- •Құрметті әріптестер!
- •Мазмұндамасы
- •Басылымға қатысушылар
- •Тіркеу тізімі анықтамасының құрау әдістемелігі мен қолданылуы туралы нұсқау
- •Қысқартулар мен шартты белгілердің тізімі
- •Тіркеу тізімі мақалалар бөлімінің мінездемелері
- •Дәрілік заттар тиімділігінің дәлелдемесі туралы қысқаша мәліметтер
- •Жүктілік және емшекпен емізу кезінде дәрілік заттарды қолдану
- •Дәрілік заттарды жазып беретін, дәрігерлерге жалпы нұсқау
- •1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)
- •1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі
- •Жанама әсерлері
- •Жанама әсерлері
- •1.2 Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын препараттар
- •1.3 Операция алдындағы дәрілік заттар және қысқа емшаралар жүргізу үшін қолданылатын тыныштандыратын заттар
- •Мөлшерден тыс қолданғанда
- •2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.
- •2.1. Опиоидты емес анальгетиктер
- •2.2. Опиоидты анальгетиктер
- •2.3. Аяқ қақпаны, амилоидоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •2.4. Ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •4. Уланған кезде қолданылатын антидоттар мен басқа да субстанциялар
- •4.1. Арнамалы емес
- •4.2. Арнамалы антидоттар
- •5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Кері көрсеткіштері
- •6. Микробтарға қарсы және тоғышарларға қарсы дәрілік заттар
- •6.1. Құрттарға қарсы дәрілік заттар
- •6.2. Бактерияға қарсы заттар Антибиотиктерді клиникада қолданудың негізгі принциптері
- •Антибиотиктер тек келесі факторларды қарастырғаннан кейін барып талдануы тиіс:
- •Антибиотиктік алдын алу шаралары
- •Антибиотиктерді қолданудың тиімділік дәрежесін жоғарлату бойынша ұсыныстар
- •6.2.2. Басқа да бактерияларға қарсы заттар
- •6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар.
- •6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар.
- •6.4. Вирустарға қарсы заттар
- •6.4.1. Ұшық кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.4.2. Тұмауды емдеу және алдын алу шараларында қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.3. Созылмалы вирусты гепатит (свг) кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.4 Ретровирустарға қарсы дәрілік заттар (аиж -инфекциясын емдеу)
- •6.4.4.1. Нуклеозидті аив транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары
- •6.4.4.2. Нуклеозидті емес қайтымды аив транскриптаза баяулатқышы
- •6.4.5. Жергілікті қолданылатын препараттар
- •6.5. Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.1. Амебиаз бен лямблиоз кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.5.2. Лейшманиозға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.3. Безгекке қарсы дәрілік заттар.
- •6.5.4. Пневмоцистоз бен токсоплазмоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •7. Бас сақинасына қарсы дәрілік заттар
- •7.1. Жедел ұстамаларды емдеу үшін
- •7.2. Алдын алу шаралары үшін.
- •8. Неопластикаға қарсы және иммуносупрессивті дәрілік заттар мен паллиативті емдеу кезінде науқастардың күтімі үшін қолданылатын дәрілік заттар
- •8.1 Иммносупрессивті препараттар
- •8.1.1. Антипролиферативті иммунодепрессанттар
- •8.1.2. Глюкокортикостероидтар
- •8.1.3. Моноклональды антиденелер
- •8.1.4. Басқа да иммунодепрессанттар
- •Цитотоксикалық заттар.
- •8.2.1. Алкилдеуші препараттар
- •8.2.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа днқ интеркаляторлары
- •8.2.3. Антиметаболиттер
- •8.2. 4. Өсімдіктерден алынған, сонымен қатар жартылай жасанды препараттар
- •8.2.5. Басқа да цитостатиктер
- •8.3. Гормонды және гормондарға қарсы препараттар
- •8.3.5. Антиэстрогендер
- •8.3.6. Антиандрогендер
- •8.4. Ісіктерге қарсы әсері бар, басқа топтағы фармакологиялық препараттар
- •8.5.1. Ферментті препараттар
- •8.4.2. Фитопрепараттар
- •8.5. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.
- •8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты
- •8.5.2. Цитопротективті заттар (амифостин)
- •8.5.3. Иммунды түрлендірушілер
- •8.5.4. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэз белсендірушілер
- •8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар
- •8.5.6. Арнамалы антидаттар
- •8.5.7. Құсуға қарсы заттар
- •9. Паркинсонизмге қарсы арналған дәрілік заттар
- •10. Қанға әсер ететін дәрілік заттар
- •10.1. Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
- •11. Қаннан алатын препараттар, плазманың орынын басушылар және парентеральді қоректенуге арналған заттар
- •11.1. Плазманың орынын басушы заттар
- •11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі
- •11.3. Парентеральды қоректенуге арналған заттар
- •12. Жүрек қан-тамырлар дәрілік заттары
- •12.1. Антиангинальды дәрілік заттар
- •Тұрақсыз стенокардия
- •12.2. Аритмияға қарсы дәрілік заттар
- •12.3. Қан қысымына қарсы дәрілік заттар
- •Препараттарды талдау кезіндегі қалаулар
- •Қандай да бір топ препараттарының артықшылық жағдайы
- •Гипертензияға қарсы заттардың абсолюттік және айқын кері көрсеткіштері
- •Монотерапия немесе біріктірілген терапия?
- •Келесі біріктірулердің рандомизирленген зерттеулерде қабылданған дәлелдемелер деңгейі бар:
- •12.4. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.5. Тромбаға қарсы дәрілік заттар
- •12.6. Артериялардың бітелу аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.7. Антихолестеринемиялық препараттар
- •13. Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдану үшін)
- •13.1. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар
- •13.2. Бактерияларға қарсы дәрілік заттар
- •13.3. Қабынуға қарсы және қышынуға қарсы дәрілік заттар
- •13.4. Тұтқырлаушы дәрілік заттар
- •13.5. Тері беті жасушаларының жетілуіне және пролиферация үдерісіне әсер ететін дәрілік заттар
- •13.6. Битшеңдік пен қышыманы емдеуге арналған дәрілік заттар
- •15. Антисептикалық және зарарсыздандырғыш заттар
- •15.1 Антисептиктер
- •16. Несеп айдағыштар
- •17. Асқорыту мүшелерінің ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •17.1 Антацидтік және басқа да жараларға қарсы дәрілік заттар
- •17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар
- •17.3. Көтеуге қарсы заттар
- •17.4. Қабынуға қарсы заттар
- •17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар
- •17.7 Іш өту кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •17.7.1. Пероральды регидратация үшін қолданылатын заттар.
- •17.7.2. Іштің өтуіне қарсы (симптоматикалық) дәрілік заттар.
- •17.7.3 Ішектің микроэкологиялық тепе-теңдігінің қалпына келуіне ықпалын тигізетін заттар
- •17.8. Ас қорыту ферменттерінің препараттары
- •17.9. Гепатопротекторлық әсері бар дәрілік заттар
- •18. Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және ұрықтануға қарсы дәрілер
- •18.1. Кортикостероидтар және жасанды аналогтары
- •18.2. Андрогендер
- •18.3. Ұрықтануға қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Жанама әсерлері
- •18.4. Эстрогендер
- •18.5. Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар
- •18.6. Овуляцияны белсендірушілер
- •18.7. Прогестагендер
- •18.8. Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар
- •18.9. Гипофиздің гормондары, гипоталамиялық гормондар және олардың аналогтары
- •19. Иммуномодуляторлар. Цитокиндер.
- •20. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары
- •21. Офтальмологиялық заттар
- •21.1. Бактерияға қарсы заттар
- •21.2. Қабынуға қарсы заттар
- •21.3. Жергілікті жансыздандырулар
- •21.4. Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар
- •21.5. Көз қарашығын кеңейтетін (мидриатикалық) заттар
- •21.6. Вирустарға қарсы заттар
- •22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар
- •22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар
- •22.2. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін тежейтін заттар
- •23. Гемодиализ жүргізуге арналған ерітінділер мен тұздар, концентраттар
- •24. Психотерапевтикалық дәрілік заттар
- •24.1. Антипсихотикалық дәрілік заттар
- •24.2. Көңіл күйдің бұзылуы кезінде, қолданылатын дәрілік заттар
- •24.2.1. Антидепрессанттар
- •24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар
- •24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар
- •24.4. Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен абыржу атқылауы кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •24.5. Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дәрілік заттар
- •24.6. Бас айналуды шеттетуге арналған заттар
- •24.7 Лекарственные средства, применяемые для лечения синдрома нарушенного внимания и гиперактивности детей
- •25. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар
- •26. Cу, электролиттер мен қышқылды-негіздік тепе-теңдік бұзылғанда түзетулер үшін қолданылатын ерітінділер
- •26.1 Пероральды ерітінділер
- •26.2 Парентеральды ерітінділер
- •27. Витаминдер және минеральды заттар
- •Таблетки 50 мг, 100 мг, 500 мг; раствор для инъекций 5%, 10%
- •Қосымша 1 Дәрілердің өзара әрекеттестігі
- •Дәрілік заттар әрекеттестігінің белгіленген ықпалдар тізімі
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3 Емшекпен емізу
- •Қосымша 4 Бүйрек жетіспеушілігі
- •Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықпен немесе қолдануға болмайтын дәрілік заттар кестесі
- •Қосымша 5 Бауыр жетіспеушілігі
- •Қосымша 6
- •Инструкция по проведению мониторинга побочных действий лекарственных средств
- •1. Общие положения
- •Қосымша 7 Фармакоэпидемиология
- •Қосымша 8 Фармакоэкономика
11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі
АЛЬБУМИН (ALBUMIN HUMAN)
Шығарылу түрі
Белсенді зат‑адам сары суының ақуызы. Егуге арналған ерітінді (1 мл‑0,1 г белсенді зат) 100 мл флаконда.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі
Жарақаттық және операциялық шок, күйіктер, сусызданумен және қанның құнарлығымен жүретін жағдайлар. Нутритивті дистрофия кезінде дамитын гипопротеинемия және гипоальбуминемия, нефротикалық синдромдарда, нефрозонефриттерде, бауыр циррозы, ұзақ жүретін ірінді үдерістерде. Науқастың тамақтануының бұзылуымен болатын АІЖ зақымдануы (жара аурулары, ісіктер және т.б.). Препараттар көк тамырға тамшылатып 50‑60 тамшы жылдамдықта минутына енгізіледі. Бір реттік мөлшері ‑200 мл.
Кері керсөткіш.
Тромбоз, артериальды гипертония, ішкі қан кетулер жалғасу кезінде.
Сақтандыру.
Жанама әсерлері.
Дене қызуының жоғарлауы, бел тұсының ауруы, есекжем.
Саудаға тіркелген атаулары: Альбумин.
Белсендірілген РЕкомбинантТЫ фактор VII
(FACTOR VII)
Шығарылу түрі
Ұнтақ 1,2 мг, 2,4 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі
Қан кетулер (сонымен қатар хирургиялық операция кездерінде алдын алу шаралары) туа пайда болған науқастардағы мен жүре пайда болған науқастардағы гемофилияның коагуляция факторларының (FVIII немесе FIX) баяулатқыштарымен.
К/т болюсты енгізу кезінде (2–5 мин). Мөлшерін жеке қолдану көрсеткіштеріне байланысты 3-6 КЕД диапазонында (60-120 мкг/кг) талдайды; ұсынылатын бастапқы мөлшер — 4,5 KEД (90 мкг)/кг. Енгізу арасы мен емнің ұзақтығы қанның кету ауырлығына, баяулатқыштардың болуына және талап етілетін фактор VII деңгейіне байланысты болады. Қатты қан кетулерде немесе үлкен операциялардан кейінгі емдеулер 2-3 аптаға созылуы мүмкін. егуге арналған ерітінді асептикалық жағдайларда дайындалынады. Араластыру алдында ұнтақты және еріткішіт бөлме температурасына дейін жылытады (37 °C жоғары емес), ерітуді препаратқа берілген нұсқау бойынша жасайды. Енгізуді ерітіндіні араластырғаннан кейін тез жасау керек, егер ерітінді тез егілмесе, ұзақтығы мен сақтау мерзіміне жауапкершілікті қолданушы береді. Араластырғаннан кейін препаратты тоңазытқышта 2-8 °C сақталғанда 24 сағат ішінде қолдануға болады. Ішінде ерімеген бөлшектерден тұратын ерітіндіні қолдануға болмайды.
Сақтандыру.
Аса сақтықты егер науқасқа хирургиялық операция жасалса, онда жаншылған жара болса сақтау керек, ауыр атеросклероз немесе тромбозды асқынуларда, септицемияда байқап қолдану тиіс. Бір мезгілде протромбин жиынтығының құнарлығын қолданудан бас тарту керек (белсендірілген немесе белсенді). Бір шприцте кез келген дәрімен бірге егуге болмайды.
Ерекше нұсқаулар: Қатты қан кетулерде препаратты стационарда қолдану керек. Жеңіл немесе орта қан кетулерде үйде емдеуге болады, гемофильді орталықпен немесе гематолог дәрігерімен тығыз байланыста болу қажет, бірақ 24 сағаттан артық емес. Егер қан кетуді тоқтату мүмкін болмаса, міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек.
Әрекеттесуі: қосымшаны қара…
Жүктілік: Жүктілік кезде — тек айқын қажеттілік кезде ғана.
Лактация кезеңі: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.
Жанама әсерлері.
Сирек жағдайларда — қызу, бастың ауруы, құсу, АҚ өзгеруі, қышыну, терінің қызаруы, жеке жағдайларда — тромбоциттер санының және фибриноген деңгейінің төмендеуі, ПДФ-тің және Д-диметраның пайда болуы, тромбозды асқынулар (сонымен қатар миокардтың инфаркты).
Саудаға тіркелген атаулары: Активированный рекомбинантный фактор VII
ФАКТОР VIII КҰНАРЛЫҚ
(FACTOR VIII CONCENTRATE)
Шығарылу түрі
Қанның VIII ұю факторы қанның қалыпты сары суындағы қалыпты ақуызы болып табылады, моноклональды әдіспен алынған қанның үлгілерінің пуласын тазалау арқылы. Әртүрлі млшерде бір рет қолдануға арналған сауыттарда шығарлады
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі
Ұюдың VIII факторының жетіспеушілігі анықталынған А типті гемофилиямен ауыратын науқастарды емдегенде. Жеке мөлшерлеу науқастың емге дейінгі және емнен кейінгі белгілі ара қашықтықтықта ұю ерекшелігіне байланысты болып келеді. Антигемофильді VIII фактордың бір бірлігі қалыпты адам плазмасындағы 1 мл пулға сәйкес болып келеді. Стационардағы науқастар үшін бір реттік мөлшер 1 кг дене салмағына 20‑50 бірлікті құрайды, ерекше жағдайларда мөлшерін жоғарлату мүмкін; препарат көбінесе әр 12‑24 сағат сайын енгізіледі, ерекше жағдайларда жиі жасалады.
Кері керсөткіш.
Тышқан ақуызына жоғары сезімталдық, себебі кейде тазартылған моноклональды факторларда тышқан ақуыздарының іздері қалады.
Сақтандыру.
Вирустармен зақымдану тәуекелі толығымен алып тасталмайды. Себебі антигемофильді фактор әртүрлі плазма пулаларынан дайындалған, оларда патогенді вирусты гепатит қоздырғыштары болуы мүмкін. Антигемофильді фактор қанның изогемагглютининнің А және В топтар іздері болады, сондықтан факторларды үлкен мөлшерлерде енгізгенде немесе жиі қолданғанда қанның А, В, АВ топтарындағы науқастарда қаныаздықтың өрлеуін монитор жасау керек және тамыр ішіндегі қанның гемолиз мүмкіндіктерін ескеру керек. Препаратты енгізу алдында және емшара кезінде жүректің соғу жиілігін және плазмадағы антигемофильді фактор деңгейін бақылау қажет.
Жанама әсерлері.
Жүрек‑қан тамырлар жүйесінде: қызару, тахикардия. Орталық жүйке жүйесінде: парестезия, бастың ауруы. Асқазан‑ішек жолдарында: жүректің айнуы, құсу. Басқалары: аллергиялық, вазомоторлы реакциялар, тамақта және көкіректе қысылу (жұтыну мен тыныс алудың қиындауы).
Саудаға тіркелген атаулары: Фактор VIII концентрат.
Фактор IX комплекс
(Factor IX complex)
Шығарылу түрі
Лиофилизирленген ұнтақ 600 МЕ, 1200 МЕ
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі
Фактор IX жетіспеушілігі кезіндегі геморагиялық синдром (туа пайда болған немесе жүре пайда болған), гемофилия В және А (монотерапия немесе фактор VIII баяулатқыштарымен біріктіріп қолдану), кумаринді антикоагулянттармен жүргізілетін терапия (сонымен қатар жарақаттар мен операция кезінде). К/т, құю немесе тамшылатып, бірақ 2 мл/минутынан артық емес. Мөлшерлеу тәртібін жеке қанның ІХ фарторын бақылау арқылы белгілейді. Шұғыл жағдайларда бірінші мөлшер — 1 МЕ/кг ІХ фактор деңгейін 0,5–1% жоғарлатады, ал келесі осы мөлшердің енгізілуі — 1–1,5% жоғарлатады. Тісті жұлғанда және кіші операциялар кезінде ІХ фактор деңгейі қалыпты 30% төмендемеуі тиіс, асқазан-ішек жолдарынан қан кетулерде — 30–50% төмен, ал бас ішінің қан құйылуында немесе үлкен операцияларда — 60% төмен. Қан кетудің ұзақ алдын алу шараларында (ауыр гемофилия B) — 18–30 МЕ/кг аптасына бір рет немесе 9–15 МЕ/кг-нан 2 реттен аптасына.
Кері керсөткіш.
Жоғары сезімталдық, жедел тромбоз, жедел миокард инфаркты, ҰТБ синдромы, фактор VII жетіспеушіліг, жүктілік және емшекпен емізу.
Сақтандыру.
ІХ факторға түзілген антиденелер жартылай немесе толығымен препаратты демеулеуі мүмкін екендігін есте сақтау керек; бұл жағдайларда мөлшерді жоғарлату және белсендірілген протромбин фактор жиынтығын және/немесе иммуносупрессорларды қолдану ұсынылады. Пульстың шамалы жиілеуі кезінде, енгізуді баяулатады немесе доғарады.
Тромбоз және ҰТБ-синдром тәуекелі жоғарлайды.
Әрекеттесуі: қосымшаны қара…
Жүктілік: Жүктілік кезінде қолдану кері көрсетілген.
Лактация кезеңі: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.
Жанама әсерлері.
Инфекциялық ауруларға тұрақтылықтың төмендеуі, тромбоэмболия, аллергиялық және иммунопатологиялық реакциялар: арқаның ауруы, жүректің айнуы, есекжем, тахикардия, артериальды гипотензия, ентігу, анафилактикалық реакциялар; ІХ факторға антиденелер түзілуі мүмкін.
Саудаға тіркелген атаулары: Фактор IX комплекс.
АНТИИНГИБИТОРЛЫ КОАГУЛЯНТТЫ ЖИЫНТЫҚ
Шығарылу түрі.
Инфузия дайындау үшін лиофилизирленген ұнтақ 500 ЕД, 1000 ЕД
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Науқастардағы қан кетудің алдын алу шаралары мен емдеу: ингибиторлы гемофилия А; ингибиторлы гемофилия В; жүре пайда болған VIII XI дәне XII факторларына ингибиторлар.
Мөлшері мен емдеу ұзақтығы гемостаз бұзылуының ауырлығына, орналасуына және қан кету күшіне, сонымен қатар науқастың клиникалық жағдайына байланысты болады. Мөлшерін талдауда және енгізу жиілігінде әр жағдайда жеке клиникалық тиімділікке сүйену керек. Жалпы әдістемелік ұсыныс ретінде препараттың 50-ден 100 бірлікке дейінгі мөлшерін дене салмағына тағайындауды атауға болады. Бұл кезде бір реттік мөлшерді дене салмағына 100 бірлік/кг жоғарлатпау керек және тәуліктік мөлшер 200 бірлік/кг дене салмағынан аспауы тиіс.
Өздігінен болатын қан кетулер. Бұлшық ет буындарына және жұмсақ тіндерде қанның жиналуы
Кіші және орта қарқынды қан кетулер жағдайында дене салмағына 50-ден 75 бірлік/кг мөлшері әр 12 сағатта ұсынылады. Емді айқын клиникалық жақсару белгілері пайда болғанша, ауырсынудың басылуына дейін және буынның көлемі кішірейіп, қозғалысы қалпына келгенше жалғастыру керек. Бұлшық етке және жұмсақ тіндерге, мысалы құрсақ сыртының гематомасында үлкен қан жиналу жағдайларында, ұсынылатын мөлшер әр 12 сағатта дене салмағына 100 бірлік/кг құрайды..
Шырышты қабаттардан қан кетулерде
Дене салмағына 50 бірлік/кг мөлшерді әр 6 сағатта науқасты қатаң қадағалаумен ұсынылады (қан кету жерінің жағдайы, гематокриттің). Егер қан кету доғармаса бір реттік мөлшерді дене салмағына есептегенде 100 бірлік/кг жоғарлатуға болады, бірақ тәуліктік мөлшерден 200 бірлік/кг тәулігіне жоғарлатуға болмайды
Басқада ауыр қан кетулер
Айқын геморрагиялық синдром, мысалы ОЖЖ-не қан жиналуды препараттың бір реттік мөлшерін 100 бірлік/кг дене салмағына әр 12 сағатта енгізуде тиімді болған. Жеке жағдайларда айқын клиникалық жақсартуларға қол жеткізгенше ара қашықтығы 6 сағаттан енгізуге болады, бірақ тәуліктік ең жоғарғы мөлшер 200 бірлік/кг дене салмағынан аспауы керек
Хирургиялық араласуларда
Перпараттың ұсынылатын бір реттік мөлшерін 50-100 бірлік/кг дене салмағына әр 6 сағатты құрайды, ең жоғарғы тәуліктік мөлшерден 200 бірлік/кг дене салмағынан аспауы керек
Гемофилия А ингибиторлы түрімен ауыратын науқастардағы қан кетулердің алдын алу шараларында иммунотолерантты ем (ИТЕ) бағдарламасын жүргізу үдерісінде немесе ИТЕ тиімсіздігі кезінде
Жоғары титрлі ингибитор науқастарына ( high responders ) және анамнезенде жиі геморрагияда ми в анамнезе можно назначать в сочетании с концентратами фактора VIII фактор концентратымен біріктіріп, бір реттік мөлшерде 50-ден 100 бірлік/кг дене салмағында әр 12 сағатта VIII фактор ингибиторының деңгейі 1 BU * төмендегенше береді. Егер иммунды тұрақтылыққа VIII фактордың жоғары мөлшерімен емдеуде қол жеткізбесе, онда қан кетулердің алдын алу шаралары үшін монотерапия көрсетілген, бір реттік мөлшерде 50-ден 100 бірлік/кг дене салмағында аптасына үш реттен көрсетілген
Енгізу әдісі
Дайындалған ерітінді көк тамырға баяу, жылдамдығы препараттың дене салмағына минутына 2 бірліктен енгізіледі
Кері көрсеткіштері.
Кейінгі көрсетілген кері көрсеткіштер қолданылатын бара-бар емдеу әдістерінің мүмкіндіктеріне тәуелді салыстырмалы немесе абсолюттік болуы мүмкін. Келесі жағдайларда препарат қолданылуы мүмкін, егер сәйкес ұю факторының концентраттары қолданғанда тиімсіз болғанда, мысалы ингибитор титрінің жоғары болуы:
Диссеминирленген тамыр ішінің ұюы (ДТІҰ): ДТІҰ айқын зертханалық тексерулер мәліметтері көрсеткен кезде және/немесе клиникалық суреттер көрсеткенде; ұю факторының белсендірілген клиренсі баяулану салдарынан ДТІҰ даму тәуекелінің жоғарлауына байланысты бауырдың зақымдалу белгілерінің клиникалық немесе/және зертханалық гистологиялық белгілері
Миокардтың инфаркты жедел тромбоз және/немесе эмболия. Науқастағы жорамалданған немесе белгіленген диагнозды жүректің ишемиялық ауруы, сонымен қатар жедел тромбоз немесе/және эмболияда, қолдану тек өмірге қауіпті қан кетулерде ғана
Сақтандыру.
Препарат тек енгізер алдында ғана ерітілуі тиіс. Тұнық емес немесе ішінде қалқып жүрген ерітінділер қолданылмайды. Барлық қолданылмаған ерітінділер жоюлуы тиіс. Енгізу жылдамдығын жоғарлатуға болмайды – минутына дене салмағына 2 бірліктен.
Жоғары сезімталдық реакциясы пайда болған кезде препаратты енгізуді доғару керек. Жеңіл аллергиялық реакцияларды шеттету үшін антигистаминді препараттарды тағайындау жеткілікті. Анафилактикалық шок жағдайларында – шоктарға қарсы терапия жүргізіледі. Науқасқа сәйкес вакцинация қарастырылу керек. Әсіресе төмен тұзды емдәмді қабылдайтын науқастарға көңіл қою керек, себебі препараттың ең жоғарғы тәуліктік мөлшерінде натрия саны 200 мг-нан жоғары болуы мүмкін.
Емдеу барысындағы бақылау
Бір реттік мөлшерден 100 бірлік/кг және тәуліктік мөлшерден 200 бірлік/кг дене салмағынан аспауы керек. Ең жоғарғы бір реттік мөлшер алатын науқастарда ҰБС дамуына немесе/және жедел жүрек тамырларының ишемия симптомдарына бақылаулар жүргізу керек. Жоғары мөлшерлер тек қан тоқтату уақытында ғана тағайындалуы тиіс. Артериалды қысым, пульс жиілігі, тыныс алудың қиындау бұзылыстарының шамалы көріністерінде, көкірек қуысының ауырсынуында және жөтел пайда болғанда препаратты енгізуді доғару керек және осыған байланысты диагностикалық және емдеу шараларын жүргізу қажет. ҰБС синдромының зертханалық көрсеткіштеріне фибриногеннің төмендеуі, тромбоциттер санының азаюы және/немесе фибрин/фибриноген деградация өнімінің пайда болуы, сонымен қатар протромбин уақытының тромбиногенінің шымылы ұзаруы немесе АЧТВ
Гемофилиямен зардап шекпейтін науқастар
VIII XI және XII факторларынан қарсы жүре пайда болған ингибиторы бар науқастарда бір мезгілде жоғары қан кету белгілері, сол сияқты және тромбоз тәуекелінің жоғарылығы болуы мүмкін
Зертханалық сараптамалар және клиникалық тиімділік
in vitro емдеу тиімділігін бақылау үшін жүргізілетін сараптамалар нәтижелері, оларға АЧТВ, қанның ұю уақыты және тромбоэластограмма жатады, бұлар клиникалық жақсарумен түзетілмеуі мүмкін. Сондықтан осы көрсеткіштерді мөлшерін жоғарлату арқылы қалпына келтіру сәтсіз болуы мүмкін, бірақ және мөлшерден тыс қолдану ҰБС даму тәуекелін жоғарлатады
Тромбоциттердің санау маңызы
Препарат әсерін жүзеге асыру үшін, емге дұрыс жауап бермеген жағдайларда тромбоциттер санын бақылауда, функционалды белсенді тромбоциттер саны қажет
ЕРЕКШЕ ҰСЫНЫСТАР
Препарат адам плазмасынан жасалады. Адам плазмасынан жасалған медициналық препараттарды қолданғанда, белгілі, сонымен қатар әлі белгісіз жұқпалы аурулардың берілу тәуекелін толық алып тастауға болмайды. Қолданылатын тазарту технологиясының тиімділігі кейбір қабықсыз вирустарға, мысалы парвовирустар В19 сияқтыларға шектеулі болуы мүмкін. В19 парвовирус инфекциясы жүкті әйелдер (ұрыққа жұғуы) мен иммунды жетіспеушілік науқастары үшін және эритроциттердің жоғары өнімінде (мысалы, гемолитикалық қаназдық) қауіпті болуы мүмкін.
Әрекеттесуі: Препаратты антифибринолитикалық препараттармен біріктіріп қолдану ұсынылмайды, мысалы, Е-аминокапрон қышқылымен. Егер антифибринолитиктерді аталған препаратпен бірге тағайындаса, препараттарды енгізу 6 сағаттық үзіліспен енгізеді.
Жүктілік пен лактация: Жүктілік пен емшекпен емізу кезінде қолдану қауіпі белгіленбеген. Жануарларға жасалатын эксперименттер жүктілік және пери- және постнатальды кезеңдердегі эмбрионның немесе ұрықтың репродуктивті қызметіне әсеріне мүмкіндік бермейді. Тромбоздың жоғары тәуекелділгіне байланысты, жүктілік кезінде препаратты тағайындау тек бара-бар ем болмаған кезде ғана және қатаң медициналық бақылау жағдайларында ғана тағайындалынады.
Жанама әсерлері
Жоғары жылдамдықпен енгізу қатты ауырсынуды, беттің және аяқ-қолдың жансыздануын, артериалды гипотензия туғызуы мүмкін.
Жиілігі (>1:100): Жалпы – Жоғары сезімталдық реакциясы.
Жиі емес (>1:1000): Теріде – есекжем.
Сирек (>1:10000 и<1:1000): Жалпы: Анафилаксия, ҰБС-синдромы, тромбоэмболиялық асқынулар.
Өте сирек (<1:10000): Өте сирек жағдайларда ұсынылған ең жоғарғы тәуліктік мөлшерден асып кеткенде және/немесе тромбоэмболиялық ауруларға бейім болып келетін тәуекел факторларында миокардтың инфаркты дамуы байқалған.
МӨЛШЕРДЕН ТЫС
Препаратты мөлшерден тыс қолданғанда тромбоэмболия, ҰБС синдромы және миокардтың инфаркты сияқты жанама әсерлерінің тәуекелі жоғарлауы мүмкін
Саудаға тіркелген атауы: Фейба Тим 4 Имунно (Бакстер АГ).
