Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

24.6. Бас айналуды шеттетуге арналған заттар

Бетагистина дигидрохлорид

(Betahistine)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 8 мг, 16 мг, 24 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Меньера ауруы мен синдромы (сонымен қатар құлақтың шулауы және естудің бұзылуы), әртүрлі генезді вестибулярлы бастың айналуы (вертебробазилярлы жетіспеушілік, жарақаттан кейінгі энцефалопатия, бас ми тамырларының атеросклерозы, вестибулярлы неврит, лабиринтит, нейрохирургиялық операциялардан кейінгі қатерсіз позиционды бастың айналуы). Ішке, 8–16 мг-нан тәулігіне 3 реттен. Мөлшері мен мен қабылдау ұзақтығы жеке талданады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, пептиттік жаралардың белсенді фазасында, бронхиальды демікпе, феохромоцитома, жүктілік (I үшайында), жас балаларға.

Сақтандыру.

Препаратты қолдану туралы адекваттық және қатаң бақыланылатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

АІЖ жара аурулары (анамнезенде), жүктілік (II және III үшайында), емшекпен емізу.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Асқазан-ішек бұзылыстары (жүректің айнуы, құсу, эпигастрий тұсындағы ауырсыну сезімі), бас ауруы, аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, қышыну және б.).

Саудаға тіркелген атауы: Вестибо, Бетасерк.

24.7 Лекарственные средства, применяемые для лечения синдрома нарушенного внимания и гиперактивности детей

МЕТИЛФЕНИДАТ

(Methylphenidatum)

Шығарылу түрі.

Әсері ұзақ босатылатын таблеткалар 18 мг, 36 мг, 54 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жоғары белсенді көңіл қою бұзылысының синдромы, нарколепсия, депрессия. Балалар  6 жастан, жоғары белсенді көңіл қою синдром бұзылысында: бастапқы мөлшер 300 мкг/кг немесе 2,5—5 мг тәулігіне 2 реттен (таңертенгі астың және түскі тамақтың алдында), қажет жағдайда мөлшерін 100 мкг/кг/тәу немесе 5-10 мг/тәу жоғарлатады арасы 1 апта; ұстап тұрушы мөлшер 0,5—1 мг/кг/тәу; ең жоғарғы мөлшер 2 мг/кг/тәу немесе 60 мг/сут.

Ересектер, нарколепсия: 10 мг 2—3 реттен тәулігіне, ең жоғарғы мөлшер 60 мг/тәу.

Кері көрсеткіштері

Ұйқының қашуында кері көрсетілген, тамырлардың склерозында, стенокардия, гипертиреозда, айқын жүдегенде, психикалық қозуда.

Сақтандыру.

Препаратты қолданғандағы адекваттық және қатаң бақыланылатын қауіпсіздігі туралы клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Саудаға тіркелген атауы: Концерта

25. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар

Демікпе – бронхтардың гиперреактивтілігімен байланысты, тыныс жолдарының қайтымды обструкция эпизодымен сипатталатын, созылмалы қабыну ауруы. Жіктелуі, емнің басындағы аурудың ауырлығына және аурудың күшеюіне, науқасты алып жүруде қабылданатын шешімнің маңыздылығына байланысты. Ауырлық дәрежесіне байланысты демікпе интермиттирленген, жеңіл персистирленген, шамалы персистирленген және ауыр персистирленген болып бөлінеді. Бұл науқастарға емді жүргізуге ыңғайлы, себебі емдеу тепшелік жолмен жақындауға негізделген, оны бастар алдында алдымен науқаспен талқылау керек.

Демікпе кезінде дәрілік препараттарды әр түрлі жолмен енгізуге болады, ингаляциялық, пероральды және парентеральды (тері астына, бұлшық етке немесе көк тамырға). Ингаляциялық жолмен тыныс алу жолдарына тікелей дәрілердің жоғары құнарлығын жеткізуде, жоғары тиімділік және тез жүйелік жанама әсерлерінің азаюы негізгі ерекшелігі болып келеді. Ингаляциялық енгізу жолдары бета2-агонистерге және кортикостероидтарға тиімді болып саналады. Ингаляциялық жолмен енгізу мүмкіндіктері болмаған кезде, пероральды жолмен енгізу қолданылады. Ингаляциялық жолмен салыстырғанда, дәріні ішке қолданғанда жүйелік жанама әсерлер жиі дамиды. Демікпе кезіндегі ішке қолданылатын дәрілерге, бета2-агонисттері, кортикостероидтар және теофиллин жатады. Бұларға жататын бета2-агонисттер, кортикостероидтар және аминофиллин сияқты дәрілер, ауыр демікпе кезінде небулайзер арқылы енгізу тиімсіз немесе ыңғайсыз кезде инъекция жолымен енгізілу мүмкін.

СОӨА негізгі симптоматикалық емдеуіне бронхолитиктер жатады. Созылмалы обструктивті өкпе аурулары кезінде бета2-адренорецепторлардың агонистерін ингаляциялық жолмен қолдану тиімді, қажеттілігіне байланысты қолдану, немесе ауыр тыныс жолдарының обструктиві кезінде – ингаляциялық антихолинергиялық (антимускаринді) бронходилататорлар немесе қажетк кезде аналарды да басқаларды қолдану. Ингаляциялық ем тиімдірек. СОӨА барлық сатысында қажет: тәуекел факторын алып тастау, жыл сайын тұмауға қарсы вакцинаны егу және қажет жағдайда қысқа әсерлі бронходилататорларды қолдану. Антихолинергиялық препараттар аталған ауруды емдеуде талдамды заттар болып саналады: ипратропия бромид. Қысқа әсерлі бета2-агонисттерді СОӨА кезінде монотеравпия ретінде жиі қолдану ұсынылмайды. Ипратропия бромиді мен фенотерола гидробромидінің біріктірілуі тиімді болып саналады.

Қазіргі кезде созылмалы обструктивті өкпе ауруларында кортикостероидтардың ролі толығымен белгісіз. Ингаляциялық кортикостероидтардың үлкен мөлшерімен емдеу немесе кортикостероидтарды ішке қолдану науқастардағы шамалы тыныс жолдарының обструкциясының қайтымды дәрежесін және демікпе диагнозының верификациясын анықтау үшін ұсынады. Оттегімен ұзақ емдеу кейбір науқастардың созылмалы обструктивті өкпе ауруларымен өмірін ұзартады.

САЛЬБУТАМОЛ

SALBUTAMOL

Шығарылу түрі.

Аэрозоль 100 мкг/мөлшері, ингалятор, енумен белсендірілетін 100 мкг/мөлшер, таблетка, капсула 4 мг, 8 мг, небулайзер үшін ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бронхтың тарылуы, бронхиальды демікпемен байланысты (емдеу және алдын алу шаралары). Бронхтың тарылуы, физикалық күш түсу арқылы болған (алдын алу шаралары). Бронхтың тарылуы, созылмалы бронхитпен байланысты (алдын алу шаралары мен емі). Бронхтың тарылуы, өкпе эмфиземасымен байланысты (алдын алу шаралары мен емдеу). Бронхтың тарылуы,СОӨА байланысты (емдеу және алдын алу шаралары).

Жедел бронхтың тарылуын шеттету, аэрозолмен ингаляция, ересектерге 100–200 мкг (1–2 дем алу); балаларға 100 мкг (1 рет дем алу), қажет жағдайда 200 мкг жоғарлату (2 дем алу);. Физикалық күш түскенде бронх тарылуының алдын алу шараларында, аэрозолмен ингаляция, ересектерге 200 мкг (2 дем алу); балаларға 100 мкг (1 дем алу), 200 мкг дейін жоғарлату (2 дем алу) қажет жағдайда. Созылмалы демікпе (тепшекті емге қосымша ретінде), аэрозолмен ингаляция, ересектерге 100–200 мкг (1–2 дем алу) күніне 3–4 ретке дейін; балаларға 100 мкг (1 дем алу) күніне 3–4 рет, 200 мкг дейін жоғарлату (2 дем алу) қажет жағдайда күніне 3–4 реттен. Созылмалы демікпе (ингаляция тиімсіз кезде), ішке, ересектерге 2–4 мг күніне 3 немесе 4 реттен; кейбір науқастарға ең жоғарғы мөлшерде 8 мг күніне 3 немесе 4 реттен; балаларға 2 жасқа дейін 100 мкг/кг күніне 4 реттен, 2–6 жасқа  – 1–2 мг күніне 3–4 реттен, 6–12 жасқа дейін – 2 мг 3–4 реттен күніне. Ауыр жедел демікпе немесе созылмалы бронхтың тарылуы, жәй емге бағынбайтын, ерітіндінің ингаляциясы небулайзер арқылы, ересектерге және балаларға 18 айдан үлкен 2,5 мг, күніне 4 реттен қайталау; қажет жағдайда 5 мг дейін жоғарлатуға болады, бара-бар ем тағайындау мүмкіндіктерін бағалау; балаларға 18 айға дейін – клиникалық тиімділігі анықталынбаған (ауыспалы гипоксемия болуы мүмкін – оттегіні енгізуді қарастыру). Ингаляцияға арналған ұнтақ: ересектерге дискалы ингалятордың көмегімен енгізеді (циклохалера). Ұстаманы шеттету үшін – бір рет; бронхтың тарылуын шеттету үшін – тәулігіне 3–4 реттен. Бір реттік мөлшері – 200–400 мкг. Тәуліктік мөлшер – 0,8–1 мг; қажет жағдайларда мөлшерін 1,2–1,6 мгжоғарлатуға болады.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық, жүрек жетіспеушілігі, тахиаритмия, миокардит, жүрек ақаулары, аортальды стеноз, декомпенсирленген қантты диабет, феохромоцитома, глаукома, бауыр және/немесе бүйрек жетіспеушілігі.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

ЖИА, гипертиреоз, артериальды гипертензия, QT-ара қашықтығының ұлғаю бейімділігі, жүктілік; емшекпен емізу; қант диабеті. Сальбутамолдың жиі қолданылуы бронхтың тарылуына, күтпеген өлімге әкелуі мүмкін, сол себепті дәрінің кезекті келесі мөлшерін қолдану арасын бірнеше сағатқа (6 ч) ұзарту керек.

Әрекеттесуі: 1қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Үлкен мөлшерлерді енгізгеннен кейінгі болатын гипокалиемия; аритмия, тахикардия, шеткі вазоди­лата­ция, ұсақ дірілдеулер (көбінесе қолдың), тырысулар, бастың ауруы, ұйқының қашуы, балаларда тәртібінің бұзылуы; жоғары сезімталдық реакциясы, парадоксальды бронхтың тарылуын қоса, уртикария және ангионевротикалық ісінулер; бұлшық етке енгізгенде шамалы ауырсыну болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Вентолин, Саламол Эко, Сальбутамол, Сальтос, Сальгим.

САЛМЕТЕРОЛ

SALMETEROL

Шығарылу түрі.

Ингаляцияға арналған аэрозоль 25 мкг/мөлшер.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бронхиальды демікпе (ұзақ емдеу)А. Бронхиальды демікпе түнгі ұстамаларменА Созылмалы обструктивті өкпе ауруыА. Ересектерге: 50 мкг әр 12 сағат сайын ингаляция жасау, қажет жағдайда тәулігіне 100 мкг 2 ретке дейін қолданады. Физикалық күш түсумен немесе аллергеннің әсерінен болатын бронхоспастикалық синдром: 50 мкг ингаляция жасау 30–60 мин болжанған күш түсудің алдында. 4 жастан үлкен балаларға – 25–50 мкг күніне 2 реттен. Тәулігіне 2 реттен 12–15 сағаттық ара қашықтықпен қолдану керек.

Бронх тарылуының алдын алу шаралары мен емдеу үшін. БД ұстамаларын шеттету үшін қолданбау керек. БД асқынуы кезінде тағайындамайды. Сальметеролды қолданған кезде глюкокортикоидтармен емдеуді доғармау, глюкокортикоидтардың мөлшерін төмендетпейді.

Бронхоспастикалық синдром, физикалық күш түсумен байланыстыВ немесе аллергеннің әсерінен болатын. Ингаляция 50 мкг күш түсер алдында 30-60 мин бұрын.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жас балалар 4 жасқа дейін.

Сақтандыру

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

Тиреотоксикоз, аритмия, ЖИА, артериальды гипертензия, әр түрлі генезді гипоксия, феохромоцитома, жүктілік, емшекпен емізу.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өте ма жоқ па белгізсіз.

Жанама әсерлері

Жиі: тахикардия, бастың ауруы, күйгелектену, дірілдеу. Сирек: бастың айналуы, ұйқының қашуы, тершеңдік, жүректің айнуы/құсу, ауыз қуысының немесе тамақтың құрғауы немесе тітіркенуі, жөтел, ауыз дәмінің өзгеруі. Сирек: аритмия, көкірек қуысында ыңғайсыздықтардың болуы, гипокалиемия, зәр бөлу кезінде қиындау немесе ауырсыну, парадоксальды бронхтың тарылуы,  аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Серевент.

АМИНОФИЛЛИН

AMINOPHYLLINE

Аминофиллин - тұрақты қоспа немесе теофиллин мен этилендиаминнің қоспасы; этилендиамин суда жақсы ериді.

Шығарылу түрі.

Егуге арналған ерітінді 2,4%.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бронхтың тарылуын емдеу бронхиальды демікпе кезінде. Бронхтың тарылуын емдеу, созылмалы бронхитпен, эмфиземамен немесе өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен байланысты. Аминофиллинді бұлшық етке егуге болмайды, себебі еккен жерде препараттың жиналуы байқалып, қатты ауырсынуға және баяу сіңірілуіне әкеледі. Көк тамырға енгізу баяу жүргізіледі, енгізу жылдамдығы 25 мг/минутынан аспау керек. Жүктеме мөлшер – осы кезеңде теофиллинді препараттарды қолбанбайтын науқастарға – к/т 5 мг/кг (кг нағыз дене салмағы, майсыз есептегенде) бір реттік, 20-30 минут алдын; теофиллинді препараттарды осы кезеңде қолданатын науқастарға, қандағы теофиллин құнарлығын анықтау қажет, әр 0,5 мг препарат 1 кг массаға қанның сары суына 1 мкг/мл құнарлықты құрайды. Терапиялық құнарлықтың диапазоны – 5-15 мкг/мл. ұстап тұрушы мөлшер: жас темекі тартушыларға – к/т 700 мкг/кг 1 сағат ішінде; темекі тартпайтындарға – 400 мкг/кг 1 сағат ішінде; егде жастағылар мен бауыр қызметі бұзылғандарға – 200 мкг/кг 1 сағат ішінде. 1-9 жасқа дейінгі балаларға – к/т инфузия ретінде 800 мкг/кг 1 сағат ішінде; 9-16 жасқа дейін – 700 мкг/кг 1 сағат ішінде.

Жаңа туылған нәрестелердегі тынысты белсендіру (нәрестелердегі апноэ). К/т 5 мг/кг 20-30 минут ішінде. Ұстап тұрушы мөлшер: постнатальды жастағы шала туылған балаларға 24 тәуліктен төмен - к/т 1 мг/кг әр 12 сағатта; постнатальды жастағы 24 апта және үлкен – к/т 1,5 мг/кг әр 12 сағатта.

Дипиридамолдың улы әсерін емдеу - к/т 5 мг/кг (кг таза дене салмағы, майсыз есептегенде) бір реттік, 20-30 минут алдын.

Кері көрсеткіштері.

Ксантин және этилендиамин туындыларына жоғары сезімталдық, порфирия, өкпе ісінуі, геморрагиялық инсульт, көз торшасының қанталауы, қояншық.

Сақтандыру.

Теофиллинді қолданғанда (сонымен қатар аминофиллинді) қандағы теофиллиннің құнарлық дәрежесін мониторинг жасау, тиімді мөлшерді талдау тәртібіне жатқызады. Теофиллинді ішке қолданатын науқастарға (немесе аминофиллинді), аминофиллинді көк тамырға егуге тағайындайды, тек плазмадағы теофиллин құнарлығын анықтау мүмкіндіктерінде ғана мөлшерді талдау.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

Тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, ауыр бауыр және бүйрек жетіспеушілігі, жоғары тырысу дайындығы, тахиаритмия, бақыланбайтын гипотиреоз, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, гастоэзофагальды рефлюкс, анамнезіндегі жуырда болған қан кетулер, ауыр артериальды гипер және гипотензия, ИГСС, инфаркт миокардының жедел фазасы, жүктілік, емшекпен емізу кезеңінде, ұзақ жоғары дене қызуы, сепсис, гастриттің асқынуы.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С.

Емшекпен емізу: енгізілген мөлшердің 1% төс сүтіне өтеді, ол емізулі балалардағы жоғары қозуды туғызады.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы және басқа да асқазан ішек жолдарындағы бұзылыстар, мазасыздану, қобалжу, дірілдеу, жүректің соғуы, бастың ауруы, ұйқының қашуы, бастың айналуы; тырысулар, аритмия және гипотензия – әсіресе көк тамырға тез енгізгенде; уртикария, этилендиаминге жоғары сезімталдық нәтижесі ретінде эритема және эксфолиативті дерматит (аминофиллин құрамы).

Мөлшерден тыс. Мөлшерден тыс қолдану негізгі жүрек аритмиясының дамуы мен тырысулармен болатын ауыру мен өлім тәуекелімен жүреді. Симптомдары: ұзақ немесе қатты іштің ауруы, ажитация, естің шатасуынемесе мінез-құлқының өзгеруі, іштің өтуі, қан құсу, гипотензия, метаболиттік ацидоз, ұзақ дірілдеу, тырысулар, тахикардия. Симптоматикалық және демеуші ем.

Саудаға тіркелген атауы: Эуфиллин.

ТЕОФИЛЛИН

THEOPHYLLINE

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, капсулалар 100 мг, 200 мг, 300 мг, таблеткалар, капсулалар ретард 350 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бронхтың тарылуымен жүретін өкпе мен жоғары тыныс алу жолдарының аурулары: бронхиальды демікпе, СОӨА. Ұсынылған мөлшерді орта статистикалық науқастарға қолдану ретіндегі нұсқауланған. Мөлшерді әр науқасқа жеке клиникалық реакцияларының ерекшеліктеріне және қандағы теофиллин құнарлығының денгейінің тұратылығына сәйкес түзету арқылы түзету. Ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға, 100–200 мг күніне 3–4 реттен тамақтан соң; ішке (таблетка немесе капсула ретард түрінде) ересектерге 300–450 мг әр 12 сағатта. Түнгі демікпе, ішке (таблетка немесе капсула ретард түрінде), ересектерге барлық тәуліктік мөлшер, қажеттілік сәйкестік, бір реттен түнде.

Осы кезеңде теофиллин препаратын қолданбайтын науқастарға – 5 мг/кг 1 кг дене салмағына майсыз есептегенде (нағыз дене салмағы) бір реттен қандағы орта құнарлыкөрсеткішті қамтамас ету үшін 10 мкг/мл. Осы кезеңде теофиллин препараттарын қолданатын науқастарға теофиллин құнарлығының деңгейін қанда анықтау және күштеме мөлшер есебіне бағдарлағанда, әр 0,5 мг теофиллинге 1 кг дене салмағына 1 мкг/мл деңгейінің жоғарлауына әкеледі. Ұстап тұрушы мөлшер: бастапқы 300 мг/тәулігіне, 3 тәуліктен кейін – 400 мг/тәулігіне жоғарлату, кейін 600 мг/тәулігіне дейін, 600 мг/тәулігіне мөлшерді тек фармакокинетика бақылауымен ғана жоғарлатады.

Кері көрсеткіштері

Порфирия; жоғары сезімталдық, геморрагиялық инсульт, көз торшасының қанталауы.

Сақтандыру.

Теофиллинді қолданғанда тиімді мөлшер тәртібін талдау үшін қандағы теофиллин құнарлығының деңгейін мониторинг жасау қажет.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

Тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, ауыр бауыр және бүйрек жетіспеушілігі, жоғары тырысу дайындығы, тахиаритмия, бақыланбайтын гипотиреоз, асқазан мен ұлтабар жара аурулары, гастоэзофагальды рефлюкс, анамнезінде жуыра болған қан кетулер, ауыр артериальды гипер және гипотензия, ИГСС, миокард инфарктының жедел фазасы, жүктілік, емшекпен емізу кезеңінде, ұзақ дене қызуының жоғарлауында, сепсис, гастриттің асқыну.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С.

Емшепен емізу: енгізілген мөлшердің 1% төс сүтіне өтеді, ол емізулі балалардағы жоғары қозуды туғызады.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы және басқа да асқазан ішек жолдарының бұзылыстары, мазасыздану, қобалжу, дірілдеу, жүректің соғуы, бастың ауруы, ұйқының қашуы, бастың айналуы; тырысулар, аритмия және гипотензия.

Мөлшерден тыс. Мөлшерден тыс қолдану негізгі жүрек аритмиясының дамуы мен тырысулармен болатын ауыру мен өлім тәуекелімен жүреді. Симптомдары: ұзақ немесе қатты іштің ауруы, ажитация, естің шатасуынемесе мінез-құлқының өзгеруі, іштің өтуі, қан құсу, гипотензия, метаболиттік ацидоз, ұзақ дірілдеу, тырысулар, тахикардия. Симптоматикалық және демеуші ем.

Саудаға тіркелген атауы: Теотард, Теофил.

БЕКЛОМЕТАЗОН

BECLOMETHAZONE

Шығарылу түрі. Ингаляция жасауға арналған аэрозоль (ингалятор қысыммен), беклометазон дипропионат 50, 100  мкг/мөлшері, мөлшерленетін ингалятор (стандарты ингалятор); 250 мкг/мөлшер, мөлшерлейтін ингалятор (жоғары мөлшерлі ингалятор). [ӘДҰ ұсынылған]. Ингаляцияға арналған капсула ұнтақпен 200, 400 мкг/мөлшер. Беклометазон дипропионат ЭКО «Жеңіл тыныс», тыныс алумен белсендіріледі 100 мкг/мөлшер, мөлшерленетін ингалятор (стандарты ингалятор); 250 мкг/мөлшер, мөлшерленетін ингалятор (жоғары мөлшерлі ингалятор) спейсермен бірге «Optimizer» (көлемі 50 мл). «Жеңіл тыныс» ингаляторды 6 жастан үлкен балаларға қолдануға болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бронхиальды демікпе (емдеу).

Стандарты ингалятор, ересектерге 200 мкг күніне екі реттен немесе 100 мкг күніне 3–4 реттен (өте ауыр жағдайларда, бастапқыда күніне 600–800 мкг); балаларға 50–100 мкг күніне 2–4 реттен немесе екі реттен күніне 100–200 мкг. Жоғары мөлшерлі ингалятор, ересектерге 500 мкг күніне екі реттен немесе 250 мкг 4 реттен күніне; қажет жағдайда мөлшерін күніне 500 мкг 4 ретке дейін жоғарлатуға болады; балаларға қолданбайды. Беклометазон дипропионата ЭКО «Жеңіл тынысты» қолданғанда ингаляциялық кортикостероидтардың тәуліктік мөлшерін, стандарты ингалятордың көмегімен қолданылатын беклометазон дипропионаттың тәуліктік мөлшерімен салыстырғанда 2 есеге төмендетеді.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық, 4 жасқа дейінгі жас балаларға, жоғары тыныс алу жолдарының кандидозы, ЖРА, көздің ұшықтық зақымдалуы, демікпелі статус.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек: остеопороз, туберкулез.

Ұзақ ем қолданған балалар бойының өсуін монитор жасау – бойының өсуі баяуланғанда емді қайта қарастыру керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С.

Жүктілік кезінде клиникалық көрсеткіштер бойынша ингаляциялық кортикостероидтардың қолданылуы, нашар бақыланатын демікпеде ана үшін жоғары тәуекел және ұрықтың гипоксиясын туғызады. Егер жүктілікке дейін қолданғанда тиімді болса, жүктілік кезде ұстап тұрушы мөлшерде тағайындайды.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Орофарингеальды кандидоз (кандидозды стоматит немесе ауыз қуысының уылуы), жөтел, ауыз қуысының құрғауы және дисфония (көбінесе тек жоғары мөлшерде 1-10%), сирек эзофагальды кандидоз; қанталаудың пайда болуы, шаршаудың жоғарлауы, әлсіздік, ұйқының қашуы, дене салмағынығ жоғарлауы, балалар мен жас өспірімдерде өсуінің баяулауы, сүйек метаболизмнің бұзылуы, остеопороз, глаукома және катаракта (жоғары мөлшерде, бірақ сирек, кортикостероидтарды жүйелік енгізуге қарағанда); парадоксальды бронхтың тарылуы – емді доғару керек және бара-бар ем тағайындау (жеңіл жағдайларда бета2 –адренорецепторлардың аганистерімен алдын алу шараларын жүргізуге болады немесе аэрозолмен ингаляция жасауды ұнтақпен ингаляция жасауға ауыстырады); өте сирек – бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінде.

Саудаға тіркелген атауы: Бекламетазон.

ФЛУТИКАЗОН

FLUTICASONE

Шығарылу түрі.

Ингаляцияға арналған аэрозоль, 50 мкг/мөлшер 120 мөлшер, 125 мкг 60 мөлшер, 250 мкг 60 мөлшер.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бронхиальды демікпе. Негізгі ем 100-1000 мкг/тәулігінеА. Жүйелік глюкокортикоидтардың мөлшерін төмендету немесе оларды доғару – 2000 мкг/тәуА. Аэрозолмен ингаляция: ересектерге, жеңіл ем күніне 100–250 мкг 2 реттен; орта дәрежелі ауырлықта күніне 250–500 мкг 2 реттен; ауыр барыста күніне 500–1000 мкг 2 реттен. Ұнтақпен ингаляция: тәулігіне 88–440 мкг 2 реттен; БД емдегенде тиімділігі болмағанда бастапқы мөлшер 88 мкг жоғары дайындауға болады. Алдын жүйелік кортикостероидтарды қабылдаған науқастарға тәулігіне – 880 мкг 2 реттен тағайындайды. Емнен кейін 1 аптаға дейін жүйелік кортикостероидтардың мөлшерін төмендетеді. Жоғары мөлшер: алдын ингаляциялық кортикостероидтарды қабылдаған науқастарға 880 мкг; 1660 мкг — алдын жүйелік кортикостероидтарды қабылдаған науқастарға. 4 жастан үлкен балаларға 50–100 мкг 2 реттен күніне. 1–4 жасқа дейінгі балалар үшін – күніне 100 мкг 2 реттен. Жасы кіші балаларға жоғары мөлшер қажет, жасы үлкен балалармен салыстырғанда (ингаляциялық енгізу кезінде препараттың қиын өтуіне байланысты – бронх саңылауының тар болуына, спейсердің қолданылуы, жасы кіші балаларда мұрынмен дем алу күштірек). Ауыр бронхиальды демікпемен ауыратын кіші жастағы балаларға ингалятор көмегімен спейсер арқылы бетпердемен береді (мысалы «Бэбихалер»).

Созылмалы обструктивті өкпе ауруы - 500 мкг 2 рет қабылдауғаВ.

Аллергиялық ринит - 100 мкг әр мұрын қуысына 1 реттен тәулігіне. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер – 200 мкг әр мұрын қуысынаА .

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық, 4 жасқа дейінгі балаларға, жоғары тыныс жолдарының кандидозы, ЖРА, көздің ұшықпен зақымдалуы, демікпелік статус.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

остеопороз, туберкулез.

Ұзақ ем қолданған балалар бойының өсуін монитор жасау – бойының өсуі баяуланғанда емді қайта қарастыру керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Ингаляциялық енгізу. Ауыз қуысының және тамақтың кандидозы (мөлшерге тәуелді әсер 1-11%), мұрынның бітелуі (4-16%), ринит (1-9%) тамақтың жыбырлауы (6-14%),  синусит (3-10%), жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы (14-22%), бронхит (1-8%) дисфония (мөлшерге тәуелді әсер 1-8%), жөтел (1-5%), әлсіздік, бастың ауруы (2-22%), қызба, ұйқының қашуы, іштің өтуі. Сирек: конъюнктивит, мұрыннан қан кету, отит, тонзиллит, түшкіру, диспноэ, эпигастальды аймақтағы жайсыздық, гастроэнтерит, колит, жүректің айнуы және/немесе құсу, қынаптың кандидозы, вульвовагинит, дисменорея, бастың айналуы, бастың сақинасы, буындардың ауруы, бұлшық еттердің ауруы, дерматит.  Сирек: Кушинга синдромы, глаукома, катаракта, қозу, депрессия, экхимозы, қышыма, парадоксальды бронхтың тарылуы, аллергиялық реакциялар, бүйрек үсті безі қызметінің тежелуі және остеопороз 750 мкг/тәулігіне жоғары болғанда, балаларда бойының өсуінің баяулауы (200 мкг/тәу – бойының өсуінің жылына 0,43 см тоқталуы). Интраназальды енгізу. Жиі: құрғақтық, күйдіру, мұрыннан қан кету, жөтел, демікпе симптомы, бастың ауруы, жүректің айнуы/құсу. Сирек: ринорея, қызба, бронхит, бастың айналуы, іштің ауруы, іштің өтуі. Сирек: ауыз қуысының және тамақтың кандидозы.

Саудаға тіркелген атауы: Назарел, Фликсоназе, Фликсотид.

ИПРАТРОПИЯ БРОМИД

IPRATROPIUM BROMIDE

Шығырылу түрі.

Ингаляцияға арналған аэрозоль (ингалятор қысыммен), ипратропия бромид 20 мкг, мөлшерлеуші ингалятор. Ингаляцияға арналған капсулалар ұнтақпен 40 мкг/мөлшер. Ингаляцияға арналған ерітінді 250 мг/мл.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Созылмалы обструктивті өкпе ауруыА.

Бронхиальды демікпеВ (жеңіл және орта дәрежелі ауырлық),әсіресе жүрек қан тамырлар ауруларымен бірге жүреті.

Аэрозолмен ингаляция, ересектерге 20–40 мкг, емнің басында 80 мкг бірекей мөлшерде, күніне 3–4 рет; балаларға 6 жасқа дейін 20 мкг күніне 3 реттен, 6–12 жасқа 20–40 мкг 3 реттен күніне. Ингаляцияға арналған ерітінді: ересектерге СОӨА – 250–500 мкг, демікпеде – 500 мкг күніне 3–4 реттен. Балаларға 5 жастан 12 жасқа дейін – 125–250 мкг күніне 3–4 реттен.

Созылмалы ринит гиперсекрецияменВ 2-3 мөлшерден әр мұрын қуыстарына 3 реттен күніне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік (I үш айда).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

Аталық безінің қатерсіз гиперплазиясы; жүктілік; глаукома (стандарты мөлшерлер кәдімгі жағдайларда қауіпсіз; небулайзер арқалы қолданғанда глаукома туралы хабарлар бар, әсіресе небулайзер арқылы сальбутамолмен біріктіргенде), жас балаларға (6 жасқа дейін – ингаляцияға арналған, 5 жасқа дейін – ингаляцияға арналған ерітінді).

Әрекеттесуі: 1қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ

Жанама әсерлері.

Жөтел, ауыздың құғауы (7,4-10,3%), жағымсыз дәмнің болуы; сирек – бронхтың тарылуы, зәрдің ұсталуы, іштің қатуы, қақырық тұтқырлығының жоғарлауы, мұрын бітелуінің күшеюі, жабық бұрышты глаукоманың асқынуы, құлақтың шулауы, бастың айналуы, тершеңдік, дірілдеу.

Саудаға тіркелген атауы: Иправент.

ФЕНОТЕРОЛ

FENOTEROL

Шығарылу түрі.

Мөлшерленген аэрозоль (препараттың 1 мөлшері 0,1 мг – 100 мкг белсенді заттардан тұрады). Ингаляцияға арналған ұнтақ 0.2 мг капсулада. Таблеткалар 5 мг. Инфузияға арналған концентрат (1 мл‑50 мкг белсенді заттар).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бронхообструктивті синдромның алдын алу шаралары мен шеттетуі: бронхиальды демікпе, созылмалы бронхитте (сонымен қатар, эмфиземамен асқыну), балалардағы спастикалық бронхитте, бронх өкпе аурулар (силикоз, бронхоэктаздар, туберкулез). Ересектерде және 6 жастан үлкен балалардағы өткір тұншығу ұстамаларын шеттету үшін бір реттік мөлшерде 0,2 мг – 1 немесе 2 ингаляция тағайындайды. Егер бір ингаляция тұншығу ұстамаларын шеттетпесе, онда 5 минуттан кейін қайталау керек. Келесі препараттың тағайындалуы З сағаттан артық болмауы керек. Тұншығу ұстамаларының алдын алу шаралары үшін ересектерге 0.2 мг – тәулігіне 3 реттен, 6 жастан үлкен балаларға тәулігіне ‑ 2 реттен. Балаларға 4 жастан 6 жасқа дейін тәулігіне 0.1 г 4 реттен тағайындайды. Қолдану жиілігі барлық жастағы науқастарға тәулігіне 4‑реттен аспауы керек.

Аэрозолды препараттарды енгізер алдында дайындау (антибиотиктер, муколитикалық заттар, глюкокортикостероидтар және т.б.). Сыртқы тыныс алу қызметіне бронходилатациялық тесттер жүргізу кезінде. 1 ингаляция – 100 мкг.

Ерте босану қаупінде, өздігінен түсік қаупінде. Босану барысының дискоординациясы, іштегі ұрықтың гипоксиясы, шұғыл акушерлік жағдайлар (кіндіктің түсуі, жатырдың жарылу қаупі және т.б.); жедел көрсеткіштер кезінде жатырдың босансу қажеттілігі (кесар тілігі). Токолитикалық заттар ретінде қолданғанда мөлшерлеу тәртібін клиникалық жағдайларды ескеріп тағайындайды. Алдын ала араластырылғаннан кейін, препаратты к/т инфузиялы тамшы үшін (нұсқайға сәйкес), 0.5‑3 мкг/минут жылдамдықпен енгізеді. Толық токолитикалық ықпалға қол жеткізгеннен кейін, препаратты ішке бастапқы мөлшерде 5 мг әр 3‑6 сағат сайын тағайындайды, тәуліктік мөлшер – 20 ‑ 40 мг. Препараттың бірінші таблеткасын енгізуді доғарар алдында 15‑30 минут бұрын тағайындайды. Жатырдың қажеті тыныштығында препарат мөлшерін тәулігіне 15­20 мг төмендетуге болады. Препаратты к/т енгізу үшін концентрат ретінде қолданғанда (1 мл/25 мкг), нұсқауға сәйкес алдын ала араластырғаннан кейін, ерітіндіні баяу жылдамдықпен 10 мкг/минутына жатырдың жиырылуын тежегенге дейін.

Кері көсеткіштері

Препаратқа жоғары сезімталдық; айқын тахикардия, қарынша экстрасистолиясы, қарынша дірілдеуі, гипокалиемия, WPW синдромы, миокард инфарктының жедел кезеңі, жүрек пен тамырлардың айқын орнаникалық өзгерістерінің аурулары. Тиреотоксикоз. Митральды қақпақшаның ақауы үшін, идиопатиялық гипертрофиялық субаортальды стенозы (жүйелік қолдану үшін), толық көктамырларың жаншылу синдромы, жабық бұрышты глаукома. Жүктілік, әсіресе III үшайында (ингаляциялық енгізу үшін). Ауыр жатырдан қан кетулер (қалыпты орналасқан бала жолдасының уақытынан бұрын сыдырлуы, бала жолдасының жатуы), жатыр ішінің инфекциясы.

Сақтандыру.

Идиопатиялық гипертрофиялық субаортальды стеноз бен гипертиреоз кезінде ингаляция түрінде сақтықпен қолданады. Фенотеролдың тәуліктік жиынтық мөлшерін 12 артық аэрозолды тынысқа жоғарлату қосымша терапиялық әсер туғызбайды. Сонымен қатар, препаратты мөлшерден тыс қолдану қайтымсыз бронхтың обструкциясының дамуына әкеледі. Балалар аэрозолмен тек ересектердің қадағалауымен ғана қолдануы керек. Фенотеролды жүйелік қолданғанда үнемі ағзада су тепе тендігінің жағдайын бақылау қажет. К/т енгізуді науқастың бір жағына жатқызу арқылы жүзеге асырады, ЭКГ, АҚ, тамыр соғуын бақылайды (қолданар алдында, қолданған кезде және енгізгеннен кейін), ұрықтың ЖСЖ.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

Артериальды гипо‑ немесе гипертонии, ішектің атониясы, гипокалиемия, сонымен қатар глюкокортикоидтармен біріктіргенде. Ентікпе, стенокардия, жүрек жетіспеушілігінің белгілері дамыған кезде препаратты қолдануды доғарады. Қант диабеті кезінде емдеу барысында қандағы глюкоза деңгейін үнемі бақылап отыру керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В.

Емшекпен емізу: төс сұтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Мазасыздану, тершеңдік, дірілдеу, жүректің соғуы, бастың айналуы, жүректің айнуы, құсу, сирек – диастолиялық АҚ төмендеуі, қандағы глюкоза құнарлығының жоғарлауы, ішек перистальтикасының тежелуі.

Саудаға тіркелген атауы: Беротек.

АМБРОКСОЛ

(AMBROXOL) Шығарылу түрі.

Таблетка 30 мг, егуге арналған ерітінді 15мг/2мл ампулада, шәрбет 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл, ерітінді 7,5/1 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Тұтқыр қақырықтың бөлінуімен жүретін тыныс жолдарының жедел және созылмалы аурулары (бронхообструктивті синдромды созылмалы бронхит,бронхиальды демікпе, кеңірдекшенің кеңейе ауруы). Жаңа туылған және шала туылған нәрестелердегі респираторлы дистресс-синдромы. Ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға ішке — 30 мг 2–3 реттен/тәу. 5–12 жастағы балаларға — 15 мг 2–3 реттен/тәу, 2–5 жастағы балаларға — 7.5 мг 3 реттен тәулігіне, 2-жасқа дейінгі балаларға — 7.5 мг 2 реттен тәулігіне. Парентеральды (б/е, к/т немесе т/а) ересектерге — 15 мг, ал ауыр жағдайларда — 30 мг 2–3 реттен тәулігіне; балаларға — 1.2–1.6 мг/кг 3 реттен/тәу. ингаляция түрінде ересектерге және балаларға 5 жастан үлкен — 15–22.5 мг 1–2 реттен тәулігіне. Тәулігіне 1 реттен артық ингаляция жасау мүмкіндіктері болмаған жағдайларда препаратты қосымша ішке қолдану керек. Шала туылған және жас нәрестелердегі респираторлы дистресс-синдромын емдеу үшін амброксолды к/т немесе б/е 10 мг/кг/тәу мөлшерде, 3–4 енгізуге бөліп тағайындайды, бұл мөлшер қажетті жағдайда біртіндеп 30 мг/кг/тәу жоғарлатады.

Кері көрсеткіштері.

Асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, әр түрлі этиологиялық тырысулар, жүктіліктің I үшайында, амброксолға жоғары сезімталдық.

Сақтандыру Амброксолды шәрбет ретінде қант диабетімен ауыратын науқастарға тағайындауға болады. Бронхиальды демікпемен ауыратын науқастарда, тыныс жолдарының өзгеше тітіркенуін және олардың тарылуын болдырмау үшін, амброксолды қолданар алдында бронхолитиктерді тағайындау керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: жүктіліктің I үшайында кері көрсетілген. Жүктіліктің II және III үшайында қолдану қажеттілігі ана және ұрық үшін емнің пайдасын бағалай білу керек.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді. Қажет жағдайларда лактация кезеңінде амброксолды қолданғанда, емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Тері бөртпелері сияқты аллергиялық реакциялар болуы мүмкін, есекжем, ангионевротикалық ісінулер. Жоғары мөлшерлерді ұзақ қолданғанда — жүректің айнуы, құсу, эпигастральды аймақтың ауырсынуы. К/т енгізгенде көрсетілген симптомдардан басқа, мелшию сезімі, артериальды гипотензия, ентігу, қалтыраумен жүретін дене қызуы.

Саудаға тіркелген атауы: Амбро, Лазолван, Медовент, Медокс, Флавамед, Халисол.

ӨКПЕ СУРФАКТАНТТАРЫ

(PORACTANT ALFA, COLFOSCERIL PALMITAT)

Өкпе сурфактанттарын нәрестелердегі респираторлы дистресс синромын емдеу және алдын алу шаралары үшін қолданады (гиалинді мембраналық ауру).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Дене салмағы 700 г жоғары нәрестелердегі респираторлы дистресс синдромын емдеу үшін. Нәрестелердегі респираторлы дистресс синдромының алдын алу шаралары. Интратрахеальды, бастапқы бір реттік мөлшер 100-200 мкг/кг (1,25-2,5 мл/кг), қайта 1 немесе 2 реттен 100 мг/кг ара қашықтығы 12 сағаттан артық. Ең жоғарғы жалпы мөлшер 300-400 мг/кг.

Кері көрсеткіштері.

Анықталынбаған.

Сақтандыру.

Препаратты жетілген және мамандандырылған дәрігермен қолдану керек. Артериальды қандағы оттегіні мониторинг жасау қажет.

Жанама әсерлері

Өкпеден қан кету (әсіресе өкпенің айқын дамымаған белгілерінде).

Саудаға тіркелген атауы: Сурфактант

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]