- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
3.4 "Өтірік" концептісі
Біз әр шығармадағы ой сабақтастығын бір жүйеге келтіріп, автор ойының "ізіне түсіп", дискурстық талдауымызда "өтірік" концептісі арқылы мәтін түзілісін айқындап беруге тырыстық. Ол үшін концептуалды талдау барысында логикалық-лингвистикалық тәсілді басшылыққа алдық [108; 109].
"Өтірік" концептісіне жасалған талдау көрсеткеніндей, Абай өлеңдерінің концептуалды мәні - нмандылыққа шақыру; "Өрге бастырмайтын өтіріктен" арылтып, "адалды сатсаң, арамға, / Құдай қабыл етер ме?" - деп ес жиғызу.
«4*102 "Өтірік пен өсекті жүндей сабай бермей, терең ой, терең ғылым іздеуге" шақыру.
Семантикальщ мазмұны ашылуға тиісті объектісіне қатысты алғанда; концептуалды мән иеленген мазмұны мен берілген ақпаратты ашатын тірек сөздер қатарына: мақтан, өтірік, алдау лексемалары алынды.
Лингвистикалық талдаудық түпкі мақсаты ~ мәтіннің концептуалды мәнін анықтау болса, оның екі түрлі әдіс-тәсілі қаралды: 1) шығарма мазмұнынан —> концептуалды мәнге; 2) тілдік құралдар арқылы —> концептуалды мәнге талдау жасалды. "Өтірік" концептісінің тезаурусын құрайтын парадигмалар қатары жан-жақты талдауды қажет етеді.
Бүл семалар (өтірік, мақтан, алдау) ақынның бірнеше шығармасында а) үзілмей жалғасып отырады; ә) поэтикалық образ жасау мақсатында қолданылады; б) негізгі концептуалды мәнді, астарлы ойды айқындайды, репрезентақияға түсіреді; в) кейде ол лексикалық бірліктер вербальды түрде берілмегенімен, мәтіннің мағыналық өрілімінде жасырын импликақия ретінде келеді.
Жалпы алғанда, ұлы ақын шығармашылығы аясында алып қарағанда, 1) не тұтас бір шығармасы, 2) немесе бір шығарма тіліндегі бір шумағы, 3) не бір тармағы "өтірік" концептісінің өрісіне қатысты объектіге айналғанын байқадық. Мысалы, "Дүтбайға" деген өлеңі бастан аяқ қу, екі жүзді, өтірікті серік еткен образды суреттеуге арналған. "Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» өлеңіндегі 8 шумағының бәрі "сенімі жоқ серменделерге" арналады. "Сабырсыз, арсыз, еріншек" өлеңінің 21 шумағының барлығы "алтыбақан алауыз" елдің жайына арналады.
"Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек" өлеңіндегі 12 шумақтың алтауы синтагмалық тұтастыққа құрылып, алдау мәнін ашса, қалған 6 шумағының әйтеуір бір тармағында "өтірік" концептісіне қатысты сөз қозғалады.
"Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман" өлеңі: "Терін сатпай, телміріп көзін сатып, / Жұрттың бәрі болды аларман", - деп басталып, соңына дейін сол ойды жалғастыра келіп: "Арын сатып тіленген малы күрысын, / Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын" - деп аяқталады, яғни алдау (қулық) мәнін ашады.
"Көңілім қайтты достан да дүшпаннан" деген 11 шумақ өлеңнің 7-еуінен өтіріктің өрісіне түсеміз. Осылайша, ой жалғастығын көптеген өлеңдерінен таба аламыз. Атап айтқанда, 60-қа жуық шығармасында "өтірік" концептісінің мәніне назар аударылған. Абай тілінің жиілік сөздігінде өтірік (зат есім - 14; сын есім - 6, барлығы - 20 рет), мақтан - 53 рет, мақтаншақ - 11 (зат есім - 6; сын есім - 5) рет қолданылғаны көрсетілген, біз бүл деректерді нақты мысалдар арқылы концептуалды талдауға түсірдік.
Халықтың этикалық-эстетикалық мұрат-мақсаттары ең алдымен оның тілінен байқалатындығы ежелден бергі ақиқат. Әр халықтың өмірге көзқарасы, оны бағалауы, пайым-парасаты да тілде танылады. Психологиялық тереңдік пен философиялық түйін де тіл арқылы көрініс береді.
**Ч03 Абайдың тілдік тұлғасындағы талдануға тиісті нысанның бірі "өтірік " концептісі - өзінің әлеуметтік мән иеленуімен назар аударарлық, көп қырлы түсінік. Оның лингвистикалық, философиялық, этикалық, психологиялық, теологиялық қатпарлары да күрделі. Енді осы салалардағы көрініске қысқаша сипаттама беріп көрейік.
1) Лингвистикалық мінездемесі тереңдігімен назар аудартады.
Келелі ой мен терең мазмұн, даналық түйінді бойына жиған халық тіліндегі астарлы, бейнелі тілдік құралдардың бірі - түрақты тіркестер мен сөз көркі - мақал-мәтелдерде өтірік пен алдауға, қулық пен жалғандыққа өткір де өктем сын айтылады: Арамды құдай табар, момынды қайыр табар, Құдайдан қорықпа, Құдайдан қорықпағаннан қорық деген халық нақылындағы терең ойды Абай ақын: "Құдайдан қорықпай антұрған, Иман жүзін тоздырар" деп (83) одан әрі әрлендіреді. Тың тіркестің (иман жүзін тоздыру) танымдық-прагматикалық қуатынан иманын қайта-қайта аяқ асты еткен (тоздырған) байлаусыз пенденің баянсыз әрекетін танимыз. Халық даналығында дүниенің тілдік бейнесінің "өтірік мың болса да, бір ақиқатты жеңе алмайды" деген паремиологиялық көріністері де бар.
Терең мағыналы көркемсөз өрнектеріне бай қазақ тілінде жалған әңгімені асқан шеберлікпен жеткізушіні өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қылды десе; жалған сөзді аса белсенділікпен кәдеге асырушыны өтірік пен өсекті жүндей сабады; ал жалған сөйлеу туа бітті қасиетіне айналған адамға -өтірікпен ауызданған деп мінездеме береді; сол "ерекше қасиет иесінің" өтірігіне иланып, үйіріліп түскенде өтірікке сүттей үйыды дейді.
2) Өтірік айту және онымен пара-пар өзге де жат қылықтардан сақтандыру, теологиялық ой өзегінің де арқауына айналған. Имандылыққа тәрбиелейтін еңбектерде де өтіріктің өкініштен өзге ештеңе бермесіне көңіл бөлінеді. Осы концептінің, тіпті кез келген лингвокогнитивтік бірліктің, ішкі мәнін ашу барысында ұлттың өзіне тән ерекшелігі мен түсінігі де ескерілетінін назарда ұстау керек.
Өтірік сөзіне байланысты діни еңбектерді қарастырғанда Пайғамбардың (с.а.у.) мына хадисіне көңіл аудардық: 1) "Кім маған екі жағына ... ие болғандығы туралы кепілдік берсе, мен оның жүмаққа баратынына кепілдік беремін" [110,736.] және Пайғамбарымыздың мына хадисінде: 2) "Расында құл Аллаһ тағалаға жағымды сөздер айтуы мүмкін. Ол өзі оған оншалықты мән бермейді, бірақ сол үшін Аллаһ оның дәрежесін көп сатыға жоғарылатады, сондай-ақ Аллаһ тағаланың қаһарын тудыратын сөздер айтуы мүмкін, ол өзі оған оншалықты мән бермейді, бірақ сол үшін Аллаһ оны тозаққа салады" [111,736.].
Бірінші хадис мәтініне көңіл аударғанда екі жақ сөзінің мағынасы ауыздан шыққан сөзге, яки тілге абай болу мәнін танытады. "Тілден жақсы да, жаман да сөздер шығуы мүмкін. Жалған сөздерге ғайбат сөздер (біреудің артынан жаман сөз айту, өтірік жала жабу); әдепсіз сөздер (бұған көбінесе кейбір ақындар мен жазушылардың өлең-жырларында арақ-шарапты дәріптеуі, жұртты әдепсіз қылықтарға ынтықтыруы немесе өздерінің ұятсыз махаббатын суреттеуі); күдік тудыратын сөздер (діннің кең тарауына себеп болатын
^104 немесе көзқарасы орныққан мүсылманды тазалығынан айыратын, шариғат үкімдерінің дүрыстығына күдік тудыратын сөздер)" [110,736.].
Діни түсінік бойынша адам жәннатқа кіру үшін тіліне абай болып, жалған, өтірік сөйлемеуі керек.
Екінші хадисте Пайғамбардың (с.а.у.) адамға тілінің қаншалықты пайда келтіретіні немесе қаншалықты зиянға үшырататыны туралы айтқанын айқын ұғамыз. Сондықтан әрбір мүсылман Аллаһ тағаланың қаһарын туғызып алудан сақтануы, өзінің тіліне ие болуы, айтатын сөздеріне жеңіл-желпі қарамауы тиіс.
Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы өзінің "Ақиқат шуағы" атты еңбегінде: Қабір азабына себеп болатын күнәлар: жалған сөйлеу, Құранды біле тұра ішіндегі айтылғандарға теріс әрекет ету, адамдарды алдау, жетімдердін ақысын жеу, ғайбат өсек айту... деп көрсетеді [111,1626.].
Өтірік пен ғайбат сөздерді жоққа шығаратын және оны қоздырушылардың мысын басып тастап отыратын - шындық сөздер, ол туралы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде былай дейді: Кім өзінің тілімен де, қолымен де басқа мүсылманға зиянын тигізбесе, сол нағыз мүсылман [66,75].
Діни көзқарас бойынша, өтіріктің де "пайдасы бар". Үш жағдайда өтірік айтуға болады екен: 1) эйелінің көңілін көтеру үшін; 2) соғыста жауларына өтірік айтуға болады; 3) екі адамның арасын қосу үшін, достастыру үшін өтірік айтуға болады [110,26-276.].
3) Психологиялық сипаты бойынша, "Өтірік - адамның саналы түрде шындықты жасыруы. Өтірік - шындыққа қарама-қайшы немесе шындықтан ауытқу (қиындықты немесе өзінің жетістіктерін әсірелеу, шынайы емес қошемет, т.с.с). Кішкене балалар біреуді алдау мақсатымен емес, өз қиял әлемінің жетегімен өтірік айтуы мүмкін, әрі өздері оған сенеді. Өтірік айтудың себептері: біреудің айыптауынан, қорланудан, сэтсіздіктен, пайда табу, қара ниетті жүзеге асырудан т.б. болуы мүмкін" деген анықтама беріледі (9,129). Бүл анықтамалардың қай-қайсында да өтіріктің қоғамдық сипат иеленетіндігіне баса назар аударылған.
Белгілі психолог ғалым Қ.Жарықбаев өтіріктің этикалық, психологиялық мәнін былайша пайымдайды: "Өтірікшілік - адам мінезіндегі нашар қасиет. Өтірік әрекеті шын мәніндегі жағдайды әдейі бүрмалауға бағытталады. Өтірік айту өтірікшіге ғана емес, оны тыңдайтындарға да опық жегізеді. Өтірікші адам жалған сөзімен айналасын абыржытып, елге іріткі салуы мүмкін. Шэкәрім: "Өтіріктен тілін тыя алмаған адам арамдықтан ындынын тыя алмас", С.Сарай: "Өтірік сөз - жарақат сияқты, жазылса да орны қалады", - деп өтіріктің қоғамға зиянды құбылыс екендігін атап көрсетеді [112,2806.].
Жалпы, "өтірік" концептісінің екі түрлі сын мен сипаты бар сияқты. Бірінде: өтірік - адамның адамгершілігіне сын, жағымсыз әрекет болса, екіншісінде: ізгіліктен туған ақниет деуге лайық. Халықтың мүңын мүңдап, өзгені алдағанның өзін алдаған Алдаркөсе; өтірік өлеңімен шындықтың шырайын келтірмек болған Тазша бала; Ұлы Отан соғысы кезінде қарақағаздың қасіретін кейінге ысыра беріп, бір күнгі үмітті үзартқан "алдаусыратулар" мен науқастың дэтіне - қуат, дертіне - дауа іздеген дәрігердің ауруды "көлеңкелеуі"
«ГЮ5 - өтірікке емес, өміршеңдікке таразы болар ізгіліктер деуге болады. Ал, басқа жағдайлардың бәрінде "өтірік" - шындықтан алшақ жатқан келеңсіз құбылыс. "Өтірік" концептісінің өрісі (перифериясы), мағыналық сатылары.
"Өтірік" концептісі Абай дискурсында қалай көрінеді?
Оның мәнін талдай отырып, Абайдың тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейіне бойлауды мақсат тұттық. Абай шығармашылығында "өтірік" концептісінің мазмұн сипаты мен прагматикалық қызметіне маңызды орын берілген. Оның уәж-себебін саралап көрелік:
"Өтірік" концептісі арқылы қоғамдық деңгейдегі мәселе көтерілгені Абай шығармашылығында әр қырынан көрінеді. Концепт ұғымы тілдің когнитивтік бағытымен, адамның ойлау, таным әрекетімен, белгілі бір тілдік тұлғаның дүниенің қабылдау ерекшелігімен тығыз байланысты екені белгілі. Абай өз шығармашылық дискурсында қайшылыққа толы өмірдегі адамдардың тұрақсыздығына, пенделік әлсіздікке күйіне отырып, соларды суреттеу үшін әр алуан поэтикалық тәсілдердің бояу, реңкін пайдаланады. "Ішім өлген, сыртым сау, Бүгінгі дос - ертең жау",- деп күйіне отырып, "қулық сауған" өмір заңына қарсылық білдіреді. Өйткені Абай өмір сүрген кезеңнің өзі - ұлы ақын, ойшылға сол қоғамдағы адам рухын, ар-ұжданын бойкүйездіктен арылту міндетін жүктегендей еді. Абай шығармалары - қазақ жасына, адамгершілік жолына нұсқау, әлеуметтік бағыт-бағдар сілтеу дәрежесіндегі рухани құндылық, рухани өре болып табылады.
Суреттеу арқылы жаманына күйінеді, жақсысына сүйінеді. Сондықтан ақын заманының әлеуметтік картинасын беретін, сол кездегі жалпыхалықтық тілдегі актив қолданылған сөздер Абай тілінен де кең орын алған. Олар: болыс, болыстьщ, шаруа, сайлау, партия, сауда, кәсіп т.т." деген [4,452] белгілі абайтанушы ғалым Р.Сыздықованың пікірін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік мәні терең тілдік таңба қатарында жан-жақты талдауды мақсат етеміз
Абай ақын адамгершілік, мораль тұрғысынан сөз алуға өзін міндетті санайды. Адам факторы алдыңғы орынға қойылған шығармалардың әлеуметтік сипатына баса назар аударылады.
"Түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып",- деп айтқандай, ұлы ақын өз заманын да, оның адамын да түзету үшін "өтірік" концептісінің өрісін кеңінен қолданған. Сөйтіп саяси-әлеуметтік мән иеленген кейбір тілдік бірліктер адамның рухани тұлғасы мен ішкі-сыртқы портретін беру үшін суреттеу қызметін атқарады. Тіптен, нақты бір кезец көрінісін, заман реңкін беру үшін макроконтекстік аяда қолданған деуге болады. "Өтірік" ұлттық мінез болып қалыптасып кетпесін деген қауіп те барын сездіреді.
"Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын, / Түбін ойлап уайым жеп айтқамын», - деген "уайымшыл", халықшыл ақын Абай шығармашылығында өтірік пен жалғанға, алдау мен қулыққа әлеуметтік мән берілген. Оларды қоғамның ауруы, сылап тастар мерезі деп санаған. Абайдың өзі бағалағандай, "Қулық емес, бұл - бір дерт" ("Дүтбайға" өлеңінде) болатын.
Отаршыл империя өз саясатына лайық (сәйкес келетін), аяр, екі жүзді, ку атқамінерді даярлайды және оның бойына өзінің бар сүмдығын "сіціртеді".
Ш Абай шығармаларында дискурсында ұлт бойынша кейіннен жамалған осы кеселдер сыналады. Ол ұлттың өзінің туабітті қасиеті емес, қоғамдық факторлар әсері болатын. Экстралингвистикалық осы ықпалдар, тілдік тұлға тезаурусында өз көрінісін тауып, дүниенің тілдік бейнесіретінде беріледі.
Жоғары әлеуметтік мән иеленген осы құбылыстардың өз кейіпкерлері, өз лексикасы, тезаурусы бар деп айта аламыз. Абай шығармашылығында өтірік концептісі "өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дүшпанның " қатарында қарастырылған.
Тілдік тұлға санасы өтірік идеясының өзіндік суретін, яғни әр тіл иесінің санасында өзінше, өзгеше қалыптасқан әлем суретін таныта білген. Осы концептінің функционалды тезаурусы негізінде Абай шығармалары поэтикалық жүйесінің концептуалды деңгейі талданады. Оның құрылымы адамның білімі мен тәжірибесін танытатын ментальді бірліктерден, когнитивті ұғым-түсініктерден тұрады.
"Өтірік" концептісі көщүрамды және орталық өзегі (ядро) мен оған жапсарлас бөлігі (периферия) бар мағыналық өрістен, шектес ұғым-түсініктер мен үласпалы кеңістіктерден тұрады.
Тілдік тұлға "өтірік" концептісінің мәнін ашу үшін өтіріктің номинативті мағынасынан басқа, сол ұғымның төңірегінде топтасқан қосымша семасын дискурстық аяда өзектендіре, белсенді ете түскен. Яғни ойын әрі қарай қисынды өрбіту үшін сол бірліктердің коннотақиялық жағымсыз мағынасын және қосымша бояу-реңкін көрсету арқылы өзінің айтпақ идеясын әсерлі жеткізе білген. Сөйтіп денотатты мазмұн ядросының мағынасы қосымша өрісі арқылы барынша толыға түскен.
"Өтірік" концептісінің когнитивтік табиғатын таныту барысында олардың құрамдас компоненттерінің болатындығын, сонда ғана олардың табиғатын толық тануға, болмысын барынша байыптауға болатындығын үнемі назарда ұстау керек деп есептейміз.
"Өтіріктің" концептуалды өрісі қатарына оның мән-мазмұнын толықтыратын, алдау, жалған, қулық, мақтан семалары қарастырылатыны айтылды. Олардың мағынасы мәнмәтін аясында барынша айқын көрінеді.
Талдауға түсіп отырған сөз мағынасының бірнеше сипаттағы қолданысын байқауға болады. Ақын шығармашылығы негізінде оның коннотақиялық көрсеткіш ретінде бірнеше түріне тоқталамыз.
"Өтірік" концептісі арқылы образ ашылады.
Бүкіл шығарма макромәнмәтіні осы концептінің архисемасынан, яғни "адам бойындағы кесел" дегеннен күрылғандығын Абайдың тілдік тұлғасындағы тезаурустар қызметі анықтап береді. Осы аталған сөз тіркесінің әрқайсысының астарында, яғни ішкі форма мазмұнында "жалғандық", "екіжүзділік", "алдау" мәні тұрғандығын аңғаруға болады. Мәтін түзіміне тұтастай назар аударғанда, образдың өтірік, жасандылықтан түзілген ішкі әлемінің тілдік суреті былайша сипатталған:
1) Жылуы жоқ бойының, I Жылмиғаны неткені? Құбылуы ойының / Кетпей күйтың еткені (Ішкі жылуы жоқ болса да, жасанды жылмияды, бір қалыпты мінез таныта алмайды-, алдайды).
*К)7 2) Мүңды, жылмаң пішінін / Кезек киіп, ел жиып,
Болыс болса, түсінің / Түксігін салар тырсиып. (Біресе мүңды болғансып, бірде жылмаңдап, осы екі бейнеге кезек ауысып, дәрежесі өсе қалса, түсін тағы өзгерткен пенделік келеңсіздікті сынайды).
3) Бір көрмеге тәп-тәтті I Қазаны мен қалбаңы.
Дөң айналмай ант айтты, / Бүксіп, бықсып ар жағы (Бір қарағанда сүйкімді қылығы, сырт айнала бергенде мүлде басқа реңкке енеді екен, себебі жан дүниесінің арғы түкпірінде болымсыз баянсыздық жатыр).
4) Сенен аяр түгі жоқ, I Бүгін сыйлас көрініп,
Бүгін жалын, ертең шоқ, / Сөзі мен ісі бөлініп. (Сөзі мен ісі қабыспайтын пенде, бүгін сенен аяр ештеңесі жоқ болып көрінеді де, ертең аяныш білдіруге де жарай алмай қалады екен).
5) Әлі үміт, әлі серт! I Жын сықылды бүзылып.
Қулық емес, бүл - бір дерт, / Тұрлауы жоқ құбылып (291).
Сөйтіп, Абай мәтін түзу үшін нақты айтқанда, өтірік концептісін танытатын мәтін түзу үшін қажетті сөз топтарын, тезаурустық қатарын қалыптастырады. Курсивпен берілген бірліктер арқылы өтірік концептісінің мәні барынша толық ашыла түседі. Дискурстың ең басты жетістігі "сөз шығармашылығының "көзге көріне алатын" қасиетіне байланысты, кейіпкерлердің барлық іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысы көз алдыңа елестейді. Бүл - Абай сөзінің құдыреті арқылы ғана жүзеге аса алатын құбылыс. Сөйтіп әлемді сөзден салынған "сурет" арқылы, яғни сөз-сурет арқылы қабылдай аламыз. Ол сурет бояуын, поэтикалық көркемдегіш құралдарды, Абайдың тілдік тұлғасы өзі таңдап барып қолданады.
Абай субъекті сапасын жаман-жақсы деп тура кесіп айтпайды, қимыл әрекетін байқаған оқырман өзі бағасын береді, өзі оның мінезіне қанығады, сөйтіп мінездік сипаттаманы тағы да өзі жасайды.
Сол замандағы қулық-сүмдықты, өтірік пен алдауды "қасиет еткен" адам образын беру үшін және сол арқылы өзінің айтпақ ойын, көзқарасын танытпақ үшін жасалған образды тіркестердің (қолданыстардың) мән-мазмұны терең. Стильдік кешеннің барлық компоненті, яғни стильдік ұясы (ядро) мен стильдік перифериясы бір стильдік мақсатқа қызмет етеді. Ал тілдік бірліктер -контекстік синонимдер.
Бір қарағанда мағыналары үйлеспейтін, бір мағыналық топқа енбейтін бірліктер (мақтан, жалған, өтірік, алдау,, алдамшы) шығарманың мәнмәтіндік аясында синонимдік қызмет атқаруда. Бүдан біз стильдік синонимия құбылысының қызметін байқай аламыз.
"Стильдік синонимия - нақты бір автордың контексіндегі белгілі бір құбылысты, әрекетті, кейіпкерді, немесе затты анықтау үшін қолданылатын әртүрлі сөйлеу бірліктері" екенін еске сала кеткен орынды [113,816.].
Бүл орайда, сөйлеу тілі деңгейіндегі стильдік синоним мен тілдік деңгейдегі синонимдер бір еместігіне көңіл бөлген жөн. Оның алғашқысы авторлық контексте айқындала түседі де, эстетикалық шындықты қайта тұлетуге, қайра жаңғыртуға белсенді қызмет етеді. Ал тілдік синонимдер нақты
{08 мәндес, мағыналас лексикалық қатарды құраиды, сөитш ой дәлдіпне қызмет етсе, стильдік синонимдер ой көркемдігін айшықтайды.
Белгілі ғалым Х.Х.Махмудовтың: стильдік синонимдердің - көркем шығармада экспрессивтік, тілдік синонимдердің - коммуникативтік қызмет атқаратынына баса көңіл бөлетіндігіне осы тұста тағы бір назар аударамыз (113,906.). Ақынның толғанысы да, шер толқытқанда шыққан көңіл түбіндегі мүңы да - адам жанының күйі, оның рухани әлемімен тікелей байланысты. Бүл Абай дискурсының құрылымдық мағыналық деңгейінен де көрінеді.
"Өтірік" концептісінің мағыналық "сатылары".
Өтірік - алдаудың адам бойына кесел болып "жабысуын" логикалық қисынмен, рет-ретімен орналастырсақ, оның "өсу сатылары" былайша түзілмек:
1.
Өтірік
1. өзгенің сеніміне кірудің амал-айласы
одан соң, әбден әдетке айналады
2. кейіпкердің "қасиеті", сапалық белгісі
сөитш,
3. кейіпкерге ұнайтын қылық
тшті
4. кейіпкердің "кәсібі", "мамандығы"
асқына түсіп
5.безіндірер әзгені жирендірер әрекет.
Өт і р і к
1
|
Амал-айла |
|
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
- |
"қ |
асиет" |
|
"мамандығы" |
|
||
|
|
|
|
|
|
||
|
"ұнамды қылық" |
|
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
өзгені жирендірер әрекет
Бүл сызбалар арқылы тілдік тұлғаның тезаурусын талдай отырып, Абай бейнелеген типтер мен мінез-құлықтың түр-түсін анықтап, себебін саралауға
ұмтылыс жасадық. Ол үшін заманы мен жаманын түзетуге тырысқан ақынның "улы сия", "ащы тілмен" жазылған өз сөздерінің қуатын өлшем еттік. Сөз -қару арқылы өтірікті эшкерелей отырып, кеселді кемшіліктің адам бойына қалай бекігенін бағамдағандай болдық.
Өтірік пен алдаудық - кейіпкердің "қасиеті" мен сапалық белгісіне немесе қалыптасқан әдет-дағдысына айналғандығына микромәтін шеңберіндегі төмендегі мына сөйлемдер дәлел бола алады.
Ерекше айқындалып берілген бірліктер өтірік сөзінің нақты лексикалық қатарын күрамай, мәнмәтіндік синоним болатын тұстары да бар (контекстік синонимия мәселесі жоғарыда сөз болды).
Сапалық белгінің қалыптасуы жүйелі, қисынды жолмен толыққан. Асты сызылған сөз, не сөз тіркесінің семантикасы сол сапа-белгінің доминатасы рөлін атқарады да, өсу градақиясына қарай орналасады: әуелі "сыбыр -күбірден басталып, гу де гу ел сабылтқан әлекке айналу" процесінің қалыптасу жолы көрінеді. Енді сол "жолдарға" назар аударсақ:
1) Сыбырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ - (81): сыбыр-жыбыр, бос сөз айтудан белең алған қылықтың қоғамдық дертке айналар түсы осы деуге болады.
2) Кеудесі толған қулық ой. / Бәрі де пысық, езбе емес (201): қулыққа кеудесі толған пенденің бар әрекеті қандай іске бағытталғанына, пысықтығы сын болса керек.
3) Алда көрген артта жоқ, / Мысқыл, өсек, айла бар (139): өсек пен айла -"қулық толған кеуденің" бары мен бағыты.
4) Өтірік, өсек, мақтанға ағып түрса, бейне су (81): бүл қылықтарға әбден төселіп, әккіленіп алғаны байқалады.
5) Ары кеткен алдағыш, / мені-ақ алда сөкпейін (168); Бәрі алдамшы -саудагер (293); Тағы сене бастаймын / күнде алдағыш қуларға (274); пенденің машықтанған әдетіне айналып, алдамшы, алдағыш - кәсіп те болып кеткендей. 6) Онда оны алдайды, мұнда мұны, / Жанын берсе, табылмас сөздің шыны (203); "кэсіпке айналған" жат қылығын қай жерде болса да тастамайды.
7) Арсыз болмай атақ жоқ, / Алдамшы болмай бақ қайда? (202); осындай баянсыз бақтан бас тартпайтын пендеге бас шайқаудан озге ештеңе қалған жоқ.
8) Баяғы қулық, бір алдау, / Қысылған жерде - жан жалдау (123); бақ болып басына қонғаны - баяғы алдау; әлі де қалмай келеді, қысылса, жаны мен арын сата салады.
9) Үрлық пенен қулыққа байлағанда, кестің бау (104); Екі созді тэңірі айтқан - шыр айналған доңгелек (181): әдеті мен әдебіне, сыры мен сипатына айналған "қасиеттері", яғни ақын озі айтқандай, "Қылып жүрген онері Харекеті - әрекет" болып қалғанын бағамдау қиын емес.
10) Ел қағынды, мал сабылды, / Үрлық, өтірік, гу де гу (194): жаңағы "әрекеттердің" рлді бүзған лаңға айналғанын, кеселдің кесірден ауысып, елдің есін алған індетке айналғанына көз жеткендей боламыз. (Бір қарағанда, шарттылық басым болса да, логикалық қисынмен келгенде объективтілік те жоқ емес. Бүл жіктемелерден өтірік-осектің оршуі арқылы логикалық даму жолын аңғардық). I
—* сыбыр -* қулық —> айла —> өсек
Іөтірік —» алдау
—*■ алдамшы —* жанын жалдау —> екі сөзділік —> ұрлық, өтірік гулеу Беріліп отырған сөздер "өтірік" концептісінің өзегінен тарайтын, онымен өзектес аймағы.
Тілдік тұлға тезаурусының табиғатын (ойлау - тіл - мәдениеттегі) тануды адам болмысын айқындаумен сабақтастыруымыздың бір себебі де -антропоцентризмнің ұстанған бағытымен тікелей байланысты болса керек.
Қай заманда да адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар осындай проблемалар туғызады. Өз жеке басының қамын ғана ойлайтын - баққұмарлық, күндестік т.б. қулық-сұмдықтар кеңінен өрістеп кетпесін деген алаңдау Абай әлемінде басым болды.
Ал енді өтірікті "қасиет" санаған пенденің өзіне ұнайтын қылық қайдан бастау алып, қалай дамиды? Абайдың тілдік тұлғасының макроконтексін тұтастай алып, шығарма дискурсына лингвотанымдық байқау жүргізгенде
Імынадай логикалық сабақтастық барына көз жеткіздік. Сол өзара сабақтастықты "рет-ретімен", өсу бағамына қарай былайша орналастыруға болады:
II. Өтірікке түшыну —> 2. "өтірікке бәйге атындай аңқылдау" —■> 3. "өтірікке құмары қану" ■-> 4. "өтірікке қуану, алшаңдау" —> 5. "өтірікке шалықтап, шалқу" —> 6. "өтірікті ат-шапаннан кем көрмеу" —> 7. "өтірікті жүндей сабау" —> 8. "өтірікті саудалау" —> 9. "өтірікті бұлдап сату" сияқты экспрессивті бояуы қанық бірліктердің семасы және сөздің ішкі формасының
Імазмұны арқылы "өтірік" концептісінің мәні ашылып, мазмұны толыға түседі: Субъекті өзі қалап алған мақсатты нысанына мына "жолдар" арқылы жетеді:
• 1) өзіне ұнайтын қарекеті - әрекет сол өтірікке ден қоюдан басталған
болар, оған дәлел: Тыныштық сүймей қышынып, Өтірікке түшынып, Пәледен тұрмас шошынып (151);
2) одан әрі сол отірікті "іздеп тұрар" халге жетеді: Өтірік пен осекке бәйге атындай аңқылдар (151);
3) "ынсап, ұят, терең ой ойламай": "Тасыса өсек, ысқыртса кесек, / Кұмардан әбден шыққаны" (119);
4) құмары қанған әрекетін қуана қуаттап жүретіні және бар: Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап (91);
5) жай қуанып, бұлдыр қағып (253), колбек қағып қана (44) қоймай: Алдадым, ұрдым, қырдым, - деп / Шалықтап, шалқып, шатпай ма? (201);
6) шалқып, шаттанғаны сондай: Ат-шапаннан кем көрмес, Біреу атын қойса, қу (81).
'
И1 7) неге? Өйткені, "Ынсап - ұятты қойып", Терең ой, терең ғылым іздемейді / Өтірік пен өсекті жүндей сабап (91);
8) ақыр соңында: Бәрі - алдамшы, саудагер (293); Қулығын бүлдап сатпай ма? (202);
М.Әуезов Абай шығармашылығының өзегі адам бойындағы ар мен ұят, кісілік пен кемелдік мәселесі болуының басты себебі: "ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады... . Сол тұстағы заман болмысындағы әлеуметтік ортадан туындап жатқан жағымсыз қылықтарға қарсы бес асыл - талап, еңбек, әрекет, қанағат, рахымды" қару етіп ұсынды",- деп айқындайды [2,172]. Осы себептен де Абай шығармалары тек қана жағымсыз концептіге күрылған ба? Немесе Абай неліктен "сынай береді?" деген үстірт пікірлер туындап жатады. М.Әуезов түйіні бүл күмәнді сүрақтарға әбден жауап бере алады деп айта аламыз.
"Өтірік" концептісін танытудың лексика-семантикалық тәсілдері.
"Өтірік" концептісін берудегі негізгі тәсілдің бірі - контраст құру.
"Өтірік" концептісінің жаңа қыры, оның өрісі антонимдер қызметі арқылы анықталады. Алдамшы мен қудың образын көрсетудің тағы бір амалы ретінде тілдік және контекстік антонимдер микро немесе макро мәнмәтінде көркемдік тәсіл қатарында қолданылады.
Біз бүл тұста антонимдердің теориялық мәселесін нақтылауды мақсат етпейміз. Оларды жүйелеудегі семантикалық, логикалық, психолингвистикалық бағытты қолдай отырып, кейбір пікірлерді басшылыққа аламыз [114,836.].
Антонимдерді мағыналық бірлестігіне қарай топтаған орыс ғалымы А.А.Новиковтың ұстанған бағытына назар аударсақ, сөз мағынасының антонимдік байланысы былайша ажыратылады: 1) мағыналары қарама-қарсы болса да, аралық деңгейін межелеуге болатын сөздер - контрарлы, қарама-қарсылықтағы сөздер деп жіктелген (суық < жылы, салқын > ыстық); 2) мағыналары қарама-қарсы, тіпті аралық деңгейін межелеуге болмайтын сөздер - комплементарлы қарама-қарсылықтағы сөздер тобына (тірі >< өлі); 3) мағыналарындағы қарама-қарсылық мән бір аяда, бір бағытта өтетін векторлы /одзалш-қарсылықтағы (кіру <-* шығу) сөздер болып жіктелген [114,2736.].
Дегенмен, біздің мақсатымыз - антонимнің теориялық мәселелеріне тереңдеу емес, зерттеу нысанына қатысты алғанда осы аталған антонимдік қатынастардың прагматикалық қызметін айқындау. Абайдың тілдік тұлғасындағы кейіпкер тұлғасының ойы, эмоқиясы, іс-әрекеті салыстырылады. Сыртқы кейпі қимылынан ой мен эмоқиясына, немесе ой мен эмоқиядан қимыл-әрекетіне ауысып сөз етіледі.
Ал өлең мәтінінің когнитивті құрылымында кейіпкер образы контрастық тәсілмен салғастырылады. Ол үшін: а) мағынасы қарама-қарсы тілдік антонимдер; ә) контекстік антонимдер; б) бұлардан өзгеше, автордың өзіндік қолданысы - сөз обертоны арқылы логикалық оппозицияда келіп, қарсы пікір білдіру амалы қолданылады [115,156.].
Абайдың тілдік тұлғасы өлеңнің 1) бір тармағында, 2) кейде бір шумағында, 3) немесе тұтас бір өлеңінде мағынасы қарама-қарсы семантикалық таңбаларды шендестіре келтіріп, кейіпкер мінезінің бір қырын немесе іс-әрекетінің кереғарлығын көрсетеді.
а) Өлеңнің бір тармағындағы антонимдер қызметі. Мысалы: Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек (45). Бұл жолдардағы барлық сөздер түгелімен антоним болып немесе антонимдік қатыста келген. Ал, контраст сөздің қуаты автор интенқиясын барынша өткірлей түсуге ықпал еткен: алаш <-> жақын; іші <-* сырты; жау болу <-> күлу; тіріде *-> өлсе; аңду <-> өкіру - деген векторлық қарама-қарсы антонимдер мен антонимдік қолданыстар кейіпкердің тек қана кереғарлықтан түратын алдамшы қылығын (өтірігін) асқан дәлдікпен суреттеп берген.
Абайдың тілдік тұлғасы алдамшының поэтикалық образын сол шығарманың идеялық мазмұнына (яғни екіжүзділік табиғатын танытуға) сәйкестендіре бағындырып түр: 1) іші <-> сырты, тіріде <-> өлсе деген векторлық қарама-қарсы, тілдік антоним автордың айтар ойының қарсы мәнде келген көркем кеңістігі мен көркем уақытын білдіреді; 2) алаш^ жақын деген антонимдік оппозицияға, қосарланған объектіге бағытталған; 3) антонимдік сипатқа тек сол мән-мәтінде ғана ие болатын - жау болу - күлу; аңду <-> өкіру сияқты контекстік антонимдер образдылық үшін қызмет етеді (аңду - біреудің ізіне түсіп торуылдау; өкіру - қатты айқайлап, бақыру).
ә)Өлеңнің бір шумағындағы антонимдер қызметі.
Абайдың тілдік тұлғасына тән тағы бір шеберлік, тіптен өзінің шығармашылығына тән ерекшелік деуге болатын көркемдік тәсілдің бірі -антонимдерден поэтикалық образ жасау үшін немесе өзінің ішкі келіспеушілігін білдіру үшін тұтас бір шумақта қарсылықты мәндегі мазмұнға құрылған ойлар жүйесін қатарластыра беру. Және осы құбылысқа қатысты екпін түсіре айтарымыз: бүл тәсіл барысында тілдік антоним, не контекстік антонимдер емес, бірінің нәтижесін бірі жоққа шығарар қарама-қарсы логикалық ойлар параллель алынып, синтагмалық формада келіп, автор әлемінің тілдік суретін әр қырынан көрсетеді. Ғылыми зерттеулерде бүл мәселе өз көрінісін табуда [116; 117]. «Антонимия құбылысы полисемия мен жаңа сөздер пайда болуына байланысты даму үстінде» [116, 2046.]. Мысалы, Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек? Адалдық, арамдықты кім теңгермек?
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ, Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек (45). Осы шумақтағы бірінші және үшінші тармақты қатар қойып, мағынасына көңіл аударғанда, ондағы ойдың имплицитті жасырын мағынасы: ел басқару, жұрт меңгеру әркімнің қолынан келе бермейді - (1-тармақта), әйтсе де құр мақтану
«үпіін, "бос мақтанға" салыну үшін болыс бола беретіндер бар екен - (3-тармақта). Өзін де, елін де алдаған өтірік болыстықтың керегі не? - деген түйінді ойды айту үшін Абайдың тілдік тұлғасы қарама-қарсы мәні бар "антоним" тармақтарды осылайша шендестіреді: жұрт меңгере алмайды, бірақ болыс болады. Ал екінші және төртінші тармақты қатар алып қарасақ та ой жүйесі сабақтастығын жоймайды.
Мына мәнмәтіндегі ойдың берілуінде де осы көркемдік тәсіл алынған: Адамзат тірілікті дәулет білмек, Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек. Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп, Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек Тіршілік кешу мен тэңір берген тірілік - адамның ең басты дәулеті болып табылады. Сол дәулетін (рухани байлығы ақыл мен дүние байлығы арқылы) мәнді етудің орнына, құр қылжаңға салынып, тірілік күнін босқа өткізгендерге, өзін-өзі алдап жүргендерге сын айтады. Екінші тармақтағы - ақыл табу, мал табу мен төртінші тармақтағы құр қылжаң антонимдік қатыста алынған. "Өзін-өзі алдаған не қорлық?" - деген авторлық интенқия бар.
Антонимдік жүпқа түскен мына сөздердің де семантикалық салмағын таразыласақ, {құйрығы - беті, шаян - адам, "жылмаң" - арам, сырт - іш) коннотақиялық мағынаның стильдік компоненттерін: эмоқия, экспрессия, бағалау - бәрін осы микроконтекстен табамыз. Құйрығы - шаян, беті - адам, Байқамай сенбе күрбыға. Жылмаңы - сыртта, іші - арам Кез келер қайда сорлыға (168). Сөзі мен ісі бөлінген алдамшы адам бар әрекетін бүркемелеп, қай кезде болса да өзгеге адалдық танытпайды, тек алдаумен күн кешеді, - деген ой сабақтайды.
Ал келесі мәнмәтінде бір қарағанда қарсы пікір мүлде байқалмайды деуге болады. Автор өз пікірін білдіріп, жүйелі "оқиғаның" барысын рет-ретімен баяндау тәсілі арқылы жеткізіп отырған сияқты. Алайда, ыңғайлас сөйлем құрылымы мен мағынасына жуық келетін бірінші, екінші жолда, ыңғайлас, 9іргелес ұғым жоқ, керісінше қарама-қарсы мағына басым сияқты: алдау мәні вербалды түрде берілмегенімен, мәтінде имплицитті жүзеге асады. Мысалы: Ел бүзылса, табады шайтан өрнек,
ІПеріште төменшіктеп, қайғы жемек (45). Осы мәтіндегі негізгі ойды: "ел бүзылған кезде шайтан ("өрнек табады") қуанады және періште қайғырады" деп ұғынбаймыз. Ойдың дәлдігі, мағынаның айқындығын мәнмәтін имплицитті түрде (жасырын ұстап), әркімнің танымына қарай, ой түйсігіне қарай, қабылдатқызатын тәрізді. Алайда Абайдай ұлы ақынның әр сөзі орнында, ойы айқын, пікірі ашық екенін ескергенде, жұмбақ іздемеуіміз керек сияқты. Дегенмен, өлең сөз "көкірегі сәулелілерге" арналған соң, әркім өз көкірек көзімен қабылдайтыны және бар. Сонымен, ел бүзылғанда шайтан қуанады, бірақ періште ұялады, қайғы жейді; шайтан шаттанып асқақтаса, періште қайғы жеп төменшіктейді. Автордың айтпағы: мәндес екі іс-әрекетті баяндау емес, қарама-қарсы іс-әрекетті жеткізу, яғни бір іске бағышталған ниет-пиғылдың қарама-қайшылығын суреттеу. Шайтан +-> періште, өрнек салу *-+ қайғы жеу сияқты параллель ұғымдармен келген синтаксистік құрылымдардың концептуалды мәні бірден байқалмауы мүмкін.
Жалпы алғанда, Абайдың "Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек" деп басталатын 12 шумақ өлеңнің әр шумағында, тіпті кей шумақтың әр жолында (тармағында), (жеке-жеке параллель сөйлемдерде) қарсы пікірлер айтылған. Сондағы ойдың (не бір тармақтың өз ішінде, не тармақтың бірі мен екіншісіндегі ойдың) бір арнаға тоғыспайтындығын көреміз.
"Өтірік " концептісінің мәні кейіпкердің өз сөзі (өз монолоғы) арқылы да ашылып, оның ішкі әлемінің портреті рөлін де атқарады.
Субъектіні өзіне-өзі сөйлегендей, өз әрекетін өзіне айтқыза отырып Абай ақын ащы сарказмды пайдаланады: Сыртқыларға сыр бермей, I Құр күлемін жымыңдап (156); Оңашада оязға, I Мақтамаймын елімді, I Өз еліме айтамын / Бергенім жоқ,- деп белімді (107); Оязға жетсін деген боп, / Боцтап жүрмін барқылдап (108). Кейіпкердің өтірік сөзі шын әрекетімен мүлде қабыспайды. Елін билей алмаған болыс өз шарасыздығын жасыру үшін өтірік әрекеттерге барады. Бүл мәтінде кейіпкер өз өтірігін өзі біледі.
"Өтірік" концептісінің мәні ишара, интенқия арқылы толыға түседі. Оны тілдік тұлға қолданған стильдік көркемдік тәсілдің бірі ретінде қарастыра отырып, автор бейнесінің уәжді мақсаты деп түсінеміз. Ол - өтірік қылықтан сақтандыру.
Төмендегі мәнмәтіндер мазмұнында өтірік, алдау сияқты әрекеттер жасалмаған, алайда өтіріктен сақтандыру семасы бар. Ол мән көркем дискурстың когнитивті астарынан, семантикалық когниция реңкінен байқалады. Коннотақиялық мағына иеленген тілдік бірліктер өлең идеясына қызмет етіп түр. Мысалы:
а) Сөзіне қарай кісіні ал, / Кісіге қарап сөз алма,
Шын сөзі қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма (67); э) Ақыл сенбей, сенбеңіз, / Бір іске кез келсеңіз (66).
б) Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, I Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе (267). в) Күншіліксіз тату бол, шын көңілмен, I Қиянатшыл болмақты естен кеткіз (60). Мұнда курсивпен берілген бірліктер "өтірікке ермеу" мағынасын білдіреді.
Абайдың тілдік тұлғасы өтірік айтудан сақтандыра отырып, "боямасыз ақ көңіл дос" іздейді, әрине, оның бойы да, ойы да алдаудан ада болуын тілейді. Оны курсивпен берілген бірліктер мәнінен анық байқаймыз.
а) Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе, ә) Бір сөзімен түрса екен, жанса-күйсе.
б) Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, Ер табылса, жарайды қылса сұхбат (59).
в) Күншіліксіз тату бол, шын көңілмен, Қиянатшыл болмақты естен кеткіз (60).
Мәнмәтіндегі қалау рай, бүйрық рай, модаль сөздер арқылы тілдік тұлғаның тілек ниетін білдіретін модальдік мәннің басымдылығы байқалады. "Өтірік айтпаса, алдамаса" деген интенқия мәнін шығарма мазмұнына ден қойған әр тіл тұтынушының тілдік санасына туындайды.
"Өтірік" концептісінің мәнін грамматикалың мағына арңылы таныту.
Алдау, өтірік айту концептісі Абайдың тілдік тұлғасында жүрнақтар қызметінің морфемдік мағынасы арқылы ашылады.
Кейіпкер образын апгу үшін Абайдың тілдік тұлғасында сөз семантикасының мәні ғана емес, грамматикалық тұлғасы да айтарлықтай қызмет етеді. Соның бірі - етістіктен зат есім тудырушы жүрнақтар қызметі.
а) -шы, -ші жүрнағы адамның мамандығын, кэсібін білдіріп, ақын өмір сүрген кезеңде де белсенді қолданылған. Бүл аффикстің белгілі бір қасиет, қылық, мінез иесін (өсекші, арызшы, алдамшы) білдіретін қосымша реңкін де Абай "өтірік" концептісінің мәнін тереңдету үшін үтымды қолданған. Осы қатардан Абайда өте жиі қолданылған сөз - алдамшы: алдамшы өмір, алдамшы саудагер, алдамшы шайтан, алдамшы болу. "Сірэ, заманынан, замандастарынан үміті, арманы алданған ақын сөз арқылы айналасына (болмысқа) деген көзқарасын білдірген болу керек" [4,196].
ә) "Есім немесе есімше тұлғалардан туынды етістік жасайтын -сы/-сі жүрнағы сөйлеуші өзін кімге, неге теңеп, балап айту немесе бір нәрсені істеген не істемеген етіп көрсету мәнін білдіретіндігі белгілі" (29). Ал түркі тілдерін зерттеуші Э.В.Севортян бүл жүрнақтың көлгірсу, ұқсауға тырысу сияқты тағы бір мағынасы бар екендігін нақты мысалдармен дәлелдейді де құдайсы, батырсы т.б. сөздерін береді (118,3026.).
Абай дискурсында: ¥ққыш жансып шабынар (86), Араз кісі болғансып (62), Малға бөккен кісімсіп (189) т.б. кездеседі. Бұлар өтірік, жасанды әрекеттерді білдіреді.
Зат есім, сын есім түбірлерден (кісім-сіп, тәңір+сі-п, қайрат+ты-сып, қамқор-сы-п, ерке-сі-п), сөз тіркестерінен (қалжықбас+сы-п, жертәңірі-сі-п); есімше тұлғалы тіркестерден (араз кісі болғансып, жанын құрбан жолына қылған жансып) жасалған бүл бірліктердің барлығы - "өтірік", "алдау" концептісінің қатарын көбейтіп тұрғандар. Жүрнақтардың бұндай функционалдық қызметі жайлы абайтанушы ғалым Р.Сыздықова барынша толық зерттеулер жүргізген [4,586.].. Біз бүны концептуалды талдауда "өтірік" концептісінің мәнін ашудың бір тәсілі деп қараймыз. Абай "малдан басқа мүңы жоқтарды", "тобықты молыққан пысықтарды" көріп, солардың бойындағы ең жағымсыз қылықтардың бірі - көлгірсуді, "іші залым, сырты абыздыққа салынуды" сынайды. Дәлірек айтсақ, білмесе де, бір нәрсені өтірік білгенситін, "мүрнын қисайта тартып" түрып эсемситін; "елін мығымдап ұстай алмаса да", өтірік қайраттысып, қамқорситындарды; "бойы бұлғаң, сөзі жылмаң бола түрып" бір міні жоқ бендеситіндерді эшкерелеп, түзетпек болады. Бүл қылықтарды сөзбен танытуда ең дәл және әсерлі тұлға болып табылатындар -сы жүрнағымен келген етістіктер деген талдаулар ұсынады.
"...Абай бұрынғы қолданыста бар бәлсіну, сәнсіну, керексіну деген сөздердің орнына бәлсу, сәнсу, керексу деген жаңа тұлғаларды ұсынады. Егер керексіну десе, мұнда "бір нәрсені жай ғана керек ету" мағынасы ғана танылады. Ал: Ел керексіп, сөзге емексіп, Не болады мақтаныні - дегенде Абай елді шын мәнінде керек етуді емес, көлгірсіп, керек еткен болғансып мақтан қуғанды айтпақ болған... Абай өлеңдерінде кездесетін еркесу, серкесу (Еңбегі жоқ еркесіп, Бір шолақпен серкесіп), қайраттысу (Қайраттысып, қамқорсып, Сайманымды бүтіндеп), жер тәңірісу (Жер тәңірісіп кермағыз), жарамсақсу, салғыртсу, әсемсу, сәнсу деген тұлғалар негізінен Абай қаламының туындылары" (4,58-59).
«Өтірік» концептісінің мәні бір сөздің семантикасына екпін түсіре айту арңылы толығады.
Абай шығармалары дискурсында сену етістігі доминанта рөлінде келіп, жалған әрекеттің оппозициясына айналған.
а) Ақыл сенбей сенбеңіз, / Бір іске кез келсеңіз (66). э) Сенімі жоқ серменде сырды бұзды (78).
б) Жылпылдақтан айрылып, сенісе алмай, / Адамдықты жоғалтар ақыр бул іс (78).
в) Сеніскен досым да жоқ, асығым да, / Ақыры өлең қылдым, жасыдым да (79).
г) Жаман тату қазады өзіңе ор, / Оған сенсең, бір күні боларсың қор (62).
д) Сенбе жұртқа, түрса да қанша мақтап, / Әуре етеді ішіне қулық сақтап (267).
Түйіндей келгенде, Абай дискурсындағы мәтіннің прагматикалық әлеуетін айқындаудағы басты бағдар адамға (субъектіге) бағытталған, субъект әрекетін, тілін танытатын прагматикалық көрсеткіштер жан-жақты талдауға түскен, соның бірі "өтірік" концептісінің рөлін көрсетуде көрінеді; мәтіннің прагматикалық әлеуетін саралау барысында семантикалық-прагматикалық құрылым жүйесі негізге алынды, өйткені бүл логикалық қисын мен сабақтастық принципінің бірлігін танытады.
Біз "өтірік" концептісін макро және микроконтексте қарастыра отырып, біріншіден, жекелеген кейіпкердің бейнесін сипаттау үшін; екіншіден, белгілі бір кезеңнің және нақты бір қоғамдьщ ортаның әлеуметтік реңк көрсеткішіретінде алдық.
Абайдың поэтикалық тіліндегі өтірік ұғымын танытатын сөздік қатары негізінде концептуалды тезаурусы түзіліп, тілдік тұлға құрылымының лингво-когнитивті деңгейінің көрінісі ретінде қарастырылды.
