- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі арқауы концепт категориясы өзінің теориялық негіздерін әр қырынан, әр тұрғыдан ашқанда барып, толық түсінікті болатын күрделі құбылыс. Концепт мәні, оның құрылымы мен өрісі отандық зерттеушілердің таным нысанына айналуда. Қазақ тіл білімі бойынша Ж.Манкеева, Қ.Жаманбаева, А.Ислам, Г.Сағидолда, Э.Оразалиева, Г.Смағұлова, Б.Нұрдәулетова, Г.Снасапова, М.Кұштаева, С.Жапақов, Б.Ақбердиева, Б.Тілеубердиев, Б.Жүмағұлова, Ш.Ниятова, Г.Имашева, Ф.Қожахметова т.б. зерттеушілер еңбектерінде әр қырынан зерттеліп келеді.
Алайда, "концепт" терминінің анықтамасы әлі бір ізге түсе қойған жоқ. Сондықтан да тілші-филологтардың бүл теориялық мәселеге қатысты байыптама-талдауларына қысқаша сипаттама бергенді жөн көреміз. XX ғасырдың 20-30 жылдары алғаш рет Ресей тіл білімінде бастау алған "концепт" термині әртүрлі аяда түсіндірілуде. Нақты бір анықтаманың қалыптаспағанын В.А.Маслова мына жағдаймен байланыстырады: концепт - күрделі әрі көп қырлы құрылым. Ол ұғым-түсінікке негізделіп қана қоймай, әлеуметтік, психологиялық, мәдени мазмұн иеленеді. ... "концепт - белгілі бір мәдениетке тән ассоциақия, эмоқия, психика, баға, ұлттық бейне мен коннотақияларды қоса танытатын күрделі құрылым". Концептің саны да мазмұны да үздіксіз өзгерісте болуы ықтимал, өйткені адамдар үнемі өмірдегі (қоршаған ортадағы) жаңа заттарды таниды (таным жалғаса береді), өмір үнемі өзгеріп, бір орында тұрмайды" [13,47-516.], сондықтан түзілген жаңа білімді беретін әрі оны сақтайтын "негізгі ұяшық" (құрылым) икемді әрі өзгермелі болуы заңды. "Концепт сөздің сөздіктегі мағынасы мен адамның жеке және халықтық тәжірибесінің тоғысуынан туады" [52, 28-376.] дегенді барынша құптаймыз. В.А.Маслова: "Сөздің сөздіктегі мағынасы когнитивтік шындықтан алыс, тіпті жеткіліксіз берілетіндігін алғаш рет шетелдік ғалымдар аңғарды", - дейді [13,406.]. Ьап§асһег К. Ғапсіаііош о£ со^піііуе ^ғатшег. Уоі 1. Оһеогеіісаі ргеге§І8І1;е8. 8іапіогё, 1987)
Когнитивтік ғылым саласы - адам баласы өзін қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттардың, қоғам мен адам қарым-қатынасының мазмұн-мәнін өз дүниетанымында, ой-санасында қалай сараланғанын көрсететін іргелі де күрделі ғылым саласы дедік, сондықтан ол өз зерттеу ұстанымына сәйкес философия, психология мәдениет, әдебиет, тіл, жаратылыстану ғылымдарымен сабақтаса, бірлікте сарапталады, әйтсе де философиялық лингвистика негізгі арқауына айналғаны басы ашық жағдай.
Тіл мен мәдениет және психология мен философияны сабақтас қараған концепқиялар бүгінгі ғылымда арнасын кеңейтіп, тіл мәселелерін шешуге қатысып, жаңа бағыт-бағдармен толығу үстінде. «Концептуалды сөздердің әлеуметтік бағалауышты өз семасын қабылдауы нақ осы сөздердің әлеуметтік тұрғыдан аса қажеттілігіне байланысты», - дейді [45,55 б.] Б.Момынова. Тарих, әлеуметтану, этнография, әдебиеттану сияқты ғылымдардың тоғысуымен таным деңгейі тереңдей түсуде. Концепт - когнитивтік лингвистикадағы негізгі категория. Ғылымның бүл саласы бойынша, тілдің таным құралы, таным шарты ретіндегі рөлі баса зерттеледі, себебі тілдің көмегінсіз адамның тілдік ақпаратты қабылдау, игеру және өңдеу сияқты когнициялық мүмкіндігі шешілмейтіні белгілі. Сондықтан да, когнитивтік лингвистика жалаң тілді ғана зерттемейді, когницияны (таным, ойлау, білім-білікті) талдап, таразылайды.
Логикалық сипатына катысты алғанда: концепт көпқырлы менталды құрылым, менталды бірлік; сана бөлшегі; ауқымды ой бөлігі; адам санасымен байланысты мән; ұжымдық білім көрсеткіші; білім кванты концептуалды жүйе бөлшегі, шындық нысаны туралы ұғым-түсінік деген мінездемелерге ие болады [53; 54].
Когнитивтік лингвистиканың негізгі бірліктерінің қатарына жататын "концепт " терминінің бірқатар дефинициялық анықтамасы бар. Латынша мәні ("сопсеріш" - өз бойына көптеген мазмұн "жинақтаған" сөзі) негізгі ұстанымы ретінде алынған концепт құбылысын - дүниенің тілдік бейнесінен түзіліп жинақталған білім жүйесінің бір үзігі ("сыры") деп те ұғуға болады [55 ,56].
"Концепт" термині қоршаған орта құбылысының мазмұны тілдік санада қалай бейнеленетіндігін айқындайды. XX ғасырдың 20-30 жылдары Ресей тіл білімінде пайда болады [57, 267-280 б.].
"Концепт ментальдық құрылымды білдіре отырып, ұжымдық санадағы көпқырлы, әржақты образды ашуға түрткі болады. Концепт адам жадының мәнді бірлігі, ментальды лексиконы болғандықтан, адамның ойлау процесінде ол арқылы белгілі бір "білім кванты" түріндегі ақпараттар түзіледі [55,90 б.]. Тіл жеткізушінің ұлттық санасында сөз түрінде белгіленіп сақталатын ұжымдық сана бірлігі - концепт сипатын иеленеді. "Сөздің өзінде, оның вербалды дефинициясында адам ақыл-санасының когнитивті әрекетінің нәтижесі көрінеді" [39,53-556.]. Көптеген ғалымдар концепт ұғымын анықтауда адамның таным әрекетін бейнелейтін мәдени қабатына басымырақ назар аударады. Зерттеуімізде біз де мәселенің осы қырына басымдық бермекпіз.
Концепт - адамның ментальды әлеміндегі мәдениеттің негізгі ұясы, ал мәдениет болса, екі ортада аралық, жалғастырушы қызмет атқарады; әуелі концепт адамның ментальды әлеміне мәдениетті жеткізуші қызметте болса, екіншіде, концепт мазмұны арқылы адамның өзі мәдениет әлеміне терең дендеп, бойлап кетуі ықтимал. Концепті зерттеу бағыттарының көптүрлілігі және әртүрлі ұстаныммен келу - бұл күрделі түсініктің өз мәні мен табиғатына тән, соған тікелей тәуелді екендігі белгілі.
Концепт ұғым-түсінігін мәдениеттану аясында қараған Н.Ф.Алефиренко "концепт түріндегі тілдік бейнелердің ақпаратты сақтап қана қоймай, жеткізетінін, талдап, саралайтынын және тілдік құрылымдар арқылы тілдің когнитивтік деңгейі анықталатынын" өз зерттеуінің өзегіне айналдырады. Автордың: "Концепт - біз өмір сүріп отырған әлемді бейнелеуші, дүниенің түрлі моделін кескіндеуші" [40, 188 б.] деген аксиологиялық бағасы концептіні лингвомәдени құбылысқа теңгеруден туғандығы аян. Біздіңше, оның себебін лингвомәдени парадигма құрамына енген сөздің мәдени ен-таңбалы бірлікке айналатындығымен уәждеуге болатын сияқты, сөйтіп ұжым мүшелерінің өмір тәжірибесін кодтау мәртебесін иеленген концепт - культуремаға (мәдени таңбаға) айнала алады. Қорыта келгенде, концепт - ұжымдық санадағы кодталған мәдени ен таңба деген тағы бір сипатын айқындай аламыз.
С.А.Аскольдов-Алексеевтің 1928 жылы "Концепт және сөз" деген мақаласы жарыққа шығып [57, 267-2806.], оның авторы осы төңіректе әлденеше рет мәселе көтерсе де, ол мәселе күйінде қалып, одан әрі қолдау таппайды. Тек XX ғасырдың 80 жылдарында ағылшын авторларының орыс тіліне аударылуына байланысты концепт мәселесі қайта жанданып, жоғарыда сөз болған деңгейге жетеді, сөйтіп В.А.Маслованың дүрыс көрсеткеніндей, лингвистикалық теория ретінде тілдік таным мәнін анықтаумен шектелмей, адамның тіл арқылы қол жеткізетін табыстарын саралаумен айналысады: 1) әлемді тану және түсіну процесінде тілдің қатысу дәрежесі қандай?; 2) концептуалды жүйенің тілдік жүйемен арақатынасы анықтай отырып, сананың когнитивтік құрылымы тілдік бірліктермен қалай қатысады?; 3) Әлем туралы ақпаратты алу, өңдеу, жеткізуде тіл қалай әрекет етеді?; 4) Концептілер өрісін құраушы әмбебап концептілер жүйесін қалай сипаттау керек?; 5) дүниенің тілдік бейнесі, ғылыми және қарабайыр дүние бейнесі мен тілдік бейне арақатысы қандай? деген мәселелерді шешу міндетін белгілейді.
Адам білімінің қайнар көзі де, өрістеп дамуы да белгілі бір мәдени кеңістіктен туындайды, "сол себепті де концепт - адамның менталды әлеміндегі мәдениеттің негізгі ұясы, концепт адам санасынан орын алған мәдениет қорытпасы [53,436.]. Ол мәдениет бірлігі болғандықтан, бірқатар құндылықтармен айқындалады.
Концепт құрылымы құндылықтардан басқа бейне және ұғым-түсінік қалыптастырушы қабаттардан тұрады. ¥ғым-түсініктің өзі концепт пайда болуына негіз қалайтын басты нысанға арқа сүйейді, ал мәдени концептің бейнелі қабаты шындықты тану тәсіліне байланысты болады. Оның құрамына қарапайым қабылдаулар, сөздің ішкі формасы енеді. Лингвомәдени концепт - тіл мен сананы және мәдениетті кешенді зерттеуде пайдаланылатын шартты менталды бірлік.
Когнитивизм мәселесі ғылымның әр саласында орын алып қана қоймай, бір ғана тіл білімінің өзінде іштей сала-сала болып жіктеле бастады. Когнитивті лингвистиканың зерттеу бағыттары концепт мәселесіне байланысты іштей былайша нақтыланып, даралана түсті:
- концепт - мәдениет көрсеткіші (Ю.С.Степанов);
- концепт - ұлттық мәдени құндылықтармен байланысты ұлттық лингвомәдени таным (С.Г.Воркачев, В.И.Карасик);
- концепт - белгінің когнитивті негізіне сүйенетін философиялық-семантикалық мазмұн (А.В.Кравченко);
- концепт - тілдік формаға тікелей байланысты емес логикалық әдіспен зерттелетін логикалық бағдар (Н.Д.Арутюнова, В.И.Павиленис);
- концепт - тілдің лексикалық және грамматикалық семантикасын сөз мазмұнынан концептілік өрісіне дейін моделдеу құралы ретінде талдайтын семантика-когнитивті бағыт (Е.В.Рахилина, Е.С.Кубрякова, Н.Н.Болдырев) сияқты бірқатар мәселелерді қамтыған когнитивтік лингвистикадағы ғылымның жаңа парадигмалары түзілді [53; 21; 58; 59; 60; 61; 62].
Когнитивті ғылым дамуының қазіргі деңгейі оның зерттеу мәнінің толысқанын, адам факторымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді. Қай тұрғыдан зерттелсе де, "адам" концептісі негізгі мәселеге айналған.
Концепт үнемі жетілу үстінде болатын құбылыс дедік. Бүл кезде тілден тыс барлық факторлар дерегі назарда болады. Уақыттың әр кезеңінде концепт мәдени мәнді түрлі дәрежедегі толығуды бастан кеше отырып, уақыт көшінде ұжымдық санада түрліше байыпталып, әр түрлі қабылданады, сөйтіп когнитивтік-ментальдік кеңістікте өзіндік болмысымен көріне алады. Концепт мәселесінің осы бір сипатын зерттеуші Б.Тілеубердиев былай жіктейді: 1) белгілі бір концептіге қатысты сөздің тілдік мағынасын анықтау; 2) осы сөздің этимологиясын табу; 3) паремиологиялық және фразеологиялық қорда жүзеге асу; 4) тілдік деректер көмегімен ұлттық реалийлерді суреттеу мен айқындау арқылы концептінің белгілі бір ментальдік-когнитивтік құрылымын ашу т.т. [63, 176.] . Әрине, концепт мазмұны түрлі ұлт өкілдері өркениетінің деңгейіне байланысты болады, олай болса ұлттық ерекшелікпен ажыратылатын дәлелдеуді қажет етпейді.
"Концепт категориясы негізінен семантикалық өріске сүйену арқылы айқындалады" деген тұжырымның дұрыстығы дау туғызбасы анық. Өйткені концепт мазмұны сөздің денотат мағынасынан ғана тікелей туындамай, одан тыс барлық белгілердің нақты бір нысан бойына түйісуінен құралатыны белгілі. Логикалық байыбына барсақ, "денотат мағынадан тыс" және "семантикалық өріске тән" деген анықтамалардың бір арнаға тоғысатынын бағамдау қиын емес. Семантикалық өрістен сөздің лексикалық, денотаттық мағынадан өзге сигнификаттық, стилистикалық (синтагмалық) мағыналары мақсатты түрде орын алады. "Сигнификаттық мағына элементтерінде түйсік арқылы қабылданған субъективті ақпарат, адам ойының шығармашылық жемісі, өмірлік тәжірибе, дүниетаным элементтері т.б. болатындығын дүрыс тани білген [64,20-46.] ұстанымдарды "концепт" категориясын анықтауда басшылыққа алған жөн деп есептейміз. Концепт лексикалық мағынаға қарағанда кең, әрі толымды екені ескерілгені жөн.
Келесі зерттеме авторлары концепті сезім тәжірибесі арқылы, сезім мүшелері арқылы қабылдау нәтижесінде пайда болатындықтан, "тілдік бірліктерді санамен тану" деп есептейді (Стернин, Попова сияқты ғалымдар). Сөйтіп концепт табиғатын түсінуге жетелейтін зерттеулер нәтижесі терминдер мен бірқатар түсініктердің араласып жатқанын көрсетеді. Олар - концепт, ұғым, мағына терминдері. Қанша зерттеуші болса, сонша бағыт бар екені оған берілген анықтамалардан да байқалады [65]. Тілші ғалым Ш.Жарқынбекова өз еңбегінде түр-түс атауларына байланысты концепт ұғымын ұлттық ерекшеліктерге қарай жіктейді [65, 130-145 б.].
Когнитивтік құрылым бірлігі мен іргелестігіне қатысты алғанда концепт "ұғым " категориясына тең емес, одан кең, өйткені ол (концепт) ақиқат дүние бейнесінен тереңдеп, сана қатпарындағы дүниенің «тереңде жасырынған» тілдік бейнесін шығарады. Зерттеуші ғалым Б.Тілеубердиев "концептіге ұғым енгенімен, ол ұғыммен шектеліп қалмайды, концепт қайта, сөзге қатысты барлық ақпараттарды қамтып отырады" [63,96.] деп нұсқайды. Кез келген ұғымнан нақты бір нысанның басты, ең негізгі сипаты танылса, концептіден сол нысанның басты сипатымен қатар қосымша белгілері айқындала түсуі -заңдылық. Концептінің ұғымнан ажыратылатын негізгі айырмашылығына алғаш рет осы мәселеге қозғау салған С.А.Аскольдов-Алексеев ерекше көңіл бөледі. Зерттеушінің "тілдік қолданыста адам ұғым арқылы сөзге қатысты барлық мән-мазмұнды сыйдырып жеткізе алмайды, ал концепт белгілі бір нысанды аша алатын барлық мәлмет-мағлүматтарды жинақтап бере алады" -деген ой-тұжырымында осы категория сипатына тән басты мінездеме берілген [57,2686.]. Негізінде, мазмұн - тіл жүйесінде, ұғым-логикада да, тіл білімінде де зерттелетіні есте болу керек.
"¥ғым" мен "концепт" бірдей, теңдес түсініктер емес, өйткені ұғым нысанның әбден танылған мәнді белгісі болса, концепт ерекше менталды дүние; оның құрамына сол аталған нысан туралы барлық білімдер топтамасы енеді (лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық бірліктермен анағұрлым маңызды әрі мәнді құрылым. Белгілі ғалым Н.Уәли бүл мәндес категориялардың ара жігін ашу мақсатында осы тектес ой-пікірді әрі қарай тереңдете түседі: "ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт - мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы" [25, 136.] . Ғалым одан әрі концепт түсінігіне тереңдете талдама жасаудың үлгісін көрсетеді. Ол түрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық т.б. құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым екенін тұжырымдайды. Біздіңше, бүл анықтаманың екі құндылығы бар: бірі - концептің ұлттық ерекшелікпен тікелей байланыстылығына нұсқайды; екіншісі - концепт пен дүниенің тілдің бейнесінің тығыз бірлігін мегзейді. Ал кейбір зерттеушілер бұларды екі бөлек дүние деп қарайтындығы бар.
Концептпен салыстырғанда ұғымның анағұрлым қарапайым құрылым екендігі, сондай-ақ, концепт күрамында толық кездесетін құрамдас бөліктердің ұғым аясына енбей қалатындығы зерттеушілер назарынан тыс қалмаған. "¥ғым мәнді және қажетті белгілерді көрсетсе, концепт айтарлықтай маңызы жоқ белгілерді де қамтиды" [56, 14-306.].
Концепт пен мағына өзара сәйкесе бермейді. Сөз өзінің мағынасы арқылы концептің тек бір тармағын, бір бөлігін ғана көрсете алады екен. Сөйтіп, концепт пен ұғым әртүрлі ғылымның терминдері: ұғым, негізінен, логика мен философия ғылымында қолданылса, концепт - математикалық логика термині бола түрып, соңғы кезде мәдениеттану және лингвистика ғылымында түрақталып бекіді [54, 406.] .
Оның теориялық мәселелерінің айқындайтын тұстары, концептілік талдау әдістерінің анықталуға тиісті бағыттары қазақ тіл білімінің де көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. В.Н.Телия "концептіні нақтылықтан абстрактылыққа (идеялы ой әлеміне) дейін үласатын мәліметтер қоры" деп бейне бірлігіне нұсқаған. [42,976.].
Бүл концепт категориясының дамып, толығып отыратын құбылыс екендігін көрсетке керек. Оның абстрактіден нақтылыққа ауыса алатын әлеуеті де бар.
Сөйтіп концепт сөз мағынасының барлық когнитивтік, мәдени-семантикалық әлеуетін (потенциалын) танытып, сөз қуаты мен сөз байлығын, сөз құпиясын ашып береді. Нәтижесінде, концептуалды талдау барысында сөздің негізгі мағынасы (сөздік қор байлығы) ғана нақтыланумен шектеліп қоймай, тілдің концептуалды өрісі жан-жақты ашылады.
В.А.Маслова сараптамасы біздің осы ұстанымымыздың дүрыстығын дәлелдей түседі, "яғни концепт сөздің негізгі мағынасын ғана "қуалаумен" шектелмейді, ол - сөздік дефинқиясы мен этностың когнициялық әрекетінің, таным тәжірибесінің бірлесуінен туындаған күрделі құрылым бірлігі" [66,576.].
Концепт құбылысын саралағанда оның ментальды табиғатына ерекше мән берген ғалымдар да бар. "Концепт - адамның ойлау кодының негізгі бірлігі болып табылатын дискретті ментальды құрылым. Оның біршама салыстырмалы жүйеленген ішкі құрылымы бар, ол қоғам мүшесінің таным әрекетінің нәтижесін көрсетеді; Бейнеленіп отырған құбылыс пен затқа қоғамдық сананың қатынасы қандай дәрежеде екенін білдіреді, нәтижесінде концепт - кешенді, энциклопедиялық ақпарат жеткізуші" [67 ,68].
Зерттеу еңбектерін сараптай келгенде, концептің қалыптасуы әлемді танумен, ол туралы жан-жақты білім жинақтаумен жүзеге асатындығы анықталды. Концептер жүйесі дүние бейнесін жеткізіп қана қоймайды, - адамның шындықты түсінуі, дүниенің ерекше концептуалды суретін, ментальді мәнін қоса білдіреді. Концепт - сананың менталдық немесе психикалық қырын, адамның білімі мен тәжірибесін жеткізетін ақпарат мазмұнын түсіндіруге қызмет ететін категория деген тұжырымға келеміз.
Ғалым Ж.Манкеева "Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері" атты «еңбегінде тілдік белгілердің когнитивтік табиғатын айқындауға байланысты өз ұстанымын білдіреді. Қысқаша тұжырымдағанда мына тұрғыда ой қорытады: 1) таным толымды болу үшін қоғамдық тәжірибеге сүйену қажет; 2) тіл тек ақпарат көзі ғана емес, сондықтан, өзіндік, субъективті көзқарас арқылы объективті шынайы дүниенің шынайы суреті көркем танылатындай пернелеп, бейнелеп бере алуы да тілдің міндеті болуы керек; 3) таным модельдері бір-бірімен сабақтаса, құрылымы жүйелі сипатта келуі тиіс [44, 41] деген мазмұнда жасалған сараптамалық бақылауы концептуалды талдау барысында басшылыққа алынады.
Тілдік тұлға тарапынан мән берілген әрбір концепт ұлт танымында
• өзіндік орыны бар ақпаратты таныта отырып, сол халықтың ұлттық-мәдени ерекшелігінен хабардар етеді. Түрлі мәдениет өкілінің ұжымдық, тілдік санасындағы әлем бейнесі әралуан кейіпте болатыны мәлім. Сондықтан да концепт құбылысының бір мәні материалдық,-әрі рухани мәдениеттің тілдік таңбасы, тіпті тілде таңбасын қалдырған халық тарихының ізі деуге әбден болады.
Лингвомәдени ерекшелікті басшылыққа алатын болғандықтан да, ұлттық мәдени концептінің қалыптасуының когнитивтік негізін анықтап алу да аса маңызды. Жалпы адамзатқа ортақ концептілер жүйесі болуы да, жеке бір этносқа (тіпті жеке бір индивидтің өзінің танымы бойынша) ғана тән өзіндік болмыспен «түйықталған» концептілер болуы әбден ықтимал. Сөйтеді де сол халыққа ғана тән ерекшелік (концепт мазмұнындағы) оның дүниетанымының ұлттық негізін қалайды. Дүниенің өзіндік бағасын белгілейді. Әр социум өкілі, әр ұлт, әр тілдік тұлға дүние бейнесін өзінің ұлттық ерекшелігіне, жеке психикасына, мәдени деңгейіне, дүниетаным өрісіне қарай әрқалай қабылдайды. Дәл осы тұста, яғни дүние бейнесін, әлем «кейпін» танымдық аспектіде түйсініп, түсінгенде (сосын барып бейнелегенде) концепт куаты барынша ашыла түседі. Концепт осы кезде "көмекке" келеді. Концепт өзегіндегі актуальды мазмұн мен қосымша мәндердің объективтенуіне мүмкіндік беру - тіл тұтынушыдан үлкен білімді талап етері сөзсіз.
Кез келген адамның когнициялық жүйесінде оның өзіне ғана тән, тек өзінің бастан өткерген (кешкен) жағдайынан, тәжірибесінен туындаған жағдаяттар орын алады. Бүл әр мәдениеттің әр түрлі репрезентақиялануына (жүзеге асуына), әртүрлі танылуына дәлел болады деп есептейміз. Мысалы, қайғы бар адамзатқа ортақ түсінікте "мұң, зар, күйзеліс" деп ұғынылса, Абай ұғымында (қолданысында) саңырау қайғы, қараңғы қайғы болады, тіпті ол "иыққа шығып алады ". Денотат мағынасы - "адам басына қасірет, мүң орнауы" болса, Абай дискурсында оның мәні өзге қырынан ашылып, тереңдеп кетеді.
Түйіндей келгенде, Абай тілдік тұлғасындағы концептілердің танымдық ерекшелігін, семантикалық өрісін когнитивтік лингвистика шеңберінде зерттей отырып, Адам мәніне бойлай аламыз. Ұлттық санадағы шынайы, ақиқат дүниенің құндылықтарын таңбалайтын кейбір концептілерге талдау жасау арқылы ұлттық концептуалды жүйенің даму бағытын бағдарлай аламыз.
Мәтінді лингвистикалық талдау барысында, концепт нысанының "мәнді емес" белгілеріне терең сараптама жүргізгенде барып, сол талдауға түсіп отырған концепт мәнінің танымдық, бейнелілік, бағалауыштық құрылымы барынша ашыла түседі деп есептейміз.
Сөздің семантикалық, сонымен қатар, ассоциақиялы өрісі концепт мазмұнын анықтайды десек, семантикалық өрісінде оның ең мәнді белгілері нақтыланады, ал ассоциақиялы өрісінде екінші қатарлы, "мәнді емес" белгілер, яғни қосымша лингвокогнитивті, лингвомәдениеттанымдық білім жүйесі жан-жақты ашылады. Сөйтіп концепт беретін ақпарат прагматикалық, танымдық мақсат иеленеді және аялық біліммен толыға түседі, бірақ кез келген атау -белгі концепт бола алмайды, шындық өмірдегі белгілі бір мәдениет үшін құнды әрі көкейкестілері ғана концепт дәрежесіне жетеді.
Сөз мағынасында сезім мүшелері (көру, есту т.б.) арқылы қабылдауға келмейтін, алайда адам ойының қызметі негізінде пайда болатын мағыналардың болатындығын ескерсек, осы жағдай концепт құбылысын жете түсінуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, концепт құрылымында сөздің "байқалмайтын" мағынасы, "жасырынуды қойып жарыққа шығады" деп есептейміз.
Қорыта келгенде, одан тыс барлық белгілердің бір арнаға түйісуінен туындайды. Өз ұғымымыз бойынша пайымдасақ, адам өз өмір тәжірибесінде "жиған-тергенін", "көрген-білгенін", жалпы өз қабылдауын концепт ұғымына "сыйдырып жібереді де", зерттеуге алынып отырған нысанның бағасын жан-жақты, толымды, терең өлшеммен белгілейді. Соның нәтижесінде барып, көп қырлы концепт ұғымы ашыла түседі.
Абай дискурсында халықтың өмір тәжірибесінде берік орын алған концептілер әралуан когнитивтік, прагматикалық қызмет атқарады.
