Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.

Қазақ тілтанымында мәтін лингвистикасы ғылым саласы ретінде филолог-ғалым Р.Сыздықова еңбектерінен бастау алады. "Абай шығармаларының тілі" атты іргелі зерттеуден өріс алған мәтінтану ғылымы әрі қарай жалғасын табуда. Ғалым қазақ тіліне қатысы бар ортағасырлық жазба ескерткіштер тілін зерттеген еңбектерінде "ХҮ-ХІХ ғ. қазақ әдеби тілінің тарихы", "Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы", "Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің тілі", "Абайдың сөз өрнегі","Жазушы және сөз мәдениеті", "Сөз құдіреті" сияқты монографиялық еңбектері мен ғылыми зерттеулерінде мәтін тілінің көркемдік-эстетикалық белгі-сипаттарын танып-танытуды мақсат етті. Сонымен қатар, М.Әуезов Ғ.Мүсіреповтерден бастап бүгінгі Ә.Кекілбаев, Д.Исабековтерге дейінгі аралықтағы жазушылардың тілі мен көркемдік әлемін әр қырынан танытқан еңбектер - мәтін лингвистикасына қосылған үлкен үлес, теориялық-практикалық құнды зерттеулер қатарынан табылады.

Ғалым Р.Сыздықова көркем туынды тілін лингвистикалық стилистика тұрғысынан талдай отырып, көркем әдебиет тілінің ұлттық мәдениеттегі орнын, мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметін таразылау міндетін де алға қойған.

Мәтін талдау аспектілері аясында басталған бүл жаңа филологиялық бағыт бүгінгі күні қазақ лингвистикасында соны ізденістермен, тың бағыттармен өз арнасын кеңейіп, Е.Жанпейісов [75], Г.Смағұлова [76], Б.Шалабай [77], Г.Әзімжанова [46], Г.Сағидолдақызы [78] т.б. ғалымдардың зерттеулерімен толыға түскен.

XX ғасырдың екінші жартысынан негізі қаланған мәтін лингвистикасы бірнеше ғылымдар тоғысынан пайда болған ғылым саласы. Ол - тіл көркемдігін сипаттайтын дәстүрлі стилистикадан бастап, адам танымына жетелейтін когнитивтік лингвистика, философияға дейінгі аралықты қамтиды. Мәтін анықтамасы сан алуан. Әр зерттеуші зерттеу нысанына байланысты осы күрделі құбылыстың өз зерттеуінің табиғатына жақын келетін бір ерекшелігін бөліп алып, оны мәтін анықтауышы етіп белгілейді.

Қазақ тіл білімі зерттеушілерінің пікірі де осыған саяды: "егер мәтін адамның сөйлеу әрекетінің жемісі болса, онда мәтін тек лингвистикалық мағынамен қатар ұғымдық категориялармен бірге (грамматика, логика), онтологиялық (философиялық) категориялармен байланысты. Сонымен лингвистикалық категория деген ғылымның көптеген салаларымен тығыз байланысты" [76,23 б.] - дейді ғалым Г.Смағұлова.

Автор көркем мәтін материалдарын талдау түрлері лингвистикалық принциптер мен әдістер арқылы жүзеге асырылатынына ғылыми-теориялық негіздеп, нақты талдаулар көмегімен тәжірибелік қорытындылар жасайды. Атап айтқанда, мәтінді лингвистикалық талдау әдістерінің әрқайсысына қысқа да нұсқа әрі толымды мінездеме береді. Ғалым санамалап, жіктеп берген: классикалық әдіс, дәстүрлі парадигмалық әдіс, семантикалық өріс әдісі, лексика-семантикалық топтар бойынша талдау әдісі, компоненттік талдау, эксперименталдъщ талдау әдістерін [76,11-146.] меңгерудің автор өзі тұжырымдағанындай, тілді жеткізушінің сол тілді терең білуі, сөздің сезімдік эмоционалдық жағын түсінуі, компоненттер семантикасын ажырата алуын айқындауға байланысты теориялық практикалық пайдасы зор. Автор одан әрі көркем мәтінді стилъдік талдау әдістері; лингеостилистикалық талдау әдістері мен ұстанымдары; көркем мәтінді талдау түрлеріне қатысты маңызды теориялық тұжырымдар түйіп, нақты ұсыныстар жасайды, мәтін категориялары мен мәтін түзетін тілдік бірліктердің қызметіне кеңінен тоқталады. Жұмысымыздың мақсат-міндетіне орай, қажетті тұстарда осы пайымдаулар басшылыққа алынып отырды. Мәтін лингвистикасы сияқты күрделі саланың мәселелерін жаңаша анықтау барысында бағдар сілтейтін еңбектер қажеттілігі объективті шындық екені және рас. Аталған еңбектің маңызды бір түсы - мәтінді зерттеу бағыттарын тілдегі жаңа ғылыми парадигмамен ұштастыруында деп есептейміз. Ғалым Г.Смағұлова лингвистиканың зерттеу бағытын нақтылап, құрылымдық лингвистикадан когнитивтік, антропологиялық лингвистикаға ауысуына байланысты мәтін талдаудың жаңа қырлары ашылып, зерттеу нысаны тереңдегенін көрсетеді. Тілді жеке адаммен, оның ұлттық ойлау болмысымен байланыстыра қарауға сілтеме жасайды, өйткені "кез келген мәтін үлгісі субъектінің пәрменді сүйеуінсіз немесе антропоцентрсіз болуы мүмкін емес". Сол себепті "мәтін интерпретақиясының негізгі мақсаты - вербалды-коммуникативтік тұрғыда "адам факторының" тілдегі орнын, антропоцентрлік жаңа бағыттағы ізденістерді байқату" [76,156.]. Біз де өз зерттеуімізде "мәтін түзетін мәдени коннотақияларды анықтау үшін" осы бағыттарды нысана етеміз.

Мәтінді зерттеу бағыттарына байланысты аталған еңбектің тағы бір маңызды жағы - болашақ, тың зерттеулерге бағдар беру. Атап айтқанда, билер дискурсы, тілек-бата сөздеріндегі суггестиетік элементтер мәні, сот ісі дискурсындағы лексика-семантикалық, грамматикалық ерекшеліктерді мәтін талдаудың жаңа аспектісінде қарастыру сияқты бірқатар жаңа зерттеу нысандарына бағыт сілтейді.

Мысалы, белгілі ғалым Б.Шалабай: "Мәтін (текст) латынша - байланысу, бірігу - тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстылығы негізінде түзілген ізбе ізділігі... Мәтін - сөйлеу процесінің жемісі. Ол тілді жүйелі қолданудың барысында ғана пайда болады" [77,2706.],-деген анықтама береді. Ғалым Г.Смағұлова: "Мәтін - тілдік құралдар арқылы фонологиялық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік деңгейлердің белгілі бір жүйеде қызметі көрінетін, толығымен мәтінде көзге түсіп, қызмет ететін тұстарының өміршеңдігін байқататын тілдік бірліктердің ұйымдасқан түрі" [76,216.], -деген анықтамасы арқылы мәтін талдаудың лингвистикалық бағытын да нұсқайды. Ғалым - мәтінге талдау жасау арқылы тілдің құрылысы, заңдылығы мен қызметін тану қажеттігін де еске салады.

Тілші ғалым Г.Әзімжанова қазақ көркем проза мәтінінін прагматикалық әлеуетін зерттеген іргелі еңбегінде көркем мәтіннің оқырманмен қарым-қатынасы - когнитивті, ақпараттық, психологиялық және әлеуметтік жүк көтерген белгілі бір ережелер бойынша пішілетін, ұйымдасқан коммуникақия бірлігі екенін нұсқайды. Ал біз қарастырып отырған көркем дискурстан осы аталған белгілер толық табылады [46,106.].

Біз Абай шығармалары мәтінін ұлт тілінен, оның әлеуметтік-қоғамдық өмірінен, ұлт мәдениетінен құнды ақпарат беретін семиотикалық тілдік таңба деп аныңтаймыз. Бүл тілдік тұлғаның мәтіндік деңгейден биіктеп, мәдениет деңгейіне дейін көтерілгенін танытса керек.

Абай шығармалары мәтінінің ерекшелігі филолог-ғалым В.П.Беляниннің ұстанымындағы мына мазмұнмен үндес келеді. "Мәтін коммуникативтік бағыттағы, нақты бір ақпаратты өз бойына жиған, әрі өзгеге жеткізе отырып, белгілі бір уақыт пен кеңістіктен мәлімет (дерек) беретін, жеке тұлғаның рухани әлемін ашуға ықпалы зор күрделі тілдік таңба" [79,9-106.]. Курсивпен алынған бүл белгілердің бәріне Абай мәтіні жауап бере алады, яғни мазмұны, уақыт пен кеңістігі, тұлға әлемі дегендер Абай дискурсында қалай көрініс тапқан? Абай шығармаларының мәтіні - XIX ғасырдың екінші жартысында "...классикалық Рим емес, Сарыарқаның шөлінде үдере көшкен қайшылық өмірде" (Қ.Жұбанов) қаламын қару еткен қоғамдық ой иесінІң туындысы. Бүл үзіндідегі ой көрнекті ғалым Қ.Жұбановтың "Абай - қазақ әдебиетінің классигі" деген айтулы еңбегіне сүйеніп берілгені белгілі. Үзіндінің авторлық нұсқасы былай: ...оның төңірегі Эгей теңізі емес, Сарыарқаның шөлі де, өткені - классик Рим емес, үдере көшкен қайшылық өмір гой" [36,255 6.].

Ол қазақ әдеби тілін жаңа бағыт-белгілермен жетілдірген, "тілдің қоғамдық қызмет аясын кеңейтуге" (Р.Сыздықова) "тілді өз жетегіне алуға" (Н.Уәли) жаңа бағыт сілтеген тілдік тұлғаның шығармашылығы. Ол -"заманның мүң мен зарын қолға алған" мәтін.

Мәтінге қатысты пікірлерді сараптағанда зерттеушілер И.Г.Ғальперин анықтамасына жиі жүгінеді. "Мәтін - тақырыбы белгіленген жазба құжат түріндегі, аяқталған, күрделі фразалық бірліктер мен әртүрлі лексикалық типтерден түратын, өзара грамматикалық, логикалық, стильдік байланысқа негізделген, прагматикалық бағыттағы шығармашылық туынды" [80,186.].

Тілдік тұлғаның лингвокогнитивті деңгейін анықтау үшін де, шығарманың коммуникативті-прагматикалық қызметін көрсету үшін де жекелеген сөз тіркестері немесе бірер сөйлем қызметімен шектелу мүмкін емес, өйткені мәтін сөйлемге "иелік етеді". Адамның ойы жүйелі, біртұтас мәтін арқылы ғана толымды болады. Құрылымы мен мағынасы, тақырыбы мен ақпаратты жеткізуі түрғысынан идеялық-көркемдік мазмұнға ұйымдасқан, логикалық, бағалауыштық, экспрессиялы, эмоционалды мән иеленген тілдік бірлікті көркем мәтін деп айқындай аламыз.

Мәтінге қатысты көзқарасымызды ғалым Б.Шалабайдың мына пікірі бекіте түседі: "Мәтін - тіл жүйесіндегі өзінің мәні мен болмысына сай, сөйлемдердің жай ғана тізбегі емес, мағыналық - күрделі тұлға", [77,2716.] -дей келе, әрі қарай мәтіннің логикалық, грамматикалық, мағыналық байланыстарға негізделетініне және тиянақты мазмұны бар коммуникативтік бірлік болатынына байланысты талдаулар жүргізеді.

Мәтіннің өзара грамматикалық, семантикалық, логикалық байланысқа түскен тілдік бірліктерінің мәнін ангу арқылы негізгі идеяға бағытталған көркемдік әлемді тануға мүмкіндік аламыз. (Көркемдік әлем көркем шындықты танытса, көркем шындықтың бағдары - өмір, нысаны - адам және адамтану мәселесі деген ұстанымға сүйенеміз). Мәтін түзілу үшін тілдік құрылымдар белгілі бір жүйеде байланысады. Тілдік құрылымдардың логикалық, грамматикалық жақтан жүйелі байланыста ұжымдасып, сөйлеушінің ұстанымына сәйкес бағыт түзеген сөйлеу бірлігі - мәтін деп аталады. Негізінен, мәтін анықтамасы осы бағытта белгіленіп жүр.

Мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық қызметін анықтау үшін жекелеген қолданыстардың семантика-синтаксистік құрылымын талдаумен шектелу, әрине, жеткіліксіз. Жалпы заңдылықтар контексінде ішкі логикалық-мағыналық және сыртқы формальдық-грамматикалық бірліктерді негізге ала отырып, мәтін категорияларын жүйелеу қажет деп есептейміз.

И.Г.Ғальперин тек мәтінге ғана тән категориялар қатарына: ақпарат мазмұнын; мәтін ішілік байланыс - когезияны, уақыт пен кеңістіктік бірлігі -континуумды; мәтін модалъдығын; интеграқиясын; автосемантикасын; ретроспекқия мен проспекқияны; мәтінніц аяцталғандығын жатқызады [80,18-206.].

Мәтіннің құрылымдық-семантикалық және коммуникативті ұйымдасуының мәнді белгілері мен онда басымдық танытқан тілдік құралдар анықталғаннан кейін ғана тілдік талдау толымды бола түседі. Мәтін байланысы - оны құрастыруға ықпал етуші маңызды категория. Лексикалық және грамматикалық синтагматикамен қатар мәтін синтагматикасының (мәтінішілік байланыстың) да мәні зор деп есептейміз. Мәтін көпқабатты құбылыс, ол мәтіннің семантикалық, лексика-грамматикалық, бейнелі, прагматикалық негізгі деңгейіне сәйкес келетін мәтінішілік байланысты таңдауға да ықпал етеді.

Кең мағынада алғандағы семантикалық байланыс - мәтінішілік байланыстық доминантасы. Мәтіннің барлық компоненті - синтаксистік тұтастықтан бастап сөзге дейін бір-бірімен семантикалық байланысты болуы және мәтіннің негізгі мазмұнымен сабақтасуы шарт екендігі белгілі [81,2866.]. Оның себебі семантикалық байланыстың мәтін арқауы болатындығымен, мәтіннің тұтастығы мен бүтіндігін айқындайтындығымен уәжделеді. Лексикалық, грамматикалық және басқа да жекелеген байланыс түрлері мәтіннің жалпы семантикалық идеясы мен бірлікте қаралуы заңды.

Мәтінішілік байланыс семантикалық деңгейде мәтіннің концептуалдығы және шындықтың белгілі бір үзігіне сәйкес келетіндегіне шарттас болады.

Мәтінішілік байланыс мәтін грамматикасы деңгейінде грамматикалық қиысу заңдылығымен және тілдік синтагматика заңдылығымен уәжделген грамматикалық тәуелділікпен шарттас. Мәтіннің күрделі табиғатына байланысты мәтінтүзуші тілдік бірліктер фонемадан сөйлемге дейін жүйелі сабақтастықта қызмет көрсетеді. Олай болса, мәтін - сөз, сөз тіркесі, сөйлем сияцты тілдік бірліктердің ұйымдасқан жоғары формасы деген анықтамаға да әбден сыйымды.

Әдеби тілдің нақты бір функционалдық стилінде көрініс табатын мәтін соған сәйкес өз жанрын да айқындай алады. Басқаша айтқанда, кез келген мәтіннің 1) стильдік сипаты, 2) жанрлық ерекшелігі, 3) соған сай тілі болады.

Абай мәтін түзерде бұрыннан белгілі модельдерге сүйенеді, тілдік деңгейге сүйенеді. Тілдегі бұрыннан қалыптасқан кэнігі тәсілдермен қатар, түрақты грамматикалық ережелерді бүзып мәтін түзуге жегеді. Шығарма авторының көркем ойлауының ерекшелігі, ол бейнелейтін шындық сипаты, құбылысқа өзіндік, авторлық, көзқарасы - осының бәрі "мәтінтүзуші тілдік бірліктерді талғап-таңдау принципін және әдеби көркем шығарманың сөйлеу құрылымының ұйымдасуын анықтайды" [81,324 б.].

Мәтінтүзуші тілдік құралдарды таңдау-талғау автордың өзіндік стиліне тәуелді екені белгілі. Осы құбылыстардың ішінен жекелеген көркем шығарманың стильдік ұйымдасуының бірегейлігін қалыптастыратын сөйлеу құрылымының негізгі, басым тәсілдерін анықтау қажет.

Көркем мәтін тілін қазіргі жаңа бағытта талдау барысында өзара сабақтас әдіс-тәсілдердің қайсысы басым бағыт ұстанғанын байыптап-саралау - тілдік тұлға дискурсын нақтылауға бағдар нұсқары айқын. Сонымен қатар, ол көркем мәтіннің біртұтастығын ұйымдастыратын және негізгі, тірек сөздерді, семантикалық өрісті анықтайтын жетекші сөйлеу құралдарын айқындауға мүмкіндік туғызары сөзсіз.

Мәтіннің құрылымдық-семантикалық және коммуникативті ұйымдасуының мәнді белгілері мен онда басымдық танытатын тілдік құралдарды анықтау - тілдік талдауға қойылатын басты міндеттердің бірі. Осы мәселеге қатысты ғалым Л.Г.Бабенко "Мәтін семантикасын белсенді етуге немесе көркем мәтін доминантасын анықтауға 1) оның идеясы және 2) атқаратын эстетикалық қызметі, 3) сондай-ақ, грамматикалық доминанта да өлшеусіз үлес қосатынына" бағдар сілтейді [81,3256.]. Өз талдауымызға байланысты осы жіктемені мәтін ұйымдасуының әр түрлі бағытымен тығыз байланысты болып келетін, әрі белсенді сипат танытатын доминанта құбылысын анықтауда басшылыққа аламыз: Шығарма идеясы, мәтіннің эстетикалық қызметі, көркемдік мәселесі автордың тілдік тұлғасын талдау барысында жан-жақты сөз етілмек. Бұл құбылыстар (идея, көркемдік) мәтін лингвистикасын сипаттаудағы негізгі кұрамдас бөлік болса да, оларды шартты түрде алғанда бөлек қарастырдық. Біз бұл тұста мәтін семантикасының лексика-грамматикалық сипатына тікелей қатысы бар белсенді тілдік бірліктерге назар аудармақпыз. Мәтін семантикасын белсенді ететін (яғни мән мен мазмұнға ерекше назар аудартатын) мәтін доминантасы қатарында сөйлеу құрылымының түрлі деңгейіндегі фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік бірліктерді қарастыруға болады.

Ғылыми саралау барысы әдеби көркем шығармалардағы тілдік құралдардың белсенділігімен шарттас келетін "мәтін доминантасы түрлі әдіс-тәсілдер көмегімен жүзеге асатындығына нұсқай отырып, оның бірнеше амалын көрсетеді" [81,3276.].

Мәтін мәніне екпін түсіріп, оның әсер-күшін арттыратын ең негізгі амалдардың (яғни соған сәйкес келетін) біріне лексика-синтаксистік құралдардың бірнеше рет қайталануын, қолданылуы жиілігін жатқызамыз. Бүл белгілі бір грамматикалық құбылыстардың, нақты бір тақырыптық топ лексикасының тура, ауыспалы мағыналарының, лексиканың функционалды-стильдік бояуының басымдық иеленуімен сәйкес келуі ықтимал. Алайда, кейбір пікірлерге ден қойғанда аңғарғанымыз, мәтіндегі грамматикалық белгілер өзінің қайталана қолданылуымен ерекшеленбеуі де мүмкін, керісінше, қандай да бір грамматикалық тұлғаның қолданылмауының өзі мәтіндегі айқындауыш сипат болуы мүмкін.

Грамматикалық доминанталар, олардың стилъдік қызметі, яғни мәтінде басыңқы рөл атқарып, ықпалды орын иеленетін және мәтіннің концептуалды семантикалық кеңістігін қалыптастырушы грамматикалық таңба-бірліктерді вербалдық деңгейде талдауға түсіруге болады.

Мәтін грамматикасын құрайтын сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік бірліктер мен мәтінде қызмет ететін және нақты мәтіндік функқия атқаратын категориялардың маңызына да баса көңіл бөліну керек.

Грамматикалық семантиканың қайталануы ретінде сипатталатын белсенді морфологиялық бірліктер әдеби-көркем шығарманың концептуалды семантикасымен тікелей байланысты бола отырып, мәтін доминантасы рөлін атқарады: Мысалы, мәтін қызметінде аса ықпалды байланыстуырушы рөл атқаратын көсемшелі тіркестер іс-қимылдың орындалу амалын білдіріп қана қоймайды, іс-әрекеттің қарқынды түрде орындалғанын білдіретіні белгілі.

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы, немесе күрделі етістік күрамында келетін өткен шақ көсемшенің (-ып, -іп, -п) стилъдік қызметі Абайдың тілдік тұлғасында грамматикалық доминанта ретінде мәтіннің концептуалды мазмұнын ашуға ықпал етеді.

Қазақ поэзиясында әр түрлі уәжбен белсенді әрі ертеден бері қолданылып келе жатқан осы тұлғалардың Абай поэтикасындағы қолданысын абайтанушы ғалым Р.Сыздықова жеріне жете саралап, толымды лингвистикалық зерттеу үлгісін көрсеткені мәлім [4,431-438; 431-438].

Грамматикалық доминанта рөлінде басымдық танытушы ып - тұлғалы көсемшенің бір қызметі өз алдына дербестік (мән) иеленіп, әрбір әрекетке логикалық екпін түсіре, семантикалық белсенділік үстемелейді. Бүл туралы Р.Сыздықованың "Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы" және "Абайдың сөз өрнегі" еңбектерінде терең талдау жасалғандықтан, біз доминанта рөліне қатысты ғана сөз етпекпіз. Сонымен концептуалды мағына тілдік тұлға қолданысында былайша көрініс тапқан. Мысалы, "Жаздықүні шілде болғанда" өлеңі бірнеше күрделі синтаксистік тұтастыққа жіктеліп, бірінде бұлтылдаған құлын-тайдың әрекеті, екіншісінде жаңа орынға жайғасып жатқан қыз-келіншектер мен салтанатты байлардың қам-қарекеті, малды ауылдың өзге де тірлігі динамикалық қалыпта (-ып грамматикалық доминантасы арқылы) дараланып, жеке-жеке сөйлемдік ыңғайда тиянақты ой таныта отырып, қазақ тұрмысынан мәдени ақпарат береді. Оның тілдік бейнесі:

...Ат, айғырлар, биелер,

Бүйірі шығып, ыңқылдаи

Суда түрып шыбындсш,

Күйрығымен шалпылдш?,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдаи,..

... Қыз-келіншек үй тігер,

Бүрала басып былқылдаи,

Ақ білегін сыбанып,

Әзілдесіп сыңқылдсш,- деген мазмұнда объектіленген. Мәтін құрылымындағы әрбір негізгі етістік отыр, тұр көмекші етістігімен толығу керек болса да, қимылдың тиянақсыздығы байқалмай, аяқталған ойды аңғартады. Тиянақты етістік орнында немесе бағыныңқы сөйлем баяндауышы тәрізді (бұлтылдап жүр, сыңқылдап жүр) қабылданады, өйткені поэзия табиғаты ықшамдалу заңдылығына бағынған. Алайда, сөйлемнің жекеленген мүшесін емес, аналитикалық формант құрамын (көсемшені тиянақтайтын) қысқарту - қазақ поэзиясында өте сирек үшырасатын, тек Абай қолданған тәсіл", - деген пікір білдіреді Р.Сыздықова.

Стильдік қабілеті жоғары, доминанта қызметіндегі осы грамматикалық тәсіл адамның психикалық жай-күйінен мәлімет беріп, оның ішкі "портретін" кинетикалық белгілер арқылы жан-жақты нақтылай түседі:

Қызарып, сұрланып,

Лүпілдеп жүрегі

Өзгеден ұрланып, -деген мәтіндегі ықшамдалған грамматикалық категориялардың экспрессивті-эмоқиялық реңкі (коннотақиялық мағынасы) аса жоғары.

Сөйтіп, адамның психологиялық күй-қалпын "сезіндіру үшін" грамматикалық доминанта (-ып жүрнағы) белсенді қызмет атқарған.

Грамматикалық доминанта қызметін танытудың нағыз үлгісі ретінде алынған -ып құрылымы бірнеше прагматикалық қызметі арқылы ерекшеленеді: адам көңіл-күйін, психологизмді беру, динамикалы, үстемеленген әрекетті; кейіпкер бейнесін; жеке-жеке іс-қимыл, жағдаятты баяндай отырып, концептуалды семантика иеленгендігіне көз жеткіземіз.

Бізден бұрынғы зерттеушілер өлең мәтініндегі кейіпкерлер бейнесі өздерінің қимыл-әрекеттерінің орындалу амалы арқылы (қалай?) берілгенін көрсетеді. Іс-әрекеттің амалын көрсететін көсемше тұлғасы (-ып) стильдік бағалауыш мәнде келіп, портреттік суреттемені аса шеберлікпен сомдауға септеседі. Мәтін авторы "Сөз қадірін кетірген ақынның топта сарнап, жоқтан қармап, көр-жерді өлең ғып, өлеңмен қайыр тілеп" өзін де, сөзін де қадірсіз етіп алғанын өзегі толы өкшішпен білдіреді. Сөйтсе 'ақылсыз ақынның" жұртты шарлап мақтау өлең айтуының мәнісі - мал үшін зарлап тұруында екен. (мал сүрап, жанын жалдап, біреуд/ алдап, біреуді арбап). "Өлеңшінің" (айтушының) жайы осылай болғанда, "көбі надан тыңдаушы" "амалдап", "ұрлап-қарлап мал жиып" қу десе, қуанып, елдің байын еліртіп "жау мұндалап", терең ой іздемей, ар намысты керек қылмай "жүр" - ылғи бір "ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап, I Көнгенім-ақ соған деп жүр табандагі\ —ып жүрнақты көсемше тұлғасының стильдік міндет арқалауы қазақ көркем сөзінде өте ертеден бергі әбден орныққан. Бүл қалыптасқан көркемдік тәсілдің поэтикалық болмысы сөз зергерлерінің қайсысының болсын ой әлемін көркемдеуге үлес қоса алған [4,431-437].

Адамның іс-әрекетін сипаттай отырып, оның портретін беру, істің орындалу амалын көрсету арқылы, оқиғаның мән-жайына қандыру доминанта рөлін атқарып отырған грамматикалық категорияның (көсемшелі тіркестің) басты мінездемесі болса керек.

Абай поэзиясы тілінде бүл категориядан өзге белсенді қолданылып, стильдік-көркемдікке қызмет етер: 1) — да шылауымен тіркесіп келген шартты рай тұлғасы; ("Жарқ етпес қара көңілім не қылса да"); 2) барыс септіктегі ~у жүрнақты етістік тұлғасы ("Интернатта оқып жүр"); 3) барыс, жатыс септігіндегі өткен жақ есімше ("Қансонарда бүркітші аңға шығады аңға") екендігіне зерттеушілер көңіл аударып келеді.

Абай сөз таңдағанда сыртқы ұйқасына ғана емес, ішкі семантикасына да баса көңіл аударып, аса мән берген. Мысалы, "Болыс болдым, мінеки" өлеңінде көсемше тұлғасын игерген мимемалардың (еліктеуіш, бейнелеуіш сөздердің) дыбыстық, бейнелік сын-сипаты айқын танылады. Олар басыңқы мәнде келіп, өзінің синтаксистік қызметін көрсетеді. Жағымсыз кейіпкердің сүйкімсіз қылығы болыс болмысы мен оның портреттік бітімімен қабыса "тіл тапқан". Ішкі мәннің сыртқы формасы -ып тұлғалы категория арқылы эксплицитті танылған. Ұсынылған қимыл-әрекет көрсеткіші өлең тақырыбына (идеясына) сәйкесе үйлескен.

"Болыс болдым, мінекей шығармасында портреттік мінездеме жасауда лепілдеп, дікілдеп, өкімдеп, күпілдеп, шыбындап, жымықдап, тарқылдап, қарқылдап, шаққылдап, шартылдап, барқылдап, бартылдап, жалпылдап, далпылдап деген бейнелі етістіктер - ақынның шығармашылық мәнмітінін айқындайтын, модальдік реңкі жоғары поэтикалық құрал. Мәтін түзуші бірліктер өлең идеясына сай таңдалған".

Абай шығармасында Грамматикалық домшанта қатарында әрі поэтикалық құралдардық бірі ретінде етістіктіц цимыл атауын білдіретін -мақ тұлғасы алынған. Стильдік мүмкіндігі мол -мақ жүрнағын Абай тілдік тұлғасы барынша пайдаланған және бұндай белсенділіктің өзі Абай тілінің ерекшелігі де болғанын алғаш рет танып, жете бағалаған ғалым Р.Сыздықова зерттеуі терең лингвистикалық-поэтикалық байыптама көрінісі болып табылатыны даусыз. Бүл грамматикалық мағынаның әдеттегі қимыл-әрекетті білдіруінен гөрі, сол қимыл-әрекет семантикасына баса мән беріп, бар зейінді соған аударту уәжі басым жатқандай. Ол - экспрессивті-эмоқиялы реңк иеленген көріктеу амалы функқиясын үстемелей түсетін қосымша стильдік амалдың бірі:

-мақ жүрнағы 1) ұйқас үйлесімін сақтау үшін қолданылса да, 2) өмірде әрдайым, үздіксіз жүріп жататын құбылысты (өлмек, өзгермек), баяндау үшін алынса да, 3) нақты бір тақырып нысанының мағынасын ("сағат - өмір символы, көбелек - өседі, өшеді") таныту үшін берілсе де, әр компоненттің грамматикалық дербестігі оларға көңіл аудартып, әрқайсысына логикалық екпін түсіреді (4,373). Ұйқасқа қай сөздің алынуы көп сэттерде өлең тақырыбына, объектісіне және стиліне байланысты болып келеді (4,381). Грамматикалық тұрғыда тиянақсыз болғанымен, мағынасы жағынан дербестігі басым. Бұл - стильдік мақсаттан туған амал.

Өлең құрылысын сөз еткенде ұйқасқа алынған сөздердің өлең синтаксисіне тигізер ықпалы, ұйқасқа түскен бірліктердің сыр-сипатының мәні ғалым Р.Сыздықованың "Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы" атты іргелі зерттеуінде алғаш рет зерттеу нысанына алынған. Ғалым Абай шығармаларын арқау ете отырып, өлең синтаксисіндегі ұйқастың атқарар рөлін айқындайды, талдап-таразылайды және бірқатар тың ойлар ұсынып, жаңа зерттеу өрісіне бағдар сілтейді [4,398].

Ұйқастың өлең мазмұнына, шығарма идеясына, автор стиліне тікелей қатысты екендігіне баса назар аударады. Ғалым Абай өлеңдерінде (тілдік тұлғасында) өлең мазмұны мен ұйқас үндесімі шебер үйлесім тапқанын суреткерлік, зерттеушілік зердемен жіті тани алған. Кез келген қаламгер қарымына іліге бермейтін бүл ұсталық - Абайдай сөз зергерінің көркемдік пен мәнділікті нысана еткен өзіндік, шығармашылық бір қыры деп бағаланады. Поэзия талабына орай, ұйқас - өлең ырғағын "бағындыратыны" белгілі. Ұйқас осындай көркемдік құрал болуымен қатар, өлең өзегіндегі ойды белсенді етуге септеседі, яғни айтылмақ негізгі ойға логикалық екпін түседі. Интонақиялық екпін қоса түскен сөз өзіне назар аудартады. Сөз құдыретіне мән берген әр қаламгердің "ең мәнді сөзді тармақ соңына қойып, оған сәйкес ұйқас құруға ұмтылатыны" үнемі зерттеушілер назарында болып келеді.. Р.Сыздықова Абай тілінде образ арқалаған сөздің тармақ соңында келіп, қалған бөліктерін өзімен үндестіре қиюластыратынына назар аударған. Ұйқастың негізгі сөзге бейімделуі кейде жеке шумақтарды, кейде тұтас шығарма құрылымын қамтиды.

¥лы ақын өлеңдерінің лейтмотиві - адам және оның қоғамдағы орны, ішкі-сьтртқы болмысы мен мән-мазмұны. Тіл білімінің антропоцентристік зерттеу батьүтьтаьщ дд өзеті — адам. Абайды өз шығармашылығы иетотаде осы бағыттың негізін қалаушы, қазақ көркем сөзі құдыреті арқылы Адам құндылығын саралаушы деп бағалауымыз да әбден лайықты баға деп есептейміз.

Мәтінді зерттеу оның авторы немесе объектісі - адамды зерттеумен тығыз бірлікте болғандықтан, мәтінді көп аспектілі тұрғыда қарастыру қажеттілігі туады. Осы орайда айтылған мына пікірдің құндылығы - тіл біліміндегі дәл қазіргі зерттеу мақсатымен үйлесімді үндестік тапқандай: Мәтінге қызығушылық танытып, назар аудару - тілдік тұлғаға және адам әлемінің өзіндік бейнесіне қызығушылық танытуға байланысты болады, себебі әрбір мәтіннен тіл жүйесіне иелік ететін жеке тілдік тұлға көрінеді.

Оқырман мен тыңдаушы сөз астарында қандай сыр жасырынғанын, немесе оның мәнін айтушы автордан артық түсінуі әбден мүмкін. Ал шығарма идеясын оның авторынан гөрі тереңірек түйсінуі де мүмкін. Ол неліктен? Бұндай шығарманың мән-мағынасы мен күш-қуаты автордың ол арқылы не айтқысы келгендігінде емес, нені ақылға салып, қандай ой қорытқандығында да емес, сонымен қатар шығарманың тыңдаушысына қалай әсер еткендігінде, оның мазмұн байлығында. Бүл мазмұнның шығарма өзегіне айналуы нәтижесінде, оның ішкі формасымен үндесе, ішкі когнитивті семантика табиғатына шарттас келеді. Ал мазмұн когнициясы поэтикалық тілдің кодына айналады.