Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКОНОМИКА ККТ 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Сауда. Сауда орталығы

Сауда - халық шаруашылығының тұтынушыларға тауар өткізу жөніндегі саласы: тауар айналымының формасы, сатып алу, сату жолымен еңбек өнімдерін айырбастау. Өндіріс кұрал-жабдықтары материалдық-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы өткізіледі. Сауда жүйесіне қоғамдық тамақтандыру саласы да кіреді.

Қазакстанда сауданың негізі 1930 жылдары қаланды. Сауда торабы ұсақ дүкендер мен дүңгіршіктерден тұрады. Республикадағы сауда орталығы ірі екі жүйеге бөлінеді: мемлекеттік сауда және тұтынушылар саудасы (бизнес).

Сауда орталығы - сауда қызметінің бір бөлікке орналасқан, бір-бірімен өзара байланыста болатын кәсіпорындарының біртұтас комплексі.

Оның құрамына ірі сауда орындары базар, дүкендер, қоғамдық тамақтандыру орны, жеке меншік дүкендер, халыққа тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету мекемелері кіреді. Сауда орындары халыққа неғұрлым қолайлы әрі комплексті қызмет көрсетуге сауда және шағын бизнестік пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Саудакент орталығы - орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Сауда керуен жолының бойына орналасып, саудамен қоленерімен айналысты. Саудакент - орта ғасырлық (13 ғ.) іргесі қаланған қалалардың ішіндегі ең көне тарихы бар қала екендігі белгілі болған.

(Қазақ ССР Энциклопедиясы. 1986 ж.116-бет)

10-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сауда қалай жүргізіледі?

  2. Сауда жүйесіне нелер кіреді?

  3. Сауда торабына нелер жатады?

  4. Сауда орындары туралы не білесіз?

  5. Біздің елімізде қандай сауда орындары бар?

11-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз.

I. Сатушы не сатса да.... сатады.

(Ж.Баласағұн)

2 ……….Өз бетінше заттар не ... да, не ... да болмайды, ол тек біздің бағалауымызда ғана солай болады.

У.Шекспир

3. Білмегенді сұрап үйренген ...,

Арланып сұрамаған ....

Ә.Науаи

4. Тамағы ..., жұмысы ...,

Аздырар адам баласын.

Абай

Керекті сөздер: жоқтық, тоқтық, пайдасына, жақсы, жаман, залым, галым.

12-тапсырма. Қазақстандағы ірі сауда орталықтары болған көне қалалары жайлы реферат әзірлеу.

1. Ақша жасау үшін ақылды болу міндетті емес, бірақ ақшаны «қалай жасауды» міндетті түрде білу керек. (Марк Твен)

2. Ақша ашпайтын құлып жоқ.

3. Базар ақшалыға базар, ақшасызға назар

4. Үйдегі көңілді, базардағы нарық бұзады.

5. Не аз болса, сол қымбат, не көп болса сол арзан болады (орыс мақалы).

2-САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақстанның экономикалық байланысы. Қазақстанның экономикалық байланысы

Грамматика: Есімше.

Есімшенің жасалуы мен түрлері

Есімшенің жасалуы мен түрлері Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосу арқылы жасалады. 1. -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: ал-ған, көр-ген, берме-ген, айт-қан, көрсет-кен, жүргіз-ген т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін -ған жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады. 2. -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, айт-ар, сөйле-р, жургіз-ер, берме-с, көрме-с, айтпа-с т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен сөзге -р, болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады. 3. -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар-мақ, кел-мек, қара-мақ, сен-бек, жаз-бақ, кет-пек, жарат-пақ т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у, й) болса, жуан буыннан кейін -мақ, жіңішке буыннан кейін -мек жалғанады. Сөздің соңгы дыбысы мұрын жолды үңді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ, жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады. Ескерту: Бұл жұрнак етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды.