Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар

22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар

Медициналық түсіктерді жүргізу үшін, тууды шақыру және белсендіру және плацент жабысқан жерден қан кетуді азайту үшін простагландин (ПГ) препараттары мен окситоцин тобы қолданылады. Осы ДЗ, сонымен қатар эргометрин жиырылудың туғызған айқындылығына байланысты, әртүрлі қарқынды ауырумен жүретін, жатырдың жиырылуын туғызады. Жатырға әсер етуінен басқа, окситоцин препараттары гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі лактотропты гормонның бөлінуін күшейту арқылы, сүттің секрециясын жоғарлатады. Қастауыш алколоидтары миметрияның жиырылу белсенділігін және тонусын жоғарлатады; оларды жатырдан қан кетуде және босанғаннан кейін жатырдың кері дамуын тездету үшін қолданады.

Түсік жүргізу. ПГЕ2 динопростон мен жасанды ПГЕ1 аналогтары мизопростолды қолдану мүмкін. Алдын ала антигестагенді препарат мифепристонды енгізу дәрілік жүктілікті үзуді жеңілдетуі мүмкін.

Тууды шақыру және белсендіру. Әйелдердегі интакты ұрық көпіршігімен тууды демеу үшін, динапростонды қолданған дұрыс. Әйелдерде ұрық көпіршігінің жарылған кезде, тууды шақыру үшін динапростан мен окситоциннің ықпалы тепе-тең болып келеді.

Жатырдан қан кетудің алдын алу мен тоқтауда. Эргометрин мен окситоцинді қолдануға болады. Жүктіліктің ерте сатысында окситоцин мен эргометринді біріктіріп қолдану, анағұрлым тиімдірек, оларды жеке қолданғанға қарағанда.

Метилэргометрин

(Methylergometrine)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 0,2%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жоғары сезімталдық, жүктілік, босанудың 1--ші және 2-ші кезеңі ұрық басы көрінгенше (жатыр бұлшық еттерінің тоникалық жиырылуы ұрықтың асфиксиясын туғызуы мүмкін).

Ішке, б/е және к/т. Парентеральды енгізгенде бір реттік мөлшер 0,1–0,2 мг-нан (0,5–1 мл 0,2% ерітінді), ішке — 1–2 табл. күніне 2–3 реттен. Парентеральды енгізуді ішке қабылдаумен біріктіруге болады. Атониялық жатырдан қан кету кезінде — 0,2 мг-нан б/е немесе 0,1–0,2 мг-нан к/т, 2 сағаттық үзіліспен қайта енгізуге болады. Субинволюция терапиясы, лохиометр, босанғаннан кейінгі қан кету кездерінде — ішке 0,125–0,25 мг-нан немесе т/а, б/е 0,1–0,2 мг-нан тәулігіне 3 реттен. Босанудың екінші кезеңін белсенді жүргізгенде — иықтың алдыңғы бөлігі көрінгенде 0,1–0,2 мг-нан к/т баяу енгізеді немесе тура бала шыққаннан кейін (кеш емес). Жалпы жансыздандыру жағдайында босанған кезде — 0,2 мг-нан. Кесар тілігі кезінде — баланы алып шыққаннан кейін к/т 0,05–0,1 мг-нан немесе б/е 0,2 мг-нан егеді. Түсік кездерінде, жатыр мойынының түтігін кеңейткеннен кейін — к/т 0,1–0,2 мг-нан. Өздігінен болатын түсіктерде — к/т 0,05–0,1 мг.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік, босанудың 1--ші және 2-ші кезеңі ұрық басы көрінгенше (жатыр бұлшық еттерінің тоникалық жиырылуы ұрықтың асфиксиясын туғызуы мүмкін).

Сақтандыру.

Гипертония, ЖИА, қос жарғақты қақпақша стенозы, тамырлардың окклюзивті зақымдалуы, сепсис, бауыр мен бүйректің патологиясы.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Баланың туылғанынан кейін тура қолданғанда (егер плацент жатыр ішінде болса) қағанақтың бөлінуіне кедергі жасайтынын ескері керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Абдоминальды аурулар, жүректің айнуы, құсу, бастың айналуы, бастың ауруы, жоғары тершеңдік, АҚ жоғарлауы, тахикардия немесе брадикардия, сүт секрециясының төмендеуі, аллергиялық реакциялар: тері бөртпелері, анафилактикалық шок, аллергиялық пневмонит. Ұзақ қолданғанда немесе жоғары сезімталдықта — эрготизм көрініс: тамырлардың тарылуы және тіндірдің қоректенуінің бұзылыстары (әсіресе аяқ-қолдың), психикалық бұзылыстар.

Саудаға тіркелген атауы: Метилэргобревин.

Окситоцин

(Oxytocin)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 5 ЕД/мл ампулада

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жүктілікте босану уақытынан асып кеткен кезде, туу барысын қоздыру, ұрық айналасындағы судың алдын ала шығып кетуі кезінде туу барысын қоздыру, бірінші немесе екінші туу әлсіздігі кезінде; кесар тілігі (операция жасау кезінде); бала жамбасымен келген кезде тууды жүргізу, босанғаннан, түсіктен кейінгі жатырдың гипотониясы немесе атониясы (сонымен қатар жүктіліктің үлкен мерзімінде), босанғаннан кейінгі кезеңдегі ерте лактостазда, ісінумен, дене салмағының ұлғаюымен жүретін ауырсынатын етеккір алдындағы синдром.

К/т, б/е (бір рет егуден, тамшылатып), қынаптың қабырғасына немесе жатыр мойынына; интраназальды. Тууды қоздыру кезінде: б/е — 1 МЕ 30-60 минуттық аралықпен (жатырдың реакциясына байланысты; ең дұрысы — к/т тамшылатып (10–30 тамшы/мин) — 1–3 МЕ 300–500 мл 5% глюкоза ерітіндісінде (жатырдың жиырылуы мен ұрықтың жүрек соғу жиілігінің бақылауымен) босану аяқталғаннан кейін және қағанақ бөлінгеннен кейін. Босануды белсендіру үшін: б/е 0,5–1 МЕ 30-60 минут аралығында немесе к/т тамшылатып (тууды қоздыру сияқты), акушерлік жағдайға байланысты (жатыр аңқасының және т.б.). баланың жамбасымен келуі кезінде босануда — 2–5 МЕ; жатырдың гипотониясы мен атониясында к/т — 5–10 МЕ 10–20 мл 40% глюкоза ерітіндісінде. Лактацияны белсендіру үшін: б/е немесе интраназальды (пипетканың көмегімен) — 0,5 МЕ емізудің алдында 5 минут бұрын; етеккір алдындағы синдром кезінде — интраназальды, циклдің 20-шы күнінен етеккірдің 1-ші күніне дейін.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, ұрықтың дистрессі, плаценттің жартылай орналасуы, босанудың алдын ала жүруі, ұрық басы мен босанатын әйелдің жамбас көлемі өлшемдерінің сәйкес келмеуі, жатырдың жарылуына жақын болатын жағдайлар (жарақатты босанулар және анамнезенде кесар тілігінің операциясы), жатырдың шамадан тыс созылуы, көп босанудан кейінгі жатыр, жатыр сепсисінің жағдайларында, жатыр мойынының инвазивті карциномасы, АҚ жоғарлауы, бүрек жетіспеушілігі.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Симпатомиметиктерді қабылдайтын науқастарға сақтықпен енгізеді. К/т егу кезінде үнемі бақылау қажет.

Мөлшерден тыс: Симптомдары: жарылуға дейінгі жатырдың жоғары белсендірілуі, босанғаннан кейінгі қан кетулер, жатырлы-плацентарлы гипоперфузия, ұрықтың гипоксиясы мен гиперкапниясы, сулы интоксикация (тырысулар болуы мүмкін). Емдеу: препаратты доғару, тездетілген диурез, электролиттік тепе-теңдікті қалпына келтіру.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, аритмия, сонымен қатар ұрықтағы, брадикардия (анасы мен балада), гипертензия және субарахноидальды қан кетулер немесе гипотензия және шок, сұйықтықтың жиналуы (ұзақ к/т енгізгенде), аллергиялық реакциялар, бронхоспазм.

Саудаға тіркелген атауы: Окситоцин.

ДИНОПРОСТОН

(Dinoproston)

Шығарылу түрі. Бір рет қолданылатын шприцтегі гель 0,5 мг/3 г егуге арналған ерітінді 5 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жатыр мойынының дамуын демеу: жүктіліктің мерзімі жеткен және жатыр мойыны жетілмеген кезде көрсетілген; жатыр ішендегі араласуларға дайындау жағдайында: жүктіліктің бірінші және екінші үшайын жүктілікті үзу; толық емес түсік; ұрықтың құрсақ ішінде өлуі; көпіршікті қағанақ; диагностикалық мақсатпен.

Цервикальды түтікше толығымен динопростонмен толтырылуы керек. Жүктілік мерзімі жеткен науқасқа цервикальды түтікшеге 0,5 мг динопростонды 2,5 мг гелде бір рет енгізу жеткілікті, жатыр мойынының дамуын туғызу үшін. Қажет жағдайда енгізуді қайталауға болады.

Жүктілік мерзімі жетпеген науқастарда цервикальды түтікше кішкене және соған қарамастан оны гельмен толық толтырса, қанағаттанарлық ықпалға қол жеткізуге болады.

Препаратты сонымен көктамырға енгізеді. Туу барысын қоздыру және белсендіру үшін, 1 мл изотониялық натрий хлорид ерітіндісіндегі 1,5 мкг тұратын немесе 5% глюкоза ерітіндісіндегі ерітіндіні тамшылатып, минутына 250 нг (0,25 мкг) сәйкес келетін жылдамдықта егеді. Жүктілікті үзу үшін 1 мл еріткіштегі 5 мкг тұратын динопростон ерітіндісін 30 минут бойы қолданады, кейін мөлшерін төмендетеді немесе жоғарлатады (минутына 5 мкг) ықпалына қарай.

Кері көрсеткіштері

Простагландиндерге ерте анықталынған жоғары сезімталды.

Кесар тілігі немесе анамнезендегі гистеротомия.

Кәдімгі туу жолдары арқылы жүретін туу кері көрсетілген патология: - плаценттің толық орналасуы; - жатыр мойынының қатерлі ісігі; - ұрық пен жамбас көлемдерінің сәйкес келмеуі; - патологиялық орналасулар; - себебі белгісіз жатырдан қан кетулар; - ұрықтың асфиксиясы немесе ұрықтың асфиксиясына күдіктенгенде; - бронхиальды демікпе, бронхит немесеанамнезенде осы ауруларға көрсеткенде; - бауыр немесе бүйрек қызметтерінің ауыр бұзылыстары, - глаукома; - тиреотоксикоз; - жаралы колит, асқазанның жаралы аурулары; - кіші жамбас мүшелерінің қабынуы.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Динопросты жақсы қамтамас етілген гинекологиялық немесе акушерлік бөлімшеде қалданылуы тиіс. Жүректің айнуы, толғақ сияқты ауырсынулардың болуы, диарея және шамадан тыс жатырдың жиырылуы сияқты қалаусыз жанама әсерлерді азайту үшін, гельдің қынап ішіне немесе жатырға енгізбестен, оның цервикальды түтікшеге енгізілуін қамтамас ету керек. Мысалы жатырдың гипертонусы және ұрықтың асфиксиясы сияқты жанама әсерлер белгісін уақытында анықтау үшін, енгізгеннен кейін жатырдың жиырылуын және мойынның даму үдерісін үнемі бақылап отыру керек. Динопростонды жүрек жетіспеушілігімен, артериальды қысымның жоғарлауымен және көздің ішкі қысымының жоғарлауымен ауыратын науқастарға қолданғанда ерекше сақтық және көңіл қою қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жанама әсерлері

Церипростаны дұрыс қолданған кезде, жанама әсерлер болмауы керек немесе олар аз болады. Егер цервипростаның шамалы мөлшері қынапқа түссе, жүректің айнуын, құсу, диарея, ішектің тарылуын туғызуы мүмкін.

Мөлшерден тыс: Динопростонды цервикальды түтікшеге 0,5 мг-нан артық енгізгенде, жатырдың гипертонусын туғызуы мүмкін, ол сонымен Цервипросты да («Мөлшері мен қолдану әдісін» қара) дұрыс қолданбағанда болады. Миометрияның релаксациясы үшін, бета-симпатомиметиктерді қолдануға болады.

Саудаға тіркелген атауы: Препидил®.

МИФЕПРИСТОН

(Mifepristone)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 200 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жатыр жүктілігін ерте мерзімде үзу (аменореяның 42 күніне дейін). Ішке, 600 мг бір рет, дәрігердің қатысуымен. Науқас медицина қызметкерінің бақылауында болуы керек, мүмкіндігінше мифепристонды қолданғаннан кейін 2 сағат бойы. Қолданғаннан кейін науқасқа 36-48 сағаттан кейін УДЗ-бақылауын жүргізу қажет. 8-14 күннен кейін клиникалық зерттеулер, УДЗ-бақылауын қайталау, қандағы бетаХГ деңгейін тексеру қажет. 14-ші күні ықпалы болмаған кезде (толық емес түсік, жүктілік жалғасқанда) аспиратты гистологиялық зерттеумен жүретін вакуумаспирация жүргізеді.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық, клиникалық зерттеулермен дәлелденбеген немесе етеккір доғарғаннан кейін мерзімі 42 күннен асқанда әлде жатыр ішілік жүктілікке қарсы заттарды қолданған тұсында немесе гормональды жүктілікке қарсы дәрілерді алып тастағаннан кейін, жатырдан тыс жүктілікке күдіккенде, жатырда тыртықтың болуы, жатырдың миомасы, бүйрек үсті безінің және/немесе бауыр және/немесе бүйрек жетіспеушіліктері, қынаптың қабыну аурулары, кортикостероидтармен ұзақ емделгенде, гемостаз бұзылыстары, қаназдық, 35 жастан жоғары темекі тартумен біріккенде.

Сақтандыру.

Қолдану тек стационарлық жағдайларда (мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне жататын медициналық мекемелер). Бронхиальды демікпе және өкпенің обструктивті созылмалы ауруларында, жүрек-қан тамыр ауруларында немесе соларға бейім болған науқастарға сақтықпен қолдану. Жатырдан көп қан кету кезінде тез арада хирургиялық араласуларды қажет етеді (кюретаж). Жасанды ПГ қолданғанда сақ болу керек. Препарат тиімсіз болған жағдайда, жүктілікті үзуді басқа жолдармен жүргізу қажеттілігін науқасқа хабарлау керек (ұрықтың туа пайда болтын ақаулары мүмкін). Препаратты қолдану түсік кезінде болатын жалпы шараларды қажет етеді, сонымен қатар аллоиммунизациялық резустың алдын алу.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезінде кері көрсетілген: клиникалық зерттеулермен дәлелденбеген, етеккір тоқтағаннан кейін мерзімі 42 күннен артық, жатыр ішілік жүктілікке қарсы заттардың тұсында немесе гормональды жүктілікке қарсы дәрілерді алып тастағаннан кейін болғанда, жатырдан тыс жүктілікке күдіктенгенде.

Емшекпен емізу: Препаратты қолданғаннан кейін 14-ші күні емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері.

Жатырдан қан кету, іштің төменгі бөлігінің ауруы, жатыр мен аналық бездерінің қабынуы, жатыр мен несеп шығару жолдарының инфекциясы, іш аймағының қолайсыз сезімдері, әлсіздік, бастың ауруы, бастың айналуы, жүректің айнуы, құсу, диарея, гипертермия.

Саудаға тіркелген атауы: Мифепристон, Мифолиан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]