Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.

Афоризм терминінің қалыптасуын анықтау үшін оның тарихына бойлап, "сөз" ретіндегі және жанр сипатындағы мағынасының қалыптасуын анъщтап алған орынды.

Көне грек ғалымы, атақты Гиппократ біздің дәуірімізден 400 жыл бұрын өзінің медициналық трактатын афоризм (грек тілінде - АрһогІ8то§ - анықтама, шектеу) деп атаған. Онда аурудың белгілері (симптом) мен диагноз қою, аурудың алдын алу мен сырқатты емдеп жазу, сауықтыру туралы деректер берілген. Трактат "Өмір - қысқа, өнер - мэңгілік" деген нақыл сөзбен ашылған.

Неміс ғалымдарының нұсқауы бойынша, бүл сөз (афоризм) антика әдебиетінде медициналық терминнен басқа "даналық сөз", "сентенқия", "қысқа әрі сығымдалған стиль" мәнінде қолданылғаны да назар аударарлық. Афоризмдер проза жанрына жатады.

Афоризмдер жайлы зерттеу жүргізген ғалым Н.Федоренко мынадай дерек келтіреді. Тақит (Публий Корнелий - ежелгі рим тарихшысы) еңбегін таза афоризмдермен жаза отырып мына бір пікірді білдіреді: "адам ағзасы мемлекет ағзасына ұқсастырылып, оларды емдеу жолы ұсынылады, айырмашылық: бірінші жағдайда (адамды) дәрімен емдесе, екінші жағдайда (мемлекетті) мораль арқылы сауықтыру көзделеді" [219,136.]. Бүдан туар қорытынды: афоризм екінші бір нысанға әсер етіп, ықпал жасайды, яғни тәнге, сезімге әсер етеді, "емдейді".

Афоризмдер өзінің құрылымдық ерекшелігі мен мазмұнына байланысты ықшам әрі адамға ой салатындай, ой түрткі болатын идея мен ассоциақия тууына ықпал етеді.

Сонау көне дәуірден бері афоризм өркениет әлемінен орын алып келеді. Ол халық даналығын байытып, арман-үмітін, мүдде-мұратын бейнелейді, сондықтан қоғамдық пікірдің қорытпасына, ой-толғамына айналады. Афоризмнің даму тарихына көз жібергенде, қоғам өмірінің тарихи оқиғаларға толы, күрделі кезеңіне, сонымен байланысты идеологиялық ымырасыз күрестің асқынуына түспа-түс келіп жатады. Оған себеп: афоризм табиғатының

"ыңғайлылығы", ой айтуға, пікір білдіруге ықшам болуы, бейнелілігі, сендіре айтатындығы.

Ресейде ХІХ-ХХ ғасырдағы революқия жаңғырығы, Франқияда ХҮП-ХҮІІІ ғасырдағы өткір әлеуметтік шиеленістер кезеңінде ұлы моралист-жазушылардың афористік туындылары қоғамдық ойға үлкен ықпал етеді.

Афоризм "сөз " мағынасында Россияда ХҮІІ ғасырда пайда болып, оның медициналық және әдеби мәні қатар қолданылады. Россия Академиясының Сөздігінде (1788) афоризм (афорисм) "аз сөзге көп мағына сыйдырған", "иппократтық" әрі "адамгершілік насихат" айтатын қағида деп анықталады. ХҮІІ ғасырда ірі орыс жазушысы А.Т.Сумароков афористика жанрының өрістеуіне үлкен үлес қосады, ХҮШ-ХІХ ғасырларда А.Пушкин, Л.Толстой, Салтыков-Щедрин, Ф.Достоевский, В.Белинский сияқты ұлы жазушылар одан әрі жетілдіре түседі. "Афоризм - нағыз орыс сөзіне тән ерекшелік", - деген М.Горький. Афоризмге жарқылдақ сөз мүлде жат. "Европалық афоризм, әрине, әртүрлі, дегенмен, оның сыртқы формасы эсіре-қызыл сөзге бейім, мазмұны үнемі терең бола бермейді, сондықтан да шетелде юмор (эзіл) афоризмнің бір белгісі болып есептеледі" [219,186].

Афористік ойлау біртұтас логикалық тұжырымды білдірмейді, сонысымен де диалектикалық логиканың негізгі талабына сәйкес келе бермейді. Ол шартты түрде алғанда, осындай сипат иеленгенімен, үнемі ой жетегінде жүрген субъекті дүниетанымының көрінісі, жүйелі ойының қорытынды нәтижесі екендігі ақиқат. Афоризм "кенеттен туған ойдың" шындығына көз жеткізуді қалайтындай мәнде келеді және оның өзіндік стиль ерекшелігі де осында. Мысалы, мақал-мәтелде айтылған белгілі бір шындық көпшілікке мәлім, ақиқаты анық байқалатын жайдан хабардар етіп, соны тағы бір рет еске салғандай әсер қалдырады (Көп қорқытады, терең батырады). Ал афоризмдер көбіне кейіпкер (автор) ұстанымын танытып, соның шындығына өзгенің көзін жеткізуді мақсат етеді. Әрине, афоризмдер пайда болуының себебі мен автор идеясын, стиль ерекшелігі мен өзге экстралингвистикалық ықпалдарды сараланғанда барып, оның табиғаты толық ашылмақ. Автордың (адресанттың) коммуникативтік әрекетінің негізінде жатқан белгілі бір мұрат-мақсаттар афоризм пайда болу уәжінің бірінен саналады.

Абайдың тілдік тұлғасына қатысты алғанда, ол мұрат-мақсаттардың прагматикалық мәні неде? 1) Ұлы ойшылдың өмір-дүниеге көзқарасынан туған пәлсапалық ойлары; 2) өмірге деген ұстанымы; 3) соңынан ерген шәкірттерін тәрбиелеу, ауылдас-сырластарының "көңіліне сәуле түсіру"; 4) берекелі ел болу үшін қажетті жаңа адами құндылықтарды қалыптастыру сияқты әрекеттерінен туған. Олай болса, афоризмдер - сол мақсатты жүзеге асыру, қоршаған орта мен өмір құбылыстарына қатысты ой өлшемі.

Абай шығармаларындағы "ойлы сөздер" (афоризмдер) әлем әдебиеті басынан кешкен қоғамдық орта шындығынан алшақ түра алмады. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда, "...Абай... тарихтық, қоғамдық қайшылықтарды терең аңғарып, танып барып өседі... барлық ақыл-ойын мынау ортаны мінеп, шенеп, нәрсіздік, құнсыздығын ашуға жүмсайды". Сонымен қатар, "қоғамдық тілекті лайлаған; патшалықтың парақор ұльіқ, жандарал, ояз-чиновниктерін

сынайды, оларға табынған атқамінерлермен, сол ортаның залалды мінездерімен алысып, еліне тым құрыса сонысымен пайдалы азамат болғысы келгенде "кестелі сөзден, келісімді ойдан" (М.Әуезов) құралған Сөз - қаруын жүмсайды.

Мысалы, Бүл сөзімде жалған жоқ, /Айтылмай сөзім қалған жоқ.

Абайлаңыз, байқаңыз, / Елдің жайы солай-ды - деген ақынның елге, көпке жеткізсем деген Сөзі (афоризмдері) осылай туған еді.

Абай Қарасөздері мен афоризмі мәнін дұрыс пайымдау үшін оның заманын, отаршылдыққа байланған ел жайын, түйыққа тірелген тағдырын терең түсіну қажеттігі аян. Тіпті ақынның жеке өмірінің трагедиясы мен ұлттың рухани күйзелісі, сезім мен рух арпалысы астасып жатты. Абай афоризмінің мәнін осыдан, дүниенің бейнесін Сөзге сыйдыра алған шеберлігінен іздейміз.

"Көжекбайлардың" психологиясынан жиынтық бейне сомдайды. Осыған қатысты Абайдың тілдік тұлғасында халық даналығы қатарына қосылып кеткен, өзіндік, абайлық афоризмдер өте көп. Мысалы, Жат айбынар ісі жоқ, жау айдынар күші жоқ; Күн жауғанда қойнында, күн ашықта мойнында; Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.

Абай афоризмдері нені мақсат етті? 1) Абай ақындықты әлеуметтік қызмет деп бағалады. Қысқа да нұсқа сөз мэйегі санаға бірден ұялайды. Абай өзінің әлеумет өміріндегі рөлін жақсы сезінеді. Оған уәж болатыны - Абай өз кезеңінің ақыны ғана емес ұстазы да болатын, әрі ақындықты азаматтық парызым деп санаған, "сөйтіп, өз заманының ұстазы, өмірді оқушыларына үйретуші, танытушы ақын Абай" дискурсында нақыл, ақыл сөзге мол орын берілген. Ол моралъ философиясын "толғауы тоцсан қызыл тілге" айналдырады. Философиялық ұғым қалыптастыратындай дәрежеге көтереді.

Белгілі ғалым Қ.Өмірәлиев ақын афоризмдерін сөз еткенде оның алдындағы мектепке, шығыс, батыс әдебиетінің әсеріне байыппен назар салу керектігін дұрыс бағдарлайды [225,36]. ¥лы ақын халық әдебиетінің қайнарынан, шығыстық сыршыл нэзирадан, орыс классикасынан өнеге тапқанда солардағы үлгіні пайдалана отырып, ақыл-нақыл сөздердегі ой мэйегін одан әрі жетілдіреді, поэтикалық қуатты құбылысқа айналдырады.

Сонда қалай жетілдірді, нені үлгі тұтты? деген сұрақ тууы, әрине, заңды. Ақын құр еліктеуге салынбағаны белгілі. М.Әуезов атап көрсеткеніндей, орта ғасыр әдебиеті шығармаларындағы сабақтастық, заман ұқсастығы, сөз сарынын алады.

Абай тәрізді ақындық мектепті, ақыл ой әлемін зерттеп, тауысу мүмкін еместігіне Абайдың өз мұралары дәлел бола алады. ¥лттық ақыл ой көсемінің кемеңгерлігі мен рухани байлығын өз деңгейінде бағалай білер парасат болса ғана даналықты зерделей аларымыз аян. Осыған орай, Қ.Жұбановтың: "Абай -ойшыл ақын. Өлеңін пікір кернеп тұр. Оның сезімі - ойшыл сезім, бірақ оның ойы да - сезімшіл ой", - деген мінездемесі Абай афоризмдерінің табиғатына әбден лайық деп есептейміз [36,17].

Абайдың тілдік тұлғасындағы афоризмдер пайда болуының уәжіне 1) ауыз әдебиетінің ықпалын, 2) ел ішіндегі дау-шараларға араласуының әсерін жатқызамыз. Автордың сөйлеу әрекеті барысында оның жеке (индивидуалды)

уәжіне негізделген, түрлі экстралингвистикалық жағдайларға байланысты пайда болған осындай тілдік құбылыстар Абай тілдік тұлғасының негізгі прагматикалық деңгейін құрайды. Басқаша айтқанда, автордың объективті әрекетінің басты талабы оның тілдік тұлғасында өз көрінісін береді.

Абай Сөздері мен ауыз әдебиеті арасындағы рухани желі оның тұжырымды ой түйген, шешендік шырай иеленген афоризмдерінен аның байқалады. Халық поэзиясы рухани арқау болған афоризмдеріндегі даналық ойлар ақыл, нақыл сөздей болып әсер етеді.

Ақынның өзі: "Қазақта Қарасөзге дес бермедім, өзім де басқа шауып, төске өрледім", - дегеніндей, ол дуалы ауыз билердің қатарында болғанын да еске түту керек. "Ел сөзіне, шешендік дауларға ерте араласқан, алғыр ақындық, тапқырлық қабілетін айқын танытқан" Абайдың алуан астарлы, айшықты мағыналы Сөздері қатарында афоризмдердің орны бөлек. Абай өлеңіндегі тақырып пен тіл, көңіл-сезім сарыны оның алдындағы үлгілерге ұқсас сияқты болғанымен, Абайдың ой-өрісі, идеясы, әлеуметтік арманы әлдеқайда басқаша, ... өзіне ғана өзгешелікпен айқындалатынына М.Әуезов өз зерттеулерінде дэйекті дәлелдер келтіреді [2,167].

¥лы Абайдың қазақ поэзиясын жаңа сапалық биікке көтерудегі үлесі туралы айтқанда өзінің алдындағы қазақ поэзиясы мен әлем әдебиетінің көркем қазынасынан қабылдаған өнегесіне, игерген байлығына, талғаммен жарата білгеніне назар аударамыз. Соның бірі - ақынның прагматиконындағы афоризмдері.

Афоризмдер Абай тілдік тұлғасының танымдық деңгейін айқындап, күрделі когнитивті әрекет көрсеткіші бола алады, сондай-ақ тіл жеткізушіден ой-өріс кеңдігін, тілді түшына алу қабілетін талап етеді. Афоризм пайда болуына қозғау салатын мақсат-міндеттерді айқындаудың маңызы зор және ол Тілдік тұлғаның дискурсындағы афоризм мәселесін шепгуде ескерілгені жөн.

Абай афоризмдері - мағынасы терең, ойы айшықты, сөзі бейнелі әрі көркем, гиебер циюласқан, ықшам да жатық түйін - толғау. Олар - Абай өмірінің қорытынды есебі тәрізді философиялық тұжырымдар. Абай афоризмдері - тұтас бір философиялық жүйе. Көпшілікке бұрыннан мәлім, етене таныстай көрінетін ұғымдар Абай қолданысында өзге бір қырынан танылады. Олар кейде тың ой айтса, кейде бұрынғы ойды жаңа әдеби-эстетикалық формада ұсынады. Әртүрлі өзгеше өрнекпен келген ойлардың өзектілігі дау туғызбайды.

Жаңа бағыттағы, жаңа әдебиетті қалыптастырушы тілдік тұлғалардың жаңалық тудыруы заңдылық деп қабылданатындай.

. I