Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

17.3. Көтеуге қарсы заттар

Көтеу – тік ішектің шырышты қабатының беткейлік көк тамырларының кеңеюімен жүретін аурулар (геморроидальды түйіндер). Көтеу тік ішектен кететін қанның ең жиі себептері болып келеді. Көтеумен, фистуламен және проктатитпен ауыратын науқастар үшін анальды және перианальды қышымалар, ауыру және жарылулар тән. жергілігті сол аймақтың тазалығы, үлкен дәреттің қалпына келуіне бағытталған емдәм, (нәжістің жұмсақ болуы), үлкен дәреттің көлемін ұлғайтуға бағытталған балласты заттарды қолдану, кебек сияқты және жақсы әсер беретін клечаткалары көп емдәмдерді қолдану.

Жұмсартатын заттар, жұмсақ тұтқыр заттардан тұратын, мысалы висмут субгаллат, мырыш тотығы және жағалатын қасиеті бар заттардан тұратын түймедақ препараттары (лубриканттармен), вазоконстрикторлар немесе симптоматикалық жеңілдіктерге қол жеткізу үшін жергілікті әсер ететін майлы, крем және балауызды жеңіл антисептиктер. Кейбір препаратарға ауру сезімін жеңілдеті үшін жергілікті анестетиктер қосылады. Бұл препарттар кортикостероидтардан тұруы мүмкін (оларды тек инфекцияны шеттеткеннен кейін барып қолдану керек); олар бір рт қысқа мерзімге қолдануға арналға, ұзақ қолдану анус терісінің атрофичсына әкелуі мүмкін.

Жергілікті анестетиктер, тұтқыр қабынуға қарсы заттар

Шығарылу түрі.

Майлар немесе балауыздар.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Көтеуді қысқа мерзімге симптоматикалық емдеу. Мысалы, трибекозид (400 мг) + лидокаин гидрохлориді (40 мг) 1 балауыздан (немесе кремнің бір мөлшері) 2 реттен тәулігіне; диосемин мен гесперидиннің микроионизирленген флавоноидты фракциясы 300 мг-нан 6 реттен тәулігіне алғашқы 4 күнде, кейін 500 мг-нан 4 реттен тәулігіне 3 күндей.

17.4. Қабынуға қарсы заттар

Ішектің қабыну ауруларына бейспецификалық жаралы колит және Крон ауруы жатады.

Бейспецификалық жаралы колит

· Дистальды белсенді жаралы колит кезінде жергілікті глюкокортикоидтармен ем жүргізілуі тиіс, балауыз немесе клизма түріндегі, немесе тік ішекке арналған балауыз немесе клизма түріндегі месалин сияқты. Айқын жаралы зақымдалу кезінде ішектің перфорациясымен ауыратын науқастардағы ішектің перфорация тәуекелінде гидрокортизонды тік ішекке енгізуді байқап жүргізу керек және тек проктологиялық зерттеулерден кейін жүргізеді. Орта дәрежелі тұтас жаралы колит кезінде глюкокортикоидтарды ішке тағайындайды, ал ауыр кеңінен таралған және жедел түрлерінде ауруханаға жатқызу және глюкокортикоидтарды көк тамырға енгізу керек

· Сульфасалазин немесе месалазин симптоматикалық ем үшін тиімді. Ол сонымен қатарглюкокортикоидтарды жанама әсерлері үшін қолдану мүмкін емес жағдайларында жаралы колиттің ремиссиясы үшін өте тиімді. · Ішектің моторикасын төмендететін кодеин және спазмолитикалық сияқты дәрілік заттар, белсенді жаралы колит кезінде қолданылмайды, себебі олар илеус пен мегаколонды салдың дамуын туғызуы мүмкін.

· Өтті тұздардың сіңірілуінің төмендеуімен байланысты болатын диарея, колестираминді қолданумен жеңілдеуі мүмкін. · Қосымша емге көк тамырға сұйықтықтарды және электролиттерді енгізу, қанмен трансфузия жүргізу, қажет жағдайларда парентеральды тамақтандыру және антибиотиктер беріледі. Өмірге қажетті жалпы күтімге сай қосымшамен бірге (жоғары клетчаткалардан тұратын) толық тамақтану қажет.

Крона ауруы

Крона ауруының жеңіл және орташа түрлерін емдеу сульфасалазинмен немесе месалазинмен жүргізеді (ең аз тиімділік). Ауыр кезіндегі түрлерінде ішке немесе көк тамырға глюкокортикоидтар тағайындалынады, мысалы преднизолон. Метронидазол Крона ауруының белсенді сатысында аш ішекте бактериальды флораның шамадан тыс өсу синдромы кезінде емдеу үшін қажет. Толық тамақтанумен бірге өте жақсы күтім қажет.

СУЛЬФАСАЛАЗИН

(SULFASALAZINE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, қапшықпен қапталған,  сульфасалазин 500 мг [ӘДҰ ұсынылған]. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бейтарапты жаралы колит; Крона ауруы; ауыр ревматоидты артрит. Жаралы колит, ішке, ересектерге 1–2 г күніне 4 реттен асқынған кезде ремиссияға қол жеткізгенше, ұстап тұрушы мөлшерге дейін төмендету арқылы 500 мг күніне 4 реттен; балаларға 5–7 жастағы – 0,25–0,5 г тәулігіне 3–6 реттен, 7 жастан үлкендерге — 0,5 г тәулігіне 3–6 реттен.

Крона ауруының белсенді түрлерінде, ішке, ересектерге 1–2 г күніне 4 реттен асқыну кезінде ремиссияға қол жеткізгенше; 2 жастан үлкен балаларға, 40–60 мг/кг күніне асқыну кезінде. Жаралы колит, Крона ауруы кезіндегі колит, тік ішекке (оқшауланған балауыз немесе пероральды емдеумен бірге), ересектерге 0,5–1 г танертең және кешке ішектің босануынан кейін; тік ішекке (клизма), ересектерге 3 г түнде, 1 сағат бойы ұстап тұру арқылы; балаларға — дәрілік түр дұрыс келмейді.

Кері көрсеткіштері

Салицитаттарға немесе сульфонамидтерга жоғары сезімталдық; 5 жасқа дейінгі балаларға; порфирия; ішектің бітелуі немесе несеп шығару жолдарының бітелуі; ауыр бүйрек жетіспеушілігі.

Сақтандыру

Бүйрек жетіспеушілігі; бауыр жетіспеушілігі; глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның (Г6ФД) жетіспеушілігі; баяу ацетилятор статусы; емнің басында және әр ай сайын З ай бойы қанның жасушалық құрамын және бауыр қызметін бақылау; емнің басында және препаратты қабылдау барысының барлық кезеңінде бүйрек қызметін бақылау; анамнезінде аллергиялық реакциялар.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, колиттің асқынуы: диарея, тәбеттің жоғалуы, қызба, қан жағынан болатын бұзылыстар (қаныаздық, сонымен қатар мегалобластты қаныаздық, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения); жоғары сезімталдық [бөртпе, есекжем, Стивена—Джонсон синдромы (мультиформалы эритема), эксфолиативті дерматит, эпидермальды некроз, қышыма, фотосенсибилизация, анафилаксия реакциясы, қан сары су ауруы, интерстициальды нефроз, қызыл жегі тәріді синдром]; өкпе жағынан болатын асқынулар (эозинофилия, фиброзиялық альвеолит); көз жағынан болатын бұзылыстар (периорбитальды ісіну); стоматит; паротит; атаксия; асептикалық менингит; вертиго; құлақтың шулауы, алопеция; шеткі невропатия; ұйқының қашуы; депрессия; бастың ауруы, елестер; бүйрек жағынан болатын реакциялар (протеинурия, кристаллурия, гематурия); олигоспермия; сирек – жедел панкреатит, гепатит; зәрдің қызыл сары түске боялуы, сонымен қатар жұмсақ контакты линзалардың боялуы.

Саудаға тіркелген атауы: Сульфасалазин.

МЕСАЛАЗИН

(MESALAZINE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 400 мг, энтеросолюбильды жапқышпен қапталған таблеткалар 250, 500 мг, балауыздар 250, 500 мг, тік ішекке арналған клизмалар 4г/60 мл.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бейтарапсыз жаралы колит: асқынуда – 400-800 мг тәулігіне 3 реттен 8-12 апта бойыА ; асқынулардың алдын алу үшін – 400-500 мг тәулігіне 3 реттенА. Крона ауруы: алдын алу үшін және емдеу кезінде – 1000 мг тәулігіне 4 реттенВ Дистальды түрлер кезінде – ректальды түрлер. Балауыздар 500 мг тәулігіне 3 реттен, микроклизмалар 60 мг балауыздар тәулігіне 1 реттен. Балаларға балауыздар асқыну кезінде 40-60 мг/кг тәулігіне, ұстап тұрушы ем кезінде – 20-30 мг/кг/тәу.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Қан аурулары. Асқазан мен ұлтабар жара аурулары. Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілігі. Геморрагиялық диатез. Жүктіліктің соңғы 2-4 аптасында. 2 жасқа дейінгі балаларға.

Сақтандыру

Баяу ацетиляторлардың жоғары кезінде жанама әсерлердің тәуекелдің жоғарлауы. Жүктіліктің 1 үш айында. Бүйрек немесе бауыр жетіспеушіліктері.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В. Плацент арқылы өтеді

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Жиі: іштің шаншуы, диарея, бастың ауруы, бастың айналуы, жүректің айнуы, ринит, шаршау, әлсіздік. Сирек: гепатит, панкреатит, перикардит, алопеция, анорексия, безеулер, белдің немесе буындардың ауруы.

Саудаға тіркелген атауы: Месакол, Салофальк.

ГИДРОКОРТИЗОН

(HYDROCORTISONE)

Шығарылу түрі.

Суспензия 25 мг, 125 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бейтарапты жаралы колит, проктит, проктосигмоидит; анафилаксия; тері аурулары; бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі. Жаралы колит,  проктит, тік ішікке ересектерге  25 мг күніне екі реттен 2 апта бойы; 25 мг дейін жоғарлатуға болады күніне 3 реттен немесе ауыр жағдайларда 50 мг күніне екі реттен; колит кезінде 6–8 апталық ем қажет болуы мүмкін. Жаралы колит, жаралы проктит, жаралы проктосигмоидит, тік ішекке (клизмалар), ересектерге 100 мг түнде 21 күндей немесе клиникалық немесе проктологиялық ремиссияға дейін. Егер 21 күнде клиникалық немесе проктологиялық жақсарулар болмаса емді доғару керек; проктологиялық ремиссияға қол жеткізу үшін 2–3 айлық ем қажет; 21 күннен артық қолданғанда 100 мг түнде тағакйындау арқылы бас тарту керек 2–3 апта бойы.

Кері көрсеткіштері

Ішек бітелуі кезінде жасалатын клизмалар, ішек перфорациясы немесе көптеген фистулалар; емделмеген инфекциялар.

Сақтандыру

Емнің басында проктологиялық зерттеуле жүргізілуі қажет; қан жүйесіне сіңірілуі мүмкін; ұзақ қолдануға болмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С. Плацента арқылы өтеді.

Емшекпен емізу: 1% мөлшері төс сүтіне өтеді. Аз мөлшерлері қауіпсіз. Жоғары мөлшерлер баланың өзінің гормондарының бөліну өнімін тежейді және өсуін ұстайды.

Жанама әсерлері

Жергілікті — ауырсыну немесе күйдіру; тік ішектен қан кетулер (клизма қолданған кезде); инфекциялардың асқынуы; глюкокортикоидтарға тән жүйелік жанама әсерлер.

Саудаға тіркелген атауы:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]