Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКОНОМИКА ККТ 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Туризм жұмысын жандандыру жолдары

Ұлттық саябақтарда туризм жұмысын жандандыру үшін туризмді дұрыс басқару қажет:

  1. туризмді дамытуда туристер мен оларға қызмет жасайтын тараптарды жұмылдыра білу;

  2. туризмді жоспарлау

  3. ұлттық саябақ аумағына келушілерді күтуді ұйымдастыру

  4. табиғатты қорғауды қадағалау

Ұлттық саябақтарда туризм қызметін басқарғанда келесі міндеттерді орындау керек:

  1. табиғи кешендерді сақтау

  2. тарихи-мәдени нысандарды сақтау

  3. мекенді экологиялық тұрғыдан ағарту

  4. табиғатты қорғау мен экологиялық ағартудың ғылыми әдістері мен жоспарын енгізу

  5. қираған табиғи, тарихи-мәдени кешендер мен нысандарды қалпына келтіру

2-тапсырма. Ұлттық саябақ деген не? Қазақстанда ұлттық саябақтар бар ма? Атаңыз. Суреттеңіз.

3-тапсырма. Жақшадағы сөздерді аударыңыз.

  1. Туризмді дамытуға туристер мен оларға қызмет жасайтын жақтарды (привлекать) қажет.

  2. Туризмді дұрыс (планировать) қажет.

  3. Ұлттық саябақ аумағына келушілерді күтуді жоспарлы (организовать) қажет.

  4. Табиғатты қорғауды мұқият (следить) қажет.

5-тапсырма. Туризмді дұрыс басқарудың төрт алғышартына тоқталып, өз ойыңызды білдіріңіз.

6-тапсырма. Мәтінде көрсетілген ұлттық саябақтарда атқаратын міндеттерді жеке-жеке талдаңыз. Керекті сөздер мен есімдіктерді қойыңыз.

  1. (Мы) ... табиғи кешендерді сақтауға (обьязаны)... .

  2. (Вы, коллеги) тарихи-мәдени нысандарды сақтауға (обьязаны)... .

  3. (Ты) мекенді экологиялық тұрғыдан ағартуға (обьязан)... .

  4. (Я) табиғатты қорғау мен экологиялық ағартудың ғылыми әдістері мен жоспарын енгізуге (обьязан)... .

  5. (Вы) қираған табиғи, тарихи-мәдени кешендер мен нысандарды қалпына келтіру (обьязаны)... .

7-тапсырма. Керек жалғауларды қойыңыз.

1) Қазақстанда туризм саласы... жандандыру маңызды.

2) Туризм мандықтарын көбейту... ғалымдар... жұмылдыру қажет.

3) Туристік кешендер... сақтау керек.

4) Ұлттық саябақтар ел экономикасы... кіріс әкелуі тиіс.

5) Ұлттық саябақтар экономика... тығыз байланысты.

Туризм жұмысын жандандыру жолдары (жалғасы)

8-тапсырма. Сөздерді оқытушының көмегімен аударып, сөйлемдер құрастырыңыз.

Сөздік:

реттеу –

жағдай жасау –

тарту –

қоршаған орта –

жауапкершілік –

әлемдік жүйе –

ақпарат желісі –

біртұтас саясат –

нұсқау –

шығын –

Туризмді дамытуда негізгі міндет – туризмді реттеуге жағдай жасау. Туризмді реттеу ол – саябақтарда әр түрлі басқару және шаруашылық шараларды ұйымдастыру. Ол шаралар ұлттық саябақтарға туристік фирмалар мен туристерді тартуға бағытталады. Бизнес жасай отырып, туристің қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін қалыптастыру қажет.

Мұндай іс-шараларды дамытуда төмендегідей құрылымдарды құру керек: 1) халықаралық бағаларға сай келетін туристік маршруттар мен қызмет көрсетуді сертификаттау; 2) ұлттық саябақтарды экологиялық туризмді дамытудың әлемдік жүйесіне кіргізу; 3) шетелде экотуристік өнімді алға тарту, маркетингтер өткізу; 4) туристік қызметтерге баға қоюдың біртұтас саясатын енгізу және жасау; 5) бір ізді жасалған ақпарат желісі мен құралдарды, жарнамалық ақпараттар мен веб-сайттар және типтік құжаттарды ресімдеу; 6) қонақтарды қарсы алу орталықтарының саябақтың көркем жерлері, маршруттар, инфрақұрылымдар мен қосымша қызметтер туралы ақпарат берудің жоспары мен нұсқауларын жасау; 7) табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен нысандарға кеткен шығынды бақылау мақсатында туризм мониторингін жасау

9-тапсырма. Керек сөзді қойыңыз.

  1. халықаралық ... сай

  2. қызмет ... сертификаттау

  3. экологиялық ... дамыту

  4. туристік ... баға

  5. типтік ... ресімдеу

  6. қызметтер туралы ... беру

  7. кеткен ... бақылау

Керек сөздер: көрсетуді, шығынды, туризмді, бағаларға, қызметтерге, ақпарат, құжаттарды

10-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Туризмді дамытудағы негізгі мақсат не?

  2. Ал туризмді реттеу дегенді қалай түсінесіз?

  3. Ұлттық саябақтарға туристерді тарту не үшін қажет?

  4. Туристің қандай жауапкершілігін қалыптастырған маңызды?

  5. Жоғарыдағы мәселелерді дамытуда қандай жұмыстар атқару керек?

11-тапсырма. Сөз тіркестерінің аудармасын табыңыз.

  1. шаруашылық шаралар

внедрять единую политику

  1. туристерді тарту

информационная сеть

  1. қоршаған ортаны қорғау

формировать ответственность

  1. жауапкершілік қалыптастыру

достопрмечательности

  1. біртұтас саясат енгізу

защита окружающей среды

  1. ақпарат желісі

делать рекомендаций

  1. көркем жерлер

привлекать туристов

  1. нұсқаулар жасау

С целью контролировать

  1. тарихи-мәдени кешендер

хозяйственные мероприятия

  1. бақылау мақсатында

историко-культурные комплексы

12-тапсырма. Мәтіндегі әр міндетті бір тақырып деп қарап, әрқайсысына екі адамнан сұхбаттасыңыздар. Ол үшін жазбаша жоспар құрыңыздар.

13-тапсырма. Сөздерге барыс септігі мен табыс септігі жалғауларын жалғап, сөз тіркестерін жасаңыз. Үлгі: шаруашылық шаралар... (организовать) ... –

шаруашылық шараларды ұйымдастыру

туристерді тарту... (направляется) ... –

қоршаған орта... (защищать) ... –

туристің жауапкершіліг... (формировать) ... –

бағалар... (соответствующий) ... –

туризмнің әлемдік жүйесі... (внести) ... –

экотуристік өнім... (предподнести) ... –

фирма қонақтар... (встречать) ... –

агенттіктің құжаттар... (оформлять) ... –

шығын... (контролировать) ... –