- •Құрметті әріптестер!
- •Мазмұндамасы
- •Басылымға қатысушылар
- •Тіркеу тізімі анықтамасының құрау әдістемелігі мен қолданылуы туралы нұсқау
- •Қысқартулар мен шартты белгілердің тізімі
- •Тіркеу тізімі мақалалар бөлімінің мінездемелері
- •Дәрілік заттар тиімділігінің дәлелдемесі туралы қысқаша мәліметтер
- •Жүктілік және емшекпен емізу кезінде дәрілік заттарды қолдану
- •Дәрілік заттарды жазып беретін, дәрігерлерге жалпы нұсқау
- •1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)
- •1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі
- •Жанама әсерлері
- •Жанама әсерлері
- •1.2 Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын препараттар
- •1.3 Операция алдындағы дәрілік заттар және қысқа емшаралар жүргізу үшін қолданылатын тыныштандыратын заттар
- •Мөлшерден тыс қолданғанда
- •2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.
- •2.1. Опиоидты емес анальгетиктер
- •2.2. Опиоидты анальгетиктер
- •2.3. Аяқ қақпаны, амилоидоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •2.4. Ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •4. Уланған кезде қолданылатын антидоттар мен басқа да субстанциялар
- •4.1. Арнамалы емес
- •4.2. Арнамалы антидоттар
- •5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Кері көрсеткіштері
- •6. Микробтарға қарсы және тоғышарларға қарсы дәрілік заттар
- •6.1. Құрттарға қарсы дәрілік заттар
- •6.2. Бактерияға қарсы заттар Антибиотиктерді клиникада қолданудың негізгі принциптері
- •Антибиотиктер тек келесі факторларды қарастырғаннан кейін барып талдануы тиіс:
- •Антибиотиктік алдын алу шаралары
- •Антибиотиктерді қолданудың тиімділік дәрежесін жоғарлату бойынша ұсыныстар
- •6.2.2. Басқа да бактерияларға қарсы заттар
- •6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар.
- •6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар.
- •6.4. Вирустарға қарсы заттар
- •6.4.1. Ұшық кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.4.2. Тұмауды емдеу және алдын алу шараларында қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.3. Созылмалы вирусты гепатит (свг) кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.4 Ретровирустарға қарсы дәрілік заттар (аиж -инфекциясын емдеу)
- •6.4.4.1. Нуклеозидті аив транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары
- •6.4.4.2. Нуклеозидті емес қайтымды аив транскриптаза баяулатқышы
- •6.4.5. Жергілікті қолданылатын препараттар
- •6.5. Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.1. Амебиаз бен лямблиоз кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.5.2. Лейшманиозға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.3. Безгекке қарсы дәрілік заттар.
- •6.5.4. Пневмоцистоз бен токсоплазмоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •7. Бас сақинасына қарсы дәрілік заттар
- •7.1. Жедел ұстамаларды емдеу үшін
- •7.2. Алдын алу шаралары үшін.
- •8. Неопластикаға қарсы және иммуносупрессивті дәрілік заттар мен паллиативті емдеу кезінде науқастардың күтімі үшін қолданылатын дәрілік заттар
- •8.1 Иммносупрессивті препараттар
- •8.1.1. Антипролиферативті иммунодепрессанттар
- •8.1.2. Глюкокортикостероидтар
- •8.1.3. Моноклональды антиденелер
- •8.1.4. Басқа да иммунодепрессанттар
- •Цитотоксикалық заттар.
- •8.2.1. Алкилдеуші препараттар
- •8.2.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа днқ интеркаляторлары
- •8.2.3. Антиметаболиттер
- •8.2. 4. Өсімдіктерден алынған, сонымен қатар жартылай жасанды препараттар
- •8.2.5. Басқа да цитостатиктер
- •8.3. Гормонды және гормондарға қарсы препараттар
- •8.3.5. Антиэстрогендер
- •8.3.6. Антиандрогендер
- •8.4. Ісіктерге қарсы әсері бар, басқа топтағы фармакологиялық препараттар
- •8.5.1. Ферментті препараттар
- •8.4.2. Фитопрепараттар
- •8.5. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.
- •8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты
- •8.5.2. Цитопротективті заттар (амифостин)
- •8.5.3. Иммунды түрлендірушілер
- •8.5.4. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэз белсендірушілер
- •8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар
- •8.5.6. Арнамалы антидаттар
- •8.5.7. Құсуға қарсы заттар
- •9. Паркинсонизмге қарсы арналған дәрілік заттар
- •10. Қанға әсер ететін дәрілік заттар
- •10.1. Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
- •11. Қаннан алатын препараттар, плазманың орынын басушылар және парентеральді қоректенуге арналған заттар
- •11.1. Плазманың орынын басушы заттар
- •11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі
- •11.3. Парентеральды қоректенуге арналған заттар
- •12. Жүрек қан-тамырлар дәрілік заттары
- •12.1. Антиангинальды дәрілік заттар
- •Тұрақсыз стенокардия
- •12.2. Аритмияға қарсы дәрілік заттар
- •12.3. Қан қысымына қарсы дәрілік заттар
- •Препараттарды талдау кезіндегі қалаулар
- •Қандай да бір топ препараттарының артықшылық жағдайы
- •Гипертензияға қарсы заттардың абсолюттік және айқын кері көрсеткіштері
- •Монотерапия немесе біріктірілген терапия?
- •Келесі біріктірулердің рандомизирленген зерттеулерде қабылданған дәлелдемелер деңгейі бар:
- •12.4. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.5. Тромбаға қарсы дәрілік заттар
- •12.6. Артериялардың бітелу аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.7. Антихолестеринемиялық препараттар
- •13. Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдану үшін)
- •13.1. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар
- •13.2. Бактерияларға қарсы дәрілік заттар
- •13.3. Қабынуға қарсы және қышынуға қарсы дәрілік заттар
- •13.4. Тұтқырлаушы дәрілік заттар
- •13.5. Тері беті жасушаларының жетілуіне және пролиферация үдерісіне әсер ететін дәрілік заттар
- •13.6. Битшеңдік пен қышыманы емдеуге арналған дәрілік заттар
- •15. Антисептикалық және зарарсыздандырғыш заттар
- •15.1 Антисептиктер
- •16. Несеп айдағыштар
- •17. Асқорыту мүшелерінің ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •17.1 Антацидтік және басқа да жараларға қарсы дәрілік заттар
- •17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар
- •17.3. Көтеуге қарсы заттар
- •17.4. Қабынуға қарсы заттар
- •17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар
- •17.7 Іш өту кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •17.7.1. Пероральды регидратация үшін қолданылатын заттар.
- •17.7.2. Іштің өтуіне қарсы (симптоматикалық) дәрілік заттар.
- •17.7.3 Ішектің микроэкологиялық тепе-теңдігінің қалпына келуіне ықпалын тигізетін заттар
- •17.8. Ас қорыту ферменттерінің препараттары
- •17.9. Гепатопротекторлық әсері бар дәрілік заттар
- •18. Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және ұрықтануға қарсы дәрілер
- •18.1. Кортикостероидтар және жасанды аналогтары
- •18.2. Андрогендер
- •18.3. Ұрықтануға қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Жанама әсерлері
- •18.4. Эстрогендер
- •18.5. Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар
- •18.6. Овуляцияны белсендірушілер
- •18.7. Прогестагендер
- •18.8. Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар
- •18.9. Гипофиздің гормондары, гипоталамиялық гормондар және олардың аналогтары
- •19. Иммуномодуляторлар. Цитокиндер.
- •20. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары
- •21. Офтальмологиялық заттар
- •21.1. Бактерияға қарсы заттар
- •21.2. Қабынуға қарсы заттар
- •21.3. Жергілікті жансыздандырулар
- •21.4. Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар
- •21.5. Көз қарашығын кеңейтетін (мидриатикалық) заттар
- •21.6. Вирустарға қарсы заттар
- •22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар
- •22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар
- •22.2. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін тежейтін заттар
- •23. Гемодиализ жүргізуге арналған ерітінділер мен тұздар, концентраттар
- •24. Психотерапевтикалық дәрілік заттар
- •24.1. Антипсихотикалық дәрілік заттар
- •24.2. Көңіл күйдің бұзылуы кезінде, қолданылатын дәрілік заттар
- •24.2.1. Антидепрессанттар
- •24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар
- •24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар
- •24.4. Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен абыржу атқылауы кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •24.5. Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дәрілік заттар
- •24.6. Бас айналуды шеттетуге арналған заттар
- •24.7 Лекарственные средства, применяемые для лечения синдрома нарушенного внимания и гиперактивности детей
- •25. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар
- •26. Cу, электролиттер мен қышқылды-негіздік тепе-теңдік бұзылғанда түзетулер үшін қолданылатын ерітінділер
- •26.1 Пероральды ерітінділер
- •26.2 Парентеральды ерітінділер
- •27. Витаминдер және минеральды заттар
- •Таблетки 50 мг, 100 мг, 500 мг; раствор для инъекций 5%, 10%
- •Қосымша 1 Дәрілердің өзара әрекеттестігі
- •Дәрілік заттар әрекеттестігінің белгіленген ықпалдар тізімі
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3 Емшекпен емізу
- •Қосымша 4 Бүйрек жетіспеушілігі
- •Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықпен немесе қолдануға болмайтын дәрілік заттар кестесі
- •Қосымша 5 Бауыр жетіспеушілігі
- •Қосымша 6
- •Инструкция по проведению мониторинга побочных действий лекарственных средств
- •1. Общие положения
- •Қосымша 7 Фармакоэпидемиология
- •Қосымша 8 Фармакоэкономика
11. Қаннан алатын препараттар, плазманың орынын басушылар және парентеральді қоректенуге арналған заттар
11.1. Плазманың орынын басушы заттар
ДЕКСТРАН (DEXTRAN)
Шығарылу түрі
Егуге арналған ерітінді (100 мл‑10 г декстран мол. салмағы 30000‑40000, 0,9 г хлорид натрия). Глюкозамен егуге арналған ерітінді (100 мл‑10 г декстран мол. салмағы 40000, 5 г глюкоза). Егуге арналған ерітінді (100 мл‑6 г декстран мол. салмағы 70000, 0.9 г хлорид натрия). Глюкозамен егуге арналған ерітінді (100 мл‑6 г декстран мол. салмағы 70000, 5 г глюкоза). Маннитпен егуге арналған ерітінді (100 мл‑10 г декстран мол. салмағы 30000‑50000, 5 г маннит, 0.9 г натрия хлорид).
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі
Жоғары молекулярлы декстран ерітіндісі: айқын геморрагиядан кейінгі гиповолемия, жарақат салдарынан кейінгі гиповолемиялық шок, жатырдан тыс жүктілік салдарынан болған туу кезіндегі қан кетулер, және т.б. Гиповолемия, плазманы жоғалту салдарынан болған (күйіктер, басылу синдромы). Операция алдындағы және операциядан кейінгі эмболияның алдын алу шаралары үшін. Төменгі молекулярлы декстран ерітіндісі: микроциркуляцияның бұзылуы, жарақат шоктар, күйік салдарынан болған шок, басылу синдромы. Шіріткіш шок. Педиатрияда қан кетулерде плазма көлемін толықтыру үшін. Жасанды қан айналым аппаратын толтыру үшін (белгілі қан көлемінің қатынасында). Декстранның жоғары молекулярлы ерітіндісін к/т жылдамдығы 60‑80 тамшы минутына 2‑2.5 л дейін (шамалы қан кету кезінде қосымша қанмен бірге енгізеді). Декстранның төменгі молекулярлы ерітіндісін қанның орынын басушы ретінде қолданғанда сол мөлшерде енгізеді. Кейбір жағдайларда тәуліктік мөлшер 20 мл/кг аспау керек. К/т енгізу жылдамдығы науқастың жағдайына және көрсеткіштеріне байланысты болып келеді.
Кері керсөткіш.
Бастың ішкі қысымының жоғарлауымен жүретін бас жарақаты, миға қан құйылу және басқа жағдайлар, үлкен сұйықтықты енгізу кері көрсеткіш болғанда. Олигурия және анурия, бүйректің органикалық ауруларымен байланысты, жүрек жетіспеушілігі, коагуляция мен гемостаздың бұзылуы, аллергиялық реакцияларға бейім болу. Глюкозамен ерітінді үшін қант диабеті және басқа көмірсу алмасуларының бұзылыстарында.
Сақтандыру.
Аллергиялық реакциялар болу мүмкіндіктеріне байланысты препараттың алғашқы 10‑20 мл науқастың жағдайын бақылай отырып, баяу енгізу ұсынылады.
Жанама әсерлері.
Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Саудаға тіркелген атаулары: Декстран-40, Декстран-70, Полиглюкин, Реополиглюкин РТ.
Гидроксиэтилир крахмал препараты (ГЭК)
ГЭК – глюкозаның полимеризделген қалдықтарының жоғары молекулярлы қосылыстары. ГЭК препаратының көлемді толықтырушы әсерінің айқындылығы мен ұзақтығы, молекулярлы массасы мен ГЭК субстанциясының ығыстыру дәрежесімен анықталынады. Мысалы, молекулярлы массасы 200 000 дей болатын және ығыстыру дәрежесі 0,5 болатын ГЭК препарты пентастарч тобына жатады, ал жоғары ұсынылған көрсеткіштердегі (450 000 – 480 000 және 0,6-0,8) ГЭК препараты – гетастрач тобына жатады.
Пентакрахмал - орташа молекулярлы массасы 200000 дальтон және ығыстыру дәрежесі 0,5 (200/0,5) болатын гидроксиэтилирленген крахмал препараты. Пентастарч тобының негізгі препараттары ретінде 6% және 10% ГЭК ерітіндісін қолданады. Гепастарч тобының препараттарынан 6% ерітіндіні қолданады.
ПЕНТАКРАХМАЛ (ПЕНТАСТАРЧ)
Шығарылу түрі
К/т енгізуге арналған ерітінді 60 мг/мл, 100 мг/мл флаконда 250мл, 500мл
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі
Гиповолемия (сонымен қатар геморрагиялық, жарақаттық, күйіктік, септикалық шоктарда), көлемді қан кетулерде (сонымен қатар интраоперациялық), микроциркуляцияның бұзылысы, операциядан кейінгі артериальды гипотензия, изоволемиялық гемодилюция жүргізу қажеттілігі (сонымен қатар операция алдында, ауыспалы ақсаңдау кезінде, күтілмеген ишемиялық инсульт, күтпеген кереңдікте), көктамырлық тромбоз (біріктірілген ем құрамында).
Крахмал 6% ерітінді ретінде 0,9% натрий хлорид ерітіндісінде қолданылады (немесе электролиттермен), пентакрахмал - 6 және 10% ерітінді. К/т тамшылатып немесе құю арқылы енгізіледі. Мөлшері мен енгізілу жылдамдығы, гемодинамика бұзылысының айқындылығына байланысты, науқастың жағдайына қарай жеке тағайындалынады. Бірінші 10-20 мл-ді баяу енгізеді (анафилактоидты реакция даму мүмкіндіктері бар). Шок дамыған кезде - 500-1500 мл, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер - 20 мл/кг 10% ерітінді (1,5 л 75 кг дене салмағына) немесе 33 мл/кг 6% ерітінді. Геморрагиялық шок кезінде жылдамдығы 20 мл/кг/сағатына енгізеді. Септикалық және күйік шоктарында инфузия жылдамдығы бірнеше рет төмендеу. Балаларда 10 жасқа дейін инфузия жылдамдығы 15 мл/кг/сағаттан аспайды. Инфукол – ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға: ортаңғы тәуліктік мөлшер - 33 мл/кг, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер - 33 мл/кг (2 г гидроксиэтилкрахмал кг/тәулігіне); 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға, сәйкес - 15-20 мл/кг және 33 мл/кг; нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі балаларға - 10-15 мл/кг және 33 мл/кг. Рефортан (200/0,5): айналымдағы қан көлемін толтыру үшін ең жоғарғы мөлшер - 33 мл/кг (2500 мл/75 кг немесе 2 г/кг), ең жоғарғы енгізу жылдамдығы - 20 мл/кг/сағ (1500 мл/75 кг/ч немесе 1,2 г/кг/сағ); көп енгізу кезінде препараттың жалпы саны - 300 г. жүрек қан-тамырлары немесе өкпе асқынуының даму тәуекелі жоқ науқастарда, емдеу ұзақтығын гематокрит көлеміне қарай белгіленеді (30% жоғары болмауы керек). Терапиялық гемодилюцияда бірнеше күн немесе көп апталық инфузиялық кесте арқылы қолданады. Көп күндік инфузиялық кесте: тәуліктік инфузиялық мөлшер – кәдімгі 500-1000 мл-ден 6% гидроксиэтилирленген крахмал ерітіндісі (200/0,5); ауыспалы ақсақтық кезде көбінесе мөлшері төмен болады – 500-ден 750 мл/тәулігіне дейін, ишемиялық инсульт кезінде – жоғары және оны 750-1000 мл/тәулігіе құрайды; енгізу жылдамдығы - 75-250 мл/сағ, ұзақтығы - 5-10 күндей. Ишемиялық инсульт кезінде бастапқы емде қосымша күш түсіруші 250-500 мл мөлшерді енгізуге болады, бұл кезде енгізу жылдамдығы жоғары болады (мысалы, 250-500 мл/сағ). Көп апталық инфузиялық кесте кезінде енгізуді 2-3 рет аптасына250-500 мл-ден жүргізеді, жылдамдығы 125-250 мл/сағ, емдеу ұзақтығы – кәдімгі 3-6 аптада. Көп жағдайларда енгізілген препараттар көлеміне бейімделу ұсынылады (қажет жағдайда – қан жіберулер жүргізеді) гемодинамикалық немесе гемореологиялық көрсеткіштерге (орталық венозды қысым - 15 мм сын.бағ., гематокрит - 38-42% және басқа).
Кері керсөткіш.
Жоғары сезімталдық, бастың ішкі қысымының жоғарлауымен жүретін бас ми жарақаты, бас ми ішінің қан кетуі, артериальды гипертензия, жүрек жетіспеушілігінің II-III дәрежесі, жедел сол қарынша жетіспеушілігі, жедел бүйрек жетіспеушілігі (олиго-, анурия), ауыр геморрагиялық диатез, кардиогенді өкпе ісігі, гипокоагуляция, гипергидратация, гиперволемия, дегидратация (бұл кезде электролиттік алмасу бұзылыстары қажет етеді), гипофибриногенемия, айқын тромбоцитопения, гипохлоремия, гипонатриемия, гипокалиемия, гемодиализ, жүктілік (I үшайында), 10 жасқа дейінгі балаларға (стабизол және рефортан үшін), крахмалға аллергия.
Сақтандыру.
Сақтықпен – жүрек жетіспеушілігі, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, бауырдық созылмалы аурулары, Виллебранда ауруы. Жүктілік кезде қолданылуы, емшекпен емізу тек абсолюттік көрсеткіштер бойынша, жүктіліктің І үшайында абсолюттік кері көрсетілген; 10 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды. Инфукол ГЭК педиатрия тәжірибесінде және жүктілік кезде (ІІ және ІІІ үшайында) қолдану рұқсат етілген.
Параллельді қан алу кезінде, гиповолемиялық жағдай туындамас үшін (инфузияны бір мезгілде қан жіберумен немесе алдында жүргізіледі және енгізілетін көлем, алынатын көлемнен жоғары болуы тиіс) қатаң бақылау керек. Тәуліктік мөлшері айналымдағы қан көлемін толықтыруға сәйкес болуы керек. Аллергиялық реакциялар даму мүмкіндіктеріне байланысты, ерітіндіні енгізудің алғашқы 10-20 мл баяу жүргізу керек (ьамшылатып), науқастың жағдайын қатаң бақылау тиіс. Емді қан айналымының көлемін, ион құрамын, лейкоциттер, тромбоциттерді бақылау арқылы, плазмадағы гемоглобинді, қанның ұю көрсеткіштірін, бүйрек қызметін (әсіресе нәрестелерде және 3 жасқа дейінгі балаларда, су-электролит статусының ерекшелігімен) бақылаумен жүргізеді. Емнің басында сары судағы креатинин деңгейінің құрамына бақылау жүргізеді. Креатинин құрамының маңызы (0,106-0,177 млмоль/л – компенсирленген бүйрек жетіспеушілігі) болғанда емді жүргізу мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін жақсылап салыстыру керек және сұйықтық тепе-теңдіке, сонымен қатар несеп ұсталу көрсеткіштеріне жиі бақылау жасау. Следует иметь в виду, что гидроксиэтилирленген крахмал клинико-химиялық көрсеткіштерге (глюкоза, ақуыз көрсеткіштеріне, эритроциттердің тұнбаға түсу реакциясына, майлы қышқылдар, холестерин, несептің меншікті салмағына) әсер етуін ескеру керек. Препараттың үлкен мөлшерін енгізу гематокриттің, гемаглобин құнарлығының және қан плазмасындағы ақуыздың төмендеуіне әкеледі. Су мен электролиттерді жоғалтудан (қатты құсу, іштің өтуі, күйіктер) болған шок жағдайларында, препаратпен алғашқы емдегеннен кейін, бір мезгілде теңестірілген электролит ерітінділерін енгізу қажет. Емделу кезінде ағзаға сұйықтықтың қажетті мөлшерде жеткізілуі тиіс. Препаратты басқа дәрілермен араластырмау және бір жүйелік ыдыста құюға болмайды. Анафилактоидты реакция даму кезінде препаратты енгізуді доғару керек, науқасқа қажетті ем жүргізіледі. Науқас үзіліссіз медициналық қызметкерлердің қарамағында болуы тиіс, қосымша терапиялық шаралар науқастың жағдайына байланысты қолданылады. Қан тобы анықталынбаған науқастарға гидроксиэтилкрахмал препаратының үлкен көлемін енгізу кезінде, агглютинация реакциясының өзгеруі мүмкіндігін және қан тобын анықтағанда жалған нәтижелер беруі мүмкін екендігін ұмытпау керек. Препаратты к/т енгізгеннен кейін, шамалы қанда амилаза деңгейінің жоғарлауы байқалады, ол қайта 3-5 күннен кейін қалпына келеді (панкреатит диагностикасына кедергі жасауы мүмкін).
Жанама әсерлері.
Аллергиялық реакциялар: есекжем, анафилактоидты реакциялар – белдің ауруы, жүректің айнуы, құсу, тахикардия (препаратты енгізу доғарылуы керек), плазмада амилаза деңгейінің жоғарлауы (панкреатиттің пайда болуымен байланыссыз), сирек жағдайларда – айқын тері қышынулары (үлкен мөлшерлерді ұзақ қолданғанда). Үлкен мөлшерлерді қолданғанда – қан кету уақытының ұзаруы және қышқылды-негіздік жағдайдың бұзылуы.
Саудаға тіркелген атаулары: Рефортан, Стабизол.
