Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКОНОМИКА ККТ 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Ақтөбе облысындағы әйелдер қолөнері

Сөздік:

жүн –

тоқу –

кесте –

құрақ –

түксіз –

аң терісі –

былғары –

пішу –

жаға-жең –

безендіру –

білезік –

жүзік –

күміс алқа –

шәлі –

тұмақ –

8-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, сөздіктің көмегімен аударып шығыңыз.

Әйелдер өнерінде жүннен жасалған бұйымдар тоқу қатты дамыды. Мысалы, киіз, текемет, түскиіз.

Түскиіздер мен текеметтерде кестеленген және құрақталған оюлар, ақтөбеліктер “қалауыш” деп атайтын құрақтар пайдаланылады.

Бұл облыс кілем тоқуды да жақсы жолға қойған. Тоқыма станогында тоқылатын түксіз кілемдер жануарлар бейнесімен және геометриялық формалармен ерекшеленеді.

Киім тігу халық мәдениетінде айрықша орын алады. Қазақтардың киімдері ежелде аң терісінен, былғары мен жүннен жасалды. Ол киімдер пішілуі мен формасы жағынан өте тартымды болған. Жаға-жеңдер алтын жіппен кестеленіп, әр түрлі тиындар, тастармен безендірілді. Қолға түрлі білезіктер мен жүзіктер, күміс алқалар қоса ұсынылды. Ал бас киімдер әйелдердің жас ерекшелігін ескере отырып тігілді. Қазақстанның Ресейге қосылуынан соң орамалдар, шәлі мен тұмақтар тігу дами бастады.

9-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.

(аппликационные) ... оюлар

(ковер) ... тоқу

(без ворса) ... кілемдер

(животных) ... бейнесі

(народная) ... мәдениеті

(возрастная) ... ерекшелігі

10-тапсырма. Керек жалғауларды қойыңыз.

жануарлар бейнесі... ерекшеленеді

аң терісі... , былғары... , жүн... жасалды

алтын жіп... кестеленді

тастар... безендірілді

жас ерекшелігі... ескерді

11-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Жүннен жасалған қандай бұйымдарды білесіз?

  2. Туған жеріңізде сол бұйымдардың қайсысы сақталған?

  3. Киіз басу өнерін көрген бе едіңіз? Фильмнен көрсеңіз, суреттеп айтып беріңіз.

  4. Ежелгі қазақтардың киімдері туралы не айта аласыз?

  5. Қазіргі киімдерден ұлттық нақыштар байқайсыз ба?

12-тапсырма. Жоғарыдағы сұрақтарды пайдаланып, «Халық мәдениетінің деңгейі өнерімен анықталады» тақырыбына сұхбаттасыңыз.

13-тапсырма. Сөздерге анықтама беріңіз. Үлгі: Киіз – қой жүнінен жасалатын төсеніш.

  1. Текемет –

  2. Түскиіз –

  3. Кесте –

  4. Құрақ –

  5. Білезік –

  6. Жүзік –

Керек сөздер:

  1. ... түсті маталардың қиындысынан құрастырылатын өнер.

  2. ... саусаққа тағылатын зергерлік бұйым.

  3. ... боялған киізден оюлар ойып-тігетін төсеніш.

  4. ... түрлі-түсті жіппен әдіптеп-тігу.

  5. ... боялған қой жүнінен жасалатын киіз.

  6. ... білекке тағылатын жүзік.

14-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, сөздіктің көмегімен аударыңыз және оған тақырып қойыңыз.

Басқа елдің тарихы мен мәдениетімен таныса отырып, кез-келген адам туризмнің негізі бола алатын аспектіліреді дамытады және рухани әлемін байытады.

Ақтөбе облысы қазақ мемлекеттілігі мен қазақ этногенезін қалыптастыру тарихында маңызды орын алады. Ертедегі көшпенділер кезеңі Ақтөбе облысындағы этномәдени дәстүрлердің қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Бұл жерден жер асты ескерткіштері – ірі «патшалық» және кәдімгі қорғандар табылды. Бесоба, Сынтас, Ақжар қорғандарынан табылған алтын әшекейлер тағы басқа да халық шеберлерінің жасаған зергерлік бұйымдары – ертедегі өнердің жоғары дамығандығының айғағы. Әр кезеңнің дамуындағы материалдық мәдени заттар Ақтөбе облысының аймақтану мұражайында тұр.

Қазіргі кезде Ақтөбе облысында ауыздан-ауызға беріліп келе жатқан Кіші жүздің тарихын шежіре ретінде зерттеу қолға алынып жатыр. Осындай ғылыми зерттеулер келешекте туризм бағытын түрлендіріп, оның бағдарламасын толықтыра отрып, тарихқа бай және қызық тарихы бар Ырғыз, Байғанин аудандарына экскурсия жасауға негіз болады.

15-тапсырма. Туған жеріңізде жер асты ескерткіштері бар ма? Жалпы, жер асты ескерткіштері жайлы қандай мәлімет білесіз?

БӨЖ

16-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, сөздіктің көмегімен аударыңыз және оған тақырып қойыңыз.

Қазақстанда ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жертөлеге ұқсас үйлер салына бастаған. Оларды басқаша “тоқалтам” деп те атады (Г.Ө.). Ақтөбе облысының Үстірт ауданында бейіттерге қоятын тастар тас қашайтын жұмысты дамыта түсуде. Ондай ескерткіш тастардың түрі көп: құлпытас, қошқартас, сандық тас, сағынатам, күмбез.

Құлпытас – төбесі геометриялық фигураларды көрсететін тік бұрышты тас.

Қошқар тас – қойдың басы мен мүйізі бейнеленген тас.

Сандық тас – сандық пішіндес тас.

Сағынатам – төбесі ашық қорған тас.

Күмбез – кесенелер.

Халықтық сәулет өнеріне қатысты Солтүстік Үстіртте кешендік ескерткіштер көп. Ол үлкен Жыбысқы деп аталады. Осы кешенде Доңызтау, Асан Қожа (ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы), Дауымшар (ХҮІІІ-ХХ) т.б. композициялық Абат – Байтақ сияқты кесенелер бар. Осы нысандар мемлекеттік ұйымдардың көңіл бөлгенін, қайта соғу жұмыстарын жүргізуді күтіп тұр.

17-тапсырма. Жоғарыда аталған ескерткіш тастардың қайсысы сізге таныс? Өз туған жеріңізде осындай тастар болса, суреттеңіз.

11-САБАҚ