- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Көсемшенің жасалуы мен түрлері
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сауда. Сауда орталығы
- •Сыртқы экономикалық байланыстар
- •Құнды қағаздар. Банк билеттері, ақша
- •Ұлы Жібек жолы
- •Ұлы Жібек жолы тауарлары
- •Шенген келісімі
- •Шенген визасын қалай алуға болады?
- •Шенген визасы. Виза үшін қажетті құжаттар
- •Как вести себя в непредвиденых ситуациях
- •Поведение во время землетресения и стихийных бедствий
- •Қазақстанның сәулет өнері
- •Батыс Қазақстан
- •Тараз шаһары
- •Киім үлгісінің құпиялары
- •Киімдердің түсі туралы
- •Костюмдер, шалбарлар
- •Шалбар, аяқ киім
- •Қазақстанда жоғары туристік білім орнықтыру
- •Банкноттар тарихы
- •Қазақстан Республикасының банкноттары
- •Ақш банкноттарында кімдер тұр?
- •Ақтөбе облысының этнографиялық ерекшелігі – туристік мотивацияның факторы
- •Ағаш ою, зергерлік жұмыстары
- •Ақтөбе облысындағы әйелдер қолөнері
- •Тарихи-этнографиялық туристік нысандар
- •Күлтегін тас жазуы
- •Күлтегін тас жазуы
- •Турист өміріне қауіп төндіретін факторлар
- •Саяхат проблемалары
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристерге кеңес
- •Шығыс елдеріндегі тәртіп
- •Іссапарды ұйымдастыру
- •Іссапардағы ережелер
- •Шартты рай
- •Туризм жұмысын жандандыру жолдары
- •Тыңдалым (аудирование)
- •Қалау рай
- •Жиналыстар мен конференциялардағы әдеп
- •Келіссөздер жүргізу техникасы
- •Сізге аудармашы қажет пе?
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •IV. Сөйлемді аяқтаңыз, етістіктің астын сызыңыз.
- •Қорытынды бақылау жұмысы
- •10.Аударыңыз: «Честь быть изображенным на однодолларовой купюре предоставлена Джорджу Вашингтону»
- •15.Жақшадағы сөздерді аударыңыз: Мамандардың (качественно) және (выгодно) жұмыс жасауы үшін оларды (квалификацию) арттыратын курстарға (направлять) отыруы тиіс.»
- •20.Керек сөзді қойыңыз: «Мұражайлар ... Әсер қалдырды.»
Құнды қағаздар. Банк билеттері, ақша
Банк билеттері, банкноттар - ұлттық банктер шығаратын, айналым мен төлем құралы ретінде металл ақшаның орнына жүретін қағаз ақша. Орта ғасырда ақша айырбасын жасаушылар мен алтын ісінің шеберлері өздерінде сақталған ақша қаражаттары бойынша қолхаттар бере бастады. Мұндай міндеттеме қағаздар банкнотқа айналды. Банкнот билетін кез келген банк шығара берді. Банкнот билеті алғашқы рет Ағылшын банкі мекемесінің жанынан 1694 жылы шығарылды. Олар заңдастырылған төлем қаржы күшіне ие болып, 1833 ұлттық ақшаға айналды. Банкнот билеттері Францияда 1800-1803 жылдарда, Германияда 1846 ж, Голландияда 1814-30 ж, бүкіл ұлттык ақша белгісіне айналды. Бірақ XIX ғасырдың екінші жартысына дейін банкнот айналысы баяу дамыды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында банкнот билеттерін шығару бір ізге түсірілді. Банкнот билеттері көтерме сауда айналымы саласында пайдаланылып қоймай, жалақыны төлеген кезде төлем қаржысы ретінде пайдаланыла бастады. Банкнот билеттері көптеп шығарылған уақытта алтынмен қайтарылып отыру мақсаты көзделді.
Дүние жүзілік экономикалық дағдарыстың (1924-33 ж) барлық шет елдерде банкнот билеттерін алтынға айырбастау тоқтатылды. 1969 жылы валюта дағдарысы мен доллардың құнсыздану қаупіне байланысты. АҚШ-та банкнот билеттерін алтынмен қамтамасыз ету толығымен жойылды. Алайда, банкнот алтын белгісі бола алмаса, кредит белгісі болып қалып отыр. Қазакстан Республикасында 1993 жылы айналысқа жіберілген теңге Ұлттық банкінің міндеттемесі болғандықтан бір мезгілде қағаз және кредит ақшасы болып табылады. Банкнот билеттері АҚШ-та 5, 10, 20, 50, 100 долларлық, Британия Корольдігінде 1, 5, 10 және 20 ф.ст., Францияда 500 франк Қазақстанда 1, 2, 3, 5 (10, 20, 50), 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге көлемінде шығарылған әмиссиясы Ұлттық алтын-валюта қорымен толық кепілдендірілген.
11-тапсырма. Тірек сөздермен танысыңыз. Олармен сөйлем құраңыз.
Құн өлшемі, валюта, теңге, доллар, экономикалық дағдарыс, төлем, құнды қағаз, банк билеттері, құнсыздану, банкнот, кредит, көтерме сауда. мекеме, қаражат, айналым, банк.
12-тапсырма. Көшіріп жазып, сөйлем түрлерін анықтаныз.
Жергілікті валюта - іс-әрекеттерді жүзеге асыратын елдің доллар немесе экю сияқты шетелдік валюталардан айырмашылығы бар ақшасы. Әдетте жұмысты дайындау мен жүргізу тәжірибесіне тәуелді болатын нақты кәсіп иесінің қабілеті - дағды деп аталады.
13-тапсырма. Сөйлем ішіндегі сөздерді байланыстырыңдар.
Президент Н.Ә.Назарбаев бұл күндер... еліміз... халықаралық бедел... көтеру..., көрші елдер... саяси және экономикалық байланыстар... бар күш- жігер... жұмсау... Қазақстан... мемлекет рет... бүкіл әлем мойындап отыр.
4-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыздар. Жауаптарын жазыңыздар.
Ел экономикасының дамуында мемлекеттік банкноттардың ролі қандай?
-.....
Ұлттық теңгеміз қашан қабылданды?
........
Банкнот билетін алғаш рет қай мемлекет шығарды?
3-САБАҚ
Лексикалық тақырып: Туризм тарихынан. Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолы тауарлары. Қытай жібегінен өзге тауарлар туралы.
Грамматика: Барыс септігі: «у-ға, у-ге құқылы болу, міндетті болу, құқығы бар» үлгілері.
Сөздік:
байланыстыру –
саяхат жасау –
апару –
бөліну –
басып өту –
делдал –
саудагер –
сапар шегу –
