- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
Жұмыста негізінен Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік, прагматикалық деңгейі қарастырылады. Ал тілдік тұлғаның лингво-вербалдық деңгейіне қатысты мәселелер абайтанушы ғалым Р.Сыздықованың "Абай шығармалары тілі" атты іргелі еңбегінде жан-жақты зерттелгендіктен, біз бұл мәселенің кейбір тұстарын ерекше бөліп алдық. Автор қазақ тілінің Абай қолданған байырғы төл сөздерімен қатар ақын мұрасында кездесетін араб-парсы, орыс сөздерін, қаламгер тіліндегі кейбір көне сөздермен бірге әдеби тілімізге өзі қосқан немесе жандандырған жаңа сөздердің сыр-сипатын танытады. Ол еңбекте қазақ әдеби тілі нормасымен салыстырғанда Абай поэзиясының тілінде, әсіресе, прозасында біршама ерекше болып көрінетін кейбір грамматикалық тұлға тәсілдер талданады. Олардың мән-мәнісі қолданылудағы себеп-дәлелдері көрсетіледі. Біз өз жұмысымызда тілдік тұлғаның лингво-вербалдық деңгейіне қатысты алғанда қазақтың төл сөздері, араб-парсы сөздері және орыс сөздерінің көркем мәтіндегі прагматикалық уәжіне көңіл бөлдік.
Абайдың тілдік тұлғасының қалыптасуына игі ықпал еткен үш арна -қазақтың төл әдебиеті, шығыс пен батыстың классикалық әдебиеті. М.Әуезов: "Абайдың ақындық ең бір ірі жағы осы айтқан үш қазынаның қайсысына болса да құр ғана үйренуші, еліктеуші болып барған жоқ. Қайдан алсын, нені алсын -баршасы да өзінің үлкен ойлы, терең толғаулы ақындық ерекшелігі арқылы үнемі өз елегінен өткізіп, өз өнерімен мықтап қорытып, өзінің қайран жүрегінен шыққан бұйым-табысы етіп ала білді", - деген болатын.
Тілдік тұлға категориясын деңгейлеп, межелеген орыс ғалымы Ю.Н.Караулов тілдік тұлғаның парасат-пайымы, ой түсінігі биік дәрежеде, жоғары деңгейде болуына аса мән береді. Егер тілдік талдаудың нысанына тілдік тұлға алынар болса, оның интеллектуалды мінездемесі (ой-пікірі, ақыл-сана, парасаты) алдыңғы орынға шығады. "Оның интеллектісі тілде анағұрлым өткір, белсенді көрінеді әрі тіл арқылы анықталады, алайда адамның интеллектуалды қасиеті тілді меңгеру мен қолданудың барлық деңгейлерінде анық байқала бермейді",- [16,35] дей келе, негізгі басымдылықты бірінші деңгейге береді, өйткені сөздің мән-мағынасы мен таным құндылықтары тілдік тұлғаның концептуалды әлемі мен тезаурасы арқылы өзінің болмысын нақты анықтайды деп есептейміз. Ғалым пікірін толық қуаттайтынымыздың себебі де осыған байланысты.
Тілдік тұлғаның құрылымдық ұйымдасуының деңгейін анықтайтын сауатты сараптама өзінің объективті, тұжырымды сипатымен қолдау табуға алайық деп есептейміз: "...тілдік тұлғаны бастапқы, іргелі құрамдас бөліктерінен бастап нақты-жекелік тұрғыда жүзеге асуына дейін толық қалыптастыру үшін, оның құрылымының түрақты және ауыспалы бөлшегіне дейін назардан тыс қалдырмау керек және мына мәселелерді де есте ұстау қажет:
- нөлдік деңгейде сәйкес уақыт аралығындағы тілдің жағдайы туралы жүйелі-құрылымдық мәлімет беріледі;
- бірінші деңгейде тілдік қауымның әлеуметтік және әлеуметтік-лингвистикалық сипаттамасы ескеріледі, өйткені оның құрамына нысанға алынып отырған тілдік тұлға да енеді, сонымен қатар, әлем суретіндегі негізгі ұғымдардың субординативті-иерархиялық қатынастары анықталады.
- екінші децгей зерттеліп отырған тұлғаның референтті шағын топқа немесе жекелеген сөйлеу ұжымына қатыстылығымен шарттас болады, сонымен қатар оның дискурсының (сөйлеуінің, мәтіннің, тілінің) бірегей, қайталанбас эстетикалық және эмоционалды-риторикалық ерекшелігін қалыптастыруға ықпал етуші бағалауыштық категориясын айқындайтын психологиялық мәліметтер қарастырылады [16,76.].
