Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКОНОМИКА ККТ 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

IV. Сөйлемді аяқтаңыз, етістіктің астын сызыңыз.

  1. Ол қазір жиналысқа (қатысатынын, қатысқанын, қатысып отырғанын) айтты.

  2. Басқарма бастығы бүрсігүні іссапарға (шыққанын, шығатынын, шығып бара жатқанын) ескертті.

  3. Команда капитаны кеше жарыстан жүлделі орынға ие (болатынын, болғанын, болып жатқанын) баяндады.

  4. шаруашылық бөлімінің бастығы өткен аптада бөлімге техникалар (сатып алып тұрғанын, сатып алғанын, сатып алатынын) мәлімдеді.

  5. Ертең бізге тексеру комиссиясы (келетінін, келгенін, келе жатқанын) хабарлады.

2-аралық бақылау. Лексика-грамматикалық тест тапсырмалары

Қорытынды бақылау жұмысы

1. Керек сөзді қойыңыз. Сараның кей мінезі анасынікіне ұқсамайды, әкесі ... қатал, талапшыл болып келеді.

А. мінезді

В. тартқан

С. ұқсайтын

D. тәрізді

2. Сөйлемді толықтырыңыз. Егер сен сессияны мерзімінен бұрын ... , онда 17 наурыздағы ұшаққа ...

А. тапсырдың, үлгермексің

В. тапсырсаң, үлгересің

С. тапсырасың, үлгересің

D. тапсырмадың, үлгермейсің

3. Керек сөзді қойыңыз. Сараның кей мінезі анасынікіне ұқсамайды, ... қатал, талапшыл болып келеді.

А. әкесі

В. әкесінде

С. әкесіндей

D. әкесімен

4. Сөйлемді толықтырыңыз. Мен үйде ..., анам қатты ... .

А. болмасам, алаңдаған

В. болсам, алаңдайды

С. болмасам, алаңдайды

D. болмасам, алаңдапты

5. Сараның кей мінезі анасынікіне ұқсамайды, оған ... қатал, талапшыл болып келеді.

А. секілді

В. қарағанда

С. сияқты

D. тәріздес

6. Сөйлемді толықтырыңыз. Біз сабақтан ..., оқу үлгеріміміз жақсы нәтижеге ... .

А. келмесек, жетеді

В. қалсақ, жетеміз

С. барсақ, жетеді

D. қалмасақ, жетеді

7.Аударыңыз: «Национальные парки должны принести доход экономике страны»

А)Халықтық саябақтар ел экономикасына кіріс әкелуі тиіс

В)Ұлттық саябақтар ел экономикасына кіріс әкелмеуі тиіс

С)Ұлттық саябақтар ел экономикасына кіріс әкелуі тиіс

D)Ұлттық саябақтар шетел экономикасына кіріс әкелуі тиіс

Е)Ұлттық саябақтар ел экономикасына шығыс әкелуі тиіс

8.Қате қосымшаны табыңыз:

A) Турист конференция-ға қатысты

B) Ол студенттер конференциясы-на қатысты

C) Іскер адам ғылыми конференциялары-нда қатысты

D) Турист ғылыми конференциялар-ға қатысты

E) Ол Еуразия халықтарының конференциялары-на қатысты

9.Етістіктің шағын анықтаңыз: «іссапарға шығады»

A) нақ осы шақ

B) жедел өткен шақ

C) ауыспалы осы шақ

D) өткен шақ

E) келер шақ

  1. 10.Аударыңыз: «Честь быть изображенным на однодолларовой купюре предоставлена Джорджу Вашингтону»

А).Бір долларлық купюрде бейнеленбеу құрметі Джордж Вашингтонға бұйырды

В)Бір долларлық купюрде бейнелену рәсімі Джордж Вашингтонға бұйырды

С)Бір долларлық купюрде бейнелену құрметі Джордж Вашингтонға бұйырмады

D)Бір теңгелік купюрде бейнелену құрметі Джордж Вашингтонға бұйырды

Е)Бір долларлық купюрде бейнелену құрметі Джордж Вашингтонға бұйырды

11.Синонимін атаңыз: “ғылым”

A) ілім

B) үкім

C) ғалым

D) ғалам

E) сенім

12.Қай сөз көмектес септігінде тұр?

A) кетпен

B) безмен

C) көрермен

D) көшемен

E) диірмен

13.Қай жалғау керек: “Қазақстан пайдалы қазбалар - бай.”

A) -қа

B) -ке

C) -не

D) -ға

E) -ге

14.Қай сөзге тіркеспейді: « ... бойына »

A) арық

B) көше

C) ауа

D) канал

E) өзен