Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.

Абай шығармаларындағы кейбір этномәдени бірліктердің мәні арқылы кодқа салынған ақпараттар мазмұнын ашу ақынның менталды дүниесі мазмұнын жан-жақты ашуға септігін тигізеді. Шығармадағы тілдік таңбаның денотативті, коннотативті мағынасын білдіру үшін рухани мәдени дереккөздерді саралауға, экстралингвистикалық барлау жасауға тура келеді. Тілдік таңбаның мән-мағынасын жете түсіну үшін халықтың рухани дүниесінен, өмір тарихы мен мәдениетінен жеткілікті ақпарат иеленгенде ғана түсінік толымды болатыны сөзсіз. Тіл тұтынушының тілдік санасында аялык білім үлкен роль атқаратыны белгілі. Ал аялық білім тілдік ұжымның өмір жолында ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі негізінде қалыптасады. "Сөз

авторы өзінің санасында қорытылып, өңделген ақпаратты кодқа салады. Тілдік ұжым мүшелерінің когнитивтік санасындағы білім қорының құрылымы күрделі болып келеді. Олар тілдік білім, тілдік емес білім, аялық білім деп үлкен үш топқа бөлінеді... Тілдік таңбалардың мағынасы адресат-сана мен адресант санада бірдей ұғынылуға тиіс" [25, 126.] .

Экстралингвистикалық мәліметтер халықтың ғасырлар көшінде қалыптастырған болмысын, ұлттың тілдік санасын айғақтайды. Тілдік социумның уақыт көшінде жинақтаған тәжірибесі негізінде туған ұғым-түсініктердің тіл мен мәдениет арақатынасын байыптауда ықпалы зор [148; 149]. Жалпы алғанда, ежелден аңшылық пен саятшылық - көшпелілер үшін күнкөріс тіршілігінің көзі, "үйірімен үш тоғызды" байлатар молшылық белгісі, ат құлағында ойнаған ептілігін, талай жаугершілікте мұқалмаған төзімін, мергендігі мен әдісқойлығын сынайтын "майдан" болып табылады және шетсіз аспан мен шексіз дала сырына одан әрі қаныға беру сәттері саятшылық барысында жүзеге асатыны да белгілі.

Автор қыран құстық күтімі мен келіскен бабына аса мән береді.

Шығарма дискурсында Абайдың "Қыран құс не алмайды, салса баптап" дегендегі "баптау" мәні құсбегілік өмірдің тәжірибесінен алынған, сондықтан авторлық бақылау-қорытынды онымен тікелей байланыс табады. Сөйтіп, Абайдың тілдік тұлғасы қансонардың қызығын қуып, саятшылық өнердің сүлулығына сұқтанып қана қоймай, оның байыбына барып, құстың "тілін тауып", дүрыс баптай білуге де назар аудартатын ақпарат жеткізеді. Мәтіндегі қосымша мәлімет әрі қарай талдауға түседі.

Суреткер ақын "Қыран құс не алмайды салса, баптап?" деген жолдардағы баптау лексемасының денотаттық мағынасын әрі қарай жетілдіре, сигнификативті мағынасын үстемелей көрсетіп, когнитивтік мазмұнын ашады. Мәнмәтіндегі ой: "бабы келіскен, күтімі дүрыс құс болса, ілмейтін (ақ-құс алу) нәрсесі болмайды " дегенді білдіреді. Сигнификат мағына - құсты бағып-қағуда көп мән бар екеніне мегзейді. Өлеңдегі кодқа салынған ақпаратты алу үшін, алдымен "баптау" лексемасының мәнін ұғынып алу керек. Ол үшін сөз дефинициасын анықтап аламыз.

Этнограф ғалым А.Сейдімбек қазақ құсбегілерінің құсын әр кезде әртүрлі бапта ұстайтындығы және өзі қалаған бір бабына келтіру үшін белгілі бір жем түрлерін беретіндігі туралы былай дейді: "Құсбегілер қолындағы құстың жай күйін тамыршыдай бағып отырады да қажет болса, бүркітке "ақ жемді" - жүдету үшін, "тартпаны" - шынықтыру үшін, "қансоқта мен қызылды" - семірту үшін, "сар бөртпені" - құсты бір қалыпта ұстап түру үшін береді..." [150,1386.]. Осы аталған құс жемінің сапа-қасиетін былайша сипаттауға болады. Мысалы:

Жем атауы

Дайындалуы

Мақсаты

ақжем

майдалап турап әбден аппақ шүберектей болғанша, суға шайып, сығымдап бар маңызынан айырған ет;

жүдету үшін

тартпа

малдың немесе аңның желкесі, толарсағы, шандыры сияқты құнары аз, сіңірлі жері;

семірту үшін

қансоқта

туралмаған, қаны сорғалаған кесек ет;

қызыл

құстың қылғып қақшауына оңтайланып туралған қызыл ет

сары бөртпе

Туралған соң суға екі-үш рет шайып, сығып, қан-сөлінен арылтқан ет

Бүркітті баптап ұстаудың бір шарты - тұғыр, томаға, балақ бау, желі бау сияқты оған қажетті мүліктердің дүрыс жасалуына да байланысты. Абай өлеңінің мәнмәтініндегі қыран құс не алмайды, салса баптап деген жолдар осындай баптау түрлеріне (құстың жемі және оның қимыл-қозғалысын реттейтін заттардың ыңғайлы болуына) байланысты қолданылған, бірақ имплицитті, астарлы мәнді білдіреді деп айта аламыз. Оған әрі қарайғы талдау барысында тоқталамыз.

Сол заттардың біреуінің қызметі мен қажеттілігін атап өтсек, құстың бабында болу мәнісінің бірін түсінеміз. Мысалы, балақ бау, біріншіден, қолдағы құсты тұқырта ұстап, орнықты отырғызу үшін керек. Екіншіден, тұғырда мазасыз болмау үшін, үшіншіден, желі бауды өткізу үшін қажет. Дүрыс баулыған, жақсы бап көрген бүркіт тұлкі, қарсақ, қоян алады. Кейбір өжет қырандар қасқыр, киік, арқарға да түседі [150, 1406.] .

Таблиқаларда көрсетілген саятшылықта қолданылатын құрал-жабдықтар атауларын мына еңбектер бойынша [150, 1386.; 151, 556.] ұсынып отырмыз.

№

Атауы

Түсінік

1.

Томаға

Бүркіттің екі көзін саңылаусыз жауып түратын бас киім

2.

Жезтұяқ

Бүркіттің саусақ кемтарлығын толықтыру мақсатымен жезден жасалған тұяқ

3.

Аяққап

Бүркітті саусақтарын тұлкі шайнап тастаудан сақтау үшін әр саусаққа жеке-жеке кигізілетін теріден жасалған саусаққап

4.

Балақ бау

Құстың аяқтарына тағылатын қайыс бау

5.

Аяқ бау

Құстың балақ бауына жалғанатын үзындау жіңішке жіп

6.

Ірге бау

Аяқ бауды үзартуға арналған тиегі бар қайыс

7.

Тобаршық

Ірге баудың бір үшындағы ағаш тиек

8.

Шыжым

Құстың қашып кетпеуі үшін жасалған арқан

9.

Биялай

Бүркітшінің оң қолына киетін қолғап

10.

Балдақ

Құсты ат үстінде алып жүруге арналған тіреу

11.

Тұғыр

Құсты қондырып қоятын орын

12.

Жемсауыт

Бүркітке жем беретін ыдыс

13.

Жем қалта

Аңға шыққанда құстың шақыру жемін салатын қалта

14.

Түтік

Құстың ішіне су және басқа сүйық құюға арналып жасалған аспап

15.

Ырғақ

Асау күсты көндіруге арналған орнықсыз, ырғақты тұғыр

Қыран бүркіт не алмайды салса баптап? - дегендегі баптау мәні нені білдіреді? Біріншіден, ол құстың күтіміне байланысты. Ол үшін тағы да құсбегінің сырына құлақ түрген жөн: "Қырандардың әрқайсысы күніне 1 келі ет жейді екен. Ал бүркіттің бүйірі бұлтиып, тойып тұрмаса ешуақытта тұлемейді. Тұлемейді деген сөз, спортшылардың тілімен айтсақ, "формасында емес" дегенді ұқтырады. Мәселен, құсбегілердің сөздік қорында былайғы адамдар біле бермейтін кемтұлек деген сөз бар. Мысалы, қыран құс тоғайып тұрған кезінде "жүр, құсыңды аңға салайық" дегендер көп болады. Ондайлар шыжып тұрған ыстыққа да қарамайды. Сол кезде бүркітті көлікпен ары-бері алып жүруге тура келеді. Бүркіт машинаға салып жүргенді көтере алмайды. Соның салдарынан бүркіт "бұзылады". Бұзылу, яғни бабын жоғалту. "Бұзылған" бүркіттің тұлеуі қиындайды. Міне, соларды кемтұлек деп атайды".

Баптау мәні бір қарағанда осылай танылуы тиіс. Ал өлең идеясы одан мәнді ой ұсынады. Шығармадағы ұлттық болмыс, ұлттың рухани моральдық өлшем-дәрежесі белгілі бір жағдайға байланысты сөз етіледі. Мысалы, адами құндылықтардың сапасы имплицитті (жасырын) берілген "Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап" деп басталатын өлеңде астарлы аз сөзге, көп мағына сыйған. Өлеңдегі ой өрісінің өзегі метафоралық құбылту қалтарысында тұр. Бір қарағанда, саятшылық-аңшылық өмір қалпына толықтай сәйкесетін жағдаяттық (ситуақиялық) сурет мазмұнының баяндары басқа, өлең өзегінде өзге ой тұр. Өлең "Басқа сая, жанға олжа дэнеме жоқ", босқа далақтап жүрген қайран елдің жайынан хабардар етеді. Оның мысалы ретінде не өзі алмайтын, не қыранға алдырмайтын қарға мен күйкентайдың күйкі тірлігіне, соған мэз болған иесінің ессіздігіне күйінеді. Болымсызға риза болған, болмасты медет еткен бос дарақы, даңғойлыққа бой алдырма! деген қаупін Жиырма алтыншы Қарасөзінде де білдіреді.

Қыран бүркіт не алмайды, / салса баптап?

/ Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.

...Қыран шықса қияға жібереді / Олар да екі кұсын екі жақтап.

Қарқылдап қарға қалмас ат жағынан /

Өзі алмайды, қыранға алдырмайды. / Күні бойы шабады бос салақтап.

Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса, / Қуанар иелері сонда ыржақтап.

Не таптық мұныменен деген жан жоқ, / Түні бойы күпілдер құсын

мақтап.

Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ, / Қайран ел осыменен жүр

далақтап.

Мәтіннің соңғы екі жолында ақын танымының түйіні тұжырымдалған. Бос мақтанға салынып, парықсыздықтан шаршамайтын пенденің күлкі баққан қылығына бағалауыштық лексика мазмұны арқылы мінездеме жасайды. Өлең -құс салу өнеріне берілген баға емес, өмір мәнін парықтай білуге үндеу сияқты. Ол - прагматикалық функқия иеленген синтаксистік тұтастық.

Құс салып, аң аулаудан философиялық "астар іздеген" шығармашылық мәнмәтін ақиық ақын М.Мақатаевқа да тән:

Көзді арбап қызықтырған бүл фэниді, / Тұлкі деп бұрынғылар шын айтады.

Жүтынған құмарыңды жояр алдап,/Жалт беріп сайқал тұлкі қояр арбап, Сонардан қасқыр да емес, тұлкі де емес,/Қайтасың бірді-екілі қоян аулап...

(М.Мақатаев "Сонарда").

Мәнмәтіннің айтары: тұлкі бүлаң тірлікте өзіңе лайық үлесіңді ала алмай, босқа қармануың да мүмкін екендігіне меңзеу.

Аллегорияға алынған тұлкі-дүние образы көзді арбау, құмарыңды алдау, жалт беру, сайқал тұлкі, арбап қою сияқты синтагмалар арқылы қу тұлкінің қылығындай өте дәл, шынайы сомдалған.

Екі мәнмәтін мазмұнындағы ой ортақтығы, екі ақын дүниетанымындағы ой үндестігі, дүниенің тілдік бейнесінің таңбалануындағы сурет ұқсастығы таным-^тіл-^мддениет сабақтастығын айғақтайды. Алғашқы мәтінде босқа алданып жүру ("басқа сая, жанға - олжа жоқ") мәні басым болса, екіншісінде алданып қалу ("жүтынған құмарды жояр алдап") мәні басым түр. Бірінде іс-әрекет созылыңқы, екіншісінде іс-әрекет тез өте шығады. Басқа өзгешелік жоқ деуге болады.

"Қыран" концептісінің мәні.

Абайдың тілдік тұлғасындағы "қыран бүркіт" концептісінің мәні толықтай ашылу үшін оған қатысты танымдық деректер толымды болу керек деп есептейміз. Әрине, құсбегілер қауымы мен қыран бүркітті жеті қазынаның біріне санаған қазақ этномәдени ортасының білетін мағұлматы мол. Ұжымдық санадағы құнды ақпаратты Абай тілдік тұлғасы мәтін семантикасында кеңінен пайдаланған, оның объективті уәжі "тілдік ұжым мүшесі өз тіршілігінің әр сэтін ой елегінен қайыра өткізіп, өзінше ой түйіп, қорытынды жасағанда өзі өкілі болып отырған тіл иесі халықтың (этностың) ғасырлар бойы сүрыптап жинаған білімдерінің жиынтығын санасына өлшем етуімен" [78,1996.] байланысты болатыны ақиқат.

Жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйреткен қазақ дәстүрінде ең бір қасиет түтқаны - қыран бүркіт. Текті құстардың бірі саналған қыран қиырдағыны тез шалатындығына, қалт еткенді қаза жібермейтін көргіш-қырағылығына байланысты ерекше құрметтелген. Қазақ құс бегілері құстың сырт-бітіміне, мінезіне, мекен-жайына, тегіне қарай ат қояды: "Ақиық", "Кекшіл", "Жаяу Мүсаның көк мойыны" т.б. Мысалы, "Тулақтың шолағы" -бүл құсты Абай ақын бес құлынды бие беріп алған екен дейді.

"Қазақ құсбегілері бүркітті жасына қарай атайды. Жас ерекшелігіне қарай бүркіт былай аталады: бір жас - балапан құс", екі жас - түбіт, үш жас -тірнек, төрт жас - тас тұлек, бес жас - мүз балақ, алты жас - көк түбіт, жеті жас - қана, - деп ...осылайша он бес - жиырма жасқа дейін атала береді [150,1406.].

Қазақтың рухани әлемінде жеті қазына қатарына: ер жігіт сүлу эйел, ақыл, білім, берен мылтық, жүйрік ат, жүйрік тазы жататыны белгілі. Сол қазына байлығының барша қадір-қасиетін білетін қазақ танымы қыран бүркіт жайлы былай дейді: ... "алты жастан асқаннан кейін бүркіттің обалына қалмай, еркіне жіберу керек, өйткені оның жаны мен тәні де үрпақ өсіргенді қалап,

аңсайды. Оның да өсіп-өніп, үрпақ жаюға құқы бар. Сондықтан қыран бүркіттің дер шағында еркін самғап қалғаны жақсы, әйтпесе күнэсі ауыр болады". ("Е.Қ.", 26.09.07 ж.)

Шындық болмыстағы белгілі бір құбылысты айқындап отыратын халық даналығы - мақал-мәтелдердің семантикалық құрылымында да осы ойлар сақталған. Мысалы: "Қыран қияда өледі", "Қыран қияда тұлейді" т.б.

Қазақ сөзінің зергері ұлы Ғабит Мүсіреповтің қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының классикалық үлгісі болып танылған "Қыран жыры" туындысы барлық адамзат атаулыға ортақ ізгі мақсат - үрпақтар сабақтастығын түйіндеп берген... Салихалы ойға, философиялық толғанысқа түнған осы шығармада ғибратты тағылымы, эстетикалық әсері күшті мынадай жолдар бар: ... "Аңшы көзі ғана шалар биік аспанда екі қыран сайыс салып жүр екен. Қыран құс көкте шағылысады. Оның алды үзаққа созылатын үлкен сайыс. Болашақ ана, болашақ әкенің бар тауқыметін танып болмай, бойына дарытпайды оны. ...Қыран баласына дүние әрі кең, әрі тар. Достары да аз емес, жаулары одан да көп. Азияның аязына, Африканың ыстығына шыдар үрпақ керек. Қарны тойса қалғып сала бермейтін үрпақ керек. Қыран баласы осыны ойламай біледі. Қыран баласы осыны ойламай істейді. Оның аты — табиғат тылсымьГ (270).

"Қансонарда бүркітші шығады аңға" шығармасына фреймдік талдау.

Фрейм-сценарийлер нақты бір лингвомәдениеттанымдық ақпаратты жүйелі түрде қабылдауға ыңғайлы болып келеді, сондықтан осы өлеңді лингвокогнитивтік талдау барысында фреймдік жіктемені басшылыққа аламыз.

Алдымен "фрейм" ұғымына қысқаша сипаттама беру орынды болмақ. Мәдени мазмұны толымды, мол ақпарат жиған динамикалық фреймдер халықтың этникалық мәдениетінен құнды мәлімет береді. Когнитивтік құрылымдар аясы өте ауқымды. Ой бейне, схема, фреймдер - әртүрлі мәдени ақпараттардың, "мәліметтердің" жиынтық қоры, сонымен қатар, белгілі бір социумның уақыт пен кеңістік шеңберінде алғандағы дүниенің тілдік бейнесі, яғни лингвомәдени танымдық ақпараттар жүйесі. Концептілік құрылымның когнитивтік бірлігі болып табылатын фреймдерде реалды дүние жайлы мол ақпарат жинақталады. Когнитивтік санадан орын алған бүл "ақпараттар жүйесі" дүниенің тілдік бейнесінің динамикалы бір көрінісі болып таңбаланады. Фреймдер - бір-бірімен жүйелі, логикалы байланыста сабақтасқан тіл мен мәдениеттің ұлттық сипаттағы көрсеткіші, немесе әлеуметтік мән иеленген іс-әрекеттердің тізбекті байланысы. Автор қандай да бір жағдаятты таныту үшін бұрыннан мәлім мәліметтерді өз таным-түсінігіне қарай сүзгіден өткізе қолдану - фреймдерге тән қасиет екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденуде. Оның негізін қалаған Минский [152,1526.].

Абай шығармаларындағы фреймдер 1) қазақ халқының өмір сүру салтындағы дүние бейнесін танытуға мүмкіндік береді, бұларда бүтіндей бір ұлт мәдениеті бейнеленген; 2) ұлттың мәдени-тұрмыстық, қоғамдық когнитивтік санасынан ақпарат береді; 3) ұжымдық санада стеоретип, этикет түрінде қалыптасқан мәдени семиотикадан хабардар етеді.

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан тұлкі табылар аңды аңдағанға.

Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға

Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,

Сағадан сымпың қағып із шалғанда.

Бүркітші - тау басында, қағушы - ойда,

Іздің бетін түзетіп аңдағанда

Томағасын тартқанда бір қырымнан,

Қыран құс көзі көріп самғағанда.

Төмен үшсам тұлкі өрлеп құтылар деп,

Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға...

...Қанат, құйрық суылдап, ысқырады,

Көктен қыран сорғалап құйылғанда (39 б.)

Өлең мәтінінің құрылымы мынадай тезаурустар тізбегінің мағыналық байланысынан түзілген фреймдерден тұрады: Қансонарда, жақсы ат, ыңғайлы ықшам киім, тату жолдас, із шалу, бүркітші, іздің бетін түзеу, томағасын тарту, қыран құс, қанды көз, қайқаң қагу, қанат-құйрығы суылдау, құсы да, иесі де қораздану, алпыс екі айлалы тұлкі алу, "үйірімен үш тоғыз ", жанына байлау, көңілі жайлану, құс салу. Осы динамикалық фреймдер саятшылық, құс салу сияқты тұрмыстық салт-дәстүрден көзбен көргендей, қолмен ұстағандай етіп анық та дәл этномәдени ақпарат береді. Фрейм-сценарий бірнеше ірі көріністерден тұрады және когнитивтік құрылымына қарай тағы да іштей үсақ, бірақ мәнді бөліктерге ажыратылады. Мысалы, 1) Әуелі қансонарда бүркітшінің аңға шығуы: а) оның жақсы аты; э) ықшам киімі; б) жақсы жолдасы болуы - аңшылықтың сэтті өтуінің бір кепілі. 2) Баптаған құсын аңға жібереді: а) бүркітші тау басында; қағушы ойда; э) іздің бетін дүрыс бүру; б) құстың томағасын тарту; в) құсы да эккі, қайқаңдап аспанға бір-ақ көтеріледі, төмен үшпайды. 3) Бүркіт аңға шүйлігеді: а) тұлкі де шыбын жанға талас қылады; э) қыран жарқ-жүрқ етеді, қанат, құйрығы суылдайды, алысады. 4) Алпыс екі айлалы тұлкіні алғанына құсы да, иесі де қоразданады: а) тымақты сілке кию; ә) насыбайды жайлана ату; б) көңілі жайлану. 5) Ерекше эмоқиялық күйге бөлінеді: (құмары қанып, бір жасайды, көңілі жайланады). 6) "Аңшылық - сүм жалғандағы бір қызық іс" (алайда, "Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?" - деген өлеңде аңшылықтың мәні басқа қырынан алынады - бүл туралы төменде кеңірек әңгімелейміз).

Шығарманың когнитивтік мазмұны жеткілікті болу үшін "сонар" концептісінің мәнін ашуды мақсат еттік.

Сонар (дәстүр). Бүл - аңшылар үшін өте қызықты сэттердің бірі. Қыстың тынық күні үлпа қар жерге түскенде жүрген аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар бүл күнді осыға күтіп жүреді де, ізіне түскен аңды күтқармай соғып алады [153,456.].

Сонар сөзінің "жаңа жауған үлпа қардан кейінгі аң аулауға шығатын мезгіл" деген мағынасын академик Ә.Қайдар әрі қарай тереңдетіп, нақтылай түседі, яғни "алғашқы қардан кейінгі тым-тырыс уақыт" деген мағынада

қабылдайды. Абай шығармасында сонар, қансонар қалың қар түскендегі аңшылыққа байланысты қолданылады.

Бүл деректер Абай өлеңінде өзінің шынайылығымен аса көркем сипатталады:

"Ауылдан алысырақ жерден бірнеше күн қона жатып аң аулауды салбурын деп атайды. Салбурынға, әдетте, бірнеше адам боп бірігіп шығады" ( 123). Айлап-апталап аңшылық құруды салбурын деп атайды. Онда «бес қаруы» сай саятшылар атағына, жасы мен біліміне қарамай түгел міндетті түрде құсбегіне бағынады: Құсбегі салбурынға қатысушыларды бірнеше топқа бөліп қояды. 1) тұрғышылар - бүркіт ұстап биікте түрушылар; 2) қагушылар - аң жүретін жерді тінте сүзіп қуып шығушылар; (Абайда - "бүркітші тау басында, қағушы ойда"); 3) тосқауылшылар - қашқан аңды таулы-тастақты жерлерден қайтарып, жасқап түру үшін жолын тосушылар; (Абайда - "тастан тұлкі табылар аңдағанға"). 4) ізшілер - аңды ізіне түсіп жүріп, бойын көрушілер (Абайда - "сағадан сымпың қағып із шалғанда" деп келеді); 5) қызылшы немесе бақыршылар - қоста қалып ас эзірлеушілер немесе аң-құсты союшылар. Бүл топтың қай-қайсысына болса да, төзімділік, іскерлік, сабырлы әрі ұйымшылдық, ауызбіршілік тән болуы керек. Абай айтқан "тату жолдас - бір ғанибет" деген осы шығар.

Фрейм-сценарий көрсеткеніндей, өлең авторы "Қансонар" концептісінің қыр-сырын жетік меңгерген, ұлттық саятшылық өнерден де танымы терең. Дәлелге жүгініп көрелік:

1. Ол қыран құс мінезін жетік біледі. Қазақ күсбегілері бүркітті "қыр құсы" немесе "таулы жердің құсы" деп бөлген. Оған себеп бүркіт ұясын тау сілемі немесе орман алқаптарында салуына байланысты. Белгілі этнограф ғалым, қазақ мәдениетінің білгірі А.Сейдімбектің этнографиялық деректерге сүйене отырып баяндалған, "терең оймен жазылған" (Ә.Марғұлан), тамыры терең мәдениет туралы толғауы "Күмбір-күмбір күмбездер" еңбегінде аңшылық-саятшылықтың қыры мен сыры да кеңінен сөз болады. Этнограф-ғалымның айтуы бойынша, "Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған түрі -аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, салбурынға шығу". Бүркіт аңға үш түрлі түседі: бірі - шаншыла, екіншісі - сыпыра, үшіншісі - іліп түседі [150,132-1366.].

Келесі бір этнографиялық мәлімет бүл айтылғандарды толықтыра түседі. Кэнігі құсбегілердің айтуынша, тау бүркіті, шөл бүркіті деген түрлері болады екен: "Тау бүркіттеріне қарағанда, шөл бүркіттері сәл де болса кішілеу келеді. Бірақ мінезі қаталдау. Соған орай үшымы жылдам, шалт болады. Тау бүркіті жай қозғалады, ол, әсіресе, нысанасына биіктен "құлағанға" құмар. Сорғалай аққан сэті керемет. Ал шөл бүркіті "бесаспап жауынгер" сияқты қиядан да шалады, ойдан да алады. Сондай жеңіл құс" ("Е.Қ.", 26 қыркүйек, 2007 ж.).

Құсбегілік сырына бала жасынан қанық, ата-баба өнеріне ден қойған Жапар Сатылғановтың саятшылық туралы осы әңгімедегі сыры (тау бүркіті биіктен құлағанға құмар...) Абай шығармасындағы "қанды көз қайқақ қағып шықса аспанға" деген жолдармен үйлеседі. Ал Абайдың "Қанат, құйрык суылдап, ысқырады, / Көктен қыран сорғалап құйылғанда" деген суреті мен

құсбегі көрсеткен "сорғалай аққан сэт" керемет дәлдік тапқандай. Бүл - көркем мәтін мазмұны дүниенің тілдік бейнесі бола алғандығына және автордың аялық білімінің кеңдігіне дәлел бола алады.

Этнограф-ғалымдар текті кұстардың, қыран бүркіттердің бітім тұлғасының, сыртқы түр-түсінің ерекшелігіне де назар аудартады. Олардың таранып сыланғаннан кейінгі эсем келбетін былайша суреттейді: "... тұғырдағы сабырлы кейпіне зер салсаңыз шебер мүсіншінің қолынан шыққандай ғаламат бір мінсіз тұлғаны көрер едіңіз... ерекше сабырмен жалтақсыз жігерді, тек өзіне ғана жарасатын паңдықты көрер едіңіз" [153,1336.]. Абай өлеңіндегі "басты кейіпкер" қыран паң осындай болса керек. Абайда ("Қырық пышақпен қыржаңдап тұрған тұлкі, / О да - осал жау емес қыран паңға". - 39 б.). Екі мәнмәтінде де қыранның паңдығы назар аудартады.

Ақын немесе саятшылық өнердің қыр-сырын жете меңгерген өлең кейіпкері "бүл өнерді кейінгі толқынға сүлу қалпында табыстағысы келеді» мәтін мазмұны осындай имплицитті мәнге жетелейді. "Сүм жалғандағы бір қызық істі" деп сипатталуында мән бар. Жаны сергек, табиғаттың бар сүлулығына сұқтанумен өткен сыршыл да әсерлі жан бір мезгіл қиындығы мен қызығы қатар жүрер тірлікті жеңілдетпек болғанда, саятшылдықтан сая табады. "Сүм жалғандағы бір қызық іс" - құс салуды өнердің бір түрі деп бағалайды. Аңшылық, саятшылық кімді болса да, салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулиды. Ерік күші мен дене күшінің үндестік табуына ықпал етеді. Бүл ретте қазақтың аңшылықты кәсіп емес, өнер санауында да үлкен мән бар [153, 1326.], өйткені көңіл құмарын қандырар қызық та, бойындағы бүла күшті сынайтын (мергендік, төзімділік, қажыр-қайрат) өнер де саятшылықтан табылады.

Атақты "Қабуснамада" саятшылықтың адамға рухани лэззат сыйлайтындығына ерекше назар аударады: ... аң аулап қайту - бүл да бір ғанибеттілік (61). Аң аулағанда падишалардың мақсаты - ет олжалау емес, тамашалау (62) - деген жолдар арқылы табиғатпен тілдесе білген шығыс халықтарының қайсы болсын, саятшылықты өнер деп білгенін ұғамыз. Абай айтқан "бір ғанибет іс", "жанға сая" аңшылық "Қабуснама" авторын да сондай әсерге бөлеген [154,61-626.].

Абай: Көкірегі сезімді көңілі ойлыға /Бәрі де аның тұрмай ма ойлағанда? / Үцпассың үстірт қарап бүлғақтасаң, / Суретін көре алмассың, көп бақпасаң. I ...Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын, / Біле алмассың, құс салып дәм татпасаң" - дегенде саятшылықтың өзге сырына да қанықтырғысы келгендей. Мысалы, жиырма жастан асқан соң бүркіт мінезі мүлде өзгереді, ал текті бүркіт өзін-өзі тасқа тастап та жібереді екен. Ақын М.Мақатаев: "Өлсем де өлейін мен құзға барып, /Мүзға барып құлайын, құздан ағып, /Сөндірейін отымды мүзға малып", - дегенінде қыранмен өз ғұмыры арасындағы байланысты іздегендей.

"Таудағы тұлкіні бабындағы бүркіт қана алады" деген мақалдың өлең авторы ойымен үндестік тауып тұрғанын көреміз. Немесе "Саятшының сүңқары салған жерден іледГ, "Құс белгісі келіссе,күйкентай құс қаз алар", "Саятшының сүңқары салса, ілмей қалмайды" сияқты мақал-мәтелдердің мәні бүл кэсіпті жанына жақын түтқан саятшының әбден кэнігі болып, күс

тәрбиесіне көңіл бөлетіндігіне (нәтижесінде, алғыр құс баптағанына) ой екпінін түсіреді.

Ал келесі мақалдың сигнификат мағынасы, имплицитті мәні де құнды. "Алса - құсым, алмаса - желпуішім" деген пейоротивті мәні басым мақалды саятшы кұсына көңілі толмағанда, бабында болмаған құсына ренішін білдірген жағдайда да қолданатыны белгілі.

"Қиядағыны қыран ғана көреді", "Қиядағы қызыл тұлкіні, қияннан соққан бүркіт алады"; "Ат бегі аттың тұяғына қарар, құсбегі құстың қияғына қарар"; "Құстың алғанынан, салғаны қызық"; "Ителгінің қызығына қызсаң, қаршығаңды қамшы етерсің"; "Қаршыға салғанның қанжығасы тоқ",- деген мақал-мәтелдер мәдени қауым өкілдерінің өмірлік тәжірибесінен туындаған қорытынды, тұжырымы, іс-әрекет барысында қаперіне алар ұстанымы деуге болады.