- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Көсемшенің жасалуы мен түрлері
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сауда. Сауда орталығы
- •Сыртқы экономикалық байланыстар
- •Құнды қағаздар. Банк билеттері, ақша
- •Ұлы Жібек жолы
- •Ұлы Жібек жолы тауарлары
- •Шенген келісімі
- •Шенген визасын қалай алуға болады?
- •Шенген визасы. Виза үшін қажетті құжаттар
- •Как вести себя в непредвиденых ситуациях
- •Поведение во время землетресения и стихийных бедствий
- •Қазақстанның сәулет өнері
- •Батыс Қазақстан
- •Тараз шаһары
- •Киім үлгісінің құпиялары
- •Киімдердің түсі туралы
- •Костюмдер, шалбарлар
- •Шалбар, аяқ киім
- •Қазақстанда жоғары туристік білім орнықтыру
- •Банкноттар тарихы
- •Қазақстан Республикасының банкноттары
- •Ақш банкноттарында кімдер тұр?
- •Ақтөбе облысының этнографиялық ерекшелігі – туристік мотивацияның факторы
- •Ағаш ою, зергерлік жұмыстары
- •Ақтөбе облысындағы әйелдер қолөнері
- •Тарихи-этнографиялық туристік нысандар
- •Күлтегін тас жазуы
- •Күлтегін тас жазуы
- •Турист өміріне қауіп төндіретін факторлар
- •Саяхат проблемалары
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристерге кеңес
- •Шығыс елдеріндегі тәртіп
- •Іссапарды ұйымдастыру
- •Іссапардағы ережелер
- •Шартты рай
- •Туризм жұмысын жандандыру жолдары
- •Тыңдалым (аудирование)
- •Қалау рай
- •Жиналыстар мен конференциялардағы әдеп
- •Келіссөздер жүргізу техникасы
- •Сізге аудармашы қажет пе?
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •IV. Сөйлемді аяқтаңыз, етістіктің астын сызыңыз.
- •Қорытынды бақылау жұмысы
- •10.Аударыңыз: «Честь быть изображенным на однодолларовой купюре предоставлена Джорджу Вашингтону»
- •15.Жақшадағы сөздерді аударыңыз: Мамандардың (качественно) және (выгодно) жұмыс жасауы үшін оларды (квалификацию) арттыратын курстарға (направлять) отыруы тиіс.»
- •20.Керек сөзді қойыңыз: «Мұражайлар ... Әсер қалдырды.»
Шенген келісімі
Шенген келісімі – 1985 жылы 14-ші маусымда Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Франция, Германия, Португалия, Испания елдері қол қойған «Еуропа одағының елдері арасындағы кеден бақылау құжатын жою туралы» келісімі. Ол 1995 жылы 26-шы наурызда күшіне енеді. Бұл келісімге Шенгенде қол қойды. Шенген – Люксембургтың кіші қаласы. Ол үш елдің – Люксембург, Германия және Францияның – шекарасында орналасқан. Сол кезде осы келісімге бірнеше елдер қосылды. Қазір осы келісім 15 елде жұмыс істейді. Олар: Австрия, Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Исландия, Италия, Греция, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Португалия, Испания және Швеция.
Еуропа одағының тағы 10 елі осы келісімнің нақты мүшесі, бірақ олар Шенген келісіміне тек 2007 жылы қосылады. Олар: Кипр, Чех Республикасы, Эстония, Мажарстан, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия және Словения. 2005 жылы 5-ші шілдеде Швейцария азаматтары Шенген аумағына кіру туралы шешім қабылдады. Ватикан да Шенген аумағына кіргісі келеді. Шенген келісіміне қосылған Норвегия және Исландиядан басқа әрбір ел – Еуропа одағының мүшесі. Еуропа одағының мүшелері – Ирландия және Ұлыбритания – Шенген аумағынан сыртқары жерде.
1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Шенген келісімі – «Еуропа одағының елдері ... (между) кеден бақылау құжатын жою туралы» ... (договор).
Ол 1995 жылы 26-шы наурызда ... ... (входит в силу).
Бұл ... (договор) Шенгенде ... ... (подписали).
Шенген – Люксембургтың ... ... (маленький город), үш елдің – Люксембург, Германия және Францияның – ... (на границе) орналасқан.
2005 жылы 5-ші шілдеде Швейцария ... (граждане) Шенген аумағына кіру туралы ... ... (приняли решение).
2-тапсырма. Жаттығуды жазбаша орындаңыз. Сөздерді жалғаулатыңыз.
Бұл келсім... Шенгенде қол қойды.
Ол 1995 жылы 26-шы наурызда күші... енеді.
Кеден бақылау құжатын... жою туралы келісім.
Ватикан Шенген аумағы... кіргісі келеді.
Ирландия және Ұлыбритания – Шенген аумағы... сыртқары жерде.
Сөздік:
шетелдік төлқұжат –
жарау мерзімі –
табысы туралы –
анықтама –
кіреді –
3-тапсырма. Жаңа сөздерді аударыңыз, қайталаңыз, есте сақтаңыз. Мысалдарды аударыңыз.
Шетелдік төлқұжат басқа мемлекетке сапарға шығу үшін қажет.
Сапар алдында құжаттың жарау мерзімі тексеріледі.
Елшілікте іскер адамның табысы туралы мәлімет жазылады.
Виза алу үшін әртүрлі анықтамаларды сұрайды.
Шенген визасының тізіміне 15 мемлекет кіреді.
4-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Шенген визасын қалай алуға болады?
Шенген визасы бар елдердің тізіміне Шенген келісімшартының 15 мемлекеті кіреді: Бельгия, Франция, Германия, Нидерланды, Люксембург, Греция, Италия, Испания, Австрия, Португалия, Швеция, Дания, Исландия, Норвегия, Финляндия және АҚШ, Ұлыбритания мен Жапония, сонымен бірге Шығыс Еуропаның көптеген елдері. Кейбір мемлекеттерге алдын-ала виза алудың қажеті жоқ, оны әуежайға келіп түскенде сол елдің өзі береді.
Виза алу үшін бір пакет құжаттарды сол елдің елшілігінің виза бөліміне тапсыру керек. Шетелге шығатын төлқұжат болуы шарт және оның жарау мерзімі шетелден келген соң 3 айдан кейін бітуі керек. Осыған қосымша көптеген елшіліктер сақтану полисін, қонақ үйден брон және сол елдің шақыру қағазы, сонымен бірге жұмыс орнынан табысы туралы анықтамаларды сұрайды.
(«Деловой туризм» журналы, 2006 жыл)
5-тапсырма. Сөйлемдерді оқытушыдан соң жалғастырыңыз.
Шенген визасы бар елдердің тізіміне 15 ... ... .
Шенген келісімшартының мемлекеттері: ... , ... , ...
Осы мемлекеттерге алдын-ала виза алудың қажеті жоқ, себебі, оны әуежайға келіп түскенде ... ... ... береді.
Ол үшін қажет құжаттарды сол елдің елшілігіне алдын-ала ... ... .
Шетелдік төлқұжат болу ... және оның мерзімі өз еліне келген соң ... ... ... бітуі керек.
Елшіліктер шетелдік төлқұжаттан басқа сақтану полисін, шақыру қағазы, қонақ үйден ... , табысы туралы ... сұрайды.
6-тапсырма. Керек жалғауларды қойыңыз.
Шенген визасы бар елдердің тізімі... Шенген келісімшартының 15 мемлекеті кіреді.
Кейбір мемлекеттер... алдын-ала виза алу... қажеті жоқ.
Виза алу үшін бір пакет құжаттар... сол елдің елшілігінің виза бөлімі... тапсыру керек.
Шетелдік төлқұжаттың жарау мерзімі шетел... келген соң 3 ай... кейін бітуі керек.
Елшіліктер жұмыс орны... табысы туралы анықтамалар... сұрайды.
7-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, мәтінді мазмұндаңыз.
Шенген визасы бар елдердің тізіміне қанша мемлекет кіреді?
Шенген келісімшартының 15 мемлекеті қай мемлекеттер?
Осы мемлекеттерге неліктен алдын-ала виза алудың қажеті жоқ?
Ол үшін нені алдын-ала тапсыру керек?
Шетелдік төлқұжаттың мерзімі қай уақытта бітуі керек?
Елшіліктер шетелдік төлқұжаттан басқа қандай құжаттар сұрайды?
