- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Көсемшенің жасалуы мен түрлері
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сауда. Сауда орталығы
- •Сыртқы экономикалық байланыстар
- •Құнды қағаздар. Банк билеттері, ақша
- •Ұлы Жібек жолы
- •Ұлы Жібек жолы тауарлары
- •Шенген келісімі
- •Шенген визасын қалай алуға болады?
- •Шенген визасы. Виза үшін қажетті құжаттар
- •Как вести себя в непредвиденых ситуациях
- •Поведение во время землетресения и стихийных бедствий
- •Қазақстанның сәулет өнері
- •Батыс Қазақстан
- •Тараз шаһары
- •Киім үлгісінің құпиялары
- •Киімдердің түсі туралы
- •Костюмдер, шалбарлар
- •Шалбар, аяқ киім
- •Қазақстанда жоғары туристік білім орнықтыру
- •Банкноттар тарихы
- •Қазақстан Республикасының банкноттары
- •Ақш банкноттарында кімдер тұр?
- •Ақтөбе облысының этнографиялық ерекшелігі – туристік мотивацияның факторы
- •Ағаш ою, зергерлік жұмыстары
- •Ақтөбе облысындағы әйелдер қолөнері
- •Тарихи-этнографиялық туристік нысандар
- •Күлтегін тас жазуы
- •Күлтегін тас жазуы
- •Турист өміріне қауіп төндіретін факторлар
- •Саяхат проблемалары
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристерге кеңес
- •Шығыс елдеріндегі тәртіп
- •Іссапарды ұйымдастыру
- •Іссапардағы ережелер
- •Шартты рай
- •Туризм жұмысын жандандыру жолдары
- •Тыңдалым (аудирование)
- •Қалау рай
- •Жиналыстар мен конференциялардағы әдеп
- •Келіссөздер жүргізу техникасы
- •Сізге аудармашы қажет пе?
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •IV. Сөйлемді аяқтаңыз, етістіктің астын сызыңыз.
- •Қорытынды бақылау жұмысы
- •10.Аударыңыз: «Честь быть изображенным на однодолларовой купюре предоставлена Джорджу Вашингтону»
- •15.Жақшадағы сөздерді аударыңыз: Мамандардың (качественно) және (выгодно) жұмыс жасауы үшін оларды (квалификацию) арттыратын курстарға (направлять) отыруы тиіс.»
- •20.Керек сөзді қойыңыз: «Мұражайлар ... Әсер қалдырды.»
Сізге аудармашы қажет пе?
Сөздік:
сүйену– ой түю – жүзеге асу – қымбатқа түсу – қарым-қатынас – ауысып отыру – төленетін ақы – білікті – нұсқау – |
мұқият – талап ету – бастамас бұрын – ортақ – жалдау – үзіліс жасау – баяндау – дауыс көтеру –
|
11-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
удармашы қай кезде қажет?
Аударманың қандай түрлері бар?
Ұзақ келіссөздерде аударманың қай түрі қолданылады?
Диахронды аударма қандай келіссөзде жүргізіледі?
Келіссөздерде аудармашыға қатысты қандай ережелерді сақтау керек?
12-тапсырма. Жоғарыдағы жаңа сөздерді сөздіктен тауып, мәтінді аударыңыз.
Егер келіссөздер шетелдіктердің қатысуымен өтсе, аудармашының қатысуы қажет. Өзіңіз шет тілін білген күнде де аудармашыға сүйеніңіз, себебі, сіздің оппонентіңіздің баяндамасын түсініп, ой түйгеніңізге біраз уақыт кетеді. Бұл уақыт келіссөз жүргізуді қиындата түседі. Келіссөздер жүргізу кезіндегі аударма екі түрде жүзеге асады: бірі – синхронды, екіншісі - диахронды аударма арқылы.
Синхронды аударма сіз үшін қымбатқа түседі, солай болуға тиісті де. Бұл аударма сізбен әңгімелесушіге сөзіңіздің әсерін көруіңізге мүмкіндік береді және қарым-қатынасты жеңілдетеді. Синхронды аударманың нәтижелілігі сіздің осы келіссөздерге қандай мән бергеніңізбен тікелей байланысты. Бұл жерде келіссөздердің ұзақ және күрделі түрлері үшін аудармашылардың толық бір командасы керек болатынын ескерген жөн. Себебі, мұндай шараларда әрбір 20-30 минут сайын аудармашылардың ауысып отыруы табиғи жағдай. Осындай келіссөздерге қатысқан аудармашы-синхронистер үшін төленетін ақы да жоғары болады.
Диахронды аударма өте жиі қолданылады және аудармашының жоғары білікті болуын талап етеді. Алайда, аудармашыны таңдаған кезде ол туралы жазылған нұсқауды мұқият оқып шығу қажет (нұсқауды өзіңіз танитын адамдар бергені абзал). Аудармашының жұмыс тәжірибесі сіз жүргізетін келіссөздер маңайында болғаны маңызды. Келіссөздерді бастамас бұрын аудармашыны оның тақырыбымен, терминологиясымен, өзіне тән белгілерімен міндетті түрде таныстырған жөн. Аудармашы арқылы жүргізілетін келіссөздердің кейбір ережелері:
ешқашан екі тарапқа ортақ аудармашы жалдамаңыз;
сөйлегенде аудармашы үшін үзіліс жасауды ұмытпаңыз:
жаргондық тіркестерді қолданбаңыз:
ойыңызды қысқа және түсінікті баяндаңыз;
- дауысыңызды көтермей сөйлеңіз;
13-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін -уға, -уге болмайды үлгісіне салып сөйлеңіз. Үлгі: аудармашыға кедергі жасамаңыз – аудармашыға кедергі жасауға болмайды.
ешқашан екі тарапқа ортақ аудармашы жалдамаңыз;
сөйлегенде аудармашы үшін үзіліс жасауды ұмытпаңыз;
жаргондық тіркестерді қолданбаңыз;
ұзақ сөйлемдер қолданбаңыз;
дауысыңызды қатты көтермеңіз;
14-тапсырма. Келіссөз тақырыбын белгілеп, рөлдерге бөліңіз. Қажет лексиканы анықтап алыңыз.
15-тапсырма. Келіссөздерде айтылатын тұрақты сөз тіркестерін жасаңыз, есте сақтаңыз.
1.Келіссөзді бастамас ... (прежде), осы келіссөзді ...
(ведущую) көмекшілермен ... (познакомлю).
2. Мен Сізбен жүздескеніме ... (рад).
3. Келіссөз ... ... (на высоком уровне) өтті деп айта аламын.
4. Келісімшарт ... (заключить) келіскеніңізге көп рахмет.
5. Келісімшартқа ... ... (подписать) болады деп ойлаймын.
Керек сөздер: қол қоюға, бұрын, жасасуға, қуаныштымын, таныстырайын
