Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

21.3. Жергілікті жансыздандырулар

Пропаркаин гидрохлорид

(Proparacainum)

Шығарылу түрі. Ерітінді (көз тамшысы) 0,5%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Препарат конъюнктивальды қуысқа тамызу үшін 0,5% зарарсыздандырған ерітінді түрінде қолданылады. Тез әсер ететін жергілікті жансыздандыратын заттар болып келеді. Жансыздандыру әсері шамамен 15 минутқа созылады. Анестезия қажет ететін емшара немесе қол әрекетін жасар алдында қолдану тиімді, оған қатынасты тонометрия, гониоскопия, бөгде денелерді шығаруда, сонымен қатар конъюнктива мен қасаң қабаққа қысқа араласуларда қолданылады.

Көбінесе тонометрия немесе бөгде денені алып шығуда араласу алдында зақымдалған көзге 1-2 тамшы тамызу жеткілікті. Терең жергілікті жансыздандыруға қол жеткізу үшін әр 5 минут сайын 1 тамшыдан 20-25 минут бойы тамызу.

Кері көрсеткіштері

Нағыз кері көрсеткіштерге препаратты белгілі науқастың жеке көтере алмауы жатады. Бірақ новокаиннің көз тамшыларын ұзақ қолдану ұсынылмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жанама әсерлері

Сирек тіркеледі, бірақ мынандай симптомдардың дамуы мүмкін, күйдіру, бөгде дененің болу сезімі, конъюнктиваның гиперемиясы. Өте сирек болатын жанама әсерлері – тез дамитын гиперсезімталдық тип бойынша жүретін, қасаң қабақтың айқын гипоаллергиялық реакциясының дамуы. Бұл кезде эпителиальды жамылғының үлкен некрозды бөлігімен жүретін дөрекі диффузды эпителиальды кератиті және ирит көріністері байқалады. Сол сияқты пропаракаиннің теріге тиген жердегі қатынасты дерматитінің пайда болуын ескері керек. Жергілікті және жүйелік жанама әсерлерінің зерттеулері жалғасуда

Саудаға тіркелген атауы: Пропаркаин гидрохлорид.

ОКСИБУПРОКАИН

(OXYBUPROCAINE)

Шығарылу түрі. Ерітінді (көз тамшысы) 0,4%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Офтальмологияда жергілікті жансыздандыру: көз ішінің қысымын өлшеу (тонометрия); гониоскопия; конъюнктиваның диагностикалық үлгісін алу; қасаң қабақ пен конъюнтивадан бөгде денелер мен жіптерді алу; қасаң қабақ пен конъюнктиваға қысқа хирургиялық араласулар.

Диагностикалық емшаралар кезінде 1-2 реттен 1 тамшыдан тамызу, амбулаторлық жағдайлардағы хирургиялық араласуларда қосымша 3-4 реттен арасы 4-5 минут аралықпен препаратты инстиллирлеу.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық. Қасаң қабақтың жарасы.

Сақтандыру.

Конъюнктивалды қапшыққа тек инстилляция үшін қолдану; егуге қолдануға болмайды. Көз ауруларында жиынтық емдеуде ұзақ емдеу ретінде тағайындауға болмайды. Балаларға қолдану туралы толық тәжірибелер жоқ, емді дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады. Ұзақ, көп және жиі қолдану кезінде қасаң қабақтың бұлғырлануына әкелетінін ескеру керек (басқа да жергілікті анестетиктерге тән сияқты). Жансыздандыру кезінде көзді шаңнан, тітіркендіргіш химиялық әрекеттесулерден, бактериялық ластанудан қорғау керек. Көзге анестезия әсерінің аяқталуына дейін қол тигізуге болмайды.

Әрекеттесуі: Әдебиетте оксибупрокаин мен басқа да көз тамшыларын бір мезгілде конъюнктивалды қапшыққа енгізгенде теріс немесе оң ықпалдары сипатталмаған. Теориялық оксибупрокаин сульфаниламидтердің бактерияларға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.

Жүктілік кезінде және емшекпен емізулі кезеңде емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану мүмкін, егер күтілетін ықпал емі ұрық пен бала үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса (қолдану тәжірибесі жеткіліксіз).

Жанама әсерлері

Қысқа смерзімге конъюнктиваның шаншу сезімі, күйдіру және гиперемиясы; аллергиялық реакциялар; сирек — кератит.

Саудаға тіркелген атауы: Оксибупрокаин.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]