дамытушы тұлғаның тіліндегі әдеби нормаға жатпайтын ауытқушылықтар сараланады. Әйтсе де, ол құбылыстар шығарма тілінің көркемдігі мен әдеби сапа-белгісін төмендете алмасы анық. Тілдік тұлғаның таным аясында кездесетін диалектизмдердің бірнеше прагматикалық уәжі бар: 1) өз ортасының күй-қалпын танытатын (рухани, заттық лексика) этнографиялық диалектизмдер; 2) концептуалды бейне сомдауға үлес қосатын сөздер деп, ажыратуға болады.
Диалектизм болу үшін екі шарт болу керек: 1) әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір говорға, диалектіге тән сөз болу керек; 2) диалектизмнің өзінің таралу шегі болу керек. Мұндай шарт, өлшем-талапты негізге алмасақ, онда диалектизмдерді варваризмдерден, кітаби лексикадан, тосын (окказионал) сөздерден ажырата алмай қалу қаупі туады [99,126.]. Соған сәйкес, диалектологиялық әдебиеттерде жергілікті сөздердің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері анықталған.
Абай шығармаларында диалектизмдердің жалпы саны аз болғанымен, осы түрлердің қайсысы болса да орын алған, әсіресе, жиі кездесетіні -лексикалық түрі. Ақын шығармаларындағы диалект сөздер тіл-мәдениет сабақтастығымен бірлікте алынып, мәдениет өкілінің дүниетанымын да айқындайды. Абайдың тілдік тұлғасындағы нақты бір ақпаратты сақтап жеткізуші тақбалар қатарында жергілікті тіл ерекшелігін белгілейтін бірліктердің маңызы айтарлықтай. Соған орай, ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісі диалектизмдер мазмұнындағы ақпараттар арқылы жеткізілуі заңды болып табылады. Өйткені жергілікті тіл қолданыстар - өзіндік белгілері айқындалған, этномәдени сипат иеленген лингвомәдени таңбалар деп бағаланады. Талдау барысында олардың этнолингвистикалық табиғаты да ескеріліп, этномәдени мәні анықталады. Сонымен қатар Абай тілдік тұлғасындағы аймақтық тіл сипатына этнолингвистикалық мінездеме беру арқылы сол тілдік құрылымдарды қолданудың прагматикалық уәжі анықталуы тиіс.
Дүниенің бейнесі жергілікті тіл ерекшелігі арқылы объектіленіп, тілдің түрлі деңгейінде көрініс табуы ықтимал, алайда Абай шығармалары тілінде жергілікті сипат ерекшеліктері белсенді сипат иеленген деуге болмайды. Диалектизмдер көркем әдебиет стилінде екі жағдайда: авторлық ремаркада және диалогта қолданылады. Әдетте, кэсіби прозада жазушылар мақсатты түрде: кейіпкер тілінде немесе халық тұрмыс-тіршілігін шынайылықпен суреттеу үшін, оның рухани әлемі мен материалдық мәдениетін таныту мақсатында қолданады. Ал поэзияда көбінесе, көркемдік, стильдік уәж басшылыққа алынады. Жалпы, көркем шығармадағы диалектизмдер белгілі бір мәдениет өкілінің рухани әлемін, таным дүниесш көрсететш менталды бірлік ретінде алынса, Абай тілдік тұлғасында оның басқа да қыры қарастырылады. Автор қолданысындағы диалект сөздер, біріншіден, тілдік ұжымның, тілдік сананың көрінісі, яғни қалыпты сөйлеу тілі көрсеткіші сипатында өзектелсе, екіншіден, белгілі бір стильдік талапқа сай қызмет етеді. Өйткені тілдік тұлға иесі әрі сол тілді тұтынушы, әрі сол мәдениеттің өкілі. Мысалы, автордың кердең, жолғасу, қасынысып жүру, күлмеңдеу, күлу, жалаңқая, желқабыз, балаң сөздерін стильдік мәнде образ тудыру үшін пайдаланғаны Р.Сыздықова зерттеулерінде алғаш рет сөз болады. Немесе ақ шомшы күләпара, бүл (пүл) тәрізді сөздер - ақын өмір сүрген өлкеге тән киім-кешек, құрал-жабдық аттарын білдіретін жергілікті сөздер. Сондықтан өздеріне таныс атаулар сол тілде қалыптасқан күйінде аталуы, объективті заңдылық. Р.Сыздықова нұсқағанындай, тіл тұтынушы өзіне таныс сөздерді диалектизм деген ғылыми топтамасын білмей-ақ шығармашылық мақсатта қолданған.
Ұжымдық санада белгіленген өзге де бірліктер мәні талдау барысында нақтылана түспек. Мысалы, әдеби тілдегі кердеңдеу, кердең-кердец басу семантикасынан өрбіген кердең семасының экспрессивті әсері бағалауыштық мәнде белсенді сипат иеленген. Бүл лексема "Абай тілінің жиілік сөздігінде көрсетілгендей, сын есім қатарында 5 рет, еліктеуіш сөз ретінде 2 рет келген. Сөйтіп, тілдік тұлғаның өзінен бұрынғы әдебиетте жоқ жаңа, тың эпитеттерінің қатарын толықтыруға септескен: \)Күлкішіл, кердең наданның; 2) Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен; 3) Кеселді түйін шешілсе, кердең мойын кесілсе, келмей кетпес кезіне...
Осы мән-мәтіндердегі кердең сөзі жергілікті ерекшелік қатарында диалектологиялық сөздікте [99,3436.] "паң, менмен, дандайсыған" деген мағынада қолданылса, тілдік тұлғаның поэтикалық әлеміне сәйкес паңдықтан гөрі "дандайсыған, менмен" өркөкірек мағыналары басым тұрғандығын Р.Сыздықова дүрыс бағдарлайды [4,52]. Бүл сөздің, мәнмәтін қоршауындағы белсенділігін арттырушы актуализатор сөздердің өзі, (керенеу, кердең, кесілу) коннотақиялық бояуының қоюлығымен негізгі концептуалды мәнді актуалды, өзекті етуге ықпал етіп түр.
Осы орайда кердең мойын кесілсе тіркесіне назар аударғанды жөн көреміз. Белгілі ғалым Р.Сыздықова "Сөздер сөйлейді" еңбегінде "кердең -ғардан деген парсы сөзі, мағынасы -мойын",- деп көрсетеді. Сонда екі тілдегі семантикасы ортақ, мәндес сөздер қатар келіп, плеоназмдық тіркес түзіп түр. Сірэ, парсыша "мойын" сөзінің (ғардан) қазақ тіліндегі "мен-мен", "дандайсу" ("кердең") семантикасымен іздестігі болуы ықтимал. Паң әрі кердең мінез көрсеткен адамның мойнын өзгеше бір паңдықпен созып, тәкаппарлана қозғайтын қимылын көзге елестетсек, бір этимологиялық негізге бағдар сілтейтіндей. Осындай стильдік жүк арқалаған диалектизмдердің семантикалық әлеуетін өзге бірліктердің қуаты арқылы пайымдай аламыз.
"Жолығу, кездесу" мағынасындағы жолғасу етістігінің Абайдың тілдік тұлғасындағы қызметі экспрессивтілікті күшейтумен уәжделген.Сондай-ақ, ол айқын, ашық іс-қимылды емес, біршама құпиялау әрекетті жеткізу үшін қолданылып, ой дәлдігіне қызмет еткен. Ол ойымызға уәж болатын – ішкі формасы астыртып (беру), ұрланып (қашу) тәрізді жасырын әрекетті білдіретін бірліктердің предикативтік қатысты пысықтауы, яғни қимыл-әрекеттің орындалу амалын таныту. Мысалға жүгінсек: 1) Астыртын барып жолғасқан, / Ақша беріп жалғасқан, Ақысын әрең сол алды; 2) Біз соған зар боламыз деп білмедік, / Ұрланып қаштық, жолғастық, шуластық (162).
Тілші-ғалым Р.Сыздықова: "Күлмецдеу, күлмең қагу етістігін мамандар шығыс говорларына жатқызады. Өткендегі өзге өлке ақындарынан эзірше кездестірмеген бүл сөзді Абайдан табамыз" [4,53], -деп көрсетсе де, диалектологиялық сөздікке енбей қалған, кездестіре алмадық.
...Күлмеңдеп келер көздері, /Қалжыңбас келер өздері.
Кекектеп, секек етем деп, / Шошқа туар сөздері (164);
Күлмең қағып қасқайып, / Салынып ап мақтанға.
Таң қаламын, қампайып / Жоқты-барды шатқанға (113).
Күлмең қағу (күлмеңдеу) етістігі - жылмаңдау, қылмаңдау тәрізді жағымсыз мәндегі етістіктер парадигмасын толықтырып тұрған тәрізді, яғни солармен мәндес қатардағы таралу аймағы шектеулі сөз. Біздіңше, тілдің қазіргі күй-қалпына қатысты алғанда Абайдың шығармашылық контексінен орын алған жағымсыз реңкі басым осы экспрессивті сөз - әдеби тілдік элемент ретінде қолданылып, тілдік ұжымға түгел түсінікті, нормаға сай бірлік қатарында қабылданады.
Көркемдікке қызметке еткен келесі бір диалект - желқабыздың сөздіктегі мәні - "желдену, іші кебу". "Сырты абыз бар, желқабыз бар, / Алты ауыз бар - өзге жоқ". Осы образды сөз жайында абайтанушы Р.Сыздықова пікірін толық қуаттаймыз: "...Желдену, іші кебу" мағынасын Абай ауыстырып, "іші шерге толған" деген ұғымда айтып тұрған тәрізді... Оспандай інісі өліп, іші қайғыға толып, бірақ сырттай оны білдірмей, абызға ұқсаған өзін және осы күйін білдірген алты шумақты өлеңі (алты ауыз бар) барын айтып отыр" [4,56].
Біз де осы уәжге ден қоямыз.
Қазақ халқының 19 ғасырдың екіншісі жартысындағы көшпелі тұрмысының, рухани мәдениетінің көркем бейнесі Абай туындыларына арқау болған. Адамдардың мәдени рухани өмірі де, қоғам дамуының объективті заңдылығы - бәрі де тіл тарихында өз із таңбасын қалдырады. Соның бірқатарын ақын туындыларындағы этнографиялық лексика арқылы бағамдай аламыз.
Абай өмір сүрген дәуірдің салт-санасы, сол ортаның әлеуметтік-экономикалық бітім-болмысы туралы заттық мәдениет атауларынан және рухани мәдениет пен ұлттық танымға қатысты атаулардан көп сыр түюге болады. Этнографиялық лексиканың когнитивтік мәнділігі жоғары. Олар негізінен ел тарихынан, халықтың тұрмыс-салтынан ақпарат жеткізуші семантикалық таңба деп қабылданғанымен, өзге де прагмастилистикалық уәж-мотиві бары анық. Біз оларды кейінгі тарауларда арнайы түрде концептуалды талдауға алдық.
Вестиалды лексика (киім-кешек атаулары): жарғақ шалбар, тон, киіз байпақ, мықшима етік, оқалы тон, шидем, іиекпен, кәмшат бөрік, күләпара, күлдәрі, жыға, пүшпақ тымақ;
Баспана, үй мүлкі атаулары: жабағы, ықтырма, қос, малма, шөншік, и, шуда жіп, сырмақ, үйген жүн т.б.
Ер-тұрман, ат әбзелдері: кісен, шідер, ноцта, қамшы, қалмақы үзеңгі, тоқым, биік қасты ер т.б. Дәстүрлі қазақ мәдениетін танытар бірліктер -мәдени құндылықтарды бейнелеумен шектелмей, саяси-әлеуметтік мазмұнмен толыққан.
Елдің әлеуметтік-экономикалық өмірі мен басқару жүйесіне қатысты: ояз, старшын, болыс, жатақ, сұлтан, атшабар, барымта, шар салу, мәліш сауда, бақалшік, елубасы, ылау т.б. - этнотанымдық функқия атқарып, қоғамдық-әлеуметтік хал-ахуалдан ақпарат жеткізу үшін пайдаланады; әдет-ғұрып, тұрмыс-салтқа байланысты этнографизмдерді шылдахана, үкі тагу, үрын бару, қайын бару, қыз таныстыру, қынаменде, жар-жар, беташар сияқты тілдік таңбаларды ұлттық мәдени код дәрежесінде бағалайды.
Абайдың өзіне тән шығармашылық мәнмәтінін танытар белгілердің бірі -модальдық реңкі жоғары сөздерді түрлі прагматикалық мақсатта қолдану. Автор ауызекі сөйлеу тілі, қарапайым лексиканың өзіне көркемдік дарытады. Көрнекті ғалым Қ.Жұбанов: "Абайдың өлеңдері бейнелі, суретті келіп, шын мағынасымен көркемдік шартын орындап отырады. Суретті ойдағыдай күшейтіп жіберетін болса, Абай ондай-мұндай ерсі, эдепке шеттігіне де қарамайды" [36,2676.], - деген пікірі осы ойымызға арқау болғанын еске сала отырып, ақын шығармаларына жүгінеміз. Мысалы, "Күлембайға" өлеңіндегі Сөз көбейді, үлғайды I Мақтанның к... көрінді; етек кеткен жайылып / Ат к... жалпылдап, немесе "Адам - бір боц, боц көтерген боцтың қабы " өлеңдеріндегі "стильдік реңкі төмен" сөздердің өлең идеясын қуаттандырғыш қасиеті аса жоғары. "Байлар жүр жиған малын қорғалатып" өлеңінде эмоқиялық әсері күшті бірқатар "жағымсыз" етістіктер образ сомдауға қызмет етіп түр: қабарып, ырылдатып, бүтып-шатып, ісіп-кеуіп. Ал "Қатыны мен Масақбай" өлеңінде "бүкшиіп, сексиіп, түксиіп, бықсытып, бүксітіп, барқылдап, тарқылдап, салпылдап деген "реңсіз" қимыл-амалдар өздері "үсқынсыз" болса да, көркемдік амалдар қатарында поэтикалық міндетін мінсіз атқарып тұрғаны талассыз.
Әдетте, семантикасы мен бейнелілігі бейтарап келетін кейбір сөз таптары мәнмәтінде өзгеше бой көрсетеді: сымпыс шолақ, жайы мәлім шошқаның, шошқа туар сөздері, орынсыз ыржаң-болымсыз қылжаң, елертіп көзді, жоқ барды шату, елерме жынды сөзденіп, қыртың жыртың сияқты адам мінезіндегі олқылықтарды білдіретін тезаурус қатарлардың бағалауыштық қуаты мықты.
