Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту

Алдыңғы тарауда прецедентті атауларға тілдік талдау жасау арқылы Абай шығармаларындағы адам мәселесінің бір қырын (оның есімі арқылы) ашуды мақсат етсек, бүл бөлімде етістіктен және өзге де сөз таптарынан жасалып, заттық мән иеленген немесе екінші аталым ретінде қолданылып, адам ұғымы семантикасын ашатын, оған "есім" болып "таңылған" тілдік бірліктер қызметін сөз етпекпіз.

Материалды дүние мен рухани әлемнің шынайы, нақты көрінісі адамның іс-әрекеті арқылы анықталады немесе соған бағынышты болады.

Абай шығармалары тіліндегі окказионалды аталымдардың қалыптасуына мағынаның өзгерісі, кұбылысты ұқсату әрекеті әсер-ықпалын тигізеді. Ол ұлттық-әлеуметтік ортамен, автордың дүниетанымымен байланысты болады. Бұл атаулардың пайда болу, жасалу жолдарын анықтауда әлеуметтік факторларды ескеру сөзсіз міндетті, сөйтіп әлеуметтік лингвистика аясында да қарастырғанда толымды бола түспек. Абай тілінің тезаурусы оны қалыптастырушы мәтіннің белгілі бір объективті, субъективті факторлар әсерінен пайда болғандығын айғақтайды.

Іргелі зерттеулерде жеке атау (личная номинақия) типін жіктеуге, ұғым-түсініктерін айқындауға коммуникативті прагматикалық тұрғыда көңіл бөлінуде. Жеке атаулар жалқы және жалпы есімге бөлініп, атау, денотат, экстенсионал, атау интенсионалы, т.б. терминдермен белгіленеді, сонымен қатар зат есімнен өзге сөз таптарының зат есімдік мағынаға ие болуы, субстантивтенуі нәтижесінде пайда болған есім мәндес сөздер дүниенің тілдік бейнесі мен концептуалды мәнін білдіруде өзіндік рөл атқарады.

1) "Адам" концептісінің тағы бір мәнін ашу үшін сын есім мен есімше тұлғаларының зат есімдік мағынаға ие болып, адамның өзін атау (екінші аталым) үшін немесе қылығын "адамдандыру" мақсатында туған стильдік қолданыстағы сөздерге назар аударамыз.

Тілді - психологиялық, әлеуметтік факті (дерек) деп белгілесек те, адам іс-әрекетінің, мінез-құлқының сан алуан қырын танытушы семиотикалық код деп айқындасақ та сыйымды. Сол себепті де Абай шығармалары мәнмәтіндегі тілдік кұралдар рөлі жан-жақты лингвистикалық талдау нысанына түсу керек. Автор шығарма кейіпкерлері мен олардың іс-әрекетін бағалау мақсатында тілдік функқиялардың қызметін ұтымды қолданып отырған.

Сөз, әсіресе, өзінің иманенттік дамуы тұрғысынан алғанда, оны (сөзді) танудың көп қырлы әдіс-тәсілдерімен айқындалатын күрделі семантикалық кұрылым. Соның бірі - тілдік бірліктердің когнитивті табиғатына қатысты болса, екіншісі концептуалды талдау барысындағы логикалық-лингвистикалық тәсілмен сабақтасады.

Жекелеген лексикалық бірліктердің астарлы мәні мәтінді семантикалық талдау барысында ашылады, ал когнитивті семантика табиғаты немесе концептілер семантикасы мәнмәтін аясында және одан тыс субъективті-объективті факторлар ықпалында ғана толыққанды көрінеді. Мәнмәтін аясында көркем мәтіндегі іс-қимыл атауының алғашқы (негізгі, тура) мағынасы "белсенділік алып" концепт дәрежесіне дейін "көтерілу" мүмкіндігіне ие болады.

Мәтіннің когнитивті мәнін анықтаудағы басты ұстаным - құрылымдық-мағыналық және коммуникативтік әдіс-тәсілдерінің нәтижесін прагматикалык зерттеулер нәтижесімен бірлікте қарау. Сонда ғана жеке атау мәселесін жан-жақты анықтауға зор мүмкіндік туады.

Тағы бір маңызды ұстаным - шығарма дүниеге келген мәдени кеңістік және мәтін дискурсы мен оны ұйымдастырушы негізгі тілдік құралдардың бірлігін ажыратпай, біртұтас күйінде қарастыру.

Көркем мәтінге тілдік талдау барысында осы қағидалар басты шартқа айналып, жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Тіл біліміндегі жаңа антропоцентристік бағытқа және когнитивтік лингвистика мақсатына сәйкес тілдік құралдардың (оның ішінде сөз таптары категориясының кейбір функқияларының) "адамтану" іліміне қосар үлесі анықталып, олардың рөлі талдануы тиіс. Біз бүл орайда тек адам семантикасының баламасы ретінде қызмет етер субстантивизмдерді, қимыл-атауларын ғана қарастыратынымызды еске саламыз. Абай шығармаларында бүл категория қызметі айрықша көңіл аударуды талап етеді. Абайтанушы ғалым Р.Сыздықова іргелі зерттеулерінде осы мәселелерге жан-жақты талдау жасайды (4,5).

-ған жүрнақты есімшеден жаңа аталымдар жасалады:

Ощлған білер әр сөзді; Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек; Еш нәрсе емес жүбанар; Ақыл көзбен бащанға - 113 б; Адас^анның - алды жөн, арты -соқпақ; Білгенге жол бос, Білмеген соқыр, қайғысыз отыр - 112; т.б.

-лы/-лі жүрнақты сын есімдер субстантивтенеді: Білімдіңш шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Көкірегі сезімді, көңлі ойлыға I Бәрі де ашық тұрмай ма ойлағанда - 40 б; Ақсақалдың, әкенің, білімдінің, сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек - 45; т.б.

-сыз/-сіз жүрнақты сын есімдер "адам есімінің" баламасы бола алады: Тұрлаусыздың қолынан не келеді?/Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді?-203; Ынсапсызға не керек, істің ақ пен қарасьцӨнерсЬдің қылығы өлсе көрмек-44.

-өзге жүрнақтар арқылы жасалған туынды сын есімнің субстантивтенуі: Ала жылан, аш бақа күпілдектер, I Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр - 54; Көп туътдақ не табар, / Билемесе бір кемел - 124 т.б.

- сын есімдер ауыспалы мағынада қолданып, зат есім орнына жүреді: Жаман тату қазады өзіңе ор, Өзі зордың болады ығы да зор - 62; Бүл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар - 126; Асаған, ұрттағанға ез жүбанар - 221; Салақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез,/ Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек - 61; Әрлі-берлі таласып, ісі арамы жеңілді - 107 т.б.

-лар/-лер көптік жалғауының қызметі "жаңа" зат есім жасау үшін пайдаланылады. Көзі барлар ойының - 114; Алқыны күшті асаулар, Ноқтаға басы керілді - 110 немесе Мал құмар нені ұға алсын - 91, Малға достың мүңы жоқ, дүниеге дос ақиретке бірдей болмас - 225; Малға достың мүңы жоқ, малдан басқа - 249... - деген сөз тіркестерінің семантикалық мәні субстантивтену арқылы мағыналық өрісін кеңейте түскен.

Аталған абстракті ұғымдар тілді тұтынушы мен қабылдаушының санасында нақты "заттық" кейіпке еніп, заттық күйге ауысып, "адамданып" туынды зат есімге айналады. Сөйтіп, бүл тұлғалар семантика-морфологиялық белгілеріне қарай сын есім, етістіктен жасала түрып, яғни сол категориялармен толық сәйкесе түрып, заттық атауды белгілеуші болып вербалданады.

Ал жаңа атау берудің өзіндік уәжі бар екенін ескерген жөн. Ол мәселені мына жағдайдан байқауға болады. Атау беру (есім белгілеу) - есім денотатының мағынасын басшылыққа алумен байланысты болып келеді де, онымен шарттас қатыстағы бірнеше жағдайлармен сабақтасады. Есімге ие болатын коммуниканттың, яғни есім беріліп, ат қойылатын субъектінің әлеуметтік, ұлттық ерекшелігі назарда болады. Есім иеленетін және есім тағайындайтын субъектілердің арақатысы бірдей анықталып, атау беру себебі, сөйлеу жағдаяты, коммуниканттар өмірінің кейбір кезеңдері - бәрі ескеріледі. Коммуниканттар санасында ескерілген бүл коммуникативті-прагматикалық факторлар - сөйлеу актісіндегі коммуникативті прагматикалық пресуппозиция деп аталады.

Тілдік тұлға өз дискурсындағы субъектіге "есім таңдап, ат беру үшін" осы пресуппозицияны жүзеге асырып, өз кәдесіне жаратады. Басқаша айтқанда, есім денотатының мәнін айқындауда басшылыққа алады. Сонымен, жеке есім тағайындау кезінде автор мен кейіпкердің, коммуникативті прагматикалық пресуппозициясы, яғни әлеуметтік, кэсіби, қоғамдық әрекеті, білім-білігі, әдет-дағдысы құнды қажеттілік болып есептеледі.

Антропонимдердің белгілі бір этномәдени мазмұны болатыны жайлы ғылыми дәлелдеген еңбектерден мол мағұлмат алуға болады. Олардың астарынан тіпті діни-мифологиялық, культтік белілердің сілемін аңғару да қиын емес. "Кісі аттары қоғамның даму кезеңі, оның мәдениеті мен этнологиясы, саяси-экономикалық күй-жайы, қоғамдық құрылысы жөнінде қыруар мағұлматқа ие" [140,43]. Әрине, осы тәріздес ғылыми негіздегі объективті анықтама-ұстанымдарды ескере отырып, біз шартты түрде Абай тілдік тұлғасындағы метафоралы қолданыстарды "кейіпкер есімі" деп белгілеп, көркемдік амалдың бір тәсілі қатарында қарастырдық. Ондай шартты атаулар: Күпілдіктер, Малға достар, Ынтасыздар, Ынсапсыздар, Мал құмар т.б. түрінде қолданылған. Бұлар (Ынсапсызға не керек, істің ақ пен қарасы; Мал құмар нені үға алсын тәрізді) мәнмәтіндерден өзінің "этномәдени" мазмұнын, пайда болу уәжін анық байқатып түр. Тағы да ескерте кетеміз, бүл қолданыстар антропонимдік сөзжасам моделіне толық сәйкесіп жатпағаны, сөздің пайда болу уәжі шартты екені назарда ұсталады. Субстантивтенген осы лексемалар -метонимия-метафоралы көріктеу амалы, экспрессия тудыру тәсілі ғана. Сонымен қатар, ұлттық әдебиеттің бейнелеу жүйесі оның көркем ойлауын танытатындығына да бір дәлел болса керек.

Абай шығармасы дискурсында бүл құбылыстар қалай көрініс тапқан? Есімшенің өткен шақ формасындағы қимыл-әрекетті білдіретін тапқан, шапқан, баққан, адасқан етістігі (предикаты) оны жүзеге асырушы субъектінің өзінің атауына ауысып, кім? сүрағына жауап беретін субъекті функқиясын атқарып түр. Мысалы: Осы да есеп бола ма, / Ар, абүйыр тапқанға? Миың болса, жолама, / Бос желігіп шапқанға (114); Адасқанның алды - жөн, арты соқпақ, / Оларға жөн арамның сөзін ұқпақ (55).

Осы мәнмәтіндердегі қимыл-әрекеттің өткен шақта жүзеге асқандығын білдіретін сөздер кімге деген сүраққа жауап беріп, оны жүзеге асырушы субъектінің өзінің атауына ауысқан, сөйтіп қозғалыс формасы зат формасына үласқан. Яғни номинақиялану нәтижесінде сөздің (етістіктің) ішкі формасының мағынасы -ған+ға, -қан+ның - қосымшаларындағы «өзгеше» жасалымдарға ауысып, іс-әрекетті атқаратын субъектінің мазмұн-мәніне айналған... Қимыл атауларының семантикасы экстралингвистикалық сипатымен толыға түседі, яғни тіл фактісінің сыртқы құбылыстармен тығыз байланысы бар екеніне көз

жеткіземіз. Малға дос, дүниеге дос, дүниеге ынтық... синтагмаларының семантикалық кұрылымынДағы малға, дүниеге композативтері актуальданып, адам образын ашуда денотаттық қызмет атқаруда. (Және бұл поэтикалық образдар - Абай шығармасы дискурсындағы "толық адам" бейнесіне кереғар әрекет ететін оппозициядағы кейіпкерлер).

Абай "малға дос" деп мінездеме берген кейіпкерді А.Байтұрсынұлы "жаны мал, малдың құлы" деп жіктеп, даралап көрсетеді. Салыстыра қарасақ, Абайда: "Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа, / Аларында шара жоқ алдамасқа" (1,249). А.Байтұрсынұлында: "Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма, / Жаны мал, жақыны мал, малдық құлы" (2,25).

Көркем шығармадағы бұл поэтизмдер мәні сөздіктегі мағынасына қарағанда толымды және қосымша коннотақия иеленген. Мысалы: Дос -"сырлас, тату, ниеттес, жанашыр" мағынасында - адамның қадір тұтар серігі болса, ал контекстегі "өңі" өзгеше. Коннотақиялық бояуының реңкі өзгерген: кейіпкердің сырласы, досы болатын - өзінің малы немесе дүниесі. Әрине, мәтін мазмұнына қарай Абайдың тілдік тұлғасы малға досты - малсақ, дүниеге досты - дүниеқор деп алуына болушы еді. Бірақ "жаңа" формаларды қолданып отырған тілдік тұлғаның қоғамдық көзқарасына, мәдени түсінігіне сәйкес тың ой, терең мазмұны бар бүл аталымдардың когнитивті семантикасы мәндірек болған деп есептейміз.

Осыған орай, коммуникативті-прагматикалық өзге де пресуппозициялар ықпалын жете бағалауымыз қажет. Өйткені суреттеп отырған құбылысқа (адами құндылыққа) берілетін автордың көзқарасы сыртқы қоғамдық-әлеуметтік факторлармен шарттас болып келеді және автордың өзіндік көзқарасы сол прагматикондар мазмұнына "сіңірілген" [141, 1326.].

Адам сөзінің баламасы орнына жүмсалған малға дос, дүниеге ынтық деген туынды зат есімдер, яғни адамның есімі орнына қолданылып тұрған номинақиялар қоғамдық-әлеуметтік қатынасты білдіретін код ретінде жан-жақты талдауды міндет етеді.

Көркем мәтіндегі (тіпті реалды өмірдегі де) малға дос адамның қоғамдық-әлеуметтік мінездемесі мен қадір-қасиетін сипаттайтын іс-әрекеттерді Абай дискурсын тұтастай алып қарағанда барып дәл, нақты бағалай аламыз. Тілдік тұлға тезаурусын, автордың поэтикалық тілін жүйелі саралағанда "малға достық көңілдің" әріден басталғанын анықтаймыз.

"Егер мәтін түзу категориясын - тақырыптас, модальды реңкі ортақ сөздерді таңдап, бір өлеңде немесе шығарманың бір бөлігінде үйіре қолдану", -[4,460] деп ұғынсақ, жалпы шығармашылығы шеңберінде алып қарағанда Абай дискурсынан топ-топ болып жіктелген, бірнеше тақырыпты анықтайтын мәтін түзілісін көреміз. Оның бірі "өтірік, алдау, арбау", бірі "мақтау" тақырыбы болып, шығарманың бір бөлігінде, немесе бір өлеңде ғана емес, бүтін шығармасынан жиналып келіп ортақ мәтін түзеді. Біз талдап отырған нысандар Абайдың әр шығармасынан алынған. Шартты түрде алғанда, Малға достың (адамның) малмен (байлықпен) "достасуы" бірден емес, сонау әріден, "туған кезінен", басталады екен. "Пайда деп, мал деп туар ендігі жас, / Еңбекпен малын сатып түзден жимас!". Осылайша, малға да дос болып қалыптасып келе

жатқан "өсу жолында' оның аты да, заты да өзгереді: "Малғадос" деген номинақия иеленеді. Сөйтеді де "Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап, Мал сүрап біреуді алдап, біреуді арбап" тірлік етеді. Мәнмәтіндегі курсивпен берілген тезаурустар - "достыққа барар жолды көрсетеді". Малғадос енді адалдық пен арамдықтың мәнісін де парықтамай, "Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап, Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап". Тілдік сана осылай қалыптасқан.

Осылайша, әр шығармадағы ой сабақтастығын логикалық жүйеде жинақтай келе, автор ойын "қуалай" отырып, "Малға дос" деген субъектінің шартты түрде алғанда "өсу жолына" шолу жасадық. Мәтін түзілісі кейде бір шығарма көлемінен асады, мәнмәтіндегі астарлы ой арқылы дүние-малды қадір тұтып, бар ынтызары мен тілегін соған аударған, дүниеге "жанашыр", әрі малмен "сырлас" пенденің бейнесін, поэтикалық образын танимыз. Окказионалды қолданыстағы концептуалды мән басқаша қабылданбайтындай.

Ал сол арада берілген атау немесе есім - "Малғадос, Дүниегедос" - деп анықталған. Бүл ойымызды өлең шумағының өзі-ақ дәлелдеп береді.

Малға достың мүңы жоқ, малдан басқа (249); Дүниегедос ақиретке бірдей болмас, / Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың, / Иманын түгел деуге аузым бармас (225).

Осы жаңа окказионалды жасалымдардың мазмұнында, яғни семантикалық құрылымында мәдени коннотақия үлесі де бар. Қимыл атаулары мен заттанған есімдердің пайда болуына этномәдени факторлар сөзсіз әсер еткен.

Аталмыш құбылысқа ұқсас балама жағдайды зерттеуші-ғалым Г.Сағидолда былайша тұжырымдайды: "Алғашқы атау мен кейінгі атау арқалаған ұғым-түсініктер - адам - қоғам - табиғат, табиғат - тұлік - адам, адам - кеңістік - уақыт сияқты үштіктердің мүшеаралық қарым-қатынастарында көрініс тауып жататын ассоциативті параллельдер. Мұндай ассоциативті параллельдердің тууына түрткі болған, өзара салыстырылушы, салғастырылушы аттардың, құбылыстардың, қимыл-әрекеттердің т.б. қай-қайсысына да ортақ болып келетін айрықша қасиет белгіні уәждік негіз деп атауды жөн көрдік" [78,195]. Бүл тәрізді белгілер салыстырылушы құбылыстарды бір-бірімен балама жасай отырып, терең танымға жетелейтіні шындық.

Халықтың мал шаруашылығымен айналысуы, негізгі күн көріс құралы, береке-тоқтық, байлықтың көрінісі болу сияқты ұғымдармен ассоциақияланған тілдік бірлік - мал жай семиотикалық таңба ғана емес лингвомәдени де таңба. Әрине, XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында Қазақстанға енген сауда капитализмі малға - дүниеге ынтықтыра түсті, құндылықтар мәнін басқаша таразылау да осы тұста басталған еді.

Малға достардың мүң-шері мал ғана болып кеткендігі сонша: махшарда, яғни заман ақыр болғанда күнәсі тексерілетінін, сонда һалал мен һарам үшін жауап беретінін де еске алмайды, яғни Абай айтқандай, "Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың, Иманын түгел деуге аузым бармас". Жаңа аталымның

ішкі мағынасы, оны жасаудағы уәж бен одан туар прагматикалық мән осыған нұсқайды.

Абайдың тілдік тұлғасындағы адамды танытар аталымдар: Малға достар, тұрлаусыздар, күпілдектер, көңлі ойлылар, ақыл көзбен баққан (ға), абүйыр тапқандарға - дегендердің бәрі, біздіңше, әлеуметтік тақба (социальный знак) иеленген. Бүл атаулар қоғамдық, әлеуметтік мәнді білдіру үшін қызмет етеді. Бұлар - зат есімдер, яғни адамның "екінші атауы"; "адам есімі", "ныспысы", перифраз қызметінде түр.

Белгілі бір ұғым-түсініктер арқалаған тілдік бірліктердің тууының, пайда болуының жалпы заңдылықтарының ойлау, тіл және шындық болмыспен қарым-қатынасы тығыз бірлікте болатындығы ақиқат.

Осы әлеуметтік таңба семантикасындағы талдауға қажет, кодтық мәні бар ақпараттың мазмұны қандай? Адамның күрделі табиғатын бойына жиған, тілдік таңба - етістіктердің атау мәніндегі қызметін контекстуалды талдау барысында барынша қарастырып, кодтық тақба мазмұнын ашуды көздедік.

Сол атаулар мәні арқылы қоғамдағы әлеуметтік, рухани жағдайларды саралап, шығармашылық мақсат-міндетімізді айқындай аламыз. Қоғам мен ондағы өзгерістерге, қоғамның иесі адамның өзге де сыр-сипатына қатысты қосымша мәлімет алуымыз әбден мүмкін. Сөйтіп, бүл атаулардың когнитивтік таным таңбасы бола алады.

Дискурстағы әлеуметтік аспект иеленген жасалымдарға әлеуметтік лингвистика тұрғысынан да сипаттама берілу керек деп есептейміз. ...Ол атаулардың пайда болу уәжін, табиғатын зерттеу жаңа антропоцентристік бағыт мақсатымен тікелей ұштасады.

Абайдың тілдік тұлғасындағы лингвокогнитивтік бірліктер семантикасы адамды, оның болмыс-бітімін танытатындықтан, оның танымдық-мағыналық өзегі антропоцентристік сипатымен дэйектеле түседі.

Когнитивтік, лингвомәдени танымдық сипаты бар бірліктердің сырын ашу басты мақсатқа жетуіміздің бірі болмақ.

Сонымен қатар, автор әлемінің тілдік бейнесін көрсететін бүл аталымдардың маңызы тілдік тұлғаның индивидуалды танымының табиғатымен тығыз байланысты. Әрбір тілдің - өзі қызмет ететін қоғамның тыныс-тірлігін танытатындығы, сонымен бірге, социумның (әлеуметтік ұжымның) болмыс-бітімін бағалаушы, сараптаушы қызметін және атқарары бүл тұста да есте болары анық [142,230 б.].

Тіл мен сол тілді жеткізуші рөлі бүгінгі антропоцентристік бағдарда әр қырынан қарастыруды талап етеді. Соған байланысты М.Әуезовтің мына пікірін де қайта жаңғыртқан орынды болар деп есептейміз: "Ол өз заманындағы қазақтың заттық, әлеуметтік және рухани тіршілігінің энциклопедиясын берген дана классик" [2,246]. "Ақын Абай өз тұсындағы қазақ қауымындағы "сөзуар, закөншік көргіштерді", "қу старшын, аш билерді", "малдан басқа мүңы жоқтарды", "тобықты молыққан пысықтарды" көріп, солардың бойындағы ең жағымсыз қылықтарды сынайды",- [4,58] деген абайтанушы ғалым Р.Сыздық пікір-тұжырымның көкейкестілігіне өлең тілін талдау барысында тағы бір көз жеткізгендей боламыз.

Абай әлемінің индивидуалды авторлық бейнесіндегі Адам образының бір қыры - осындай қимыл атауларының яғни сын есім, үстеулер негізінде пайда болған зат есімдердің мәні арқылы ашылады.

Бұл метатілдегі бірліктердің барлығы - қимыл атаулары негізінде жасалған зат есімдер. Осылайша, жалпы алғанда длемніц тілдік бейнесіндегі, нақты алғанда Абайдың тілдік тұлғасындағы Адам концептісі тілдің семантикалық бірлігі мен тілдік құрылымының барлық жүйесінде объективтенеді деген түйін жасаймыз.

Сонымен қатар, өзге де тілдік тәсілдерді Абайдың субъективті (өзіндік) авторлық интенқиясын сипаттай отырып танытуға болады. Сонда ғана Адам концептісінің мдні длемнің тілдік бейнесінде, сондай-ақ, сөйлеушінің тілдік санасында лингвистикалық, энциклопедиялық сөздіктердегі мағынасындай тек қана ғылыми, реалды мазмұнда, денотат қызметінде емес, субъективті бағалауыштық, экспрессивті мәнде және поэтикалық мазмұнда толыққанды ашылу мүмкіндігіне ие болатындығына көз жеткіземіз.

Түйіндей келгенде, қимыл атаулары мен өзге сөз таптарынан пайда болып, екінші аталым қызметін атқаратын бүл бірліктердің сипаттамасынан туатын ақпараттың мазмұны терең: а) адам мінездемесі, э) әлеуметтік қарым-қатынас, б) мәдени-рухани байланыстан мол мағлүмат танытады. Сондықтан олардың когнитивтік семантикасы сан қатпарлы әрі денотативті, әрі әлеуметтік, экспрессивті-эмоқиялы әрі прагматикалық коннотақиялармен өлшенеді. Олардың басқа номинативті атауларға қарағанда және олармен салыстырғанда длеуметтік мәні басым, басқаша айтқанда, идеологиялық, қоғамдық мәніне сәйкес белсенді сипат иеленген. Әрине, ол "қасиеті" тілдің әлеуметтілігіне, яғни қоғамдық қызмет атқаруына байланысты емес, тіпті екінші аталым функқиясын атқарғандығына да байланысты емес. Ең бастысы, Абай өлеңдерінің идеясымен үндесетіндігімен, сол заманның қайшылығын танытатындығымен құнды. Дискурстағы атаулар длеуметтік мдн иеленген, яғни сол қоғамдық құбылысты танытудағы аксиологиялық сипатымен қоғамдық оііды танытар мазмұнды бойына жиған.