Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты

5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.

Қазіргі таңда қазақ тіліне әлеуметтік сұраныстың жоғарылауы сөйлеу тіліне тән ұлттық ерекшеліктерді айқындауды қажет етіп отыр. Сөйлеу актілерінің типтік жалпыланған түрлерінің болуы ойлаудың адамзатқа тән ортақ логикалық құрылымымен байланысты. "Сөйлеу әрекетінде жалпылылықпен қатар әр ұлттың дүниетаным ерекшелігінің тілдік бейнесі беріледі. Ұлттық ерекшеліктің белгісі, ең бірінші, сөйлеу актісінің берілуінен көрінеді. Сөйлеу актілерінің тілдік көрінісі ұлттық ерекшелікке бай" [222,1496.]. ¥лттық ерекшелікке толы сондай құндылықтар қатарына біз афористік ойлау үлгілерінде енгізе аламыз. Қазіргі жоғары қарқынмен дамыған, ақпараттар ағыны тасқындаған, техникасы қарыштаған заманда, уақыты шектеулі тіл тұтынушыға нағыз қысқа әдеби жанр - афоризмдер өте ыңғайлы, яғни ойына ой қосу, пікір түю, ойын өзгеге жеткізу сияқты прагматикалық функқия атқару үшін афоризм көмегі керек-ақ. Оның ішінде, әсіресе қазақ ұлтының менталитетіне өте жақын келеді.

Сонда: 1) сөзге үйыған (сөзге тоқтаған), 2) таңнан таңға көз ілмей жыр тыңдаған (сөзге мән берген), 3) түйдек-түйдек ойларға ден қойған, 4) шешендік өнерге елтіген, 5) "қызыл тілді өнер алды" деп бағалаған ұлттың бүгінгі өрендері үшін қысқа қайырылған афоризмдер бүгінгі күні де аса өзекті болып отыр дей аламыз.

Абайдың тілдік тұлғасындағы афоризмдердің 1) пайда болу уәжін анықтау; 2) тақырыптық, мағыналық топтарын нақтылау; 3) коннотативтік семантикасын, құрылымын талдау; 4) ұлттық мәдени ерекшелігін саралау және 5) лингвокогнитивті деңгейден алатын орнын айқындау нақты тілдік деректер негізінде репрезентақияланады.

Көркем әрі кемел ойға суарылған афоризмдердің ақынның жалпы шығармашылығында және Қарасөздерінде жиі кездесуі - Абайдың қуатты ойын, кемел білімінің өрісін танытып, халық тілі қайнарынан нәр алғандығының айғағы бола алады. Абай афоризмдері оның ой куаты мен, көркемдік шеберлігін бір арнаға тоғыстырған дүниетаным тереңдігінен туғандығы дәлелдеуді қажет етпейді. Афоризмдері ақынның жеке шығармашылығы аясымен түйықталып қалған жоқ, әдеби тіл қорынан лайықты орнын алды. Тіпті халық тілінің төл туындысына айналды, әдеби тілді байытуға үлес қосты.

Афоризмдер тақырыбы адамның қоғамдағы алатын орнынан бастап, дүниені сезінуінің нәзік қалтарысына дейінгі аралықты қамтиды. Ол - дүниенің тілдік бейнесінің Абай шығармашылығындағы көрінісі ұлттық менталитет пен ұлт дүниетанымының тілде вербалдануы.

Абай афоризмдер ұлттық психологияның жағымды-жағымсыз тұсына түйін жасап қана қоймайды, ең озығын одан әрі бекіте түседі.

Афоризмдер - Абай тілдік тұлғасының негізгі стилъдік ерекшелігі, басты көрсеткіші болып табылады.

Абайдың тілдік тұлғасы философиялық түйіндемесімен ерекшеленеді. Тілдік тұлға қоғамдық-әлеуметтік тартысты, рухани өрені, мінез-құлык қырларын және өзге де құбылыстарды бейнелеуде, сонымен қатар, көркемдік

шешім шығарғанда афоризмдік мәнді нұсқалар арқылы түйіндейді: Дәуір келбетін, уақыт табын, қоғам шындығын дәл беру үшін афористік қысқа түйін түйеді. Абай афоризмдерінің прагматикалық әлеуетін осылай таразылаймыз.

¥лы ақынның тілдік тұлғасы дидактикалық, тәрбиелік мәндегі Қарасөздерінде барынша ашыла түседі, өйткені Қарасөздерінің жазылу мақсатының өзі тілдік тұлға болмысынан келіп шығады.

Абай поэзиясындағы дәстүр жалғастығы, Батыс, Шығыс әдебиеті классиктерімен ой үндестігі, рухани сабақтастық мәселесі Қ.Жұмалиев еңбектерінің орталық өзегіне айналды. Ғалым барды бағалап қана қойған жоқ, болашақ зерттеулерге де жөн сілтеді. Соның бірі дидактикалық сөздер (ақыл сөздер) мен афоризмдердің (нақыл сөздердің) ара жігін ажыратып, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін көрсетуге байланысты мәселе. Ғалым бүл екі сабақтас құбылыстың нэзік қырларын көре білуге, айырмашылығын тани білуге бағыттайды. "Нақыл сөз мағына жағынан алғанда ақыл сөз тәрізді мынаны істе, жақсы; ананы істеме - жаман демейді: өмірдегі өзінің көргенін, сезгенін, бақылағанын қорытып айтады да қояды", - дейді Қ.Жұмалиев [37,314].

Зерттеуші "өмір-тіршілікке жетекші басшылық ететін ақыл сөз де, үлкен ой, терең пікірге құрылған даналық ой түйіні" нақыл сөзде де Абай шығармашылығында даналықтың сәулесіндей із қалдырғанын нақты мысалдар арқылы көрсетеді [2,314-323].

Абайдың өз шығармашылығындағы пікір-түйіндер мен үлағатты ойлардың сығындысы, түйін-тұжырымы - афоризмдердің ықпал-әсері, қуат-күшіне ғұлама ұстаз М.Әуезов үнемі көңіл бөліп келген. ¥лы жазушының абайтану бойынша 60-жылдары оқыған лекқиясында Абай афоризміне қатысты мол мағұлмат беріледі. Ол туралы М.Әуезовтің тікелей шәкірті, аспиранты, халық жазушысы Сәкен Жүнісов ұстазының өз аузынан шыққан лекқиясынан мынадай үзінділер үзінділер ұсынады: Біз мақсатты түрде ұстаз дәрісін тыңдаған шәкірттің жазбасынан үзақтау үзінді келтіріп отырмыз [223, 60]. Оның уәжі - Абай афоризмінің мәнділігін парасаттай білген тұлғалардың танымдық деңгейін таныту әрі афоризм мазмұнын дәлірек аша түсу.

М.Әуезов (лексқиясынан): Афоризм - құрылысы жағынан мақал сияқты, бірақ тың жайды айтатын күшті сөз. Абайдың аудармаларының ішінде де афоризмдер бар. Олар мақал болуға даяр тұрған сөздер. М: "Крыловтың "Үлкен үры құтылып, кіші үры түтылды" дегенін Азат басың болсын күл, /Қолдан келмес іске ұмтыл - деп басқа жаққа, өз ойына бүрады.

"Көңілдегі көрікті ой, //Ауыздан шыққанда өңі қашады" - бүл тіпті, мақалдың төресі.

3 7 афоризмі. Адамды заман өсіреді, егер замандасы жаман болса виноват дейді. Мұндағы алып отырғаны адам мен ортаның байланысы.

"Биік мақсатқа (жартас) екпіндеп үшып қыран да шығады. Бауырымен жер сызып жылан да шығады" дегені өте күшті.

Мансап дегені биік жар - карьера, қызмет, дәреже - соған біреу бас иіп

жалынып, алдап жүріп жыланша жетеді, енді біреу қыранша сермеп адал үшып жетеді дейді.

"Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық" дегені тіпті патриархалдық рушылдықтың тамырына балта шабу. ("У нас есть одна молитва, это - труд" - дейді Герцен). Бүл өресі зор, өнімі мол, бу_йым сөз.

"Қарекетсіз сопы монтаны" дегендегісі, монтаны - сырты мүлэйім, іші зәлім. Міне, діннің бас адамының суреті. Сопы болып жүріп лицемер, адамды адам ететін қарекеттілік дейді.

"Жаман дос көлеңке, басыңды күн шалса кашып құтыла алмайсың, басыңа күн туса іздеп таба алмайсың".

Шекспирде "Двенадқатая ночь" деген драмасында "Махаббат көлеңкең, қусаң жете алмайсың, қашсаң құтыла алмайсың" деген.

21 -афоризмде - "Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас, қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол"; "Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық тұл, шәкіртсіз ғалым тұл"; "Қайратсыз ашу болмау керек, айныған ғашықтың емес, баяны болу керек" дейді... Бүл да екінің бірі айта бермейтін сөз; "Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді" ... т.б.

Абай шығармаларындағы афоризмдер қазақ дүниетанымының айнасындай болып, қазақ ойын жаңғыртады, сөйтіп, қанатты ойлары мен ажарлы афоризмдері бүкіл шығармашылық мұрасының негізгі өзегін құрайды.