Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3.6 "Жағымсыздық" концептісі

Аңдар мен жануарлар, құс пен жәндік атаулары (зооморфизмдер) көркем мәтінде жиі метафоралана қолданылады. Өйткені әдебиеттің нысаны - адам мен оның өмір сүрген ортасы болып табылатыны белгілі. Сол адамның мінез-құлқы мен қимыл-әрекетін сипаттайтын тілдік құралдың бірі ретінде зооморфизмдерді метафоралап қолдану жиі байқалады.

«Г123 Көркем туынды авторы жан-жануарлар атауы мен өзіндік ерекшелігін адамға ауыстыра отырып, адамның ішкі-сыртқы қасиеттерін, мінез-құлқы мен бет бейнесін, әлеуметтік жағдайы мен өмір салтын білдіру үшін тілдік бірліктердің коннотақиялық бояу-реңкі қалың көптеген түрін көркем мәтінде жиі қолданады. Абайдың тілдік тұлғасында ұлттың өзіндік түйсінуі мен дүниетанымы дүниенің тілдік бейнесі арқылы көрініс табады.

Көркемдік құралдарды пайдалану ұлттық мәдени дәстүрге, әр халықтың рухани әлеміне, ұлттық болмысына сәйкес түрліше болады. Әр тіл иесі өзінше, өз діліне (менталитетіне) қарай, жануарлар атауын бағалауыштық сипатта әрқалай қолданатыны белгілі. Ұлттық сипаттағы өзіндік даралық пен менталитет сөз арқылы беріліп, тілінде бейнеленеді, тіпті өзгелерден ерекше көрінуі мүмкін.

Оған көркем шығармадан алынған мына бір мысалды дәлел ете аламыз: Сары атанның тэкаппар ойының дәлелдері де тэкаппар: Қазақ ең сүлуын "Бота көз", ең жүйрігін "Бота тірсек",- дейді. Бір елдің қол жетпес сүлуы мен жел жетпес жүйрігін теңеуге мені қалап алса, сірэ, менде қандай олқылық болуы мүмкін?"... (Ғ.Мүсірепов. Талпақ танау).

Қазақтың ботам, құлыным сияқты экспрессивті-эмоқиялы сөздері мен орыстың поросенок, хрюшка сияқты экспрессоидтары екі халыққа ортақ, бірдей мән-мағына танытпайтындығы белгілі. Сөз зергері Ғ.Мүсіреповке тағы жүгінсек: - Бұрын орыс-қазақ төбелесе қалса; - Түйесің бақырауық!.. - Шошқасың, тоңмойын!.. деп бірін-бірі ең жаны сүймеген жануарға теңесетін,-деген жолдар бар.

Түйе семантикасы қазақ халқы үшін төзімділіктің, шыдамдылықтың, ал оның ботасы киелі, пэктіктің символы болса, онымен қатар "бақырауық" қасиеті бары екені де рас.

Шошқа орыстар үшін лас, кір, қайырымсыз, тәрбиесіздіктің символы болса, вьетнамдар үшін ақымақтықтың, ал мүсылман халықтары үшін һарамның белгісі. Бүл мысалдар әр тіл мен әр мәдениетке тән өзіндік ерекше коннотақия болатындығын көрсетеді.

Сан алуан мәдениет бар. Түрлі ұлттарда дүниенің тілдік бейнесі өзіне тән мәдени ерекшелікке сай қалыптасады. Тіл - өз халқының тұрмыс-салтының көрсеткіші ғана емес, мәдени талғамы мен дүниетаным ерекшелігін де танытатын дүние бейнесі. Тіл - қоғамдық сана көрінісі. Дүниенің тілдік бейнесінен әр ұлттың өз болмысы, өз әлемі, мәдени танымдық ерекшелігі айқын көрінеді. Соның бір көрінісі Абайдың тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейінен байқалады.

ХҮП-ХҮШ ғасырда мүсылман елдерінде ит сондай бір сүреңсіздігімен танылады. Әрбір халықтың өнер туындысындағы көркем образдары оның қоғамдық ортасы мен географиялық ерекшеліктеріне, белгілі бір мәдени-рухани құндылықтарды бағалау ерекшеліктеріне, сондай-ақ, социумның қалыптасу болмысына байланысты жүйеленетіні белгілі.

Ұлттық ойлаудың маңызды бір сипаты халық санасында қалыптасқан көптеген ассоциақиялық байланыстардан да көрінеді. Абай шығармашылығы негізінде осы метафора - ауыстыруларға назар аударалық... Зооморфизмдік

«^24 метафораларға тек жануарлар мен құстар атауларын ғана емес, солар негізінде. пайда болған етістік метафораларды жатқызамыз (қораздану, итшілеу). Ақын шығармашылығындағы қоцилану (қораздай), айданардай (ысқыру), құладындай (ұшу), хайуанша (күнелту), қыранша. (қарау), қасқырша (алақтау), пілдей (қуатты), бәйгі атындай (аңқылдау) сияқты әртүрлі зооморфизмдермен қатар, бір ғана ит семасымен байланысқан тілдік бірліктер молынан үшырасады. Тілдік талдау барысы Абай шығармаларындағы зооморфизмдердің мына мақсатта қолданылғанын көрсетеді.

а) адамға мінездеме беру немесе мінез-құлқын ісі арқылы таныту; э) эмоқиясын, көңіл-күйін таныту; б) сыртқы бейнесін көрсету; в) іс-әрекетін бағалау; г) тұрмыс-тіршілігін суреттеу; ғ) ақыл-ой қабілетін зерделеу.

Ақын шығармаларында көптеген аң-күс атаулары ішінен ит атауы басқаларына қарағанда жиі кездеседі. Ол "жағымсыздық" концептісін ашу үшін қолданылған. Ит семасының "сүт қоректі жыртқыштар семьясына жататын асыранды үй хайуаны" мағынасынан өзге, ауыспалы "оңбаған, жауыз, надан" мағынасы және сол мағынаның қосымша реңктері ассоциақияланып берілген. «Көркем бейне әрқашан адамның өмір тәжірибиесінен алынып, әлеуметтік, психологиялық ойлауға үласады» [123, 106.]. Зооморфизмдердің "міндеті" -тілдік узустағы бұрынғы бар мағынаға үстемеленген ауыспалы мағынаны білдіру. Ал келесі қызметі - сол суреттеліп отырған нысанның көркем бейнесі ретіндегі екінші атауын (вторичная номинақия) таныту. Абай шығармаларында осы міндеттер өз көрінісін тапқан.

Суреткер ит семасының ауыспалы мағынасын адам мінезінің бір қырын сипаттау үшін қолдана отырып, адамгершілік пен иттікті, парасаттылық пен надандықты шендестіре көрсетеді. Сөйтіп, "Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын" деген биік парасатқа ұмтылады, адам бойындағы оғаш мінезді сынайды.

"Екеу" деген псевдониммен әдебиет туралы өрелі ой айтқан Жүсіпбек Аймауытұлы мен Мұхтар Әуезұлы "Абайдың өнері һэм қызметі" ("Абайдан соңғы ақындар") зерттеуінде Абай өлеңін қуатты етіп тұрған бірнеше сипатты атайды. Олар: "мінез түзететіндік, тереңнен толғайтындық, сыншылдық, суретшілдік, жүректщ мүң-зарын, сырын тапқыштық, ащы тілділік, ызалықпен күлетіндік һэм переуодшіктік" [124,1226.]. Ақын шығармашылығын анықтайтын осы белгілердің қайсысы болса да, әсіресе, "мінез түзететіндік, сыншылдық, ащы тілділік" - біз қарастырып отырған дискурстың мән-мазмұнына толық сай келеді.

Түркі тілдерінің түңғыш салыстырмалы сөздігі "Диуани лұғат ит-турк" — сол замандағы (XI ғ.) түріктердің қоғамдық өмірі мен рухани дүниесінен мол мағлүмат беретін баға жетпес дүние. Сол лингвистикалық зерттеулер тілінен де зооморфизмдік бірліктерді кездестіре аламыз. Мысалы: Ит ырылдамас II Ат теппес деме (Ит ысырмас, ат тэпмәс темэ. 42 б.). Итке ұят бітсе // өлексе жемес (Итқа увут етсэ, улдан немәс. 40 б.) т.б. тәрізді мақал-мәтелдер дүниенің тілдік бейнесі ретінде этнос танымын, ұжымдық санадағы образды суреттеуге құрылған.

*25 Абай шығармалары Махмүд Қашқари ойымен үндестік тапқанын осы бір қарапайым тіркестер де таныта алады. Ол ұятты, ізетті болуға үндеп, жаман қасиеттен қашық болуға шақырады. "Итке ұят бітсе, өлексе жемес" дей отыра, итті де "ұяла білуге, иманды болуға" "меңзейді", бірақ бәрібір "Күл - жау, ит -бөрі" (49 б.) болып қала береді, ендеше "Ит ырылдамас, ат теппес деме" деген түйін түйеді.

"Улы сия, ащы тілмен" жазылған Абай өлеңдерінде ит сөзінің ауыспалы жағымсыз мағынасы - "жауыз, оңбаған, надан" ( ҚТТС 4-том, 47 б.) жиі қолданылады дедік. Адам мінезінің жағымсыз бір қырын көрсету үшін "ит" семасын негіз етіп алған бірліктер Қарасөздерінде де кездеседі.

... О да өзіңдей ит болсын азғыр-азғыр (98 б.), ... Шыныменен жаман ел кете ме екен, ит болаі (86 б.); Еңбексіз мал дэметпек - қайыршылық, бермесең, сен дағы ит бірге болдың, не өзің ит немесе бар едің ит. I Дауасыз бір пәлеге міне, қалдың (329 б.).

Сонымен қатар, ойшыл Абайдың, сыншыл Абайдың идеялары Дулат ақын пәлсапасымен бір арнаға тоғысатынына Қарасөздері мен өлеңдеріндегі ой дүниесі айғақ бола алады:

Дулат ақын: Күнэм-жойқын, тэубам-аз, Тіршілікте не таптым? Дүние - жемтік, мен - төбет, Соны бақпай, не бақтым. Ырылдасып әркіммен, Не қапқыздым, не қаптым, -деп, өкініш айтса, ¥лы Абай 7-Қарасөзінде үзақтай шулап, қарғадай барқылдап, боқтықтан үзамадық... (139 б.) деген ащы эжуа мен жанды тәнге бас ұрғызған көркөзділікке өкінді...

"Жағымсыздық" концептісін теңеу арқылы таныту.

Тілді мәдени-ұлттық аяда қарастыру барысында адам мінезін сипаттау үшін бейнелі құралдар (теңеу) үтымды таңдалғанын байқаймыз. Ұлттық менталитет пен рухани мәдениет осы тілдік бірліктердің бейнелі, көркем мазмұны арқылы айрықша көрінеді. И.М.Сеченов сөзімен айтқанда, адамның сезім мүшелерімен қабылданатын, оның ойлау әрекетінің нәтижесі болып табылатындардың бәрі (әлемнің тұтастай бейнесінен бастап, жекелеген бөлшектеріне дейін) біздің санамызда ассоциақиялана байланысады. Ғалым -теңеуді әлемді қабылдаудың бір тәсілі деп таныған, яғни таным процесі -салыстыру және теңеу процесі арқылы жүзеге асады [125, 22 б.].

Теңеулер - троп түрі, стильдік тәсіл ғана емес, айрықша ұлттық сипат иеленген экспрессивті сөздің ішкі мазмұны да болып табылады. Абай дискурсында бүл құбылыстар мәні де ашылады.

Адам бойындағы психологиялық өзгерістер, қарым-қатынас этикеті, мінез-кұлық сипатын танытар тілдік бірліктердің ұлттық бояуы қанық, коннотақиялық реңкі өзгеше. Абай халық тіліндегі қолданысты одан әрі шығармашылықпен пайдаланды.

Солардың бір бөлігі иттің "мінез" ерекшелігін (итгие ырылдасу; сүтке тиген күшіктей; ит пен мысықтай), қимыл-әрекетін (аш иттей жалаңдау;

#Ш6 таз иттей сүмеңдеу), түр-әлпетін (иттей мөлю; бүралқы итше; ит кемірген асықтай; ине жүтқан иттей; иттей имеңдеу) жете таныған халықтың өмір тәжірибесінің нәтижесі ретінде тілдің вербалды дереккөзіне айналған. Оны әр қаламгер өз көркемдік әлемінде маңызды семиотикалық таңба ретінде пайдалана алады.

Теңеу семантикасында әлемді "ұлттық көзбен" қабылдаудың нәтижесі көрініс бергендігіне Абай шығармаларының тілі де дәлел бола алады. Олар ерекше экспрессивті. Теңеу - танымның нәтижесі, әлемді тану тәсілі, троптың бір түрі; психологияда - ойлау процесінің бірі; философияда - әлемді танудың қуатты құралы. Теңеуді семантикалық-функционалдық аспектіде ғана емес, лингвомәдени, когнитивті аспектіде де қарастыру - дискурстық талдауымыздағы прагматикалық уәжге сәйкес келеді. Абай өзі өмір кешкен әлеуметтік ортада өмір сүріп жатқан кейбір адамдардың ішкі әлемін өзгертуге тырысады.

Автор қолданысында теңеліп отырған нысанның ішкі мәніне, яғни ит семасының ішкі формасына ерекше екпін түсіре айтылады. Ақын шығармашылығы дискурсында ит семасын негізге алған тілдік көркемдік құралдар - теңеу, метафораның прагматикалық функқиясы өзіне назар аудартады.

Итше індет тілемей, жат үйіңде, өлсең де аш. (186). Халық ұғымында "беймезгіл (түнде) ұлыған ит жамандық шақырады" деген наным-сенім бар. Иттің өшпенділікке толы мінезі арқылы адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін сипаттау мақсатында итше өшігу метафоралы тіркесі "көмекке келеді". (Қабаған итше өшігіп шыға келер, Мен қапсам бір жеріңді бөксерем деп 47 б.). Бүл ойдың ("кектену") өрісін танытар сөздер: өшігу, қабу, қабаған ит, бөксеру. Осы семантикалық топтар өлең идеясымен астаса, итше өшігу әрекетін жан-жақты ашу үшін ассоциақия жасауға септесіп түр.

Келесі дискурста ақын идиостиліндегі, яғни суреткерлік жеке мәнерінде иттей тақымдау қолданысы бар. (Жау жағадан алған күн, өздері иттей тақымдар ... 84 б.). Бүл мәнмәтіндегі иттей тақымдаудың мәні, балақтан алып қана қоймай, тақымға дейін тіс салған иттің озбырлығын адам әрекеті етіп береді. "Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алар" - паремиясындағы екінші бөліктің семантикасына бүтіндей өзгеріс енген жоқ, алайда мағына одан әрі қоюлана түскен.

"Адасқан күшік" поэтикалық образы -рухани жабығу концептісі.

Абайдың: Адасқан күшік секілді, / ¥лып жұртқа қайтқан ой - дегендегі түнған сурет әлемі метафораланған теңеулер қуатымен айшықталған.

Ендігі бір теңеуді "Абай қолданған ерекше бір теңеуді" (М.Әуезов сөзі) ...Адасқан күшік секілді, / Ұлып жұртқа қайтқан ой - деген жолдарды абайтанушы ғалым былайша саралайды: "Ақын бұнда халықтың жеңіл мағынада қолданып жүретін тілдегі метафорасын тереңдетіп, қорғасын құйғандай салмақ бітіріп қолданады. Көпшілік тіліне "адасқан күшік" деген сөз болымсыз ғана шындықтай сәл күлкі күйдей танылса, Абайда сол күлкілік күймен қатар екінші сипат - трагедиялық және философиялық маз-мазмұн табады. Күшіктің айласыз, әлсіз дал болуын көшіп кеткен ауылдың иесіз қалған

«ц» жұртымен байланыстырып барып, ақын өз басының ендігі мүңын соған теңейді. Көңілдің жұртынан, үміт пен арманның өрісінен көпшілік тірлігі, халық көші аулақ кетіп жатыр. Сондықтан бүның азалы ойы адасады. Үнін ешкім естімес шерменде ой, трагедиялық күйде ұлып жүріп зарланады" [2,1646.].

Әр пенденің осындай рухани күйзеліске түсуі әбден мүмкін. Шынайы сурет - шынайы өмірдің бейнесі болып түр.

Адасқан күшік - жан дүниенің жабырқауы, тығырыққа тірелу, қан жүректі қайғылының рухани сергелдеңін (бейнесін) білдіріп түр. Адасқан күшіктің жанүшырып, аласүрып көшкен жұрттың орнына қайта-қайта орала беруі, қайда барарын білмей жанталасуы, рухани жалғызсырауы - кімінің басынан өтпеген, кімнің басына келмейтін күй? Ескі жұртта, мүлгіген тыныштықта қалып көзінен қанды жасы аққан әлсіз күшіктің енді жылауға да шамасы жетпейді, қанжылап, қыңсылайды. Өлеңді оқығанда Абай сөзінің құдыреті әркімді осындай күйге түсірері хақ. Бүл - ақындық қуат, сөз құдіреті арқылы берілген көңіл құлазуы, астан-кестен болған дүние-көңіл, рухани сенделіс. Дүниені индивидуалды тануы - өзіндік дүние бейнесі болып берілген.

Поэтикалық образ - "күшік" - рухани сергелдеңге үшыраған кемел адам бейнесі. Жаны жабырқап қана қоймаған, жаны ауырған, аурудан алас ұрған адамның трагедиялық күйі. Ол поэтикалық образ ретінде адасқан күшікті адамның өз бейнесіне айналдырған. Ит тірлікте ит өмір кешкен ит жанды пенденің "ішін жарып көргенде" жылауын үмытқызып, шошытатын күйі. ("Егер менің ішімді жарып көрсең, жылауыңды үмытып шошыр едің " (Абай).

Ит семасының ауыспалы мағынасына үлкен философиялық астар берген ұлы ақын өз ойларын Қарасөздерінде барынша толық ашады. Иттік пен адамгершілік - екі кереғар ұғымды, бір аяда алып, биік парасатқа үндейді: Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жүмсаған ... ешбір қазақ көрмедім т.б. (143 б.).

Кей тұста ит семасын пайдаланбай-ақ, иттің әрекетін беру арқылы да адам бойынан ит мінезді таба алғанын байқаймыз: Арсыз адам арсылдайды, Әр жерден-ақ керегеге таңылса да (144 б.)

Адам бойындағы пенделіктің басымдығы байқалған тұста (сол ойды сыртқа шығару керек болғанда), тілдік бейне ретінде ит сөзіне қатысты жағымсыз коннотақия тілге тез үйіріледі.

Себебі, ит болмысы халықтың тұрмыс тіршілігіне етене таныс: Мал баққан шаруа мен ит жүгіртіп, құс салған саятшылықта иесі итінің бар мінез-құлқына әбден қанық болған, сөйтіп, халықтың танымдық көзқарасы қалыптасып, санасында сәулеленген бейне-құбылыс тілдік тұрғыда -киноморфизмдер (ит семасы) арқылы көрініс тапқан.

Иттің қимыл-әрекетін танытатын, бейнесін көрсететін итке тән әрекетті халық тілінде (иттей) итше жұлқысты, итше сүйреді, итше талады, итше тепкіледі, итше ұлыды, итше ырылдады, итше таласты деген компортивтер арқылы дүние суретін дәл сол қалпында көзге елестетеді. (Әрине, иттей мен итше семантикасының стильдік реңкінде айырмашылық бары ескерілу керек).

Қазақ халқы өз тұрмысында ит жүгіртіп, құс салған саятшылықта, мал

қайырған тұрмыс-тіршілігінде "ит мінезін, сырын" жете білгендіктен де, оның

*к» 128

ұжымдық санасында және тілдік құрылымында ит семасының коннотақиялық мәні терең. Ит семасының мәнін ашатын бейнелі сөздер, тілдік бірліктер қазақ тілінің сөздік қорынан қомақты орын алған. Сондықтан да лексикографиялық дереккөздер: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Фразеологиялық сөздік, Мақал-мәтелдер жинағы, Синонимдер сөздігі ит туралы негізгі мәліметтермен қатар, қосымша коннотақиялық мазмұндағы ақпаратты мол қамтыған: иттің негізгі денотаттық мағынасы - "қасқыр тұқымдас, сүт қоректі үй хайуаны болса", ауыспалы мағынасы - оңбаған, жауыз немесе жасы кіші бала-шағаға , қатар құрбыға өзімсініп айтатын сөз. Сонымен қатар, қазақша жыл қайырудың он бірінші жылы - ит жылы.

Сезімтал да сергек, көкірегіне тылсым әлем құпиясын сыйдырған дала баласының таным көкжиегінде дүниенің тілдік бейнесі аса бір дәлдікпен кейіптеледі. Мысалға жүгінсек, көлік малының бір қалыпты баяу әрі өнбейтін жүрісін - ит бүлкек десе, онша биік емес дөңестеу жерді - ит жон деп нақтылаған. Ауыр тұрмыс тауқыметін тартқанда ит қорлық; ит өмір; ит жығыс; ит байласа, түрғысыз; итке бермесін деген байлам жасайды.

Діңкесі құрып титықтағанда, түралап шаршағанда - ит сорпасын илығарды немесе ит сілікпесі иіықты, ал азап тартып, қиыншылық көргенде -ит қорлығын көрсетті; ит кешуге салды деген коннотақиялық бағалаудан ұжымдық сана тарапынан құбылыс пен затқа берілген мағыналық реңктің имплицитті мәнін (нашар сапаны немесе ауыр тұрмысты) түсінеміз. Иттер жас ерекшелігі мен "қабілет-қасиеттеріне" қарай бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы: 1) үлкен арлан итті - төбет; 2) аң алатын жүйрік итті - құмай тазы; 3) бойы аласа, кішкене келген итті - қанден;

4) шәуілдек қанден ит пен мегежін қанден иттерді итаршы; 5) иттің күшігін итақай; 6) ұрғашы итті қаншық деп атаған.

Сыртқы әлемді тану, игеру құралы ретіндегі метафоралану процесі ұлттық таным дүниесін байқалады. Метафоралар семантикасында қабылданған ұғым-түсінік мейлінше дәлдікпен өсімдік атауына ауысқан. Субъект танымы ұлт тілімен, ойлау дәрежесімен үйлесетіндіктен, метафораланған сөздер әр өсімдіктің тікелей өзіне тән белгі-бағасымен ажыратылады. Мысалы, Итқоға, итмия, итқұлақ, итмүрын, иттабан, итқонақ, ит шомырт, итсигек сияқты ботаникалық терминдер, (атаулар) ұжымдық санада қалыптасқан (итке тән) белгілердің өзектенуінен (актуальдану) пайда болған.

Сөз болып отырған құбылысқа адамның жағымды, жағымсыз көзқарасын білдіретін бейнелегіш қасиеті айырықша, эмоционалдық сипаты басым, түрақты сөздердің бір тобы ит компонентін негізге алған. Мысалы, Ит түмсығы батпайтын (қалың), ит ырғын болды (молшылық), ит мініп, ирек қамшылау{шш тарту), ит терісін басына қаптады (жер-жебіріне жете үрсу) сияқты тіркестер халықтың күн көріс амалынан, наным-сеніммен көңіл-күйінен хабардар етеді.

"Кез келген халықтың алыс заманалардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс-бітімі, салт-дәстүрі, материалдық және рухани мұралары - сол халықтың ғұмыр жолының айнасы" [126,2206.], - деген пікірдің ақиқатын, өмір мен өнер туындысы - халықтың мақал-мәтелдері де растайды. Мысалы:

Еалықта бата жоқ, итте ата жоқ;Ит арық болса, ауылдың намысы; Итін жамандасаң, иесіне тиеді; Сүйекпен үрған ит қыңсыламайды; Ит әлі жеткенін талар т.б..

Қазақ мақал-мәтелдерінің мазмұнына қарағанда, итті қанша жерден «жеті қазынаның бірі» дегенмен, танымдық сипаты, модальдық реңкі көбіне пейротив мәнде қолданылады. Тек бірен-сараны ғана жағымды реңкті білдіреді. Төмендегі мәнмәтіндегі ой астары соған мегзейді: Жақсы ит өлігін көрсетпейді; Тұлкі алған итте сын болмас; Итті иесімен цина деген фраземалар иттің өзінің "тәртібіне" қарай егер ит жақсы болса ғана - ісі жақсы деген имплицитті мән үстейді.

Түйіндей келгенде, тіл - өз халқының тұрмыс-салтының көрсеткіші ғана емес, мәдени талғамы мен дүниетаным ерекшелігінде танытатын дүние бейнесі. Тіл - қоғамдық сана көрінісі. Дүниенің тілдік бейнесінен әр ұлттың өз болмысы, өз әлемі, мәдени танымдық ерекшелігі айқын көрінеді. Соның бір көрінісі Абайдың тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейінен байқалады. "Ит" семасы жағымсыз (пейоратив) мәнде қолданылған. Гуманист, ойшыл Абай "Адам деген даңқты" иттіктің көлеңкесінде қалдырмауды мақсүт етеді: "¥ят деген - адамның өз бойындағы адамшылығы. Иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қысымның аты" (36-Қарасөзінен. 182 б.) деп, "Иттей қор боп ", өзіне сөз келтірмеуді (45 б.) ойлайды; "Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып", (52 б.) - деп күйіне отырып, "ит мінезден" сақтандыру, "иттей тақымдар" әрекеттен арашалау, тіптен "Атаны бала, ағаны іні аңдыған ит қорлықтан" (47 б.) безіндіруді мақсат етеді ("Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ",- деп ақындық кредосын анықтағанын білесіздер). Мысалдардың бәрінде "иттікке" - жамандық деген коннотативті мағынасы негіз болған.

Халықтың мәдениетімен, психологиясымен жалпы дүние танымымен берік байланыстағы бірқатар паремия, фразеологиялық тіркестер және семиотикалық таңбалардың лингвомәдени мәні аса құнды. Өйткені ұлт тілінің паремиологиялық қорында, фразеологиялық таңба белгілерінде халықтың өмір тарихы жатыр.