- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
3.3 "Қайғы" концептісі
Абайдың поэтикалық концептуалды әлемінде бірқатар концептілер субъективті дүниетаным нәтижесі ретінде жүйеленген. "Қайғы" концептісі мәні әр халыққа ортақ универсалды "қасірет, мүң, шер" семасымен қатар, ұлттық ерекшеліктегі бейнені де, дүниенің жеке авторлық қабылдауындағы бейнесін де объектілендіреді. Әдетте, белгілі бір этномәдениетке тән лингвомәдени ерекшеліктер сол социумның (оның өкілінің де) дүниетанымдық бітімін айқындар ментальді бірлік қатарында белгіленеді.
Абай шығармасының концептілік жүйесі жеке мәтіннен, яғни ақын, ойшыл Абайдың таным дүниесінен туып, оның өз сана тәжірибесінің қорытындысы деп те бағалануы тиіс.
Зерттеу барысында "қайғы" концептісіне жан-жақты талдау жасалады, атап айтқанда, концептінің 1) семантикалық құрылымы анықталады; 2) лексика-семантикалық топтарға ажыратылады; 3) тақырып өрісі белгіленеді;
Бүл тараушада Абайдың тілдік тұлғасында аса жиі қолданылған лексикалық бірліктің бірі - "қайғы" концептісінің мән-мазмұны талдау нысанына алынады. "Күйік, шер, мүң, қасірет" мағынасындағы (ҚТТС. 7 т., 520 б.) қайғы семантикасының лингвокогнитивтік мәні Абайдың тілдік тұлғасында тереңдей түседі. Абай дискурсындағы бүл лексеманың нақты қолданысы жайлы проф. Р.Сыздықова былай дейді: "Әр адамның тіршілігінде жиі кездесетін үлкенді-кішілі уайым-қайғының үстіне, заманын, айналасын ойлаған күйініш сезімі қосылғанын білсек, "бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды" деп шынын айтқан Абайдың бір басында қайғы-қасіреттің аз болмағанын көреміз. Сондықтан оның тілінде қайғы жеу, қайғы басу сияқты үш-төрттен келген тіркестерден өзге, жеке түрып қолданылған қайғы тұлғасын 60-тан астам рет кездестіреміз. Бүл - ақынның жан даусын тілмен, сөзбен, сөздің активтігімен танытуы [4,451].
I. "Қайғы" концептісіне лингвоконцептуалды талдау барысында оның семантикалық құрылымы мына белгілеріне қарай жіктелетіні анықталды: 1) лексикалық мағынасы сөздіктегі мағынасымен коррелят келеді; 2) сөздіктегі мағынасынан семантикалық ығысу байқалып, жеке индивидуалды сипат иеленеді; 3) лексеманың семантикалық құрылымын коннотақиялық "толықтыру" мәнмәтінді одан әрі нақтылайды. Бүл белгілер концептінің тақырыптық өрісімен лексика-семантикалық топтаумен бірлікте талданады, ■ өйткені тақырып өрісі мен лексикалық мағына - өзара ұштасып жатқан құбылыстар. Зерттеліп отырған лексема мағынасы мәнмәтінде әртүрлі функқияда қолданылады. "Қайғы" концептісін макро және микромәтінде қарастырғанда ғана оның концептуалды мәні туралы толық ақпарат ала аламыз. Оның семантикасын шағын мәнмәтін аясынан асырып, қоғам бейнесін |(дүниенің тілдік бейнесін) танытушы лингвокогнитивті бірлік ретінде қарастырғанда концепт ретіндегі мәні ашылмақ, өйткені концепт дегеніміз -белгілі бір таным нысанының өзіндік белгілерін нақтылайтын, ол туралы адамның тәжірибесі мен білім мазмұнын толық көрсететін ақпарат көзі.
II. "Қайғы" концептісі Абайдың поэтикалық дискурсында өзінің тақырыптық өрісін кеңейтіп, трансформақияға түседі немесе қайта жаңғырудан өтеді. Ол мынадай лексика-семантикалық топтарға жүйеленеді:
1. Қайғы - "тіршілік иесі" ол адамға тән әркеттерді атқарады:
___^_ қысады
^^^^^1------- басады
Қайғы
*^
------жасырады
^^^^1^^^--- қаңғыртады ^~^-\^^ қамалтады
жейді - дегенде қайғы концептісі тіршілік дүниесіндей қабылданады, кейіптеу сияқты көркемдік құрал қызметінде тұрады. Мысалы, Қайғы мен ыза қысқан соң, Зар шығады тілімнен; Қайғыңда қалдым қамалып, / Қызығым кетті сырылып; т.б. 2. Қайғы — зат, объект: қайғыны жүтады, қайғы ішке кіреді, қайғы ішке толады, қайғыға уланады, қайғымен қан жүтады, қайғының сызығын тартады.Қайғыңнан азамын / Барушы айта ма? 3. Қайғы - сырттан келетін күш: қайғыны жібереді, қайғыны аударады. Осы тілдік бірліктер өзінің контекстуалды мүмкіндігін белгілі бір семантикалық аяда белсенді танытып, өзге стимулятор сөздер көмегі арқылы бекіте түседі. 4. Қайғы - адамның өзі: Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген (285) , Қан жүректі қайғылы-ау, / Қайрыла кет Сен маған (287); Қайғысыздың бәрі асау, / Бізге онан пайда жоқ (287).5. Қайғы нақты кеңістікте өмір сүреді: оның өз мекені бар, оның "ғұмыры", әрине, үзақ болады, ол өз "кеңістігінде" әрекетін жалғастыра береді. Мысалы, әуелде ол тек көңілді "мекендейді". "Көңілде - қайғы, қалың зар" (150) болса, асқына келе ішкі әлемге бойлайды: Іштегі қайғы — дертіме / Жылы, тәтті жауап айт (303). Іште қайғы, дерт пысып, Көкіректі өрт қысып (151); Одан әрі шарықтай түсіп, Қайғы шығып иыққа, қамалтпасын түйыққа (150) дегендей қауіп туғызады.
Байқап отырғанымыздай, көркем кеңістікте (мәнмәтінде берілген) объективтенген ақпарат нысанының мекені түрақты емес: Ол (қайғы) көңілді ғана жаулап алса, бір сәрі ғой, ішіңе түсіп, одан қайтадан иыққа шығып, адамды, оның санасын әбден меңдеп алады.
Абай ақын шеберлігі сонда: қайғының салмағын таныту үшін, оны динамикалық тынымсыз қозғалыста алған, «қайғыны іс-әрекет үстінде» көрсеткен. Мазасыз күй кешкен, жанданған концепт (қайғы) орнын ауыстырудан тынбайды. Тіл қабылдаушы - субъект осы қимыл-қозғалысты өз көзімен көргендей, ауырлығын таразылағандай болады. Осыған сәйкес қайғының көлемі мен салмағы сезілгендей болады. 6. Қайғының мөлшері анықталады: Бір қайғыны оиласаң, жүз қайғыны қозғайды (196). Кез келсе қайғы қат-қабат, қаңғыртпай қоймас адамды (196). Сөйтіп мәтіннен танылғанындай, қайғының өсу бағамы "бірден" бастап "жүзге" дейін жетуі мүмкін, тіптен, "қат-қабат" келуі де ықтимал. Образды аныңтау барысында бүлайша еселеп күшейту, нақтылау — Абай қаламына тән тәсіл. Қат-қабат келген қайғыдан бөлек (бүл ауырлығы ғой) үсті-үстіне қосыла берген әрекеті
*?100 және бар. Мысалы, Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген дегенде қараңғы қайғы (ешкімді, ештеңені "аңдамас" деген эпитеті), одан әрі саңырау (ешкімді, ештеңені естімес) қайғы эпитеттерімен үстемеленген, сөйтіп абайлық соны образ жасалған. Ол туралы Абай сөзін зерделеуші Р.Сыздықованың: "...бүл образдың беретін әсері мүлде күшейіп, бұрынғы қазақ поэзиясы жүмсамаған жаңа қолданысты көреміз'1'1 [4,424], - деген түйіні - ұлы ақынның стильдік шеберлігін дәл айқындап, жете танудан туған қорытынды.
7) Қайғы-қымбатыңнан, аяулы адамыңнан айрылу.
Абайдың Әбдірахман қазасына арнап жазған қайғылы жоқтауы - Абайдай әкенің ғана қайғысы емес, абзал азаматын қимаған халықтың қайғысы деп қабылдану тиіс дегендей ой білдіреді М.Әуезов. Яғни үлдарын жоқтаған ел осылай ғана аза түтары хақ. "Әбдірахман бойындағы білім мен талап және ірі мағынадағы адамгершілік қасиеттер қазақтың Абай үміт еткен барлық жас үрпағына үлгі боларлықтай еді. Әбдірахман қазасының орны бөлек, ол - елдің қазасы, халық қайғысы. Сондықтан да Абайдың ... уайымға оралып айтқан жырлары жалпы қауымдық қайғыға айналып отырады дейміз" [4,162]. Олай болса, қайғының жеке бастың емес, елдің жүрегіне түскен салмақ екені Әбдірахманға арналған өлеңдерде барынша нақты сипат иеленгені аңғарылады. Сонымен қатар, Оспанға қатысты да осы ойлар қозғалады. Оны да алды бүл өлім, / Сабырлық қылсақ керек-ті (245); Көңілімнің күні өткен соц / Қайғылы болар түн;
Абайдың әр шығармасының өзегінде өмір мәні, адами құндылықтар, қоғам дерті тұрғандықтан, ашуы - "ашыған у", "қайғы-зары сыртқа төгіледі". "Адам қайғысы - заман қайғысы" деген халық даналығының сәйкестігі тағы байқалады. Қайғы сөзімен келген фразеологизмдер қоғамдағы оқиға құбылысты тілдік тұрғыдан сипаттап қана қоймайды, халықтың менталитетін, көзқарасын, дүниетанымын да қоса білдіреді. Абай шығармашылығында қайғы мәні өмір тіршілікте кездесетін мүң-шерге байланысты қозғалып, әсіресе, Әбіш қазасына байланысты асқына түседі. Ақынның өмірге көзқарасы тереңдеген сайын, өлеңдері мен Қарасөздерінде қайғы да ұлғая түседі. "Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман" өлеңінде қоса білдіреді.
Белгілі бір этностың сөздік қорында сақталған дүниенің мәдени-ұлттық бейнесін концептілер көмегімен қайта жаңғырту мүмкіндігі мол. Соған сәйкес, қайғы концептісін ұлт дүниетанымындағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін бірліктің бірі ретінде қарастыруға болады. Біздің когинтивтік санамыздағы дүние бейнесін қайғы концептісінің құрылымы арқылы жүйелеу мүмкіндігі бар. Фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдер арқылы прагматикалық сипатын анықтауға болады. Күйесіз қазан жоқ, Қайғысыз адам жоқ (78); /Қайырсыз адам болса да, Қайғысыз адам болмас (80); / Қайгъг басқан кісіге мамық төсек таспен тең, / Қайғысы жоқ кісіге екі аяғы атпен тең, - деген мақал-мәтелдер және фразеологиялық қордағы "қайғысыз қара суға семіреді, қайғы жеу, қайғы басу т.б." басқа да фраземалардың Абай қолданысындағы бірліктер ассоциақиалық өрісін кеңейтіп, қайғы концептісінің құрылымын толықтыруға септеседі.
«РІОІ Тілдік таңбалар мазмұн бірлігі арқылы бір өріске жинақтала түзіледі. Мазмұн бірлігі деген шектес мағынаны немесе бірлескен ортақ қызметті білдіреді. Абай дискурсында "қайғы" концептісі айқындайтын семантикалық құрылымдардың рөлі мәтін интерпретақиясы кезінде де айқындала түседі. Дулат: Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық сумен жуынам ( 62). Абай: Өзгеге, көңілім тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың? Оны айтқанда толғанып, / Іштегі дертті жоярсың (152).
Дулат ақынның иұйқы беріп, қайғы алған / Қайғылыны уаттым" (63) деген экспрессияға толы синтагмасы Абай дүниетанымына сәйкес екі мәтінде кездеседі. 1) Өзімдікі дей алмай өз малыңды, / Күндіз күлкің бүзылды түнде ұйқың; 2) Адам дертті болмай ма құса тартып, / Тұщы үйқы ұйцтай алмай түнде жатып" дегенде Абайдың "Қалың елім қазағым" өлеңі мен "Масғұт" поэмасы және Дулаттың өлеңіндегі ой өзегіне айналған бүл жолдарда ұйқының бүзылуы қайғы концептісімен ассоциақияланып, қайғы келгенде, ұйқы қашатыны имплицитті мәнде берілген, ал Дулат мәнмәтініндегі ой ашық, эксплицитті уәжделген. Ұйқының қайғыға "орын босатуы" тікелей баяндалады.
Абайдың тілдік тұлғасындағы а) "басыма салдың қараны" (241), э) "құса тарту"; б) "түщы ұйқы үйқтай алмау" (328); в) "күндіз күлкі бүзылу"; "түнде ұйқы бүзылу" (50) синтагмаларын қайғыру етістігінің перифразды түрі деп есептейміз.
III. Абай шығармасы дискурсындағы қайғы семасы үш түрлі тақырып аясында әр қырынан ашылады: 1) қайғы - адамды адамның түсінбеуі; 2) қайғы - қымбатыңнан, аяулы адамыңнан айрылу; 3) қайғы - қоғамдық-әлеуметтік мәселені қозғайды. Бүдан шығатын қорытынды "қайғы" концептісі Абайдың поэтикалық жүйесінде тақырып өрісінің кеңдігімен, яғни айтар ойының деңгейімен ерекшеленеді.
Тақырыптық топ көлемі лексика-семантикалық топтың көлемінен ауқымды да жан-жақты болатындығын ескеріп, "қайғы" концептісін әуелі тақырып аясына қатысты сөз еткенді жөн санадық. Теория бойынша, сөздерді тақырыптық тұрғыда топтастырғанда олардың арасындағы әйтеуір бір байланыс негіз болатынын белгілі. Бүл арада қайғының жекеге де, жалпыға да, алысқа да жақынға да салған ауыртпалығына байланысты ауыспалы мағынадағы ортақ қасиеті алынды. Лексика-семантикалық топтағы сөздердегі мағына жақындығы мен ортақ семалары болады деген теориялық мәселені біз концепт мәнін ашуда шартты түрде пайдаландық, яғни біздің сүйенгеніміз -логикалық байланыс [104].
