Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

21. Офтальмологиялық заттар

Көзге енізілуге арналған препараттар шығарылуы кезінде зарарсыз болуы керек. Мүмкіндігінше бір реттік контейнерлерді қолданған дұрыс; көп қолданылатын дәрілік түрлер құрамына микробтарға қарсы заттар кіруі керек және құрамның былғануынан болдырмас үшін аса сақтықпен қолданылуы тиіс; аппликатордың көзбен және басқа да беткеймен қатынаста болмауы керек.

Көз тамшыларын төменгі конъюнктивальды қапшыққа тамызады, ол үшін астыңғы қабақты жай төмен тартып, пайда болған қалтаға бір тамшы тамызады. Тамызғаннан кейін көзді мүмкіндігінше ұзақ жабық ұстау керек, 1-2 минут. Осындай жолмен көз майлары да жағылады, ол көзді ашып-жұмғанда еріп, бүкіл көзге жағылады.

Егер бір мезгілде екі түрлі дәріні көз тамшысында тамызу керек болса, олардың араласуы немесе бірден тамызғаннан ағып кетуі мүмкін, сол себепті екі дәріні тамызу кезінде 10 минуттық аралықпен жасау керек.

Жүйелік қан айналымға сіңірілуін азайту үшін, көз тамшысын тамызғаннан кейін, көздің медиальды бұрышындағы жас қапшығын бір минутқа саусақпен басып тұру керек. Бұл тамшының мұрын жас түтікшесі арқылы ағуын жабуға көмектеседі.

21.1. Бактерияға қарсы заттар

ГЕНТАМИЦИН

(GENTAMICIN)

Шығарылу түрі. Ерітінді (көз тамшысы) 0,3% [ӘДҰ ұсынылған].

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Блефарит; бактериальды конъюнктивит.

Әлсіз немесе орташа инфекция, зақымдалған көзге тамызу, ересектерге және балаларға — 1 тамшыдан әр 2 сағатта, жақсаруына қарай тамызу жиілігін азайту (инфекцияны бақылау) және толық жазылғаннан кейін 48 сағат бойы жалғастыру керек. Ауыр инфекция, көзге тамызу, ересектерге және балаларға — 1 тамшыдан әр сағат сайын, жақсаруына қарай тамызу жиілігін азайту (инфекцияны бақылау) және толық жазылғаннан кейін 48 сағат бойы жалғастыру керек.

Кері көрсеткіштері

Аминогликозидтерге жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Ұзақ қолданғанда терінің сенсибилизациясына әкелуі мүмкін және тұрақты микроорганизмдердің, зеңдердің пайда болуына әкеледі; ірінді бөлінулер пайда болғанда емді доғару керек, қабыну немесе аурудың күшеюі.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы С. Жүйелік қолдану кезінде ұрықтың қайтымсыз кереңдігін туғызады.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне енеді, асқынулар тіркелмеген.

Жанама әсерлері

Күйдіру сезімі, шаншу, қышыну, дерматит.

Саудаға тіркелген атауы: Гентамицин.

Сульфацетамид

(Sulfacetamide)

Шығарылу түрі. Ерітінді (көз тамшысы) 20%, 30 %

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Конъюнктивит, блефарит, қасаң қабақтың ірінді жаралары, нәрестелердегі және ересектердегі көздің соз аурулары. 1—2 тамшыдан әр 2-3 сағатта күндіз және түнде әр 3-4 сағатта.

Кері көрсеткіштері

Сульнаниламидтерге анамнезенде токсико-аллергиялық реакциялардың болуы.

Жанама әсерлері

Тіндерді жергілікті тітіркендіру.

Саудаға тіркелген атауы: Сульфацил натрия.

ТЕТРАЦИКЛИН

(TETRACYCLINE)

Шығарылу түрі. Көз майы 3% 15 г, 30 г (гидрохлорид) [ӘДҰ ұсынылған].

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Көздің беткейлік бактериялы инфекциясы; эндемиялық аймақта трахоманы жаппай емдеу; нәрестелердегі Neisseria gonorrhoea немесе Chlamydia trachomatis туғызатын конъюнктивиттің алдын алу шараларында (нәрестелердің бленнореясы).

Беткейлік бактериялы инфекция, көзге жағу, ересектерге және 8 жастан үлкен балаларға — 1 емшара майды жағу күніне 3-4 реттен.

Нәрестелердегі конъюнктивиттің алдын алу шаралары үшін, көзге жағу, туылғаннан кейін нәрестелердің көзін зарарсыз дәкемен сүрткеннен соң, 1 емшара майды әр көзге жағада; қабағын жауып, майдың таралуын жақсарту үшін ақырын уқалау керек.

Трахома, үзілісті ем, көзге жағу, ересектерге және балаларға, бір емшарадан әр көзіне жағу, әлде күніне екі реттен 5 күн бойы, әлде бір рет күніне 10 күндей әр ай сайын, 6 ай бойы, қажет кезде қайталу керек.

Трахома, ұзақ қарқынды терапия, көзге жағу, ересектер мен балаларға, бір емшарадан майды әр көзге жағу, күніне екі реттен, ең аз дегенде 6 апта бойы.

Кері көрсеткіштері

Тетрациклиндерге жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Ұзақ қолдану тұрақты микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкеледі (сезімталдығы жоқ).

Жанама әсерлері

Бөртпелер; сирек – шаншу, күйдіру.

Саудаға тіркелген атауы: Тетрациклин.

ХЛОРАМФЕНИКОЛ

(CHLORAMPHENICOL)

Шығарылу түрі. Ерітінді (көз тамшысы) 

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Көздің бактериялық инфекциясы. Көз тамшысын зақымдалған көзге 1-2 тамшыдан әр 1-4 сағатта тамызу.

Кері көрсеткіштері

Хлорамфениколға жоғары сезімталдық..

Жанама әсерлері

Бөртпелер; сирек – шаншу, күйдіру.

Саудаға тіркелген атауы: Левомицетин.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]