Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКОНОМИКА ККТ 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Шалбар, аяқ киім

Іскери киім кие отырып, шалбардың қолпылдап тұруына жол берілмеу керек. Бұл жерде ең маңызды көңіл бөлетін нәрсе – адамның белі. Сондықтан шалбар шақ болып тұрса да, белге белдік немесе тартқыш таққан өте қажет. Әсіресе, шалбардың ұзындығы қандай болу керек? Өзіңізге қажет ұзындықты былай анықтаған жөн. Адам тұрып тұрған кезде шалбардың артқы балағы жерге тимейтіндей болғаны дұрыс. Ал алдыңғы жағы баудың байланған жерін жауып тұрғаны дұрыс және кішігірім қыртыспен сәл бүгіліп тұруы тиіс.

Аяқ киім костюммен үйлесе ме? Іскери костюм үшін аяқ киімнің орташа өкшелі және теріден жасалған, ешқандай әшекейсіз болғаны жөн.

17-тапсырма. Тобыңызбен бірге «Іскер адамдардың киім үлгісі» тақырыбына сурет альбомын жасаңыздар.

18-тапсырма. Аралық бақылау тапсырмасын орындаңыз.

8-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақстанда жоғары туристік білім орнықтыру

Грамматика: Себеп бағыныңқы сөйлем.

Сөздік:

түлек –

жобалық-зерттеуші –

ұйымдастырушылық-басқарушы –

маман –

мамандық –

құбылыстар –

көңіл бөлу –

1-тапсырма. Жоғарыда берілген сөздерді аударып, сөйлемдер құрастырыңыз.

2-тапсырма. Жоғары оқу орындарының толық атауларына көңіл бөліңіз.

  1. ЖОО – жоғары оқу орындары

  2. АлМУ – Алматы мемлекеттік университеті

  3. ҚазМУ – Қазақ мемлекеттік университеті

  4. ҚазМХҚ ӘТУ – Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

  5. ЕҰУ – Еуразия ұлттық университеті

3-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыз.

Қазақстанда жоғары туристік білім орнықтыру

ЖОО-ны бітірген түлектер қандай маман болып шығуы керек? Олар кем дегенде төрт бағыт бойынша туризм саласы мамандары болуы тиіс: ғылыми, жобалық-зерттеуші, ұйымдастырушылық-басқарушы және педагогикалық (республиканың білім және оқу орындарында жұмыс істеу үшін).

1992 жылға дейін Қазақстанда туристік мамандар даярлайтын мамандықтар болған жоқ. Осы жылы бірінші болып туризм бөлімдерін ашқан АлМУ мен «Тұран» университеті болды. АлМУ-да тек география факультетінің бөлімі ретінде ашылса, «Тұранда» Қазақстан мен Орта Азиядағы бірінші туризм факультеті ашылды. «Тұран» университетінде факультеттің бірінші деканы, туризм географиясы саласының маманы С.Р.Ердәулетов, спорт туризмінде В.Н.Вуколов болды.

Бұдан соң туризм мамандарын дайындайтын мамандықтар Алматы қаласында әл Фараби атындағы ҚазМУ-да, Абылайхан атындағы ҚазМҚХ және ӘТУ-де, Қазақ спорт және туризм академиясында ашыла бастады. Туризм бөлімдерін география факультеттерінде ашудың мәні зор. Себебі, географ табиғаттағы құбылыстарды зерделей отырып, туризммен байланысты экономикалық, экологиялық құбылыстарды да түсіне қабылдайды.

Қазіргі заман талабына сай туристік мамандар дайындап жатқан басқа да ЖОО-лардың жұмысына көңіл бөлген дұрыс. Олар: ЕҰУ, Шығыс-Қазақстан университеті (Өскемен), Батыс-Қазақстан университеті (Орал), Солтүстік-Қазақстан университеті (Петропавл), Оңтүстік-Қазақстан университеті (Шымкент). Олардың ішінде кейбір оқу орындарында бұрынғы мамандықтарды сақтап, одан әрі дамыту көзделіп отыр. Мысалы, Қазақ спорт және туризм академиясында – спорт туризмі, ҚазМҚХ және ӘТУ-де – тілмаштар мен аудармашылар мамандығы, АлМУ-да балалар мен жастар туризмі мамандығы, Оңтүстік-Қазақстан университетінде – мәдениет, экскурсия және дін туризмі мамандықтары.

(С.Р.Ердәулетов. Хабаршы. Алматы: әл Фараби атындағы ҚазМу, 2003, №2, 160-бет)

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстанда туризм мамандықтарына оқытатын бөлімдер тұңғыш қашан және қай жерде ашылды?

  2. Туризм мамандықтарын география факультеттерінде ашудың мәнісі неде?

  3. Туристік мамандар даярлау қай жоғары оқу орындарында жүргізіліп жатыр?

  4. Сіз қай ЖОО-да оқисыз? Онда неге көп көңіл бөлінеді?

  5. Сіздің болашақ мамандығыңыз не? Мамандығыңыз ұнай ма?

5-тапсырма. Керек жалғауларды қойыңыз.

  1. Осы жылы бірінші болып туризм бөлімдер... ашқан АлМУ мен «Тұран» университеті болды.

  2. «Тұран» университеті... факультет... бірінші деканы, туризм географиясы саласы... маманы С.Р.Ердәулетов, спорт туризмі... В.Н.Вуколов болды.

  3. Туризм бөлімдер... география факультеттерінде ашу... мәні зор.

  4. Қазіргі заман талабы... сай туристік мамандар дайындап жатқан басқа да ЖОО-лардың жұмысы... көңіл бөлген дұрыс.

  5. Олардың ішінде кейбір оқу орындары... бұрынғы мамандықтар... сақтап, одан әрі дамыту көзделіп отыр.

6-тапсырма. Берілген сөздермен сұхбат құрыңыз: қашан, Астана, оқуға түсу, ЕҰУ, қайда, факультетінде, оқимын, болашақ маман, қанадай, келешекте, үлес қосу.

7-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

8-тапсырма. Себеп бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді аударыңыз:

1) Есімше –ған, -қан + дықтан, -ген, -кен + діктен

Басы ауырып қалғанғандықтан, ол бізге келе алмайды –

Жарық сөніп қалғандықтан, компьютердегі жұмысын бітіре алмады.

2) Есімше –ған, -қан -ген, -кен → соң

Жарық сөніп қалған соң, компьютердегі жұмысын бітіре алмады.

3) Есімше –ған, -қан -ген, -кен → себепті

Жарық сөніп қалған себепті, компьютердегі жұмысын бітіре алмады.

9-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыз.

1. Басым ауырған соң, жиналыстан сұранып кеттім. 2. Биыл жаңбыр көп жауғандықтан, Қазақстанда астық бітік шықты. 3. Сабақ болмаған себепті, студенттер үйге тез қайтты.

10-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сіз Астанаға не үшін келдіңіз?

  2. Сіз неліктен ЕҰУ-ды және туризм мамандығын таңдадыңыз?

  3. Не себепті тағамның тұзы кем болуы керек?

  4. Студенттер неліктен қоғамдық жұмыс атқарады?

  5. Сіз неге театрға сирек барасыз?

  6. «Қазіргі жастар басқаша» деп неге көп айтылады?

  7. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» сөзін неге жиі айтамыз?

9-САБАҚ