Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар

Антихолинергиялық және басқа да спазмолитикалық заттарға тән, тегіс бұлшық еттерді босату қабілеті бар дәрілерді диспепсияда, тоқ ішектің тітіркену синдромында және дивертикулитте қолдану мүмкін. Кәдімгі антихолинергиялық заттардың антисекреторлы ықпалының тәжірибелік маңызы жоқ, себебі атропин тәрізді жанама әсерлері мөлшерлеу факторларымен шектеледі. Сонымен қатар олар күшті және арнайы секреторлы заттармен ығыстырылған, мысалы b-гистамин рецепторларының тежегіштерімен және протонды насостың баяулатқыштарымен.

Асқазан ішек жолдарының тегіс бұлшық еттерінің тарылуы кезінде қолданылатын антихолинергиялық заттарға атропин және скополамин бутилбромид жатады.

АТРОПИН

(ATROPINE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, атропин сульфат 500 және 50 мкг. Егуге арналған ерітінді 1 мг/мл (0,1%) [ӘДҰ ұсынылған].

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Диспепсия, тітіркендірілген ішек синдромы, дивертикулит; пилороспазм, холелитиаз, холецистит, жедел панкреатит, гиперсаливация,  ішек шаншулары, өт шаншулары, бүйрек шаншулары. Премедикация; мидриаз және циклоплегия; уланулар. Диспепсия, тітіркендірілген ішек синдромы, дивертикулит, ішке, ересектерге 0,6–1,2 мг түнде, 0,25–1 мг тәулігіне 1–3 реттен (мөлшерді жеке талдайды, жеңіл ауыздың құрғауы пайда болғанша). Балаларға, жасына байланысты, — 0,05–0,5 мг тәулігіне 1–2 рет. Жоғары бір реттік мөлшер — 1 мг, тәуліктік — 3 мг. Т/а, б/е немесе к/т — 0,25–1 мг тәулігіне 1–2 реттен. Ересектерде брадикардияны шеттету үшін – 0,5–1 мг к/т, қажет жағдайда енгізуді 5 минуттан кейін қайталау; балаларға — 10 мкг/кг. М-холиномиметиктермен және антихолинэстеразды дәрілік заттармен уланғанда 1,4 мл 0,1% ерітіндіні к/т енгізеді (шприц-тюбик), холинэстаразамен біріктіріп қолданған тиімдірек. Премедикация үшін ересектерге 0,4–0,6 мг б/е енгізу 45–60 минут анестезияға дейін; балаларға — 0,01 мг/кг.

Кері көрсеткіштері

Жабық бұрышыты глаукома; миастения; салды илеус (динамикалық ішектің бітелуі); қақпаның стенозы; аталық безінің қатерсіз гиперплазиясы.

Сақтандыру

Балаларға, егде жастағылар мен Дауна синдромымен ауыратын науқастарға (жанама әсерлерінің жоғарлау тәуекелі; гастроэзофагеальды рефлюкс; диарея; жаралы колит; жедел миокардтың инфаркты; гипертензия; гипертиреоз; жүрек жетіспеушілігі; жүрекке операция жасаған жағдайлармен байланысты, тахиракдиямен сипатталатын; қызба.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді. Лактацияны баяулатуы мүмкін.

Жанама әсерлері

Штің қатуы; транзиторлы брадикардия (келесі тахикардия мен аритмия); бронхиальды секрецияның төмендеуі, несеп бөлуге жедел шақырулар және несептің ұсталуы; аккомодацияның жоғалуымен жүретін қарашықтың кеңеюі, фотофобия, ауыздың құрғауы, тасқыну және терінің құрғауы; кейде естің шатасуы (әсіресе егде жастағыларда), жүректің айнуы, құсу және бастың айналуы.

Саудаға тіркелген атауы: Атропина сульфат.

ДРОТАВЕРИН

(DROTAVERINE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 0.04 г. Егуге арналған ерітінділер (1 мл‑0.02 г белсенді заттар).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бүйрек шаншуы, өт қабының шаншуы, өт шығару және өт қабығының гипермоторлы дискинезиясы, холецистит. Ішектің шаншуы. Пилороспазм. Асқазан мен ұлтабар жараларының асқыну фазасында (құрама емнің ішінде). Шеткі артериальды тамырлардың, бас ми тамырларының тарылуы кезіндегі ауыру синдромы. Альгодисменорея. Түсік қауіпі және ерте босану кездерінде. Кейбір құралдармен зерттеу жүргізу үшін, холецистография. Ересектерге ішке 40‑80 мг тәулігіне 3 реттен тағайындайды; к/т, б/е немесе тері астына 2‑4 мл тәулігіне 1‑3 рет. Бүйрек және бауыр шаншуларында препаратты баяу к/т 2‑4 мл мөлшерде енгізеді. Шеткі тамырлардың тарылуы кезінде препаратты күре тамырға енгізуге болады. Балаларға 6 жасқа дейін бір реттік мөлшерде 10‑20 мг тағайындайды; балаларға 6 жастан 12 жасқа дейін ‑20 мг; тағайындау реті тәулігіне 1‑2 рет.

Кері көрсеткіштері

Препараттарға жоғары сезімталдық.

Сақтандыру

Жүрек тамырларының айқын атеросклерозымен ауыратын науқастарға өте байқап қолданады.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы жоқ.

Емшекпен емізу: мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Бас айналу, жүрек соғу, шөлдеу сезімі, тершеңдік болуы мүмкін. К/т енгізу кезінде АҚ төмендеу жағдайлары байқалған (коллапсқа дейін), AV тежелуі, аритмияның пайда болуы, тыныс алу орталығының тежелуі.

Саудаға тіркелген атауы: Дротаверин, Носпазин, Спазмол.

ПЛАТИФИЛЛИН

(PLATYPHYLLINE)

Шығарылу түрі.

Егуге арналған ерітінді 0,2%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бүйрек, бауыр және ішек шаншулары. Асқазан мен ұлтабардың жара ауруларындағы жедел спастикалық аурулары. Бронхиальды ентікпе науқастарына көмекші заттар ретінде.

Тәулігіне бір реттік мөлшерде 1‑2 мл тағайындалынады. Емдеу курсының ұзақтығын жеке тағайындайды.

Кері көрсеткіштері

Глаукома, бүйрек пен бауырдың органикалық аурулары.

Сақтандыру

Жүрек тамырларының айқын атеросклерозымен ауыратын науқастарға өте байқап қолданады.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы жоқ.

Емшекпен емізу: мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Ауыздың құрғауы, жүректің соғуы, қарашықтың кеңеюі, ОЖЖ қозуы (әсіресе жоғары мөлшерлерді қолданғанда) болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Платифиллина гидротартрат

МЕБЕВЕРИНА ГИДРОХЛОРИД

(Mebeverine)

Шығарылу түрі. Ұзақ әсерлі капсула 200 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ересектерде — АІЖ мүшелерінің спазмы (сонымен қатар органикалық аурулармен байланысты), ішек шаншулары, өт қабының шаншулары; тітіркен ішек синдромы (ауыру мен спазмдарды симптоматикалық емдеу, сонымен қатар ішек бұзылыстары мен дискомфорт). Ішке, шайнамастан, мүмкін болса тамақтың алдында, көп мөлшерде сумен ішу, ересектерге 200 мг-нан тәулігіне 2 реттен.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық, порфирия.

Сақтандыру.

Емделу кезінде бас айналу мүмкіндіктеріне байланысты, транспорт, көлік және механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы жоқ. Егер емнен күтілетін ықпал ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса, жүктілік кезінде қолдану мүмкін.

Емшекпен емізу: Терапиялық мөлшерде мебеверин төс сүтіне өтпейді.

Жанама әсерлері.

Бастың айналуы (жеке жағдайларда), диарея немесе іштің өтуі, терінің аллергиялық реакциялары.

Шамадан тыс: Симптомдары: ОЖЖ-нің қозуы. Емдеу: АІЖ-нан сіңірілмеген препаратты алып тастау (асқазанды жуу, белсендірілген көмір), симптоматикалық және ұстап тұрушы ем. Арнамалы антидоты жоқ.

Саудаға тіркелген атауы: Дюспаталин.

17.6 Іш жүргізетін дәрілер

МАКРОГОЛ 4000

(MACROGOL)

Шығарылу түрі.

Пероральды ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Іштің қатуы (ересектерде симптоматикалық емдеу)В. Ішке тәулігіне 10-20 г 200 мл суда ерітілген түрде.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Тоқ ішектің шырышты қабатының эрозивті-жаралы зақымдалуы (жаралы ректоколит, Крон ауруы), ішектің бітелуі (жартылай және толық), себебі белгісіз абдоминальды аурулар, жүктілік, емшекпен емізу кезінде.

Сақтандыру

Ұзақ қолданулар электролиттердің жоғалуына, психикалық үйренгіштікке әкеледі

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С.

Емшекпен емізу: емшек сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ, адамдарда асқынулар тікелмеген. Қолбанбау керек.

Жанама әсерлері

Абдоминальды аурулар, диарея, аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Форлакс®.

ЛАКТУЛОЗА

(LACTULOSE)

Шығарылу түрі.

Сауыттағы шәрбет.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бүйректің прекомасы және комасы (емдеу және алдын алу шаралары). ГипераммониемияВ – 45 мл/тәу 8 апта, 60 мл/тәу 30 күндей. Бауыр энцефалопатиясыВ. 20 мл 2 реттен тәулігіне 15 күн немесе 25-60 мл тәулігіне 3 ай. Алдын алу шараларында: 30-50 мл (90-190 мл дейін) 3-4 реттен тәулігіне 2-3 ретке дейін тәулігіне дефекацияға қол жеткізгенше. Микроклизма түрінде 300 мл 700 мл суда ерітеді, 180 мл әр 4 сағат сайын енгізеді. Созылмалы іштің қатуындаВ. 15 мл 2 рет тәулігіне. Энтерит (сальмонеллезді)D 15 мл тәулігіне 3 ретен бірінші 10-12 күндей. Ерте жастағы балалардағы тамақпен жедел улану кезінде болатын шіріген диспепсиялық синдромдаD – 15-30 мл/тәулігіне. ПарадонтозC – 15-30 мл/тәулігіне. Көтеу түйіндерін алып тастағаннан кейінгі болатын ауыру синдромыB.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, төспен емізу, жүктілік, тік ішектен қан кетулер, колоно-илеостома, соқыр ішекке күмәндану, галактоземия, ішектің бітелуі.

Сақтандыру.

Қан диабетімен ауыратын науқастарға қолданғанда – 15 мл лактулоза 1,2 г дейін құрайды лактоза және 2,2 г галактоза, ол бір шама глюкоза деңгейінің жоғарлатуына әкеледі. Егде жастағыларда, лактулозаны 6 айдан артық қолданғанда электролитерді бақылау керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ. Қолданбау керек.

Жанама әсерлері

Абдоминальды аурулар, диарея, аллергиялық реакциялар

Саудаға тіркелген атауы: Дюфалак, Имопер, Осмолак, Флорелек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]