Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКОНОМИКА ККТ 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Костюмдер, шалбарлар

Сөздік:

бизнес-ханымдар –

әйел-жетекшілер –

ауыстыру –

тізе –

табиғи –

тоқу –

мыжылу –

үтіктеу –

аулақ болу –

әшекей –

сән қуып кету –

байлау –

8-тапсырма. Жоғарыдағы жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз. Мәтінді оқыңыз.

Қарапайым костюмді бүгіндері желет пен кардиган алмастыра алады. Бизнес-ханымдар аса ашық емес жакеттерді белсенді түрде киіп жүр. Жейдені әдемі блуза, жеңіл топ, тоқыма кеудеше немесе водолазбен ауыстырып киюге болады.

Әйел-жетекшілерге кеңсе киімдерін таңдағаны дұрыс. Юбкалы костюм немесе жакетті көйлек. Бұл жерде іскери үлгіні ұмытпаған жөн. Классикалық және жартылай қонымды үлгіде киінген жөн. Юбка да көйлек те ұзындық жағынан тізенің ортасында болғаны жөн. Бұл айтылып отырған кеңестер шартты түрде ғана. Мысалы, орташа ұзындықтағы юбка бәріне бірдей жараса бермейді. Юбканы әйелдер өз дене бітіміне қарай кигені дұрыс. Ал өте қысқа юбка жұмысқа арналмаған.

Мамандар ұсынғандай кеудеше мен жейделер табиғи маталар – мақтадан және жүннен тоқылған матадан тігілгені дұрыс. Мұндай заттан адамның тыныс алуы жеңіл болады. Әсіресе қатты ыстық және қапырық бөлмелерде синтетика матадан гөрі табиғи киім өте қолайлы. Олар өзінің формасын сақтай алады және мыжылмайды, үтіктеу де қиын емес. Синтетика қосылған киімдерден аулақ болған жөн. Киімнің құрамында оның тек 15 пайызы ғана болуы керек.

Галстук пен мойын әшекейлері адамдардың назар аударуына себеп болады. Бірақ оларды қолданғанда кішігірім бөлікшелер көп проблемаға айналуы мүмкін. Галстук ені костюм жағасының еніне сай келгені жөн. Оның ұзындығы белдікке дейін болады. Галстук таңдағанда сән қуып кетуге болмайды. Бастысы ол жібектен жасалған, костюм және жейдемен үйлесуі тиіс. Осылай мойын орамал да таңдауға болады. Бірақ ол тек жұмыстан тыс уақытта ғана орынды. Көбелек галстуктер резеңкемен емес міндетті түрде байланатын болуы керек. Орамал қалтада жинақы тұрады және оның шеттері қалтадан екі сантиметрге қыртысталып шығып тұрады. Ал орамалдың ұштары көрінбегені дұрыс.

9-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.

(простой) ... костюм

(офиса) ... киімі

(классический) ... үлгі

(средняя) ... ұзындық

(натуральные) ... маталар

(душная) ... бөлме

(одежды) ... құрамы

(платка) ... ұштары

10-тапсырма. Мәтіннен сын есіммен қатар зат есім және зат есіммен қатар зат есім жасалған тіркестерді тауып, екі бағанға жазыңыз. Үлгі:

  1. қонымды үлгі кеңсе киімдері

  2. ... ... ... ...

11-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Үй шаруасындағы әйел қалай киінуі керек?

  2. Салтанатты жиынға қалай киініп барған жөн?

  3. Қонаққа қалай киініп баруға болады?

  4. Мейрамханаға не киюге болады?

  5. Қонақ күткенде қалай киінген дұрыс?

  6. Саябаққа барғанда немесе серуендегенде нені ескерген жөн?

  7. Театрға қалай киінеміз?

  8. Оқытушылар, мұғалімдер қалай киінуі тиіс?

  9. Банк қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер ше?

12-тапсырма. Сіз «модельер» рөліне кіріп көріңіз. Жоғарыдағы сұрақтарға қатысты адамдардың бірінің сырт келбетін салып беріңіз немесе дайын суреттен кейіпкерді суреттеңіз.

13-тапсырма. Жоғарыдағы сұрақтарды пайдаланып, көршіңізбен сұхбаттасыңыз.

14тапсырма. Мәтіннен туризм менеджерінің киім үлгісі бола алатын жолдарды оқып беріңіз.

БӨЖ

15-тапсырма. Топ болып «Іскер адамдардың киім үлгісі» тақырыбына сән шеруін (демонстрация мод) көрсетіңіздер.

16-тапсырма. Жаңа сөздерді аударып, мәтінді оқыңыз.

қолпылдау –

бел –

бау –

өкше –