Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.

Даланың данагөйі қазақтың көз-құлағы көп жаттықпаған сөз айтудың өзгеше түрін тапты, сондықтан Абайдың тілдік тұлғасын саралау барысында Қарасөздердің жанрлық мәртебесін нақтылау - ең басты мәселе болып

табылады, өйткені өнердің өмірдегі көркем шындығын дәл таныту мен дұрыс

ұғындыру және өзге шындық ішінен дәл соны таңдау себебі белгілі бір жанр табиғатымен үйлеседі. Біз зерттеуімізде көркем сөз өнеріне Абай арқылы қадам басқан, осы "тосын жанрдың" табиғатын "қайдан, қалай енген құбылыс?" деген сұраққа жауап беруді ниет етеміз.

Қарасөзді әдеби туынды ретінде жанрлық тұрғыда анықтау және соған сәйкес терминдік бірізділік мәселесі нақтыланып, тұрақтылық таба қойған жоқ. Біздіңше, оның екі себебі бар: 1) Қарасөздің семантикалық құрылымы (мазмұны) мен стильдік баяндау тәсілінде (формасында) бірнеше жанрлар тоғысуы, 2) Абай шығармашылығындағы бұрынғы жаңалықтарының үстіне қосылған бір жаңалық - әдеби процеске жанр жағынан жаңалық әкелуі (яғни Қарасөз жанрын қалыптастыруы). Ол "жаңа жанрды" қалай атау мәселесі де көкейкесті.

"Жалпы алғанда, Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны боп қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар - Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, моралъ мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді [2,218]. Бұл анықтамада абайтанушы ғалым М.Әуезов эссе жанрына тән үш белгіні дәл тауып, дөп басқан: 1) көркем проза жанрына жататындығы; 2) "өзіне бөлек, өзі тапқаны" дегенде стиль ерекшелігі, баяндау мәнерінің (стилінің) өзгешелігі; 3) сюжеті болмайтындығы.

Жалпы, Абай Қарасөздерінің ғылыми арналары мен тақырыптары жайлы М.Әуезов алғаш пікір білдіргені белгілі: "Жиыны барлық қара сөз, біздің аңғаруымызша, он - он бір тақырыпқа бөлінеді. Кейбір тақырыптар... ой жағынан бір алуандас болады" [2,221] - деп жалпы топтама жасаумен шектелмейді, әр Сөздің мазмұн-астарына, стильдік сипатына, бітім-болмысына ден қойып, танымдық бағдар жасайды.

Қарасөз жанрының табиғаты туралы абайтанушы ғалым Р.Сыздықова сараптамасында: "публицистикалық жанр ма, ғылыми-баяндау жанры ма немесе тағы басқасы ма - ол Абай прозасының жанрлық ерекшеліктерін жан-жақты зерттегеннен кейін тұжырымдалатын жайт екендігі белгілі" - [4,532] деген ғылыми бағдар беріліп, сілтеме жасалған.

Ғалым бұл зерттеуінде Қарасөздерді ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеуге міндеттейтін ғылыми мәні бар пікір білдіреді.

Терец ойға суарылған ецбекті қазақтық сөз өнерінде алатын орнына қарай бағалап, оның мазмұны мен тіл өрнегініц ерекшелігін зерттеу үшін "алдымен бүл туындылардық жанрлық сипатын айқындап алу қажеттігін, өйткені әдебиеттіц әр жанрының өзіне тән функционалдық стилі, ол стилъдің өзіне хас тілдік белгілері болатындығын " ғылыми түрғыда байыптай отырып [4, 531], зерттеушілерге үлкен міндет жүктейді. Ол міндет - Қарасөздің жанрын айқындау. Сөйтіп, міндет қана жүктемейді, Қарасөздің жанрлық сипатын айқындап алу керектігі туралы алғаш рет мәселе де қояды. Өзге ғалымдар болса, өз пікірін ұсынып қана қойып, мәселеніц бүл жағына қатысты ой қозғай бермейтін.

Ғалым "Қарасөздердің" көпшілігі қоғамдъщ-публицистикалық, ғылыми баяндау стилінде жазылғанына назар аудара отырып, өз пікірін қоса ұсынады. Қарасөздің эссе, очерк жанрымен үндестігі де бар дегенге үлкен ой тастайды.

Сонымен қатар, Қарасөз жанры табиғатының қыр-сырын әлі де зерттей нақтылау керектігіне аса мән береді. Қарасөздердің бойында бірнеше жанр элементтері барын абайтанушы Р.Сыздықова және өзге ғалымдар да дәл көрсетеді.

Қарасөздер табиғатын қарастырған еңбек авторларының қайсы болса да жанрлық, стильдік ерекшелігінің күрделілігін айтады. Зерттеулерде озық үлсі - Абайдың таным көкжиегі мен қоғам дамуына сәйкес туған ойлары салалы ғылыми арналарға жетелейтіні дәлел-деректермен нақтыланады, "Қарасөз табиғаты - әдеби жанрдың қайсысына тікелей үйлеседі" - де нақты ұсыныс, түйінді тұжырым беріле қоймайды.

Ғалым Р.Сыздықова Қарасөздердің стилі мен мазмұнына қатысты өзі де білдіре отырып, олардың көпшілігі қоғамдық-публицистикалық және ғылыми баяндау стилінде жазылғанына мән береді және "қай тақырыпты жазса да, түгелімен дерлік ағартушылық идеясын ұсынған, мораль мен тәрбиедегі ой-толғамдарын баяндайтын публицистикалық шығармалар" - дей келе, ондағы публицистикалық жанр сипатының басымдылығына түсіреді.

Абайтанушы ғалым М.Мырзахметов Қарасөздерді: "бүкіл қазақ елінің тарихында бұрын-соңды болып көрмеген, жанрлық стильдік

< _елігімен айрықша дараланатын туынды" - деп ерекше бөліп көрсетеді де,

-зіндік сипатының түп тамырын шығыс әдебиетінде өріс алған «намелер»

үрімен сабақтасып жатқан құбылыс деп таниды [197,1416.]. Сонымен

-г. ғалым Қарасөздердің жанрлық түрін анықтауға талай пікірлер

:ғанын, әйтсе де, зерттеушілер пікірі бір арнаға тоғыспағанын да ескертіп

Әрине, оның себебі қазақ әдебиетіндегі жаңа құбылыстың ерекшелігіне,

пығармада бірнеше жанр элементі араласа жүргеніне байланысты екені

к. і" ::.

Абай дүниетанымының әр ғылым саласын саралауға жететін ой өрісіне,

б»"м көкжиегінің кеңдігіне "Сөз" сырын ақтарғанда тәнті боласыз. Әрине, сөз

: нің осы бір өзекті саласынан ғылыми сараптамалық мәлімет іздеп, оның

гсынан ғылыми танымдық деректер ұсынатын дәлелдер талап етпесіміз

"Қарасөздегі" жаратылыстану мен психология ғылымы немесе

• ".■хофия мен саясат саласына қатысты ой-пікірді немесе ондағы көтерілген

...телерді автор өзінің таным-түсінігі деңгейінде байыптады деп

::лдаймыз. Абай ғалым емес. "Ғылымға көңіл бөлген", ғылымды

"ендіктен "ондай болмақ қайда?" - деп айтпайтын, оның "нұрын, сырын"

■уге талаптанған ойшыл. "Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз",

'іҒын, сырын көруге көкірегінде болсын көз" дейтін ұстаныммен келген.

■ымы терең Абай әр саладан ой қозғайды: Абай ой-өрісіндегі этикалық

іениет деңгейі "Этическое воззрения Абая" (1970 - Ғабдуллин Б.); ұлы

"Чепылдың философиялық әлемі "һакім Абай, Абай туралы философиялық

-•тат" (2004 - Есім Ғ.) сияқты ірі зерттеулер өзегіне айналды. Абай

•мрасының эстетикалық бағдары "Абай эстетикасы және Ислам"

"> ырыбында (1999 ж. - Әлқожа Қ.); "Абай и литературно-эстетическая связь

X века" (1992 ж. - Есенжанов X.); "Эстетическое в творчестве Абая" (1979 г.[4,532]. Сонымен қатар, Қарасөз жанры табиғатының қыр-сырын әлі де зерттей түсу, нақтылау керектігіне аса мән береді.

Қарасөздердің бойында бірнеше жанр элементтері барын абайтанушы М.Әуезов, Р.Сыздықова және өзге ғалымдар да дәл көрсетеді.

Қарасөздер табиғатын қарастырған еңбек авторларының қайсы болса да оның жанрлық, стильдік ерекшелігінің күрделілігін айтады. Зерттеулерде озық ой иесі - Абайдың таным көкжиегі мен қоғам дамуына сәйкес туған ойлары сан-салалы ғылыми арналарға жетелейтіні дәлел-деректермен нақтыланады, алайда "Қарасөз табиғаты - әдеби жанрдың қайсысына тікелей үйлеседі" -дегенге нақты ұсыныс, түйінді тұжырым беріле қоймайды.

Ғалым Р.Сыздықова Қарасөздердің стилі мен мазмұнына қатысты өз пікіріне білдіре отырып, олардың көпшілігі қоғамдық-публицистикалық және ғылыми баяндау стилінде жазылғанына мән береді және "қай тақырыпты қозғаса да, түгелімен дерлік ағартушылық идеясын ұсынған, мораль мен тәрбие жайындағы ой-толғамдарын баяндайтын публицистикалық шығармалар" [4,533], - дей келе, ондағы публицистикалық жанр сипатының басымдылығына екпін түсіреді.

Абайтанушы ғалым М.Мырзахметов Қарасөздерді: "бүкіл қазақ әдебиетінің тарихында бұрын-соңды болып көрмеген, жанрлық стильдік ерекшелігімен айрықша дараланатын туынды" - деп ерекше бөліп көрсетеді де, оның өзіндік сипатының түп тамырын шығыс әдебиетінде өріс алған «намелер» дәстүрімен сабақтасып жатқан құбылыс деп таниды [197,1416.]. Сонымен қатар, ғалым Қарасөздердің жанрлық түрін анықтауға талай пікірлер айтылғанын, әйтсе де, зерттеушілер пікірі бір арнаға тоғыспағанын да ескертіп өтеді. Әрине, оның себебі қазақ әдебиетіндегі жаңа құбылыстың ерекшелігіне, бір шығармада бірнеше жанр элементі араласа жүргеніне байланысты екені белгілі.

Абай дүниетанымының әр ғылым саласын саралауға жететін ой өрісіне, таным көкжиегінің кеңдігіне "Сөз" сырын ақтарғанда тәнті боласыз. Әрине, сөз өнерінің осы бір өзекті саласынан ғылыми сараптамалық мәлімет іздеп, оның авторынан ғылыми танымдық деректер ұсынатын дәлелдер талап етпесіміз анық. "Қарасөздегі" жаратылыстану мен психология ғылымы немесе философия мен саясат саласына қатысты ой-пікірді немесе ондағы көтерілген мәселелерді автор өзінің таным-түсінігі деңгейінде байыптады деп қабылдаймыз. Абай ғалым емес. "Ғылымға көңіл бөлген", ғылымды сүйгендіктен "ондай болмақ қайда?" - деп айтпайтын, оның "нұрын, сырын" көруге талаптанған ойшыл. "Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз", "нұрын, сырын көруге көкірегінде болсын көз" дейтін ұстаныммен келген. Танымы терең Абай әр саладан ой қозғайды: Абай ой-өрісіндегі этикалық мәдениет деңгейі "Этическое воззрения Абая" (1970 - Ғабдуллин Б.); ұлы ойшылдың философиялық әлемі "һакім Абай, Абай туралы философиялық трактат" (2004 - Есім Ғ.) сияқты ірі зерттеулер өзегіне айналды. Абай көзқарасының эстетикалық бағдары "Абай эстетикасы және Ислам" тақырыбында (1999 ж. - Әлқожа Қ.); "Абай и литературно-эстетическая связь XIX века" (1992 ж. - Есенжанов X.); "Эстетическое в творчестве Абая" (1979 г.

Қалмырзаев А.) сияқты зерттеулерде қарастырылды. Педагогикалық тәрбие бастауы, психологиялық сезім-күй тереңдігі "Педагогические взгляды Абая Кунанбаева" (1990 - Шаймерденова К.); "Философские, психологические, педагогические взгляды Абая Кунанбаева" (1957 г. - Тажибаев Т.Т.) еңбектерінде өз дәрежесінде зерттеу нысанына алынған [205-212]. Бүл жанрдың жалпы концепқиясын анықтау - біздің әдебиеттану үшін де көкейкесті деуге болады.