- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
XXI ғасыр лингвистикасы "тілді мәдениет феномені, ұлттың мәдени коды" ретінде қабылдап, зерттеу өзегіне айналдыруда [161,956.].
..."Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ...халықтың тұрмыс-тіршілігі мен өндіріс ауқымын да, ойдың оралымдылығы мен тілдің құнарын да, материалдық және рухани қажеттіліктердің деңгей-дәрежесін де, ең арғысы талғамның татымына дейін мәдениеттің аясына сыйғызады", демек мәдениет дегеніміз адамзат баласының ақыл-ойы мен маңдай тері тудырған жетістіктердің бәрін қамтиды [150,146.]. Бүл пікір тіл --* ұлт —■> мәдениеттің диалектикалық байланысына қатысты айтылғаны ақиқат.
Этникалық ақпарат жеткізетін мәдени-рухани құндылықтар болмысы қазақ ғалымдары зерттеулерінде соңғы кезде кеңінен талдануда. Тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылатын тіл мен мәдениет сабақтастығы тілшілер қауымына іргелі де терең зерттеулер жасауға ықпал етті (Е.Жанпейісов, Р.Сыздықова, Ә.Қайдар, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, С.Сэтенова, шетел тіл білімінде, В.фон Гумбольдт, С.Т.Воркачев, В.А.Маслова еңбектерін еске саламыз.), өйткені тіл - мәдениет көрсеткіші, "халық рухы - тілінде" (В.фон Гумбольдт) дегеннің қай тіл үшін де ақиқаттығы құнды.
Абай шығармалары тіліндегі этномәдени лексиканың когнитивті сипатын аныңтау, қолданылу уәжін саралау - қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен үндесе, үйлесім табуға тиісті зерттеу нысанының бірі деп есептейміз. Абай шығармалары тіліндегі ұлттың этникалық сипатын танытатын тілдік деректердің маңызы зор.
Оның шығармалары тілінің танымдық құндылығы тілдің халықтык қасиетіне (яғни халықтық мәніне) тікелей байланысты екені даусыз. Мәдениет -халықтың ой-санасының көрінісі, нәтижесі, тіл - сөзбен өрнектелген бейнесі болса, ғалым Г.Смағұлова оны былайша тұжырымдайды: «Қазақ халқының ең
маңызды мәдени ұлттық ерекшеліктерінің бірі жан-жақты қамтылған дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдері ... бүгіндері ұлт төлқұжатындай көрінеді және өзге ұлттардан бөлек мәдени айырмашылықтарын айқындайды» [162,1496.]. Лингвомәдениеттану өрісінде ұлттық тұлға айшықтала түсетіні ақиқат.
Абай тілдік тұлғасының сөздік құрамынан қазақ қоғамының материалдық және рухани мәдениеті жайлы толық мәлімет ала аламыз. Себебі Абай-суреткер өз ұлтының рухани арнасынан, яғни халықтық білім қорынан нәр алған, мол мағұлмат түйген, ал халықтық білім қазынасы деген - "этностың бағзы заманнан бері қоршаған ортаны иеруіне байланысты қалыптасқан қорытынды тәжірибелері, содан туындайтын этно-мәдени болмысы, сан қырлы идеологиялық, әлеуметтік, қатынастары мен ежелгі дүниетанымдар жүйесі" [126,2276.]. Мәдени-танымдық ақпарат беретін этнолексика қатарына тұрмыс-салт, әдет-ғұрып және материалдық мәдениетке қатысты этнобелгілерді жатқызамыз:
Әр халықтың рухани өміріндегі ең ерте қалыптасқан ұлттық белгісінің бірі - оның әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. Сонымен қатар, олар өмір тіршілігінің әлеуметтік-моральдық мазмұн-сипатын иеленген сыры терең құбылыс болып танылады. "Тіл - халық өмірінің материалдық және рухани байлығын бойына жиған, оның наным-сенімдерін, дәстүрін көрсететін, үрпақтан-үрпаққа беріп отыратын баға жетпес байлық". Тіл, сондай-ақ, дәстүр жалғастығына арқау да бола алады. Тарих ғылымының зерделегеніндей, "үрпақ алмасуы тоқтамаған жерде дәстүрлік сабақтастық үзілмейді". Дәстүр сабақтастығының, мәдениет сабақтастығының айғағын Абай шығармалары болмысынан айқын аңғара аламыз.
Лингвомәдениеттану саласында маңызды орын алатын тіл мен мәдениет арақатынасы мәселесі ғалым Ж.А.Манкеева зерттеуінің басты нысанына айналған. ..."Әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе" [156,916.] (). Ғылыми санадағы бүл сипаттама, айқындаулар біз қарастырып отырған мәселелерді нақтылай түсіп, олардың мазмұн-мақсатымен тікелей қабысады. Біз зерттеуіміздің антропоцентристік мақсатына байланысты Абайдың тілдік тұлғасын анықтау барысында рухани мәдениеттің тілдік көріністерін "адам" концептісін тағы бір қырынан ашу үшін пайдаланамыз. Біріншіден, этномәдени лексика мазмұнын ашу - антропоцентристік ұстанымдағы негізгі бағыт - адамтану мәселесімен тығыз бірлікте алынады. Екіншіден, Абай шығармалары тіліне этнолингвистикалық барлау жасау арқылы ұлттық танымды бағамдау, ұлттық ойлауды тану; Үшіншіден, этномәдени сипаты бар шығармаларды жүйелеп, Абай шығармалары тілінің идиоэтникалық сипатын ашу. Төртіншіден, этномәдени лексиканың қолдану уәжін айқындау мақсатын алға қоямыз.
"Тіл - мәдениетті табыстаушы құрал" (В.А.Маслова). Тіл мен мәдениет сабақтастығын танытар тілдік деректер Абай тілдік тұлғасының маңызды бір бөлігін күрайды. Атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі қоғамындағы әдет-ғұрып
■П75
нормаларын білдіретін атаулар. Олар тілдік тұлға өмір сүрген қоғамдық-мәдени орта тынысын нақты тілдік тезаурустар арқылы мейлінше айқын да дәл танытады. Ақынның тілдік тұлғасындағы сөз тек номинативті, денотат кызметінде ғана емес, этномәдени коннотақиялық реңкі айқын, образды бояуы канық дүниелер қатарында да жүмсалады. Ондай тілдік деректердің ұлт мәдениеті мен ұлттың рухани байлығынан толымды мәлімет берудегі рөліне баса назар аударылады. Танымы терең тілдік деректердің қолданылу уәжі де әрқилы.
Концепт мәні толық ашылу үшін халық мәдениеті, мәдени танымы екі бағытта қарастырылады. Оның бірі - материалдық мәдениет болса, екіншісі -рухани мәдениет. Соның ішінде концепт аясында көбіне рухани мәдениетті танытатын белгілер талдауға жиі алынады. Мәдени концептілер қатарына ұлттың мәдени болмысын, ұлттық сипатын танытатын рухани, мәдени еемантикалар жүйесі алынады. Мәдени концептілерді талдау арқылы белгілі бір халықтың өмір-таршынан мол магүлмат аламыз, өйткені олар нақты бір континуумда өмір сүрген, сүріп отырған халықтың дүниетанымының мәдениетінің (оған салт-дәстүрі, түрыс-тіршілігі, ой танымы кіреді) мәдени коды. Мәдени концептілерден алатын ақпарат арқылы, яғни оның семантикалық астарын түсіну арқылы, жеке тұлғадан бастап бүкіл бір ұжымдық сананың танымын, тұтас бір халықтың рухани әлемін зерделей аламыз. Біздіңше, концепт — ұжымдық санадағы және жекелеген индиеид санасындағы көп аспектілі, мәдени мәнді, әлеуметтік, философиялық менталды жасалым. Әр ұжымдық сананың тәжірибесінде оның әлемін көрсететін ерекше концептілер түзілуі мүмкін.
Мәдениетті этносқа тән, белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес калыптасатын құбылыс десек, сол социумға бағынған әрі өз ұлтының салт-санасын қабылдаған, яғни сол мәдениетке сай өмір кешіп жатқан жастардың күйеу болып, қалыңдық айттыру дәстүрінен Абай шығармасы мазмұны да хабардар етеді. Абайдың тілдік тұлғасындағы мына өлең жолдары халық мәдениетінен терең сыр шертеді.
Күйеу келтір, қыз үзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр, қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен беташар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?
Бала туса, күзетер шылдақана,
Олар да өлең айтар пгулап жаңа". Осы өлең жолдарында асыл мұрасын кие түтқан, ұлттық тәрбие бесігінде тербеліп өскен әр қазаққа таныс, үланбайтақ даланың үлағаттық мәні бар салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы аталған. Бүл ұлттық мәдени құндылықтардың Абай шығармасында қолданылуына байланысты мән-маңызына және мазмұнына кысқаша анықтама бергенді жөн көрдік.
Абай шығармаларының мәтіні ұлттық мәдени құндылықтарды тек
сипаттап қана қоймайды, оны кейінгі толқынға үластыра отырып, табыстайды,
сөйтіп кейінгі толқын Абайдың тілдік тұлғасы арқылы да ұлттың дүниетанымы
н болмысынан хабардар болып, бейнелеу амалдары көмегімен олардың мазмұнына қанығады. Тіл әр ұлтқа тән ақпаратты өз бойына жинап, шындық юлмысты игереді, нәтижесінде, мәдени код көрсеткіші дәрежесінде ілданады.
Абай шығармалары тіліндегі қазақтың дәстүрлі қоғамындағы әдет-ғұрып іормаларын айшықтайтын атаулардың прагматикалық қызметіне назар аударамыз.
Тарихи-этнографиялық мәліметтерге ден қойғанда, жасау - ұзатылған
кызға берілетін дүние-мүлік. Әдетте қыз ұзатылғанда еншіден соқпайтын жасау
беріледі [153,46.]. Қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлі
?дет-ғұрып қағидасы бойынша, ер балалар жеке үй болып бөлініп шыққанда
гға-анасының бөліп беретін мал-мүлкін "енші" деп атайды. Енші қыз балаға
"егілмейді. ¥затылатын қыздың жасауы көп жағдайда, күйеу жағынан келетін
олыңмал мөлшерінен артықтау түсіп жатады. Лингвомәдени стереотипке
сәйкес қалыңсыз қыз болса да, кэдесіз қыз болмайды деп, жасау келмегені
іұрыстыққа саналмаған. "Жетім қыздың тойындай"; "Артынан бір сабақ жіп
елмеген" деген синтагмалар мәнінің лингвомәдени сипат иеленуі осы
-іғдайға байланысты.
Абай шығармаларында семиотикалық белгілер тек көркемдік, немесе пррбиелік қызмет атқарып қоймайды, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттаушы да болып табылады.
Қыз танысу (ғұрып). "Күйеу келтір, қыз ұзат тойыңды қыл, қыз таныстыр кызыққа жұрт ыржыңшыл" (Абай). ¥затылған қыз ғана төркіндейді. ^"затылған қыз өз босағасынан аттанар бұрын туған-туыстарын аралап, хөрінеді. Мұны дәстүр бойынша "қыз танысу" дейді. Қыздың барған үйі оған кұрмет көрсетіп, жақсы тілектер тілеп, бағалы киім, дүние мүлік, жақсы ғағылымдар беріп аттандырады [153,336.].
"Қынаменде" (дәстүр). "Қынаменде жар-жар мен беташар бар, Өлеңсіз
солар қызық бола ма гүл?" (Абай). Бұл да - ұлттық ғұрпымыздың салтанатты
да. көңілді кешінің бірі. Құда түсіп, уэде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің
гтастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы "қынаменде" деп
- пады. Шығыс халықтарында "қынаменде" кеші қыз абыройының тазалығын
5ілдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Бұл да -
:түрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы. Күйеудің бұл жолы әр
асерде әртүрлі аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер "қалыңдық
ойнау" дейді, кей жерде "ұрын келу" дейді. "Бір күні күйеу байғұс ұрын келді,
Кисайтып жаман бөркін қырын келді" (Н.Ахметбеков) [153,346.] .
Жар-жар (ғұрып). Үзатылатын қыз тойында қыз-жігіттер тобы кететін :<ыздың көңілін аулап, бара жатқан жағында да осындай жақсы жайлар юлатынын өлеңменен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, -Зыройлы, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді [153, 206.].
Беташар (дәстүр). Жаңа түскен келінді "беташар" дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі "беташар" жасалады. Оған тойға «ашалған туыс-туғандар тегіс қатынасады. Мұнда «Беташар» жыры айтыла ?тырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін :ларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар "көрімдік" береді [153, 156.].
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма (61) - деген Абай өлеңінің мәтіні бүтіндей бір ұлттық мәдениетпен ақпарат жеткізуші таным көзі ретінде қабылданады. Ыбырай Алтынсаринның "Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз үзату және жасау дәстүрлерінің очеркі" деген еңбегінде жасау даярлау барысы туралы дерек келтіріледі:
..."Тарихтың сан толқын дерегін, сан тарау дерегін білу арқылы біз ең алдымен өзімізді өзіміз танимыз. Біздің ата-бабаларымыздың өмір-салты көшпелі болғанымен, рухани болмысы көшпелі болмаған"( 150,216.). Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру тәсілі болатыны белгілі. Соған сай салт дәстүрі мен әдет-ғұрпы туындап, халықтың дүниетанымы айқындалады. Әлемдік осы мәдениеттен қазақ халқы да сырт қалмағаны айқын. Өзіндік даму жолы бар халықтың соған сәйкес ұлттық мінезі, ділі мен дәстүрі сараланатыны да белгілі жайт. Осы мәселелер көркем мәтінде, өмір айнасы -әдебиетте әр қырынан көрініс беріп жатады.
Абайдық "Жазғытүры" өлеңін қазақтық тұрмыс-тіршілігін, ұлттық болмысын, мінезін танытатын мәдени ақпарат көзі деп есептейміз. Қыстаудан көктеуге шыққан, ен даланы еркін жайлаған елдің қуанышты кезі мен шуақты бір күніне тыңдаушысын (оқырманын) ортақ еткізетін қуат - әдеби туындыдағы ойдың анықтығында, сөздің дәлдігінде, суреттің айқындығында.
Көктеудегі елдің емен-жарқын тірлігін көз алдыңызға келтірер фрем-сценарий мазмұнын құрайтын этнобірліктерге мән берсек: қырдағы ел ойдағы елмен араласу, құшақтасу, көрісу - адамдар арасындағы жылы сыйластықтан сыр бөліссе; қой қоздау, қорада шу, ақ пен ас көбею, мал семіру; жақа төл — малды ауылдың бір марқайғанын білдірсе; қылықты қыздар, бүрақдап қанжығаға жабысу, назды еркелік - ұлттық ұяң мінезден үлағат дарытқандай. Шаруа қуған жастардың мойны босау, жұмыртқа іздеп, көл жағалаған бала, іиуақ іздеген кемпір-шал, жыршы құс, цику салған қаз бен қу, күн лебі, толықсыған жер, кәрі-жас, табиғат пен адам, мал мен жан - бәрінің масайраған, мамыражай тірлігін көз алдыңа көлденең тартып, тіршіліктің тереңіне бойлатады. Ақынның өз сөзімен айтқанда, "дүниеге нұрын төккен мейірбандыққа" мерейің тасиды. Бүл тілдік бірліктер бойына сыр сақтаған, боямасыз шынайы суреттердің ішкі мазмұнына қанықтырады. Өлеңде сол кездегі лингвомәдени қауымның тұрмыс-тіршілігі динамикалы қалыпта, жүйелі түрде, бір бүтін дүние болып берілген.
Уақыттың ұлы көшіндегі адамзат мекенін және ондағы адамның асқақ рухымен үндестік тапқан тіршілік кезеңін дәл қазір көз алдымызда өтіп жатқандай етіп, дүниенің тілдік бейнесін ұсынады. Ғалым Г.Смагүлованың "Ұлт мәдениетінің қай түрін алсаңыз да, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс тіршілігі сақталған, өйткені ол тіл өзінің даму сатысында белгілі бір тарихи әлеуметтік жағдайға байланысты қоршаған ортадан оқшау өмір сүрмейді" деген пікіріне Абайдың осы "Жазғытүры" өлеңінің мазмұнын ашуда
ден қоямыз [163,346.].
Абайдың тілдік тұлғасы ұлттық мәдени тәжірибе негізінде жиналған білім жүйесін меңгере отырып, өз танымындағы дүниенің тілдік суретін береді. Дүниенің тілдік бейнесінің идиоэтникалық сипатын анықтайды. Абайдың тілдік тұлғасы мен тілдік деңгейін саралағанда оларды халықтың болмыс-тіршілігіне, мәдениетіне қатысты категориялармен бірлікте алғанда қаламгердің тілдік тұлғасы толық ашылмақ. Ұлттық мәдени белгілерді, этникалық өлшем бірліктерді саралау - Абай тілін зерттеудегі жақа бағыт қатарында болмақ. Сөз өнерінің эстетикалық көркемдігі ғана емес, танымдъщ тағылымы өзіне баурап алатындай куаты да бар, дәл соны Абайдың тілдік тұлғасы дөп басып, тура тапқанын бағамдаймыз.
Белгілі бір халықтың рухани әлемін өзгелер оның тілі арқылы таниды немесе ол өзін тағы да сол тіл қуаты арқылы танытады. Мәдениеттің тілдегі көрінісі, яғни ұлттық мәдениеттің вербалдануы жаңа лингвомәдениеттану бағытында өз деңгейінде зерделенуді талап етеді.
Біздің зерттеуімізде ұлттық мәдени компонент аспектісінде қарастырылатын этнографизмдердің (мәдени кодтар), Абайдың тілдік тұлғасында жиі кездесетін лингвокультуремалардың сипаты, стильдік қолданысы, өзге де функционалды мәні адам факторы мәселесімен байланыстырыла сөз етіледі, сондай-ақ олардың лингвомәдени табиғаты суреттеледі.
Ақын шығармаларында ұлттық мәдениеттен ақпарат жеткізетін деректер мол кездеседі. Солардың кейбіріне қысқаша сипаттама беруге болады. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі мәдени-ұлттық ерекшелікті білдіретін семиотикалық таңбалардың маңызы ерекше. Бұлар ақпарат жеткізетін көмекші құрал немесе когнитивтік мәні бар бейвербалды амалдар қатарында қаралуға тиіс деп есептейміз. Мысалы, әдет-ғұрыпқа байланысты үкі тагу -лингвомәдени таңбасының ұлттық болмыстан мәлімет жеткізудегі маңызы зор. "Абай жолы" эпопеясында: "Басқа үкі тағу - бар күйеудің әдеті. Ол ғана емес, қызыл манат шапан мен биік өкше етік киіп, елден ерекше үзын төбе тымаққа үкі тағып алу бүл өңірдің бар күйеуіне жол болатын". Үкі тагудың мифтік танымға сәйкес мәні де бар. Киелі саналған үкі - ауру-сырқау, пәле-жаладан сақтайтын тылсым күшке ие деген наным-сенім болғаны. Сәбидің бесігіне, қамшының сабына, кэмшат бөрікке үкі қадалған.
Келесі бір этнографиялық мәлімет: Алты жақсы, жүз жылқы болған басы, I Бір семіз ат болады оның құны деген мәнмәтінде сақталған.
Ежелгі әдет заңы бойынша өлтірілген азамат үшін кінәлі жақ құн төлеген. Ердің құны - "алты жақсы, жүз жылқы", яғни алты түйе мен жүз жылқы. Қадірі түскен адам ақыр аяғында бір семіз аттық құнға эзер ие болады деп отыр Абай [164,2616.].
"Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым, тап шыным" - осы жолдардағы бақсы сөзін -"қазақтарда арбау айтып, ауруларды емдейтін сиқыршы мен болашақты болжағыштардың атауы", - деп анықтаймыз.
"Монғол тілінде бақсы - оқытушы, ұстаз деген сөз. Шаман діні бойынша бақсы тәңірінің сүйетін, жарылқайтын, аруақтың жарататын, қолдайтын адамы.
Ол әрі жыршы, әрі күйші, әрі дәрігер, әрі сәуегей, қысқасы, шаманистердің айтуы бойынша оның білмейтіні жоқ - деген наным болған... Бақсыларды жеке молаға жерлеген. Шаман діні дамыған халықтардың ұғымы бойынша, бақсы өлгеннен кейін оның эмэхэті (аруағы) өзі қалаған кісіге қонады" [165,47-656,].
Буряттар мен алтайлар бақсылық қонатын адам өзін өзгелерден аулақ үхтап, есінен ауып, сандырақтап жүреді және болашақ бақсының жаны о дүниеге барып, жын-перілер мен аруақтардан бақсылық тәлім алып жүреді деген наным-сенімде болған. Бақсы моласының жалғыз түруы осы себептен болғаны дәлелдеуді қажет етпес деп есептейміз. Абай қолданысы "тілден тыс" осындай ақпараттар жеткізген.
Абайдың тілдік тұлғасындағы әр сөздің астарында, тіпті әр сөздің бойында ұлттық нәрлі қуат сақталған, образын халыққа таныс, жанына жақын суреттерге құра білген. "Ем таба алмай" деп келетін өлеңінде мал бағып, малды байлықтың ғана емес, ең бастысы, күн көрістің көзі деп қараған ел ғана түсіне алатын сурет - деталь бар: Жас теректіц жапырағы I Жамырайды соцса жел. Осы сияқты детальдар қуаты - нағыз ұлттық ақын қаламынан шығады (Қозының көгенде жамырауы, төлдің жамырауы...).
Абай байқаған дүние суреті оның тілдік тұлғасында қазақи бейнемен өзгеше кейіптеледі. ¥лттық болмысы, қазақы әдеби мен ибасы сақталған, тәрбиесі көрініп тұрған сол заманның екі жасының сүйіспеншілік сезімі бүгінгі жасқа дарыса дейсің:
Сөз айта алмай бөгеліп /Дүрсіл қағып жүрегі.
Тұрмап па еді сүйеніп / Тамаща кіріп иегі.
Осы тұста Абай сомдаған портрет ұлттық мінезбен үласып кеткен.
Ақын поэзиясын айқындық пен дәлдік арқылы өлшейтін болсақ, ол өз адресатының образды ойлау дәрежесімен санасып отырғандай әсер қалдырады.
Атты - ер қанатты деп білген, әрі көшпелі тұрмыс жағдайымен жылқы малының мінезін әбден меңгерген ұжым мүшесі мына суреттердегі бейнені өте әсерлі қабылдайтыны мәлім. Биік мақсатқа ұмтылған жастың әрекетін үміттің аты орындап, талаптың мініп тұлпарын деп сипаттайды. Ал еңбек десе жиренген жағымсыз портрет иесін Үрлық пенен қулықка / Бойлағанда кестің бау; немесе Үш күн қолың босаса / Бола қалдық бос асау; Алқыны күшті асаулар ноцтаға басы керілді деген суреттер арқылы сомдайды.
Түйіндей келгенде, Абай дискурсындағы тілдік бірліктердің мәдени-танымдық негізін анықтау, өлең мәтінінің мағыналық құрылымындағы лингвомәдени құрамалардың (компоненттердің) мәнін де зерттеу қажет. Оны былайша уәждейміз: біз ұлттық құбылыстың этнолингвистикалық, лингвокогнитивтік, лингвомәдени сипатын Абай шығармалары тілі негізінде талдау арқылы тілді тұтынушы халықтың дүниетанымы мен Абай рухани әлемінің құндылығын адам факторы тұрғысынан пайымдауға мүмкіндік аламыз.
Абайдың тілдік тұлғасын зерттеудегі прагматикалық уәждің бірі - Абай шығармалары этнолингвистикалық тұрғыдан да терең игерілу керектігіне назар аударту. Өйткені этнодеректер - тарихи таным көрсеткіші болып табылады. Өз
кезегінде, бұдан мәселенің басқа бір қыры туындайды. Абай шығармаларының тілінен оның ой жүйесіндегі ұлттық танымды түсініп, түйсінеміз.
Абай шығармалары тілі мен ұлттық сананы бірлікте қарау себебін -ұлттық ойлаудың кемел көрінісін шығарма идеясынан әркез таба алатындығымызбен уәждейміз.
Абайдың тілдік тұлғасының ұлттық негіздерін сипаттап беретін құбылыстарға халықтың салт-дәстүрін, ұлттық болмысын, халықтың дүние-танымын, дүниенің ұлт танымындағы тілдік бейнесін білдіретін этникалық құндылықтар, этномәдени байлықтар жатады. Лингвомәдени аспектіде зерттелетін тілдік бірліктер адам мен қоғам қарым-қатынасын және этнос мәдениетін айқындайды.
Әр халықтың мәдениетін, рухани әлемін этнотаңбалық белгілері арқылы ғана тани алатындығымыз - дәлелдеуді қажет етпес ақиқат, сондықтан да Абай дискурсындағы этномәдени лексикаға мәдени ақпарат көзі ретінде ерекіие мән берілді. Оның басты себебі: лингвомәдениеттану түрғысынан алынған әрбір лексема - құнды ақпараттарды құрайтын, мазмұнға толы тілдік таңба. Мәтіндерді зерттеудің мақсаты тілдің когнитивтік қызметін саралаумен ұштасады. Ол өз кезегінде, Абай тілі тезаурусындағы тілдік оірліктер тек экспрессивтік көркемдегіш құрал ғана емес, идеялық, танымдық кызметті қоса атқарғандығын білдіреді және сол тілдік таңбалар өзіндік әлеуметтік, мәдени, рухани мәні басым құндылықтар деп бағаланады. Абай шығармаларындағы тұрмыс-салт атауларының қолданылу мәнін ашу арқылы тіл мен этностың, тіл мен ұлттық ерекшеліктің, мәдениеттің арақатынасына талдау жасалады. Тіл коммуникативті қызмет қана атқарып коймай, материалдық және рухани мәдениетті жинақтаушы, сақтаушы ретінде маңызды міндетін, кумулятивтік қызметін атқарады [166,1766.].
Біздің мақсатымыз этнографиялық деректерді тізбелеп, көлденең тарту емес. 1) Абай шығармаларындағы халықтың тарихи-әлеуметтік, мәдени бітім-пішінінен сыр тартар рухани дүниелердің когнитивтік санадағы суретін таныту. 2) Этнографиялық деректерден қазақ әлемін, оның ішінде Абайдың индивидуалды танымындағы дүниенің тілдік бейнесін көрсету, өйткені ол халықтың рухани өрісі, эстетикалық мәдениеті, әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат жеткізеді.
Ұлттық салт-дәстүрлер мен этнонимдік атаулардың ұлт болмысын танытудағы маңызы, әсіресе, Абай шығармаларын өзге ұлт тіліне аударғанда арта түседі. Тіпті ұлттық нақышты терең біле бермейтін, түсіне бермейтін казіргі буын өкілдерінің өзін Абай тілінің тылсымына бойлату үшін де этномәдени лексика мәні бэсі кемімейтін құндылық деп бағалану керек. «Бір этнос екіншісіне, өз мәдениеті, тілдік ақпарат арқылы танылады, олай болса, мәдениетті қоғамдық фактор ретінде тіл арқылы белгілеудің маңызы арта түсетіндігі ақиқат»[ 167,456.].
