- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
"Дүниенің тілдік бейнесі" ұғымы XIX ғасырдың басында В.фон.Гумбольдт еңбегінен бастау алады. Дж.Лаккоф, Я.Вайсбергер, Э.Сепир, Б.Уорфтың ғылыми еңбектері арқылы бұл мәселе одан әрі өзінің заңды жалғасын табады [69; 7; 70]. Орыс тіл білімінде В.Н.Телия, Е.С.Кубрякова, Ю.М.Караулов, А.А.Уфимцева, В.И.Постовалова, А.Вежбицкая, Н.Д.Арутюнова зерттеулерімен арнасын кеңейтіп, әр қырынан толыға түсті.
Ғалымдар пікірінде дүниенің концептілік және тілдік бейнесін айырып тануды қажет етеді. Дүние туралы білімдер жиынтығы әр түрлі тілдік формада ұсыныла отырып, әр қилы терминдермен аталады "дүниенің тілдік моделі", "дүниенің тілдік бейнесі" т.б. Бүл теорияны алғаш рет неміс ғалымы Л.Вайсбергер В.фон Гумбольдтың тілдің ішкі формасы ілімін негізге ала отырып, қалыптастырады.
Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде оның санасында сәулеленген әлем бейнесі дүниенің тілдік бейнесі деп аталады. А.Ислам: "Дүниенің тілдік бейнесі тілде көрініс тапқан, жалпы ұлт өкілдеріне ортақ, ұжымдық, ұлттық мәдени тәжірибе негізінде жинақталған білім жүйесі. Дүниенің тілдік суреті феномені тіл мен ойлаудың өзара қатынасын танымдық (когнитивтік) ғылым шеңберінде қарастыру қажеттігінен туындайды" [24,136.], -деген пікір білдіреді.
Шынайы дүниенің тілдік бейнесі адам санасында логикалық әр түрлі сипатта бейнеленуі мүмкін дедік. Оның себебі, жалпы алғанда, тіл иесі халықтың рухани деңгейіне байланысты болса, жеке алғанда, адамның ой-өрісі, таным-тәжірибесінен келіп шығатындығы және ақиқат.
Белгілі ғалым Н.Уәли дүниенің концептуалды бейнесі логикалық-прагматикалық, позитивтік танымға, әлеуметтік тәжірибеге негізделеді деген сараптама жасайды [25,156.], шындығында, таным нәтижесі әр түрлі бейнелермен астасып, өз табиғатын барынша айқын, әрі дәлелді етіп ұсыну мүмкіндігіне ие болады.
Тілдік тұлға сыртқы әлемді танып біліп, санада таңбалайды. Барша адамзатқа ортақ әлемнің әр этностың өмір тәжірибесі мен мәдениетіне сәйкес айқындалған және ұжымдық санасынан берік орын алған өзінің танымдық кешені болады. Дүниенің тілдік бейнесі өзінің қоғамдық функқияларын толық атқара алатын, нормаланған, әдеби көркем тіл арқылы кескінделгенде ғана толымды шығады. Дүниенің тілдік бейнесінің "суретін салатын" құрал -лексемалар этно-мәдени ақпаратқа "толы" болу керек. Тіл тұтынушы мен тіл жеткізуші қоршаған әлем туралы пайымын өз ұлттық ұғым-түсінігі шеңберінде жеткізгендіктен, дүниенің тілдік бейнесінен ұлт ерекшелігі айқын аңғарылып тұрады. Ол дүние - ғалам туралы көзқарасын ұлт тілінің құралдары арқылы танытады, ал осы сабақтастықтың нәтижесінде ұлт мәдениетінің қалыптасатынын белгілі. Концептілік талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат иеленген, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен "жүздесуге" мүмкіндік алуға болады. "Ұлттық өзіндік бейне" дейтін себебіміз әрбір этнос өзін қоршаған әлемді тек "өз көзімен" көріп, өзінің түсінігіне жақын мазмұнмен толтырады [71;72]. Дүниені бағалаудығы өз ұлттық ерекшелігін белгілейді. А.Ислам "¥лттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті" зерттеуінде дүние суреті "концептуалды (логикалық) және тілдік үлгілер формасымен берілетін санамен тікелей байланысты дүние туралы білімдер жиынтығы" [24,12] - дей отырып, адамның танымдық іс-әрекеті, ұлттық мәдениеті негізінде түзілетінін талдайды.
Тілдік сана иесі өз тілінің семантикалық өзегі арқылы ойын нәрлендіріп отырады. Ол ой ұлттық мінез, бітім-болмыстың көрінісі ретінде сөз формасы -"ойдың жамылғышы" арқылы - бейнелі, сөз-суретке айналады, басқаша
айтқанда, ұлттық өмір тәжірибесін бойына сіңірген, эмпирикалық тэжіриебелер
I - еездер - ДүН„е ТураЛЫ "сеЙЛеН кетеді, Т_ „ІН КеРсеТеДІ. ТІД -
(дүниені игеріп, тану, сол танылған бейнені және ұлттық дүниетанымды анықтау міндетін атқарады.
Жаңа ұғымның пайда болуы - оны қалыптастырушы тіркестердің метафоралана қолданылу нәтижесі болып табылады. Жаңа, тың мазмұн сөздің ішкі формасын басшылыққа ала пайда болып, сол ішкі форманың әрі қарай мағыналық дамуына қозғау салады. Жаңа тіркес, тың ой, сөздің ішкі мағыналық құрылымындағы ой-сәуле, бейне-образ арқылы уәжделеді.
Субъект пен атаудың арасындағы байланыс сипатын ашу арқылы жаңа окказионалды таңбаның уәждемесін анықтауға мүмкіндік аламыз. Ал анықталған сол уәждеме жаңа бейнені бұрынғы мазмұннан ерекшелеп, ажыратушы дифференқиялаушы сема рөлін атқарады. Әрине, уәждеме мен сөздің ішкі мәні тығыз бірлікте қаралады. Зерттеуші И.С.Торопцевтің жіктемесін басшылыққа ала отырып: 1) мазмұн арқылы уәжделу, 2) қасиет-белгі арқылы уәжделу; 3) ұқсату арқылы уәжделу түріне сүйенеміз [73,1296.] . Әдетте, бүлайша жіктеу сөздің ішкі мүмкіндігіне жүгініп, интралингвистикалық факторлармен шектелгендікті көрсетеді. Дүниенің тілдік бейнесі қоршаған әлемдегі сан алуан құбылыстар ықпалын толық игергенде ғана толымды болатыны белгілі. Олай болса, тілдің ішкі заңдылықтарымен қатар, экстралингвистикалық факторлар әсері де ескерілуі тиіс.
Белгілі тілші-ғалым Н.Уәли бейнелі - аялық негіз деп белгілеген бағытты жоғарыда аталған уәждемелермен бірлікте қарастыру қисынды болмақ, өйткені аялық білім ұлттық болмыстан, әлеуметтік орта жағдайынан мәлімет жеткізеді [25,11-126.].
Таным нәтижелері таңба арқылы белгіленеді. Әр тілде сөйлеуші дүниені әрқалай қабылдайтыны (Э.Сепир, Б.Уорф) өз алдына, әр тілде сөйлеуші нақты бір дүниені әрқалай суреттейді. Адам қоршаған ортаны ой-санасы арқылы зерттеп зерделей алады, ал оның нәтижесін тиісті модельге, нақты бейнеге түсіреді, яғни концептуализақиялайды [74; 70].
Дүние туралы ақпаратты тілдік таңбаларға түсіру - дүниенің бейнесін сөз арқылы белгілеу болып табылады, яғни дүние бейнесін "рәсімдеу" деп ұғу керек. "Рэсімделген" ақпарат - дүниенің тілдік бейнесі деп аталады. Тіл тұтынушы дүниенің тілдік бейнесі арқылы және оның тілдік жүйеде таңбалануы арқылы өлшеусіз құнды ақпарат ала алады. Тілдік таңбалар -ақиқат дүние мен одан туатын бейненің арасын дэнекерлеуші. Біздіңше, дүниенің тілдік бейнесі - адамның әлем туралы жинақтаған ой жүйесінің, танымының сөздегі суреті.
Тіл - адамның уақыт пен кеңістіктегі өмір тәжірибесінен алынған реалды шындықты қабылдаушы.
Тілдік семаның тілдік бірліктер арқылы берілетін рухани және материалдық құндылықтары тілдің барлық деңгейлерінде көрінеді. Бүл құндылықтар халық тарихы мен тұрмысына терең орнығып, оның паремиологиясы мен фразеологиясы, сөздік қоры мен ондағы сөздердің бояу-реңктері арқылы көрініс беріп жатады. Сондықтан да, Абайдың тілдік тұлғасындағы халықтың мәдениетімен, оның бір көрінісі тұрмыс-салтымен тығыз байланысты когнитивтік құрылымдарды талдаудың маңыздылығы даусыз. Абай шығармашылығының мәтіні арқылы лингвомәдени тілдік бірліктердің ұлттық мәдени сипатын ашу - басты мақсаттың бірі. Бүл мәселелер жұмысымызда "Абай шығармаларындағы ұлттық дүниетанымның берілу жолдарына" байланысты жан-жақты сөз етіледі. Сонымен бірге Абай дискурсының лингвокогнитивтік, прагматикалық деңгейіне дискурстық талдау жүргізуге байланысты зерттеу барысында тілдік бірліктердің прагматикалық әлеуетіне, авторлық интенқияға т.б. қатысты сөз етіледі.
Абайдың тілдік тұлғасында әлемнің ұлттық тілдік бейнесі ұлттың өз дүниетанымына сәйкес қабылдауымен тікелей байланысты алынған, басқаша айтқанда, ұлттың өзіне тән дүниетанымы мен қабылдауында оның өз әлемінің тілдік бейнесі сомдалған. Автор өз қабылдауының эстетикалық-этикалық ереже-қағидаларын түзген. Ойлау тілде көрініс тапса, керісінше, тіл де ұлттың ой жүйесіне өз таңбасын салады, ягни концептуализақиялаудың өзіндік (ұлттық) тәсілін көрсетеді. Тіл иесі қай тілде ойланса, сол тілдің мүмкіндігін дүниені тану мен танытуға үтымды пайдаланады. Мысалы, ¥лы суреткердің "Қыс" өлеңі - ұлттық болмысты барынша жеткілікті дәрежеде көрсете алған туынды. Біріншіден, Қыс - қазақтың кінэмшіл, мазаң, қартаң құдасы образында келіп, өзінің мінез ерекшелігін және көрсетеді. Дүниенің тілдегі бейнесі ауыспалы мәнде метафоралы қолданыс арқылы танылады ("Кәрі құдаң - қыс келіп әлек салдъГ. Екіншіден, ол өзінің сыртқы бейнесімен, киім киісімен-ақ қазақтың болмысына енген: Үшпадай бөркін киген оцшырайтып... Бөрік этномәдени лексемасы арқылы ұлттық бояу қоюлана түседі. Нағыз "қазақтың қысы", қазақ даласының аязы деген ақпарат жеткізілген. Белгілі бір лингвомәдени қауымдастықтың дүниені тануы осы лингвобірліктер арқылы кумулятивтік функқияға ие болған. Абайдың табиғатқа жан бітіріп, кейіптеу арқылы суреттеуі өзіне дейінгі әдебиетке етене таныс болмаса да, Абайдан бастау алған дәстүр сабақтастығы өзге ақындарда белсенді сипат иеленген. Мысалы, М.Мұқатаевта: Қырсық шал циғылықты салды-ау дейсің, Бала жігіт қызарып қалды-ау дейсің. Ақ таяғын тоңға үрып, аппақ бөркін
Ашулы шал бір сілкіп алды-ау дейсің " - болып берілген. Қаһарлы қыс - "қиғылық салған қария - қыс" бұнда да жүр. Айырмашылық: көктем бейнесіндегі бала жігіттің араласуы ғана. Кәрі қыс - шал, оның басындағы бөркі, басын сіліксе мазаңды алуы - бәрі қысты нағыз "қазақ етіп" типтендірген.
Зерттеушілердің анықтағанындай, түрлі нысандарда (оның ішінде, көркем мәтінде) ұлттық мәдениеттен ақпарат жеткізетін вербалды, бейвербалды таңбалар сақталады және ол дереккөздердің кейбірі ұлттық болмысты тасада, «жасырын» ұстаса, кейбірі ашық-айқын көрсетеді. Мысалы, көркем мәтіндегі домбыра, күйлі, күйсіз бәйге, асық ұтыс, ат шапан т.б. концептілік конструкқиялардың ұлттық мәдени сема ретіндегі мәдени мәні (әлеуметтік деуге де болады) айрықша өзектене түскен.
Осы тәрізді мәдени-әлеуметтік құндылықтарды түсіну үшін тілдік бейне түршдеп заттық, мәдени лексиканы немесе олардың ұлттық семантикасын анықтаймыз. Ақын өмірінің соңғы жылдарында жазылды деген «Домбыраға қол соқпа» өлеңі - мұң мен сырға толы тағы бір жан сыры. Кэдімгі қарапайым пенде жабырқау көңіліне, қайғыдан қажыған жанына аяулы жарынан демеу күтеді. "Жарым көңілін жағымды қылығымен жамауын өтінгендей" болады: "Сөйлесші жақсы, жағымды, / Мендей көңілі сынықпен; / Сынық көңілім көп кешер, / Майда қолмен ұстасаң" - деп ішіндегі қайғы-дертіне дауа іздейді, өйткені ақын көңілі күйлі, күйсіз бәйгеге / Қажыды көңілім көп шауып, / Көп қиналмай әр неге, / Енді семірт, жем тауып!). Бәйге лексемасының мәні "өмірдегі талас-тартыс, жеңу-үту немесе үлессіз қалу" деген контекстік мағынаны білдіреді, оның "Қазақ халқының дәстүрлі ат жарысы" деген мағыналық өрісі кеңейіп, "еңбекте, өнерде іріктейтін жарыс, сайыс" (еңбек бәйгесі, өнер бәйгесі) семасы да одан әрі толыға түскен. Бұл - тілдік ұжымның когнитивтік санасында орын алған түсінік.
Н.Уәли нұсқағандай, "дүние туралы тілде бекітілген дәстүрлі білімдер типі" деп бағалану керек. Дүниенің концептуалды бейнесі қосымша мәліметтермен толыға түседі.
Қазақ дүниетанымының ұлттық ерекшелігін көрсететін келесі бір ақпарат "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат" шығармасы мәтінінің когнитивті құрылымында сақталған. Әрқайсысы 4 тармақтан түратын, 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған 25 шумақ ішінен біз бір шумағын ерекшелеп аламыз. Онда дүниенің тілдік көркем бейнесі асық ойнау фреймімен менталды берілген. Фреймдік қатынастағы тілдік белгілер ортақ лексика-семантикалық топ құрап, "өмір" концептісінің когнитивтік моделін кұрайды. Фреймнің философиялық астары басым бағыт ұстанғанына көз жеткізе аламыз.
Асық ұтыс сықылды алыс-беріс,
Тірі жанның қылғаны бүгін тегіс.
Бірі көйтке таласып, бірі арам қып,
Төбелескен, дауласқан жанжал-керіс (62) Бүл - еркін, әңгіме-сұхбат түрінде құрылған тағылымы терең шығарма. Өмірден тәжірибесі мол, дүние сырына қаныққан ағаның ақыл-кеңесі риясыз көңілмен жеткізіледі. Өлеңде дос табу, үй болу, елдікті бағалауға байланысты лингвомәдени бірліктердің мәнін апгу үшін ұлттың өзіне тән ділі мен психологиясы ескерілген. Талдауға түскен мәселелерге орай, 25 шумақтан тұратын өлеңнің кейбір шумағын немесе жолдарын еске салуға болады.
...Жолдастық, сұхбаттастық - бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,
Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес...
...Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нэпсіге ерме!
...Жаман тату қазады өзіңе ор,
Оған сенсең бір күні боларсың қор.
Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,
Өзі зордың болады ығы да зор (62).
Байлаулылық пен тұрлаусыздықтың ит жығысында, құндылықтар күнде өзгеріп жатқан заманның құбылмалы мінезі бірде жеңіп, бірде жеңіліс табатын асық ойнына ұқсастырыла беріледі. Автор дүниенің ұлттық бейнесін шынайы образбен беруде этнолексемалардың (асық, көйт, ұтыс) семантикасына сүйенеді.
Асық, ұтыс, көйтке таласу, арам қылу, дауласу сияқты сөз, сөз тіркестері формасында, яғни тілдік бейнеде асық ойнына тән әрекеттер - адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынасты суреттеу мақсатында бейнелі әрі үтымды қолданылған. Тіл жеткізуші осы лингвомәдени код арқылы өмір шындығын дәл беру мүмкіндігін иеленеді. Тіл әрдайым ұжымдық стереотипті, түрақты түсінікті белгілеуші қызметін таныта алса, Абайдың тілдік тұлғасы -соның бір дәлелін ұсынады.
Мәтін лингвистикасының прагматикалық мақсатына сәйкес, тілдік тұлға белгілі бір дәуір шындығын сол кезеңге сәйкестендіре көрсету үшін өз көркемдік әлемінің идиоэтникалық сипатын таныта алатыны - стильдік талап. Сөйтіп, осы қолданыстар арқылы "өмір" концептісінің семантикалық өрісі кеңейіп, мазмұны байи түскен. Мәтін семантикасында жақсылық пен жамандықтың, күн мен түннің алмасуындай жеңіс пен жеңіліс, үту мен үтылыс
- өмір заңдылығы деген стеоретип қағида имплицитті астармен жеткізіледі. Олай болса, "асық ұтыс същылды алыс-беріс" дегеніміз - өмір метафорасы. Мәтіннің когнитивті құрылымындағы мәтін түзімінің (асық ойыны суретінің) тиянақталған бір үзігін толық сипаттаған осы абзақта дүниенің тілдік бейнесі образдың ұлттық сипаты күшейе түскен деуге болады, әрі шынайы суреттелген.
Сөздің коннотативті мағынасы қоғамдық факторға байланысты толығатынына бір дәлелді келесі мысалдан байқауға болады. ¥лт менталитетіндегі лингвомәдени категория ретінде объективтенген этнолексема - ат-шапан. Ол тілде ат-шапан - сый-құрмет, ат-шапан - айып түрінде қолданылып, қазақтың дәстүрлі мәдениетінен хабардар етеді. Семиотикалық таңбаның жеткізетін ақпараты - этноәлеуметтік мазмұнға толы. Қазақтың өзгеден алар ең үлкен сыйлығы - орден, медаль да, алтын-күміс те емес! Ат-шапан! Ұлттық болмысқа лайығы әрі қадірлісі - сол; кисе - киім, мінсе - көлік. Мәдениеті өркендеген батыспен, асыл тастарды әспеттеген шығысқа қарағанда даланың өз пайымы, өз қасиет түтары, тұрмысқа қажетті дүниесі бар. Ұлттық стереотиппен, ұлттық эталонмен тығыз байланысты эстетикалық образ - ат шапан сыйлау (ол міндетті түрде сый-құрмет белгісі болып, стереотипті қалыптасқан).
Абай афоризмдері - ұлттық болмыстан мәлімет жеткізетін тілдік таңба дедік. Көркем ойлаудың ұлттық бояуын бойына терең сіңірген афоризмдер қатарына сауу етістігін тірек етіп алған бірқатар фразаларды алуға болады. Мысалы, Сақалын саткан кәріден еңбегін сатқан бала артық; Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі; Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын - деген афоризмдер дүниенің ұлттық, тілдік бейнесінің фрагменттері, тіпті тұтас бір үзігі болып табылады.
Сауу (бие сауу, сиыр сауу т.б.) - деп, әдетте, сауын малдардың емшегін тартып сүт шығаруға байланысты қолданылатын - қимыл-амал атауын айтады.
Ауыспалы мағынасы, жағымсыз реңкте "пайда көру", "көлденең пайда табу" мәнінде, негізінен, ауызекі сөйлеу тілінде қолданылады. Абайдың тілдік тұлғасындағы концептуалды мазмұн адамның этикалық әдебінен хабардар етіп, әр нәрседен пайда көруге машықтанып алған әккілікті бейнелейді. Тың образдың экспрессиясымен қатар, сингификат мағынасы терең. Мысалы, сүт сауып, өзіне қажетті пайдасын, яғни қорегін, азығын алған шаруа иесі сияқты, өлең кейіпкерлері де ("бір атқа жүз құбылған жүзі күйгірлер де" - Абай) өз пайдасына қулығын жүмсау арқылы ("оны сауу жолымен" - ауыспалы мағына) жетпек болады. Мәтін дискурсының астарында мол ақпарат сақталған. Автор "Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, жетпесе біріңдікін бірің жеткіз" дей отырып, өзінің жеке бас пайдасын қулыққа "айырбастап" алмақ болған көркізділіктен безіндіруге жетелейді. Мәтін прагматикасының осы мақсаты авторлық интенқиямен бірлікте, иллокутивті акті арқылы жеткізілген.
