- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
Прецедентті мәтін - бір сөзден мәтінге дейінгі аралықта болатын реминсценқия. Бұл туралы Ю.Н.Караулов: "Белгілі бір тілдік тұлға үшін 1) танымдық және эмоционалдық тұрғыда мәнді болып саналатын; 2) сол тұлғаның қоғамдық ортасында бүгіні мен өткенінде танымал; және 3) тілдік тұлға дискурсында қайта жаңғыртылып, айтыла берілуі мүмкін сөз, сөз тіркесі, мәтінді прецедентті мәтін'\ - деп анықтайды. Бұндай жағдайда - әлеуметтік-психологиялық сипаттағы немесе қоғамдық-саяси, тарихи мәні бар оқиғалар тыңдаушының санасында қайта жаңғырып, прецедент "әрекеті" басталады [16,2176.].
Прецедентті мәтіндер санатына көркем әдебиеттен алынған үзінділер, мифтер, аңыз, ертегілер де жатады. Барлық прецедентті мәтіндерге тән қасиет -таңбаланудың (белгілеудің) біртұтас бірлігі немесе өзіне негіз болған қайнар-көздің (толық мәтіннің бүтіннің) бөлшегі болу. Ғалымның пікірін саралай келгенде, біз оған қоса мынадай түйін түйеміз: Жалғыз атау, бір жалқы есімнің өзі-ақ прецедентті мәтін бола алады, себебі бір есім арқылы өте мол мағлұмат берілу мүмкіндігі бар. Бір есім - бүтін бір мәтіннің ролін атқарады, әрі тілдік тұлғаның жеткізбек идеясының өзегіне, негізгі ойдың бір тініне айнала алады.
Абай шығармаларында прецедентті есімдердің қолданылу уәжі, мақсаты мен мәні неде? Олардың функционалдық қызметтері әр алуан, олар тек номинативті функқияда емес, әр түрлі когнитивтік факторларға байланысты қолданылғаны анықталды. Бұл атаулардағы когнитивтік, семиотикалық, лингвомәдени аспектілерге талдау жасау нәтижесінде, олардың қолданылу мотивін анықтап, экстралингвистикалық сипатын айқындау мақсатын қойдық.
Абай шығармаларында прецедентті есімдердің қолданылу уәжіне назар аударсақ, олар негізінен, мәтін ішіндегі, яғни шығарма мәтінінің мазмұнына қатысты кездесетін есімдер болып анықталады. Зерттеу еңбектерінде бұндай атауларды: 1) ұлттық прецедентті және 2) универсалды прецеденттік, 3) нақты бір әлеуметтік топ үшін мәні зор прецедентті есімдерге жіктейді (2,45).
Тіл иесіне (тілді жеткізушіге немесе тілді қабылдаушыға) кеңінен танымал тарихи, саяси, мәдени тұлға есімі мен белгілі бір оқиға кейіпкерінің көпке танымал жалқы есімі - прецедентті атау қатарында қарастырылады.
Прецедентті атаулардың когнитивтік ерекшелігін қарастыру - оларды зерттеудегі мәдениеттанымдық, этномәдени бағытпен де тығыз бірлікте болады. (Тіпті қазақ халқының наным-сенімдеріне байланысты алып қарағанда, есімі ел ішіне тараған көпке белгілі құрметті адамдарды, батырларды, би, мырзаларды, ардақты аналарды ел-жұрты құрмет тұтқан. Солардың жолын берсін деп, баланың аузына түкірткен. Олардың отырған жеріне сәбилерін аунатып алған, сарқытын ішкізген немесе батасын алған. Ал біздің айтпағымыз көркем әдебиет тіліндегі лингвостильдік көркемдік амал қызметіндегі құбылыстар).
Абайдың тілдік тұлғасындағы ұлттық дүниетаным, әлеуметтік құбылыстар мәні аялық (фоновое) семантика шеңберінде барынша айқын көрінеді. Сол атаулар бойындағы тілден тыс білімдерді Абай шығармалары дискурсы негізінде ашу мақсаты көзделеді. Осы тұста "Тіл - ойды білдіру құралы ғана емес, мәдениет білімдерін жинақтау құралы, ақпарат беру, сақтау құралы", - деген пікірлер прецедентті есімдер мәніне қатысты бекітіле түседі. Көркем шығарма мәтініндегі әрбір прецедентті есім - өзінің "шығу-тегіне" қатысты алғанда сол тілдік ұжым туралы мол тарихи-мәдени ақпарат беретін дереккөз қызметін де атқарады. Абай дискурсындағы әр есім - лингвомәдени семантикаға ие.
Сонымен қатар, прецедентті мәтін теориясына қатысты алғанда, шығармада қолданылатын әр атау тілді қабылдаушыға түсінікті болуы тиіс. Бұл талапқа Абай дискурсы толық жауап бере алады. Осы тұста Абай адресат факторын әрине, ескерген. Сөздің тілдік құрылымына енетін таңбаларды адресат факторын ескере отырып таңдау - адресанттың алға қойған мотивақиялық мақсатына жетудегі маңызды интенқия болып табылады. Ғалым Н.Уәли: "Адресат факторының ескерілмей қалуы - сөздің коммуникативтік сапасын төмендетіп, тілдік қарым-қатынасқа кедергі келтіруі мүмкін... Ол үшін автормен адресаттың білім қорында біршама ортақтық болуға тиіс. Тілдік таңбалардың мағынасы адресант сана мен адресат санада бірдей ұғынылуға тиіс. Бұл коммуникақияның ойдағыдай өтуінің алғы шартының бірі" [25,126.]. Абай өзі өмір сүрген кезеңдегі социумның когнитивті танымына толық таныс емес есімдерді (Аплатон, Сократ, Аристодем, Ескендір, Низами, Фердоуси, Ғұламаһи Дауани, Толстой, Салтыков-Щедрин) оқырман, тыңдарманның аялық білімін ескермей, олардың пресуппозициялық даярлығын "тексермей-ақ" өз шығармашылығында қолдана салды деуге болмайды. Осыған байланысты келтірер уәжіміз:
Абай тәлімін алған орта мен соңына ерген шәкірттері әлгі тұлғалар -.:Гілы Абайдың өзінен талай естігені анық.
Олармен эзірге таныс еместері кейін білімін толықтыру барысында кетік білеріне сенеді, өйткені Абай шәкірттерінің арасында "ғылым оқып 5ілгенше, тыным-тыныштық таппайтын", "ғылымға көңілі зерек" шәкірттері де бар еді.
3. Семей кітапханаларында "күпі киген қазақтың" талайы жүргені. Петерборда оқуда жүрген талай жастың да Сократ пен Аристотельді - білуі
глен мүмкін екендігіне Абай ұстаз шэк келтірмейді және "біреу ұқпас, бұл -езлі. біреу ұғар", - деп өзі жазғанындай, өлеңін, шығармаларын "жалпак жұртка арнаған ғой".
"Жазған соң, жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып елге тарар", - деген ақын ұстанымын дәл осы түхта еске салған орынды. Осы шығармасында Абай әрі қарай тереңдеп: "Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой, Шамданбай-ақ шырақтар, ү_қсаң жарар. "Ит маржанды не қылсын" деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар", -деген сенім артады. Бүл ойды өзіміз сөз етіп отырған мәселеге қарай икемдегіміз келеді. Теңіз түбінен сүзіп алар маржан (біз айтып отырған прецедентті атаулар - соның бірі) түріндегі семиотикалық таңбалардың мәні, олардың семантикасы - прецедентті есімдер қолданылуының уәжін ақтап тұрғандай. Бүгінде "прецедентті атау" деген термин иеленіп отырған семиотикалық таңбалар Абай шығармашылығында белгілі бір социум үшін таным құралы, тәрбие көзі ретінде алынып, білім-білік дарыту мақсатында жүмсалған. Біздіңше, прецедентті мәтін (атау) - мәдени таным коды.
Прецедентті есімдер қызметі - көп аспектілі, тіпті күрделі. Оның маңыздылығының бір себебі лингвомәдени таныммен тығыз байланысты екендігі. Тіл мен мәдениет арақатынасы және басқа да мәдениетаралық қарым-қатынастар лингвоелтану, әлеуметтік лингвистика, когнитивті лингвистика т.б. сияқты ғылым салаларымен бірлікте алынғанда ғана оның лингвопрагматикалық мәні анық ашылары сөзсіз.
Мәдени ақпарат коды қатарында қабылданып отырған прецедентті есімдерді біз де мәдениетаралық қарым-қатынас (коммуникақия) үрдісінде қарағанды жөн деп санаймыз. Өйткені өзге мәдениеттегі ақпарат (көне грек, шығыс, батыс т.б.) жалпы адамзаттық құндылықтар деп бағаланса да, оны екінші бір мәдениет өкілі қабылдай алмауы мүмкін.
Өзара әрекеттесуші екі мәдениеттің таным деңгейі үйлеспеуі, білім-білігі алшақ болу себепті, мәдени ақпарат коды ашылмауы мүмкін. Біздіңше, ондай жағдайдан шығу жолы тіл жеткізуші мен тіл тұтынушы арасындағы байланыстың мәні мен сол кодтың қолданылу уәжіне бағынышты. Басқаша айтқанда, бір мәдени құндылықты екінші бір мәдениеттің лингвомәдениеттанымдық нысанына айналдыру мақсатына, себебіне көңіл бөлгенде ғана сол мәдени кодтың атқарар рөліне тиісті бағасы беріледі.
Мәдениетаралық қарым-қатынас факторларын анықтағанда мына уәжділікті басшылыққа алу - бізге қажетті мәдени код мазмұнын ашуға септігі тиеді деп есептейміз:
1) мәдениетаралық алмасулардың мақсатын білу керек: ол өз кезегінде бір лингвомәдени социумға тән өзіндік ұлттық құндылықтарды басқаларына барынша танытуға байланысты;
2) мәдениетаралық қарым-қатынастың өзегіне айналып отырған танымдық ақпарат (мәдени код) мән-мағынасының аса маңыздылығына байланысты болуы мүмкін [142,59-656.].
Соның бір көрінісін Абай дискурсындағы есімдер мәнінен байқай аламыз. Ұлы ақын елінің көшін мәдениет сүрлеуіне бұрғанда, өзге мәдени мұралардың озығын бойға сіңіруді, "ойлы жастар ой көзімен" қарасын деген мақсатты,
кейде "наданның көзін қойып, көңілін ашпақты" ниет етеді. "Қабыл көрсе сөзімді, / Кім таныса, сол алсын..." (152), - дегендей ойға мегзейді.
Бүл зерттеу барысында тілдік тұлғаның аялық білімі өрісіндегі, оның таным аймағындағы (когнитивті базасындағы) прецедентті есімдердің берілуіне концептуалды талдау жасау міндетін алға қоямыз. Бүл - тілдік тұлғаның мәдени таным құндылықтарын саралау үшін де үлкен мән иеленетін мәселе. Прецедентті есімдердің қолданысы тілді жеткізуші мен қабылдаушының білім көкжиегін анықтауда рөлі үлкен, сонымен қатар тілдік тұлға құзіретін түсіну үшін де маңызы зор.
Абай дискурсындағы прецедентті есімдер - ңоғамдың-әлеуметтік ортаның семиотикалың таңбасы.
Оның бір тобы ақын өмір сүрген әлеуметтік ортаның бойындағы жағымсыз мінез-құлқын терең танып, ақкөз надандықтан туындаған жат қылықтарды өткір сынауына қатысты алынған. Ол туралы Абайтанушы ғалым Р.Сыздықова "Абайдың сөз өрнегі" монографиясында мынадай пікір білдіреді: "Өзге жұрттан ұялып, жұртым деуге арлымын" деген Абай кейбір замандастарын адресін көрсетіп те (Күлембайға, Көжекбайға, Көкбайға, Әсетке, Масақбайға, Дүтбайға...) "улы сия, ащы тілдің" үшына алады [4,76]. Ғалымның осы ойын прецедентті есімдер мәнімен сабақтастырғанда мәселе арнасы кеңейе түспек.
Біз бүл атауларды ("Күлембайға,... Дүтбайға...") "жалпыдан жалқының бөлініп шығу қызметін атқаратын "тілдік таңба" ретінде қабылдаймыз. Олар қоғамның бір мүшесі бола отырып, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді қозғауға "көмектеседі". Ол атауларды тек жалқы есім ретінде, бір ғана тілдік категория ретінде қарау, әрине, когнитивтік талдау мақсаты аясын тарылтып тастар еді.
Олар Абай дәуірінде өмір сүрген, Абайды қоршаған адамдар есімі немесе шығарма кейіпкерінің бірі ретінде ғана қарастырылмау керек. Бүл есімдер -тілдік тұлға тезаурусындағы жай ғана тілдік бірліктер емес, "дискурстағы тағдыры" экстралингвистикалық факторлармен анықталатын, яғни мәдени, әлеуметтік маңыз иеленген лингвомәдени таңбалар. Прецедентті есімдер мен мәтін қатарында қарастырылатын деректерге, Абралыға, Көкбайға, Көжекбайға, Көжекбайға, Күлембайға, Көкбайға, Күлембайға, Әсетке, Оспанға, Оспанға, Әбдірахман науқастанып жатқанда, Әбдірахманға, Әбдірахманға Кәкітай атынан хат, Әбдірахман өлгенде, Әбдірахман өліміне, Әбдірахманға, Оспанға, Дүтбайға өлеңдері және "Ескендір" поэмасы; "Масғұт" дастаны шығармаларын жатқызуға болады.
"Өмірдің өрін тауысып, / Білімсізбен алысқан" ойшыл Абай аты аталған замандастарының кейбіріне сүйінеді, кейбірін қырына алып, сынына нысан ете отырып, "мұндай елден бойың тарт",- деп кейінгі жасты безіндіреді: "Татулықты, тыныштықты қоңыр көрер, кем көрер, үрлық пен қулықты қызық көрер", сөйткенде барып "өңі енер" ауылдастарын заманымен қоса (жаманын да) түзетпек болады. Олар: "өсек тасып безектеген" Көжекбай; "эсемсіген" Көкбай; "намаз білмес пақыр" Абралы; "бар малын шығындап" болыс болған Күлембай және тағы басқалары. (Ал Әбдірахман туралы "толық адам" категориясына байланыста жеке сөз болады).
Біз Абай дискурсында прецедентті есім (мәтін) ретінде қызмет етіп отырған кісі аттарына берілген түсінікті қоса ұсынуды жөн көрдік:
• Абралы (1839-1920) - Абайдың замандасы, өзі шешен, қалжың айтқыш адам болған. Жұрт сол үшін оны "Сары жорға" атап кеткен.
Әсет Найманбайұлы (1867-1923) - белгілі ақын, энші болған. Абай төңірегінде болған талантты ақындардың бірі.
Дүтбай Уандықұлы - Тобықтының Көкше деген руынан, Абайдың құдасы. Мінезі түрақсыз болғандықтан, Абай оны сынап өлең жазған.
Көкбай Жанатайұлы (1863-1927) - Абайдың досы, һәм шәкірті ретінде 1880 жылдан бастап ғұмырының ширек ғасырын ақымен бірге өткізген. Абай өлеңдері әуелі Көкбай атынан айтылып келеді де, 1886 жылдан бастап қана Абайдың өз атымен таратыла бастайды. (Көкбай өз қаржысына мектеп ашып, бала оқытумен айналысқан. "Абылай", "Құлынды" дастандарын жазған).
Көжекбай Жанатайұлы (1847-1916) - Абайдың достас адамы, оның кейбір мінездерін ұнатпай Абай оған арнап өлең жазған.
Күлембай Бозамбайұлы - Абайдың құдасы, Мұқыр еліне болыс болып сайланған.
¥лы ақын өзекті ойларын өлең арқылы ортаға салады: Тілдік тұлға дискурсында адамның амал-әрекетіне, қоғамдық құбылыстарға баға берілгенде, автордың өмір тәжірибесіне, дүниетанымы мен біліміне сүйене отырып, түйін жасалатыны белгілі. Өз замандастарына Абайдың берген бағасы көп жағдайда қоғамдық сипат иеленді, сол себепті де прецедент есімге жатқызамыз, олар көпке танымал, өз ортасында белгілі бір орны бар адамдар.
"Көжекбайға" деген бір шумақ өлеңі, яғни прецедентті мәтін тұтастай аксиологиялық (бағалауыштық) мәнде беріліп, кейіпкердің адами, сапалық белгілерін айқындауға фон болып түр. Мысалы, Жамантайдық баласы Көжек деген,/ Әркімге өсек тасып безектеген, / Досын келіп, досына жамандайды, / Шіркінде ес болсайшы сезед, - деген (77).
Мәтіндегі өсек тасу, безектеу, жамандау, ес болсайшы - деген стилемалар әлеуметтік қайшылық туғызатын қылықтар ретінде қатаң сыналады. Мәтінді негізгі поэтикалық хабарламаны қабылдаудың алдын ала жоспарланған коды дейтін болсақ, "әлеуметтік таңба" иеленген сол семиотикалық белгі, яғни "досының" (Көжекбайдың) оғаш әрекеті - қоғамдық-әлеуметтік ортаның жай-күйін сипаттаушы кодтық мән иеленген.
Абай замандастарын сынай отырып, тәрбиелейді де. Осы тұста назар аудартқымыз келетін бір мәселе: ұлы ақын туындыларын көркем шығарма деп қана қарамай, сол заман ахуалынан хабардар етер құжаттық дүние деп қабылдаса да цисынды. Абай өлеңінің кейіпкерлері — нақты өмірде болған өз тұстасы, замандастары. Олардың іс-әрекеті, тыныс-тірлігі тура сол ақын сипаттағандай дәрежеде. Тіптен, автор (ақын Абай) сол кейіпкерлерін қазіргі әдебиеттану тілімен айтсақ, "типтендіріп" немесе көркемдік деталъ іздеп "әуре болмаған". Сол болған күйінде өлеңмен өріп, айтып берген. Аты аталған, прецедентті мәтін иелерінің ой-әлемі, әдет-әдебі, қам-қарекеті -бәрі сол қоғамдық ортаның өлеңмен өрнектелген шындығы. Абайдың философиялық ой-түйіні - "жақсы-жаман көргенінен" туған, "өлең шіркін өсекші жұртқа жайған" сыры, немесе, "ішіп терең бойлаған өткен күннің улары".
Әйтсе де, бұл - көркем шындық, ал көркем шындықтың негізінде қашанда өмірлік шындық жататыны белгілі. "Көркем шындық - жазушы қиялы арқылы екшелген, сұрыпталған, идеологиялық мақсат тұрғысынан бейнеленген шындық. Бүл - өмірлік шындықтың көшірмесі емес... Жазушы үшін шығармашылықтағы ең керекті нәрсе, басты шарт - көзбен көріп, құлақпен есту, қолмен ұстау, факті жетегінде кету емес, материалды эстетикалык тұрғыдан игеру, құбылыстардың жігін ажырату" (36). ...Сөйтіп Абайдың тілдік тұлғасы өмір құбылысын көркем бейнелер арқылы реалистікпен бейнелей алған. Мысалы:
Өзінің досы, шәкірті Көкбай ақынның ұнамаған кей мінезіне - "эсемсіп, сэнсіп, білгенсіп, бәлсіп" тұрғанына налыған Абай: "Керенау, кердең, бір керім, / Жақпайды маған сол жерің" деп ащы достық сынын айтады; (Көкбайға, 76, 102, 137).
Өзінің құдасы Күлембай болыстың "сыяз бар десе жүрегі орнықпай суылдап, сыртқыларға сыр бермей құр күлгенін", күштілер сөз айтса, бас изеп шыбындағанын" өз аузымен айтқыза отырып "міндейді".
"Жауға мылтық, досқа ынтық" інісі Оспанның, "жақсы өмірі бүзылмай, жас қуаты тозылмай" өмірден ерте өткеніне күйінеді, бірақ "жайнаған туы жығылмай, жасқанып жаудан тығылмай" өткен өнегелі өмірін үлгі етеді.
Сөйтіп, прецедентті есімдер мазмұнының мәтінде атқарған қызметі -Абайдың тілдік тұлғасының дискурста алға қойған мақсат-міндетінің уәжін айқындайды: "Тыныштық сүймей қышынып, өтірікке түшынған", "эулекі арсыздарға" кісілікті ұқтырғысы келеді, өйткені "іштегі қайғы-дерт пен көкіректі өрт қысудың" басты себебі адам бойындағы (замандастары бойындағы) "бейілі шикі, ақылы күйкі" қылықтардан болады. "Сырласа алмай, сөз аша алмай бендеге", "қайтты көңілі, бүл дүниенің ісіне". Бірақ өз кесімді пікірін ашып айтып, ашық білдіре береді. Сөйтеді де, "ақылға кедей байлардың" әрекетіне қоғамдық-әлеуметтік бағасын береді.
Прецедентті есімдер семантикасы - қосымша ақпараттардан түзіледі де, ол ақпараттар мәні экстралингвистикалық мазмұн негізінде ұғынылады, яғни тілден тыс жағдайлар бірлесуінен туындайды.
Абай тілдік тұлғасының дискурсында осы атаулардың шығарма идеясын айқындаудағы рөлі үлкен. Сонымен қатар, дискурс мазмұнын кеңейтіп, көркем образ қалыптастыруға да үлес қоса алады. Сөйтіп, Абай дискурсындағы прецедентті есімдер 1) көркем образ жасау үшін; 2) шығарма идеясын нақтылаудағы лингвостилистикалық тәсіл ретінде алынғанын анықталды.
Талданып отырған прецедентті есімдер тілдік тұлғаның таным (когнитивті) кеңістігін құрауымен де назар аударарлық әрі құнды деп есептейміз.
Абай тілдік тұлғасындағы прецедентті есімдер:
Абайдық тілдік тұлғасында Шығыстың жеті жүлдызы, поэзия жауһарларының, Сократ, Аристотель, Платон сияқты батыс ойшылдарының қоғамдағы орнына ой екпін түсіре айтылады. Бұл аталған прецедентті атаулар Абай шығармашылығының тарихи тамырын тануға мегзейді.
Сократ, Аплатон, Аристодем - асқан білімділіктің ассоциақиясын тудырады да, көзіқарақты әр оқырманның мәдени аялық білімі шеңберіне сыйымды болып, олардың ойымен ортақтасады, сөйтіп ешқандай түсініксіздік тудырмайды, "ақтаңдақтар" (лакун) қалдырмайды.
¥лы акын нәр алған рухани бүлактың бірі - шығыс мәдениеті. Олардың Абай танымына әсер-ықпалы орасан зор болғаны да аян. Медресе шәкірті бала ақын, жас Абай ішкі түйсігімен, сезім қуатымен сол бүлаққа кейін қайта соғарын, сол түмадан талай су ішерін сезгендей есімдерін балаң жырына арқау етті. Ізгілікке іңкәрлік танытқан, адамгершілікті ақиқат сыйына балаған, сөйтіп шығыс поэзиясын әлем әдебиетінің асқарына шығарған жыр жүлдыздары Рудаки, Фердауси, Омар Хайам, Джалал-ад-дин Руми, Сагди, Жәми, Хафиз ойларының нәрін бойына сіңіреді. Шығыс шайырларының есімін құрметпен атай келе, олардың рухына сыйынып, медет тілейтіні бар:
"Физули, Шэмси, Сайхали,
Навои, Сағди, Фирдоуси,
Хожа Хафез-бу һэммәси
Мәдэд бер я шағири фарияд" деген жолдар оған дәлел. Білімге бас қойған шәкірт Шығыс ғұламаларына ұстаздық ұстаныммен қарады. Абай шығармаларын зерделегенде байқалғаны: 1) Ол ақындардан ізгілік сабағын алды; 2) Өлеңнің сыртқы түрін алмаса да, ойына ортақ етті (дидактикалық сарындағы өлеңдерінен Сағди, Ғұламаһи Дауани әсері байқалатыны жайлы әдеби талдауларда айтылған).
Философ-ғалым Ж.Әбділдин Абай танымы туралы мынадай тұжырымды пікір білдіреді: "Ғлы ойшыл Абай адамзаттың рухани құндылыктарына сүйене отырып, өзінің бірегей ұлы поэзиясын, философиялык ойларын тудырды... Ең әуелі Абай шығыс философиясын терец дамытып, дәстүрін жалғастырадъГ [101,3566.] .
Абай өзінен бұрын ғұмыр кешкен қазақ ойшылдары мұрасынан ғибрат ала отырып, шығыс пен батыс ойшылдығын қазақ даласының даналығымен тұжырымдады, қазақ ойының көрігіне қыздырды. Даналық өлшемі болған ойшыл ақынның ой қазығы - Адам табиғатын таныту және кемел адам келбетін сомдай отырып, сондай Адамды қоғамның қуатына айналдыру.
Абай шығармаларының орталық деңгейі - Адам дедік. Мәселенің осы тұсын зерделегенде мына екі жағдайға баса назар аударып, аса көңіл бөлу керектігі жөнінде философ Ж.Әбділдин пікірі зерттеу барысында еске алынуы қажет деп есептейміз. Ғалымның пайымдауы бойынша, Абай батыс философиясынан гөрі шығыс философиясына тереңірек дендеген, оған себеп шығыс ойшылдары адамды зерттеді. Адам жаны мен жүрегіне үңілді, адамның көңіл-күйіне мән берді. Батыс философтары философиялық жүйе құрылымына, әлем туралы ілім жасауға көңіл аударады, қоғам мен мемлекет туралы ілім қалыптастырады, рақионалды жүйеде ойлайды [101;357б.].
Шығыс классиктері мен Абай шығармаларындағы ой ортақтығы байқалатыны туралы жүйелі зерттеуінде ғалым М.Мырзахметов "Абай шығыс
мәдениетінен қазақ ұғымына үйлесетін тұстарын ғана алып, одан әрі ой көрігіне шыңдағанына" назар аудартады [100,2086.].
Ғұламани Дауани есімі тілдік тұлғаның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінде аталады. Өз заманының (XI ғ.) атақты ғұламасы атанған Джалал-д-Дин-Мүхаммед бен - Асхад=ус Сидики ад=Дауани мораль, философия саласындағы шығармаларымен танылған. "Әл-Фараби, Ибн-Сина дүниетанымымен үндес, өз заманындағы ғылыми ойдың әрі қарайғы дамуына өзіндік үлес қосқан Дауани еңбектерін Абай парсы тіліндегі түпнұсқадан оқып білген деуге келеді" [100,1676.].
"Мұны жазған білген күл, / Ғұламаһи Дауани / Солай депті ол шыншыл, / Сөзін оқып және ойла!, - деген (65) түйінінде дала педагоғы жастардың "білмекке күмарлығын" арттырып, ғылымға, ғалымға көңіл бөлуге, сөзін ойлана оқуға шақырады. XI ғасырдағы айтулы ғылым саңлағына Абай өзі де ерекше ілтипат көрсете, "сөзіне қарай кісіні таңдағанын" білдіреді. Ғұламаһи Дауанидың ең танымал еңбегінің бірі - "Жалали этикасы" - мораль, мінез-құлық тәрбиесі мен отбасы және басқа да өмір тәжірибесінен туған ойлар жинақталған - адамгершілік кітабы. Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінде "Мұны жазған білген құл, Ғұламаһи Дауани", - деп атап көрсетуінің бір себебін және пікір, ой үндестігін осы "Жалали этикасымен» байланыстыруға болады [64,167].
Ақынның көркемдік амалы - осы дискурсынан да көрінеді. Қазақ менталитетінде біреудің пікірін өз ойына қоса білдіру анағұрлым әсерлі болатыны белгілі. Автор өзінің көзқарасының өзгемен сабақтастыра таныту үшін "құрғақ сөз", жалаң ой, үлгісіз үгіттен гөрі осы әдіске сүйенеді. Сөйтіп Ғұламаһи Дауани тәрізді шығыс ойшылының даналығынан үйренуге шақырады, өйткені "білімге ынтық", "жаңаның басы" көптеп, көктеп өсіп келеді. Әлемдік ақыл-ой алыптарының дәрежесіне көтерілген кемеңгер Абай өз халқына өзге елдің даналарын танытуды ұлы мақсат етіп қоя білді.
Абайдың тілдік қолданысында прецедентті есімдермен (феномендермен) қатар прецедентті мәтіндердің де өзіндік үлесі бар.
Дүние жүзін түгел жаулап алмақ болған Александр Македонский туралы Европа әдебиетінде жазба деректер де, ауызша тараған аңыз-әңгімелер де мол. Шығыстан келген эпсана-хикаяттар да бар. Абай солардың бір желісін арқау етіп, "Ескендір" дастанын жазады. Онда Ескендір патшадан басқа, көне грек философы, данышпан ғалым Аристотельге қатысты Абайдың когнитивтік тілдік сана көрінісі негізгі желіге айналған. Осы дастанда Аристотель есімі аса бір сүйіспеншілікпен аталатынын аңғарамыз. Ол гүлама ғалым, жеке дара тұлға, ақылы асқан хакім ретінде бағаланады. Абай Ескендір ессіздігіне қатысты өз ойын осы Аристотель арқылы (сөзімен) білдіреді. "Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, / Өлсе тояр көзіне күм күйылғанда^ деген синтагмалық тұтастықтың мәні зор.
Әдеби ортаға мәлім мәтін мазмұнына қысқаша тоқталсақ: Ескендір патша
келесі бір қанды жорығында келе жатып, кэусар бүлаққа тап болады. Шөлін
басып, бүлақты бойлай жүріп, әрі қарай биікке өрлеп көтеріле бергенде алтын
қақпа кезігеді. ...Бірақ патша қақпаны ашқыза алмаса да, оның күзетшісінен
орамалға түйілген "керемет" сыйлық алады. Өзі талап етіп алған сыйлықты асыға ашып қараса, адамның бас сүйегі болып шығады. Оның мәнін пайымдай алмай, ашумен лақтырып жібергенде, данышпан жолдасы Аристотель сүйекті таразыға салдырып өлшетеді. Кішкене ғана көз сүйекті небір асыл заттар, алтын мен күміс те қанша ауыр болса да алмайды... әйтсе де бір уыс топырақтың "күшімен" таразының екінші басы аударылып түседі. Абай ^— суреттегендей:
|В "Хакім жерден топырақ алып барды,
Біруыстап сүйекке шаша салды. Шй Ана басы сылц етіп жерге түсіп,
^^ Сүйек басы жоғары шығып қалды
■ II
- Бүл - адам көз сүйегі, - деді ханға.
Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр көзіне күм құйылғанда". Осы жауапты естіген патша: "Бекерлік екен менің бүл ісім деп, Қолын алып жұртына қайта көштГ.
Поэма мазмұны қысқаша осылай баяндалады. Шығарманың Абай танымы әлемін айқындаудағы рөлі де өзіне көңіл бөлуді талап ететіндей. Жаңа материалдар мен ізденістер негізінде Абайдың "Ескендір" поэмасының сюжеттік түп төркінін табуды мақсат еткен белгілі ғалым С.Қасқабасов поэма мазмұнын ежелгі дәуірдің аса құнды жазба ескерткіштерінің бірі - "Талмуд" кітабымен байланыстыра қарастырады. Ғалым Абай "Ескендірінің желісін" Талмудтың XIX ғасырдағы орысша аудармасымен салыстыра келіп, көптеген сәйкестік табады, Ақынның сюжетке енгізген бір өзгерісі - поэманың басында Ескендірдің әкесін, тұрған жері мен патшалығын көрсетуі және Ескендірдің ұстазы Аристотельді енгізуі - дейді ғалым [164,2366.].
Сонымен, "Ескендір" поэмасы мен Талмуд әңгімесінің желісінде ұқсастықтар мол болып шығады. Шығармадан алынған кез келген үзіндіден үндестік табуға болады. Мысалы, ... "Дали ему черепную кость. Придя в свое қарство, Александр положил на одну чашу весов кость, а на другую все серебро
и золото, бывшее при нем. Перевешивал кость Эта кость, - ответили
мудреқы, орбита человеческого глаза, ненасытного в жадности своей" [164,2316.]. Сонымен, "Ескендір" поэмасының сюжеттік негізі - көне заманның ескерткіші Талмудтағы мысал-әңгіме. Ол Батыс-Европа арқылы орыс әдебиетіне, одан Абайға жеткен. Абай Жуковский өлеңін, Талмудтың өзін, сондай-ақ Македония мен Ескендірге қатысты тарихи еңбектерді шығармашылықпен пайдаланғандығы жөнінде өзінің ғылыми тұжырымдарын білдірген. Белгілі әдебиеттанушы ғалым С.Қасқабасов одан әрі былайша ой қорытады: "Шығыста Фирдоуси, Низами, Джами, Науаи; Батыста Лампрехт, Ламберу, Бериэ, Шатильонский, Шамиссо; ал Ресейде Жуковский жырлаған "Ескендір" Абайды да қызықтырған. Сөйтіп, ол әлемдік "Ескендірнамаға" өзіндік үлес қосқан" [164,224-2376.].
Абайдың тілдік тұлғасының қалыптасуында өзіндік орны бар шығарма жайлы келесі дерек те аса құнды болып табылады. Ал әдебиетші Т.Әлімқұлв өзінің "Жұмбақ жан" атты еңбегінде Абай танымының тереңдігін былайша сараптайды: "Абай оқыған Дрэпердің "История умственного развития Европы" атты кітабында осы Ескендір, яғни Александр Македонский туралы недәуір мағлүматтар келтіреді", - деп сарындас, үндес біршама деректерді алға тартады. Соның бірін дастанның басталуынан аңғаруға болады: "Этот искатель приключений, осуществляя намерение отқа своего Филиппа, начал свое выступление с крайне ничтожными средствами" деп жазса, Абай: "Филипп патша баласы ер көңілді, мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен" деп сипаттайды [183,896.].
Әрине, Абай Дрэперді толық қайталамайды, бұнда ойшылдық үндестік пен көзқарас ортақтығы басты көрсеткіш екені белгілі. Абайдың ақындық кітапханасы жайлы айтқанда, М.Әуезовтің "Дрэппер - ақын құмарта оқыған білімпаздардың бірінен саналатындығы туралы" пікірін де еске алған орынды. Біз бүл деректерді не себепті келтіріп отырмыз?
Осы мәліметтерден бірқатар ой түюге негіз бар: Танымдық мәні зор осы деректер аетордың білім-білігін, таным тереңдігін байқататын, оның аялық білімін көрсететін құндылықтар қатарында қарастырылады. Ягни, Абай танымының кеңдігі, Батыс пен Шығыс әдебиетін жете меңгергені, Александр Македонский жөніндегі тарихи еңбектерден де хабардар болғаны аныңталады. Тілдік тұлға танымы көрінеді.
Осы дастанды жазудағы мақсат - тек қана қызығушылықтан болмаса керек. Автор аңыз мазмұнын өзінің адамгершілік ұстанымдарына сәйкестендіріп, өзіндік биік парасатын танытады. Дастан мазмұны арқылы бірқатар прагматикалық уәж-себептер жүзеге асады.
Автордың таным әлемі мен тілдік деңгейін айқындайтын келесі бір прецедентті мәтін - мазмұндық желісін шығыс аңызынан алған "Масғұт" дастаны. Осы шығарма арқылы ақын тағы да өзінің гуманистік ойларын жеткізбек болады. Өзінің биік адамгершілікті уағыздар дидактикасын автор имплицитті астармен сынамалап та, ашық та білдіріп отырады. Сөйтіп, шығыстан келген мағыналы ой мазмұнын "шығармашылық шикізат" ретінде өңдеп, өз кэдесіне жаратады. М.Әуезов сөзімен айтқанда, "өзінің дағдылы идеясына қарай пайдаланады: Масғұт - Абай ұғымынша өзі аңсаған "толық" адамға әбден лайық кейіпкер. Өз ортасына үлгі ретінде ұсынған ақылды жас. Прецедент мәтін ретінде алып отырған дастан мазмұны Абай оқырмандарына тегіс таныс екені мәлім: Бағдат шаһарындағы Масғұт деген жігіт үрылар тонап жатқан шалды, арашалап алып қалады. Шал (Қыдыр) ертегісінде оны оңаша тамға алып барып, үш жемістің бірін сыйлыққа ұсынады:
"Ағын жесең, ақылың жаннан асар,
Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар.
Егер де қызыл жеміс алып жесең,
Үрғашыда жан болмас сенен қашар".
Масғұт қызыл жемісті таңдайды. Сөйтіп, Абай ойшыл Масғұт пікірі арқылы өзінің мораль философиясын жаңа түрде шартты мазмұнға байланыстырып ұсынады. Ол туралы М.Әуезов автор болмысын ашатын өте бір шыншыл ойларын білдіреді: "Масғұттың ақ жемісті таңдамай, ақылдан қашуы Абайдың өз басындағы күйге аса жақын. Ол көп айтатын шерлі уайымы бойынша, көп наданның арасындағы бір жалғыздың халін қандай трагедиялык ауыртпалық хал деп отыр. Масғұтқа Абай сол өз басының аянышты күйін айтқызып отыр" [2,188]. Сонымен бірге Масғұт сары жемісті - байлықты таңдамауы да, Абай заманындағы байлық пен дәулет аздырып жүрген байларды сынауы болып шығады. Ал қызыл жемістің мәні адамзаттың асылы - эйелді, яғни мейірім, шапағат иесін бағалауы деп түсініледі.
Автор осы шығарма идеясын тәрбиелік мақсатқа пайдаланады, өзге өлеңдерінде көтерілген ойларын әрі карай жетілдіре түседі. Ақын танымының келесі бір құндылығы дастан оциғасын баяндау барысында тілдік тұлғаның тағы бір концептуалды мәнділігі арқылы ащындала түседі. Мысалы, кесапат жауынның суынан ішкендер түгел жынданады. Есі кеткен жұрт хан мен уәзірге тап береді. Зәресі үшқан екі хакім жауын суынан ішіп, жұртпен бірге жынданады, сөйтіп көпшілікпен тіл табысады. Шығарманың соңы былайша қорытындыланады: "Көптіц бәрі осындай, мисал етсең,
Көп айтты деп алданып, уағда күтсең.
Ғапіл боп көп нәрседен бос қаласың,
Аңдамай көп сөзімен жүріп кетсең". Ендеше көптің өзіне сын көзімен қарау керек деген парасат-пайымды саралай білген жөн. Сөйтіп, дастан мазмұны арқылы саналылыққа, ойлылыққа тәрбиелей отырып: "Көрдің бе, көп тентектің қылған ісін / Еріксіз есті екеуін есер етті", - деген идеялық қорытынды "Жұрт айтса болды, көп айтса көнді, әдеті надан адамның" болмауы үшін білім мен парасатқа жүгінуге шақырады. Өз идеясына бағындырады, жаңа мақсатқа пайдаланады (Осы мәселе "көп" концептісіне байланысты сөз болады).
Гераклит ілімімен үндестік Абай шығармалары мазмұнынан айқын байқалады. Ежелгі грек философиясының атақты философы Гераклит есімі (б.э.д. 520-460 жылдар) философия тарихында әйгілі. Оның идеяларын Платон сынға алса, Аристотель ой-пікірлерімен айтысқа түсті. Гегель оның шығармаларын жан-жақты терең зерттеп, көптеген идеяларын пайдаланды. Атақты неміс ойшылы Ф.Лассоль ол туралы екі томдық еңбек жазды. Әйгілі Ф.Ницше Гераклитті барлық философтардың ішіндегі ең ұлы адам деп есептеді. Гераклит дүниенің түрақсыздығын, оның үнемі қозғалыста, өзерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. Асқан ойшылдың осы көзқарасын Ф.Энгельс: "Дүниеге ең алғашқы, қарапайым, бірақ асылында, дүрыс көзқарас, ерте замандағы грек философиясына тән көзқарас еді, ал барлық нәрсе бар, сонымен қатар жоқ та, өйткені, барлық нәрсе үнемі өзгеріп отырады, барлык нәрсе үнемі туу мен жойылу процесінде болады", - деп аса жоғары бағалаған болатын.
Әрине, өмірде мәңгілік ештеңе жоқ, бәрі өзгереді, бәрі жаңғырады, -деген түйін - тек қана Гераклитті емес адамзат атаулының бәрін толғанткан мәселе.
¥лы ойшылдың, Абайдың, баянсыз өмір, өмір - ағын, дүние - соцқан жел сияқты диалектикалық заңдылыққа құрылған философиялық түйіндерп концептуалды талдау барысында Гераклит ілімімен сабақтастыра қаралады.
228
Әрине, Абай ақын дүниенің концептуалды бейнесін өзінің логикалық-прагматикалық танымына негіздей отырып, ақиқат дүниені өзіндік тәсілмен, өзіндік қабылдаумен объектілендіреді. "Баянсыз" концептісі. Өмірдің өтпелі, бәрінің баянсыздығына Абай шығармасы дискурсында мынадай байлам-түйін жасалады. "Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлыққа құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ" ... деген ой Жиырмасыншы Қарасөзінің орталық өзегіне айналған. Ал өлеңдеріндегі осы эмпирикалық таным былайша концептуализақияға түседі:
1. Өмірде бәрі өзгереді, бірқалыпта ештеңе тұрмас: Өсімдік дүниесі, табиғат өзгереді (ол - адам өмірінің символы ретінде қабылданады):
Тоты құс түсті көбелек, Жаз сайларда гулемек,
Бэйшешек солмақ, күйремек, I Көбелек өлмек, сиремек (302).
2. Уақыт, мезгіл өзгереді: Ақын Абай ол заңдылықтан да түйін түйеді. а) Қарашада өмір тұр,
Тоцтатсаң, тоқсан көнер ме, Арттағы майда көңіл жүр, Жалынсаң, қайтып келер ме? (201). ә) Ол күндер - өткен күнмен бәрі бір бэс, Келер, кетер, артына түк қалдырмас. (265).
б) Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған. (265).
в) Бір минут - бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тагдыр жоқ, қайта келмек. (253).
г) Ой артынан ой қуар
Желге мінсең, жеткізбес (284).
3. Адам қуаты да қайтады; бірақ "талайғы кәрі дүниенің, бір кетігін ұстап бақ".
а) Жалыны қайтар дененің,
Үнемі тұрмас осы шақ (167); ә) Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,
От азайса, әр істің бәрі тайғақ (306).
4. Жас мөлшерінде де түрақтылық жоқ; сол себепті де, "распен таласпа ойла, айттым, адамдық атын жойма" - дейді.
а) Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпты түра алмасқа (288). э) Балалық өлді, білдің бе? / Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті көрдің бе? / Кәрілікке көндің бе?
...Баяндыдан сөндің бе, / Баянсызға төндің бе? (222). б) Сұм дүние тонап жатыр ісің бар ма?
Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? (279).
5. Тірлік - баянсыз; алайда "арттағыға сөзің мен ісің қалса, өлсең де, өлмегенмен боласың тең".
а) Тірлік арты өлмек-ті (227). ә) Адамзат - бүгін адам, ертең топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ, (292).
б) Бір минут - бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тагдыр жоқ, қайта келмек (253).
в) Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек (44).
г) Өмір, дүние дегенің - ағып жатқан су екен (182). 6. Барша дүние өзгереді. Соған көз жеткіз, "шын илан да, таза ойла бір
анды". Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес (303).
Абай өз дискурсы арқылы, ондағы семиотикалық таңба, сема мәні арқылы өмірдің өтпелі екендігін еске сала бергендегі негізгі себеп не? Бүдан шығар қорытынды прагматикалық қандай? 1) "Баянды сөніп, Баянсызға төнетін Іақыт келмей қоймайтындығын білдіре отырып, Өлмек үшін, туғансың, ойла, шырақ",- деп саналылыққа шақырады. 2) Атымыз адам болған соң, Адам болып щалу керектігін үнемі естен шығармауды мегзейді. 3)Бәрі өзгерсе де, Алла мен Лдамгершілік (Адамдық) мэңгі тірі, асқақ. Бәріне осы Биіктен қарауға үндейді. Белгілі мән жайды тағы да қайталап отырған себебіміз - Абайдың (тілдік тұлғаның) таным әлемі лингвокогнитивтік талдау үшін қажетті нысан екендігіне ой екпінін түсіру.
Гераклиттің диалектикалық көзқарасы дүние үнемі қозғалыста, жгерісте, дамуда болады деген тұжырыммен ғана шектелмейді.
Мұндай тұжырым - ол кезде де, қазірде де айтыла береді. Мәселе
тасқада: Гераклит қарама-қарсылықтардың бір-бірінен ажырамайтынын, бірін-
Крі толықтыратынын, біріне-бірі алмасатынын, бірі жойылса, екіншісі де
коғалатынын айқындап берді, - деген пікір-пайымда [191,426.] Гераклит
іімінің ең маңызды, құнды бөлігіне баса мән берілген деп есептейміз.
Ірецедентті мәтіндегі біз қарастырып отырған осы пайым-парасаттың
^ррін де Абайдың ой әлемінен табамыз.
Бүкіл тіршілік атаулының өзгермелі, түрақсыздығы Абай өлеңдері мен Орасөздерінде үздіксіз желі болып тартылады. Ойшыл ақынның қай Еығармасының болсын мәтін семантикасында "өмір, дүние дегенің ағып ■атқан сумен тең" екендігі имплицитті де эксплицитті де тәсілдермен беріледі.
Тұрақсыздық семасы негізгі ой арқауына айналып, кей өлеңінде тұтастай Хағаттың шықылдағы емес ермек", "Тоты құс түсті көбелек", "Алланың өзі де (■с. сөзі де рас", т.б.), кейбірінде өзге де мәселелер астарына кірігіп кетеді. "Жапырағы қуарған ескі үмітпен", "Есіңде бар ма жас күнің", "Өлсе өлер ■биғат" т.б.).
Абай Жиырмасыншы Қарасөзінде "Дүние бір қалыпты тұрмайды. Әрбір
икұлыққа Құдай бір қалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді қайдан көңіл бір
рлыпта түра алады?", - деп өмір заңына бағынғандай шырай танытады.
ііайда адам мінезіндегі тұрақсыздықтың бүл құбылыстардан (дүниенің
гермелілігінен) мән-мазмұны мүлде бөлек. Абай ұстанымы, Абай кредосы
ан басқа қырынан келеді. "Тұрақсыздық" концептісі Абайдың тілдік
ріғасында әр қырынан алынған. Оның бірі өмір заңы, табиги заңдылық болса,
юі бірі адам мінезіндегі, қоғамдық өмірдегі байлаусыздық, тұрақсыздық
. тесі. Олардың берілу тәсілі де сан алуан.
Біздіңше, Жамандық пен жақсылық, даналық пен надандық, адамдық пен жттік, ізгілік пен зымияндық мәңгі-бақи біріге өмір сүретіндігіне мысал іздеп катудың өзі артық. Бұдан екі жарым мың жылдай бұрын Гераклит қарама-варсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтінін дәлелдеп шықты [191, 416.]. \байдың тілдік тұлғасында өмірдің осы философиялық мәніне ден қойылады және олар өзіне тән тезаурустар көмегімен беріледі. Осы айтылған ойлар "оғысын Абайдың "Жұмбақ" деген шығармасынан табамыз:
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр,
Кезек-кезек жығысып жатып-түрып
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.
Шешуі:
Мұны тапсам, ойланып, ақын деңіз,
Таба алмасам, ақылды болар неміз?
Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жүп,
Жақсылық пен жамандық - болды сегіз (178).
Мұндағы курсивпен берілген сөздердің астары прагмастилистикалық лкен ойды танытады. Қайшылыққа толы өмірде кейбіреу құлға айналса да, -^амның адам болып қалуы - "кезек жығылар" өмір заңында жақсылықты ^аянды етудің бір амалы ғана. Өмір қайшылығы, Гераклит көрсеткеніндей, шәңгі-бақи бітіспес құбылыс екендігі Абай қолданысында баяғыдан соғысып іеген лексема көмегімен беріледі. Ал бірін-бірі толықтыратыны - кезек-кезек, ^атып-түрып деген тіркестер семантикасының астарында жасырынған.
Абай тілдік тұлғасындағы осы бинарлық жүптар дүние бейнесіндегі орама-қайшылықтың (қарама-қарсылықтың емес) тілдік суретін беруге қызмет еткен. Түркі әлеміндегі лингвистикалық, когнитивтік байланысты дәлелдейтін ікпарат көздері арқылы оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Сонау көне іүркі ескерткіштер тілінде де бинарлық жіктеліс айқын аңғарылады. Мүмкін алардың бәрі бірдей Абай тіліндегідей толықтай символдық ауыспалы мәнге ие ?ола қоймаған шығар.
Жоғары әлем Көк пен төменгі әлем Жердің символдық оппозицияға ійналуы түркілердің мифтік дүние танымы бойынша дәлелденген түсінік болса, Абайдағы қыс пен жаз, күн мен түн, жүп пен тақ, жақсылық пен жамандық :ияқты бинарлы жүптардың лексика-семантикалық сипаты өмір : илософиясын анықтауға, "баянсыз дүние" концептісінің мәнін танытуға негіз "олады. Ал бұндай танымның негізі Көне түркілердің этностық дүниетанымнан-ақ бастау алғаны мәлім. "Үстіңнен тэңірі баспаса, астыңда жер інырылмаса, түркі халқын, ел-жұртын кім кұртады", - деген ойлар өмір мәніне оойлаудан туғаны хақ. Көне түркі тіліндегі лексикалық оппозициялардың бір-бірімен тығыз сабақтастықта дамып, жүйелі кешенге айналғаны жайлы зерттеуші ғалым М.Ескеева еңбегінде жан-жақты баяндалған [192,3606.]. Уақытқа байланысты оппозиция: жаз *-*■ қыс, күн *-> түн, сапа-қасиетке 5айланысты оппозиция: жақсы +-* жаман, мөлшер-санға байланысты оппозиция: тақ <-* жүп. Бұлар - Абай ақын танымымен, оның дүние
кұбылыстарын пайымдай алуымен байланысты мағыналық дамуға түскен лексемалар.
Абай-Сократ пікірлеріндегі сабақтастық.
Көне грек философиясының атасы Сократ есімі Абай дискурсында бірнеше рет кездеседі. Абай Он жетінші, Жиырма жетінші Қарасөзінде және "Әбдірахман өлген соц өзіне айтқан жұбатуында" ойына арқау, тұжырымына түйін ретінде алады. Сонымен қатар, Қарасөздерінің жазылу мәнерінен, сұхбаттаса отырып, шындық жолын іздеу тәсілінен Сократ ықпалын аңғарғандай боламыз.
Абайдың тілдік тұлғасы дискурсында Сократ есімінің қолданылу мотиві мына мәселелерді шешумен байланысты анықталады:
1. Абай Сократ ілімімен таныс болды ма? Бүл сүраққа жауап берерде философия тарихы тұрғысынан философ-ғалым дәрежесінде сөз алуды мақсат етпейміз. Өз міндетімізге қатысты лингвокогнитивтік деңгейде (тілдегі көркемдегіш құралдар функқиясы мен ішкі форманың бірлігін) саралай келіп, шығарма мазмұнында Сократ ықпалы байқала ма, ой үндестігі қаншалықты - сол тұрғыда ғана сөз етпекпіз.
2. Абай дискурсының лингвокогнитивті деңгейінде Абай - Сократ арақатынасы қалай көрінеді?
Аталған мәселелерді шешу үшін оған жалғас мына сүрақтарға жауап алынуы тиіс:
Абай Қарасөздерінің жазылу стиліне Сократ ықпалы қандай дәрежеде?
Абай Қарасөздерінің Сократ диалоғымен үндестігі бар ма?
Абай өлеңдерінде Сократ іліміне ортақ ойлар бар ма?
Ой үндестігіне қатысты алғанда мына мәселелер төңірегінде: а) адамның өзін-өзі тануы; ә) білім мәні; б) басқа да пікірлерде көзқарас ортақтығы қаншалықты байқалатындығы анықталу керек.
Осы аталған мәселелер бойынша тілдік талдауымызды Абай шығармалары тілінің танымдық деңгейіне орайластыра жүргіземіз.
Сократ аты 1895 жылдар шамасында ең бірінші рет Абайдың "туысы жаннан бөлек, ғылымға көңілі зерек" баласы "Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жүбатуында" аталады:
Аплатон, Сократ ақылды, / Қанарман, Ғали білекті.
Өз зақымша үцсаттым / Берген құдай тілекті.А - деген жолдарда "мұқым қазақ баласы тегіс ақыл сүраған", "ғылым іздеп, жатпаған", "жаңаның басы" Әбдірахманды Сократтай ақылды - деп сипаттайды. Оның прагматикалық мәні: осы мәтіннен-ақ Платон, Сократтарды жай ғана теңеу ретінде емес, елге белгілі есімдей ескеріп отырғанына шэк келтірмейміз, әрі үміт еткен баласының "тұла бойы толған" білімін бағалаудан туған салыстыру деп ұғамыз.
Абай Сократтың өмірдерегімен таныс болған ба? Тілдік тұлғаның когнитивтік деңгейі қалай анықталады?
Сократ есімі Абайдық Отыз жетінші Қарасөзінде тағы ауызға алынады. Сократтың сот үкіміне байланысты у ішіп өлгені жайлы білген Абай былай дейді: Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға
іскан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - көп, ендеше, шпте ақыл жоқ. Ебін тап та жөнге сал (37 Қарасөзінде).
Абай қандай негізге сүйеніп отыр? Сократ ақиқатты айтатыны үшін сот -сімімен жазаға кесіліп, ар-ождан соты емес, үр да жық азғын топтың құрбаны "олады. Адам өзінің рухани биіктігі үшін, ізгі ойлары үшін де жазаға тартылуы мүмкін екенін, әрі сол ойларын қорғау жолында өлім ноқтасын киюге дейін ^ара алатынын Сократ өз өмірімен дәлелдейді. Ол туралы Платонның "Апология Сократа" деген еңбегінен (Платон. Сочинения в трех томах. Том 1. Лод общ. ред. А.Ф.Лосева и В.Ф. Асмуса. Пер. с древнегреч. М., Мысль, 1968. -?23 стр.) толық мәлмет аламыз. "... Это я говорю не всем вам, а тем, которые осудили меня на смерть. А еще вот что хочу я сказать этим самым людям: быть может, вы думаете, афиняне, что я осужден потому, что у меня не хватило таких доводов... . Совсем нет. Не хватить-то у меня, правда, что не хватило, только не доводов, а дерзости и бесстыдства и желания говорить вам то, что вам всего приятнее было бы слышать. ... Избегнуть смерти нетрудно, афиняне, а вот что гораздо труднее - это избегнуть испорченности: она настиғает стремительней смерти..." [193,1096.].
Философ-ғалым А.Ф.Лосев "Сократтың әлеуметтік-саяси идеясы. Сократ Тұлғасы" деген зерттеуінде мына пікірді білдіреді: "Сократ антикалық философия тарихының жаңа дәуірін ашты. Ол адам өмірін, ақыл-ойын философияның негізгі мәселесі етіп қояды. Даналық - адамның ең баға жетпес касиеті. Білім - адамның ішкі рухани дүниесімен байланысты ізгілік. Білімнің көзі - адамның іс-әрекетінде", - деген ойлары қоғамдық қатынаста қайшылық туғызады. Бұрын болып көрмеген бұндай сыншыл критицизм ат төбеліндей билеуші топқа қорқыныш ұялатты. Оны "түсінбеген" кейбір сатқын "достары" мен ортадан бөлінген "көпшілік" Сократтан құтылудың амалымен жала жауып, каралайды: "Жастарды жат қылыққа тәрбиелейді, қоғамдық құрылысқа қарсы тұрады, әрі дінсіз, тіпті өзінше құдай ойлап тапты", - деген жаламен сотқа тартады [193,4956.]. Сократтың өмірдерегіне қатысты осы және басқа да мәлметтермен Абайдық жақсы қаруланғаны автор өлеңдерінің, қарасөздерінің мазмұны мен идеясынан аның байқалады. Нақты дәлелдер арқылы лингвокогнитивті талдау жасау барысында бүл тұжырымның дэйектілігіне көз жеткізуді мақсат түттық. Кемел білім иесі - Абай нақты білген дерекке тағы бір сілтеме жасауды жөн көрдік.(Ол дереккөзін қалай тапты, орыс әлде шығыс мәдени құндылықтары негізінде ме, немесе басқа да жолмен қол жеткізді ме? (Біз мәселенің бүл қырын қарастыруды емес, лингвистикалық талдаудың негізгі мақсат-міндетіне қатысты талдама жасауды ғана міндет етіп қойдық).
Абай Қарасөздері мен Сократ диалоғындағы ой үндестігі. Жиырма жетінші Қарасөз.
Абайдың бүл Қарасөзінің мазмұны Сократ пен Гиппий арасындағы сұхбатпен сарындас келеді. Көне Греқиядағы Пелопоннес өңірінің батысында Әлида жерінде дүниеге келген әйгілі софист ғалым Гиппий атымен аталған, бүл "Гиппий Больший" диалоғы Платон шығармашылығының II кезеңіне (389-387 ж.) түспа-түс келеді. Сократ идеясын жетілдіруші, ой-пікір тереңдігі мен қабілет-қарымын байқатқан Платон бүл кезде диалектикалық ойлау әдісін
ңгеріп те қалған болатын. Сұхбаттағы идеялар оның алдындағы Ион алоғындағы зерделі ойлардың заңды жалғасы болып табылады [193,5226.].
Батыс ойшылының осы сұхбаттарымен танысу барысында қазақ ғамындағы ой-пікірмен қаншалықты үндесетініне көз жеткізуге болады.
Абайдың 27-Қарасөзі Сократ Хакимнің сөзі деген анықтамамен беріліп, жраттың Аристодем деген ғалым шәкірті арасындағы сұхбат түрінде өрбиді. )з мазмұнына зер салып оқығанда Платонның "Болыпий Гиппий" атты іалоғымен сарындас екендігі байқалды. Екі ойшылдың ой-пікірлеріндегі өте ;сас, ортақ танымды аңғарамыз. Екі сұхбатты салыстыра қарағанда тшетаным мен көзқарас бірлігіне көз жеткізгендей болдық. Салыстыра қарап •релік. Бүл Жиырма жетінші сөзді Сократтан тікелей аударма деген >зқарас болғанына қарамастан, шығармашылық еңбек деп қараймыз.
Абай: (Жиырма жетінші Қарасөз Сократ Хакимнің сөзі):
- Әй, Аристодем, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері бепті адам таңырқауға лайықты? - деді.
Ол айтты:
-Толып жатыр, қазірет. - Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге оагедиясы себепті, ягни біреудің сипатына түспектік, Зеексиске суретшілігі ■бепті таңырқаймын - деп ....
Енді Абай Қарасөзіндегі ой сабақтастығы Сократ диалоғында қалай фінгеніне көңіл аударсақ:
Сократ (Платон. I том. Гиппий Болыпий.
- Смотрика: если бы мы назвали прекрасным то, что заставляет нас щоваться, - допустим, не все удовольствия, а то, что радует нас через слух и >ение, как бы мы тогда стали спорить? Дело в том, Гиппий, что и прекрасные оди, и всякие пестрые украшения, и картины, и изваяния радуют наш взор, :ли они прекрасны. И прекрасные звуки, и все мусические искусства, и речи, и іссказы производят то же самое действие, так что если мы ответим тому грзкому человеку: "Дорогой мой, прекрасное - это приятное благодаря слуху зрению".
Бүл дискурста Сократ пестрые украшения и картины, изваяния деп алған эминативті аталымдар Абай қолданысында оны жасампаз етуші суретші гвксис әрекеті ретінде беріледі, Сократта: прекрасные звуки, мусические гкусства, иречи; Абайда: Гомер бәйітшілігі, Софокл трагедиясы деп оларды ^ниеге әкелуші иелерінің атымен нақты аталған. Сократ: "радуют наш взор,\-гсе, Абай қуанып қана қоймай, оған қоса таңырқайтынын жасырғысы глмейді, сөйтіп ойға ой қосып, кеңейтеді.
Екі ойшылдың ой жарысына әрі қарай куэ болсақ: Абай Жиырма жетінші драсөзінде:
- Жә, пайдалы нәрсе дүниеде көп, бірінің пайдасы көрініп, білініп тұрады. Ъйбірінің пайдасы анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет көресің? - дейді.
- Әрине, эшкере пайдаға бола жаратылғанын хикмет десек керек деймін. Сократ: Таким образом, и прекрасные тела, и прекрасные установления, и
[удрость, и все, о чем мы только что говорили, прекрасно потому, что оно
олезно.
Гиппий: Очевидно.
Сократ: И так, нам кажется, что прекрасное есть полезное, Гиппий... Но ведь полезное это то, что творит благо (173-174).
Сократ өз пікірін: "Әсемдік - пайдалы нәрсе, ол ізгілік тудыруға себепкер. Әсемдік ізгілікті болғандықтан да, барлық жанды-жансызға пайдасын тигізуі керек" - деп сабақтайды.
Ал Абайдың "пайдаға бола жаратылған", "пайдасы көрініп тұрған" дегенді - эсемдік дейді? Яғни әсемдігі көрініп тұрғандықтан да пайдалы дүние болуы тиіс,- деп ұғамыз. Сөйтіп Сократ диалоғындағы ой желісінің сілеміне бағыт түзейміз.
Осы Ғақлияда білмекке ұмтылыс әрі қарай жалғаса түседі.
- Жә, олай болса, адамды жаратушы Хауаси Хамса заһри (сыртқы бес сипат, бес сезім мүшесі - Г.М.) бергенде, тахқиқ ойлап, олардың пайдасының барлығы түгел оған мұқтаж боларлығын біліп бергендігі әшкере түр ғой... Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік. Құлақ болмаса, жақсы үн, күй, ән ешбірінен ләззат ала алмас едік. Мүрын иіс білмесе, жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді...
Сократ: Не правда ли, если приятное благодаря зрению и слуху естъ прекрасное, очевидно, приятное, которое не окажется таким, не будет прекрасным? (177).
Бүл сұхбаттардағы ойлардың бір-бірін қайталауынан Абайдың Сократ -Платон идеясымен жете таныстығын аңғару қиын емес. Ой қайталау дегенді -көңілге қонғанның, көкірек көзімен қабылдаудың нәтижесі ретінде бағалаймыз. Сократтың қолданысындағы приятное лексемасындағы коннотақия Абайда одан әрі тереңдей түседі, одан әрі мағынасының аясын кеңейтіп, лдззат алу деп нақтыланады.
Адамның өзін-өзі тану мәселесі.
Сократ софистер бастап, бірақ аяқтай алмаған адам туралы ілімге назар аударды... Оның ойынша, таным мен философияның негізгі мәселесі адам болу керек. Софизмнің негізін қалаушы аға буын өкілі Протагордың "Адам -дүниедегі барлық заттың өлшемі" деген қағидасын әрі қарай тереңдетті, Дүниені тану, әлемді білу үшін, адам алдымен өзін тануы қажет, - деді. Сократтың "Сен алдымен "өзіңді өзің таны" деген бірінші ұстанымы адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қоюмен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қабылдайтындығына көз жеткіземіз. "Адам өзіне-өзі көп үңілген сайын өзінің рухани дамуының жетімсіздігін аша түседі", - деген Сократ ілімімен Абай ойшылдың мына сыни көзқарасы да үндестік табады.
1. Қарашы, өз бойыңда түгел ме екен, Ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш (298).
Қайырылып қарап байқасам, ат шаба алмас мінімнен (184).
Ойға түстім толғандым /Өз мінімді қолға алдым. Мінезіме көз салдым / Тексеруге ойландым... Бойдағы мінді санасам /Тау тасынан аз емес
Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес,- дей келе, оның себебін де ашады:
Осынша ақымақ болғаным /, Көрінгенге қызықтым,
Ғаділетті жүректің / Әділетін бүзыппын.
Ақыл менен білімнен / Әбден үміт үзіппін. Абай өзіне-өзі, яғни "жан дүниесіне үңіледі. Бұл тұста Сократ прагматикасының мәні тілдік санаға оралады. "Адам өзінің жан-дүниесін жан-жақты зерттеп тануы керек", - деген Сократ тұжырымының айғағындай болып, Абай дискурсындағы бойына қарау, ойға түсіп, толғану, мінезіне көз салу, жүрегін байқау, қайрылып қарау" сияқты прагматикондар (зерттеу әрекеттерін танытатын белгілер) екі ойшылдың ой үндестігін танытса керек.
"Көп" концептісінің мәні. Абайдың Отыз жетінші Қарасөзі Сократ есімі колданылуына байланысты және сонымен тікелей сабақтас "көп" концептісінің колданылуына қатысты талданады. Абай Отыз жетінші Қарасөзінде: "Көпте акыл жоқ, ебін тап та жөнге сал", - дейді. Оның себебі не? Қазақ ұлттық дүниетанымында "Көпке топырақ шашпа!" деген императив ойлар бар емес пе? Абай дискурсында көп лексемасы өзінің денотат мағынасының үстіне коннотақиялық реңк қосып, метафоралы қолданысқа түскен мәнмәтіннен шығар қорытынды: Көп дегеніміз - халықтың өзі емес, бір бүтін халықтан бөлек шыққан, топтанған көпшілік. Абай өзі екпін түсіре айтқандай, "Көптің бәрі көп деме, көп те бөлек", яғни көптен (халықтан) бөлінген көп - бүтіннің бөлшегі ғана, "өңкей нөл единиқа болса ғана" мәнді емес пе? "Көпте ақыл жоқ", - деп күйінгенде автор идеясы "Сократтай дана да - көп наданның күрбаны болды. Дана мен даналықты ажырата алмаған көптен қауіптену, одан сақтану керек!" - деген ұстанымға бағыттайды. Абайдың тілдік тұлғасындағы ~көп"-тің жағымсыз мәні Қарасөзінен басқа өлеңдерінде, поэмаларында концептуалды мән иеленгенін байқаймыз? Төмендегі мәнмәтіндерден де осы ойларды ұққандай боламыз.
Көптің бәрі көп деме, көп те бөлек. (266)
Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды, / Әдеті надан адамның (117).
Таппадым көмек өзіме, Көп наданмен алысып, Көнбеді ешкім сөзіме, / әдетіне қарысып (176)
Сенбе жұртқа, түрса да қанша мақтап, / Әуре етеді ішіне қулық сақтап «267).
Жау жабылса, бүзылмас жан көрмедім, / Артық жолдас таппадым -татулықтан.
"Масғұт" поэмасында кесапат жауын жауып, соның суын ішкендер ■ғынданады. Ақылдан адастыратын жаңбырдың суын көппен бірге ішкен хан иен уәзір де сондай күйге түсіп, елмен тіл табысады: "Көрдің бе, көп тентектің қылған ісін? /Еріксіз есті екеуін есер еттГ деген түйін жасалады.
Бүдан шығар қорытынды: Адамды тани білу керек және өз білімің ігхылы, яғни (кісілік өлшемімен) сол көптің білімін (білерлігін) сараптай білу керек. Көп айтса көне беріп, "ақыл сенбей сенбеңіз". Талғаусыз сене беру де -■-ідандық, білімсіздік. Ал білімсіздер жиналса, қатары көбеюі мүмкін. Ол көп -Сіуіпті болмақ...
Абай шығармасындағы тәрбиелік-когнитиетік маңыз иеленген прецедентті есім - Платон (Абайда Аплатон) - ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті. Абай осы ойшылдың пікір-пайымдарымен белгілі бір дәрежеде таныс болған. Ақын шығармаларында прецедент мәтін ретінде алынған тұстары бар. "Бүл дүниеден небір дана мен данышпан да өткен, тек ақыл мен адамдық қасиет қана баянды болмақ" деген ұстанымдағы ақын -баласы Әбдірахман қазасына байланысты өзіне айтқан жүбатуында Аплатон, Сократтай ақылдыларды да, інісі Оспанды да алған бүл өлім, "тәуба қылмақ керек-ті" - деп өмірдің баянсыздығын мойындатып, ақыл мен білімнің үстемдігін көрсетеді.
Түйіндей келгенде, Абай шығармасындағы прецедентті есімдер қатарына шығыс поэзиясы өкілдері: Физули, Шәмси, Сәйхали, Хожа-Хафиз; батыс ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель; орыс жазушылары Салтыков, Толстой және "Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы" деген Сөзіндегі бірқатар прецедентті атаулар алынған. Мысалы, "Ғылым таппай мақтанба" өлеңіндегі "Мұны жазған білген құл, Ғұламаһи Дауани" деген жолдар арқылы XI ғасырдағы шығыс ойшылдарының бірі Ғұламаһи Дауани мен оның атақты "Жалали этикасына" бағдар сілтеген Абай танымына куэ боламыз.
Сонымен бірге, Абай 17, 27 Қарасөзінде және Әбдірахман қазасына байланысты айтқан жоқтауда Сократ есімін таным нысаны етіп алады. "Ескендір" поэмасындағы Александр Македонский, Аристотель сынды прецедентті феномендердің концептуалды мәнін ашуды ниет еттік. Прецедент мәтіннің тағы бір практикалық құндылығы мынада: Ақын шығармашылығының эстетикалық, философиялық мазмұнындағы осы прецедентті есімдердің когнитивті-прагматикалық уәжі көрсетілді. Сонымен қатар, Абай өлеңінің кейіпкерлері, нақты өмірде болған өз тұстасы, замандастары да прецеденттік есім қатарында алынды. Әрине, бұлар Сократ, Аристотель сияқты прецеденттік феномен (құбылыс) емес, бірақ прецедентті антропоним есімдер.
Абай өз халқына өзге елдің даналарын танытуды мақсат етеді. Тарихи-географиялық ортасы - жат әрі алыс болса да, ойшылдар дүние танымында үндестік болған, ол жағдай ұлттық мәдениетті дамытуға өзіндік үлес қоса алады. Прецедентті мәтіннің (есімдердің) рөлі зор: олар автордың идеялық-эстетикалық танымын, білім аясын көрсетеді; шығармашылығы арқылы жаңа тың поэтикалық образ сомдауға ықпал етеді. "Күлембай, Көжекбай т.б. есімдер ақын өмір сүрген қоғамдық әлеуметтік ортаның жай-күйінен ақпарат жеткізуші, сипаттаушы кодтық мән иеленген. Көркем шығарма мәтініндегі әрбір прецедентті атау "өзінің шығу тегіне" қатысты алғанда сол тілдік ұжым туралы тарихи-мәдени ақпарат беретін дереккөз қызметін атқарады. Абай шығармаларында олар, негізінен, мәтін ішіндегі, яғни шығарма мәтінінің мазмұнына қатысты кездесетін есімдер болып анықталады. Зерттеу еңбектерінде бұндай атаулар: ұлттық прецедентті; универсалды прецедентті және нақты бір әлеуметтік топ үшін мәні зор прецедент есімдерге жіктеледі дедік. Біз соңғы үшінші тоща Күлембай, Дүтбай сияцты кейіпкерлерді жатқызамыз. Олар қоғамның бір мүшесі бола отырып, авторға қоғамның әлеуметтік жагдайынан сөз қозғауға түрткі болады, "көмектеседГ. Прецеденттік антропонимдер: қасиетті пірлер мен әулиелер, тарихта болған тұлғалар, ел аузындағы есімдер және әдеби мәтіндегі кейіпкерлер т.б. деп бөлінетіні белгілі. Осы соңғы топтағы Мырқымбай (Б.Майлин), Судыр Ахмет (Ә.Нұрпейісов) сияқты кейіпкерлер прецеденттік антропонимдер қатарында қарастырылып жүр. Олай болса, Абай шығармаларындағы Әбдірахман, Күлембай, Дүтбай есімдерін де (прецеденттік деуге) қоғамдағы мәдени-әлеуметтік факторлар көрінісі деп бағалауға негіз бар деп есептейміз, өйткені "әрбір әлеуметтік топта болатын мәдени ерекшеліктер тілде бағаланбай қалмайды" дейді С.А.Плетнева. Ғалым пікірін біз өз көзқарасымызға қатысты пайдаланғанды жөн көрдік. Ал тілдің сөздік құрамы қоғамның материалдық және рухани мәдениетін айқындап беретіні және белгілі. Олай болса, бүл кейіпкерлер - Абай заманындағы қоғам шындығын ашуға септесетін типтік бейнелер, тіптен, шынайы өмірдегі реалды образдар. Осы тұста "антропонимдердің әлеуметтенуі" деген термин мәнін де еске алған жөн.
Тіл мен мәдениет сабақтастығында көрініс тапқан, этномәдени мазмұны бар мұндай есімдер кейбір оқырман не тыңдаушының оны білу-білмеуіне байланысты қабылданбау керек сияқты. Абай тәрізді классик қазақта көп емес, оның әр шығармасының, ондағы әр кейіпкерінің құндылығы - барша ұлтқа ортақ. Әбдірахман дегенде, жан-жақты толысқан, білімге ынтық образды, ал Күлембай, Дүтбай дегенде заманының қулығын бойына жиған, атқамінер, жағымпаз болыстың кейпін ұғып, түсінеріміз белгілі. Біздіңше, қазақ әдебиеті үшін бүл есімдер прецедентті есім қызметін айқын атқара алады.
Өзінің мәні тұрғысынан алып қарағанда әрбір көркем шығарма антропоцентристік сипат иеленеді деуге болады, өйткені ол 1) адам қиялы мен ақыл-ойының туындысы бола отырып, 2) тағы да сол адам болмысына, адам рухына арналады, сонымен бірге, 3) адам көңіл бөліп, көзтастар ой орталығына айналады.
¥лы Абай адамтанудың көркемсөздегі өрнегін салып, үлгісін қалыптастырды. Оған дәлел - "іші алтын, сырты күміс" шығармалары, сөз патшасы - өлеңдері мен сара сөздеріндегі адам мәселесі ("өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы". Жалпы көркем әдебиеттегі - адам мәселесі өз бастауын кайдан алады? - деген сүраққа жауап беру - бүгінгі лингвокогнитивті талдау өзегіне айналуда. Ал ұлы ақын Абай шығармаларындағы адам болмысы туралы ойлары ежелгі дәуір ойшылдарымен үндесетіндігіне Абайдың тілдік тұлғасы дискурсын зерделегенде көз жеткізуге болады.
