Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.

XI ғасырдағы шығыс педагогикасы тарихындағы тәлімі терең, тәрбиелік мәні аса құнды рухани байлықтың бірі - 1082-1083 жылдар шамасында жазылған "Қабуснама" туындысы. Үрпақ тәрбиесіне, имандылық пен ізгілікке аса мән берген шығыс халқының тәрбие мектебінің оқулығындай бүл еңбек -бүкіл адамзат мәдениетін байытқан мың жылдық тарихы бар, мэңгілік іпығармалар қатарынан табылады.

"Қабуснаманың" авторы Қайқаус өзінің ұлы Гиланшахқа (ол арқылы бүкіл адамзат баласына - Г.М.) арнап жазады. Қабус ұлы Қайқаус өз перзентіне

аталық, мейір махаббаты арқасында үгіт насихатын жазып, өмірлік тәжірибесінен сыр бөліседі. Перзентін "Замана тұрмыс-тауқыметінің құрықты қолы жетпей тұрған шақта өсиетінен үлгі алуға, сол үгіттерді ұғып іске асыруға шақырады: "Менің дүниедегі жиған асыл заттарым - осы сөздерім. ... бар асылымды өзіңе тапсырдым, сен оны дүрыс пайдаланып, қисық жолға қадам баспағайсың. ...Мен сенен жақсылықтың нышанын аңлайтын едім. Солай болса да саған бүл сөздерді ұқтыруды өзімнің міндетім деп түсіндім" [154,106.]. Еңбек қырық төрт тарауға жинақталған. Әр тараудың мазмұнына сәйкес аты берілген. Ол - "Алла тағаланы тану туралы", "Пайғамбарлардың қасиеті туралы", "Ата-ананы құрметтеу туралыдан" бастап, өнер, қарттық, жігіттік, нәпсіні тыю, қонақ күту, дүние-мал жию, саятшылық, соғыс өнері, дем алу, дос тақдау, бала тәрбиесі, жаза беру, кешірім жасау, дәрігерлік емдеу, жүлдыздар ғылымы, падишаға қызмет ету, жомарттық туралы т.б. қарапайым тіршілік тынысынан бастап, ел билеу биігіне дейінгі аралықтағы өмір-тәжірибесіи, тәлім-тәрбиесін үрпағына өсиет еткен атаның ұлына арнаған ғибрат Сөздер жинағы. "Еуропа мен Азиядағы озық ойлы ағартушы ойшылдардың бәрі де "Қабуснаманы" жоғары бағалап, орта ғасырдағы педагогика, тәлім-тәрбие, өсиет-өнеге жөніндегі танымның энциклопедиялық жиынтығы ретінде аударған" (300).

Белгілі әдебиеттанушы ғалым Ш.Елеукенов те Абай Сөздері Батыс пен Шығыс мәдениетінің мәйегін сіңірген құнарлы дүние екеніне нұсқайды (4,5-6). Зерттеуші ғалым "Қарасөздерді жаңа жанр тума стиль" деп бағалай отырып, оның болмысы мен келу төркінін Абай нәр алған Шығыстың рухани қайнар көздерімен байланыстырады (175). Абай Қарасөздерінің жанрлық стильдік ерекшелігіне ұқсас деректерді Шығыс әлеміне мәшһүр болған "Қабуснамадан" табуға бағыт сілтейді.

Біздің бағдарлауымызша, "Қабуснама" мен Қарасөздердегі ой толғаулар кей тұсында бірі екіншісінің жалғасы, тіпті бір адам айтып отырғандай әсер қалдырды. Оған төмендегі микромәтіндегі логикалық жалғастық арқылы да көз жеткізуге болады:

Қайқаус: "Әруақта дос-жаранды болуға әдеттен. Өйткені кімнің досы көп болса, оның айыбы ашылмайды, бір-бірімен сыйласуы күшейеді" (82); "Дос болуға лайықты адамды екі қасиетінен білуге болады: біріншісі - дәулетті кезінде малын аямайды, ал кедей кезінде одан сырт айналмайды" (28 тарау, 83) - деп жақсы, лайықты достың бейнесін ұсынады, оның әрекетін көрсетеді ("малын аямайды", "сырт айналмайды").

Абай: "Жаман дос - көлеңке: Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; Басыңды бұлт алса, Іздеп таба алмайсың" (37-Сөз, 184) - дей келе, Қайқаустың "досына" қарама-қарсы антипод достың образын береді ("оны қиын кезде іздесең, таба алмайсың").

Мәтіндер мазмұнын салғастырғанда, ойдың мазмұн жоспары мен (план

выражения) берілу жоспары (форма выражения) дөп түсіп жатқаны

аңғарылады. Ортақ ойлар бірдей формада көрініс тапқан, дәлірек айтқанда.

олардың жалпы мазмұны ұқсас, өзектес, мәндес қана емес, ойдың "сырткы қабығы" - сөздің түрі де ұқсас.

  1. Әдеттен - сырлас, сыйлас - императив етістіктер, бүйрық райдың II жағы.

  2. Сырт айналмайды - іздеп таба алмайсың контекстік антонимдер, антонимия құбылысына бағынған.

Дәл осы ой-түйін "Қабуснамада" былайша беріледі: "Әрдайым падишалықтың шарабына мас болмағын падишалық шарабымен мастанған падиша падишалықтан да, мастықтан да ажырайды" (144). Ұлылар үндестігі! Ол осы тұста да байқалады. Екі ойшыл өз дәуірінің "тілімен" сөйлеп түр. Басқа айырма жоқ. Абайда: барымта мен партияға (ел билеуге) мастану, ал Қайқауста: падишалыққа (патшалық, ханзадалыққа) мастану болып алынған.

Қайқаустың: ... "Ырыс, дәулетке ие болған соң, халыққа пайдаң тисін. Қайырымдылықты халықтан аяма" (37-тарау, 124) деген ізгілікке толы ұстанымын Абай: "...Өзің үшін еңбек қылсаң, өзің үшін оттаған хайуанның бірі боласың..." (37-Қарасөз) деп одан әрі тереңдеп, батырып айтады. Халыққа пайдасы тимегеннің өзінің жемсауын ойлаған хайуаннан айырмашылығын көре алмайды. "Қайырымдылықты халықтан аяма" деген Қайқаустың ойын Абай дана одан әрі нақтылай түсіп, былайша жалғастырады: ..."'адамдьщтың қарызы үиіін еңбек кылсаң, алланың сүйген кұлының бірі боласың" (Алла Тағаланың 99 құрметті есімінің бірі - "Қайырым", "Мейірім" екені ізгілік, имандылық жолындағы әр пенденің есінде болары хақ). Қайқаус "қайырымдылық" десе, Абай "ол - алланың сүйген құлының біріне айналудың жолы" - деп нұсқайды.

Келесі мәнмәтіндердегі ойлардың да өзектесіп жатқандығы бірден байқалады. Ол мәтіндерде мынандай жарыспалы ойлар түзілген: Қайқаус: Абай:

Жақсылықты білмейтін - татымсыз (кісі)

жақсылық істеу - болыстық қылу

зая кетеді - адамды бүзады

Осы лексемалық бірліктер бір-бірімен мәндес қатар түзе отырып, жақсы ісіңді бағалай білмейтін парықсыз адамның образын ашатын концептуалды мәнге ие жасалымға айналған. Қараңыз:

"Қабуснамада": Жақсылықты білмейтін кісіге жақсылық істеу сортаң жерге сепкен үрық сияқты зая кетеді (6 тарау, 21).

"Қарасөзде": Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бүзады (37-Қарасөз, 184).

Мәтіндердегі курсивпен берілген тілдік бірліктер - жоғарыда талданғанындай, ой қазығын ұстауға бірлесе қызмет етіп, мәтін түзіміндегі негізгі элементтер ретінде алынған.

Келесі мәтіндердегі үндестік табиғатын жазбай тануға

"Қабуснамада": Наданмен әңгімелес болма, әсіресе, сенің ақылдылығыңа күдіктенген наданмен әңгімелесуші болма (6 тарау, 26).

"Қарасөзде": Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да

болады, өшкені де болады (37-Қарасөз, 183). Мәтінде ойлар бір-бірін

толықтыруымен ерекшеленеді. Тілдік бірліктер семантикасы жағынан тең түсіп

жатпағанымен, синтаксистік тұтастықтай қабылданып, бірі себебі екіншісі

оның салдары сияқты қабылданады.

"Қабуснамада": Әрқашанда ашық рай білдіріп, көңілді болып жүргін. Бірақ босқа күлуші болма, күле беру - есалаңдық, диуаналық, аз күлу - сабыр. саясат көрсетудің белгісі. Ьосқа, оейме^тт, оръшсыз күлкі уайым-кайғы қасіретінен пайда болады (12-тарау, 50).

"Қарасөзде": ...Күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не ү_ят

келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек Әрбір орынды харекет өзі

де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкімен азайтпа қайғыны, орынды харекетпен азайт! (Төртінші Сөз, 134).

Екі мәтіндегі курсивпен берілген синтагмаларды шартты түрде алғанда бір синтаксистік тұтастықтық компоненттері деп алсақ, мәнмәтінмен мынадай "жалғастықты" табамыз. Қайқаустың үрпағына өсиет еткен әр сөзінің жалғасы, немесе ол қойған сүраққа жауапты Абай ғұламаның кейінгі толқынға табыстар ғақлия хөзінен адаспай табасыз. Сөзіміз дәлелді болу үшін екі мәтіндегі сөйлемдерді (коммуникативтік бірліктерді) бір абзаққа сыйдырып, бір тұтас компонент ретінде қарастырып көрелік. Жоғарыдағы мәтін үзігінен бөлініп алған, сөйлемдер жымдаса бірігіп кетеді.

Қараңыз: "босқа күлуші болма!" (Қайқаус) - өйткені "күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан құр қалады" (Абай); ..."Орынсыз күлкі уайым-қайғы қасіретінен пайда болады" (Қайқаус), сондықтан "орынсыз күлкімен азайтпа қайғыны, орынды харекетпен азайт!" (Абай). Міне, екі баска сөйлемдегі лоикалық жүйе осылайша бір-бірімен орайласып, бір автордың қолданысындай қабылданады. Ал сөйлем аралығындағы сөздер "боска қалмайды", олар басы артық сөздер емес, дэнекерлеуші, "ой ұстаушы" қажетті тілдік бірліктер, яғни талдау мақсатына сәйкес, мақсатты түрде кейінге қатарға шегерілген коммуникативтік бірліктер.

Төмендегі сөздердің де (ойлардың) өзегі ортақ, танымы тамыр жайған тереңдік те бар, бір арнаға тоғысқан үйлесім де бар. Заманы мен "заңы" алшак болғандықтан өзіндік бағыт болуы да ықтимал, әйтсе де, ой мен пікір жарастығы (жарыстығы да!) басым түсіп жатқанына көз жеткіземіз. Бүл, әрине, ой қайталау емес, "даналардың өмір тәжірибесі арқылы қорытқан тұжырымдарының тоғысы" [103, 378 б.]. Келесі мәнмәтіндегі "ұғынысқан" ұғымдардың астарына зер сала үңіліп, даналардың айтпақ ойына, меңзеген бағытына бағдар түзеп көрелік... Әрқайсысын салыстыра оқығанда жоғарыда айтқандай, үндесімді аңғарамыз.

Қайқаус: "Ей, перзентім, қалайда дүние заңдылықтарына немқұрайды бейтарап қарауға болмайды. Оның оңы мен терісінен, өңі мен астарынаг хабарың болсын. Мысалы, тұқымның өніп шығуына топырақ пен су себепші Егер жерге сепкен үрығың уақытылы бөртіп шықпаса, ол тек қана жердіі кінәсы деп түсінбе" (Екінші тарау, 13).

Абай: "Жақсылық, жамандықты жаратқан - құдай, бірақ қылдырғаі құдай емес, ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікт жаратқан құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсаң болар әйтпесе - жоқ" (Жиырма сегізінші Қарасөз, 171).

Абай: Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көркемдігіне һэм қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің... (167).

Қайқаус: Дүние түзілгенде ұлы даналықпен түзіліп, оған көркемдік пен сұлулықты үйлестірді... (14).

Абай: ...Өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние әрбір түрлі керекке бола жаратылып, һэм бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғьш мықты көркем законге қаратылып жаратылды... (167-168).

Қайқаус: Алла тағалам дүниені жаратумен бірге, ризық-несібені қоса жаратты. Алла тағала адамзатты жаратты, оған қажетті заттық игіліктердің алуан түрін пайда қылды... (14).

Абай: ..Хайуанға берген денеге қара, адамға берен денеге қара. Адам екі аяғын тік басып тұрып, дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайықты. ...Ол дәлел болса, адам баласын артық көріп, қамын әуелден алланың өзі ойлап жасағанына да дәлел емес пе? Енді адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай ма? (169)

Қайқаус: Адамның қасиеті басқа түрлі жан-жануардан әлдеқайда жоғары дәрежеде. Сондықтан адам баласы өзін тура жолға салушыларды танып-білуге міндетті (14).

"Қабуснамада": "¥ят иманға тән" десе (26), "Ғақлияда" "¥ят кімде болса, иман сонда, кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген Пайғамбарымыз" (181).

Қайқаус: Көп жағдайда шамадан тыс ұяңдық өзіңе зиян келтіреді. Әдеттен тыс ұялшақ болмағын. ¥ялшақтық әр кез қателесуе себепкер болып, бастаған ісіңе нұқсан келтіреді (6 тарау, 26).

Абай: Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, ұялмас нәрседен ұялу - ақымақтық, жамандық (3 6-Қарасөз, 181).

Қайқаус: Жаман істерден, өтіріктен, қанағатсыздықтан ұял: тура сөз, ізгі тілек, жақсы бастамадан ұялма ... қай жерде ұялып, қай жерде ұялмауды біленің жөн (6-тарау, 26).

Абай: ...Шын ұят шариғатка теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады... (Отыз алтыншы Қарасөз, 181).

Абай Он екінші, Он үшінші Сөзде "Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайтынын", "иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керектігін" ескерте келіп, әуелі, не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлэн дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел - испат қыларға жараса, якини иман десе керек" - деп нақтылай түседі. Жиырма сегізінші Сөзде ... "Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен" - деп еске салады. Ал "Қабуснама" "ұят - иманның жемісі" (26) деп корытады.

Түйіндеп келгенде, Абай Қарасөздерінде қолданылған стильдік амал-тәсілдер "Қабуснамадағы" сыртқы формалық ерекшелігімен, немесе көріктеуіш кұралдарды қолдануымен ғана сәйкеспейді, танымның ішкі мазмұнының ортак оолуымен үйлеседі, яғни белгілі бір кұбылыстың ерекше белгілеріне логикалык

екпін түсіру керек болса, екі автор дүниеге "бірдей" көзбен қарайды. Нақты бір құбылыс, іс-әрекетті сипаттауда, оның ерекшелігін бөліп көрсету үшін немесе аксиологиялық бағасын беруде екі автордың образды ойлау тәсілі сәйкес келіп, талғам таразысы тең түсіп жатады. Талдау нысаны ортақ бейне, мәндес, ауыспалы, семантикамен астасады. Мысалы, Абай Қарасөздеріндегі және "Малға достың мүңы жоқ малдан басқа" өлеңіндегі негізгі кейіпкер малға дос (адам) пен "Қабуснамадағы" нан досы деген ("жейтін наны үшін достасатын адам" семасында) образдар бірдей әрекет етеді. Бүл қолданыстардағы (малға дос, нан досы) достың сапалық белгісі, аксиологиялық бағасы "пайдакүнем, күні үшін жүру" семасы арқылы актуальданып, бейнелі экспрессияға ие болған. Абайдағы мақтанға мастану, партияға мастану, байлыққа (қымызға) мастану, өтірік ұялу... Қайқаустың: падишахқа мастану т.б. когнитивтік, коммуникативтік бірліктерде дүние-таным сәйкестігі, таным ортақтығы кездеседі. Олардың мазмұны заман, дәуір алшақтығына қарамай үндесіп, үласып жатқанына көз жеткіземіз.

Екі шығармадағы идеялық, образдық үйлесім мен ортақ ой қазығы тілдік тұлғалардың этностық санасындағы концептуалды жүйе бірлігін ғана көрсетіп қоймайды, этностық ерекшелікті сақтай отырып, дүниені тану мен қабылдаудағы тілдік сана қызметінің ортақ екенін көрсетеді. Сөйтіп, даналардың ой өлшеміндегі және тілдік тұлғалардағы парадигмалық, синтагмалық қатынастардың сәйкестіктері, олардың таным бірлігінің құнды айғақтары, нәтижелі қорытындысы - болып табылады деген тұжырым жасаймыз. Мәдениеттер арасындағы сабақтастық және дәстүр жалғастығы осылайша лингвистикалық, концептологиялық, когнитивтік т.б. аяда көрініс бере алады. Оған Абай дүниетанымы мен Шығыс-Батыс мәдениеттерінің деректерін салыстыра қарағанда тағы бір көз жеткіздік.