- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Көсемшенің жасалуы мен түрлері
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сауда. Сауда орталығы
- •Сыртқы экономикалық байланыстар
- •Құнды қағаздар. Банк билеттері, ақша
- •Ұлы Жібек жолы
- •Ұлы Жібек жолы тауарлары
- •Шенген келісімі
- •Шенген визасын қалай алуға болады?
- •Шенген визасы. Виза үшін қажетті құжаттар
- •Как вести себя в непредвиденых ситуациях
- •Поведение во время землетресения и стихийных бедствий
- •Қазақстанның сәулет өнері
- •Батыс Қазақстан
- •Тараз шаһары
- •Киім үлгісінің құпиялары
- •Киімдердің түсі туралы
- •Костюмдер, шалбарлар
- •Шалбар, аяқ киім
- •Қазақстанда жоғары туристік білім орнықтыру
- •Банкноттар тарихы
- •Қазақстан Республикасының банкноттары
- •Ақш банкноттарында кімдер тұр?
- •Ақтөбе облысының этнографиялық ерекшелігі – туристік мотивацияның факторы
- •Ағаш ою, зергерлік жұмыстары
- •Ақтөбе облысындағы әйелдер қолөнері
- •Тарихи-этнографиялық туристік нысандар
- •Күлтегін тас жазуы
- •Күлтегін тас жазуы
- •Турист өміріне қауіп төндіретін факторлар
- •Саяхат проблемалары
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристерге кеңес
- •Шығыс елдеріндегі тәртіп
- •Іссапарды ұйымдастыру
- •Іссапардағы ережелер
- •Шартты рай
- •Туризм жұмысын жандандыру жолдары
- •Тыңдалым (аудирование)
- •Қалау рай
- •Жиналыстар мен конференциялардағы әдеп
- •Келіссөздер жүргізу техникасы
- •Сізге аудармашы қажет пе?
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •IV. Сөйлемді аяқтаңыз, етістіктің астын сызыңыз.
- •Қорытынды бақылау жұмысы
- •10.Аударыңыз: «Честь быть изображенным на однодолларовой купюре предоставлена Джорджу Вашингтону»
- •15.Жақшадағы сөздерді аударыңыз: Мамандардың (качественно) және (выгодно) жұмыс жасауы үшін оларды (квалификацию) арттыратын курстарға (направлять) отыруы тиіс.»
- •20.Керек сөзді қойыңыз: «Мұражайлар ... Әсер қалдырды.»
Экономикалық тәуелсіздік
Егемендік, тәуелсіздіктің екі жағы бар. Бір жағы саяси тәуелсіздік. Саяси тәуелсіздік алу - өз алдына ұлттық мемлекет болу, жеке ел болу. Екінші жағы - экономикалық тәуелсіздік. Ғылыми тұрғыдан алғанда экономикалық тәуелсіздік саяси тәуелсіздіктің негізі болып табылады. Экономикалық тәуелсіздігі жоқ елдің ел болуы екіталай. Елдің экономикалык тәуелсіздігі үшін не қажет? Ол үшін ең алдымен, ел экономикасын көтеру, экономика тиімділігін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру қажет.
АҚШ пен Батыс Еуропаны айтпағанда, мына өзіміздің алып көршіміз Қытайды алайық. Қытайдың ақыл-оймен асықпай жасаған реформасы қазір миллирадтан астам халықтың тұрмысын көтеруде. Жапондар ше, бұл бір ғажап халық қой, қазба байлықтан жұрдай, 120 млн. халқы бар, арал бойлап жатқан сол елдің байлығын айтсаңызшы. Соғыстан кейін сол ел өз экономикасын қалай көтерді?
1945 жылы Хиросима мен Нагосаки бомбаланып, қирап қалғанда жапон императоры өзегі өртеніп тұрып: «Бізге білім керек»,- деген екі-ақ ауыз сөз айтыпты. Сол сөзді басшылыққа алған жапон халқының білім-ғылымының кандай дәрежеде екенін өзіңіз білесіз. Сондай-ақ Оңтүстік Кореяны алайық. Дүние жүзінің озық техникасын алып, дамытуда. Экономиканың табиғат заңдылықтарындай заңдылықтары бар, сол зандылықтарды сақтау керек. Ол қандай заңдылықтар дейсіз ғой?
Ол: еңбек өнімділігін арттыру, уақыт үнемдеу, техникалық прогресті пайдалану, ғылымды т.б. мысалы табиғат заңдылығы, бұзылып жауын жаумаса, егін шықпайды. Экономиканың да зандылықтары бұзылса, экономика дамымайды.
(Қазақстан-Заман, 21.09.2001).
Талдауга арналган сұрақтар:
1.Саяси тәуелсіздік деген не?
2.Экономикалық тәуелсіздік деген не?
1.Қытай мен Жапония елдерінің экономикасы қалай дамыған?
2.Жапонияда 1945 жылы қандай оқиға болды?
3.Жапон императоры не деді?
4.Экономиканың қандай зандылықтары бар?
2-тапсырма. Мына сөздерді есте сақтаңыз:
Сөздер |
Мағынасы |
Аудармасы |
Мысалы |
1. Екіталай |
|
Маловероятно, рискованный. |
Мына кісінің денсаулығы өте нашар, тәуір болуы екіталай. |
2. Жұрдай |
Жоқ деген мағынада |
Совершенно голый. |
Жапон жері казба байлыктан жұрдай. |
3.Өзек, өзегі өртену |
Қайғыру, күйзелу, қамығу |
Сердцевина, стержень. Испытывать тяжелое состояние, горевать. |
Жапон императоры өзегі өртеніп тұрып.... |
3-тапсырма. Мәтінді жоспарлы түрде мазмұндаңыз
4-тапсырма. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Екіталай, әл-ауқат, экономика зандылықтары, тиімділік, экономикалық тәуелсіздік, саяси тәуелсіздік.
5-тапсырма. Сөйлемдерді толлықтырып жазыңыз.
1. Егемендік, тәуелсіздіктіктің бар.
2. Саяси тәуелсіздік дегеніміз -..................................
3. Ғылыми тұргыдан алғанда экономикалық тәуелсіздіктің .........болып табылады.
4. Жапон императоры өзегі өртеніп тұрып: бізге ...... деген екі-ақ ауыз сөз айтыпты.
6-тапсырма. Асқармен сұхбаттасыңыз.
Асқар: - Еліміздің экономикасы туралы не білесің?
Сіз: -
Асқар - Қазақстанда қандай қазба байлықтары бар?
Сіз: -
Асқар: - Еліміздің экономикасын көтеру үшін бізге не қажет? Сіз: -
Асқар: - Қалай ойлайсыз, біздің елміздегі экономика бәсекеге қабілетті ме?
Сіз: -
7-тапсырма. Тәуелсіздіктің екі жағын топ болып талқылаңыздар, толықтырыңыздар.
Тәуелсіздік |
|
Саяси тәуелсіздік |
Экономикалық тәуелсіздік |
1. Жеке ел, мемлекет болу. 2. Мемлекеттік рәміздері бар. 3............................................................ 4.......................................................... 5………………………………………… |
1. Экономикасы жоғары дамыған ел. 2 3………………………………………. 4…………………………………………… 5................................................................ |
8-тапсырма. «Экономикалық тәуелсіздік» туралы өз түсінігіңізді жазыңыз.
9-тапсырма. Төменде көрсетілген қаратпа сөздерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыздар.
Үлгі: Қарындас, кітапхана кай көшеде орналасқанын айтпайсыз ба?
БӨЖ
