Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі

5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).

Окказионал сөздер - шығарма авторының өзіндік стильдік ерекшелігі мен көркемдеу шеберлігін танытар маңызды көрсеткіш. Әсіресе, эстетикалық құндылықтарды индивидуалды саралауда, поэтикалық тілдегі концептілік құрылымдарды репрезентақиялауда көрініс табады. Ақиқат дүниенің поэтикалық бейнесін концептілік жүйеге салуда окказионализм құбылысы өз табиғатын жан-жақты ашу мүмкіндігін кеңейтеді. Ал концептінің мазмұны көп жагдайда автордың жеке танымына тікелей байланысты болатыны белгілі, өйткені санада танылған ақпараттар тұлғаның өзіне тән индивидуалды әдіс-тәсілі арқылы объективтенеді, ягни когнитивтік стильге бағынады. Сөйтіп, әлемнің тілдік бейнесі тілдік бірліктерді окказионалды қолдану арқылы одан әрі толымды бола түседі. Әлемнің тілдік бейнесін тілдік тұлға факторымен бірлікте қарау антропоцентристік зерттеулер мақсатының бірі болса, окказионализм құбылысын ашуда тілдік тұлға мәртебесі мен жалпы адам факторы барынша өзектене түсері даусыз. Дүние суреті субъектінің танымдық іс-әрекеті арқылы "окказионалды" түзіліп, концептуалды және тілдік үлгілер формасымен беріледі. Индивидуалды сөзжасам иесі өзінің өмір тәжірибесінің қорытындысын, өз ұлт тілін еркін меңгергендігін окказионалды сөздер арқылы одан әрі тереңдетіп, сөздің семантикалық қуатын жаңа қырынан танытады.

Дүниенің концептуалдық бейнесі мен тілдік бейнесінің арақатысына байланысты қарағанда, окказионал сөз семантикасы концептуалы бейнемен ассоциақияланатындай. Басқаша айтқанда, дүниені индивидуалды қабылдау бұрыннан таныс ақпараттар негізінде жүзеге асады, сөйтіп автор танымында дүниенің концептуалды жаңа, толымды бейнесі қалыптасады.

Абай тіліндегі жаңа сөздер пайда болу уәжі мен қолдану сипатына және стильдік ерекшелігіне қарай екі үлкен топқа жіктеледі. Оның бірі - қоғамдық қатынастарға, мәдениет пен ғылымның, шаруашылық пен саясаттың өзгеріп жетілуіне байланысты неологизм сөздер, ал екіншісі -Абайдың өз қаламына тән, жеке идиостилін айқындар идиолект (жаңа сөздер); Абай шығармасының тілі қоғамдағы жаңалықты өз бойына "тез сіңіріп" те отырған.

Қоғамдағы жаңа құбылыстар мен нысандарды атайтын жаңа сөздер сол кезең әдебиетіндегі Абайдан өзге қаламгерлер шығармашылығында да кездеседі. Абайтанушы ғалым Р.Сыздықова Абай тіліндегі жаңа атауларды танып зерттеудегі бірқатар қиыншылықтардың болғандығына нұсқай отырып (Абай алдындағы, тұсындағы үлгілердің жете зерттелмегендігі, қай сөз қай жазушы арқылы енгенін айқындауға байланысты қиындықтар), ақын шығармалары лексикасындағы жаңа сөздерді тілдік және стилистік неологизмдер деп жіктейді де, оның пайда болуына бірнеше фактілердің себеп болғандығын көрсетеді. Атап айтқанда, "Абай сөз еткен жаңа объектілер жаңа атауды қажет етті. Өмір мен дүние құбылыстарына өзінше қарап, толғану, кейбір әрекет қимылдарды жаңаша тануға, демек, етістіктердің жаңа тұлғаларын жасауға (қайраттысу, әсемсу, сэнсу, калжықшылсу, серкесу)мэжбүр етті. (Әрине, бұларды жаңа атаудан гөрі, экспрессиялы сөз, көркемдік құрал деу орынды сияқты - Г.М.). Абай лексикасына жаңа сөздерді қосуға екінші себеп болған - аударма ісі. Орыс поэзиясынан аударған шығармалар... жаңа ұғым, жаңа сөздерді алып келді. Үшінші себеп - проза жанрын жасауы. Абай прозасы - ғылыми, публицистикалық стильдер үлгісі болғандықтан, осы стильдерге қажет кейбір ғылыми атауларды енгізу қажеттігі туды" [4,141].

Абай тіліндегі жаңа сөздердің лексика-семантикалық құрылымын сипаттаудағы ғалым атап көрсеткен осы жіктемені басшылыққа ала отырып, біз абайлық идиолектілерді 1) қоғамдағы жаңа ұғым-түсініктер атауы (түрлі ғылым салаларына қатысты діни, философиялық, заң, экономика терминдері ыңғайындағы неологизмдер); 2) экспрессивті-эмоқиялы реңк иеленген көркемдікке қызмет етер бейнелі сөздер деп жіктедік. Сонымен қатар, Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейіне сәйкес бүл лексемаларды бір аяға сыйдырып, ортақ бір жүйеде қарастыруды жөн көрдік. (Біздің қарастыратынымыз жеке авторлық қолданыстағы бірліктер ғана).

Абайдың тілдік тұлғасындағы құрылымдық-мағыналық өзгешелігімен және стилъдік бояуымен ажыратылатын тілдік бірліктерді окказионал сөздер категориясына жатқызамыз. Оған келтірер уәжіміз Абай тілінде стильдік мақсатпен, жеке авторлық (абайлық) қолданыста жарық көрген, экспрессиялы сөздер мен сөйлеуде (речь) пайда болатын окказионал сөздер табиғаты арасында тығыз байланыс бары анықталды.

Абайдың тілдік тұлғасы - тілдің икемді қабілеті мен көркемдік қасиетін көрсете алған шығармашылық орта. Окказионал сөздер халықтық қолданыстағы бұрынғы ұғым-түсініктерді өзгеше бір қырынан көрсетіп, сөздің қосымша бояу, нэзік реңкін, үстеме мәнін білдіруге қызмет етер стильдік қуаты күшті сөздер, стильдік категория болып табылады.

Абай қолданысындағы жаңа сөздерді окказионал сөз категориясына жатқызу үшін алдымен бүл құбылыстың өзіндік белгілерін нақтылап алу керек.

Лингвистикадағы дәстүрлі талдау әдістерін, сондай-ақ, бақылау, жинақтау, салғастыру тәсілдерін әдістемелік басшылыққа ала отырып, қазақ тіліндегі окказионал сөздер сипатын былайша топтадық: ең әуелі осы стильдік жаңа сөздің ішкі мағына-мазмұнына назар аударылды, одан соң сыртқы түріне, мазмұнның берілу тәсіліне, яғни сөз формасына көңіл бөлінді; Сондай-ақ бүл сөздің жарық көрген ортасы немесе қызмет етер аясы анықталады; ең соңында, окказионал сөздің қызмет етер шегі, жүмсалу жиілігі есепке алынады. Сонда окказионал сөзді басқа сөздер тобынан ажыратар айырым-белгілер мыналар болып шығады: олардың мағынасы мәнмәтінмен тығыз бірлікте, әрі үнемі экспрессиеті бояу - реңкте болады. Сыртқы формасына, жасалу тәсіліне қарай тіл нормасына үйлеспей жасалады; бүл сөздер жеке авторлық меншікте, сөйлеуде (в речи) қызмет етеді. Біз бүл мәселені «Қазақ көркем әдебиеті тіліндегі окказионал сөздер» деген зерттеуімізде кеңірек қарастырған болатынбыз [169].

Абай тіліндегі жаңа сөздер (окказионализмдер) осы бағытта анықталып, осындай айырым-белгілермен ажыратылатыны анықталды. Оған төмендегі талдаулар арқылы көз жеткізуге болады.

Окказионал сөздер неологизм сөздердей номинақия белгілеуді немесе тілдік нормаға кіруді көздемейді. Олар экспрессивті жетімсіздікті өтеу үшін жарық көреді. Бірқолданар сөздердің номинативтік белгісінен гөрі, айқындауыштық, көркемдегіштік мәні басым.

Окказионал сөздердің туу себебі - саналы әрекеттің нәтижесі. Өзіндік сөз өрнегі, субъективті ойдың жемісі - бір қолданар сөздер көркемдік тәсіл ретінде қызмет етеді.

Окказионал сөздер мен потенциал сөздер арақатынасы.

Сонымен, окказионал сөздер - тіл нормасына кіру қабілеті шектеулі стильдік көркемдегіш құралдың бірі. Потенциал сөздер - тілдік статусқа өту мүмкіндігі мол номинативті атаулар. Потенқия ("мүмкіндік") ұғымы әлдебір сөздің пайда болу немесе пайда бола алмау қабілетіне байланысты айтылмау керек тәрізді. Біздіңше, "потенциалдық" деген ұғым пайда болған сөздің тілдік нормаға, сөздік құрамға мүше болып кіре алу мүмкіндігінің бар-жоқтығына байланысты сөз етілуге тиісті.

Потенциализмдер әркез окказионал сөздер тәрізді көркемдік тәсіл ретінде қызмет етуге тиіс емес. Оларды, негізінен, номинативті жаңа атауды белгілеу үшін пайда болатын сөздер деп есептеген жөн. Мысалы, жалпы халықтық лексикаға біртіндеп қосылған оқырман, көрермен, теледидар, жан күйер сөздері - әуелі потенциал сөз (тілге кіруге қабілеті, әлеуеті бар) түрінде жарық көріп, тілдік сүраным әсерінен жаңалығын бірте-бірте жоғалтып, байырғы сөзге айналып кеткендер. Дәлірек айтқанда, әуелі потенциал сөз —* одан соң —■> неологизм сөз --* кейіннен нормалы, қалыпты қолданыстағы сөзге ауысқандар. Потенциал сөздердің тіл тәжірибесі қажет еткендері ғана жаңа сөз деп танылып, неологизм қатарын құрайды да сөздік құрамға енеді, ал өзгелері бір көрінген қолданымдар болып қала береді.

Осыған орай, көңіл аударарлық маңызды жағдай Абай шығармашылығында дінге, ғылымға, психология, философияға қатысты абстракт ұғымдарды терминдік сипатын да ескере отырып, потенциал сөздер қатарына жатқызу орынды болмақ, себебі олар көркемдік тәсіл міндетін атқару үшін пайда болмаған.

Жаңа ұғым-түсініктердің баламасы ретіндегі номинатив мәні басым түсіп, терминдеу процесінің қалыптасуына негіз қаланған деуге болады. Мысалы, Абай шығармаларындағы сот-заң істеріне қатысты тергеу, сүрау, сотты адам, дау сабау, билік, даугер; өнер-білім, философиялық ұғымға қатысты ғылым оку, ғылым табу, қызмет, танымақтық (познание), өнер, қызықпақтық, бірлік, өлшеу (предел), шыншыл т.б. сияқты жаңа мағына үстеген, немесе мағынасы кеңейіп, не тарылып қолданылған заңнамалық құжаттық, терминдік мәні бар жасалымдарды потенциал сөздер қатарына қосамыз.

Абайдың тілдік тұлғасындағы жеке меншіктілік мына белгілеріне қарай сөз етілуі керек. Ол, біріншіден, автордың жаңа сөз формаларын жасауынан, сөз жасау типін өзгеріске түсіруінен көрінеді^ Екіншіден, автордың бұрынғы

сөздің жаңа семантикасын "ойлап" табуынан, сөйтіп, жаңа "мән" беруінен байқалу керек. Үшіншіден, ой көркемдігі экспрессия болуы шарт.

Абайдың тілдік тұлғасындағы окказионал сөздің көркемдік бояуы.

Окказионал сөздерге баса назар аударылу уәжі ол сөздердің тосындығынан, бейнормалығынан емес, олар арқаланған экспресивті міндетке байланысты. Э.И.Ханпира экспрессивтілікті окказионализмнің ең негізгі қызметінің бірі десе, [170,886.] () А.Г.Лыков окказионализмді узуаль сөздерден айыратын басты белгі, - деп көрсетеді [171,856.]. Л.И.Чехова окказионал сөздердің экспрессиялылғы түрлі тәсілдер арқылы жасалатынын көрсете келіп: 1) экспрессиялық мағына аффикстердің экспрессиялы бояуы болуына, 2) оған негіз болып тұрған сөздің немесе күрделі сөздің бір компонентінде экспрессиялық реңнің айқын болуына байланысты екенін көрсетеді [172, 256.].

Біздіңше, сөздің экспрессиялығы қосымша морфема немесе түбір морфеманың тек біреуімен ғана берілмеу керек, екі компонент біріге қызмет атқарады да, біреуі ең белсенді бағытта болатын сияқты. Ал Абайдың тілдік тұлғасы мағынасы алшақ сөз тіркестерінен де экспрессия мен көркемдік бояу тудырады. Тұтастай алғанда, экспрессиялықтың болу себебінің өзі сөз қолдану тәсілінің тосындығынан, өзгешелігінен туындаған.

Бүл тәсіл - поэтикалық экспрессия тудырудың ең бір үтымды амалы. Осындай синкреттік жолмен жасалған "тосын" тіркестер мен "өзгеше" оралымдар - өзегінде өткір ой, табиғатында тылсым сыр сақтаған синтагмалар "тілдегі" адамның болмысын баяндауды өзінің міндетіне алған. Ал Адамның табиғаты тіл арқылы ашылады.

Абайдың тілдік тұлғасының күрделілігі сонда: автор қолданған тілдік бірліктерді жеке-дара қарастыру мүмкін емес, дискурсты тұтас алып қарағанда ғана, олардың мәні анықталады. Шығармашылық әрекетінің уәжділік деңгейі мен прагматикалық міндетін айқындау барысында ғана тілдік тұлғаның ой әлемі "түсінікті" бола түседі.

Нақты зат пен дерексіз ұғымдар "байланысы" Абай тілдік тұлғасының сөз өрнегін бедерлеуде маңызды рөл атқарады. Мағынасы мәнмәтінде (контексте) ғана нақты анықталатын абайлық окказионал тіркестерге мына синтагмалар дәлел бола алады: көңілдің жайлауы, өмірдің тоны, күлкінің ерні, саңырау қайғы, көңілге ажым салу, көңілге калың беру, талаптың аты, жол азъщ, ой азъщ, акылдың көзін байлау, көңілдің бәйгеге шабуы т.б. "Мағыналық жүгі ауған тіркестердің барлығы бірдей жалпыға ортақ, көпшілік қолданатын түрақты тіркеске айнала бермейді, олардың көбі авторлық метафора статусында (дәрежесінде) қалатындығы дау туғызбайды. [4,449].

Шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнымен байланыста туған Абай дискурсындағы осы сөздер - коннотативті мазмұнға, бай, бояу, реңкі толымды инновақиялар (жаңа қолданыстар), өйткені "Абай өлеңінің мазмұны түрін көрсетіп тұрады да, түрі мазмұнын көрсетіп тұрады. Абай тілінің сөздігі, грамматикасы, Абай өлеңінің өлшеуі, ырғағы, ұйқасымы, Абай суретінің бейнесі - бәрі бірге қосылып та, жеке түрып та негізгі тақырыптың күйіне билеп тұрады" [36].

Абайдың тілдік тұлғасындағы жеке қолданыстардың әсер-қуаты және көркемдігі семантикалық-морфемалық құрылымының өзіндік ерекшелігімен, құрам компоненттері байланысының тосындығымен бейнеленеді. Олар қалыпты қолданыстағы түбір және қосымшаларға қарағанда өзгеше. Сэтті жасалған стилемалар Абай тілдік тұлғасын,ың көркемдегіш мүмкіндігі зор екенін көрсетеді. Абай экспрессойдтарды тілдік құрамға кіргізу үшін емес, нақты идеялық, стильдік қызмет жүктеу үшін қолданған. Біздіңше, Абай тілдік тұлғасының басты мақсаты - нақтылық пен мәнерлікті таныту. Сол себепті де номинативті атаудан гөрі көбіне экспрессивті реңкі басым коннотақияға иек артады.

Синтетикалық тәсілмен жасалған окказионал сөздер Абайдың тілдік тұлғасының көркемдік тәсілі қызметін атқарады.

Сөзжасамның қазақ тілінде ең жиі қолданылатын амалы - синтетикалық тәсілді негізге ала отырып, бірқолданар окказионал сөздер жасалымында түрлі морфемалар қызметі белсенді пайдаланылады. Морфологиялық уәжділікте жаңа атаудың мағынасына морфологиялық құрылымының ықпалы зор, әрине құрылым мәселесі салыстырмалы түрде сөз етіледі. Түрліше стильдік мақсат, экспрессивтік реңк танытуды көздеген жеке авторлық (абайлық) жаңа қолданыстар: өнімді, өнімсіз жүрнақтар көмегімен жасалады. Нақты талдаулар мен теориялық негіздерге сүйенгенде, окказионалды сөзжасам заңсыздық пен заңдылықтың, кездейсоқтық пен қажеттіліктің бірлігінен түратыны жайлы айтылды [171,30-416.].

Окказионал сөз туу процесіндегі заңсыздық лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның бір сөз бойында бірігуі кезінде мағыналық алшақтығы болуымен айқындалады, яғни, сөздің құрылымдық элементтерінің (морфемалардың) орналасуында жүйелі қатынастардың бүзылуы кездеседі. Окказионал сөз туу процесіндегі заңдылық ол сөздер жасалуы кезінде тіл жүйесінде бар тәсілді басшылыққа алудан және стильдік талаптан көрінеді.

Кездейсоцтық - семантикалық мағына мен грамматикалық форманың "кездейсоқ" бірлікте түруы болса, қажеттілік - нақты бір стильдік мақсаттан туындайды.

Абай дискурсында оған дәлелдер молынан кездеседі:

1. Есім сөздерден - лық жүрнағы арқылы абстракт ұғымдар туғызу Абай дискурсында жиі үшырасады (көбіне Қарасөздерінде). Лингвист-ғалым Р.Сыздықованың атап көрсеткеніндей, -лық жүрнақты жаңа сөздер атауыштық (номинативті) қызметте, сонымен қатар, экспрессия тудыру мақсатында да қолданылады. Тағы бір нақтылай түсер жағдай, бүл жаңа жасалымдардың қолданылу уәжіне байланысты сияқты.

Абай мәнмәтіндегі үлкен, ауқымды ойды, барынша нақтылап жеткізу үшін осы тәсілге жүгінеді. Кең қимыл-әрекетті суреттеуден гөрі, сол іс-әрекетті атау мәнінде беріп ойға кеңдік, сөзге қысқалық дарытады. Мысалы, мал тапшылық, қызба бастық, күлкі тоцтық, күлкішілдік, зорболғандық, әсем салдық,, адам жаулағандық.

Абай дискурсында өнімді -лық (-лік) аффикстері арқылы стильдік мәні басым окказионал сөз жасау - аса белсенді сипат иеленген. Тіпті жүйелі амалға

айналған деп бағалаймыз. Бұл аффикстер негізгі түбірге де, туынды түбірге де жалғана отырып, әр алуан қызмет атқарады, жасалу уәжі де әртүрлі. Заман мен адам, адам мен табиғат, болмыс пен рух жайлы "ойға түсіп ойланған, мүң мен зарды қолға алған" ойшыл Абай өз дискурсындағы философиялық таным-түсінікті беру мақсатында осы морфеманың қызметіне жиі жүгінген: "Абайдан бұрын таза қазақ тілінде дәл осындай философиялық, психологиялық трактат жоқ болатын", - деген ғалым Р.Сыздықова пікіріне біз де иек артамыз [4,126].

Оған мысал ретінде философиялық категориялар мәніндегі тоцтаулылық, байлаулылық т.б. бірліктерді мысалға алуға болады: Үшінші - әр нәрсеге қызықпақтық; Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатұғын нәрсе екен (Он бесінші Қарасөзі).

Осы мәтіндегі құмарлық сөзі сезім құмарлығы емес. Бір нәрсеге ұмтылу, мәндіге қызығу, мақсатқа жетем деп талпыну семантикасына мәндес келген контекстік синоним болып табылады. Оның дәлелін мәтіннің алғашқы бөлігіндегі ... Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалып. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен-дағы ... деген синтаксистік тұтастық бойынан таба аламыз.

Әрине, Р.Сыздықованың дұрыс көрсеткеніндей "осы жердегі әрбір құмарлық, әр нәрсеге құмарлық дегеніне қарағанда, автор бұл сөзге жаңа ұғымды сыйғызып, жаңа сөз жасап түр" [4,126].

Абайдай сөз қуатын жете сезіне алған тіл иесі стремление мәніндегі ұмтылу, талпыну, талаптану лексемасын алмай, синтаксистік шартты мағынаны білдіретін құмарлықты алудың өзіндік уәжі бар сияқты.

Қалай дегенде де, құмарлықтың ішкі формасын танытатын "Сезім күйінің жетегінде кету" деген семасы доминанталық басымдық танытып түр деуге болады. Нақты айтқанда, кейіпкер бір іске талпынса немесе жетем деп ұмтылса, онда рақионалды ақыл өзі билік жүргізген болар еді де, берік, ұстамды әрекет нәтижесі көрінер еді. Сонда автор ақылдың билігін көрсеткісі келсе, әрбір нәрсеге ұмтылу немесе талпыну деп алған болар еді. Ал "құмарлық пайда қылатын қызықпақтық әсер етсе" ол адам сезім жетегіне еріп кетуі де мүмкін. Бүл ойымызды мәтінде астарлап жеткізіліп тұрған мына тұтастық дәлелдейтіндей. Назар аударсақ: "...Әрбір құмарлық өзіне бір түрлі дерт болады екен, уа әрбір құмар болған нәрсеге жеткенде, яки эне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. Әрбір мастық... ақылдың көзін байлап"...

Мәтіндегі имплицитті мағына құмарлық әрекетінің сезімге бой алдырып алуы мүмкін екенін, одан кейін "мастық пайда болуы" да ықтимал екендігін жеткізеді. Міне, Абайдың дүниені өзінше тануын білдіруін

"Тоцтаулылық, байлаулылық; / Арылмас әдет болды - күлкішілдік" — деген мәнмәтіндегі сөздердің бәрі адамға тән немесе адам бойындағы сапа-белгі мен мінезінің бір қырын айқындайтын көрсеткіштер бола отырып, нақты бір этикалық категория дәрежесін де белгілейді.

2. -лық - жүрнағы етістік категориясының -ған (-ген), -мақ (-мек) тұлғасынан кейін жалғанып та, экспрессиясы мол жаңа жасалымдар тудырудың белсенді амалына айналған: қызықпақтық, түспектік, табылмақтық,

сүймектік, арызы жеткендік, зор болғандық, жан кеудеден шыкпағандъщ -стилемаларының қуаты күшті, сөз өрнегі ретіндегі бояуы қалың. Осы үлгімен келген жаңа қолданыс, мына мәтінде көрініс табады: ... Сонан соң ғана Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық .

Танымақтық - философиялық термин ыңғайында қолданылуға лайық потенциал сөз. "Ол Алла тағаланы, дүниені тану" мәнінде келіп, үлкен идея көрінісі боларлық терминдік мәнде қызмет етеді.

Бүл сөздің қуатын ғалым Р.Сыздықова "Абай шығармалары тіліндегі жаңа сөздерге байланысты анықтаған" [4,126].

"Единиқа нөлсіз-ақ, өз басындъщ болар сол", - деген де (95) -дық жүрнағы дербестік мәнін береді.

Бүл жүрнақтың қызметін салыстыра қарасақ, қазақ көркем әдебиеті тіліндегі мына стильдік қолданыстардың бояуы қалың, айтары терең.

Біз көп нәрсені, көп қымбаттарымызды күлкітоцтықпен ерте жоғалттық. Қазақ елінің бірауыздылығы, бір жағадан бас, бір ауыздан сөз шығаруы керек; Қазақ әдетімен бас байлауға келтетондық, іргесіздік кедергі бола беретін (27,34); Айдын көл айналасы атшаршарлық.

3. -ла, -ле - есімдерден етістік тудыратын аса өнімді жүрнақ. «Басқа сөз таптарының есебінен етістік деп аталатын сөз табына жататын туынды түбірлердің саны молая түсуінде бүл аффикстер қазіргі қазақ тілінде өнімді амал болып, төтенше орын алады".

Абай шығармашылығы мен өзге де ақындар мәнмәтінін бірлікте алғанда байқағанымыз - осы тәсілдің ойды анықтаудағы рөлі зор. Ол қысқа әрі ықшам етіп ой түйеді. Абайдың тілдік тұлғасында мінейді, мін айтады, жатсынады формасында қолданылуға тиісті етістіктер былайша берілген "Жақынын жалған міндейдГ, "Қайырсыз ит" деп жаттайды (58). Мағынасы «Жатқа санайды, жатсынады» болып, күрделі синтагмалармен келген, сөйтіп автор сөз үнемдеу тәсілін қолданып, логикалық екпінді - етістік жүрнағына түсірген.

Қазақ поэзиясында ой ықшамдығына қызмет еткен -ла, -ле жүрнағының тағы бір көрінісін алуға болады. Мысалы, Сіздерді бүзылған деп ешкім айтпас, Алғыстар тең емеске бармауыңа (С.Торайғыров. "Жарлау"); Қарғыстадым сонау қырсық әлемді, Даусын естіп зорлық пенен зәбірдің .

Окказионал етістіктер - алғыстау, қарғыстау. Зат есімнен етістік жасап тұрған -та (-те) жүрнағының қызметі нормалы қолданыстағыдай заңды, орынды деуге болмайды, өйткені сөзжасам жүйесіне, сөз жасау типіне сәйкес келіп түрса да, сөзжасам үлгісіне сәйкес емес.

Тағы бір мысал, Қыдырат, қыз-қырқындайт, қымыз іздейт (І.Жансүгіров, "Бейсенбек болыс"). Окказионал сөз қыз-қырқындайт аналитикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімді (қыз-қырқын) негізгі алып пайда болған. Қосымша қабылдау тәсіліне қарағанда оған жалпыхалықтық тілдегі ұқсас сөз -төркіндейді. Семантикалық ерекшелігіне қарай туыстық атаулардан жасалған бірден-бір етістік - осы төркінде сөзі. Басқа орындарда семантикасы бүнымен мәндес етістік жасалмайды. Окказионал сөздің мағынасы - "қыз-қырынды төңіректеу". Бүл мәнмәтіндік мағынаны микромәтіндегі басқа индикатор сөздердің көмегімен оңай анықтауға болады (қыдыру, қымыз, іздеу).

Сөзжасам тәсіліне сәйкессіз туған бірқолданар сөздердің мазмұны стильдік мақсатты өтеу үшін қызмет етеді, яғни тілде пайда болған әрбір жаңа сөздің тұлғасы мазмұнын ашатындай, ал мазмұны тұлғасынан анық байқалатындай болу керек. Тіл жүйесінің нормасы мен кодификақиясы осыны талап етеді.

у - жүрнағын Абай көбіне философиялық ой айту үшін қолданған. Абай тіліндегі неологизмдерге қатысты алғанда, Р.Сыздықова -у жүрнақты субстантивтенген бірнеше етістіктердің лингвокогнитивтік мәні бар екендігін ашып көрсетеді [4,127-128].

Философиялық категория ретінде өлшеу, жалығу сөздері және пәлсафалық толғауға арқау болып, мағынасын кеңейткен туу, өсу, ашығу т.б. сияқты потенциал сөздердің өмір туралы ой айтудағы рөлі жоғары.

Мысалы, "Алла тағала - өлшеусіз, біздің ақылымыз - өлшеулі. Өлшеулі бірлән өлшеусізді білуге болмайдъГ (189) дегенде әр нәрсенің парқын, шек-мөлшерін пайымдай алуға нұсқайды.

Абай-ақын: "Адам баласына адам баласының бәрі - "дос"! - деп жоғары этикалық нормаға шақырады. Гуманистік идеяны айту үшін бүкіладамзаттық биіктен үн қозғаған ұлы ойшыл бүл ұғымға философиялық мазмұн да сыйдыра алған. "Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің бәрі бірдей" (Отыз төртінші сөз). Асты сызылған етістіктердің сигнификат мағынасы белсенділік алып, метафоралық мәнде толысқан, яғни адамның физиологиялық өзгерісін білдірумен шектелмеген: тек қана туу емес - тіршілік кешу; тек қана өсу емес - жетілу, жақсы-жаманды сіңіру; тек қана ашығу емес - өмірдің ыстық-суығына төзу, тек қана тою емес -пенде ретінде өзіңе, өзгеге ризалық ету мағынасында семалық өрістің дамығанын көреміз. Сонда бүл етістіктер метафоралы қолданыла отырып, философиялық-этикалық категорияларды білдіруді ниет етеді.

Жалығу - әрі философиялық әрі этикалық мән иеленген категория санатындағы семантикалық окказионализм. "Адам пенде бәрінің айыбын көріп, баянсызын біліп бәрінен жалыға бастайды, яғни тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, тойдан да, топтан да, қатыннан да аз ба, көп пе жалығады" (Жиырмасыншы Сөз).

Сірэ, жалығу - күйкі тірлікпен күн кешкен пенденің болдыруы, шаршауы шығар. Биік идеалға ұмтылған, "баянсыз өмірін баянды ісімен жалғағандар жалығуды білмес ".

Дәл осы идея келесі бір шығармада ашық жарияланады.

Абайдың Қарасөздері мен өлеңдерінің лейтмотиві бір-бірімен қабысып жатқаны белгілі. Ой шарпысуы әрі қарай үласады. Абай: "Ұяламын дегені көңіл үшін" өлеңінде адам мінезінен қоғам мінезін танып, тұрақсыздық пен табансыздықты адам бойының міні ретінде көреді:

"Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар, Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар. Ар мен ұят ойланбай, тәнін асырап,

Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар" (297) - деп ертеңін (бүл да философиялық мән иеленген) ойламай, заманға күйлеген, бүгінгімен шектелген тар өрістілікті - заман, уақыт дерті деп бағалайды.

-у жүрнағы грамматикалық доминанта ретінде басымдық танытқан өзге де мәтіндерді салыстыра қарауға болады, олардағы сөздердің қосымша коннотақиялық мағынасын тани аламыз. Мысалы, мына мәтінде:

Рақымсыз толқын ағыны, Бір қалыпта қоя ма? Тырбанып, малтығып, қағынып, Агудан ешкім тоя ма? (С.Сейфуллин, "Тұрмыс толқыны"). Мұндағы агудан тұлғасында мәнмәтіннен тыс және мәтін аясында қарағанда да "ағу" семантикасы бар, бірақ автор мәнмәтіндегі негізгі семаға философиялық мазмұн берген.

Материалистік диалектиканың заңы бойынша материя әрқашан қозғалыста, дамуда, өзгеруде болады. Ертедегі грек ойшылы Гераклиттің: "Өмірде қозғалыссыз ештеңе жоқ, бәрі ағуда, дамуда" - деген идеясын автор негізге алған. Жеке алғанда агу сөзі іс-әрекеттің нақтылы процесін білдірмей, тек оның атауы ретінде қызмет атқарады.

Фонетикалық уәжділікте дыбыстық еліктеуіш сөздердің атқаратын қызметі зор. Сөздің мағыналық ең кіші бөлшегі ретінде дыбыстың прагматикалық әлеуеті "күшейеді". Дыбыстық форма субъектінің (немесе объектіні де) сапалық бір қырына айналады да, жаңа, соны бейне қалыптасады. Образ сомдаушы тілдік тұлғаға "дыбыстың әуен әсерінің ықпалы" болғандықтан емес, сол дыбыстың нақты бір оқиға, жағдайға байланысты мән иеленуі басты уәж болмақ. Мысалы, Абай тілдік тұлғасында дыбыстық еліктеуіш сөздер образ ашуға фон бола алады. "Бір дәурен кемді күнге -бозбалалық" өлеңінде күлкі баққан, мағынасыз тіршілік кешкен жастарға автор "Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен /Түбінде тартқызбай ма ол бір зорлық^ деп үлкеннің ақылын айтпақ болады.

"Еъе-ене"-ге елірме, бозбалалар, Бүл - бес күндік бір майдан ер сынарлық" деген үзіндіден өлең мәтінінің идеялық көркемдік бітімін аңғаруға болады. "Бес күндік, қамшының сабындай қысқа ғұмыр - жақсы мен жаманды сынар майдан, сондықтан "бос күлкімен уақыт өткізбе!" - деген регулятив мәндегі мәнмәтінде "еһе-еһе" (күлгенде шығатын дыбыс) - мағынасыз күлкі, мәнсіз тірліктің атауы. Метонимиялық қолданыс ("еһе-еһе" - мағынасыз күлкі) өзінің сонылығымен, суреттемелік сипатымен жаңа образ жасап түр. "Еһе-еһе"-ге, яғни "күлкіге" елірген бозбаланың әрекеті оның этикалық әдебі мен қоғамдағы орнынан хабардар етеді.

Абайдың тілдік тұлғасындағы окказионалды фразеологизмдер.

Абайдың тілдік тұлғасындағы окказионалды фразеологизмдер -құрылымдық тіл біліміне қатысты алғанда көркемдік тәсілдің бір түрі. Ал тілді жаңа парадигма тұрғысынан зерттеуге байланысты антропоцентристік тұрғыдан келгенде тілді тұтынушының дүниені өзіндік қабылдауындағы бағалауыштық қатынасын білдіреді. Өз зерттеуімізде осы құбылысты былайша анықтадық: Окказионал фразеологизмдер - нақты фразеологиялық тіркестер үлгісінде, құрылысы мен құрамы сол типте, семантикасы бүтін бітімді, тіркес компоненттерінің келтірінді, бейнелі мағынасынан туындайтын, жеке

танымның тілдік бейнесі. Окказионалды парадигма - жоғарыда айтқандай көркемдік құралдың қатарын толықтырады да, көркемдік пен әсерлі танымға қызмет етеді.

Көркемдік тәсіл - тілдің эстетикалық қызметін көрсете алатын бірден-бір құрал немесе тіл өзінің эстетикалық қызметін осы көркемдік тәсіл негізінде таныта алады.

Көркем мәтіннің мәнді элементі ретіндегі көркемдік тәсіл жайлы В.В.Виноградов, В.М.Жирмунский еңбектерінде кеңірек айтылған. В.М.Жирмунский үшін "көркемдік тәсіл - көркемдік мазмұнға бағытталған тілдік факт" [173,356.]. Көркемдік тәсіл көркем мазмұнға бағытталса, шығарма идеясы, ақынның астарлы ойы мен образдар жүйесі - бәрінің кілті - осы көркемдік тәсіл болуға тиісті. Себебі шығарманы толық мәнінде түшыну көркемдік қабылдау арқылы жүзеге асады. Көркемдік тәсіл - тілдің эстетикалық қызметін жарыққа шығара алатын тиімді әдіс. Соның бірі фразеологизмдерді окказионалды өзгерту. Көркемдік тәсіл түрлері тіл жүйесіне қайшы келмейтінін және тілдік нормадағы дәстүрлі құбылыс екені үнемі ескерілгені жөн. Эстетикалық қызмет құралының, экспрессия тудырудың тағы бір тәсілі фразеологиялық окказионализмдер болып табылады. Стильдік айшығына байланысты окказионалды өзгерістерге тілдік талдау жасау стильдік тұрғыдан заңды да. Өзгертілген окказионалды фразеологизмдер - түрақты сөз тіркестерінің деформақияға үшырауы ("сынуы") болып көрінгенмен, сөйлеу актісінде өзіндік мағынасымен, айтар ойымен тұлғаланған жаңа туындылар. Осы мәселеге қатысты ой-тұжырымдарымызды қазақ көркем әдебиеті тіліндегі окказионализмдерді зерттеуге байланысты ұсынғанымызды еске саламыз.

Сөз зергерлері түрақты тіркестерге тек стильдік бояуы қанық, семантикасы әрлі, бейнелегіш-әрлендіргіш қасиеті бойында түнып тұрған дайын элемент деп қана қарамайды [175]. Олар шығармашылық зертханасында түрақты "трафареттерге" өзгеріс-өңдеулер әкеліп отырады. Бірақ Н.М.Шанскийдің нұсқағанындай, өзгерістер мен өңдеулер "ерекше стильдік сүранымсыз" болмауға тиіс [174,1696.]. Әрине, ұлы ақын дискурсы мен өзге авторлар қолданысындағы өңделген немесе "жаңадан қалыптасқан" фразеологизмдер - көрінуі бар, көрсетері жоқ бос тіркестер емес, белгілі бір стильдік ажар, экспрессивті леп, қосымша сематикалық әр беретін көркем элементтер екені даусыз. Олар шеберліктің үлгісі болып табылады. Зерттеудің жаңа бағытына орай фразеологизмдердің көркем туындылардағы стильдік қызметін сөз ету, оны зерттеуші тілші-ғалымдар алдындағы негізгі міндеттердің бірі болу керек.

Белгілі бір тілдік тұлғаның лингвокогнитивті деңгейін айқындау автордың шығармашылық мәнмәтінін терең тануға ықпал етері сөзсіз.

"Суреткер тіліндегі фразеологизмдер әлемі оның поэтикалық тіл арқылы көрінетін дүниетанымын көрсетеді" [4,473]. Дүниенің тілдік бейнесі поэтикалық көркемдегіш құрал нәтижесіне айналып, таным көрсеткіші бола алады. Сондықтан, Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивті деңгейін айқындауда түрақты тіркестердің, фразеологизмдердің үлесі зор.

Біз зерттеу мақсатымызға сай Абай қолданған лексика-фразеологиялық мол қазынадан тек авторлық даралығын анықтайтын идиолектілер табиғатын сөз етпекпіз;

Фразеологизмдер халықтың менталитеті мен мәдениетінен мәлімет жеткізетін ақпарат көзі ретінде репрезентақияланады, танымдық құрал қызметін атқарады, сөйтіп этномәдени жүйенің құнды деректері қатарында бағаланады. Тіліміздегі фразеологизмдердің пайда болу уәжі ұлт мәдениетіне, ұлт дүниетанымына байланысты болатындығы мәлім.

Автор өмірдегі алуан құбылыстарға қатысты өз көзқарасын социумның қоршаған ортадағы танымына етене жақын, оларға таныс бейнелер арқылы тұжырымдайды. Абайдың тілдік тұлғасындағы окказионал фразеологизмдер өмір шындығына, ұжым мүшелерінің когнитивтік санасына сай келген. Жаңа фразеологизмдер қандай да бір құбылысты нақты атауды немесе тілдің коннотативтік қорына белгілі бір үлес қосуды мақсат тұтады. Абайдың тілдік тұлғасындағы, ақын шығармашылығындағы жаңа тілдік бірліктер (вербалды амалдар) халықтық тілдегі бұрынғы тіркестерге "прототипі" болып алынған [176,1586.]. Сондықтан фразеологиялық байлаулы мағына мен оның прототип семантикасы арасында шарттастық болатындығы концептуалды талдау барысында ескерілуі тиіс.

Абайдың тілдік тұлғасында келелі ой айту, экспрессиялық-эмоқиялық реңкке қаныққан бейне сомдау үшін авторлық жеке қолданыстағы окказионал фразеологизмдер жарық көрген және ол әр түрлі әдіс-тәсілдер көмегіне сүйенген. Фразеологизмді қандай стильдік мақсатқа бейімдегенін, қалай қолданғанын саралау - Абайдың шығармашылығын зерттеу барысында назарда болары сөзсіз. Абай шығармашылығында фразеологизмдер қолданысының екі түрі де кездеседі: бірі - жалпы халықтық қолданыстағы түрі, екіншісі - жеке авторлық өзіндік қолтаңбасы. Абайдың тілдік тұлғасында фразеологиялық оралымдарды стильдік мақсатта қолдану әрқашан көркемдікпен ұштасады, ал қолданылу тәсілдері үнемі әр алуан. Мысалы, Нақты бір стильдік мақсат үшін фразеологиялық оралымдар ешбір өзгеріссіз де, сондай-ақ мағыналық-құрылымдық құрамын өзгерткен және жаңа экспрессиялы-стильдік сапаға түсірген түрлендірулермен де қолданылған. Тұрақты тіркестер әбден айтыла-айтыла келе бояуы солғындағандай болған кезде және ой дәлдігі болу үшін автор оған өзінше өзгеріс жасайды: 1. Окказионалды қолданыстағы фразеологизмдердің бір компоненті басқа сөзбен ауыстырылады. Окказионалды өзгертуде белсенді қолданылатын бұл тәсіл - субституқия деп те аталады. Мысалы, уайым жеу - қайғы жеу;жүзін жылыту - шырайын жылыту; арын төгу - қасиетін төгу; өсекке таңу - өсекке салу; ақылы кіру -ақылға ену; немесе ежелгі дүние - "Талайғы кәрі дүниенің бір кетігін ұстап бақ" болып өзгерген. - бір сыңары жаңғырған бұндай тәсілдер тіпті аса белсенді сипат иеленген деуге болады. Негізгі мағынасы сақталған бұл окказионалды өзгерістер - екінші параллель қатардағы курсивпен берілгендер. Г.Смағұлова ауыстыруды окказионалды-авторлық тәсілге жатқызбайды [163,736.], ал бұл тұстағы ауыстырудың табиғаты бөлек. 2. Фразеологизмдерге ықшамдылық пен жинақтылық дарыту үшін әллипсис тәсілін қолданады. 3. Компоненттер

арасына бөтен сөз енеді немесе басқа да синтаксистік сыны бұзылады (деформақияға үшырайды). Бүл тәсіл ой мен сөз қуатын ықпалды етуге тырысқанымен, аса белсенді қолданылмайды. 4. Сонымен қатар, күрделі ойды жатық әрі жинақы беру үшін контаминақия амалына жүгінеді. Контаминақия амалында ойды ықшамдау, сөз үнемдеу, жаңа мағынаның бойына бірнеше ой жиынтығын сыйғызу мақсаттарды көзделеді. Абай дискурсында контаминақияланған тіркестер жаңа, тың ой айту қызметінде тұрған жоқ. Олар өздеріне негіз болған әрбір тіркестің мағынасын сақтайды, бірақ сол мағыналарды жинақтап, бір ұяға шоғырландырады, сөйтіп ойға теңдік, сөзге ықшамдық "сыйлайды".

Абай туралы өзінің іргелі зерттеуінде Р.Сыздық бүл тәсілмен жасалған фразеологизмдер қатарын анықтайды. Олар: ант шайқау (ант бүзу + сөз шайқау); ардан кету (ардан безу + ұяттан кету); ой кіру (ақыл кіру + ой ойлау); қасиетін төгу (арын төгу + қасиетінен айрылу); жатты өз қылу (жатты жақын ету + жақынын өзіндей көру) т.б. Ец бастысы, Абай тілдік тұлғасында өзіндік идиолект, жақа авторлық фразеологиялық тіркестер - өнімді шығармашылық жаңалық ретінде ұсынылған. Енді осы амалдардың көркем мәтіндегі қызметін саралап көрелік. Бүл амалдардың бәрі - ақын қолданған көркемдік тәсілдер.

Автор тілдік қолданыста бұрыннан бар фразалық бірліктердің тірек компонентінің семантикасын белсенді етіп, соған логикалық екпін түсіре, басыңқы сыңарын алмастырады. Бұндай жағдайда, әрине, фразалық образды мағына өз мәнін жоймайды. Абайтанушы ғалым Р.Сыздықова: "Жаңа образ жасайтын немесе айтпақ идеясын күшейтетін тіркестер күрастыру үшін Абай бір сөзді бірнеше фразеологизмнің компоненті етіп пайдалану тәсілін ұсынады. Бүл - Абайға дейінгі бірде-бір ақын-жырау тілінде үшыраспаған құбылыс" [4,109],- деп анықтай отырып, мына тіркестерді көрсетеді: "сақалын сату", "арын сату" үлгісімен жасалған сөз сату ("сөзін бүлдау, сөзін бір керегі үшін өткізу"); күлкі сату ("алдау көлгірсу"); қулық сату ("қулығын асыру, алдау"); құлағын сату ("өтірік тыңдағансу"); жүзін сату ("өтірік жақсы көріну") сияқты стильдік көркемдікке қызмет етер эмоқиясы мол, экспрессиясы қуатты стилемалар мол кездеседі.

иБұрақдап жылы жүзін асқа сатқан / Антұрғанға қосылмай, кел, кет қақғып" (221); "Қапысын ақдып тұрдым деп, / Қулығын бұлдап сатпай ма" (202); "Жұрттық бәрі сөз сатқан, / Сатып алып не гсерек?" (181) т.б. Осы мәтін үзіктерінде сөз болып отырған кейіпкерлер бір әрекет арқылы ("сату") келесі бір әрекеттің (көлгірсу, алдау) орындалу амалын белгілеу үшін "алғашқы әрекеттің (сатудың) нақты қимыл-амалын (саудаласуды, айырбастауды) ойша бейнеленеді, сөйтіп сауда үстіндегі әрекет сияқты не затын беріп, орнына ақысын алғандай, немесе дүние-пұлының бағасын құндап, саудаласқандай іс-әрекет атқарады. Сөйтіп, кейіпкер "жүзін сатып" (өтірік жақсы көрініп) сенімге кіреді, не "сөзін сатып" (сөзін бір керегі үшін өткізіп) пайда табады, немесе "құлағын сатып" (өтірік тыңдағансып) сол үшін тағы бір үпайын түгендейді. Осы екінші аталымдардың (сөзін сату, жүзін сату, құлағын сату) бойындағы образ - саудаласу, пайда табу дағдылы іс-әрекеттердің (сату-сатып алу) қимыл-көріністеріне ұқсас болып, соған сүйене жасалады. Талданып отырған екінші аталымдар (сөзін сату, жүзін сату, құлағын сату) бойындағы образдық әрекеттер (саудаласу, пайда табу амалы) дағдылы іс-әрекеттің (сату-сатып алу) қимыл-көрінісіне ұқсас болып, соған сүйене жасалады. Зерттеуші Г.Сағидолдақызы анықтағанындай, "фразеологизмнің "табаны" болушы еркін сөз тіркесі арқалаған заттың (құбылыстың) нақты бейнесін, тіршіліктегі дағдылы көріністі, етене таныс суретті "образдъщ негіз" [78,1956.] деген ұғыммен белгілейміз. Сонда біздің образдық негізіміз - сат етістігі (оның "затты құндау, бүлдау, саудалау" деген ауыспалы мағынасы). Ал көркем образдың өзі - қоғамдық орта шындығынан алынған, тілдік орта мен тіл жеткізушіге бұрыннан мәлім оқиға, құбылыстың санада "қайта қорытылған" нәтижесі, содан туған дүниенің тілдік бейнесі болатыны мәлім.

Автордың өзіндік танымы тұрғысынан сату етістігімен қатар, сауу (адам сауу, қулық, еңбек сауу), багу (күлкі, ел, ғылым бағу), табу (орын, ой) етістіктерін метафоралы мәнде белсенді қолданады. Тілдік тұлға жаңа фразеологизмдерге етістікті ғана емес, мақтан қайғы сияқты зат есімдерді негіз етіп алған (ол туралы алдыңғы тарауларда сөз болғанын еске саламыз. Ақын бейтарап мәнді фразеологиялық тіркестерге қарағанда поэтикалық экспрессиясы ықпалды фраземалардың суреттегіш әлеуетін де пайдаланады.

Осы тәріздес фразеологизмдер екі тұрғыда: 1) поэтикалық көріктеу амалы, яғни экспрессия тудыру тәсілі; 2) ұлттық болмыстан мәлімет жеткізетін тілдік таңба ретінде прагматикалық уәжбен ерекшеленеді.

Көркем ойлаудың ұлттық бояуын бойына терең сіңірген афоризмдер қатарына сауу етістігін тірек етіп алған бірқатар фразаларды алуға болады. Мысалы, Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі; Ку тілмен қулық сауған заңы құрсын. Сауу - деп, әдетте, сауын малдардың емшегін тартып сүт шығаруға байланысты қолданылатын - қимыл-амал атауын айтады. Ауыспалы мағынасы жағымсыз реңкте "пайда көру", "көлденең пайда табу" мәнінде, негізінен, ауызекі сөйлеу тілінде қолданылады. Нақты айтқанда, Абайдың тілдік тұлғасындағы концептуалды мазмұн адамның этикалық әдебінен хабардар етіп, әр нәрседен пайда көруге машықтанып алған әккілікті бейнелейді. Тың образдың экспрессиясымен қатар, сигнификат мағынасы да терең. Мысалы, сүт сауып, өзіне қажетті пайдасын, яғни қорегін, азығын алған шаруа иесі сияқты, өлең кейіпкерлері де ("бір атқа жүз құбылған жүзі күйгірлер де" Абай) өз пайдасына қулығын жүмсау арқылы, яғни "оны сауу жолымен" мақсатына жетпек болады. Ойымызды ғалым Г.Смағұлованың пікірімен бекіте түсеміз: «Тіл дүниенің ұлттық мәдени айшықтарын бейнелеуде адамдардың когнитивтік (танымдық) әрекетін қоршаған ортаның ықпалымен ұштастырды. Халықтың күн-көрісі, тұрмысының мазмұндық белгілері жинақталған фразеологиялық тұлғаларды түсініп талдау арқылы ұлттық дүниетаным, құбылысты қабылдаудағы көркемдік ақыл, ой деңгейін бағдарлауға болады» [162,1566.]. Тіл жеткізуші санасындағы көркемдік қабылдау осылайша репрезентақияланған. Автор "Кемді күн қызық дәурен, тату өткіз, / Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз" дей отырып, өзінің жеке бас пайдасын қулыққа "айырбастап" алмақ болған көркөзділіктен безіндіруге жетелейді. Мәтін

прагматикасының осы мақсаты авторлық интенқиямен бірлікте, иллокутивті акті арқылы жеткізілген.

Сауу етістігі метафоралық қолданыста "кэсіп ету" мағынасында жағымды реңкте қолданылған жағдай да байқалады. Абай дәстүрі көркемсөзде өз жалғастығын тапқандай. Мысалы, Адал еңбегін сауған совхоз жұртшылығы (М.Әуезов); Ал теңізді сауса өзіңдей қайратты жігіт бір үйді асырайды (Ә.Нұрпейісов).

Күлкі багу, ғылым багу, ел багу қолданысында кездесетін "бағу" лексемасының омонимдік әрі көп мағыналық қатары бар екені белгілі. Абай тілдік тұлғасында оның сан қабат астары, алуан қыры қамтылған. Сөздің денотат, коннотат, сигнификат мағыналары мәнмәтін талабына сай әр қырынан ашылған. Сырттай қарағанда айтарлықтай айырмашылығы байқалмайтын көп мағынасы "бағу" семасының нэзік реңкін Абай дөп басып, әр мәтінде айтылмақ идеяға сай асқан дәлдікпен қолданған. Кейде бір сөздің

I; бойына сол реңкті бірнеше рет "сыйыстырып" та жіберген. Дәлелге жүгінсек,

Бақ қимыл-әрекетті білдіретін етістік мәнін иеленгені белгілі: 1) малды күту, қарау, өсіру; 2) тәрбиелеу, асырау; 3) байқап көру, аңғару және осылардан

! туатын ауыспалы мағына а) аузына қарады, не айтар екен деді, э) аузын бағып

абайлап сөйледі, б) әліптің артын бақты, ақырын күтті (ҚТТС. II т. 49 б.)

\ дегенді білдіреді.

Күлкі багу синтагмасы мәнмәтіндік жағдаятқа сай осы семаның әрқайсысын иеленген деуге болады. Өлең кейіпкері 1) күлкінің соңына түсіп,

1 соны аңдып, "өрісін, жайылымын" бағуы да мүмкін немесе 2) күлкіні өз

пайдасына жарату үшін "тәрбиелеп", "асырап" (қулықпен) бағып-қағуы да ықтимал. Мәндес, өрістес осы екі семаның нақты ой айтудағы айырмашылығы айқын байқалады. Мысалы, "Бір дәурен кемді күнге бозбалалық" өлеңі тұтастай "күлкі" әрекетіне арналған. Шығарманың басты кейіпкері де - күлкі баққан бозбала. Алдындағы малын баққандай, алысқа жібермей, "өрісі" мен "жайлауына" өзі ие, "қуалап жүріп қайырып алады". Ондайда Абай "тәрбиеші" - "қартаймастай көрмелік, ойланайық" деп ес жиғыздырмақ болады. Әрине, "Жастықта бір күлгенің - бір қаралық" дегенмен, "Күлкі баққан бір көрер бишаралық", сондықтан "Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе, Ең болмаса, еңбекпен мал табалық" - деп аталық өсиет, ағалық ақыл айтады. ("Басында әке айтпаса ақыл жарлық, Ағайын табылмаса ой саларлық" деген Абай сөзі еске түседі). Өлеңнің прагматикалық мәні - тәрбиелеу, жаманнан жирендіру. "Күлкі бағуға" қарама-қарсы оппозициядағы антонимдер: өнер іздеу, мал табу. Бас аяғы бір бүтін ой айтуға септескен мәтін түзуші элементтердің әрқайсы өз

| қызметін "дүрыс" атқара алған, яғни Күлкі баққан бозбаланың бар бітірген ісі,

тындырған шаруасы - "біреуді қалжың қылып қолға алалық", "қызды ауылға қырындап үйір болса - сол көңіліне зор қуаныш, бір бадалық". Мәтін түзімін

! жасаудағы лексика (күлкі бағумен өмір өткізгенше) "Ақыл тапсақ, мал тапсақ

қуаналық... күлкіні онша күйлеп, шуламалық" деген игі тілек, мағыналы мақсат

төңірегіне топталған. Жоғарыда сөз болғандай, Сөзді тәрбие құралы, әрі қару

етіп ұстанған автордың өлең идеясы мына микромәтінде (шумақта)

түйінделген:

«ж»

Басында әке айтпаса ақыл жарлық,

Ағайын табылмаса ой саларлық,

Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен

Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?! Абай фразалық тіркестерді эстетикалық көріктеуіш құрал қызметінде ғана қолданбаған. Сөз зергері өзіне дейінгі қазақ поэзиясының тіл өрнегін одан әрі түрлендіре, ажарландыра түскені белгілі. Дәстүр жалғастығын сақтай отырып, әрбір сөздің кез келген қаламгер байқай бермес құдіретін түсініп, мүмкіндігін пайдалануда шеберлік үлгісін танытқаны мәлім.

Семантикалық өрісі әр тарапқа тереңдеп енген және жүйелі тәсілге айналған авторлық өзгеріс-толығуларға Р.Сыздықованың "Абайдың сөз өрнегі" еңбегінде баса көңіл бөлінген. Олар, авторлық өзгерістер, мағынасы мен лексика-грамматикалық формасына қарай да ажыратылады. Абай тілдік тұлғасын жете зерттеген автордың дәл зерделегеніндей, ақын поэзиясында жүмсалған образды тіркестерді мағынасы жағынан "адамның ішкі жан дүниесін танытатын, адамның іс-әрекет, қимылын суреттейтін, өмірді, өлімді, жастықты, кәрілікті астарлап атайтын, табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдер деп қарастыруға болады" [4,483].

Абайтанушы ғалым Р.Сыздықова Абай енгізген өзгеріс-жаңалықтардың ең бастысы фразеология саласына қатысты болғанына көңіл аудартып, оны қазақ поэзиясы тілінің даму барысындағы тілдік тұлға рөлін айқындар мәнділіктер қатарына жатқызады. Ғалым - Абайдың фразеология саласына жасаған түбірлі өзгерістерін айқындап, олардың сипатын былайша жіктейді: перифраздық тіркестер; жаңа тіркестер жасау; бұрынғы тіркестерді өзгертіп қолдану" [4,476-492] деп нақты тілдік деректер арқылы толымды талдаулар жүргізеді. Қазақ ақын-жыраулар тілінде ғасырлар бойы поэтикалық көркемдікке қызмет еткен фразеологиялық бейнелі тіркестерді Абай асқан шеберлікпен пайдалана білді, әрі қарай жетілдірді, дамытты, жаңа, тың оралымдарды дүниенің тілдік, концептуалды бейнесін беру үшін объектілендірді. Абайдың тілдік тұлғасы қазақ әдеби тіліндегі халық қазынасы байлығын өз жаңалығымен байыта, толықтыра түсті. Жаңа окказионалды фразеологиялық қолданыстары тосын құбылыс емес, әдеби тілдің қатарына еркін еніп, етене қабылданып кетті. Қызметі мен құрылымы өзгеше, (тосын емес) тың тіркестер дерексіз ұғым мен нақты зат атауын бір бейнелі ойдың суреті, біртұтас күрделі ойдың ықшам мазмұны етіп алумен айқындалды. Метафоралы қолданыстары антропоөлшемді болып, өз қызметін ұлғайта отырып, адам болмысын әр қырынан суреттеуге қызмет етеді [177,96.]. Адам тәрізді іс-әрекет, қимыл-қарекет жасаған абстракт зат есімдер өте мол кездеседі: сақырау қайғы жеңу; жабыраңқы сөз буу; тентек жиын; ойлы күй (Ақылдының сөзіндей ойлы күйді I Тыңдағанда көңілдің өсері бар) көңілдің жайлауынан ел көшу, көңілге ажым салу, көцілге калың беру, жүрегін ұстап сату, күлағын сату, иман жүзін тоздыру, күлкініц ерні кезеру т.б. сияқты тіркестер қатары тілдік тұлғаның индивидуалды, концептуалды әлемінің көрінісін айқындайды. "Арзан ақиқат, тозған шындық, керексіз тақпақ - ескі

өлеңнің мазмұнын да, түрін де билеп алған ескілік ауруы болатын" [36,2636.] .

Оған жаңа леп, тың ой дарытып, өмір шындығын шырайлы әрі көркем баяндауда дүниені әр қырынан көре білген, "тосын" сөздер рөлі айтарлықтай мәнділігімен ерекшеленеді. Сөйтіп, дүниенің индивидуалды тілдік бейнесі тіл бірліктерінің мағыналық құрылымына автордың өзіндік дүниетанымын сыйыстыруға негіз қалайды.

Тілдің нормалы қолданысында әр сөздің өз орны, тіркесім "тәртібі" болатындығы белгілі. Окказионалды синкретті амалдың "заңдылығына" сәйкес мағына алшақтығы жойылып, жаңа сөз тіркестері қабыса "табысып", бір үндестікпен үйлесіп кетеді. Синкреттік тәсіл арқылы семантикалық жақындығы жоқ лексемаларды бір лексика-грамматикалық парадигмаға түзіп, олардың прагматикалық әлеуетін тың ой айтып, соны образ сомдау үшін пайдаланған.

Тілдегі жаңа сөздердің, оның ішінде окказионал сөздердің пайда болуында тек лингвистикалық ішкі факторларды ғана есепке алу - жаңа сөздердің, шығу себебі (окказионализмдерді қоса) бір ғана лингвистикалық фактордың әрекеті деген дэйексіз көзқарасты білдірген болар еді. Шектеуліктен шығудың жолы - лингвистикалық зерттеулерді экстралингвистикалық факторлармен байланыстыра қарауда. Ішкі және сыртқы факторды бірлікте қарау үшін олардың өзара сабақтастық заңдылығын іздеу қажет. Окказионал сөздің пайда болуы процесінде лингвистикалық фактордан басқа көптеген сыртқы ықпалдардың қатысы бар: олар - қоғамдық, әдеби-психологиялық жағдайлар. Әрине, бүл ықпалдың бәрі тосын сөздің пайда болуына бірдей әсер етпейтіні түсінікті.

Суреткер денотат мазмұны (негізгі мазмұны) бар лексикалық тұлғаға иелік ете отырып, оның коннотат (семантикалық стильдік реңкі) компоненттеріне көңілі толмайды. Бейнелі ойын танытуға, ол ойға эмоционалдық әсер қосуға тілдегі бар сөздердің әрі мен бояуы солғын болып көрінуі мүмкін. Стильдік, эмоционалды-экспрессивті сипат үстеуге ұмтылу, дүниенің өзіндік тілдік бейнесін көрсету окказионал сөз тудырудың бірден-бір болмаса да, негізгі себебі.

Бүл - бірінші, ең басты себеп, бірақ одан басқа да ірілі-үсақты бірнеше уәждер бар. А.И.Леонтьевтің көрсетуінше, жаңа сөз жасаудағы жеке автордың әрекеті оның басқа да іс-қимыл әрекеттерімен пара-пар. Уәж нақты іс-қимылға да, сондай-ақ сана мен ойлау қызметіне де басшылық етуі ықтимал екенін айтады [178,106.]. Ал адамның қиял шығармашылығының уәжі - жаңа сөздер пайда болуының түрлі себебін бойына жиған кең ұғым.

Абай шығармасы дискурсындағы жеке авторлық қолданыстар, окказионализмдер пайда болуының мынандай түрліше уәжі бар:

  1. жазушы санасында пайда болған күрделі образды (жинақтап, синтездеп беруге ұмтылу) бірнеше ой жүйесін бір жерге шоғырландыру.

  1. философиялық ұғымдарға анағұрлым сэтті атаулар беру;

  1. құбылысты бейнелі түрде суреттеу қажеттілігін сезіну;

  2. сөз қолданысында тавтологиядан сақтану;

  3. сөздің сонылығына, өзгешелігіне ұмтылу; "ескі" сөздерді қайталай бермеуге тырысу.

Әрине, жинақтай келгенде, бү_л уәжделердің барлығы бір мақсатқа, көркемдікке, экспрессивтілікке жетудің шарты болып табылады, сондай-ак, қоғамдық өзгерістерді белгілеу үшін алынған потенциал сөздер болып келеді.

Окказионал сөздер - когниция құралы. Ол концептінің бойында "жасырынған" жаңа мағыналық қабатты ашуға мүмкіндік береді. Ол - көркем мәтіннің когнитивті сипатын танытушы ғана емес, дүниенің жеке авторлық тілдік бейнесін объектілендіруде басты орын иеленеді. Тілдік тұлғаның ақиқат дүниемен қарым-қатынасының нәтижесін көрсетеді, сөйтіп дүниенің тілдік моделін қалыптастырады. Оны түрлі тәсілдер арқылы жарыққа шығарады. "Абайдың өзге тілдерден сөз алуы да, өз тұсынан жаңадан сөз жасауы да, сондай-ақ сөздерді өзінше тіркестіріп, жаңаша қолдануы да, бір жағынан ұлы ақынның ой өрісі мен түсініктеріне лайық және соларға сай тілектерден туған талап болса керек те, екінші жағынан, қазақ әдеби тілінің сөздігін байыту, сөз қолдану амал-тәсілдерін жетілдіру мұқтаждарынан туған заңдылықтар болса керек" [164,3226.].

Түйіндей келгенде, Абай тіліндегі жаңа сөздердің лексика-семантикалық құрылымын сипаттаудағы жіктемені басшылыққа ала отырып, біз абайлық идиолектілерді қызметіне қарай 1) қоғамдағы жаңа ұғым-түсініктер атауы (түрлі ғылым салаларына қатысты діни, философиялық, заң, экономика терминдері ыңғайындағы неологизмдер); 2) экспрессивті-эмоқиялы реңк иеленген көркемдікке қызмет етер бейнелі сөздер деп жіктедік.

Абайдың тілдік тұлғасындағы құрылымдық-мағыналық өзгешелігімен және стилъдік бояуымен ажыратылатын тілдік бірліктерді окказионал сөздер категориясына жатқызамыз. Оған келтірер уәжіміз Абай тілінде стильдік мақсатпен, жеке авторлық (абайлық) қолданыста жарық көрген, экспрессиялы сөздер мен сөйлеуде (речь) пайда болатын окказионал сөздер табиғаты арасында тығыз байланыс бары анықталды.

Фразеологизмдер халықтың менталитеті мен мәдениетінен мәлімет жеткізетін ақпарат көзі ретінде репрезентақияланады, танымдық құрал қызметін атқарады, сөйтіп этномәдени жүйенің құнды деректері қатарында бағаланады.

Семантикасына қатысты алғанда Абайдың лингвокогнитивті деңгейінде өзіндік орны бар фразеологизмдер 1) әлеуметтік орта жағдайынан хабардар етеді; 2) тілдік тұлғаның дүниенің бейнесін өзіндік таныммен берудегі қызметін көрсетеді;

Түйіндей келгенде, Абай тілдегі окказионал сөздердің жасалу жолдары мына бағытта қарастырылады: а) тілдік қордағы бірқатар сөздердің бұрынғы мағыналарының үстіне жаңа мағына қосымша реңк қосады; э) кейбір сөздерді стильдік "сүранысқа" сай қайта жаңғыртады: б) біралуан сөздерді тіл заңдылығына сәйкестендіре жаңадан қальштастырып, авторлық идиолект тудырады; в) түрақты тіркестердің қалыптасқан сынын бүзып, тың ой үстемелейді; г) жаңа тың тіркестерді үндестіріп, байырғы ойды өзге қырынан ұсынады. Сөйтіп, тіл табиғатына қайшы келмейтін, көркемдік заңдылықтарын өзінің мақсатына ойына сәйкестендіреді. Соның бірқатарына арнайы тоқталу

арқылы, Абай тілдік тұлғасының деңгейінде тілдегі сөз байлығын қаншалықты еркін меңгергенін аңғарамыз.