Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКОНОМИКА ККТ 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Тарихи-этнографиялық туристік нысандар

Лексикалық тақырып: Киіз үй. Күлтегін тас жазуы.

Грамматика: Өзгелік етіс.

Сөздік:

дүниетаным –

көшпенді –

күмбез –

көшіп-қону –

баспана –

жылу –

құрылыс –

1-тапсырма. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.

Киіз үй

Туристердің дүниетанымын кеңейтетін халық өнері, қолөнері мәдени-тарихи мұраның нысандарын құрайтыны белгілі. Әсіресе халықтың тұрмысы мен оған керекті құралдар туристерге қызығушылық туғызады. Мысалы, кәдімгі киіз үйді айтуға болады.

Киіз үй Еуразиядағы түрік көшпенділердің ортасында пайда болғандықтан қазақ халқы үшін де көшіп-қонуға арналған баспана болған. Оның күмбезге ұқсас формасы даладағы желден қорғайды. Киізден жасалғандықтан ол жылуды жақсы сақтайды.

Қазір той жасайтын үйлер қосымша киіз үйлер тұрғызады. Қазақстанда соңғы кездері оны салт-дәстүрдің үлгісі ретінде көрсетеді. Келген қонақтарды сонда күтіп, үйленген жастардың әдет-ғұрыптарын өткізеді. Тіпті соңғы кездері киіз үй сияқты құрылыстар пайда болуда.

2-тапсырма. Сөз тіркестерін мәтіннен табыңыз, аударыңыз.

народное искусство –

историческое наследие –

быт народа –

образец традиции –

проводить обычаи –

3-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Халықтың ... мен оған керекті құралдар туристерге ... туғызады.

  2. Ол қазақ халқы үшін де ... ... арналған ... болған.

  3. Киізден ... ол жылуды жақсы ... .

  4. Қазір той жасайтын үйлер ... киіз үйлер ... .

  5. Соңғы ... киіз үй сияқты ... пайда болуда.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Киіз неге ұқсайды?

  2. Оның ертеде атқарған рөлі қандай?

  3. Ол неден жасалған?

  4. Киіз үйді тігу (тұрғызу) реті қалай?

  5. Наурыз мерекесінде киіз үй тігудің мәнісі неде?

5-тапсырма. Жоғарыдағы сұрақтардың көмегімен сұхбат құрыңыз.

6-тапсырма. Киіз бөлшектерінің атауын жалғастырыңыз: шаңырақ, ... , ... .

7-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, ол үшін төмендегі жоспарды пайдаланыңыз:

  1. Киіз үй – туристерді қызықтыратын тарихи мұра.

  2. Киіз үйдің құрылысы, формасы.

  3. Ол – ыңғайлы баспана.

  4. Киіз үй – ұлттық мереке сәні.

  5. Қазіргі кезде киіз үйдің атқаратын рөлі.

Күлтегін тас жазуы

Сөздік:

жаздыртқан, жаздырту – заставить писать

жазылады – пишется

орнатылған – установлен

құрастырған – составил

құрастырылған – составлен

басқарған – правил, руководил

қойылған – поставлен

тұрады – состоит, в.н.смысле: живет, проживает, встает

төтеп беру – устоять, протерпеть

тарихы туралы, тарихы жөнінде – об истории

құрылысы жайында, құрылысы жайлы – о строении

ерліктері хақында – о героизме

8-тапсырма. Сөздіктің көмегімен мәтінді аударып шығыңыз.

Күлтегін тас жазуы

Күлтегін тас жазуы – тасқа қашалып жазылған әдеби мұра, көне түркі ескерткіші. Ол – Монғолиядағы Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының жанына орнатылған құлпытас (ҮІІ ғ.). Бұл ескерткіш басқаша “Күлтегін” деп те аталады. Оны Күлтегіннің туған ағасы Білге қаған (әуелгі аты – Могилян) жаздыртқан. Сөздерді тегін құрастырған сол кездегі атақты жырау – Йолығ. Ескерткішті алғаш рет 1889 орыс ғалымы Н.М.Ядринцев тапты. Ал жазуларды бірінші рет В.В.Радлов аударды. Оны көріп, мақала жазған ғалымдар Г.Гейкел (1890), В.В.Радлов (1891), ағылшын К.Кемпбелл (1892), француз де Лякост (1909).

1958 жылы Л.Исиль басқарған монғол-чехословак экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді. Ескерткіш Құтлұғ қағанның ұлы Күлтегінге қойылған. Жазу Шығыс түркі қағандығы мен оның құрамындағы тайпалар тарихы туралы, мәдениеті мен әлеуметтік құрылысы жайында құнды деректер береді. Ол 2 тақырыпға бөлінеді. Алғашқы тақырып 13 жолдан тұрады. Кіші жазу деп аталатын бұл тақырыпда Сырдариядан Тибетке дейін түркі тайпаларының өз алдына мемлекет болғаны туралы айтылады. 40 жолдан тұратын екінші тақырып – Үлкен жазу. Бумын қаған мен Истеми қағанның пайда болуы, олардың ерліктері хақында айтылады.

Бұдан кейін мемлекет басында Күлтегіннің әкесі Құтлұғ қаған (әуелгі аты – Ілтеріс), одан соң Қапағанның (әуелгі аты – Мочжо) және Білге қағанның отырғандығы жазылады. Жазуда 7 жасында жетім қалған Күлтегіннің ерлік істері көп айтылады. Ол 16 жасында қару-жарақ асынып, ел намысын, халық кегін қорғайды. Талай айқастарға төтеп берген Күлтегіннің аты Бозат та шебер суреттеледі.

(Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1975, 6-том, 160-161 бб.)

9-тапсырма. Ырықсыз және өзгелік етісте тұрған етістіктерді мәтіннен теріп жазыңыз, кестеге қарап, жасалуына мән беріңіз.

Жасалу жолы

Мысалдар

Сөйлемдер

Өзгелік етіс

-дыр, -дір, -тыр, -тір

-ғыз, -гіз, -қыз,-кіз,-т

жаздыртты – вынудил писать; жаздыртып отыр – вынуждает писать; жаздыртқан – вынуждал писать

1. Мұғалім оқушыға шығарма жаздыртып отыр.

2.Ол тігіншіге көйлек тіккізді.

3. Тастағы жазуды Күлтегіннің туған ағасы Білге қаған жаздыртқан.

10-тапсырма. Ырықсыз және өзгелік етістегі етістікті етістіктің үш шағында жіктеп көріңіз.

11-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз.

1. Она вынудила партниху шить платье.

2. Руслан вынудил друга закрыть дверь.

3. Билге каган вынудил Йолыг писать слова на камне.

4. Учитель вынудил ученика читать текст.

5. Мать вынудила дочку украсить елку.

12-тапсырма. Керек жалғауларды қойыңыз.

1. Құлпытас Эрдени Цзу монастырының жаны - орнатылған.

2. Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Еуразия университетінің бас ғимараты -

қойылған.

3. Кітап екі тақырып - бөлінеді.

4. Менің отбасым 5 адам - тұрады.

5. Сен оқудағы қиыншылықтар - төтеп бересің.

13-тапсырма. Керек сөздерді қойыңыз.

1. Ескерткіш басқаша ... деп те аталады.

2. Жазуларды бірінші рет В.Радлов ... .

3. ... жылы Күлтегінді бірінші рет ... тапты.

4. Жазуда Шығыс түркі қағандығы ... айтылады.

5. Үлкен жазуда 7 жасында ... қалған Күлтегіннің ерлік істері хақында жазылады.

14-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз, мәтінді мазмұндаңыз.

1. Күлтегіннің ағасы кім?

2. Құлпытастағы жазу неше тақырыпқа бөлінеді?

3. Бірінші тақырып неше жолдан тұрады және қалай аталады?

4. Үлкен жазу деп аталатын тақырып неше жолдан тұрады?

5. Үлкен және Кіші жазулар не жайында айтады?

БӨЖ

15-тапсырма. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бас ғимаратында орналасқан «Күлтегін» ескерткішіне топпен саяхат жасаңыздар.

16-тапсырма. Саяхаттан алған әсеріңіз жайлы шығарма жазыңыз.

12-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Турист өміріне қауіп төндіретін факторлар

Грамматика: Бұйрық рай (болымсыз түрі)

Сөздік:

қауіп –

қар тасқыны –

тас құлау –

мұз ойылу –

сел жүру –

қызу –

ауа ылғалдылығы –

нөсер –

қанқысымы –

жәндіктің шағуы –

күйіп қалу –

улану –

жүрегі айну –

1-тапсырма. Мәтінді сөздіктің көмегімен аударыңыз.