Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

6.2.2. Басқа да бактерияларға қарсы заттар

Макролидтер

Грам(+) кокктарға (MRSA мен энтерококктардан басқа) және жасуша ішілік қоздырғыштарға (хламидия, микроплазмалар, легионеллдер, кампилобактерлер) қарағанда айтарлықтай белсенді болып келеді. Грам(-) бактериялардың Enterobacteriaceae, P. aeruginosa және B. fragilis тұқымдастарына тұрақты. H. influenzae қарсы шамалы белсенділік азитромицин мен кларитромицинге тән. Одан басқа азитромицин цитохром Р-450-дің күшті баяулатқышы болып келеді (әсіресе эритромицин және кларитромицин), сондықтан олардың тұсында бауырда метаболизмге ұшырайтын дәрілердің биотрансформациясының деңгейі төмендейді. Сонымен қатар Q-T ара қашықтығының ұзаруы болады

ЭРИТРОМИЦИН

(Erythromycinum)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 250 мг, 500 мг; пероральды суспензия 250 мг/5 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бронхиттер, ауруханадан тыс пневмония (сонымен қатар атипиялық), пневмоплеврит, бронхоэктазды аурулар, легионерлердің аурулары (рифампицинмен біріктіріп); септикалық жағдайлар; тілме қабынулары; мастит, остеомиелит; абдоминальды инфекциялар (ішекке операция жасауға дайындау), перитонит; ірінді отит, синуситтер; мерез (басқа топтағы антибиотиктерді көтере алмағанда); соз; хламидиоз; күл ауруын емдеу және алдын алу шаралары үшін; бактериальды эндокардит; эритразма, жедел ревматизмді қызбаның алдын алу шаралары үшін. Жергілікті терінің ірінді зақымдалулары кезінде қолданылады (сонымен қатар безеулі бөртпелерде), инфицирленген жарақаттарда, ойылуда; конъюнктивитте, блефаритте, трахомада.

П/о көптеген инфекциялар кезінде 1-2 г/тәулігіне 4 қабылдауға 1 сағат тамақ алдында, фарингит кезінде – 0,75 г/тәулігіне 3 қабылдауға 10 күндей, легионеллез кезінде – 4 г/тәулігіне, ревматизмнің алдын алу шаралары үшін – 0,5 г/тәулігіне 2 қабылдауға; к/т 2-4 г/тәулігіне 4 енгізуге.

Кері көрсеткіштері

Бауыр қызметінің бұзылысы, препаратқа жоғары сезімталдық, шамалы естудің төмендеуі, жаңа туылған кезеңде.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауыр және бүйрек жетіспеушілігі, емшекпен емізу, аритмия (анамнезенде), ЭКГ-да Q-T ара қашықтығының ұзаруы (цитохром Р-450 қатысуымен метаболизирленетін ДЗ біріктіріп қолданған кезде қарынша аритмиясы болуы мүмкін, Спл мен ЭКГ бақылауды мониторинг қажет). Эритромицинді цизапридпен біріктіріп қолданбайды, ол фатальды аритмияның жоғары тәуекелі болады. Эритромицинді левостатинмен біріктіріп қолданған кезде ауыр миопатия мен рабдомиолиз жағдайлары суреттелген.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төменгі құнарлықта төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы, диарея, есекжем, бөртпелер және басқа да аллергиялық реакциялар; АЛТ және АСТ белсенділігінің жоғарлауы, холестаз, сары ауру. К/т жоғары мөлшерін енгізген кезде: қайтымды құлақ естуінің жоғалуы, көкірек қуысының ауруы, аритмия.

Саудаға тіркелген атауы: Эритромицина фосфат, Эритромицин

МИДЕКАМИЦИН

(MIDECAMYCIN)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 400 мг, ішке қолдануға арналған суспензияны дайындау үшін гранулалар 175 мг/5 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Фарингит, ауруханадан тыс пневмония, тілік, жәншау, тері мен жұмсақ тіндер инфекциясы, ауыз қуысының инфекциясы, хламидиоз, уреоплазмоз, легионеллез, көкжөтел, күл ауруы, кампилобактериоз, жамбас инфекциялары, жедел ревматизм қызбаларының алдын алу шаралары, жоспарланған колоректальды операция алдындағы ішектің деконтаминациясы (канамицинмен біріктіріп).

П/о 1,2 г/тәулігіне 3 рет қабылдауға.

Кері көрсеткіштері

Бүйрек және/немесе бауыр жетіспеушілігі, препаратқа жоғары сезімталдық, естудің шамалы төмендеуі, жаңа туылған кезеңде.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жүктілік, емшекпен емізу. Теофиллинмен, карбамазепинмен, циклоспоринмен біріктіріп қолданғанда науқастың жағдайын бақылау керек; цизапридпен бірге қолдануға болмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Ұсынылмайды. Қауіпсіздігі зерттелмеген.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Мидекамицин жоғары құнарлықта төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Іштің ауруы, анорексия, жүректің айнуы, құсу, диарея, транзиторлы АЛТ, АСТ белсенділігінің жоғарлауы, бөртпелер.

Саудаға тіркелген атауы: Макропен

СПИРАМИЦИН

(SPIRAMYCIN)

Шығарылу түрі. Суспензияға арналған гранулалар 1,5 млн ЕД, 375 мың ЕД, 750 мың ЕД;  таблеткалар 1,5 млн. ЕД, 3 млн. ЕД, егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін лиофилизирленген ұнтақ 1,5 млн. ЕД (токсоплазмоз кезінде, криптоспоридиоз немесе эритромицинге тұрақтылықта)

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Фарингит, тілме, жәншау, ауруханадан тыс пневмония, ауыз қуысының инфекциясы, хламидиоз, уреаплазма, легионеллез, көкжөтел, дифтерия, жамбас инфекциялары, токсоплазмоз, сонымен қатар жүкті әйелдердегі.

П/о 6-9-млн МЕ/тәулігіне (1,5-3 г/тәулігіне) 3 енгізуге.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жас балалар (к/т енгізу үшін), емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Өт жолдарының обструкциясы немесе бауыр жетіспеушілігі.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Қолданылмайды. Жоғары құнарлықта төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Жүктілік, құсу, іштің ауруы, диарея, тері қышынулары, эритема, парестезия, тілдің ұйып қалуы, ауызда металл дәмінің шығуы.

Саудаға тіркелген атауы: Ровамицин.

АЗИТРОМИЦИН

(AZITHROMYCIN)

Шығарылу түрі. (ӘДҰ ұсынылған). Таблеткалар 125 мг, 500 мг; капсулалар 250 мг;  ұнтақ лиофилизирленген

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жоғарғы (стрептококкокты фарингит және тонзиллит) және төменгі (бактериальды созылмалы пневмонияынң асқынуы, интерстициальды және альвеолярлы пневмония, бактериальды бронхит) тыныс алу жолдарының инфекциясы, ЛОР-мүшелері (ортаңғы отит, ларингит және синусит), несеп жолдарының жүйесі (уретрит және цервицит), тері мен жұмсақ тіндер (тілме, импетиго, екіншілік инфицирленген дерматоздар),көшпелі эритеманың созылмалы сатысы (Лайма ауруы), жыныс жолымен берілетін инфекциялар, ЖИЖС кезіндегі M.avium-intracellulare туғызатын оппортунистикалық инфекциялардың алдын алу шаралары үшін.

Капс. және сусп. п/о 1 сағат тамақтың алдында 0,5 г/тәу 1 қабылдауға 3 рет тәулігіне немесе 1-і күн 0,5 г, кейінгі 4 тәулікте 0,25 г-нан; жедел хламидиялық уретрит пен цервицит кезінде – 1 г-нан бер рет; ЖИЖС кезінде микобактериоздың алдын алу шаралары үшін – 1-2 г 1 р/аптасына. Таблетканың биожетістігі тамақтың қолданылуына байлансыты емес. Ауруханадан тыс пневмония: к/т (инфузия) 0,5 г 1 р/тәу 2 тәулік бойы, кейін п/о 0,5 г/тәу 1 қабылдауға; курсы – 7-10 тәулік. Кіші жамбас мүшелерінің инфекциялық-қабыну аурулары: к/т (инфузия) 0,5 г 1 р/тәу 1-2 тәулік бойы, кейін п/о 0,25 г-нан 1 р/тәу; курсы – 7 тәулік.

Кері көрсеткіштері

Макролидтерге аллергиялық реакциялар, ауыр бауыр жетіспеушілігі, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауыр жетіспеушілігі, жүктілік, аритмия, балалардағы айқын бауыр немесе бүйрек қызметінің бұзылыстары, жас балалар (16 жасқа дейін к/т енгізу, 6 айға дейін – п/о). Азитромицин Р-450 цитохромды баяулатпауына қарамастан, бауырда метаболизмі жүретін ДЗ бірге қолданатын науқастардың жағдайын бақылау керек; ЭКГ-де Q-T ара қашықтығын ұзартатын ДЗ тағайындағанда сақтықпен қолдану.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Жүкті әйелдердегі хламдия инфекциясында қолданылуы мүмкін.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің қатуы, метеоризм, іштің ауруы, мелена, холестазды сары ауру, көкірек қуысының ауруы, жүректің соғуы, әлсіздік, бастың ауруы, бастың айналуы, ұйқышылдық, нефрит, вагинит, нейтропения немесе нейтрофилия, жалған мембранозды колит, кандидоз, фотосенсибилизация, бөрте, ангионевротикалық ісіну, эозинофилия; балаларда, сонымен бірге, гиперкинезия, қозу, ашулану, ұйқының қашуы, конъюнктивит. К/Т енгізген кезде: бронхоспазм, енгізілген жерде ауырсыну және қабыну.

Саудаға тіркелген атауы: Сумамед

КЛАРИТРОМИЦИН

(Clarithromycinum)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 250 мг, 500 мг (Helicobacter pylori эрадикациясы үшін енгізілген)

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Созылмалы бронхиттің асқынуы, жедел синусит, жедел ортаңғы отит, эрадикация H. Pylori, атипиялық микобактериоздар (этамбутол мен рифабутинмен біріктіріп).

П/о 0,5 – 1 г/тәулігіне 1-2 қабылдауға.

Кері көрсеткіштері

Жүктілік (I үшайында), емшекпен емізу, порфирия.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Креатининнің клиренсі <30 мл/мин кезінде мөлшерін 2 есеге төмендету керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Ұсынылмайды. Жануарларда эмбриотоксикалық әсерлері туралы мәліметтер бар.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Жоғары құнарлықта төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Аллергиялық реакциялар (бөртпелер, есекжем) өте сирек болады, іштің ауруы немесе дискомфорттың, жүректің айнуы, құсу, диарея; транзиторлы трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы, холестатикалық гепатит, сары аурумен байқалатын, қызба, жалпы қалжырау, әлсіздік, іштің ауруы, жүректің айнуы, құсу (жиі); бастың ауруы, бастың айналуы, естудің бұзылуы; QT ара қашықтығының ұзаруы электрокардиограммада (сирек).

Саудаға тіркелген атауы: Клацид, Клацид СР.

Линкозамидтер

ЛИНКОМИЦИН

(LINCOMYCIN)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 30%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Аспирациялық пневмония, өкпенің абсцессі мен гангренасы, плевра эмпиемасы, тері, жұмсақ тін, сүйек, буын, жамбастың инфекциялары. Ауыр инфекцияларда амногликозидтермен біріктіреді немесе грам(-) бактерияларға әсер ететін басқа антибиотиктермен қосады.

Ересектерге б/е және к/т 1,2-2,4 г/тәулігіне 2 енгізуге.

Кері көрсеткіштері

Линкозамидтерге жоғары сезімталдық, жүктілік (тек өмірге қажетті жағдайлар кезіндегі көрсеткіштерден басқа), бүйрек немесе бауырдың ауыр жетіспеушіліктері, емшекпен емізу, 1 жасқа дейін.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Терінің, ауыз қуысының, қынаптың зең аурулары, миастения (парентеральды енгізу үшін), бауыр жетіспеушілігі; жүкті әйелдерде ұзақ емдеу кезіндегі бауыр қызметін бақылау. Нәжісте диареяның немесе қан қоспасы пайда болғанда дереу доғару керек. Тез к/т енгізуден қашу керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Ұсынылмайды. Ұрық бауырында жиналуы мүмкін.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Төс сүтіне өтеді. Ішек флорасының өзгеруі, баланың сенсибилизациясы болуы мүмкін.

Жанама әсерлері.

Іштің кебуі, жүректің айнуы, құсу, антибиотикоассоциирленген диарея, жалған мембранозды колит, сары ауру, бауыр қызметінің бұзылуы; нейтропения, эозинофилия, агранулоцитоз, тромбоцитопения, бөртпелер, есекжем, эритема, дерматит, ауырсыну, к/т енгізуден кейін инфильтрат және абсцесс, тромбофлебит болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Линкомицин, Линкомицина гидрохлорид.

Гликопептидтер

Аэробты және анаэробты грам(+) бактерияларға бактериоцидтік белсенділікке ие (энтерококктарға бактериостатикалық әсер етеді).

ВАНКОМИЦИН

(Vancomycinum)

Шығарылу түрі. Лиофилизирленген егуге арналған ұнтақ 500 мг егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

MRSA, MRSE туғызған инфекциялар; β-лактамға аллергия кезіндегі стафилококкты инфекциялар; Enterococcus spp., C.jeikeium, B.cereus, F.meningosepticum туғызған ауыр инфекциялар; инфекциялық эндокардит, көгергіш стрептококктар туғызған және S.bovis, β-лактамдарға аллергия кезінде; инфекциялық эндокардит, E.faecalis туғызған (гентамицинмен біріктіргенде). Менингит, S.pneumoniae туғызған, пенициллиндерге тұрақтылық; өмірге қауіпті инфекциялардың стафилококкокты этиологиясына күдіктенген кезде эмпериялық емде: үш жақтаулы қақпақтың инфекциялық эндокардиті немесе қақпақшалардың протездерінде (гентамицинмен біріктіріп); S.aureus немесе S.epidermidis метициллинотұрақты жаралы инфекциялар қоздырғыштары болып келетін (көбінесе жұрек-қан тамырлар және ортопедияда) стационардағы операциядан кейінгі инфекциялардың алдын алу шараларында; катетер-ассоциирленген сепсис; жарақаттан кейінгі немесе операциядан кейінгі менингит (ІІІ ұрпақ цефалоспориндерімен немесе фторхинолонмен); перитонеальды диализ кезіндегі перитонит; нейтропениялық қызба (бастапқы емнің тиімсіздігі кезінде).

Антибиотик-ассоциирленген диарея, C.difficile туғызған (ішке); жаралы инфекция алдын алу шаралары немесе ортопедиялық және кардиохирургиялық операциялар кезінде, MRSA инфекцияларының жиі кеңінен таралуында немесе β-лактамды аллергиялар кезінде;

Жоғары тәуекел науқастарындағы эндокардиттің алдын алу шараларында.

К/т тамшылатып 2 г/тәулігіне 2реттен -2 енгізуге; хирургияда алдын алу шаралары үшін – 1 г 60 мин операция алдында, п/о 0,5-2 г/тәулігіне 3-4 рет қабылдауға. К/т бір рет енгізу кезінде 200 мл 5% глюкоза немесе 0,9% NaCl ерітіндісінде араластырады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік (1 үшайында), емшекпен емізу, есту жүйкесінің невриті.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Естудің бұзылуы (сонымен қатар анамнезенде), бүйрек жетіспеушілігі, жүктілік (II-III үшайында), нәрестелер, егде жастағылар. К/т бір реттік мөлшерді енгізген кезде>1 сағат бойы (ванкомицинді к/т тез енгізген кезде гипотензия, көкіректің ауруы және тахикардия, беттің және дененің жоғарғы бөлігінің гиперемиясы («қызыл адам» синдромы) болуы мүмкін), ең жоғарғы араластыруларды қолдану, енгізетін жерді ауыстыру.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Өмір көрсеткіштері бойынша қолданылады.

Нәрестелерде естудің транзиторлы бұзылыстары туралы мәліметтер бар.

Емшекпен емізу: Өмір көрсеткіштері бойынша қолданылады. Төс сүтіне өтеді. Ішек флорасының өзгеруі, баланың сенсибилизациясы болуы мүмкін.

Жанама әсерлері.

Флебит, қызба, дірілдеу, нефротоксикалық, интерстициальды нефрит, ототоксикалық, нейтропения, тромбоцитопения, эозинофилия, жүректің айнуы, аллергиялық шок, бөртпе. К/т тез енгізу кезінде: ауыр артериальды гипотензия (сонымен қатар шок), қан айналымының тоқтауы, ентігу, есекжем, қышыну, дененің жоғарғы бөлігінің қызаруы, көкірек қуысының ауруы.

Саудаға тіркелген атауы: Ванкоген, Ванкомицин Тева, Эдицин.

Аминогликозидтер

Грам(-) Enterobacteriaceae микрофлорасының тұқымдастарына белсенді. Жалпы антибиотикалық тұрақтылық деңгейі жоғары, соның ішінде басқа аминогликозидтерге тұрақты бактериялар штаммдарының көбі амикацинге сезімтал. Анаэробтар тұрақты. Пневмококктардың тұрақтылығын ескеріп, аминогликозидтерді ауруханадан тыс пневмонияны емдеу үшін қолдануға болмайды. Негізгі қолданулары – біріктірілген антибиотикалық ем.

ГЕНТАМИЦИН

(GENTAMICIN)

Шығарылу түрі.Егуге арналған ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2мл ампулада 

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Сезімтал микроорганизмдермен туындаған инфекциялық аурулар: пневмония, өкпе абсцессі, перитонит, сепсис, менингит, остеомиелит, эндокардит, ірінді инфекциялар. Тек несеп жолдарының инфекцияларынан басқа, ол кезде басқа антибиотиктермен бірге біріктіру керек.

Б/е, к/т 3-5 мг/кг/тәулігіне 1-2 егуге. Курсы 7-10 тәулік.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік, миастения.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Егде жастағылар, естудің және вестибулярлы аппараттың бұзылуы, бүйрек қызметінің бұзылуы (мөлшерін түзету керек). Әр 3 тәулік сайын шумақты фильтрацияны бақылау қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Өмір көрсеткіштері бойынша қолдану.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төменгі құнарлықта төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Ототоксикалық (кохлеа- және вестибулотоксикалық), нефротоксикалық, жүйке-бұлшық ет өткізгіштігінің бұзылуы, сирек аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Гентамицин, Гентамицина сульфат.

НЕТИЛМИЦИН

(NETILMICIN)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 50 мг/2 мл, 200 мг/2 мл флаконда

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Сепсис (сонымен қатар жаңа туылған нәрестелерде), тыныс алу долдарының ауыр инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары, сүйек пен буындардың инфекциялары, күйіктер, жаралар, операциядан кейінгі инфекциялар, құрсақ ішінің инфекциялары (сонымен қатар перитонит), АІЖ инфекциялары.

Парентеральды: 4-6,5 мг/кг/тәулігіне 1-2 егуге.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік, миастения.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Егде жастағылар, естудің және вестибулярлы қызметтің бұзыдулары; бүйрек қызметінің бұзылуы (мөлшерін түзету қажет). Әр 3 тәулік бойы шумақ фильтрациясын бақылау қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы D. Өмір көрсеткіштері бойынша қолданылады. Ототоксикалық маңызды.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Төменгі құнарлықта төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Ототоксикалық (кохлеа- және вестибулотоксикалық), нефротоксикалық, жүйке-бұлшық өткізгіштігінің бұзылуы, сирек аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Нетромицин.

Тетрациклиндер

Әсер ету спектрі кең антибиотиктер, тұрақтылықтың өсуіне байланысты көптеген маңызы жоғалған.

ТЕТРАЦИКЛИН

(TETRACYCLINE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 100 мг, 200 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Сарып, хламидиялар, микоплазмалар, риккетсиялар туғызған инфекциялар; безеу бөртпелері, лептоспироз, мерез, эрадикация H. Pylori.

П/о 1,2-2 г/тәулігіне 4 рет қабылдауға 1 сағат тамақтың алдында.

Кері көрсеткіштері

8 жасқа дейінгі балаларға, жүктілік, емшекпен емізу, бүйрек жетіспеушілігі, жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауыр қызметінің бұзылуы. Тікелей инсоляциядан қашу фотосенсибилизация тәуекеліне байланысты. Тамақтың әсерінен сіңірілуі төмендейді, әсіресе сүт тағамдарында.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы D. Ұсынылмайды. Сүйекте және баланың тіс ұрықтарында жиналады, олардың минерализациясын бұзады. Гепатотоксикалық тәуекелі жоғары.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Төс сүтіне өтеді. Тіс ұрықтары дамуының, сүйектің түзу өсуінің бұзылуы мүмкін, фотосенсибилизация, ішектің микрофлорасына әсері, кандидоз.

Жанама әсерлері.

Сүйек және тіс тіндері түзілуінің бұзылуы, тілдің қараюы, жүректің айнуы, құсу, диарея, аллергиялық реакциялар, бастың ішкі қысымының жоғарлауы (жалған ісік синдромы), гепато- және нефротоксикалық, фотодерматит, панкреатит, катаболиттік әсері, антибиотикоассоциирленген диарея.

Саудаға тіркелген атауы: Тетрациклин.

ДОКСИЦИКЛИН

(DOXYCYCLINE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар, капсулалар 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Созылмалы бронхиттің асқынуы, хламидия, микоплазма, риккетсия туғызған инфекциялар, безулі бөртпелер, жамбас инфекциялары, созылмалы простатит, тропикалық безгектің алдын алу шаралары үшін.

П/о және к/т тамшылатып (≥ 1 сағ) 0,2 г/тәулігіне 1-2 енгізуге.

Кері көрсеткіштері

8 жасқа дейін, жүктілік, емшекпен емізу, бауырдың ауыр патологиясы.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауыр қызметінің бұзылуы. Фотосенсибилизация тәуекеліне байланысты тікелей инсоляциядан қашу. Сіңірілуі тамақтың әсерінен төмендейді, әсіресе сүт тағамдарында.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы D. Ұсынылмайды. Ұрықтың сүйектерінде және тіс ұрықтарында жиналады, олардың минерализациясын бұзады. Гепатотоксикалық тәуекелі жоғары.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Төс сүтіне өтеді. Тіс ұрықтарының, сызықты сүйек өсу дамуының бұзылуы, фотосенсибилизация, ішек микрофлорасының өзгеруі, кандидозды туғызуы мүмкін.

Жанама әсерлері.

АІЖ: іште ауырсыну немесе дискомфорттың болуы, жүректің айнуы, құсу, диарея.

ОЖЖ: бастың айналуы, тұрақсыздық; ұзақ қолданғанда бас миының ішкі қысымының жоғарлауы (мидың жалған ісік синдромы).

Бауыр: гепатотоксикалық, майлы немесе бауырдың некрозына әкелуі мүмкін. Тәуекел факторы: бастапқы бауыр қызметінің бұзылуы, жүктілік, тез к/т енгізу, бүйрек жетіспеушілігі.

Сүйек: сүйек тінінің пайда болуының бұзылыстары, сүйектің сызықты өсуінің баяулауы (балаларда).

Тістер: дисколорация (сары немесе сұр-қоңвр түске боялуы), эмал ақаулары.

Метаболиттік бұзылыстар: катаболизмнің басынуымен жүретін ақуыз алмасуының бұзылыстары, бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастардағы азотемияның ұлғайуы.

Фотосенсибилизация: күн сәулелерінің әсерінен пайда болатын бөртпелер мен дерматиттер, көбінесе терінің зақымданулары тырнақтың зақымдануымен бірге жүреді.

Аллергиялық реакциялар (барлық тетрациклиндерге қайшыластық): бөртпелер, есекжем, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок.

Жергілікті реакциялар: тромбофлебит (к/т енгізген кезде).

Басқалары: бүртіктердің гипертрофиясы мен тілдің қараюымен жүретін глоссит; эзофагит, өңештің эрозиясы (көбінесе капсуланы қолданғаннан); панкреатит; АІЖ мен қынаптың қалыпты микрофлорасын тежеу, суперинфекция, орофарингеальді, ішек және қынап кандидозы, сирек C.difficile-ассоциирленген колит.

Саудаға тіркелген атауы: Доксициклина гидрохлорид, Вибрамицин.

ХЛОРАМФЕНИКОЛ

(CHLORAMPHENICOL)

Шығарылу түрі. Капсулалар 250 мг; таблеткалар 500 мг; егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ 1000 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бактериальды менингит, мидың абсцессі, сальмонеллездің жалпыланған түрі, іш сүзегі, риккетсиоздар: Ку-қызбасы, теңбелі қызба, бөртпелі тиф, интраабдоминальды инфекциялар, кіші жамбас мүшелерінің инфекциясыи, газоды гангрена, оба. Барлық аталған инфекцияларда хлорамфеникол ІІ қатардағы препараттарға жатады.

П/о (тамақ қабылдауға тәуелсіз), б/е және к/т 2-4 г/тәулігіне 4 енгізу.

Кері көрсеткіштері

Хлорамфениколға аллергиялық реакциялар, жүктілік, емшекпен емізу; қан түзілуінің тежелуі, порфирия, Г-6-ФД жетіспеушілігі, бүйрек және бауыр жетіспеушілігі.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жаңа туылған нәрестелер мен ерте жастағы кезеңде. Қайта және ұзақ емдеу курстарынан қашу керек. Тромбоциттерді, ретикулоциттерді және эритроциттерді бақылау керек; мүмкіндігінше нәрестелерде Спл мониторингін жүргізу керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Ұсынылмайды. "Сұр синдромы" дамуы мүмкін немесе сүйек жегінің тежелуі, әсіресе жүктіліктің соңғы кезеңінде тағайындағанда.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Гематологиялық реакциялар: қайтымды (мөлшерге тәуелді): ретикулоцитопения, тромбоцитопения, қаназдық, лейкопения; қайтымсыз (мөлшерге тәуелсіз, генетикалық бейімділіктері бар науқастарда байқалады): апластикалық қаназдық, болжамдары қалаусыз. Сирек кездеседі (бір жағдай 25-40 мың науқасқа), препаратты доғарғаннан кейін, бір рет және жергілікті қолданудан кейін болуы мүмкін. Балаларда миелобласты лейкоздың дамуымен бірігіп келуі мүмкін. «Сұр синдром» нәрестелерде: құсу, іштің кебуі, тыныс бұзылыстары, цианоз. Кейіннен вазомоторлы коллапс, гипотермия, ацидоз қосылуы мүмкін. «Сұр синдромның» даму себептеріне көбінесе хлорамфениколдың жиналуына байланысты болуы мүмкін, ол бауыр ферменттерінің дамымауымен және миокардқа тікелей улы әсер етуімен түсіндіреді. Өлім 40%-ға жетеді. Көмек шаралары: алмасу қан құюлар немесе гемосорбция. Жүйке жүйесі: естің шатасуы, бастың ауруы, шеткі полинейропатия, психиканың бұзылуы; ұзақ қолданған кезде көру жүйкесінің невритінің дамуы көруді жоғалтумен қауіпті.

АІЖ: глоссит, стоматит, іштің ауруы және дискомфорт, жүректің айнуы, құсу, диарея.

Басқа да: Яриша-Герксгеймер реакциясы (эндотоксикалық реакция), хлорамфениколды мерезбен, сараппен және іш сүзегімен ауыратын науқастарға қолданған кездегі суреттелген реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Левомицетин.

Хинолондар

Фторланбаған ( I ұрпақ – налидикс қышқылы, пипемед қышқылы, оксолин қышқылы) және фторланған (II- норфлоксацин, ципрофлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ломефлоксацин; III ұрпақ – левофлоксацин, спарфлоксацин; IV ұрпақ – моксифлоксацин, гемифлоксацин, гатифлоксацин). Бірінші ұрпақтағы хинолондар грам (-) флораларға белсенді. Ципрофлоксацин грам(-) және кейбір грам (+) микроорганизмдерге әсер етеді. Ішек таяқшаларына сальмонелл, шигелл, компилобактера, нейссерии, P. аeruginosa белсенділігінің маңызы бар. Грам(+) сезімталдардың ішінде ең сезімталдығы стафилококктар (MRSA басқа). Легионелл мен M. Tuberculosis белсенді. Шамалы және белсенділігі пневмококк, энтерококк, хламидиге төмендеу. Көптеген анаэробтар тұрақты. IV ұрпақ перпараттары «респираторлы фторхинолондар» пневмококк пен жасуша ішілік патогендерге белсендірек. Моксифлоксацин спора жасамайтын анаэробтарға белсенді, сонымен қатар B. fragilis, ципрофлоксацин көк ірінді таяқшаларға белсенділігі шамалы. Гемифлоксацин фторхинолондардың ішіндегі пневмококктарға қарсы белсенді және грам(-) флораларға айқын әсер етеді.

ПИПЕМИД ҚЫШҚЫЛЫ

(PIPEMIDIC ACID)

Шығарылу түрі. Таблеткалар, капсула 200 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Несеп жолдарының жедел және созылмалы инфекциялары: пиелонефрит, цистит, уретрит; простатит.

Ересектерге — 400 мг-нан тәулігіне 2 реттен 10 күндей. Балаларға 1–15 жас — 15 мг/кг есептегенде 2 рет қабылдауға. Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, бауыр мен бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары, жүктіліктің I және III үшайында, жас балаларға.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықты сақтау керек. Препаратты қолданатын балалар дәрігердің қатаң қадағалауында болуы керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолданылмайды.

Емшекпен емізу: Қолданылмайды. Жоғары құнарлықта төс сүтіне өтеді. Гемолитикалық қаназдықта сарғыштану, бастың ішкі қысымы жоғарлауы мүмкін.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, асқазан тұсының ауруы, фотосенсибилизация, аллергиялық тері реакциялары.

Саудаға тіркелген атауы: Палин, Пимидель, Уротрактин.

ЦИПРОФЛОКСАЦИН

(CIPROFLOXACIN)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 250 мг, 500 мг; егуге арналған ерітінді флаконда 200 мг/100 мл, егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін құнарлық 100 мг/10 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Созылмалы бронхиттің асқынуы, нозокомиальды пневмония; ауруханадан тыс пневмония (себептері пневмококкты емес жағдайлардағы қордағы препарат); өт шығару жолдарының инфекциясы; ішек инфекциясы (шигеллез, сальмонеллез, кампилобактериоз); несеп жолдарының инфекциясы; жамбас инфекциясы (антианаэробты препараттармен біріктіріп); тері, жұмсақ тін, сүйек, буын инфекциялары; бактериальды менингит; соз (тек сезімталдығы белгілі қоздырғыштарға), простатит; туберкулез (басқа ДЗ біріктірілетін қордағы препарат); бактериальды коньюктивит (жергілікті); өкпенің сібір жарасын емдеу және алдын алу шаралары үшін; аталық безіне операция кезінде операция алдындағы алдын алу шаралары үшін. Балалар: 5-17 жастағы балалардағы P.aeroginosa туғызған өкпенің муковисцидозының асқынуы.

П/о 1-1,5 г/тәу 2 қабылдауға, несеп жолдарының инфекциясы кезінде – 0,5 г/тәу 2 қабылдау, жедел соз уретриті кезінде – 0,5 г бір реттен. К/т тамшылатып 0,4-1,2 г/тәулігіне 2 енгізуге. Ұзақ әсер ететін түрін п/о 1 р/тәулігіне қабылдайды. Сібір жарасының өкпе түрін (емдеу және алдын алу шаралары үшін): п/о 0,5 г 2 р/тәулігіне. Жоғары бір реттік мөлшері 0,5 г. Курсы ≤ 14 тәулігіне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік. Ауыр бауыр мен бүйрек жетіспеушілігі, ауыр церебральды фтеросклероз; 18 жасқа дейінгі балалар (өміріне қауіп төнген кездегі жағдайларда басқа антибиотиктер болмағанда).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтеді. Ішек микрофлорасының өзгеруі, балада сенсибилизацияның, кандидоздың, тері бөртпелерінің болуы мүмкін.

Жанама әсерлері.

Жоғары сезімталдық, жүктілік, ауыр бүйрек және бауыр жетіспеушілігі, ауыр церебральды фтеросклероз; 18 жасқа дейінгі балалар (өміріне қауіп төнген кездегі жағдайларда басқа антибиотиктер болмағанда).

Саудаға тіркелген атауы: Ципрофлоксацин, Цепрова, Сифлокс, Ципринол, Ципробай, Ципролет, Цифран.

Нитроимидазолдар

Анаэробтар мен қарапайымдыларға қарсы белсенділігі жоғары. C. Difficile туғызған псевдомембранозды колит кезінде тиімді.

МЕТРОНИДАЗОЛ

(METRONIDAZOLE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 250 мг; егуге арналған ерітінді 0,5% флаконда 100 мл, қынап балауызы 500 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Анаэробты инфекциялар (интраабдоминальды, жамбас, ауыз қуысы), протозойдты инфекциялар (трихомониаз, амебиаз, лямблиоз), бактериальды вагиноз, жалған мембранозды колит, эрадикация H.pylori, ауыр безеу бөртпелері. Тоқ және тік ішекке операция кезіндегі инфекциялардың алдые алу шаралары үшін.

Анаэробты инфекция кездерінде: п/о 0,4-0,5 г 3-4 р/тәулігіне, к/т тамшылатып (30-60 мин) 0,5 әр 8 сағатта; бактериальды вагиноз кезінде п/о 0,5 г 2 р/тәулігіне 7 тәулік бойы. Трихомониаз кезінде: п/о 2 г бір реттен немесе 0,5 г 2 р/тәулігіне 5 тәулік бойы әлде 0,25 г 3 р/тәулігіне 7 тәулік бойы; тұрақты трихомонада кезінде – 2-3 г/тәулігіне 14 тәулік бойы. Амебиаз кезінде: п/о немесе к/т 0,75 г 3 р/тәулігіне 10 тәулік бойы; лямблиоз кезінде: п/о 0,25 г 2-3 р/тәулігіне 5-7 тәулік бойы.

Эрадикация Helicobacter pylori: п/о 0,5 г мг 3 реттен тәулігіне 7 күндей, міндетті түрде басқа препараттармен біріктіру керек. Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, лейкопения (сонымен қатар анамнезенде), ОЖЖ-нің органикалық зақымданулары (сонымен қатар қояншық), бауыр жетіспеушілігі (үлкен мөлшерлерді тағайындаған кезде), жүктілік (1 үшайында), емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жүктілік (II-III үшайында) бауыр, бүйрек және ОЖЖ-нің аурулары. Жүктілік кезде үлкен мөлшерді тағайындамау керек. Бір мезгілде алкоголмен бірге қолданғанда дисульфирамидті реакциялар болуы мүмкін. Ұзақтығы > 10 тәуліктен асқанда клиникалық және зертханалық мониторинг жасау қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Жүктіліктің I үшайында тағайындалмайды, басқа кездерде сақтықпен қолданылады.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Төс сүтіне жоғары құнарлықта өтеді, оған ащы дәм береді. Балада анорексия, құсу, диарея болуы мүмкін.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы, диарея, жағымсыз металл дәмі, бастың ауруы, бастың айналуы, синкопальды жағдайлар, атаксия, естің бұзылуы, қояншық талмалары, нейтропения (лейкопения), эритематозды бөртпелер, тері қышынулары, зәрдің боялуы, аллергиялық реакциялар, тромбофлебит (к/т енгізгеннен кейінгі).

Саудаға тіркелген атауы: Метронидазол, Клион, Метрогил, Трихопол, Флагил.

Сульфаниламидтер мен триметоприм

Тұрақтылықтың өсу нәтижесіне байланысты сульфаниамидтердің клиникалық маңызы төмендеді және олардың белсенді мен улылығы төмен бактерияларға қарсы препараттармен ығыстырылуы.

СУЛЬФАМЕТОКСАЗОЛ + ТРИМЕТРОПРИМ

(CO-TRIMOXAZOLE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 120 мг, 480 мг; егуге арналған ерітінді ампулада 480 мг/5 мл пероральды суспензия 240 мг/5 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Тыныс алу жолдарының инфекциясы: бронхит (жедел және созылмалы, қайталанулардың алдын алу шаралары), бронхоэктазды аурулар, плевраның эмпиемасы, өкпенің абсцессі, пневмония (емдеу және алдын алу шаралары), сонымен қатар ЖИЖС-мен ауыратын науқастардағы Pneumocystis carinii туғызған; несеп шығару жолдары: уретрит, цистит, пиелит, пиелонефрит, простатит, эпидидимит; урогенитальды: соз, жұмсақ шанкр, жыныстық қатынас ауруларының лимфогранулемазы, шап гранулемасы; АІЖ: бактериальды диарея, шигеллез, холера (біріккен ем құрамында), іш сүзегі және паратиф (сонымен қатар бактерия тасымалдаушы), энтеротоксикалық штаммдар E.coli туғызған холецистит, холангит, гастроэнтериттер; тері мен жұмсақ тіндер: акне, сыздауықтар, пиодермия, тілік, жарақатты инфекция, жұмсақ тіндер абсцесстері; ЛОР-мүшелері: ортаңғы отит, синусит, ларингит; хирургиялық; септицемия, менингит, остеомиелит (жедел және созылмалы), бас миының абсцессі, жедел сарып, оңтүстік-америкалық бластомикоз, безгек (Plasmodium falciparum), токсоплазмоз және көкжөтел (біріккен ем құрамында).

Ішке, б/е, к/т тамшылатып 2 реттен тәулігіне (12 сағат сайын). Бір реттік мөлшер: ересектер және 12 жастан үлкен балаларға — 960 мг-нан; 2–6 айдағы балаларға — 120 мг-нан (немесе 2,5 мл балалар суспензиясы), 6 ай — 5 жас — 240 мг-нан (немесе 5 мл балалар суспензиясы), 6–12 жасқа — 480 мг-нан (немесе 10 мл балалар суспензиясы). Жедел инфекцияларды емдеуді клиникалық симптомдардың толық жоғалуына дейін және кейінгі 2 күндей, орта ұзақтығы — 5 күндей; несеп жолдарының инфекциялары кезінде курс ұзақтығы, созылмалы бронхит тің қайталануында, жедел ортаңғы отитте, жұмсақ шанкрде, шап лимфогранулематозда — 10–14 күндей; шигеллезде, саяхатшылардағы диареяда — 5 күндей; несеп жолдарының төменгі бөліміндегі асқынбаған инфекцияларда — 1–3 күндей; жедел сарыпта — 3–4 апта; іш сүзегі мен паратифте — 1–3 ай; созылмалы простатитте — 3 ай. Парентеральды (ауыр инфекциялар кезінде): ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға — 3 мл б/е 2 реттен тәулігіне; балаларға 6–12 жастағы — 1,5 мл б/е 2 реттен тәулігіне немесе к/т тамшылатып 10–20 мл 250 мл 0,9% натрия хлорид ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде 2 реттен күніне, балаларға 6–12 жастағы — 18 мг-нан (15 мг сульфаметоксазол және 3 мг триметоприм) 1 кг дене салмағына 2 реттен тәулігіне. Ортаңғы ұзақтығы — 5 күндей, кейін — пероральды қабылдау. Несеп жолдарының бактериуриясыз жүретін созылмалы инфекциялар қайталануының алдын алу шаралары үшін: ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға — 480 мг-нан тәулігіне 1 рет түнде жатар алдында, 12 жасқа дейінгі балаларға — 2 мг/кг дене салмағына триметоприм тәулігіне және 10 мг/кг сульфаметоксазол тәулігіне, ұзақтығы — 3–12 ай. Pneumocystis carinii туғызған пневмонияны емдеу кезінде, жоғары мөлшерді қолданады: 15–20 мг/кг триметоприм және 75–100 мг/кг сульфаметоксазол тәулігіне 4 рет қабылдауға, 14–21 күн пероральды немесе парентеральды. Для профилактики Пневмоцистты пневмонияның алдын алу шаралары үшін — қайталану мүмкіндіктері кезеңінде кәдімгі мөлшерлер.

Асқынбаған созда — 480 мг-нан 2 реттен күніне, 2 күн немесе бірінші қабылдауға — 2,4 г-нан (5 кесте) және 8

сағаттан кейін тағыда 2,4 г немесе бір реттік қабылдау 3,84 г-нан (8 кесте).

Мұрын өңештің созды инфекциясы кезінде — 960 мг-нан 3 реттен/стәулігіне 7 күндей.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық (сонымен қатар сульфаниламидтерге немесе триметопримге), бауыр немесе бүйрек (клиренс креатинині < 15 мл/мин) жетіспеушілігі, B12-жетіспеушілік қаназдық, агранулоцитоз, лейкопения, глюкозо−6-фосфатдегидрогеназаның жетіспеушілігі, жүктілік, емшекпен емізу (емдеу кезеңінде емшекпен емізуді доғару), жас балаларға (3 айға дейін — пероральды үшін, 6 жасқа — парентеральды енгізу үшін), балалардағы гипербилирубинемия, жаңа туылған балаларға тағайындамайды (сульфаниламидтер билирубиндерді ақуызбен байланысқан плазмадан ығыстырып, ядерлі сары ауруды туғызады).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Егде жастағылар, бауырдың зақымдалуы, Порфирия. Бүйрек пен бауыр қызметін анамнезенде ескеру; кристаллурияның алдын алу шаралары үшін сілтілік сусындар беру және бөлінетін зәрді жеткілікті көлемде ұстап тұру. > 1 айдан артық емделу кезінде гематологиялық өзгерістер тәуекеліне бола (көбіне асимптоматикалық) жиі қан анализін жасау қажет. Фолий қышқылы (3-6 мг/тәу) осы өзгерістерді шеттетуі мүмкін. Бөртпелердің пайда болуы немесе қан жағынан болатын өзгерістер препаратты қабылдауды тез доғаруды талап етеді.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Ұсынылмайды. Триметоприм жоғару құнарлықта плаценттен өтеді. Триметоприм – фолий қышқылының белсенді антагонисті. Жүрек-қан тамыр жүйесінің, ОЖЖ-нің, ұрықтың өсуінің туа пайда болатын ақауларының тәуекелін жоғарлатады.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Триметоприм төменгі құнарлықта төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері. Жалпы: 12-40%, АВИ инфекциясы кезінде – 60%.

АІЖ мүшелері жағынан: диспепсия, жүректің айнуы, құсу, анорексия, сирек — холестазды және некрозды гепатиттер, трансаминаза мен билирубиннің жоғарлауы, жалған мембранозды энтероколит, панкреатит, стоматит, глоссит. Қан түзілу мүшелері жағынан: агранулоцитоз, апластикалық қаназдық, тромбоцитопения, гемолитикалық қаназдық, мегалобластикалық қаназдық, гипопротромбинемия, метгемоглобинемия, эозинофилия. Несеп жолдары мүшелері жағынан: кристаллурия, бүйрек жетіспеушілігі, интерстициальды нефрит, плазмадағы креатининнің жоғарлауы, токсикалық нефропатия олигоуриямен және ануриямен. Аллергиялық реакциялар: есекжем, бөртпелер, токсикалық эпидермальды некролиз (Лайелла синдромы), Стивенса — Джонсон синдромы, аллергиялық миокардит, көп түрлі эритема, эксфолиативті дерматит, Квинке ісінуі, қышыну, көздің ақ қабығының қызаруы, дене қызуының жоғарлауы.

Басқалары: гиперкалиемия, гипонатриемия, асептикалық менингит, щеткі невриттер, бастың ауруы, депрессия, артралгии, миалгии, әлсіздік, фотосенсибилизация.

ЖИЖС кезінде көбінесе қалаусыз реакциялар жоғары тәуліктік мөлшерді қолданғануға мәжбүр болғанда бірден жоғарлайды.

Саудаға тіркелген атауы: Бактрим, Бактрим форте, Септин, Бисептол, Гросептол, Ко-тримоксазол, Ориприм.

Нитрофурандар

Нитрофурандардың фармакокинетикасының ерекшелігіне және қалаусыз реакциялардың жиі болуына байланысты оларды клиникалық тәжірибеде шектеулі қолданады.

ФУРАЗОЛИДОН

(FURAZOLIDONE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 0,05 г

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Лямблиоз, трихомониаз (нитроимидазолдар тиімсіз болған кезед), шигеллез.

П/о 0,4 г/тәу 4 қабылдаауға тамақпен бірге.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, ауыр бауыр патологиясы, СБЖ, СЖЖ-нің II-III сатысы, Г-6-ФД жетіспеушілігі, порфирия, 1 айға дейінгі жасқа, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Қаназдық, қант диабеті, электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы, В тобының және фолий қышқылының жетіспеушілігі, жүйке жүйесінің, өкпенің бауырдың аурулары. Бронхиальды демікпе. Жедел нефрит кезінде ұсынылмайды, себебі бүйрек тінінде жоғары құнарлығы жиналмайды. Ұзақ емдеу кезінде, әсіресе егде жастағыларда, өкпе мен бауыр қызметін бақылау керек. Несепте глюкозаны анықтағанда жалған оң нәтижелері болуы мүмкін; несеп сары немесе қоңыр түске боялуы мүмкін. Дисульфирам тәрізді реакциялар тәуекеліне байланысты алкогол қабылдауға тыйм салынады; артериальды гипертензия және психикалық бұзылыстарға байланысты тамақтан тираминмен бай өнімдерді (ірімшік, шоколад ж.т.б.) алып тастайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Сақтықпен.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, сирек құсулар (тамақпен бірге қабылданғанда төмендейді), холестаз, сары ауру, гепатит; бастың ауруы, бастың айналуы, нистагм, бас ішінің гипертензиясы; шеткі полинейропатия; бөртпелер, тері қышымалары, есекжем, қызба, эксфолиативті дерматит; қызыл жегі тәрізді синдром; қынап кандидоз. Жедел (ентігу, жөтел, қызба, миалгия, эозинофилия, бронхоспазм) және созылмалы (пневмонит және өкпе фиброзы) өкпе реакциялары. Жедел гемолитикалық қаназдық (Г-6-ФД жетіспеушілігі кезде), сирек жағдайларда мегобластикалық қаназдық, агранулоцитоз, тромбоцитопения, лейкопения; жедел интерстициальды нефрит.

Саудаға тіркелген атауы: Фуразолидон

НИТРОФУРАНТОИН

(NITROFURANTOIN)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жедел цистит, созылмалы несеп жолдарының инфекциясы кезінде ұзақ супрессивті ем.

П/о 0,4 г/тәулігіне тамақпен бірге 4 рет қабылдауға, алдын алу шаралары үшін – 0,05 г түнге.

Кері көрсеткіштері

Жүректің айнуы, сирек құсу (әлсіреуі тамақпен бірге қолданғанда); холестаз, сары ауру, гепатит; бастың ауруы, бастың айналуы, нистагм, бас ми ішінің гипертензиясы; шеткі полинейропатия; бөртпе, тері қышынулары, есекжем, қызба, эксфолиативті дерматит, қызыл жегі тәрізді синдром, қынап кандидозы. Жедел (ентігу, жөтел, қызба, миалгия, эозинофилия, бронхоспазм) және созылмалы (пневмонит және өкпе фиброзы) өкпе реакциялары. Жедел гемолитикалық қаназдық (Г-6-ФД жетіспеушілігі кезінде), сирек жағдайларда мегалобластикалық қаназдық, агранулоцитоз, тромбоцитопения, лекопения; жедел интерстициальды нефрит.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Қаназдық, қант диабеті, электролит тепе-теңдігінің бұзылуы, В тобының витаминдері мен фолий қышқылының жетіспеушілігі, жүйке жүйесінің, өкпенің, бауырдың аурулары. Бронхиальды демікпе. Жедел пиелонефрит кезінде ұсынылмайды, себебі бүйрек тіндерінде жоғары құнарлығы болмайды. Ұзақ емделу кезінде, әсіресе егде жастағыларда өкпе мен бүйрек қызметін қадағалау керек. Зәрде глюкозаның анықталуы жалған оң болуы мүмкін; зәр сары немесе қоңыр түске боялуы мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Сақтықпен. Жаңа туылған нәрестелерде гемолитикалық қаназдық дамуы туралы мәліметтер бар.

Емшекпен емізу:

Жанама әсерлері. Жалпы 13,9-43%. Жоғары сезімталдық, анафилаксия, ангионевротикалық ісінулер, артралгия, қалтырау, қызба, экзема, миалгия, терінің қышынуы, пневмонит, эксфолиативті дерматит, Стивенса-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема. Гранулоцитопения, лейкопения, мегалобластикалық қаназдық, гемолитикалық қаназдық. Нейротоксикалық әсер, полиневропатия, көру жүйкесінің невриті. Бас ми қысымының жоғарлауы, бастың ауруы. Цианоз (метгемоглобинемия). Транзиторлы таздану. Гепатотоксикалық сары ауру, сары ауру, панкреатит, бауыр некрозы. Псевдомембранозды колит. Депрессия. АІЖ жағынан реакциялар (31,6%А): диарея, жүректің айнуы, құсу. Зәр түсінің сары түстен қоңыр түске дейін өзгеруі (препаратты алып тастауды қажет етпейді).

Саудаға тіркелген атауы: Фурадонин.

ФРАМИЦЕТИНА СУЛЬФАТ+ ГРАМИЦИДИН+ДЕКСАМЕТАЗОН

(FRAMYCETIN+GRAMICIDIN+DEXAMETHAZONE)

Шығарылу түрі. Көз және мұрын тамшылары 5 мг+50 мкг+500 мкг/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Көздің беткейлік бактериальды инфекциялары, айқын қабыну немесе аллергиялық құраммен жүретін; блефарит; қабақтың инфицирленген экземасы; теріскен; аллергиялық конъюнктивит; кератит rosacea; склерит, эписклерит, иридоциклит, ирит; жедел және созылмалы сыртқы отит.

Балалар мен ересектер

Көз тамшысы: 1—2 тамшыдан 3—4 рет тәулігіне; қажет жағдайларда бірінші 1-2 тәулікте жиі қолданады.

Құлақ тамшысы: 2—3 тамшыдан 3—4 рет тәулігіне.

Кері көрсеткіштері

Қарапайым ұшық және басқа да вирустар туғызған қасаң қабақ пен көздің кілегей қабағының инфекциялары; көз туберкулезі; көздің зең аурулары; Препараттың қандай да бір құрамына жоғары сезімталдық. Фрамицетиннен тұратын препаратты дабыл жарғағының перфорациясы жағдайларында қолданбауы тиіс.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Емдеу кезінде көздің ішкі қысымын бақылау керек. Препаратты қолдану 7 күннен аспауы керек, тек аурудың оң динамикасы кезінде ғана болады, себебі препараттың құрамына кіретін глюкокортикостероидтарды ұзақ қолдану, жасырын жүретін инфекцияларды жасыруы мүмкін, ал микробтарға қарсы құрамды ұзақ қолдану, микрофлораның тұрақтылығын туғызады. Сонымен қатар қарқынды ұзақ емдеу курсы жалпы жүйелік әсер етуі мүмкін. Препаратты емдеу үшін қолданатын науқастар, көрудің бұлынғырлану салдарынан, көлік жүргізуден немесе жоғары көруді талап ететін механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ.

Емшекпен емізу: Қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Көздің ішкі қысымының жоғарлауы, катарактаның түзілуі; қасаң қабақтың жұқаруына әкелетін аурулар кезінде, қасаң қабақтың тесілуі, аллергиялық реакциялар (ауырсыну, күйдіру, қышыну, дерматиттер).

Саудаға тіркелген атауы: Фрамицетина сульфат+Грамицидин+ Дексаметазон

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]