Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

6.5.3. Безгекке қарсы дәрілік заттар.

ЕМДЕУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҮШІН.

ХЛОРОХИН

(CHLOROQUINE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ампуладағы ерітінді 5% 5 мл; таблеткалар 250 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Безгекті емдеу және алдын алу шаралары, P.vivax, P.ovale, P.malariae туғызған.

Ересектерге 1-ші күні 1 г және 6 сағаттан кейін 0,5 г; 2-ші және 3-ші күні – 0,5г-нан. Сонымен қатар келесі емдеу кестесін қолданады: 1-ші және 2-1 күндері 1 г-нан 1 қабылдауға, 3-ші күні – 0,5 г. Балаларға: 1 жасқа дейін – 1-ші күні 0,05 г, 2-ші және 3-ші күні – 0,025 г-нан; 1 жастан 6 жасқа дейін – 1-ші күні 0,125 г-нан, 2-ші және 3-ші күні – 0,05 г-нан, 6 жастан 10 жасқа дейін – 1-ші күні 0,25 г; 2-1 және 3-1 күндері – 0,125 г-нан; 10 жастан 15 жасқа дейін – 1-ші күні 0,5 г, 2-ші және 3-ші күні – 0,25 гнан. Алдын алу шаралары: 0,25 г-нан 1 р/аптасына 1 апта алдын ошаққа шығарға дейін, ошақта болған кезең бойы және 4 апта ошақтан оралғаннан соң.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, бүйрек және бауыр жетіспеушілігі, сүйек жегі қан түзілуінің тежелуі, ауыр аритмия, аяқ қақпанының артриті, нейтропения, порфиринурия, жүктілік.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Қан түзілу жүйесінің аурулары, бауыр және/немесе бүйрек қызметінің бұзылуы, қояншық, миастения, АІЖ ауыр аурулары, Г-6ФД жетіспеушілігі, ретинопатия, гепатотоксикалық заттармен бір мезгілде қолдану, тез к/т енгізу (коллапс тәуекелі). Көздің көру қабілеті мен шеткі қан көрсеткіштерін бақылау қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Сақтықпен. Ұрық көзінің тор қабағында жиналуы мүмкін, ототоксикалық болуы мүмкін.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, құсу, бастың айналуы, бастың ауруы, құлақтың шулауы, көрудің бұзылуы, ретинопатия, психоз, тырысулар, лейкопения, бөртпелер, қышынулар, артралгия, депингментация, шаштың түсуі, дерматит.

Саудаға тіркелген атауы: Плаквенил, Делагил.

ПРИМАХИН

(PRIMAQUINE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар (фосфат түрінде) 7,5 мг, 15 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

P.vivax, P.ovale туғызған безгектің қайталануына қарсы емдеуде.

Қайталануға қарсы емдеу үшін: п/о ересектерге 15-27 мг/тәулігіне, балаларға 1 жасқа дейін – 2,25 мг/тәулігіне, 1-2 жасқа – 4,5 мг/тәу, 2-4 жасқа – 6,75 мг/тәу, 4-7 жасқа – 9 мг/тәу, 7-12 жасқа – 13,5 мг/тәу, 12-15 жасқа – 18 мг/тәу 14 тәулік. Г-6-ФД жетіспеушілігінде: ересектерге – 45 мг-нан, балаларға – 500-750 мкг/кг 1 р/аптасына 8 апта.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жедел инфекциялық аурулар (безгектен басқа), гранулоцитопения, ревматизм, қан және қан түзелу жүйесінің аурулары, СБЖ, стенокардия.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Г-6-ФД жетіспеушілігі, бүйрек аурулары, қан кетулер. Шеткі қан көрсеткіштерін және ЭКГ-ны бақылау қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Ұсынылмайды. Ұрықта потенциальды гемолитикалық қаназдық даму тәуекелі бар.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы, жүрек тұсының ауруы, сүйек кемігінің қан түзуінің тежелуі, метгемоглобинемия, гемолитикалық қаназдық, аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Примахин.

ДОКСИЦИКЛИН

(DOXYCYCLINE)

6.2.2 бөлімді қара.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]