- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
"Мен не білемін?" деген сүрақ қоя отырып, зерттеуінің негізгі өзегі етіп, М.Монтень өзін алды, өзінің қандай адам екенін білгісі келді, ал өзін тану арқылы барлық адамзатты танымақ болды. Оның "Тәжірибелері" (1580) автор өзі ұсынған қағида - қағидаттар мен ассоциақиялық байланыстарға құрылды. Тұтастай алғанда, эссе көреген көзді, ойлы дананың жеке тұлғасының сөзбен сомдалуы болып қалыптасты. Бүл күнде М.Монтень үлгісі көрсеткеніндей, ойдың еркін көсілуі, кең құлашты, бірақ салиқалы баяндау мәнері, тақырыптан ауытқи отырып, өмірдің сан алуан құбылыстарымен ұштастыра үластыру -бүгінгі таңдағы өзге де авторлар шығармашылығына тән: "Эссе - толғаудың" табиғатын айқындап беру мүмкіндігі бар осы құбылыстардың себеп-уәжі ашылу қажет деп есептейміз.
Ол табиғат пен адам, әсемдік пен адамгершілік, махаббат пен зұлымдықтан өзін іздейді. Өз тұсындағы өмір шындығы мен өткен күндер елесінен, ізгілік пен игіліктен өзін, Адамды іздейді, бірақ ол (Монтень) "із кесуге" жалғыз шықпайды. Сізді, пікірлесін, тыңдаушысын бірге ерте жүреді. Дүниенің өзегіне үңілдіреді. Тіршіліктің түйткілін, көңіл күдігін бірге шешіседі. Жақсылыққа бірдей бас игізеді. Жаманнан түңілдіреді. Ол әлемге өзімен бірге қарауға шақырады. М.Монтень шығармасы - философиялык
этикалық педагогикалық, тарихи, саяси, діни, әдеби және тағы баска көзқарастарды бір арнаға түйістіреді.
М.Монтеннің өзін тануы ("Тәжірибелеріндегі") әлемді тануы деп қабылдану керек, өйткені Адам - Әлем, Әлем - Адам. Ол қасірет пен қуаныш, жалғыздықтан жабығу мен құлазу, достық пен қастық, өмір мен өлім, мемлекет заңдары мен бала тәрбиесі, жазушы еңбегі, халықтың мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, қарапайым тіршілік күйбеңі мен рухани болмыс және тағы басқа сан алуан мәселені тілге тиек, ойға нысана етті.
Ойға шомған Монтень ғана ма? Дүниенің тағы бір қырында, уақыттың ендігі бір кезеңінде қазақтың Абайы да "жүрегінің түбіне бойлатты": Ол терең ой үстінде "адамгершілік мәселелерінен эділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады, немесе осылардай адамдық сипаттың жауы болатын: аярлық, жалғаншылық, бәле құмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші-өтірікшілік, еріншектік, әралуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығына күйінеді" [2, 219].
Абай толғауы - Қарасөздері де - еркін, әрі шалқар ойдың айдыны. Бір-бірімен алмасқан, ширыға шарпысқан ойлардың қақтығыс майданы деп қабылдаймыз. Абай да ой ағынына тоқтау салмай, "сөз майын" аямай төгіп, "көз майын" аямай ағызды. Артына сөз қалдырады.
М.Монтень шығармаларын зерттей қарағанда бірқатар үндестік, ой-толғауларды аңғаруға болады. Мысалы, Абайдың Жиырма бірінші Қарасөзі М.Монтеннің Екінші кітабы ХҮІІ тарауындағы "О самомнении", Қырық екінші Қарасөзі XXI тараудың "Против безделья"; Оныншы Қарасөз "Тәжірибелердегі" ҮІІІ тараудың "О родительской любви" деген бөліміндегі ойларымен ұштасып, дүниетаным бірлігі, қоршаған ортаны қабылдаудағы концептуалды бейнелердің әсер-ықпалының бірдейлігімен ерекшеленеді. Осы ұқсастықтардың бір дәлелін Абайдың Жиырма бірінші Сөзі мен Монтень "Тәжірибелеріндегі" ХҮІ тараудағы "О славе - даңқ туралы" эссесімен салыстырып көрейік.
М.Монтень өз ұстаздары, көне грек философтары Хрисипп пен Диогеннің даңқ пен дақпыртқа жаратпай қарағанын еске сала отырып, қашып құтылуың қиын әрі зияны мен кесапаты көп жағдайдың бірі - бос мақтан мен атаққа құмарту екеніне баса назар аудартады. Атақ пен мақтан ел билеушіден бастап, қарапайым пендеге дейін бүзады, оның адам рухын билеп, санасын улайтын, сиқырлы күші және бар. Монтень атақ пен мадақтың адамды аздырар "қуатын" былайша бағалайды:... "И действительно, как показывает нам опыт, вред, проистекающий от подобного одобрения, необъятен: нет ничего, что в такой мере отравляло бы государей, как лестъ, и никакое сводничество не способно так ловко и с таким неизменным успехом совращатъ целомудренных женщин, какрасточаемые им и столь приятные для них похвалъГ [194,1276.].
Мәнмәтіндегі (лесть - жағымпаздық, мадақ; ловко - эккі, шебер; совращать - бүзу, аздыру; расточительность - мақтауды оңды-солды шашу (ауыспалы мағына); похвала - жарамсақтана мадақтау) курсивпен берілген бағалауыш лексиканың прагматикалық стильдік мәні Абайдың "Не іздейсің,
көңілім, не іздейсің" өлеңінің идеясымен бір бағытта деуге болады. Екі
«де»
дискурстағы ерекшеленген жолдардағы ой қазығы - ортақ: тілдік бірліктер коннотақиясы мәндес, мәтін астарында "жасырынған" сыр да ортақ. Екі мәтіндегі курсивпен берілген сөздер бір-бірінің дәлме-дәл, тура баламасы болуы да мүмкін немесе айтылмақ ойдың мәндес парадигмасын түзуі де ықтимал. ...Мақтау - жел сөз жанға қас,
...Қошеметшіл шығарған (лесть)
Бір мақтаса, боқтамас,
Ел табылса, құмарлан.
Жұрттың бәрі сөз сатқан, (способно совращать)
Сатып алып не керек?
Екі сөзді тэңрі атқан -
Шыр айналған дөңгелек. (182) Абай дискурсындағы ой Монтень көзқарасындағы ойдан да тереңге тартады. Монтень сияқты даңқ құмарлықты сынап қана қою аз. Бос мақтанның адамды адастыратынын айтып қана қоймай, Абай әлемі ірілік танытады: ...Сатып алма, сөз сатса, I Ол асылды аңдамас
...Мен - мақтанның құлы емес, I Шын ақылға зорлық жоқ - деп нақылға айналып кеткен ой маржанын ұсынады. Қарасөзбен салыстырсақ:
Абай Жиырма бірінші Сөзін: "аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін"
деген толғаныспен бастайды да, адам бойындағы осы мінез-сипаттарға өз бағасын береді. Бұлардың алдыңғысы жаман атаққа ілінбеу үшін қам-қарекет қылса, екіншісі (мақтаншағы) "батыр десін", "пысық десін" деген мақсатпен мақтан іздейтіндігін айтады. "Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады",
деп оларды даралап, жіктеп, "дәреже биігін" көрсетеді де, одан әрі былайша таратып береді: "Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді... Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса, яки аулына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді... Жатқа мақталсам екен дегені елім мақтаса екені дейді. Еліме мақталсам екен деген -ағайыным мақтаса екен дейді. Ағайынның ішінде өзі мақтау іздеген өзімді-өзім мақтап жетем дейді (Жиырма бірінші Сөз).
М.Монтень "Даңқ туралы" деген эссесінде (Екінші кітап. ХҮІ тарау. 126-150 б.) даңқ іздеген даңғойлықты дәл осы (Абай байқаған) деңгейде сипаттап береді. "Кто порядочен только ради того, чтобы об этом узнали другие, и узнав, стали бы питать к нему болыпе уважение. Кто творить добрые дела лишь при условии, чтобы его добродетели стали известны, — от того нельзя ожидать слишком многого" [194,1366.].
Екі шығармадағы кейіпкер де өзгенің көзіне түсу үшін, біреуден мақтау алу үшін "тірлік жасайды" екен. Абай ондайларға: "жатқа мақталсам екен, елім мақтаса екен" деген мақтанарлық мақтанды іздейді деп сипаттама берсе, Монтень: "порядочен только ради того, чтобы об этом узнали другие" - деген мінездеме жасайды: "Жатқа мақталсам " <-4 "чтобы узналы другие" дегендерді синтаксистік синонимдер деп топтауға болады, яғни жат, өзгелер <-» другие;
мақталу, байқалу <-> узнали тіркесінің мәні бір-біріне тура, балама аударма болып шығады, яғни жатқа мақталу - өзгелерге байқалу, көзге түсу.
Абайдың Қарасөздері мен өлеңдері бір-бірімен тығыз бірлікте келетіні белгілі. М.Монтеннің "Даңқ туралы" жоғарыда айтылған пайымы Абай Қарасөздерімен қатар, өлеңдерінен де ортақ үйлесім тапқан. Екі ойшылдың өмір тәжірибесі мен ой түйінінің соншалықты үндестігі таңқалдырады.
Абайдың "Малға достың мүңы жоқ" өлеңіндегі:
"Мал жияды мақтанып білдірмекке,
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке", - (249) деген түйіні М.Монтеннің "Даңқ туралы" эссесінің келесі бір тұсына тағы да өте бір дәлдікпен сәйкес келеді деуге болады. Абайдағы - мақтанып білдірмекке, Монтеньдегі - чтобы об этом узнали және көзге шүқып, малменен күйдірмекке *-> чтобы его добродетели стали известны деген синтагмалардағы мағына үндестігі, идея ортақтығы ап-айқын байқалып тұрғаны даусыз. Екі кейіпкердің ниеті, іс-әрекеті, мақсаты бірдей деуге болады. Екі кезеңнің, екі мәдениеттің алшақтығына қарамастан ойшылдардың таным биігі, парасат деңгейі соншалықты теңдестігі қайран қалдырмай қоймайды. Екі туындыда дүниеге "ортақ" көзбен барлау жасалған. Біз сол арқылы даналықтың тоғысар тұсын, ой түзеген биіктікті бағамдауға тағы бір мүмкіндік аламыз.
Елеусіз ғана айырмашылық - іс әрекет бағытталған объектіге қатысты болып түр: біріндегі нысан - мақтану үшін керек болып тұрған мол байлық, екіншісіндегі нысан - мақтау алу үшін жасалған жақсы іс-әрекет екенін байқау қиын емес.
Монтень Эпикур мен Аристотельдің ілімін, дүниеге көзқарасын білдіре отырып, солардан рухани қолдау табатынын жеткізеді, солармен үндес пікір білдіреді: "... не руководствоватъся в своих поступках общепринятыми мнениями и взглядами. ...Избеғай, как порочных крайностей, неумеренности и в стремлении к славе, и в уклонении от нее" [194;130б.] деген М.Монтень ұстанымы Абайдың: "Сенбе жұртқа, түрса да қанша мақтап
Әуре етеді ішіне қулық сақтап... Өзіңді сенгіштікпен эуре етпе, Құмарсыз боп мақтанды қуып кетпе! Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?" (267) -деген этикалық көзқарасымен әбден үйлеседі.
Көркем туынды ерекшелігін ескере отырып, әрі аударма талабына байланысты екі мәнмәтіннің семантикалық реңкін салыстырып көрсек, ойшылдардың ойлау деңгейі мен дүниені қабылдау дәрежесі қаншалықты үйлесетінін аңғарамыз:
Монтень - Абай -
не руководствоваться |
басшылыққа алма; сенбе жұртқа, «өзіңді сенгіштікпен эуре етпе» |
||
|
|
||
общепринятые мнения |
жалпы жұрттың сөзі («түрса да қанша |
||
|
мақтап») |
||
|
|||
избеғай |
«мақтанды қуып кетпе» (яғни одан қаш) |
||
|
|||
избеғай как порочных крайностей, неумеренности |
шектен шыққан жаман әдеттен, ынсапсыздықтан қаш, өйткені «эуре етеді ішіне қулық сақтап» |
||
Ал Абай өлеңінің соңғы екі жолында ("Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, / Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?" дегендегі) осы лексикалық мағынасы көрсетілген әрбір сөздің, яғни парадигмалық таңбалардың коннотақиясы эксплицитті берілген.
Үш ғасыр уақыт алшақтығы екі дананың - Абай мен Монтеннің -тағылымды ойларының орайласуына тосқауыл бола алмады. Олар жеке бастарының өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, Адамзат ақылының асқарын бірге бағындырды... Үндестік! Кездейсоқтық емес - заңдылық!
Монтень мен Абай арасындағы тағы бір үндестікті олардың шығармаларының кіріспесінен де аңғара аламыз. Монтень өзінің "Тәжірибелерінің" жазылу мақсат-мұраты жайлы былай дейді: (оны біз былайша тәржімаладық). Оқушым, бүл менің жүрекжарды сөзім! Бірден айта кетейін, мен жанұям мен жеке басымның мәселесінен өзге түшымды ештеңе айтпасын да! Сенің қамыңды жеген болып, өз даңқымды асыруды, мақсат түтпадым. Оған күмәнің болмасын! Даңқпен даурығып, бедел биіктетіп эуреленуге "мақсүт алыс, өмір шақ" дегендей, қуатым да кем, әрі уақытым да шектеулі ғой! Кітабым арқылы өзіме жүктеген міндетім - туыстарым мен достарыма жан жылуымды сыйлау, көңілімнің құдығынан су ішкізу"...
...Ертең мен мэңгілік сапарға аттанғанда рухыммен сырласқандай, болмысымен дидарласқандай болсаң, осы кітабымнан мені табасың. Із кезіп, жүрген жолымның сүрлеуіне түсесің бе, ойымның өресін аңғарасың ба? Ол сенің еркіңде! Мінезімнен мін тапсаң да, санаңда қайта жаңғыртып, бейнеммен қауышқың келсе де кітабыма қол созарсың! Сонда... Мені эсіре қызыл сөзге бой үрмай, табиғи қалпында, шынайы бейнесімен, боямасыз мінезімен, осы кітабымда қалды деп есепте! Ол өзі солай да. Өйткені мен өзгені емес, өзімді ой талқыға салдым. Сол себепті кітап мазмұны - менің мазмұным! Кітап - менің бейнем! Оны оқуға көңідің мен уақытыңды бөлесің бе? Көкірек көзіңнен өткеруге ықыластысың ба, жоқ па? Ол да Өз еркіңде! Хош! Де Монтень [195;56б.].
Абай Қарасөзі мен Қайқаустың "Қабуснама" шығармасының басталуы, сөз айту мәнері осы біз қарастырып отырған Монтень шығармасындағы ойлармен үндестік тапқанын көреміз. Осы үш еңбектегі кіріспе сөзді салыстырып көрелік:
Абай Бірінші Қарасөзінде ...Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. ...Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді
қағазға
жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны
ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті
сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі
жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дейді (1,128).
"Қабуснамада": "Ей, перзентім, мен қартайдым, тәнімді күн сайын куатсыздық жайлап келеді, өлім уақыты да жақындап қалды. Тірлікте мәнгі өлмейтіндердің бірі - кітап. ...Мен өзімнің төрімнен көрім жақын екенін сезіп, өлім жарлығы қолыма тимей тұрған шақта, білген ақыл-кеңесімді кітапка жазғым келді. Сен ғибрат алғайсың, ал мен аталық парызымды өтейін'" [154,96.].
(Толық нұсқасын әріқарайғы талдау барысында пайдаландық, - Г.М.
М.Монтень: ...Мақсүт алыс, өмір шақ дегендей, куатым да кем, әрі уақытым да шектеулі гой! Кітабым арқылы өзіме жүктелген парызым - жан жылуымды сыйлау! ...Кітап мазмұны - менің мазмұным. ...Ертең мен мэңілік сапарға аттанғанда рухыммен сырласқандай болсаң, осы кітабымнан мені табасың [195,5-66.]. Шығармалар мазмұны арқылы ғұламалардың ұштаскан ойларының үшығына жете алмасақ та, олардың қаншалықты дәрежеде биік өре мен терең танымы арқылы рухани табысатынына куэ боламыз.
Үшеуі де өз пікірін ешкімге күшпен таңбайды, ақылын ақы беріп тыңдатуды мақсат та етпейді. "Менің ақылым асқан" деп, ақылгөйсуден, "білімім тасқан деп" құр мақтаннан ада. Бірі - "өз сөзім өзімдікі", "керек десең қаперіңе ілерсің" десе (Абай), екіншісі - "ғибрат алғайсың, мен аталык парызымды өтейін", қалғанын өзің білесің десе (Қайқаус), келесі бір ақыл-ойдың алыбы "көкірек көзіңнен өткеруге ықыластысың ба, жоқ па? Өз еркіңде!" - дейді (М.Монтень), сөйтіп пікірлерін қабылдауды міндет етпейді. Белгілі әдебиетші-ғалым Т.Жұртбай дүрыс пайымдағанындай, "өздерінің іштегі запыраны мен жалынын сыртқа шығару үшін жазған" [103,3776.]. Олардың ой әлеміне әрі қарай сапар шеге отырып, "әңгімесін тыңдай отырып", даналык әліппесіндей, өмір оқулығындай болған сол ой маржандарынан бүкіл адамзатка тән мүң мен қуанышты, жақсылық пен жамандықты парықтаймыз. "Еркін әңгіме арқылы "жанының жарасын" (Абай), "рухани тәжірибесін" (Монтень) ашқан даналардың ой тоғысына" куә боламыз.
