- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Көсемшенің жасалуы мен түрлері
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сауда. Сауда орталығы
- •Сыртқы экономикалық байланыстар
- •Құнды қағаздар. Банк билеттері, ақша
- •Ұлы Жібек жолы
- •Ұлы Жібек жолы тауарлары
- •Шенген келісімі
- •Шенген визасын қалай алуға болады?
- •Шенген визасы. Виза үшін қажетті құжаттар
- •Как вести себя в непредвиденых ситуациях
- •Поведение во время землетресения и стихийных бедствий
- •Қазақстанның сәулет өнері
- •Батыс Қазақстан
- •Тараз шаһары
- •Киім үлгісінің құпиялары
- •Киімдердің түсі туралы
- •Костюмдер, шалбарлар
- •Шалбар, аяқ киім
- •Қазақстанда жоғары туристік білім орнықтыру
- •Банкноттар тарихы
- •Қазақстан Республикасының банкноттары
- •Ақш банкноттарында кімдер тұр?
- •Ақтөбе облысының этнографиялық ерекшелігі – туристік мотивацияның факторы
- •Ағаш ою, зергерлік жұмыстары
- •Ақтөбе облысындағы әйелдер қолөнері
- •Тарихи-этнографиялық туристік нысандар
- •Күлтегін тас жазуы
- •Күлтегін тас жазуы
- •Турист өміріне қауіп төндіретін факторлар
- •Саяхат проблемалары
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристерге кеңес
- •Шығыс елдеріндегі тәртіп
- •Іссапарды ұйымдастыру
- •Іссапардағы ережелер
- •Шартты рай
- •Туризм жұмысын жандандыру жолдары
- •Тыңдалым (аудирование)
- •Қалау рай
- •Жиналыстар мен конференциялардағы әдеп
- •Келіссөздер жүргізу техникасы
- •Сізге аудармашы қажет пе?
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •IV. Сөйлемді аяқтаңыз, етістіктің астын сызыңыз.
- •Қорытынды бақылау жұмысы
- •10.Аударыңыз: «Честь быть изображенным на однодолларовой купюре предоставлена Джорджу Вашингтону»
- •15.Жақшадағы сөздерді аударыңыз: Мамандардың (качественно) және (выгодно) жұмыс жасауы үшін оларды (квалификацию) арттыратын курстарға (направлять) отыруы тиіс.»
- •20.Керек сөзді қойыңыз: «Мұражайлар ... Әсер қалдырды.»
Киімдердің түсі туралы
Іскер ерлер киімнің түсі қара, қара-сұр және қанық көк болғаны дұрыс. Мұндай түстер әрбір адамға келе береді. Сонда да адам өзіне қай түс жарасатынын, реңі мен шашының түсіне сай болғанын білгені артық болмайды.
Тор көзді және қоңыр түсті костюмдер әр кезде жараса бермейді. Ал қызыл мен жасыл түсті киімдер 90-жылдардың «жаңа орыстарын» және клуб киімдерін еске салады.
Ақ түсті киімдер өте жарасымды көрінеді. Жаз уақытында бұл түс – келісімді түс. Егер «ағылшындық ақ жолақты» костюм киетін болса, ол жұмыс жасау үшін тіпті ұтымды.
Шалбардың түсі дәл костюмдей болмаса болады. Ашық түсті костюм мен қара шалбар үйлесімді. Ал ақ түс кигенде, абай болған жөн. Таза ақ түс гольф ойнағанда не яхтада болғанда ғана қажет. Белдіктер де қанық көк, қара сұр, қара түсті болғаны дұрыс.
Әйелдердің киім түсі туралы бөлек айтқан дұрыс. Олар үшін қанық көк, қоңыр, сұр жасыл, көк қара түстер дәстүрлі деп айтуға болады. Ханымдар ашық түсті костюмдерді сырт келбетіне қарай кие беруіне болады. Мысалы, қызыл және қоңыр сары, қоңыр қызыл түстер. Ал оларға қара түсті киімді жиі кие беру керек емес.
Әйел адамдардың киімінде ақ пен қара түсті, қара мен қызыл түсті және әр түрлі түстерді қатар қолдану өте үйлесімді. Жейденің ең дұрыс түсі – ақ. Ол түс кез-келген костюммен үйлесе береді. Киім-кешек ішінде ақ түстің болуы шарт. Бірақ оны күнде кие беруге болмайды.
Күнделікті жұмыс үшін іскер адамдарға қара немсе сұр, көгілдір немесе көк түсті сызықтары бар ақ жейде киген жөн. Сарғыш немесе қоңыр сары түске қызықпаған дұрыс. Бұл түстер адамдарға ескі киімді кигендей әсер етеді. Қара түсті жейделер жинақы етіп көрсетеді. Бірақ ол фильмдегі банды топтарын еске түсірмеуі қажет.
4-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.
- Неліктен ерлер киімнің түсі қара, қара-сұр және қанық көк болғаны дұрыс?
- ... ... ... . Ал ашық түсті киімдерді жаз уақытында киген ыңғайлы екен. Оның себебі не?
- Себебі, жаз уақытында бұл түс – келісімді түс. Әйелдер киімінің түсі қандай болуы шарт?
- ... ... ... . Ал әйелдердің сырт келбеті мен шашының түсі қандай рөл атқарады?
- ... ... ... . Қара түсті киімдер жиі киюге болады. Ол неліктен?
- ... ... ... .
5-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Киімнің түсі аяқ киімнің (цвету) ... сай болғаны жөн.
Ертеңгі (о собрании) ... оның есіне салды.
(Женщинам) ... түс жараспайды.
Сен қандай (цветом) ... қызығасың?
Сарғыш түстер (людям) ... кері әсер етеді?
6-тапсырма. Жаңа сөздермен танысып, мәтінді тыңдаңыз.
тағу – надевать
тағылу – быть надетым
ресми – официально
кеңсе жұмысы – офисная работа
шұлық – носки
Іскер ерлер және олардың әйелдері ақ көбелек-галстук тек қана фракпен тағылатынын білгені дұрыс (фракпен қатысатын жиынға шақыру қағазын ұсынғанда ''white tie''), ал смокинг кигенде тек қара көбелек тағылады (“black tie” деп жазылады).
Өте ресми емес кештерге әдетте, смокингті қызыл көбелекпен киіп келеді. Төс қалтаға галстук түсіне сай орамал салып қояды. Ондағы түстер галстук пен мойын орамалдағы түстердің бірінен болғаны дұрыс немесе дәл солардың түсіндей болғаны жөн.
Аяқ киім түсін таңдағанда, ең ыңғайлысы, қара түстісін алған дұрыс. Көп жағдайда қоңыр аяқ киімдер киіле береді. Бірақ оны қара немесе көк түсті костюммен кисе, жараспайды. Ашық түсті аяқ киімдер ашық түсті шалбарлар үшін керек, алайда тек қанық қара немесе қара түсті аяқ киім таңдаған дұрыс. Ашық түсті аяқ киім кеңсе жұмысына арналмаған деген ереже бар.
Енді шұлықтар жөнінде айтсақ, бұл жерде тек бір ғана ережені есте сақтаған дұрыс: олар шалбарға қарағанда қою түсті болуы және табиғи материалдан жасалуы тиіс.
7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, мәтінді мазмұндаңыз.
Ақ көбелек-галстук немен ғана тағылады?
Қай кезде тек қара көбелек тағылады?
Өте ресми емес кештерге смокингті қандай көбелекпен киеді?
Төс қалтаға қандай орамал салып қояды?
Аяқ киім түсі көбіне қандай болу керек?
Ашық түсті аяқ киімді қай кезде кию қажет?
Шұлықтар жөнінде не айтуға болады?
