Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКОНОМИКА ККТ 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Киім үлгісінің құпиялары

Әрбір адам өмірінде бір рет болса да «іскер» болып көрінуі керек болады. Осы кезеде неше түрлі мәселелер басталады. Қай костюм жақсы? Қай түсті таңдаған жөн?

Шынында, адамның іскери киім үлгісімен киінуі оңай шаруа емес. Кейде тіпті қымбат та әдемі іскери костюмнен гөрі, кешке киетін көйлек таңдаған жеңіл ме деп қаласың.

Іскери киім үлгісі тарихының түп-тамыры Англияда деп айтуға болады. Сол кезде бұл үлгі ер адамдар үшін артықшылық болып саналды. Бірақ уақыт өте келе іскери киімді әйелдер де кие бастады. Бүгінгі ерлер мен әйелдердің іскери киімі – сәннің екі ерекше бағыты.

Былайша іскери үлгі – бұл ірі корпорация қызметкерлері, жоғары дәрежелі менеджерлер, саясаткерлер мен мемлекеттік қызметшілерге тән үлгі. Бірақ соңғы жылдары бұл үлгі қоғамның үлкен жетістігіне айналып отыр. Қазір жұмыста адамның сырт келбетіне талап қоятын ұйымдар көптеп пайда болуда. Сондықтан кез-келген уақытта болатын кездесуге қатысу үшін менеджер дұрыс киінуі тиіс.

Іскери үлгі өзіне тартатын, жинақы және сәнді киімдерден тұруы керек. Адам іскер болып көрінуі үшін тым қымбат костюмдерге (элегантные брендеры) ақша жаратуы міндетті емес. Жоғарыдағы негізгі үш талапқа сай сапалы костюм таңдаған жеткілікті. Іскер адам киімі міндетті түрде орнымен киіліп, басқаларға реніш тудырмауы қажет.

Іскери киім ыңғайсыз, сәнсіз және жұпыны болмағаны жөн. Ол «іскери» деп аталса да, киген адамға ұнауы тиіс. Себебі, адам уақытының көбін сол киіммен өткізеді.

Әлбетте, мұндай іскери киім үлгісі бірнеше болуы керек. Біріншіден, күнделікті жұмыста тек бір киіммен жүру әріптестер мен серіктестерге жақсы әсер қалдыруы екіталай. Екіншіден, адамның киімін түрлендіріп отыру мүмкіндігі өз құқы.

(«Деловой туризм» журналы, 2006 жыл, №4, 70-бет)

3-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Шынында, адамның іскери (стилью одежды) ... ... киінуі оңай шаруа емес.

  2. (Деловой) ... киім үлгісі тарихының (основа) ... Англияда деп айтуға болады.

  3. (Со временем) ... ... іскери киімді әйелдер де кие ... (начали).

  4. Іскери үлгі – бұл ірі корпорация (работники) ... жоғары (степени) ... менеджерлер, саясаткерлер мен (государственные) ... қызметшілерге тән үлгі.

  5. Іскери киім (не удобный) ... , сәнсіз және жұпыны (не должен) ... жөн.

4-тапсырма. Сөздерді қазақша қойыңыз.

  1. (цвет) ... таңдау

  2. (на работу) ... талап қою

  3. үлгі (в моду) ... айналды

  4. (начальника) ... реніш тудырмау

  5. (собрание) ... өткізу

  6. (одежду) ... түрлендіру

  7. (на коллегу) ... әсер қалдыру

5-тапсырма. Керек жалғауды қойыңыз, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

  1. Іскери киім ... таңдағанда, сапасы ... көңіл бөлген жөн.

  2. Золушка хрусталь аяқ киім киген кезде, әдемі Ханша... айналады.

  3. Іскер адамның киім үлгісі... жоғары талап қойылады.

  4. Судың болмауы адамдар... реніш тудырды.

  5. Әдемі киімдер ұжым ... жақсы әсер қалдырады.

  6. Сәнқой адамдар киімдер ... жиі түрлендіріп отырады.

6-тапсырма. «Элегант» сөзінің қазақша баламасын жазып көрсетіңіз.

7-тапсырма. Жоғарыдағы тапсырмаларды пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз. Мәтінді мазмұндаңыз.

Сын есім

№

Сын есім шырайлары

Жұрнақтар

Суффиксы

Мысалдар

1.

Сравнитель

ная степень

-рақ, -рек

-ырақ, -ірек

-лау, -леу

-дау, -деу

-тау, -теу

қаттырақ, әдемірек (тверже, красивее)

ұзынырақ, үлкенірек (длинее, больше)

қаттылау, әдемілеу (тверже, красивее)

ұзындау, үлкендеу (длинее, больше)

ұсақтау, биіктеу (мельче, высше)

2.

Превосходная степень

Образуется усилением первого слога и слов превосход

ства: өте, тым, ең, аса

Үп-үлкен (слишком большой)

жап-жасыл (слишком зеленый)

өте кең (очень широкий)

ең жақсы (самый лучший)

тым тәтті (чересчур сладкий)

аса құрметті (высокопочтенный)

8-тапсырма. Сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңыз.

Толық... , қысқа... , нәзік... , арық... , ұзын... , денелі... , кішкентай... , әдемі... , жақсы... , биік... , қалың... , сирек... , үлкен... , ақ... , қара... , бауырмал... , ширақ... , шымыр... , көпшіл... , тартымды... , қарулы... , салмақты... , күшті... .

9-тапсырма. Сын есімдерден күшейтпелі шырай жасаңыз.

Толық... , қысқа... , нәзік... , арық... , ұзын... , денелі... , кішкентай... , әдемі... , жақсы... , биік... , қалың... , сирек... , үлкен... , ақ... , қара... , бауырмал... , ширақ... , шымыр... , көпшіл... , тартымды... , ат жақты... , қарулы... , салмақты... , күшті... .

10-тапсырма. Сөздерді құрамына қарай талдаңыз. Үлгі: денелірек –

дене – зат есім

лі – сын есім тудырушы жұрнақ

рек – салыстырмалы шырай жасаушы жұрнақ

қарулырақ, салмақтырақ, күштірек, білімдірек, ақылдырақ, сабырлырақ

11-тапсырма. Аударыңыз.

1. Ботадан ұзын –

  1. Сарадан кішкентай –

  2. Анасынан аумайды –

  3. Әкесінен аумайды –

  4. Саматтан аласа –

  5. Сабырдан үлкен –

  6. Күлпаштан аласа –

  7. Әкемнен кіші –

  1. Анасынан толық –

  2. Сәуледен әдемі –

  3. Нартайдан жас –

  4. Қайраттан ширақ –

  5. Мүсілімнен күшті

  6. Данадан тәжірибелі –

  7. Айжаннан білікті –

Ұлымыздан шымыр –

12-тапсырма. Сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңыз.

Үлгі: Менің шығармам оның шығармасынан қызығырақ.

  1. Оның атасы менің атамнан кәрі... .

  2. Менің әжем сенің әжеңнен жас... .

  3. Сіздің балаңыз оның баласынан ширақ... .

  4. Сенің досың біздің досымыздан шымыр... .

  5. Біздің анамыз сендердің аналарыңнан толық... .

  6. Сіздердің немерелеріңіз олардың немересінен үлкен... .

  7. Сендердің құрбыларың оның құрбысынан нәзік... .

  8. Олардың білімі біздің білімімізден жақсы... .

13-тапсырма. Етістікті жіктеңіз, аударыңыз.

Мен әкемнен аумай__________. Сен анаңнан аумай__________. Сіз әжеңізден аумай__________. Ол ағасынан аумай__________. Біз әпкемізден аумай__________. Сендер аталарыңыздан аумай__________. Сіздер апаларыңыздан аумай__________. Сендер менен аумай__________. Олар сізден аумай__________.

14-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз.

  1. Інім әкеміз секілді арық –

  2. Досым атасы сияқты ақылды –

  3. Әпкем мен тәрізді орта бойлы –

  4. Анам Данаға қарағанда толық –

  5. Ағам әкемнен аумайды –

  6. Бұл жағдай кешегіге ұқсас –

  7. Мен әжеме ұқсаймын –

  8. Құрбым анасына тартқан, мейірімді –

7-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Киімдердің түсі туралы. Костюмдер, шалбарлар.

Грамматика: Қайталау: модальдық мағына (керек, қажет, мүмкін, жөн, тиіс).

Сөздік:

қара-сұр – темно-серый

қанық көк – темно-синий

реңі – цвет кожи

сай болу – соответствовать

тор көзді – клетчатый

еске салу – напоминать

жарасу – подход, сочетаться

жарасымды – подходящий к лицу

келісімді – подходящий

ақ жолақ – белая полоска

үйлесімді – гармонично

абай болу – быть осторожным

белдік – ремень, пояс

сырт келбеті – внешность

қызығу – увлекаться, интересоваться

1-тапсырма. Жаңа лексикамен мысалдар келтіріңіз.

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.