Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Қосымша 8 Фармакоэкономика

Фармакоэкономика – клиникалық фармакология, фармация және денсаулық сақтау экономикасының қилысуында пайда болған, салыстырмалы жаңа ғылыми-тәжірибелік бағыт. Фармакоэкономикалық әдістің сараптамалары әртүрлі бағдарламалармен емдегендегі олардың ықпалдары мен құны қатынасына бағалаулар жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі күнде тәжірибеде 4 негізгі клинико-экономикалық сараптама әдісі қолданылады:

  • "шығынның минимизациясы";

  • "шығын-ықпалдылық";

  • "шығын-пайдалық",

  • "шығын-пайда".

Әр көрсетілген әдістер әртүрлі бағалау критерияларына негізделген және нәтижелердің өлшем бірліктері әртүрлі. Сараптама "шығын-ықпалдылық" тікелей есем клиникалық көрсеткіштер түрінде өлшенуі мүмкін (АҚ, гемоглобиннің деңгейі), сонымен қатар «сақталған өмір» көрсеткіші түріндегі клиникалық ықпал бірлігіне келетін шығын есебі.

Осы сараптама түрін жүргізу кезінде әр бара-бар емдеу кестесіне шығын-ықпалдылық қатынасын формула бойынша есептейді:

CEA = DC + IC / Ef

Бұнда:

  • CEA – шығын-ықпалдылық қатынасы (ықпалдылық бірлігіне келетін шығын көрсеткіші);

  • DC – тікелей шығын;

  • IC – тікелей емес шығын;

  • Ef – емнің ықпалдылығы (алынған бірліктегі).

Экономикалық көз қарас бойынша, ықпалдылық бірлігіне аз шығын кету кестесі ыңғайлы.

"Шығынның минимизациясы" сараптамасы «шығын-ықпалдылықтың» түр асты болып келеді, бұл кезде шығын сәйкес ықпалдылықпен дәлелденген бара-бар араласулармен салыстырылады. Айқын тәжірибеде бұндай араласулар бірдей абсолюттік бағаланылатын ықпалдылық көз қарастан, сонымен қатар қауіпсіздік жағынан өте сирек кездеседі.

Минимизация шығынын есептеу келесі формуламен жасалады:

CMA = (DC1 + DC1) - (DC2 + IC2),

бұнда

  • CMA – шығын айырмашылық көрсеткіші;

  • DC1 және IC1 – 1-ші әдісті қолданғандағы тікелей және тікелей емес шығындар

  • DC2 және IC2 - 2-ші әдісті қолданғандағы тікелей және тікелей емес шығындар. "Шығын-пайдалық (пайдакүнем)" сараптамасы «пайдалықты» анықтауға негізделген, жиі қолданылатын критерияларға сапала өмірдің сақталған жылдары жатады (QALY). Бұл көп дәрежеде науқастың «көз қарасын» көрсетеді, ол үшін медициналық араласулардың пайдасы.

Шығын-пайдалық есептелуі келесі формуламен шығарылады:

CUA = [(DC1+IC1) - (DC2+IC2)]/Ut1 - Ut2,

бұнда

  • CUA – шығын-пайдалық қатынасы (яғни, пайдалық бірлігінің құны, мысалы, сапалы өмірдің бір жылы)

  • DC1 және IC1 – 1-ші емдеу әдісіндегі тікелей және тікелей емес шығындар

  • DC2 және IC2 - 2-ші емдеу әдісіндегі тікелей және тікелей емес шығындар

  • Ut1 және Ut2 – 1-ші және 2-ші емдеу әдістеріндегі пайдакүнемдік.

«Шығын-пайда» сараптамасы денсаулық үшін ықпалдылық бірлігі пайдасының қатынас бағасы ақшалай шығынына құралады (мысалы, өмір сапасы).

Емдеу-алдын алу шаралар мекемелері жағдайында (ЕААШМ) АВС/VEN сараптамасы жатады. АВС/VEN әдіс сараптамасы кездесетін ДЗ таралуы олардың маңыздылық (маңызды) дәрежелігі бойынша, ДЗ таралуымен абстракты науқас (VEN- сараптама) үшін, қаржы заттарын (АВС- сараптама) сатып алу құрылысының шығынына негізделген. VEN- сараптама барысында сарапталынатын ДЗ маңыздылық дәрежесі бойынша өмірге-маңызды (Vital - өмірге қауіпті клиникалық жағдайларда қолданылатын, өмір үшін қауіпті алып тастау синдромы бар, үнемі қабылдауды қажет ететін препараттар (мысалы, инсулин) қажетті (Essential – ауыр ауруларды емдеу кезінде қолданылатын), екінші орындағы (Non-essential – жеңіл вариантты ауруларды емдеуге қолданылатын, ықпалы күмән келтіретін, симптоматикалық ем үшін қажетті препараттар) болып бөлінеді. АВС – сараптамасы – үш класс бойынша сәйкес белгілі өткен уақыт кезеңінде олардың қолданылуын келесі критериялардан шығу арқасында ақшалай қаржыны тиімді қолдануды бағалау әдістемесі. Класс А – ДЗ, қаржы көлемінің 80% дейін жұмсалуы, класс В – ДЗ, қаржының 15% көлемі жұмсалған, класс С - ДЗ, қаржының 5% көлемі жұмсалған. АВС/VEN сараптамасы ДЗ сатып алу құрылысында өмірге қажетті ДЗ сатып алу жағын жоғарлатуды қарастыруға мүмкіндік береді.

475

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]