Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар

Гистаминнің b-рецепторларының (антагонистер) тежегіштері антигистаминді заттар ретінде белгілі. Олар гистаминге болатын жауапты реакцияларды басады, оған аллергияны сипаттайтын күлдіреуік, қышыма, түшкіру және тұмау жатады. Сонымен антигистаминді заттар аллергиялық реакциялардың есекжем, аллергиялық ринит және конъюнктивит сияқты симптомдарын жеңілдетеді, олар сонымен қатар тері ауруларындағы қышымаларды бақылайды, мысалы экзема кезіндегі. 

Кортикостероидтар, дексаметазон, гидрокортизон немесе преднизолон сияқты, аллергиялық реакциялар туғызған қабынудың барлық симптомдарын шеттетеді немесе басады. Препараттың енгізу жолдары белгілі аллергиялық жағдайға тәуелді болып келеді. Мысалы, терінің жеңіл бөртпелерін емдеуде кортикостероидтардың майы немесе кремі қолданылады. Егер тері реакциялары жергілікті кортикостероидтармен емдегенде қайтпаса, кортикостероид препараттарын ішке тағайындау мүмкіндігі қажет.

Анафилактикалық шок және сол сияқты жағдайлар, шұғыл жағдайлардағы жедел жүрек-тамыр жетіспеушілігіне және/немесе өлімге әкелетін ангионевротикалық ісінулер. Кеңірдектің ісінуі, бронхоспазм немесе гипотония мүмкіндіктерін шеттету үшін шұғыл ем қажет..

Анафилаксия кезіндегі емдеу шараларының кезеңдері

1. Симпатомиметиктерді енгізу. 

Эпинефрин (адреналин) бұлшық етке, эпинефриннің егу үшін ерітіндісі қолданылады 1:1000 (0,1%), ересектер мен жасөспірімдерге 500 мкг (0,5 мл); нәрестелерге 6 айға дейін 50 мкг (0,05 мл); балаларға 6 айдан 6 жасқа дейін 120 мкг (0,12 мл),  6–12 жасқа 250 мкг (0,25 мл). Артериальды қысым, пульс және тыныс алу көрсеткіштеріне тәуеледі жоғарыда көрсетілген мөлшерді енгізуді 5 минуттық ара қашықтықпен қайта енгізу мүмкін. Қан айналым жетіспеушілігі кезінде, көк тамырға баяу, эпинефриннің егу үшін ерітіндісін қолданады 1:10 000 (0,01%) (жылдамдығы 1 мл/мин), ересектерге 500 мкг (5 мл); балаларға 10 мкг/кг (0,1 мл/кг) бірнеше минут барысында. 2. Өмірге қажетті қызметтерді ұстап тұру. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ұстап тұру керек; маска арқылы оттегі беру, артериальды қысымды қалпына келтіру (науқасты тегіс бетке жатқызу, аяғын көтеру).

3. Антигистаминді заттар, мысалы хлоропирамин, көк тамырға баяу 1 минут ішінде, ересектерге 20–40 мг, қажеттілігіне қарай қайталау (ең жоғарғы қосынды мөлшері 40–80 мг 24 сағат ішінде).

4. Кортикостероидтар, мысалы, гидрокортизон, көк тамырға баяу, ересектерге 100–300 мг; балаларға 1 жасқа дейін – 25 мг; 1–5 жасқа – 50 мг; 6–12 жасқа – 100 мг.

5. Көк тамырға сұйықтықты енгізу: инфузияны 0,9% натрия хлорид ерітіндісінен бастайды (0,5–1 л 1 сағат ішінде).

6. Егер науқаста бронхиальды демікпе ұстамаларына ұқсас симптомдар пайда болса сальбутамол 2,5–5 мг небулайзер арқылы енгізу қажет немесе аминофиллин 5 мг/кг көк тамырға 20 минут барысында енгізу керек.

ГИДРОКОРТИЗОН (HYDROCORTISONE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған суспензия

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігі, жедел аллергиялық реакциялар, демікпелі статус, шоктың алдын алу шаралары мен емдеуі, кардиогенді шокпен асқынған миокард инфаркты, тиреотоксикалық күйзеліс, тиреоидит, тау пайда болған бүйрек үсті безінің гиперплазиясы, қатерлі ісік ауруларының салдарынан болған гиперкальциемия, ревматизм ауруларының жедел кезеңіндегі қысқа немесе қосымша ем, коллагенді аурулар, көпіршік, көпіршікті герпетиформалы дерматит (Дюринг ауруы), полиморфты көпіршікті эритема, эксфолиативті дерматит, саңырауқұлақ тәрізді микоз, теңге қотырдың ауыр түрлері және майұралы дерматит, жедел және созылмалы ауыр аллергиялық және қабыну үдерісімен жүретін көздің зақымдалуы, симптоматикалық саркоидоз, басқа ем түрлеріне бағынбайтын Леффлер синдромы, бериллиоз, туберкулездің ошақталған немесе шашыраған түрін туберкулезге қарсы химиотерапиямен біріктіріп қолдану кезінде, аспирациялық пневмонит, ересектердегі идиопатиялық тромбоцитопениялы пурпура (тек к/т!), ересектердегі екіншілік тромбоцитопения, жүре пайда болған (аутоиммуннды) гемолитикалық қаныаздық, эритробластопения, туа пайда болған (эритроидты) гипопластикалық қаныаздық, ересектердегі лейкоз бен лимфома кезіндегі паллиативті ем, балалардағы жедел лейкоз кезінде, диурезді күшейту үшін немесе нефротикалық синдром кезінде протеинурияны төмендету үшін, идиопатиялық типті нефротикалық синдром кезінде немесе қызыл жегі кезінде уремия болмағанда, жаралы колиттің және регионарлы энтериттің күйзелістік сатысында (жүйелік ем ретінде), субарахноидальды тежелудің дамуымен болатын туберкулезді менингит немесе оның қатері (туберкулезге қарсы химиотерапиямен біріктіріліп), жүйке жүйесінің зақымдалуымен болатын трихинеллез немесе миокард, бронхиальды демікпе, буындардың ауруы.

Мөлшерлеу тәртібі жеке. К/т құю, к/т тамшылатып, сирек б/е қолданады. Шүғыл терапия үшін к/т егу ұсынылады. Бастапқы мөлшер 100 мг (30 секунд енгізіледі)‑500 мг (10 миунт ішінде енгізіледі) құрайды, кейін қайта әр 2-6 сағат сайын, клиникалық жағдайларға тәуелді енгізеді. Препараттың жоғары мөлшерін тек науқастың жағдайы тұрақтанған кезге дейін енгізеді, бірақ тек 48-72 сағаттан кем емес, себебі гипернатриемия дамуы мүмкін. Балаларға тәулігіне 25 мг/кг мөлшерде дене салмағына тағайындайды. Қор-түрін ішке немесе преиартикулярлы 5‑50 мг бір реттік мөлшерде ара қашықтығы 1-3 аптамен енгізеді. Б/е 0.125‑0.25 г/тәу.

Кері көрсеткіштері.

Гипертониялық аурудың ауыр түрлері және Иценко‑Кушинга ауруы, психоздар, нефрит, остеопороз, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, арнайы емнің болмауы кезіндегі белсенді туберкулез түрлері, қант диабеті, жуырда болған операцияларда, жүктілік, жүйелік зең аурулары, препарат құрамына жоғары сезімталдық. Шұғыл жағдайларда кері көрсеткіштерді салыстырмалы түрде қарастыру керек.

Сақтандыру.

48-72 сағат бойы гидрокортизон әсері жеткіліксіз кезде және ұзақ кортикостероидтармен ем жүргізілгенде, гидрокортизонды басқа ағзада натрийдің ұсталуын туғызбайтын кортикостероидтар препаратымен алмастыру керек. Гидрокортизонмен емдеу кезінде натрийдің шектелуімен және жоғары калийден тұратын емдәм тағайындау ұсынылады. Көздің ұшықты инфекцияларымен зақымдалған науқастарға препаратты сақтықпен тағайындайды, себебі қасаң қабақтың перфорациясы болуы мүмкін. Сақтық сонымен спецификалық емес жаралы колит, дивертикулитте, жаңадан қойылған ішек анастомозы, бүйрек қызметінің жетіспеушілігінде, гипертония, остеопороз, қатерлі миастения кезінде де қажет. Гидрокортизон туғызған салыстырмалы бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі препаратты доғарғаннан кейін бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Осыны ескеріп, күйзелістік жағдайлар кезінде, осы кезеңде дамитын, гормональды емді тұздармен және/немесе минералокортикоидтармен бірге тағайындау арқылы қайталайды. Кортикостероидты ем қосымша болып саналады және негізгі ауруды емдеудің орынын баса алмайды. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастарға гидрокортизонды туберкулезге қарсы еммен сәйкес біріктіріп қолданады. Туберкулездің жасырын түрінде немесе туберкулин сынамасының вираж кезеңінде науқастың жағдайын қатаң қадағалау керек, ал қажет жағдайда химиялық алдын алу шараларын жүргізу қажет. Емдеу кезеңінде вакцинация жүргізілмеу керек. Жүктілік, лактация кезеңінде және нәрестелерге препаратты тек өте қажет жағдайларда және тікелей дәрігердің бақылауымен тағайындалынады. Гидрокортизонды қабылдаған балалар, жүктілік кезінде қабылдаған аналар бүйрек үсті безінің жетіспеушілігін анықтау үшін қатаң бақыланылады. Кейбір препараттың түрлері еріткіш құрамында бензил спиртінен тұрады, оны кейде шала туылған нәрестелердегі өлімге әкелетін «демікпе синдромымен» ("Gasping Syndrome") байланыстырады.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Плаценттік кедергіден өтеді, терапиялық құнарлығының теріс әсері дәлелденбеген.

Емшекпен емізу: 1% аз мөлшері төс сүтіне өтеді, аз мөлшері қауіпсіз, жоғары мөлшері – баланың өз гормондар өнімін тежеу тәуекелі және бой өсуінің ұсталуы – ұсынылмайды.

Жанама әсерлері

Ағзада натрий мен сұйықтықтың ұсталынып қалуы, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, калийді жоғалту, гипокалиемиялық алкалоз, гипертония, иық және ортан сүйек басының асептикалық некрозы, стероидты миопатия, бұлшық ет әлсіздігі, остеопороз, патологиялық сынықтар, ульцерогенді әсері, жүректің айнуы, панкреатит, эзофагит, регенерацияның бұзылуы, петехия және экхимоздар, терінің жұқаруы мен нәзіктігі, ақуыз катаболизмі салдарынан теріс азоттық тепе-теңдік, бас ми қысымының жоғарлауы, мишықтың жалған ісіктері, психикалық бұзылыстар, тырысу талмалары, етеккір циклінің бұзылыстары, Иценко‑Кушинга синдромы, гипофиз бен бүйрек үсті безі қызметінің тежелуі, стероидты диабет, балаларда бой өсуінің тежелуі, артқы субкапсулярлы катаракта, көздің ішкі қысымының жоғарлауы, экзофтальм, иммунитеттің тежелуі. Кортикостероидтарды парентеральды енгізу жолымен байланысты болатын реакциялар: айналымды коллапспен болатын анафилактикалық реакциялар, жүректің тоқтауы, бронхоспазм, жүрек ырғағының бұзылуы немесе онсыз болатын гипотония, артериальды гипертензия. Көз майы ретінде ұзақ қолданғанда көз ішінің қысымы жоғарлайды, катарактаның түзілуі. Сыртқа қолданған жағдайларда сирек терінің тітіркенуі болады; ұзақ қолданғанда және/немесе үлкен беткейге жаққанда жүйелік жанама әсерлер болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Гидрокортизон, Латикорт, Локоид, Примакорт, Солу-Кортеф.

ДЕКСАМЕТАЗОН (DEXAMETHASONE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 4 мг/мл, 8 мг/2 мл дексаметазон фосфат (динатрий тұзы ретінде)

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Әр түрлі генездегі шоктар. Бас миының ісінуі (бас миының ісігінде, бас ми жарақатында, нейрохирургиялық араласуларда, бас миына қан құйылғанда, энцефалитте, менингитте, сәулелермен зақымдалғанда). Демікпелі статус. Ауыр аллергиялық реакциялар: Квинке ісінуі, бронхоспазм, дерматоз, дәрілік препараттарға жедел анафилактикалық реакциялар, сары судыжәне антибиотиктерді құйғанда, пирогенді реакциялар. Жедел гемолитикалық қаныаздық, тромбоцитопения, жедел лимфобластты лейкемия, агранулоцитоз. Ауыр инфекциялық аурулар (антибиотиктермен бірге). Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жедел жетіспеушілігі. Балалардағы жедел аурулар (жедел круп және т.б.). Буын аурулары (иық жауырын периартриті, эпикондилит, стилоидит, бурсит, тендовагинит, компрессионды нейропатия, остеохондроз, әр түрлі этиологиялық артриттер, остеоартроз).

Парентеральды енгізгенде препаратты к/т баяу құю арқылы немесе тамшылатып (жедел және шұғыл жағдайларда) енгізеді; б/е; сонымен қатар периартикулярлы және буын ішіне енгізуге болады. Тәулік бойы 4-тен 20 мг дексаметазонды 3-4 рет енгізуге болады. Парентеральды қолдану ұзақтығы 3-4 күнді құрайды, кейін ұстап тұрушы емде препараттың пероральды түріне ауысады. Шок: ересектерге бастапқы мөлшер ­40‑300 мг к/т/, кейін 2-3 тәулік бойы, науқастың ауыр жағдайына байланысты 16‑40 мг-нан ара қашықтығы 6-12 сағаттан. Анафилактикалық шок: адреналинді енгізгеннен кейін тікелей к/т сол инемен ересектерге 100 мг, балаларға 40 мг дексаметазонды енгізеді; қажет жағдайларда препаратты енгізуді қайталайды. Бас миының жедел ісінуі: алдын алу шаралары мен емдеу үшін бастапқы мөлшер к/т немесе б/е тәулігіне 40-100 мг-ды құрайды ара қашықтығы 2-4 сағат; үлкен мөлшердің қолдану ұзақтығы 8 күндей. Демікпелік статус: бастапқы мөлшер – к/т 40‑80 мг, кейін қажет жағдайларда препаратты қайта тағайындайды ара қашықтығы бірнеше сағат. Қан жүйесінің аурулары мен ауыр дерматоздар: бастапқы мөлшер‑16‑40 мг. Ауыр инфекциялар: тәуліктік мөлшер ‑ 40‑100 мг (сәйкес еммен біріктіріліп қолданылады). Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жедел жетіспеушілігі кезінде: бастапқы мөлшер ­8‑16 мг. Ауыр жалған круп кезінде: к/т немесе б/е 4‑8 мг препаратты енгізеді, қажеттілік кезде 2-3 сағаттық үзіліспен қайта енгізіледі. Буындардың ауруларында периартикулярлы немесе буын ішіне енгізу: көбінесе 4‑8 мг 2-3 күндік үзіліспен 1-2 аптаға дейін тағайындайды. Аурудың жедел кезеңінде және емнің басында препаратты шамалы жоғары мөлшерде қолданады. Әсерге қол жеткізгеннен кейін мөлшерін ұстап тұрушы мөлшерге дейін немесе емді доғаруға дейін төмендетеді.

Кері көрсеткіштері.

Дексаметазонға жоғары сезімталдық. Жүйелік микоздар. Буынның және буын айналасындағы жұмсақ тіндердің инфекциялық зақымдалуы.

Сақтандыру.

Интеркуррентті инфекцияларда, септикалық жағдайларда және туберкулез кезінде сәйкес антибиотиктермен бірге дексаметазонды тағайындау қажет. Күнделікті қолданғанда емнің 5-ші айында бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының атрофиясы дамуы мүмкін. Препарат кейбір инфекциялардың симптомдарын көрсетуі мүмкін. Емдеу кезінде иммунизация жүргізілмеуі тиіс. Спецификалық емес жаралы колит, дивертикулит, жуырда жасалған ішек анастомозында, асқазан мен ұлтабар жара ауруларында, бүйрек жетіспеушілігінде, жүйелік остеопорозда, миастенияда, артериальды гипертонияда науқастарға сақтықпен қолдану керек. Сонымен қатар айқын артериальды гипертониямен, қант диабетімен, психикалық аурулармен, глаукома мен гипоальбуминемиямен ауыратын науқастарға дексаметазонды тағайындағанда сақтық керек. Гипотиреозда, сонымен қатар бауыр циррозында препарат әсері күшеюі мүмкін. Эмоциональды тұрақсыздық кезде немесе психотикалық тенденцияларда аталған көріністер күшеюі мүмкін. Қасаң қабақтың ұшығымен ауыратын науқастарға препаратты тағайындағанда, оның перфорациясы болу мүмкіндіктерін ескеру керек. Емдеу кезінде көз қысымын және қасаң қабақ жағдайын бақылау қажет. Препаратты қолдануды бірден доғарғанда, әсіресе жоғары мөлшерді қолданғанда ГКС алып тастау синдромы дамиды (гиперкортицизммен байланыссыз): анорексия, жүректің айнуы, тоқырау, жаппай қаңқа-бұлшық ет ауырсынулары, жалпы әлсіздік. Препаратты доғарғаннан кейін бірнеше ай салыстырмалы бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі сақталады. Егер осы кезде күйзелістік жағдайлар дамыса, уақытша ГКС (көрсеткіштер бойынша) тағайындалынады, қажеттілік кезде минералокортикоидтармен бірге қолданылады.

Балаларда ұзақ емдегенде өсу мен даму қарқыные қатаң қадағалау қажет. Емдеу кезеңіндегі балалар, қызылшамен немесе жел шешек науқастарымен қатынаста болса, оларға алдын алу шаралары ретінде арнайы иммуноглобулиндер тағайындайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Плаценттік кедергіден өтеді, терапиялық құнарлығының теріс әсері дәлелденбеген. Жүктілік кезде (әсіресе І үшайда), сонымен қатар лактация кезеңінде препаратты күтілетін емдік әсер және ұрыққы теріс әсер етпеуді ескеріп тағайындайды. Жүктілік кезде ұзақ қолдану, ұрықтың өсу бұзылыстарының мүмкіндіктері шектелмейді. Жүктіліктің соңғы айларында препаратты қолдану кезінде, ұрықтың бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жетіспеушілік даму қауіпсіздігі бар, ол нәрестеге орын басушы емді жүргізуді қажет етуі мүмкін.

Емшекпен емізу: кіші мөлшерлері қауіпсіз, жоғары мөлшерлері – баланың өз гормондар өнімін тежеу тәуекелі және бой өсуінің ұсталуы – ұсынылмайды.

Жанама әсерлері

Қысқа ем кездерінде: жүрек айнулары, құсу, брадикардия, артериальды гипотензия, коллапс (әсіресе үлкен мөлшерлерін тез енгізгенде), аритмия, жүректің тоқтауы, сонымен ұатар асқазан мен АІЖ басқа бөлімдерінде жаралардың дамуы, глюкозаға тұрақтылықтың төмендеуі және иммунитеттің төмендеуі байқалуы мүмкін. Ұзақ емделген кезде: Иценко‑Кушинга синдромы, гипергликемия қант диабетіне дейін, гиперлипопротеинемия, гепатомегалия, АІЖ эрозивті-жаралармен зақымдалуы, панкреатит, миокардтың дистрофиясы, көңіл күйдің бұзылуы, психоздар, бас ми қысымының жоғарлауы, бастың айналуы, бастың ауруы, тырысулар. Беттің эритемасы, терінің жұқаруы және нәзік болуы, петехия, экхимоздар, стриялар, панникулиттер, жаралар жазылуының баяулауы, жоғары тершеңдік. Көздің ішкі қысымының жоғарлауы, артқы капсуляр асты катаракта, экзофтальм. Тромбо түзілуінің жоғарлауы. Жиі инфекциялардың дамуы және олардың барысының ауырлауы. Бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі, әсіресе күйзелістік жағдайларда (жарақат кезде, хирургиялық операцияларда, қосымша ауруларда).

Саудаға тіркелген атауы: Дексаметазон, Даксин, Декадрон, Дексавен, Дексазон, Дексамед, Максидекс, Офтан Дексаметазон, Ф-кортен.

Дифенгидрамин

(DIPHENHYDRAMINE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 1%.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Аллергия симптомдарын жеңілдету, аллергиялық ринит (поллиноз) және конъюнктивитD, есекжемВ, жәндіктердің шағуы және аллергиядан туындаған қышынулар; шұғыл жағдайларда қосымша анафилактикалық шоктардан шығару үшін және ангионевротикалық ісінулер; ұйқының қашуыС, премедикацияВ. Атопиялық дерматит кезіндегі қышынуды жеңілдету үшін қолдану жеткілікті дәлелденбеген! Б/е – 50 мг; к/т: баяу 50 мг, инфузия 20–50 мг (75–100 мл 0,9% натрия хлорид ерітіндісінде).

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық. Аталық безінің гиперплазия ісігі, зәрдің ұсталуы; асқазан мен ұлтабардың стенозы; қуық мойынының стенозы; бронхиальды демікпе, қояншық, жабық бұрышты глаукома.

Сақтандыру.

Жүктілік кезде тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет. Лактацияны тежеуі мүмкін (антихолинергиялық белсенділік). ОЖЖ тежейтін алкогол мен басқа да заттарды қолданудан бас тарту. Бүйрек және бауыр жетіспеушілігі. Көңіл қоюдың бұзылуы мүмкін, мысалы қозғалыстағы механизмдерді басқарғанда, көлік жүргізгенде.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В.

Емшекпен емізу: қолдану ұсынылмайды (төс сүтіне өтеді, емшектегі баланың қозуының жоғарлауы мүмкін). Антихолинергиялық белсенділігіне байланысты лактацияны баяулатуя мүмкін.

Жанама әсерлері

Жиі: ұйқышылдық, эпигастральды аймақтың ауырсынуы, жүректің айнуы. Сирек: әлсіздік, бастың айналуы, көрудің бұзылыстары, координацияның бұзылуы, дірілдеу, тырысулар, ауыздың құрғауы, холестаз, гепатит, іштің қатуы, диарея, етеккір циклінің бұзылуы, зәрдің ұсталуы, парадоксальды реакциялар (қорқынышты түстер, үлкен мөлшерлерде балаларда және егде жастағыларда қозғалыс қозулары), анафилактикалық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Дифенилгидрамин.

ПРЕДНИЗОЛОН (PREDNISOLONE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 30 мг/мл; таблетка 5 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ревматизм; ревматоидты артрит; дерматомиозит; түйінді периартериит; склеродермия; түйінді периартериит; Бехтерева ауруы. Бронхиальды демікпе, демікпелі статус. Жедел және созылмалы аллергиялық аурулар. Аддисон ауруы, бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жедел жетіспеушілігі, адреногенитальды синдром. Гепатит, бауыр комасы, гипо­гликемиялық жағдайлар, липоидты нефроз. Агранулоцитоз, әртүрлі лейкемия түрлері, лимфогранулематоз, тромбоцитопениялық пурпура, гемолитикалық қаныаздық. Кіші хорея. Көпіршіктер, экзема, қышынулар, эксфолиативті дерматит, теңге қотыр, қышыма, экзема, майұра дерматиті, қызыл жегі, эритродермия, теңге қотыр, алопеция. Буын ішіне енгізу үшін: созылмалы полиартрит, жарақаттан кейінгі артрит, ірі буындардың остеоартриті, жеке буындардың ревматизмдік зақымдалуы, артроздар. Тіндерге инфильтрационды енгізу үшін: эпикондилит, тендовагинит, бурсит, иық жауырын периартриті, келоидтар, ишиалгия, Дюпюитрен контрактурасы, ревматизмдік және соған ұқсас буындар мен басқа тіндердің зақымдалуы.

Ішке қолдану үшін. Ересектерге орын басушы ем кезінде бастапқы мөлшері 20‑30 мг тәулігіне, ұстап тұрушы мөлшері тәулігіне 5‑10 мг-ды құрайды. Қажеттілік кезде бастапқы мөлшерді тәулігіне 15‑100 мг-ды құрайды, ұстап тұрушы тәулігіне ‑ 5‑15 мг. Тәуліктік мөлшерді біртіндеп төмендеу керек. Балаларға бастапқы мөлшер тәулігіне дене салмағына 1‑2 мг/кг құрайды 4‑6 қабылдаудан тұрады, ұстап тұрушы тәулігіне ‑ 0.3‑0.6 мг/кг. Егуге арналған. Б/е енгізу кезде мөлшер, жиілігі мен ұзақтығы жеке анықталынады. Ірі буындарға буын ішіне енгізу кезінде 25‑50 мг мөлшері қолданылады, орта көлемді буындар үшін ­10‑25 мг, ұсақ буындар үшін ‑5‑10 мг. Тіндерге инфильтрациялық енгізу үшін, аурудың ауырлығына және зақымдалу аймағының көлеміне байланысты, 5 мг-нан 50 мг-ға дейін қолданылады. Жергілікті қолдану үшін.

Кері көрсеткіштері

Асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, остеопороз, Кушинга ауруы, тромбоэмболияға бейім болу, бүйрек жетіспеушілігі, ауыр артериальды гипертония, жүйелік микоздар, вирусты инфекциялар, вакцинация кезеңі, туберкулездің белсенді түрі, глаукома, остеопороз, психикалық аурулдар кезіндегі өнімді симптоматикалар. Препаратқа жоғары сезімталдық. Инфильтрациялық енгізулер тері бетінің ошақты зақымдалуы мен жел шешек кезіндегі тіндердің зақымдалуы, спецификалық инфекцияларда, микоздарда, вакцинацияға жергілікті реакциялар кезінде. Офтальмологияда‑көздің вирусты және бактериальды аурулары, біріншілік глаукома, қасаң қабақтың эпителиясының зақымдалуымен жүретін аурулар. Дерматологияда ­терінің бактериальды, вирусты, зеңді зақымдалулары, туберкулез, мерез, тері ісігі.

Сақтандыру.

Препарат к/т енгізілуге тағайындалмайды. Препаратты тәулік бойы таңғы 6-дан 8-ге дейін глюкокортикоидтардың эндогенді секрециясын ескеру арқылы енгізу ұсынылады. Емдеу кезінде (әсіресе ұзақ емделгенде) окулис бақылау керек, АҚ және су-электролит тепе-теңдігін, сонымен қатар шеткі қан суретін және қандағы қант деңгейін бақылау қажет; жанама әсерлерін төмендету мақсатымен анаболикалық стероидтарды, антибиотиктерді тағайындауға болады, сонымен қатар ағзаға калийдің түсуін қамтамас ету керек (емдәм, калий препараттары). Емді доғарғаннан кейін алып тастау синдромы, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі, сонымен қатар преднизолон тағайындалған аурудың асқынуы. Анамнезінде психоз көрсетілген болса, преднизолонның үлкен мөлшерін дәрігердің бақылауымен тағайындайды. Жүктілік кезде (әсіресе I үшайда) препаратты өмірге қажеттілік көрсеткіштер бойынша қолданады. Қант диабеті кезінде тек абсолюттік көрсеткіштер бойынша тағайындайды немесе болжалданған инсулинге тұрақтылықтың алдын алу үшін қолданады. Спецификалық емес инфекцияларда сақтықпен және бір мезгілде химио- немесе антибиотиктермен емдеу жағдайларында ғана қолданады. Туберкулездің жасырын түрінде преднизолонды тек туберкулезге қарсы заттармен біріктіріп қолдану мүмкін. Преднизолонмен емделгеннен кейін АКТГ енгізу қажеттілігін анықтау ұсынылады (тері сынамасын жүргізгеннен кейін!). Аддисон ауруы кезінде барбитураттармен бірге қолданудан қашу керек. Майды 14 күннен артық қолдануға болмайды. Препаратты кәдісгі немесе қызғылт безеуге қолданған жағдайларда аурудың асқынуы болады.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Плацент кедергісінен өтеді, терапиялық құнарлығының теріс әсерлері дәлелденбеген. Жүктілік кезеңінде ұзақ емдеу кезде, ұрық өсуінің бұзылыстар мүмкіндіктері шектелмейді. Жүктіліктің соңында препаратты қолдану кезде ұрықта бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының атрофиясы даму қаупі бар, ол нәрестеге орын басушы ем жүргізуді қажет етуі мүмкін.

Емшекпен емізу: 1% кем мөлшері төс сүтіне өтеді, кіші мөлшерлері қауіпсіз, жоғары мөлшерлері – баланың өз гормондар өнімін тежеу тәуекелі және бой өсуінің ұсталуы – ұсынылмайды.

Жанама әсерлері

Инфекцияға тұрақтылығы төмендейді; жаралардың жазылуының баяулауы; Кушинга синдромы; дене салмағының жоғарлауы; асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарлайды, АІЖ ульцерогенді әсері; су мен электролит тепе-теңдігінің бұзылуы: калий шығуының жоғарлауы, ісінулерге әкелетін ағзада натрийдің ұсталуы; артериальды гипертония; қан ұюының жоғарлауы; остеопороз, сүйектің асептикалық некрозы; стероидты диабетке әкелетін гипергликемия, бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының қалжырауы (атрофияға дейін); теріс азоттық тепе-теңдік; стероидты катаракта, жасырын глаукоманың асқынуы, психикалық бұзылыстар. Конъюнктивальды қапшыққа тамызғанда әлсіз күйдіру мүмкін. Майды қолданғанда стероидты безеу, пурпуралар, телеангиоэктазия дамуы мүмкін, сонымен қатар күйдіру, қышу, тітіркену, терінің құрғауы; ұзақ қолданғанда және/немесе үлкен беткейге жаққанда резорбтивті әсері дамуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Преднизалон.

Эпинефрин

(EPINEPHRINE)

Шығарылу түрі. Ампуладағы егуге арналған ерітіндіні 0,18 %

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ауыр анафилактикалық реакцияВ (сонымен қатар анафилактикалық шок); ауыр ангионевротикалық ісінулер. Т/а немесе б/е 0,3-0,5 мг, қажеттілік кезде 10-20 минуттан кейін қайталайды 3 ретке дейін; к/т баяу 0,1-0,25 мг.

Бронхиальды демікпе (ұстамаларды шеттету)В – т/а немесе б/е 0,3-0,5 мг қажеттілік кезде 20 минуттан кейін 3 ретке дейін қайталайды.

Гипогликемия (инсулинді мөлшерден тыс қолданғанда)В. т/а немесе б/е 0,3-0,5 мг.

Асистолия, жүректің тоқтауыВ. к/т 1 мг әр 3-5 минут сайын тиімділікке қол жеткізгенше немесе жүрек ішіне 0,5 мг.

Беткейлік тамырлардан қан кетулерВ – жергілікті тампон ретінде. Эпинефрин ерітіндісінде суланған.

Жергілікті жансыздандырулардың әсерін ұзартудаВ – 1:50000.

АВ-тежелудің III дәрежесі (жедел дамушы)D.

КрупВ – т/а, б/е, к/т тамшылатып 0,2-1 мг, балалар үшін 0,1-0,5 мг

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, АГ, стенокардия, айқын атеросклероз, жүрек демікпесі, аневризм, ҚД, тиреотоксикоз, жүктілік, жабық бұрышты глаукома түрі, галотанмен, циклопропанмен, хлороформмен наркоз (аритмияның даму қаупі).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Гипертиреоз, гипертония, қант диабет, жүрек аурулары, аритмия, цереброваскулярлы аурулар, босанудың екінші кезеңі; егде жастағы.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Ұрықта гипоксияның дамуы мүмкін.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Балада қалаусыз реакциялар болуы айқын.

Жанама әсерлері

Тахикардия және аритмия, гипертония, дірілдеу, мазасыздану, тершеңдік, жүректің айнуы, құсу, әлсіздік, гипергликемия, бастың айналуы, өкпе ісінуі туралы мәліметтер бар; жиі – бас аурулар.

Саудаға тіркелген атауы: Адреналин.

КЕТОТИФЕН

(KETOTIFEN)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 1 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бронхиальды демікпе (бронхоспазмның алдын алу шаралары үшін)В – 1 мг 2 реттен немесе 4 мг 1 реттен күніне 12 апта бойы.

Аллергиялық бронхит (балалардағы демікпе алдында)В.

Пішен қызбасы, аллергиялық ринитВ.

Аллергиялық дерматитВ.

ЕсекжемВ.

1 мг 2 реттен тәулігіне, 2 мг 2 реттен тәулігіне жоғарлатуға болады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік, емшекпен емізу, 3 жасқа дейінгі балаларға.

Сақтандыру.

Бронхиальды демікпе ұстамасын шеттету үшін тағайындалмайды. Бета-адреномиметиктермен, глюкокортикоидтармен, АКТГ жүргізілген алдыңғы емді бірден доғармайды (доғаруды мөлшерін біртіндеп төмендету арқылы 2 апта бойы жүргізеді). Көлік жүргізетін жүргізушілер жұмыс уақытында және жұмыстары жоғары көңіл қоюды талап ететін қызметкерлерге сақтықпен тағайындау керек. Айқын тыныштандыратын әсеріне байланысты, бірінші екі аптада тәулігіне 0,5 мг 2 реттен тағайындайды. Емді біртіндеп доғарады, 2-4 апта бойы (демікпе симптомдарының қайталануы мүмкін). Пероральды гипогликемиялық заттарды бір мезгілде қабылдайтын науқастарда шеткі қандағы тромбоциттер санын бақылау керек. Ескеретін жай шырын этил спиртінен тұрады (2,35 көлемі %) және көмірсулардан (0,6 г/мл).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: бара-бар зерттеулер жүргізілмеген.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Препаратты қолдануды қажет ететін жағдайларда емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: тыныштандыратын әсер, реакциялық қабілетінің төмендеуі, тоқыраулық, қалжыраудың сезінуі, жеңіл бастың айналуы, бастың ауруы, ұйқышылдық, сирек — мазасыздану, ұйқының бұзылуы, ашуланшақтық (әсіресе балаларда). АІЖ мүшелері жағынан: ауыздың құрғауы, тәбеттің жоғарлауы, жүректің айнуы, құсу, гастралгия, іштің қатуы. Басқа да: тромбоцитопения, цистит, дене салмағының жоғарлауы, аллергиялық тері реакциялары.

Саудаға тіркелген атауы: Астафен, Задитен, Кетотифен, Позитан.

ЛОРАТАДИН

(LORATADINE)

Шығарылу түрі.Таблеткалар 10 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Аллергия симптомдарын жеңілдету, ал­лергиялық ринитА (поллиноз) және конъюнктивит, есекжемВ, жәндіктердің тістеуі және аллергиялық туындаған қышынулар; жалған аллергиялық реакциялар, Квинке ісінуіВ. Дерматоз кезіндегі қышыну (атопиялық дерматит кезіндегі қышынуды жеңілдету үшін қолдану жеткілікті дәлелденбеген!). Ішке, ересектерге 10 мг-нан тәулігіне 1 реттен. Бауыр жетіспеушілігімен ауыратын науқастарда немесе бүйрек қызметі төмендеген кезде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) бастапқы мөлшер 5 мг-нан тәулігіне 1 рет (10 мг күн ара).

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік, емшекпен емізу кезеңі (препараттың қан плазмасындағы эквивалент деңгейіндегі құнарлығымен төс сүтіне өтеді).

Сақтандыру.

Бауыр жетіспеушілігі.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Қолданбау керек.

Жанама әсерлері

Дифенгидраминге қарағанда, антихолинергиялық ықпалы мен ОЖЖ-не әсері шамалы айқын. Сирек қалжырайды, бастың айналуы, бастың ауруы, тыныштандыратын, атропин тәрізді әсері, жүректің айнуы, жөтел, жүректің соғуы. Эпигастральды аймақтың ауруы, жүректің айнуы, бауыр қызметінің бұзылуы, іштің қатуы, диарея, тәбеттің бұзылуы, дене салмағының жоғарлауы; көрудің бұзылуы, ксеростомия, бастың айналуы, бастың ауруы, ұйқышылдық, координацияның бұзылуы, құлақтың шулауы, дірілдеу, тырысулар, жоғары тершеңдік, аритмия, ауыз қуысының, мұрынның, тамақтың құрғауы, несеп бөлудің қиындауы немесе ауырсынуы, дисменорея, фотосенсибилизация, тері бөртпелері, анафилактикалық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Лоратадин, Агистам, Кларитидин, Кларисан, Кларитин. Лованик, Ломилан, Лоратал, Моседин, Эриус, Эролин.

ХЛОРОПИРАМИН

(CHLOROPYRAMINE)

Шығарылу түрі.Таблетка 25 мг; егугу арналған ерітінді 20 мг/мл ампулада

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Аллергия симптомдарын жеңілдету, ал­лергиялық ринитА (поллиноз) және конъюнктивит, есекжемВ, жәндіктердің тістеуі және аллергиядан туындаған қышынулар; шұғыл жағдайларда қосымша анафилактикалық шоктан және ауыр ангионевротикалық ісінуден шығу үшін.

Аллергия, ішке, ересектерге 25 мг-нан әр 4–6 сағ. (ең жоғарғы күнделікті мөлшер 150 мг); 1 жастан кіші балаларға қолданылмайды, 1–2 жасқа 6,25 мг 2 рет күніне, 2–5 жасқа 6,25 мг әр 4–6 сағ. (ең жоғарғы күнделікті мөлшер 37,2 мг), 6–12 жасқа 12,5 мг әр 4–6 сағ. (ең жоғарғы күнделікті мөлшер 75 мг). Аллергиялық реакциялар, тері астына немесе бұлшық етке, ересектерге 20–40 мг, қажеттілік жағдайда қайта қолдану (ең жоғарғы 80 мг 24 сағат бойы); тері астына балаларға 1–2 мг/кг, қажеттілік жағдайда 4 ретке дейін күніне қайта қолданады. Анафилаксия (көмекші зат ретінде), көктамырға 1 минут бойы, ересектерге 20–40 мг; балаларға 1 жасқа дейін 0,5 мг/кг, 1–5 жасқа – 1–2 мг, 6–12 жасқа – 2–4 мг.

Кері көрсеткіштері

Аталық безінің ісік гиперплазиясы, зәрдің ұсталуы; илеус немесе пилородуоденальді обструкция; глаукома; 1 жастан кіші балаларға.

Сақтандыру.

Жүктілік және емшекпен емізу; бүйрек және бауыр жетіспеушілігі; қояншық.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану қажеттілігі кезде емшекпен емізуді доғару.

Жанама әсерлері

Ұйқышылдық (сирек жоғары мөлшерде балаларда және егде жастағыларда парадоксальды қозу), гипотония, бастың ауруы, жүректің соғуы, психомоторлы бұзылыстар, зәрдің ұсталуы, ауыздың құрғауы, көрудің айқын болмауы, асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары; бауыр дисфункциясы; қан жағынан болатын бұзылыстар; бөртпелер және фотосенсибилизация, тершеңдіктің жоғарлауы мен дірілдеу, жоғары сезімталдық реакциясы (бронхоспазм, ангионевротикалық ісіну, анафилаксия); егу тітіркену реакциясын туғызуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Аллергозан, Супрастин.

ЦЕТИРИЗИН

(CETIRIZINE)

Шығарылу түрі.Таблетка 10 мг, шырын 1 мг/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Аллергиялық ринит және конъюнктивит, жедел және созылмалы есекжем, ангионевротикалық ісіну, экзема.

Ішке, ересектерге және 6 жастан үлкен балаларға – 10 мг 1 рет күніне; бүйрек жетіспеушілігі кезде мөлшерін екі есеге төмендетеді. 2-6 жастағы балаларға – 5 мг 1 рет тәулігіне, 1–2 жастағы балаларға – 2,5 мг 1–2 рет тәулігіне, 6–12 айдағы балаларға – 2,5 мг 1 рет күніне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік, емшекпен емізу кезеңі, 6 айға дейінгі балаларға.

Сақтандыру.

Егде жастағылар. Бауыр және/немесе бүйрек жетіспеушілігі.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Қолдану қажеттілігі кезде емшекпен емізуді доғару.

Жанама әсерлері

Ұйқышылдық, сирек – бастың ауруы, бастың айналуы, ауыздың құрғауы. Мөлшерден тыс қолдану ұйқышылдықпен байқалады, арнайы антидоты жоқ, емдеу симптоматикалық.

Саудаға тіркелген атауы: Аналергин, Зетринал, Зиртек, Зодак, Носмин, Парлазин, Рецитал, Цетиризин, Цетрин.

НОРЭПИНЕФРИН

(NOREPINEPHRINE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 0,2 %

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жарақат кезінде АҚ жедел төмендеуі, хирургиялық араласулар, улану, кардиогенді шок орта ауырлықта – к/т (тамшылатып) 0,002-0,004 г (1-2 мл 0,2% ертініді) 500 мл 5% глюкоза ерітіндісінде (АҚ бақылауымен).

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Атеросклероз. Жүрек жетіспеушілігі. АВ-тежелудің III дәрежесі. Галотанды және циклопропанды наркоз.

Сақтандыру.

Физиологиялық ерітіндіде егуге болмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді ме белгісіз.

Жанама әсерлері

Стенокардия, тахикардия, жүрек аритмиясы, жүректің соғуы, диспноэ.

Саудаға тіркелген атауы: Норадреналина гидротартрат.

Хифенадин

(Quifenadine)

Шығарылу түрі.Таблетка25 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Поллиноз, аллергиялық ринит, есекжем, экзема, теңге қотыр, нейродермит, тері қышымалары, дәрілік заттарды және тамақ өнімдерін қолданғаннан болған аллергиялық асқынулар, бронхоспастикалық құрамамен жүретін инфекциялық емес-аллергиялық реакциялар, ангионевротикаляқ ісіну. Ішке (тамақтан соң): ересектерге — 25–50 мг-нан 3–4 рет тәулігіне (ең жоғарғы тәуліктік мөлшер — 200 мг) 10–20 күн барысында, қажет жағдайда — қайталау; 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға — 5 мг-нан 2–3 рет тәулігіне, 3 жастан 7 жасқа дейін — 10 мг-нан 2 реттен тәулігіне, 7 жастан 12 жасқа дейін — 10–15 мг-нан 2–3 рет тәулігіне, 12 жастан үлкендерге — 25 мг-нан 2–3 рет тәулігіне. Емдеу курсы — 10–15 күн.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Жүрек-қан тамыр жүйелерінің, бауырдың және бүйректің ауыр аурулары, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары.

Жеке жоғары сезімталдық салдарынан әлсіз тыныштандыратын әсер болуы мүмкін, сондықтан үлкен көңіл қойып және тез психикалық немесе қозғалыс (көлік жүргізуші және т.б.) реакцияларын талап ететін жұмыста істейтін науқастарға хифенадинді қолданғанда байқалатын реакцияларды алдымен анықтау керек (қысқаша тағайындау арқылы).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезде (әсіресе I үшайында) мүмкін, егер күтілетін ем әсері потенциальды ұрық үшін тәуекелден жоғары болса.

Емшекпен емізу: Емдеу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауы, диспетикалық көріністер, тыныштандыратын әсер.

Саудаға тіркелген атауы: Фенкарол.

Диметинден

(Dimetindene)

Шығарылу түрі. Гель 0,1%; ішке қолдануға арналған ерітінді (тамшы) 0,1%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ішке — эндогенді тері қышынулары (холестаз кезіндегі қышынудан басқа), есекжем, экзема, аллергодерматоздар, поллиноз, аллергиялық ринит, ангионевротикалық ісіну, тамақ және дәрілік аллергия, спецификалық гипосенсибилизация кезіндегі аллергиялық реакциялар (емдеу және алдын алу шараларында), инфекциялық аурулар кезіндегі экзантемалар (қызамық, қызылша, жел шешек); анафилактикалық шок және сарысу ауруы (көмекші заттар). Сыртқа — қышымалы дерматоздар, есекжем, жәндіктердің шағуы кезіндегі аллергиялық реакциялар, жеңіл дәрежелі күйіктер (күн, тұрмыстық). Ішке (тамақтың алдында) ересектерге — 20–40 мл-ден шырынды 3 реттен тәулігіне немесе 40 мг-нан (1 капс.) 1 реттен тәулігіне (ұйықтар алдында); 2 айдан 1 жасқа дейінгі балаларға бір реттік мөлшер — 10 тамшы, 1 жастан 3 жасқа дейінгі — 10–15 тамшы, 3 жастан үлкен — 15–25 тамшыдан тәулігіне 4 реттен тағайындайды; емдеу ұзақтығы 3 айдан аспауы керек. Сыртқа гельді зақымданған жерге жұқа қабатпен тәулігіне 2-4 реттен жағады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, басқа да алкиламин туындыларына да, неонатальды кезең (әсіресе шала туылған), жүктілік (I үшай).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Жабық бұрышты глаукома, қуық мойынының обструкциясы, аталық безінің аденомасы, бронхиальды демікпенің асқынуы, жүктілік (II және III үшайында), емшекпен емізу, ерте жастағы балаларға (1 жасқа дейін).

Үлкен көңіл қойып және қозғалыс (көлік жүргізуші және т.б.) реакцияларын талап ететін жұмыста істейтін науқастарға қолдану ұсынылмайды. Гельді қолданғаннан кейін терінің жағылған жерінің инсоляциясынан қашу керек. Педиатриялық тәжірибеде гельді үлкен тері беткейіне қолдану ұсынылмайды (әсіресе экссудативтік және қабыну үдерістерінде).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктіліктің I үшайында кері көрсетілген, ал II және III үшайында тек қатаң көрсеткіштер бойынша, егер күтілетін ем әсері потенциальды ұрық үшін тәуекелден жоғары болса ғана қолданылады. Жүктіліктің І үшайында гельді қолдануға болмайды, ал II-III үшайында — үлкен тері беткейіне жағу (әсіресе экссудативті және қабыну үдерістерінде).

Емшекпен емізу: Емшекпен емізу кезеңінде ішке және терінің үлкен беткейлеріне жағуға және емізік ұшына қолдану ұсынылмайды (егер қолдану қажет болса емізуді доғару керек).

Жанама әсерлері

Жүйке және сезім мүшелері жағынан: қалжырау, әлсіздік, ұйқышылдық (әсіресе емнің басында), бастың айналуы, сирек — бастың ауруы, қозу (әсіресе ерте жастағы балаларда), түнгі апноэ (1 жасқа дейінгі балаларда). АІЖмүшелері жағынан: ауыздың немесе өңештің құрғақ болуы, жүректің айнуы, құсу, сирек — асқазанның ауруы, асқазан мен ұлтабардың жара ауруларының асқынуы. Аллергиялық реакциялар: сирек — терінің аллергиялық реакциялары. Басқа да: сирек — ісінулер, бөртпелер, бұлшық еттердің спазмы, бірең жағдайларда — тыныс алу жолдарындағы бұзылыстар, көкірек қуысының сығылу сезімі; гельді қолданған кезде: сирек — жағылған жерде құрғақтық және күйдіру сезімі байқалады.

Саудаға тіркелген атауы: Фенистил.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]